Поэзия тілі, поэтика
Абай қазақтың өзіне дейінгі және өзімен тұстас өлең сөзіне
қатаң талап қойып, кей сәттерін сынай отыра, қазақ поэзия
тілінің жасалу және даму заңдылықтары мен шарттарына
мойынсұнбай кетпеді, өйткені бұл – көркем сөз дамуының
объективті заңдарының бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің
өзіне дейін болмаған жаңа түрін жасағанымен, олардың
барлығы да силлабикалық құрылыс заңдылығына бағынады,
365
өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғатының өзі силлабикалық
буын өлшеміне құрылған. Абай өлеңнің тармақ санымен
ұйқасуына қарай небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен,
олар өлеңді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы
дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі – аллитерация емес,
ұйқас. Абай қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің,
метафораның жаңа түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу
принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ
өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да Абайдың аттап өтуі
мүмкін емес еді. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру,
түрлендіру, жаңа сапалық белгілер қосу тұрғысынан по-
эзия тілін дамытуда Абайдың еңбегі орасан зор болды. Абай,
Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы болуына
күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп
беретін амал-тәсілдерді іздестіреді. Сондықтан да Абайда
өлеңнің мазмұнын, айтпақ идеясын білдіретін элементтердің
айқындала түсуі басым.
Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне
дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-
салттық лексиканың, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге
ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды по-
эзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы
тақырыбының бірі және бастысы – адам, оның моральдық
бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және
бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, өсиет-
ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әр
мінез-құлықты дәл көрсету сипатында жырлайды. Сондықтан
адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күй-қалпын дәл
беру үшін бұрыннан тілде қолданылатын жүрегі лүпілдеу, бу-
ыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді дағдылы сөздермен қатар
қазақ өлең-жырлары тілінде көп кездеспейтін суыну, ысыну,
елең қағу, бос шошу, қызару, сұрлану деген сияқты жай-күй ата-
уларын пайдаланады. Абайда жалпы адамды әр алуан жақтан
бейнелейтін етістіктердің көптігін және олардың образ жасауға
қатысатынын айту керек. Сырт қарағанда, «поэтикалық па-
спорты» жоқ бұртақтау, тыртыңдау, арсаңдау, босқа
талтаңдау, ит көрген ешкі көздену, тізесін созғылау деген
сияқты сөздердің өзіне де стильдік жүк артып, поэзия тілінің
құралына айналдырған.
366
Абай өлеңдеріне көзге елестетіп берілетін образдар тән.
Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін
көзге елестетіп беру үшін ақын қайқаң қағу, салаң ету, ау-
зын ашып қоқақтау, қанат-құйрық суылдау сияқты сөздерді
ұтымды пайдалана білген.
Мағына ауыстыру, теңеу сияқты «прозалық» сөздерді пай-
далануды жүйеге айналдырған. Мысалы, бақсының моласын-
дай жалғыз қалу, безгек ауру сықылды жүдететін ғашықтық,
піскен алма секілді тәтті қыз, өмір жолы – иген жақ т.б.
