Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Ауыстыру
Ауыстыру (инверсия) – сөйлем ішіндегі бір-біріне қатысты 
сөздердің,  сөйлем  мүшелерінің,  күрделі  сөз  орамдарының, 
әдеттегі  орын  тәртібінің  бұзылып  берілуі.  Бұл  бұзылу  –  тіл 
нормасынан жөнсіз ауытқу емес. Ауыстыру әр алуан мақсатпен 
орындалады,  әсіресе,  поэзияда  өлеңнің  ырғақ,  ұйқас  сияқты 
шарттарын  өтеу  үшін  ақындар  ауыстыруға  жиі  барады  және 
бұл  –  өлең  тіліне  тән  табиғи  заңдылық.  Осы  заңдылықтан 
Абай  өлеңдері  шет  қалмайды.  Ақын  ауыстыруды  тек  ырғақ 
пен ұйқас талабынан ғана емес, сөзге логикалык екпін түсіру, 
негізгі идеяны алдыңғы тармақта немесе тармақ басында беру 
сияқты  стильдік  мақсатта  пайдаланады.  Мысалы,  есімдіктен 
болған бастауышты баяндауыштан соң қойып, тармақ соңында 
келтіргенде, көбінесе, оған ой екпіні түсетіні аңғарылады:
Сүйер ұлың болса, сен, сүй,
Сүйінерге жарар ол!...
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен.
Жыл жиылып, қартайып, қылғаны – бұл...
Сол  сияқты  мына  тармақтарда  да  ауыстыруға  ұшыраған 
пысықтауыштар  ырғақ  пен  ұйқас  талабынан  гөрі  ой  екпінін 
түсіру үдесінен шығып тұр:
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап....
Мұнда автордың негізгі көңіл аударайын дегені – ескі би, 
ескі  ақынның  өздерін  атау  емес,  олардың  поэзияға  деген 
көзқарасын  айқындау.  Әдетте,  бастауыш  пен  баяндауыштың, 
толықтауыш  немесе  пысықтауыш  пен  баяндауыштың  орын 
алмастыруы  –  қазақ  поэзия  тілі  үшін  кәнігі  құбылыс  және 
ол  көбінесе  ырғақ  пен  ұйқас  талабынан  туады.  Ал  Абай-
да  бұдан  басқа  анықтауыш  пен  анықталушы  мүшенің, 
көмекші  етістіктермен  келген  тіркестер  мен  тұрақты  тіркес 
компоненттерінің  өзара  орын  алмасуы  жиірек  ұшырасады. 
Мұнда да ақын ауыстыруға ұшыраған сөздерді екпін жағынан 
оқшаулап,  оларға  назар  аудартады.  «Сұр  бұлт  түсі  суық 
қаптайды  аспан»  дегенде  күзгі  бұлттың  түсі  суықтығы  баса 
айтылуы  үшін  түсі  суық  анықтауышын  анықталатын  бұлт 
сөзінен  кейін  келтіріп,  орындарын  алмастырған.  Анықтауыш 
пен  анықталғыш  сөздердің  арасына  өзге  сөйлем  мүшелерін 

340
енгізу Абайда жүйелі түрде кездеседі: «Сөзді ұғарлық кем кісі», 
«Көкірегі сезімді, тілі орамды»,«Жаздым үлгі жастарға бермек 
үшін», «Алмасы өкпе болар қол батпаған». Соңғы мысалдағы 
қол батпаган анықтауышы өкпеге қатысты емес, алма сөзіне 
қатысты. Негізгі сөз бен көмекші етістіктің араларына сөз салу 
немесе  орындарын  алмастыруларды  Абай  еркін  қолданады: 
«Кімге  достық  көп  еттім»,  «Сағаттың  шықылдағы  емес  ер-
мек» т.б. Жүйелі түрде келетін, жиі пайдаланған ауыстырудың 
тағы бір түрі – бір жолға орналастырылған бірыңғай параллель 
мүшелердің  арасына  өзге  мүшелерді  келтіру  «Қаны  қара  бір 
жанмын, жаны жара», «Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі», 
«Күндіз күлкің бұзылды, түнде үйқың» т.б. Бұндай алмастыру-
ды туғызған – тек ырғақ мотиві емес, сондай-ақ ақын бірыңғай 
