«Беташар» жаңа түскен келінді бұл дәстүр жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін беташар дәстүрі жасалады. Оған тойға жиналған туыс - туғандар тегіс қатынасады. Мұнда беташар жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар көрімдік береді. Беташар тойдың басы, әрі сәні жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты жақсы дәстүрлердің бірі. Жазушы Үбианның ұзатылуынан бастап, жат жұртқа келін болып түсуіне дейінгі аралықты бірнеше қазақтың салт - дәстүрлерімен бейнелеген. «Жұрт беташар мен некеқияр қызығын күтіп тағатсыз торуылдайды.» Неке қияр - дәстүр бойынша молданың бірін - біріне келісіммен үйленген екі жастың неке суын ішуі.
«Жасау» Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады. Жасау дәстүрі шығармада Үбианның ұзатылуымен тығыз байланысты. «Аттанар алдында әжем ауылдың қыз - келіншектерін, бар әйелдерді шақырып қыз жасауын қызықтауға шақырды.
Қорытынды
«Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын білер», - деген Ғабит Мүсірепов атамыздың сүбелі сөзі бар. Сан ғасырдан бері халқымызбен жасасып келе жатырған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің қолданысына мүмкіндігінше қанық болдық деп ойлаймын. «Егер біз қазақ халқының барлық жақсы дәстүрін керегі жоқ деп қудалайтын болсақ, ата-бабаларымыздың кім екенін білмейтін болсақ, мұның өзі пайда бере қоя ма?» - деді. Өткенді жер мен жексен ету -болашақ ұрпақты мәңгүрттікке альш баратынын Бауыржан Момышұлы бұдан алпыс жылдай бұрын ескертті. Қоғам тізгінін ұстарлары мұны ескермеді. Енді оның зардабын өлердей бастан кешіп, тіпті мына «тәуелсіз» деген заманның өзінде «мемлекеттік тіл» мәселесімен әуре сарсаңбыз.
Бауыржан Тәңірге, Тәңір берген Тағдырға сенген адам: «Егер мен тағдыр жазып бүгінге дейін тірі жүрсем, алдағы тағдырдың маған қаншалықты рахымы боларына көзім жетпейді», - деп жазды ол отыз үш жасында.