Лексикалық топтардың ішінде тек күнделікті тұрмысқа
қатысты немесе поэтикалық сөз болу қасиеті (мағынасы мен
бояуында) бейтарап сөздерді ғана емес, қоғамның саяси-
экономикалық құрылысына, оқу-білімге, философия мен дінге
қатысты сөздердің поэзия тіліне молынан қатыстырылуы және
көбінің образ жасауға қатысып, көркемдік құралына айналуы
– Абай өлеңдері тілінің бір ерекшелігі. Абай поэтикасында
көзге түсетін тағы бір құбылыс образдардың ауызша әдеби
тілдегідей, көбінесе, қазақ халқының санғасырлық күнкөріс
тіршілігінің негізі – малға немесе өз кезіндегі қазақ тіршілігіне
таныс құбылыстарға байланысты болып келетіндігінде ғана
емес, сол образдардың тыңдығында, бұрын айтылмаған теңеу,
бейнелеулерде. Мысалы, мұнда күлкіні – мәліш саудаға, алыс-
берісті – асықұтысқа, бозбаланы оңғақ бұлға теңеу неме-
се ұрлықпенен қулыққа байлағанда – кестің бау деуі осыны
көрсетеді. Абай талаптың аты, талаптың тұлпары, асау
жүрек, жүйрік уақыт, үміттің аты, қу тілмен қулык сауу де-
ген соны фразеологизмдерді поэзия жасауда да малға қатысты
бейнелі сөздерді алады. Абай негізін қалап, әрі қарай жүйеге
айналдырған поэтикалық тәсілдің бірі – текст түзу саласына
қатысты. Текст түзу дегеніміз – шығарманың бір бөлігінде
немесе шағын бір өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-
бірі айқындайтын, модальдық реңктері біртектес сөздерді
шоғырлап беру болса, Абай сөздің белгілі бір поэтикалық
мақсатты өтеуі үшін сол текстегі өзге сөздерге иек артады, яғни
сөздердің бір-біріне «қызмет көрсетулері» керек екенін жақсы
сөз еді. Мысалы, «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген
шағын өлеңінде ақын өз заманындағы қоғамның аса жағымсыз
топтарын суреттейді. Сондықтан мұнда сұм-сұрқия, қу, білгіш
деген зат есімдерден бастап, Құдай ату, бұтып-шату, есіру,
367
ісіп-кебу (ауыспалы мағынада), қабару (бұл да), ит ырыл-
дату, сілесі қату, Құдай қалжыратып құмар қылу деген
етістіктерді қолданады. Бұлардың әрқайсысы – экспрессоид,
яғни әрқайсысында жағымсыз қылық, іс-әрекетті білдіретін
мағынамен қатар сол мағынаны әсерлі етіп көрсететін бояу
бар: жоқтан барды жай айту емес – бұтып-шату, кұр мақтану
емес – есіру, жай шығынды болу емес – шығынға белшесінен
бату, жай құмар қылу емес – Құдай қалжыратып құмар қылу
т.б. Бұл сөздердің әрбіреуі осындай экспрессияға ие болса, олар
бір жерге, бір өлеңге шоғырланып берілгенде әсері мен бояуы
одан сайын күшейіп, өлеңді «жұп-жұмыр, тұтас» дүниеге ай-
налдырады.
Текст түзудің тағы бір жақсы үлгісіне «Сегізаяқ» өлеңін
келтіруге болады. Бұл өлең – Абайдың ақындық, азаматтық ар-
ожданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы,
философиясы, сондықтан ақын мұнда абстракт ұғымдарды сөз
етеді, ол үшін сол ұғымдардың атауын таңдайды. Бұл өлеңде
қызыл тіл (бұл атау толғаныс, философия, поэзия, сөз деген
ұғымдарды білдіреді), ой, әдет, қайрат, сөз (толғаныс, өлең,
пікір), мінез, насихат, өсек, ынсап, ұят, дәулет, нәсіп, еңбек,
ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
қулық, сұмдық, қорлық, мақсут, абұйыр, талап, ғылым, дерт,
жалғыздық деген сияқты 40-қа жуық абстракт ұғым атаула-
рын қолданады. Бұлардың шоғырланып келуінде стильдік мән
бар: осы сөздерді талғап, таңдап келтірудің арқасында өлеңге
философиялық сипат беріліп тұр.
Сол сияқты өз замандастары – болыс пен пысықтардың,
«әсемсіп, сәнсіген кербез, керімдерді», «бойы бұлғаң, сөзі
жылмаңдарды» – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі
етіп беретін сезімдік әсері күшті поэтикалық құралдарды іздеп,
ол үшін бейнелі, көркем бояуы қалың, яғни семантикасында
жағымсыз реңкі бар етістік сөздерді шоғырымен келтіреді. Бір
ғана «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінде болыс, шабарман,
пысықтардың портретін жасауда ақын далпылдап, барқылдап,
бартылдап, тарқылдап, қарқылдап, шартылдап, лепілдеп,
күпілдеп деген сияқты образды сөздерді топтап келтіреді. Бұл
өлеңді құрайтын өзге сөздер де модальдық реңкі жағынан осы-
лармен «үндес» келеді: Мұнда бейтарап мағыналы беру етістігі
емес – тығындау сөзі бейнелі немесе мықтап ұстау, қатты
368
ұстау деген сөздер әлдеқайда әлсіз, бояусыз, бейтарап іс-әрекет
атаулары болар еді, сондықтан бұлардың орнына мығымдап
ұстау сөзі қатысқан, «сияз бар» десе, болыстың жүрегі
жай лүпілдемейді – суылдайды т.б. Образ жасауға қатысқан
бұл етістіктердің баршасы өткен шақ көсемше тұлғасында
(барқылдап, қарқылдап...) қолданылған. Тегі, бұл тұлғаны
белгілі бір стильдік жүкті көтеретін құрал есебінде жұмсау
қазақ поэзиясында, оның ішінде Абайда әбден қалыптасқан
амал деп санау керек. Абай өлеңнің «іші – алтын, сырты – күміс»
болуын қалағанда, құлаққа әсерлі боп естілетін әсіреқызыл
сөздерден аулақ болу принципін ұстайды. Сондықтан ол
дәстүрлі эпитеттерді қолданудан гөрі соныларын іздейді.