мүшелерді бір бунақ етіп бастап (қаны қара...), оған назар ау-
дартып алып әрі қарай араларына өзге мүше қатыстырып (бір 
жанмын)  параллель  анықтауыштарға  ой  екпінін  түсіретін 
тәрізді:  «қаны  қара,  жаны  жара  бір  жанмын»  дегенде, 
ақынның айтпағы – әйтеуір бір жан екендігі емес, қаны қара, 
жаны  жара  жан  екендігі.  Ауыстыру  тек  бір  тармақ  бойында 
емес,  тармақаралық  та  болып  келеді.  2,  кейде  3-4  тармақта 
берілген  бір  сөйлемнің  мүшелері  немесе  компоненттері 
әдеттегі орындарынан ауыстырылып беріледі. Бұл да – қазақ 
поэзиясы  түзілісіне  тән  тәсіл.  Абай  ауыстырудың  бұл  түрін 
жүйелі, өнімді түрде қолданған:
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске,
Ор қазып байқайды,
Туажау емеске...
Тармақаралық ауыстыруды жасаудың бір тәсілі – алдыңғы 
тармақта  негізгі  ойды  айту.  Әсіресе,  Абайдың  динамикалық 
іс-әрекет  емес,  статикалық  күй-жай  суреттелген  өлеңдерінде 
ой  екпіні  бірінші  жолға  түсіріледі.  Мысалы,  «Желсіз  түнде 
жарық  ай»  деген  өлеңінде  табиғат  жарық  айдың  сәулесі 
суда  дірілдеген  тыныш  қалпында  өлеңде  айтылған  ғашық 
жастар  бір-біріне  аулақта  жолығысып,  «иегі  тамаққа  кіріп» 
құшақтасып  тұрған  статикалық  күйінде  суреттеледі,  соған 
орай осы күй-қалыпты білдіретін негізгі ой бастан-аяқ әр екі 
тармақтың алғашқысында берілген:

341
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп...,
Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулаққа...
Идея  негізін  алдыңғы  тармақта  айтып  алу  Абайдың  өз 
замандастарының  портретін  жасаған  өлеңдері  мен  лирик  ту-
ындыларында  да  кеңінен  қолданылған,  өйткені  бұлардағы 
ақынның бірінші мақсаты –  қауырт іс-әрекетті суреттеу, ол іс-
әрекеттің  қалай  орындалғанын  білдіру  емес,  сол  іс-әрекеттің 
адамға ғана тән екендігін көрсету. Мысалы: 
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға... – 
деген  тармақтар  алмастырылмай  «арқаға  ұлық  қаққанға, 
болысың мәз болады» деген қалыпты түрде берілсе, логикалық 
ой болыстың өзі емес, қалайша орындалған іс-әрекетіне түсер 
еді.  Ал  ақынның  айтпағы  –  арқаға  ұлықтың  қағуы  емес,  сол 
ұлық арқасына қағып болыс қойған адамның өзі туралы.
Абай әдейі қолданған стильдік ауыстырудың және бір түрі – 
өлең шумағында айтылмақ ойдың ұйытқысы ретінде логикалық 
екпінге  ие  болған  сөйлемді  не  сөйлем  бөлігін  шумақтың  ең 
басына  қойып,  әрі  қарай  соны  анықтайтын,  айқындайтын 
кұрылымдарды орналастыру. Мысалы:
Дос алады, бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп,
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырық берем деп.
Бұл  шумақтағы  айтпақ  ойдың  қазығы  –  достың  да  «алар- 
мандардың»  бірі  екендігі,  әрі  қарай  неліктен,  қайтіп,  қашан 
аларман  болатындығы  баяндалады.  Абай  өлеңдеріндегі  ауы-
стыру әдеттегідей өлеңнің ырғақ және ұйқас талабын өтеумен 
қатар,  көп  сәтте  стильдік  жүк  арқалаған.  Бұл  –  биік  сатыға 
көтерілген поэзияның бір қыры.
Әдеб.: Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құры- 
лысы.  -  Алматы,  1971;  Ахметов  З.  Өлең  сөздің  теориясы.  -  
Алматы, 1973.

342
Дулат Бабатайұлы
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) – көрнекті ақын. Өлеңдері ел 
ішінде  көп  тараған.  Дулат  шығармалары  негізінен  дидакти- 
калық  негізде  жазылған.  1880  жылы  Қазанда  жарық  көрген 
«Өсиетнама»  деген  жинағына  ақынның  замана  туралы 
толғаулары  енген.  Ақын  «Тегімді  менің  сұрасаң»,  «Ал,  қара- 
ғай  сұлу  сындарлы»,  «О,  Сарыарқа,  Сарыарқа»,  «Асқар  тау- 
дың  сәні  жоқ»  атты  өлеңдерінде  ел  басқару  ісіндегі  озбыр- 
лық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсері- 
нен жер-қонысынан айырылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлей- 
менге»,  «Кеңесбайға»,  «Бараққа»,  «Ел  аралаған  ишанға», 
«Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды.
Ақын XIX ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл – 
Ресей  патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық 
салада  бел  алған  кезі.  Дулат  осыны  жыр  өзегі  етсе,  кертарт-
па  феодалдық-хандық  дәуірді  жоқтағаны  емес,  тәуелсіздікті, 
еркіндікті аңсағаны еді.
Сауыр жерден айырылып,
Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы –
Қу заманға сұм басшы 
Сорымызға тап болды... – 
десе,  тіпті  өткен  ғасырдың  орта  тұсы  емес,  одан  100-150 
жыл  кейінгі  біздің  заманымыздағы  қазақ  халқының,  оның 
қоғамының  күй-қалпын  суреттеп  отырғандай.  Дулат  ақын 
айтқандай:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан дағы қылықты...
Майырдың алса бұйрығын
Борбайға қысып құйрығын 
Ел пысығы жортады-ай, – 
сияқты  шындық  жергілікті  басшыларға  бұдан  бір,  бір  жа-
рым  ғасыр  бұрын  ғана  емес,  «одақтасып»  тұрған  кезіміздегі 
біздің де ұлықтарымызға тән еді. Дулат ақынның бұл жердегі 
байқағыштығын  кейін  ұлы  Абайдан  да  көрмейміз  бе? 
Отаршылдық  қамытын  мықтап  киген  қазақ  қоғамының  ащы 
шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәтте бір-

343
біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты 
қорқытатын  «ел  пысығы»,  айталық,  болыс  «майырдың 
бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп 
томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та:
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап...
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап... – 
деп өзі мойындайды. Абай да:
Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың 
Шенді шекпен жапқанға... –
деп,  Дулат  айтқан  «шен-шекпенге  сатылған,  батпаққа  елін 
батырған»  ұлықтар  портретіне  ұқсас  етіп  беріп  тұр.  Әрине, 
бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін 
де осылайша сөйлетіп қойған – өмір шындығы, олардың сол 
шындыққа  барған  суреткерлік  талғамдары.  Абайдың  қазақ 
халқының тағдырын толғаған көп сөзі жүз жыл кейінгі біздің 
заманымызға арналғандай көрінсе, Дулаттың да:
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең қандай болды екен,
Қарасаңшы бір мезгіл 
Қолдарыңа айна алып... –
дегені  де  бейне  бізге  айтып  тұрғандай.  Ар  жағын  былай 
қойғанда, соңғы 70-80 жыл бойы Дулат айтқандай:
Болашақты болжамай,
Жол сауданы олжалай.
Ақбөкендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып... – 
империялық торға, коммунистік әміршілдік құрығына түскен 
жоқпыз  ба?  Жалғыз  ел  билеу,  заң-сот  істеріне  қатысты  ғана 
емес,  өзге  сәттерде  де  екі  алыптың  үндес,  идеялас  тұрғанын 
көреміз.  Мысалы,  ақынға,  ақындыққа  екеуі  де  қатаң  талап 
қояды. Дулат: 

344
Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса.