Мысалы, Абай бұрынғы әдеби мұраларда жиі қолданылған
ару («сұлу, таза, пәк» мағынасындағы), берен, берік, байтақ
(хандық, ел, жұрт), ауыр, көп, күшті сияқты эпитеттерді мүлде
қолданбаған. Қанша әдемі болса да, дағдылы образдар (ару
қыз, берен қылыш, ауыр жұрт, байтақ жұрт т.б.) кез кел-
ген идеяға сай келе бермей, құр әсем жылтырақ тіркес болып
шығуы мүмкін. Мұны Абайдың өзі де бірнеше рет ескертіп
өтеді: бірде «сөзімнен әсіреқызыл емес деп жиренбеңіз» десе,
енді бірде «өлең деген – әр сөздің орайлы жарасымы» дейді.
Қысқасы, өз өлеңі тілінің бұрынғыдан өзгеше, жаңа екенін
ескертеді. Ол жаңалық – поэтикалық элементтердің кәнігі
түрлерін қолдана бермейтіндігі. Сол сияқты халықтық сим-
волдарды немесе байырғы қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі
сөз-образдарды да талғаммен кемде-кем алады. Мысалы,
еркіндіктің образы тарлан, тарпаң сөздері Абайда жоқ, ал
алғырлықтың дәстүрлі символы – қыран құс, бүркіт, биіктіктің
символы – бәйтерек, тойымсыздықтың, қаскөйліктің образы –
аш бөрі, ержүректіліктің символы – арыстан сөздерін Абай
сөз-образ етіп емес, өздерінің тура номинативтік мағынасында
жұмсаған, ал бұлан, бөкен сияқты сөз-образдар Абайда тек
мақал-мәтел, тіркес құрамында келген. Дәстүрлі символдардан
Абайда кездесетіні қызыл гүл – жастықты, сұлулықты, жолба-
рыс – қайраттылықты білдіретін образдар ғана. Поэтикалық
үйреншікті қалыптардан қашуы – көне мұрадан мүлде бас тар-
туы емес немесе қайткенде де жаңалыққа құмарлығы да емес,
поэзияның жаңа талабын орындау мақсаты. Абай, әрине, қазақ
поэзиясы тілінің бұрынғы амал-тәсілдерінің бәрінен мүлде
369
бас тартқан жоқ. Ауыз әдебиетіндегі «қатуланды, қаттанды..,
буырқанды, қылаң етіп, қылт етіп...» деген сияқты штамптар-
ды олардың «жамандығынан» емес, шығармашылығының
жанрлық сипатына сай келмегендіктен қолданбаған, өйткені
бұлар – батырлық жырларға тән, өзге орында, әсіресе, лирикаға
мүлде жанаспайтын образдар. Ал реті келген жерде, мыса-
лы, жоқтау топтамасындағы өлеңдерінде бұрынғы ауызша
әдеби тілден келе жатқан образдарды – тұрақты тіркестерді
кездестіруге болады: Қолдан ұшқан ақ сұңқар Қайтып келіп
қонбайды, Артына қарай аһ ұрып. Тіпті өзге өлеңдерінде де
Абай иіні келсе, бұрынғы стереотип образдардан қашпайды.
Мысалы, Көріп алсаң көріктіні, Таңдап алсаң тектіні, Нәзік
бел тал шыбықтай бұраңдайды. Бірақ бұлар сан жағынан көп
емес.
Ақын өзіне дейінгі ауызша әдеби тіл поэтизмдерінің көбін
орынды пайдаланады. Мысалы, оның тіліндегі алаш (қауым),
айдыну (жасқану), азырқану (қомсыну, азсыну), ағын (екпін,
қарқын), арай (қызыл арай – таң), арзу (тілек, арман), әз (құрмет-
ті), дидар (жүз), алқау (қолдау) сияқты сөздер – семантикасын-
да көтеріңкі реңк бар дәстүрлі поэтизмдер. Жалпы поэтикалық
образдар жасауда бұрынғы дәстүрдің кейбір үлгілерін пайдала-
на отырып, ол образдардың беретін әсерін күшейте түсті. Ақын
да образдардың көбін қазақ халқының санғасырлық күнкөріс
тіршілігінің негізі – малға байланыстырып жасайды. Адал
еңбексіз күнкөрісті жөн көретін замандастарының жағымсыз
портретін: «Үш күн қолың босаса, Бола қалдың бас асау»
немесе «Ұрлық пенен қулыққа Байлағанда кестің бау» деп
жылқыға байланысты береді. Болыстың «Күштілерім сөз айт-
са, Бас изеймін шыбындап» деуі, «Тың тұяқ көзім сүйтсе де»
дегені, «Алқыны күшті асау ноқтаға басы керілді» деуі – мал
өсіру тіршілігінен алынған, көпшілігі тіпті қазақ әдеби тіліне
тән дәстүрлі образдар. «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?»,
«Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өмір жолы – тар соқпақ,
бір иген жақ» деген образдар қазақтан өзге, айталық, Еуро-
па халықтарына жат болар. Абай поэтикалық экспрессияның
құралы ретінде фразеологизмдерді, оның ішінде өз қаламынан
туған жаңаларын жұмсауды күшейтті. Ақын жас адамның
(Әбдірахманның) өнер-білімге ұмтылғанын құр талаптан-
ды, ұмтылды деп білдірсе, бұл сөздердің поэтикалық бояуы
370
«талаптың мініп тұлпарын» дегенмен мүлде шендесе алмас
еді. Алғашқы вариантта тек баяндау бар, образ жоқ, екіншіде
поэтикалық образ бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы, күшті
деген сөздер мен «қуаты оттай бұрқырап» деген тіркестің
бейнелілік күші, бояуы бірдей емес.
Поэтикалық жүк арқалауда кез келген тіркес образ жасау
міндетін көтере бермейді. Мысалы, өмір сүру, өмір кешу де-
гендер де – қалыпты тіркестер, бірақ осылар Абайдың өмір
тонын кию, өмірдің өріне шығу деген тіркестерінің эмоциялық
әсеріне, образдылығына теңесе алмайды. Сондықтан Абайдың
фразеологизмдердің образдылығын дамытқанда, бұрынғы
дайындарын өлең тіліне енгізе салу емес, жаңаларын жасау,
бұрынғыларының мағынасын құбылту сияқты қызмет істеді.
Қазақ әдеби тілі образды фразеологияға бұрыннан да өте
бай болатын. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда
қалыптасып, бірден-бір мықты құралы болып келді. Мұны
Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлын-тайдай
тебісу, алтыбақан ала ауыз болу, малына шылбыр беру,
басқа шауып, төске өрлеу, қарағайды талға жалғау, су
теккісіз жорға тәрізді өте образды фразеологизмдерді Абай
да еркін пайдаланады. Мұндай дағдылы тіркестерді өзге
сөздермен және қосақтап, олардың экспрессивтік бояуын тіпті
қалыңдатып жібереді. Мысалы, іспен емес, құрғақ сөзбен
көрінетін мылжың, берекесіздің образын беруде аузымен орақ
орған деген фразаның өзі өте әсерлі, күшті, осыны Абай ау-
зымен орақ орған өңкей қыртың деп үстемелеп, экспрессивтік
өңін одан әрі аша түседі. Абай мұндай күллі фразаны өзгертіп,
сөз қосып, сөз алып күшейте бермейді, басым көпшілігін
өзгертпей, өз мағынасында қолданады. Жаңа перифраздық
тіркестер жасап, оларды тың образдарға пайдалануды Абай
жүйеге айналдырды. Тың образды тіркестер ұсыну – Абай
поэтикасының аса көрнекті, ерекше тұсы. Әсіресе семанти-
касы жағынан бір-бірімен жанаспайтын сөздерді тіркестіріп,
оларды поэтизмге айналдыруда Абай қазақ көркем тіліне үлкен
жол ашты. Мысалы, Күйлі, күйсіз бәйгеге Қажыды көңілім көп
шауып деген жолдарда көңілдің бәйгеге шабуы дегеннің өзі –
мүлде тың образ, оны тың етіп тұрған – көңіл деген дерексіз
ұғымның бәйгеге шабу деген нақты қимыл атауымен тіркесуі,
371
ал сол көңілдің бәйгеге бірде күйлі, бірде күйсіз түсуі – тағы да
образды метафора.