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса... – десе, Абай:
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы... – 
деген талап қояды. Бірақ «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиген» 
сөз  патшасын  қалың  жұртшылық  түгел  қабылдап  жатыр  ма? 
Абайдың:
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы... –
деп зар илегені және белгілі.
Кім жалғыз бұл жалғанда, есті жалғыз,
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па?
Қазақтың табылды ма соның пары?
Өлеңімен жұбатты өзін өзі,
Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары.
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса не керек қазақ шары?! –
деп Шәкәрім айтқандай, ұлы Абай «сөзімді айналама жеткізе 
алмадым, ұғып тыңдар адам аз» деп күңіренсе, осы ойды Ду-
латтан да көреміз. Ол бірде:
Бәрі тегін жер тезек
Қайсысын таңдап алайын,
Асыл сөзден бұл кетті... – 
дей келіп, сол асыл сөзді айтатын да, тыңдайтын да кісі жоқ, 
ылғи «қылжың, қылжақ туысқан, қырт пен мылжың ағайын» 
десе, тағы бірде:
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді...
Бәрін айт та, бірін айт,
Ұғынар мұны ел қайда?.. – 
деп, заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан 
жақсыларды  сынап,  «қармайтұғын  талы  қалмай,  тереңге 
сүңгіген  елі»туралы  «түнде  ұйқы  бермеген  көзінен  төккен 

345
арманын»  айтады.  Бұл  –  Дулат  пен  Абайдың  ортақ  зары,  за-
маны,  ортасы  тудырған  шындық  үні.  Дулат  –  Абайға  дейінгі 
қазақ  ақындарының  ішінде  жазба  поэзияға  біртабан  жақын 
келген,  Еуропа  мен  орыс  мәдениетінде  классикалық  поэзия 
деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастау-
ын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жара-
лып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше 
түсетін, авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба 
поэзияны бастаушы – ұлы Абай десек, Абайдың тақыр жерден 
өнер таппағанын және білуіміз керек.
Қазақтың  жазба  поэзиясының  алғашқы  нышандары  Дулат 
өлеңдерінен  көрінеді.  Іргетасты  қалаған  Абай  болса,  соны 
қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін 
көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз қүрғақ бол-
мас  үшін  «көзбен  көрсетіп,  қолмен  ұстататын»  мысалдармен 
делелделік.
Дулат  –  жыраулық  мектептен  шығып,  ақындық  мектепті 
күшейткен суреткер. Бұл – жыраулықтың төмендігінен, әлсіз- 
дігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. XIX ғасырдағы 
қазақ  поэзиясы  үшін  енді  өлең  арқылы  ақыл-насихат 
дидактикалық  сипат  пен  заман,  қоғам,  адам  туралы  жалпы 
философиялық толғаныстар аздық етеді. Ендігі жердегі поэзи-
ядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихат-
тан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару та-
лап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және 
сырт  қарағанда  өлең-жырлары  7-8  буынды  жыр  өлшемімен 
келгенімен, ол – жырау емес, ақын. Өйткені  құрылымдық және 
тақырыптық  бітімі  жағынан  Дулаттың  өлеңдері  –  бұрынғы 
жырауларды  былай  қойғанда,  тіпті  кешегі  Бұқар  толғаулары- 
нан,  одан  қалды,  өзімен  тұстас  ақындардың  туындыларынан 
мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі 
ауызша  дамыған  өлең-жырлардан  ерекшеленетін  болса,  сол 
өзгешеліктің бірі – шығарманың белгілі мақсатпен ажыраты-
латын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) 
дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны (тақырыпты) 
білдіруі  шарт,  сонымен  қатар  әр  бөлікті  шоғыр  етіп  тұратын 
құрылымдық белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сан-
дары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы 
ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей 

346
түсіп,  сол  өлеңді  тұтас  дүние  етіп  құрастырып  тұруы  керек. 
Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды: 
шумақ  –  қазақ  поэзиясы  құрылымында  бұрыннан  бар  тәсіл, 
оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп 
құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларында 
жоқ. Ол– жазба әдебиетке тен өлең құрылымы. Бұл құрылым 
қазақ  поэзиясында  Дулаттан  басталады.  Ақынның  «Тегімді 
менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады.
1-шоғыр:
Тегімді менің сұрасаң,
Қалың найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей 
Жырын тыңда Дулаттың...
Мұндағы тақырып – ақынды таныстыру, алдыңғы 8 тармақ 
екі-екіден  бөлініп,  өзара  ұйқасқан  (нуынан,  буынан,  суынан), 
ең  соңғы  10  тармақ  жоғарғы  ұйқастан  тыс  Дулаттың  деген 
сөзбен аяқгалады. Келесі 6 жол – бір шоғыр, мұндағы тақырып 
– жырын тыңдауға шақырған ақынның қандай екендігін таны-
стыру, бұл шоғырдың өз ішінде ағызып, тамызып, тойында, 
ойында деген ұйқастары бар, ең соңғы жолы Дулаттың деген 
сөзбен  аяқталады  да  алдыңғы  шоғырдың  соңғы  тармағымен 
ұйқасады.  Алты  жолдық  3-шоғыр  да  ақындық  қуатты 
танытуға арналған. 4-шоғыр осы ақындық қуатты неге, кімге 
жұмсайтынын білдіреді, соңғы тармағы улаттым деген сөзді 
ұйқасқа  шығарады.  5,  6-шоғырлар  да  осылайша  әрқайсысы 
бір-бір шағын идеяны сөз етіп, ең соңғы тармақтары арқылы 
өзара  ұйқасады.  Сөйтіп,  алты  шоғыр  бір  ұйқасқа  құрылып, 
өлең тұтастығын құрайды. Бұл – нағыз жазба поэзия үрдесінен 
шыққан  композиция.  Дулаттың  едәуір  шығармасы  осындай 
құрылыммен ұсынылған. Бұл тәсілдің алғашқы көрінісі Дулат-
тан басталса, оны жүйеге айналдырып, әрі қарай бекіткен Абай 
екенін білеміз.
Жоғары  дамыған  поэзияның  басты  белгілерінің  бірі  – 

347
поэтикалық  образдар  жүйесінің  әр  сипатты,  алуан  түрлі  бо-
лып келетіндігі. Поэтикалық образ жасаудың тілдік механизмі, 
яғни  образдың  тіл  арқылы  берілуі  де  Дулатта  дағдыдан  тыс, 
жаңа түрлерімен көрінеді. Мысалы, мағыналары жағынан бір-
бірімен  тіркеспейтін  сөздер  болады.  Айталық,  дерексіз  (аб-
стракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам 
мен  жан-  жануарлаға  тән  сын-сипат  пен  іс-қимыл  атаулары 
бір-біріне жуыспауы керек. Ал көркем әдебиетте, оның ішінде 
поэзия тілінде образ жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар 
сөздерді  тіркестіру  –  ұтымды  көркемдеуші  амалдардың  бірі 
болып саналады. Мысалы Абай жүрегім менің қырық жамау 
қиянатшыл  дүниеден  дегенінде  ауылдары  алшақ  сөздерден 
қырық жамау жүрек, қиянатшыл дүние деген соны тіркестер 
жасаған.  Бұл  тіркестерді  құрап  тұрған  сөздер  –  тіркесімдік 
қасиеттері  бір-біріне  жуыспайтын  элементтер:  қырық  жамау 
не киім, не төсек-орын болса керек, ал бұл жердегі жүрек сөзі 
«көңіл, сана-сезім» мағынасында тұр, демек, дерексіз ұғым ата-