Жаңа образ жасайтын немесе айтпақ идеяны күшейтетін
тіркестер құрастыру үшін бір сөзді қазық етіп алу тәсілін Абай
ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде
ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай сату етістігін қазық
етіп, бұрыннан бар сақалын сату, арын сату дегендердің үстіне
қулық сату, еңбек сату, күлкі сату, кұлағын сату, жүзін сату,
өз басын сату, жүрегін ұстап сату, сөз сату деген жаңаларын
қосады. Бұлардың көпшілігі – әсерлі, әсіресе, жағымсыз об-
раз жасайтын тіркестер. Сол сияқгы күйлеу (мақтан күйлеу,
әуейілік күйлеу, күлкі күйлеу, ойнас күйлеу), сауу (қулық сауу,
адам сауу, еңбек сауу), бағу (күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу),
табу (ақыл табу, ақылды болу деген жаңа мағынада, өнер табу,
ғылым табу) сөздерін қазық етіп жасаған жаңа фразеологизм-
дер тек сонылығымен ғана емес, тың образдылығымен құнды.
Абай мұндай жаңа тіркестердің семантикалық ұйтқысы етіп
сөздерді де алады. Мысалы, жеке алғанда сирек кездесетін
мақтан сөзін 56 рет қолданып мақтанға салыну, мақтанға ор-
наластыру, мақтан күйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу сияқты
тіркестердің мағыналық тірегі етіп алады.
Абай поэтикасында елеулі орын алатын құбылыстың бірі
– динамизм көрінісі, яғни белгілі бір стильдік мақсатпен об-
разды етістіктерді жеке де, шоғырлап та жиі қолдану. Бұл
динамизм көбінесе, көсемшенің -ып/-іп жұрнақты түрімен
және етістіктің -мақ/-мек жұрнақты тұлғасымен беріледі.
Оның үстіне бір өлеңнің тұтас бойына немесе оның үлкен бір
бөлігінде етістік сөздер ұйқас құрап, шоғырымен қатысады.
Мысалы, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп ба-
сталатын өлеңінің 12 шумағының 10-ы -мақ/-мек жұрнақты
етістік ұйқастармен берілген. Көптеген өлеңдерінде -ып/-іп
жұрнақты көсемше тұлғасы тұтас ұйқас құрап, бірде қимылдың
сынын, бірде іс-әрекеттің өзін білдіріп, өлеңдерді нағыз
«қимылға» толтырған. Айталық, «Жаздыкүн шілде болғанда»
деген өлеңінде жаз суретін осы кезеңдегі табиғаттың, жан-
жануарлардың, адамдардың іс-әрекеттерін, қимыл-қозға-
лыстарын бейнелеу арқылы береді. Ақын поэтикалық құрал
ретінде кейбір морфологиялық тұлғаларды да қолдануға жол
ашқан. Бұған жағымсыз образ жасауға -сы/-сі жұрнағымен
372
келген сөздерді (жер тәңірісу, қалжыңбассу) қолдануы,
-мақ/-мек жұрнақты етістіктерді өлең тіліне жиі қатыстыруы
дәлел бола алады. Алдыңғы тұлға көбінесе көлгірсу реңкі бар
модальдық құрал ретінде жұмсалса, соңғы -мақ/-мек жұрнақты
сөздер өлеңге динамикалық сипат беру мақсатымен неме-
се дерексіз ұғым атауларын молынан сөз ететін өлеңдерінің
философиялық мазмұнын таныту мақсатымен жұмсалған.
Сұраулық шылауымен келген сөйлемдерді қолдануда Абайда
жай сұрай салу мақсатында емес, белгілі бір стильдік мақсатта
поэтикалық жүк арқалай қолданылған. Мысалы, «Сұм дүние
тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды
– үміт, арты – өкініш, алдамшы өмір Желігін жерге тықпас
кісің бар ма?», «Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?» сияқты жолдардағы сұраулық шы-
лауымен келген сөздер алдыңғы айтылған идеяны (сұм дүние
тонап жатыр... балалық өлді) күшейте түсіп, өзіне назар ау-
дартады, яғни бұлар – шындықтың баяндалуы ғана емес, сол
шындық арқылы өмірі баянсыз, мақсатсыз, күйбеңмен өткен
адамбысың, әлде керісінше ме деген идеяны білдіреді. Абай
поэзиясында кейбір нактылы ұғыматауларын поэтизмге ай-
налдыру көзге түседі. Мысалы, ақын өлеңдерінде бейтарап
мағыналы жүрек, сөз деген сөздер әрі өте жиі қолданылып
(жүрек – 156 рет, сөз – 376 рет) әрі өздерінің тура мағынасынан
гөрі ауыспалы мағынада (жүрек – «адамның өзі, ішкі дүниесі,
қасиеті», сөз – «поэзия, ой-пікір») келген. Абайда объектіні әр
тұрғыдан сипаттау басым, сондықтан ол теңеудің дәстүрлісін
де, өзі қолданған жаңаларын да пайдаланды. Абай поэзиясы
теңеулердің молдығымен ғана әсерлі емес, соны түрлерімен де
құнды. Ақын теңеулері оның дүниетанымының, философиялық
тұжырымдарының айнасы, сол айнаны тіл құралымен көрсетуде
теңеулерді пайдаланған және бұл қолданыстың бір ерекшелігі
– теңеудің әдеттегі тілдік амалы -дай/-дей жұрнақты тұлғаны
немесе секілді (сияқты, тәрізді) сөздерін көп қолданбауы, ол
теңеуді көбінесе тұжырым, констатация арқылы беретіндігі.
Мысалы, «Төңкеріліп құбылған жұрт – бір сағым», Жүрек –
теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас», «Өткір тіл – бір ұялшақ қыз
болмай ма?» т.б.
Абай өзіне дейінгі сан ғасыр «эстетикалық таңбалардың»
шоғырын жинап келген қазақ поэзиясы мектебінің барша
373
көркемдеуіш-бейнелеуіш құрал-тәсілдерін дұрыс танып,
жақсы қабылдап қана қоймай, оның көп тетігін қайта бұрап,
көп кетігін жаңадан қалады, яғни поэтикалық құралдарды
пайдалану принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне өзгерістер енгізді,
кейбіреулерін жүйеге айналдырды, жаңаларын қосты, барла-
рының аясын кеңейтті. Абай поэтикасы қазақ өлеңінің бұрынғы
көркемдік дүниесінің синтезі ғана емес, жаңа кезеңінің,
классикалық жазба түрінің бастамасы, кейінге жол салған
үлгісі болды.
Ұйқас
Өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі,
үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін
ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне көгендейді,
өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір
бүтін етіп тұтастырады, сондықтан әр шумақтың немесе әр
тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді.
Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа
құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теория-
сында айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы,
ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың
өрен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі –
өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ шумақты
өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас
суретін құбылту. Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буын-
ды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа
құрылған. Мысалы:
Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп.
- б
Ауылдың жаны терең сай, - а
Тасыған өзен күрілдеп.
- б
Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8
буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, -а, -б, -а суретті ұйқаспен
жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б,
-а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан ба-
сталатын ұйқастың түрі:
Ғашықтық іздеп тантыма - а
Аз күн әуре несі іс
- б
374
Өзіңнің қара артыңа,
- а
Өткен өмір бейне түс.
- б
Өлгенше болар бар ма дос, - в
Қуаныш, қайғы – бәрі бос. - в
6 тармақты, шумақты өлеңдерінің кебі -а, -а, -б, -в, -в, -б
ұйқасымен келеді:
Бойы бұлғаң,
- а
Сөзі жылмаң,
- а
Кімді көрсем, мен сонан, - б
Бетті бастым,
- в
Қатты састым,
- в
Тұра қаштым жалма-жан. - б
6 тармақты 11 буынды, шумақты «Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін» деген өлеңі әдеттегі қара өлең ұйқасымен (-а, -а,
- б, -а) басталады да, қалған 2 тармағы -в, -а болып жалғасады.