уы. Соған қарамастан, бұлар тіркесіп, «көп жапа шеккен, зар 
илеген көңілім, ішкі дүнием» дегеннің соны образын жасауға 
жұмсалған.  Қиянатшыл  дүние  де  осы  іспеттес.  Қиянатшыл 
адам  болса  керек  еді,  бірақ  Абайдың  дүниесі  қиянатшыл 
сипатқа  ие  болып  тұр.  Міне,  осы  тәсілді  көпке  дейін  Абайға 
орыс әдеби тілінің әсерінен пайда болған тың амал деп келдік, 
өйткені,  бұл  XIX  ғасырдағы  орыс  поэзиясында  кеңінен  өріс 
алған  ұтымды  тәсілдердің  бірі  болғаны  аян.  А.С.Пушкин, 
М.Ю.Лермонтовтарды  оқып,  игеріп,  оларды  аударуға  барған 
Абайдың  назарына,  әрине,  орыс  тілінің  көркемдеу  амалдары 
ілігуі  мүмкін.  Бірақ  дәл  осы  тұста  Абайға  орыс  көркем  сөзі 
емес,  қазақтың  төл  поэзиясының  тілі  үлгі  болған.  Ілгерірек 
уақыттардағы  ақын-жыраулар  тілінде  бұл  амал  ара-тұра 
кездесетін  болса,  XIX  ғасыр  ақындарында  едәуір  жандана 
бастайды. Әсіресе Дулат өлеңдерінен әділетке шөлдеу, жыр-
мен  жуыну  (Кеудеме  қайғы  толған  соң,  Тұнық  жырмен  жу-
ынам), арманды төгу (Күндіз күлкі бермеген. Түнде ұйқы бер-
меген.  Көзінен  төкті  арманды),  жетімдіктің  белі,  көңілдің 
құтысы  сияқты  тіркестердің,  сонылығы  осылар  қатысқан 
өлең  жолдарының  экспрессиясын  (әсерін)  күшейтіп,  бұрын 
айтылмаған тың образдар жасап тұр. Мысалы, Әкеңнің айтқан 
аз  сөзін  құтысына  көңіліңнің  төгіп  алма,  дәлдеп  құй  деген 

348
жолдарында ақын көңілдің құтысы, ақылды құтыға құю деген 
тіркестерді «қиыннан қиыстырады», өйткені бұлардағы сөздер 
«түтіні  бөлек»дүниелер:  құты  –  нақты  зат,  сауыт,  ал  көңіл  – 
қолмен ұстап, көзбен көріп, құтыға салуға болатын нақты зат 
емес,  соңдай-ақ  оны  суша,  сүтше  құюға  да  болмайды.  Бірақ 
поэтика, яғни өлең тілі бұлайша «норма бұзуға» бара алады. 
Көркемдеу  тәсілдерін  іздеу,  оларды  құбылтып  отыру  –  асқан 
зор талант иесінің, қас шебердің, үлкен ақынның арқалайтын 
жүктерінің бірі.
Жалпы  өлең  сөздің,  оның  ішінде  жазба  поэзияның  да 
көркемдік  сипатын  танытатын  тәсілдердің  және  біреуі  – 
белгілі  бір  затты,  құбылысты,  іс-әрекетті  бейнелей  суреттеп, 
өзгеше атау болса (оны ғылымда перифраз  деп атайды), мұнда 
да  ақынның  тапқырлық,  әр  нәрсенің  қыр-сырын  танушылық 
қабілеті күшті болмаққа керек. Бұл орайда да Дулат ақынның 
сөз  құдіретін  танушылық  қасиетіне  тәнтіміз.  Мысалы,  өткен 
ғасырдың орта тұсындағы қазақ қауымының мәдени-әлеуметтік 
күй-жағдайын бейнелейді: Толқынды теңіз заманнан, Сенімді 
кеме  болмаса,  Жел  қайықтен  өтер  ме?  деп,  қалтылдаған 
қайыққа теңейді.
Теңеу, салыстыру дегендер де – қазақ поэзиясы үшін кәнігі, 
көркемдеу  амалдары.  Дулат  пен  Абай  сияқты  ақындардағы 
қазақ құлағы үшін тосын теңеулер мен метафоралар да ақындық 
таланттың қүшін танытады. Мысалы, Дулаттың:
Күнәм жойқын, тәубем аз,
Тіршіліктен не таптым!