Мұндай өлендердің буын өлшемдері де, ұйқас суреті де, тіпті,
шумаққа топталуы да – Абай енгізген жаңалықтар, Абайдың
дара қолтаңбасы болып табылады. Ақынның өлең құрылымы
буын саны, ұйқас жағынан бір өзіне тән қолтумасы 14
тармақты, шумақты өлеңдері болса, олардың ұйқасы – мүлде
басқаша, бұрынғы қазақ өлеңдерінде (тіпті, Абайдан кейін
де) кездеспеген сурет. 14 тармақтан тұратын «Сен мені не
етесің?..» өлеңінің 1-шумағы синтаксистік құрылымы жағынан
өз ішінен 2-ге бөлінеді де -а, -б, -б, -в, -г, -г, -а, -а, -д, -д, -г, -г,
-а ұйқасымен келеді:
Сен мені не етесің?
- а
Мені тастап,
- б
Өнер бастап
- б
Жайыңа
- в
Және алдап,
- г
Арбап
- г
Өз бетіңмен кетесің
- а
Неге әуре етесің?
- а
Қарсылыспай,
- д
Басылыспай,
- д
М.Байыңа,
- в
Жәнежаттан
- г
Бай тап
- г
Өмір бойы қор етесің. - а
375
Синтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы,
ырғағы мен ұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай
әкелген соны дүниелер – оның сегізаяқтары, яғни, 8 тармақты,
шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті – -а, -а, -б, -в, -в, -б,
-г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар
өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар
түзеді. Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер
өлеңнің мазмұнына, ойына, стиліне тікелей қатысты болып
келеді. Оның сатиралық өлеңдерінде адамның мінез-құлқын
жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір тобы – еліктеуіш,
бейнелеуіш сөздер. Сондықтан ақын «Қалың елім, қазағым,
қайран жұртым» деген өлеңін бастан-аяқ қыртың, мұртың,
тырқың, жырқың сияқты жағымсыз бейнелі сөздердің
ұйқасына құрады, жұртым, ұртың, кұлқың деген мәнді, «боя-
усыз» сөздерді соларға ұйқастырады: далпылдап, жалпылдап,
бартылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарқылдап. «Болыс бол-
дым, мінеки» деген өлеңінде, бос салақтап, бұтып-шатып,
Құдай атып деген сияқты бейнелі сөздер жағымсыз бейне жа-
сау үшін ұйқасқа алынады. Тек жағымсыз бейнелерді жасауға
ұйқасатын сөздерді таңдап алу – Абай шеберлігінің бір қыры.
Мысалы ; «Единица – жақсысы, Ерген елі – бейне нөл.., Еди-
ница кеткенде, Не болады өңкей нөл» деген ойды бір өлеңнің
өзегі еткен Абай орыстың «ноль» сөзін бейне етіп қазақ поэзи-
ясына енгізеді де оған ой екпінін түсіру үшін өлеңді бастан-аяқ
осы сөздің ұйқасына құрады. Абай портрет жасауда да, пей-
заж беруде де ұйқасты шебер пайдаланады. -ып/-іп жұрнақты
өткен шақ көсемше тұлғасымен келген етістік ұйқастардың
барлығы дерлік – бейнелі қолданыстар, олар жазды күнгі ауыл
суретін беруге (Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап...), көбінесе, адамдардың қимыл-әрекеті
арқылы олардың портретін жасауға қолданылады. Абайдың
жалпы етістік тұлғаларын өлең ұйқасына алып, бейне жасауға
қатыстыруы – бұрыннан келе жатқан поэтикалық амалды
нығайтып, одан әрі дамытуы болса, екінші жағынан, оның өзіне
тән қолтаңбасы. Өйткені Абай пайдаланған етістік ұйқастар
– байырғы қазақ поэзиясындағы ашық райдағы тиянақты ба-
яндауыштар емес (барады, алады, қалады сияқты), -ып/-іп
жұрнақты тиянақты да, тиянақсыз да болып қызмет атқаратын
376
көсемшелер, да шылауымен келген шартты рай тұлғасы ( Жарқ
етпес кара көңлім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса
да...), барыс септіктегі - ыу/-іу жұрнақты тұлғасы («Интернат-
та оқып жүр» деп басталатын өлеңінің ұйқастарын қараңыз),
Достарыңызбен бөлісу: |