Дүние – жемтік, мен – төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып, әркіммен 
Не қапқыздым, не қаптым... – 
деген өлең жолдарындағы теңеулер мүлде тың. Бұрын жалған 
дүние,  алдамшы  дүние,  қайран  дүние  деп  сипаттап  келген-
мен,  дүниені  жемтікке  балау  –  қазақтың  наным-сеніміне  жат 
түсінік,  ал  ақынды  сол  жемтікті  аңдыған  төбетке  теңеу  тіпті 
шендестіруді «бастан асырып жіберу» болып көрінеді. Ойшыл 
ақын, парасат иесі – төбет бірде өзгелерге өзін қапқызады, бірде 
өзгелерді өзі қабады. Бұл – өмір шындығы, бірақ сол шындықты 
суреттеу сипаты соны. Ол – ең алдымен, өзіне дейін сан ғасыр 
бойы  қазақ  қауымының  көркемдік-эстетикикалық  қажетін  

349
өтеп келген ақын-жыраулар поэзиясының, бай ауыз әдебиетінің 
барша  байлығын  шебер,  еркін  пайдаланған  ақын.  Мысалы,  
оның  өлеңдеріндегі  тұғырдан  түсу,  олжаны  ортаға  салу, 
жағасы сөгілу сияқты етістікті тіркестер де, айбарлы ақ орда, 
шаншулы  найза,  алтын  қарғылы  арлан,  кең  қоныс,  еркін 
өріс  сияқты  эпитетті  тіркестер  де  –  кәнігі,  баршаға  ортақ 
дүниелер.  Ақын  құдіреті  –  осыларды  орнымен,  шебер  жара-
та  білгендігінде.  Дулат  –  Абайдың  алдында  өткен  қазақ  сөз 
зергерлерінің ішіндегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап кел-
ген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби тілді 
жалғастырған көпір деп тану қажет.
Жаңа сөздер
(неологизмдер)
Абай қазақ тілінің төл сөздері мен тұрақты тіркестерін еркін 
және өнімді пайдаланумен қатар лексикалық қорды көптеген 
жаңа сөздермен және фразеологизмдермен толықтырды. Бұған 
ақынның  шығармашылық  қырларының  кең  тақырыптылығы, 
проза  жанрына,  оның  ішінде  публицистика  мен  ғылыми 
жанрларға баруы, орыс әдебиетінен аударма жасауы жене по-
этика  қажетін  өтейтін  тың  элементтерді  іздеу  әрекеттері  се-
беп болды. Абай тіліндегі жаңа қолданыстарды тілдік немесе 
лексикалық және стильдік жаңа сөздер деп айырып қарастыру 
қажет. Абай – өз заманын жан-жағынан алып сөз еткен қаламгер. 
Сондықтан  ол,  бір  жағынан,  өз  дәуіріндегі  қазақ  қоғамының 
рухани және заттық дүниесіне енген жаңалықтарды, соған орай 
лексикалық қазынасына енген жаңа сөздерді өз тұсындағы тіл 
тәжірибесінен  алып  қолданса,  екінші  жағынан,  сол  қазынаға 
біраз жаңа қорды өзі жасап қосты. Әсіресе, Абай қаламынан 
туған жаңа сөздердің дені болып келетін дерексіз ұғым атаула-
ры – оның теология, философия, этика, мораль тақырыптарын 
сөз етуінің жемісі. «Қара сөздер» деп аталатын прозалық ту-
ындысында қоғам өмірі, қоғамның заң-законы, адамның мінез-
құлқы сияқты тақырыптарды сөз ету үстінде бұрынғы кейбір 
атауларды  жаңаша  ұсынуға,  жоқтарын  жасауға,  барларының 
мағынасын  айқындап  бір  ұғымда  тұрақтандыруға  мәжбүр 
болды.  Жаңа  сөздер  жасауда  Абай  бірінші  кезекте  жұрнақ, 
жалғау,  содан  соң  мағына  жаңғырту,  сөз  тіркестіру  амал-

350
дарын  пайдаланды.  Олардың  бірқатарын  тұрақтандырып, 
терминдік  дәрежеге  көтерді.  Мысалы -лық  жұрнағы  арқылы 
тоқтаулылық,  байлаулылық,  тиянақсыздық,  қорғалауықтық, 
күлкішілдік, ершілік т.б., -мақ жұрнағы арқылы сезбек, сүймек 
т.б. тәрізді туынды тұлғалар жасап, оларды нақты дерексіз ұғым 
атаулары етеді. Мыс.: «әрбір нәрсеге қызықпақтық», «Арылмас 
әдет болды күлкішілдік», «Өршілдікпен лағынетке болған ду-
шар», «Адамзатқа не керек: сүймек, сезбек, кейімек». «Ішпек, 
жемек, кейімек, күлмек, көңіл көтермек, кұшпақ, сүймек, мал 
жимақ,  мәнсап  іздемек,  айлалы  болмақ,  алданбастық  –  бұл 
нәрселердің  бәрінің  де  өлшеуі  бар».  Абай  қаламынан  туған 
жаңа  элементтердің  бір  тобы  –  лексикаланған  тіркестер, 
яғни,  көбінесе  екі  сөздің  тіркесіне  -лық  жұрнағы  жалғасып, 
бір  дерексіз  ұғымды  білдіретін  күрделі  атаулар.  Мысалы: 
қызба бастық, әсем салдық, күлкі тоқтық, өнер жоқтық, есі 
барлық, зор болғандық, адам жаулағандық сияқты тіркестер – 
қазақ әдеби тілінде Абайға дейін кездеспеген тұлғалар. Абай 
мұндай жаңа тіркестерді өлеңдерінде де, прозасында да жүйелі 
түрде  қолданып,  лексика  қазынасына  қосқан.  Абай  тіліндегі 
жаңа  сөздер  тек  дерексіз  зат  есімдер  емес,  етістіктер  тобын-
да да бар. Мысалы, қайраттысу, әсемсу, сәнсу, қалжыңшылсу, 
жарамсақсу, серкесу, жер тәңірсу, қалжың бассу, еңбегі жоқ 
еркесу сияқгы қимыл атаулары – тек Абай текстерінен табы-
латын  жаңа  қолданыстар.  Грамматикалық  зерттеушілер  түркі 
тілдеріндегі  -сы  (-сі)  жұрнағы  есім  тұлғаларынан  сөйлеуші 
өзін не өзге біреуді біреуге немесе бірдеңеге балап көрсететін 
я болмаса бір нәрсені істеген істемеген етіп танытатын етістік- 
тер  жасайды  деп  анықтайды.  Мысалы,  мырзасу,  батырсу, 
білгенсу, жазғансу дегендерде сөйлеуші өзін не басқа біреуді 
мырзаның,  батырдың  қылығын,  сипатын  иеленген  жанға  не-
месе  бір  нәрсені  білген,  жазған  адамға  балау  мағынасы  бар. 
Сонымен  қатар  бұл  жұрнақ  жалғанған  сөздің  мағынасында 
семантикалық  қосымша  реңкі  және  болады,  ол  сөйлеушінің 
өзін не өзгені біреуге не бірдеңеге жай балай салу емес, ұқсауға 
тырысу немесе көлгірсу реңкін қоса береді. Абай -сы жұрнақты 
туынды  сөздердің  осы  реңкін  жақсы  пайдаланған.  Мыса-
лы,  «Ұққыш  жансып  шабынар»,  «Жер  тәңірісіп  кермағыз» 
дегендерінде ұққыш жанға, жер тәңіріне жай ғана ұқсау емес, 

351
ұққыш  жан  жер  тәңірі  емес  екенін,  тіпті  оларға  ұқсамаса  да 
ұқсап баққан, көлгірсіген реңк бар. Туынды етістік жасайтын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет