Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

61);  «Ешбір  қазақ  көрмедім  малды  иттікпен  тапса  да, 
адамшылықпен  жұмсаған»  (II,  168);  «Не  қылса  да  сөзді 
ұктырса болады оларға» (II, 179); «Екі етек жайылып, екі көзің 
аспанда масқара болып кеткенің өлгеніңше» (II, 218).
Бірақ  бұларды  да  салыстырмалы  шекпен  алғанда  көбірек 
деп отырмыз, әйтпесе мүшелерінің дұрыс орындарында келген 
сөйлемдердің жалпы санынан шығып қарағанда, бұлар да өте 
аз. Жоғарғы келтірілген 3-4 мысалдың үстіне ең көп болғанда 
тағы 3-4-еуі ғана қосылар. Ал бұл 7-8 факт алты баспа табақтай 
Абай прозасына шаққанда мүлде мардымсыз құбылыс болып 
шығады.  Және  сөйлем  мүшелерінің  орны  ауысып  жасалған 
жағдайларды  Абайдан  өзге  текстермен  салыстырып  қарасақ 
та,  соңғыларда  Абайға  қарағанда  әлдеқайда  көбірек  екенін 
байқаймыз.  Ыбырай  да  оқта-текте:  келді  әуелі  шабақ  (1955 
жылғы  басылуда  әуелі  шабақтар  келді  деп  «түзетілген») 
тәрізді  конструкция  кездесіп  қалады.  «Дала  уалаяты  газеті» 
тәрізді баспасөз тілінде де мұндай фактілер аз кездеспейді, оны 
зерттеушілер  сөйлемнің  орыс  тілінен  дұрыс  аударылмауына 
байланысты қарайды
248
.
Азаматтық  тақырыптарға  жазылып,  көпшілікке  арналған 
кітапшалар  тілінде  де,  фольклорлық  үлгілердің  қара  сөзбен 
берілген бөліктерінде де, қысқасы, XIX ғасырдағы қазақ проза-
сында сөйлем мүшелерінің (көбінесе толықтауыш, пысықтауыш 
пен  баяндауыштың,  кейде  бастауыш  пен  баяндауыштың) 
нормативтік  орындары  ауысып  келуі  әлдеқайда  жиі  сипатты 
белгі  болған.  Бұл  құбылыс  Абай  мен  Ыбырай  прозаларында 
ғана  едәуір  тежеліп,  осы  күнгідей  сөйлем  мүшелері  өз  пози-
циясын сақтап, қатал нормаға түскен деп батыл тұжырымдай 
аламыз.
* * *
Абай  прозасының  синтаксистік  құрылысында  ауызекі 
сөйлеу тілінің ізі жоқ емес. Ғасырлар бойы әдеби жазба тілдің 
де  нормасы  болып  кеткен,  деп-пен  аяқталатын  сөйлемдерді 
248
 Абилкасимов Б. Язык газеты «Дала уалаяты» . Автореф. канд. дисс. - Алма-Ата, 
1961. - С.21.

310
былай  қойғанда,  интонацияға  құрылып,  ауызекі  әңгімелеу 
стилінде  берілген  сойлемдерді  табамыз.  Мысалы,  бұған  бір-
екі сөзді толымсыз сөйлемдердің жиі кездесуі жатады: «Бірлік 
қандай  елде  болады,  қайтсе  тату  болады.  Білмейді»  (II,  163). 
Соңғы  баспаларда  екінші  сөйлемді  алғашқыдан  сызықша 
арқылы жазып жүрміз, бірақ одан сөйлем табиғаты өзгермейді. 
Білмейді  деген  толымсыз  сойлемнің  мағынасы  ауызекі  сөй- 
леуде  алдындағы  сөйлемдерден  интонациямен  айқындалып 
түсінікті  болып  шығады.  Мына  мысалдар  да  осы  тәрізді: 
«Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе» (II, 168); 
«Тағдырдың  жарлығын  білесіздер  –  өзгерілмейді»  (II,  175); 
«Ойлайды: жалынтып бердім деп. Ақымақтығынан ойлайды» 
(II, 176).
1-сөзіндегі  Ел  бағу?  Мал  бағу?  Ғылым  бағу?  Балаларды 
бағу?  деген  толымсыз  сөйлемдердің  сұраулық  мағынасы  тек 
интонация арқылы танылады, әйтпесе мұнда бұл категорияны 
жасап тұрған ешбір грамматикалық белгі жоқ. Бұл да – ауызекі 
сөйлеу тілінің синтаксисіне жататын тәсіл.
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  арасында  мағынасы 
жағынан тұруға тиісті бірақ, сондықтан, себебі, ал тәрізді жал- 
ғаулықтар қолданылмай құрылған конструкциялар да, біздің- 
ше, ауызекі сөйлеу нормасына жуық тұрады, өйткені бұлардың 
қызметін интонация атқарады. Абайда бұл типтес сөйлемдер 
системалы  түрде  едәуір  мол  кездеседі:  «Бағар  едім,  [бірақ] 
қалайша  бағудың  мәнісін  де  білмеймін»  (II,  157);  «Жоқ, 
ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ, [сондықтан] 
білгеніңді кімгс үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың» (II, 
157); «Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, 
[сондықтан] орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпе-
нен  азайт»  (II,  162).  Абайда  әсіресе  сондықтан  жалғаулығы 
түсірілген  (дұрысырағы,  пайданылмаған)  сөйлемдер  жиі 
кездеседі.
Сондай-ақ  ал,  және  жалғаулықтары  да  сұранып  тұратын 
құрылымдар  бар:  «Бірақ  жас  бала  қызыл  ошақтан  қорқушы 
еді, [ал] бұлар тозақтан да корықпайды екен» (II, 163); «Сон-
да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, [және] қай 
көп үйреніпті» (II, 180).

311
Бірақ  бұл  сөйлемдердің  барлық  жағынан  дұрыс  құрыл- 
ғандығы  соншама,    жалғаулықтардың  орнын  ғана  ашық  қал- 
дырып,  қоя  салуға  дайын  етіп  қойғандай  сезіледі.  Бұлар  – 
қазіргі  жалғаулықты  салаластардың  белгілі  бір  сатыдағы 
прототипі  тәрізді,  өйткені  қазақ  әдеби  тілінде  жалғаулықты 
салаластардың жүйелі нормаға айналуы – тіпті соңғы кездердің 
жемісі екені аян.
* * *
Абай  прозасының  синтаксисіне  байланысты  ең  соңғы 
әңгіме – оның Абай қаламына ғана тән стильдік бір ерекшелігі. 
Ол  әңгіме  –  Абай  «Қара  сөздерінің»  тіліне  поэзия  тілінің 
әсері, атап айтқанда ұйқасқа, өлшемге құрылған синтаксистік 
параллелизмдердің қолданылуы туралы. Бірыңғай мүшелерге 
байланысты  жоғарыда  да  айттық,  Абай  прозасында  ұйқасып 
немесе  бірдей  тұлғаға  койылып,  не  болмаса  сөз  саны  бір- 
дейлестіріліп  келтірілген  параллель  бірыңғай  мүшелер, 
тіркестер,  жеке  сөйлемдер  жиі  кездеседі.  Мысалы:  «Ол  мал 
көбейсе... сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ» (II, 159); 
«Қыстауы тарлық қынса, арызы жеткендік, сыйы өткендік» 
(II,  159);  «Енді  мұндай  иман  сақтауға  қорықпас  жүрек,  ай-
нымас  көңіл,  босанбас  буын  керек  екен»  (II,  173).  Бұл  – 
тіркестерден  болған  параллелизмдер.  Сондай-ақ  Абайдың 
жеке сөйлемдері де кейде өлең тәрізді біркелкілікті сақтайды: 
«Ашулансам – ызалана алмаймын, күлсем –қуана алмаймын» 
(II, 166); «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ» (II, 165); 
«Жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да 
қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, 
бұлар неден болса да ұялмайды екен» (II, 163); «Биік мансап – 
биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп 
ұшып қыран да шығады» (II, 193).
Синтаксистік  параллелизмдер  –  Абай  өлеңдерінің  ең 
көрнекті стильдік белгілерінің бірі. «Сегіз аяқ» сияқты әрбір 
шумағы  бірнешс  параллельден  тұратын  тұтас  шығармасын 
былай  қойғанда,  Абайдың  көптеген  өлеңінен  бұл  тәрізді 
қатарларды  жиі  кездестіреміз:  «Қадірлі  басым,  Қайратты 
жасым  Айғаймен  кетті,  амал  жоқ»  (I,  91);  «Бойы  бұлғаң» 
деп  басталатын  бір  ғана  шығармасында:  «Бойы  бұлғаң,  Сөзі 

312
жылмаң; Бас құрасып, мал сұрасып; Сөз қыдыртқан, Жұрт 
құтыртқан;  Ел  қағынды,  Мал  сабылды;  Түзде  мырзаң,  Үйде 
сырдаң;  Айтты  –  көндім,  алды  –  бердім»  тәрізді  тармақтар 
параллель  қатарлар  түзеді.  Ол  үшін  Абай  морфологиялық 
оформлениенің  біркелкілігін  де  (қыдыртқан  –  құтыртқан; 
бұлғаң – жылмаң), антонимдік қатарларды да (үйде – түзде) 
пайдаланады.  Бұлар  әрқайсысы  –  бір-бір  тармақ  болып  кел-
ген  параллельдер.  Ал  бір  тармақтың  өз  ішінде  параллель 
түзеп тұратын тіркестер аз емес: «Сыртқа пысық келеді, көзге 
сынық» (I, 39); «Кей құрбы бүгін тату, ертең бату» (I, 39).
Сөйтіп,  поэзиясының  синтаксисінде  өзі  қалап,  индив- 
идуалдық стильдік белгі ретінде қолданған параллелизм тәсі- 
лін Абай едәуір мөлшерде прозасының тілінде де пайдаланған.
Абай прозасында төл сөздің қолданылуы
Басқа біреудің сөзін келтіріп сөйлем құрау – синтаксистік 
көне  тәсілдердің  бірі.  Бірақ  оның  оформлениесінің  әр 
кезеңде әртүрлі болғанын көреміз. Төл сөздің осы күнгі қазақ 
әдеби  тіліндегі  берілу  нормасы  –  ауызекі  тілден  де,  ауыз 
әдебиеті тіліндегіден де, тіпті XX ғасырдың 15-20-жылдары-
на  дейінгі  жазу  үлгілеріндегіден  де  ерекшеленіп,  белгілі  бір 
тәртіпке  түскен.  Қазір  төл  сөз  бен  автор  сөзін  дәнекерлеуші 
элементтердің  (verba  disendi  –  сөйлеу  етістіктері  –  де,  айт, 
сөйле т.т.) де белгілі бір орында тұруы және белгілі бір тұлғада 
тұруы  соңғы  кездерде  қалыптасып  тұрақталған.  Ауызекі 
сөйлеу  нормасында  төл  сөз  автор  сөзінің  көбінесе  ортасын-
да келеді, яғни әуелі сол сөзді кімнің және неге байланысты 
айтқандығын  автор  өз  сөзімен  білдіреді  де  содан  кейін  төл 
сөзді келтіреді, одан соң тағы да айтты, деді, деп, дейді деген 
өз сөзін қайталайды. Ауызекі тілдің бұл тәртібі ауыз әдебиеті 
үлгілерінің қара сөз бөліктерінде бұлжытпай берілген: «Төлеген 
айтты:«Жазғытұры  барамын»,  –  деді»  («Қыз  Жібек»,  1957. 
37);  «Тарғын  айтты:  «Нахақтан  өзжұртымды  жылатуға 
шариғат қоспады», – деді» («Ер Тарғын», 1898); «Қамбар ой-
лайды:  «Мені  жарлы  деп  шақырмады,  мен  сол  қолға  барып, 
құлан, киік атып қайтайыншы», – дейді» («Қамбар», 1957. 12).

313
Төл сөздің бұл тәртіппен берілуінде қайталап келетін сөйлеу 
етістігінің бірі айт, сөйле, ойла сияқты етістік болса, екіншісі – 
де дәнекері. Олардың екеуі де ашық райда тұрады.
Осы күнгі дұрыс әдеби нормада да төл сөзді автор сөзімен 
байланыстыруда  сөйлеу  етістігінің  екеуі  де  қолданылғанда, 
де  дәнекері  көсемше  тұлғасында  (деп)  келіп,  екінші  сөйлеу 
етістігімен  қатар  орналасады  (деп  айтты,  деп  ойлады  т.т.) 
және  бұлар  көбінесе  төл  сөзден  кейін  тұрады:  «Абай  Асыл-
байдан:  –  Далада  не  хабар  бар?  –  деп  сұрады»  (М.  Әуезов, 
«Абай»). Немесе қазіргі норма бойынша де дәнекері ашық рай-
да қолданылады да сөйлеу етістігі айтылмайды
249
.
–  Асан  үйінде  екен,  –  деді  біреу  жүгіріп  кеп  (С.Мұқанов, 
«Ботакөз»). Осы конструкцияны мынадай түрде құрсақ: «Біреу 
жүгіріп келіп айтты:– Асан үйінде екен, – деді»бұл тәртіп 
ауызекі  сөйлеу  тілінің  немесе  ауыз  әдебиетінің  үлгісі  болып 
сезілер еді.
Ауызекі тілде айту, ойлау, сөйлеу тәрізді сөздерді төл сөзден 
бұрын констатациялау (Төлеген айтты:...) сөйлеушінің айтай-
ын дегенін айқынырақ жеткізу мақсатынан туған, яғни ол енді 
төл сөз келтіретіндігіне тыңдаушының назарын аударып ала-
ды. Ал төл сөзден кейін тағы да қайталап деді-ні келтіруі түркі 
тілдерінің  синтаксистік  нормасына  бағыну  болады.  Мұнда 
сөйлем баяндау етістігімен аяқталуы шарт.
Төл  сөзді  конструкцияның  екінші  түрі  –  деп  айтты,  деп 
ойлады,  деп  сұрады  тәрізді  екі  сөйлеу  етістігінің  бірі  (де) 
көсемше тұлғасына қойылып,  дәнекер ретінде айтылуы. Бірақ 
мұның өзін де екі түрлі етіп пайдалану тәртібі бар: бірі – екі 
етістікті  екі  жаққа  бөліп,  негізгісін  төл  сөзден  бұрын  беру, 
сөйтіп, жалпы конструкцияны деп-ке аяқтау. Бұл – жоғарыда 
талдаған  компоненттері  «төңкеріліп»  жүрген  сөйлемдер.  Бұл 
тәсіл  ауызекі  сөйлеу  тілінің,  одан  бері  бізге  дейінгі  жазба  
әдеби тілдің, оның ішінде Абай тілінің де нормасы болғанын 
ілгеріде айтып өттік. Екіншісі – екеуін қатар (деп сұрады, деп 
ойлады) сөйлем соңында қолдану. Бұл – қазіргі әдеби тіліміз- 
дің нормасы.
249
 Әрине, қазіргі төл сөзді берудің тәртібі осы екі-ақ түрлі емес екендігі белгілі. 
Осы күнгі әдеби норма ретінде қалыптасқан, оның ішінде орыс синтаксисінің әсерінен 
пайда болған немесе белгілі бір жанрға байланысты орныққан басқа да түрлі тәсілдерді 
бұл жерде сөз етудің қажеті жоқ.

314
Абай прозасында осы айтылған үш конструкцияның үшеуі 
де  бар.  Деп-ке  аяқталатын  түрлерін  көрсеттік.  Ал  екі  сөйлеу 
етістігінің екеуін де ашық райда төл сөздің екі жағынан келтіру 
тәсілін де Абай пайдаланған: «Аристодим айтты: – Ол менің 
қамымды жейтұғынын мен қайдан білем, – деді» (II, 183).; «Ол 
айтты: – Тахқиқ бұл айтқанының бәрі рас... – деді» (II, 183).
Біздің  назарымызды  аударатын  –  бұрыннан  қолданылып 
келе жатқан бұл тәсілдердің болуы емес, Абайда жаңа тәсілдің, 
қазіргі  нормамыздың  бастамасының  болуы.  Ол  –  екі  сөйлеу 
етістігінің біреуінің ғана ашық райда келуі. Мысалы, Сократ 
пен Аристодимнің диалогы (27-сөзінде) негізінен осы тәсідде 
құрылған:
 Ай, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған 
өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? – деді.
Ол айтты:
 Толып жатыр, хазірет.
 Бірінің атын аташы, – дейді (II, 181). 
Әрі қарай осылайша кете береді.
Бұдан да қызығырағы – Абайда төл сөздің ішіне автор сөзін 
қыстырып, екіге бөліп жіберу фактісі де бар, бірақ әзірге бұл 
С.Мұқанов  тіліндегідей  система  емес  және  төл  сөз  ортасына 
түсетін  автор  сөзі  Абайда  тек  деді  деген  бір-ақ  элементтен 
тұрады: – Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адам-
нан басқада ақыл жоқ деп ойлайсын? – деді. – Адамның денесі 
өзің  жүрген  жердің  бір  битімдей  құмына  ұқсас  емес  пе?... 
(II, 182).
Бұл  соңғы  тәсілдерді  Абай,  мүмкін,  нормаға  айналдырып 
жиірек  те  қолданған  болар  еді,  бірақ  оған  шығармаларының 
жанрлық  сипаты  мүмкіндік  бермеген:  Абайдағы  диалог-
ты  шығарма  бір-екеу-ақ:  (27,  17-сөздер).  Ал  қалғандарында 
мазмұнына қарай диалогтар мүлде жоқ және жалпы төл сөзді 
конструкциялар өте сараң кездеседі.
* * *
Абай  шығармалары  тілінің  грамматикалық  құрылысы  ту-
ралы  талдауымызды  қорытындыласақ,  мынадай  моменттерді 
атауға  болады.  Абай  пайдаланған  грамматикалық  тұлға-

315
тәсілдер  өз  кезеңіндегі  қазақтың  жалпыхалықтық  тіліндегі 
нормаларға  негізделген.  Оның  ішінде  ертеден  келе  жатқан 
кейбір  морфологиялық  тұлғаларды  Абай  активтендіріп  өз 
қаламына  тән,  стильдік  ерекшелігі  ретінде  қолданған.  Сол 
кездегі  кітаби  тілдік  кейбір  тұлғаларды  Абай  өлеңдерінде 
(бірді-екілі  діни  тақырыптысында  болмаса)  мүлде  пайдалан-
бай, прозалық шығармаларының да кейбіреулерінде арнаулы 
мақсатпен әдейі қолданған.
Сөйтіп,  бір  жағынан,  ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысындағы 
қазақ әдеби тіліне тән, оның ішінде проза жанрына тән, екінші 
жағынан, Абайдың өз стиліне тән кейбір грамматикалық тұлға-
тәсілдер  қазіргі  нормадан  біраз  ерекшеленіп,  өзгеше  келеді. 
Олардың басты-бастылары мыналар.
Морфология саласында:
1.  -мақ  жұрнақты  тұлға  Абайдың  поэзиясында  да,  проза-
сында да өте актив және өнімді. Оның қызметі де қазіргіден 
кең:  бұл  тұлға  қимыл  есімі,  абстракт  зат  есім,  етістіктің 
мақсатты  келер  шағы,  супин  категорияларын  білдіреді.  Бұл 
– қазақ тілінің өз тәсілі, Абайдан өзге үлгілерде де бар, бірақ 
Абайдағыдай өнімді емес.
2.  Келер  шақтық  есімшенің  барыс  жалғаулы  тұлғасы 
(барарға, жазарға) осы күнгі  жұрнақты тұйық етістіктің ба-
рыс жалғаулы түрінің орнына едәуір жиі қолданылған және ол 
Абайдың бүкіл тіліне тән. Бұл да – өзге түркі тілдік емес, қазақ 
тілінің ертеден келе жатқан өз тәсілі. Абайдан өзге нұсқаларда 
да бар, бірақ сиректеу.
3. Ортақ етіс тұлғасының көптік категорияны беру қызметі 
бар, бірақ бірте-бірте әлсіреп бара жатқан сипатта.
4. Ауыспалы шақтық болымсыз тұлғаның ыкшамдалған ва-
рианты (отырман, тұрман) жиі қолданылған. Бұл да – қазақ 
тілінің көне өз тәсілі. поэзия тіліне тән. Абайда активтенген.
5. Есімшенің -тын, сын есімнің -дай жұрнақтарының, мен, 
да шылауларының -тұғын, -дайын, менен, дағы тәрізді толық 
варианттары  параллель  қолданылған.  Бұлар  поэзия  шартына 
байланысты Абай өлеңдерінде кезек қолданылса, прозасында 
көбінесе толық түрлері пайдаланынған. Бұл құбылыс – Абай 
кезеңіндегі ауызекі сөйлеу тілінің де, сол тұстағы жаңа туған 
прозалық стильдердің де нормасы.

316
6. Септіктердің бірінің орнына бірі ауысып қолданылуы бар.
7. Кітаби тілдік -дүр, -мыш аффикстері, негізінен, Абайдың 
прозасының тілінде өте сирек ұшырасады. Стильдік мотивпен 
қолданылған.
Синтаксис саласында (прозалық шығармалары тілінде):
1. Күрделі ұзын-ұзақ конструкциялар бар. Олар: құрмалас 
сөйлемдер  мен  бірыңғай  жайылма  мүшелері  бар  сөйлемдер. 
Бұл – Абай тұсындағы қазақ прозасына тән тәсіл, бірақ Абайда 
бұлардың өзгелерден принципті айырмашылығы бар.
2.Синтаксистік  параллелизмдер  көзге  түседі.  Бұл  –  Абай  
прозасына оның поэзиясы тілінің тікелей еткен әсері. Синтак- 
систік параллелизмдер – Абайдың ең сипатты индивидуалдық 
белгілерінің бірі.
3. Сөйлем мүшелерінің, құрмалас сөйлем компоненттерінің 
орын  алмасып  келген  сәттері  бар.  Бұл  –  ауызекі  сөйлеу 
нормасының ықпалы. Абайда өте аз, өзге нұсқаларда едәуір.
4. Ауызекі сөйлеу стилінде құрылған сөйлемдер бар. Олар 
–  толымсыз  сөйлемдер  мен  дәнекер  шылаулары  түсіріліп 
берілген конструкциялар.
Төл сөзді конструкцияның берілуінде ертеден келе жатқан, 
сол кездегі әдеби тілге тән тәсілі де (сөйлемнің деп-ке аякта-
луы, айтты, деді, сөйледі, сұрады тәрізді сөйлеу етістіктерінің 
екі  реттен  қайталап  келуі),  жаңа  тәсілдері  де  (осы  күнгі 
нормативтік  тәсілдер)  бар.  Абай  мен  Ыбырай  –  бұл  салада 
алғашқы жол көрсетушілер.
Міне,  қазіргі  нормамен  салыстырғанда,  сай  келмейтін, 
«ерекшелік»  принципімен  алынған  грамматикалық  тұлға-
тәсілдердің Абай тіліндегі басты топтары  осылар.

317
СОңғы СӨЗ
Жазушының тілі бар да, мәнері
250 
немесе стилі бар. Мәнер 
(слог) немесе стиль – жазушының өзіне тән баяндау сипаты
251

ол – жазушы творчествосының мазмұнына лайық таңдап алған 
тәсілдері,  яғни  жазушы  мәнері  –  жазушының  тұтас  тұлғасы,  
өзі, өз басы. Жазушының тілі
252
 дегенге келсек, ол – қаламгер- 
дің жалпыға ортақ тіл қазынасынан алып, көпшілікше қолдан- 
ған,  көптеген  жазушыға  тән  сөздік  байлық  пен  грамматика- 
лық тұлға-тәсілдер, орысша айтқанда первоэлемент, яғни жа-
зушы тілінің сүйегі.
Біздің бұл кітапта қарағанымыз – Абайдың мәнері емес, тілі, 
дәлдеңкіреп  айтсақ,  біз  бұл  талдауларымызда  ұлы  ақынның  
поэзия тіліндегі көркемдеу шеберлігін, өзі сүйіп жиі қолданған, 
яғни  «абайлығы»  көрініп  тұрған  элемент-тәсілдерді  объект 
еткен  жоқпыз.  Тегі,  жеке  жазушының  тілін  талдауда  көбіне-
көп  мәнерін  объект  ету  жиі  кездеседі.  Ол  заңды  да.  Өйткені 
кез келген қаламгер тілін жоғарыдағы терминімізге сай «тіл» 
ретінде  қарастыруға  мүмкін  де  бола  бермейді.  Ал  Абайдың 
мұндай  правоға  «қолы  жетуінің»  себебі  бар.  Ең  әуелі,  Абай 
тілін  «тілдік»  тұрғыдан,  яғни  лексиқология  мен  грамматика 
схемасына  сай  түрде  талдау  –  қазіргі  жазба  әдеби  тіліміздің 
белгілі  бір  кезеңін  танып  білуге  көмектеседі.  Өйткені  Абай 
– сол кезеңнің бастаушысы. Абайдың правосы да – осы жер-
де.  Абай  тілінің  лексикалық,  грамматикалық  сипатын  таны-
майынша, Абай тұсындағы әдеби тіліміздің «лингвистикалық 
регистрациясын»  жасай  алмаймыз.  Және,  керісінше,  Абай 
тілінің «тілдік» жағын тану үшін Абайға дейінгі, әсіресе Абай 
тұсындағы әдеби тілді зерттеп тану – қазір аксиомаға айналған 
250
 Бұл терминді біз орыс лингвистикасында В.Г.Белинскийден бастап, Я.К.Грот, 
А.И.Ефимов  т.б.  дейін  қолданған  слог  писателя  дегеннің  баламасы  ретінде  алып 
отырмыз.  Өйткені  стиль  деген  сөздің  жалпы  тілге  қатысты  мағынасын  (мысалы, 
публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі т.т. дегендегі тәрізді) өзіне қалдырып, 
жазушының  өзіне  тән,  өзі  қалап,  таңдап  қолданған  тәсілдері,  сөз  саптау  мәнері 
деген мағынаны өзге сөзбен атау қажеттігі қазақ филологиясында да күшті сезіледі. 
Сондықтан  жазушының  стилі  дегеннен  гөрі  мәнері  деп  ажыратып  атағанды  жөн 
көреміз.
251
 Грот Я.К. Филологические разыскания. - СПб., 1899. - С. 74.
252
 Қазақ филологиясында, әдетте, жазушының тілі деген терминге екі ұғымды 
(тілі және мәнері) қосақтап сыйғызып жүрміз. Тіпті, көбінесе, пәлен жазушының тілі 
дегенде оның стилін, дәлірек айтсақ, ерекшеліктерін ұғынатын жайымыз бар.

318
принцип-тәсіл.  «Лингвистическое  изучение  литературных 
произведений  немыслимо  вне  контекста  языка  его  времени. 
Индивидуальные новообразования и своеобразие как морфо-
логического и синтаксического, так и лексико-фразеологиче-
ского  характера  будут  анализироваться,  осмысляться  с  точ-
ки  зрения  литературно языковой  нормы  данного  времени»
253

Сөйтіп, Абай тілін лексика-грамматикалық жағынан сипаттай 
отырып,  XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ  жазба  әдеби 
тілінің  күй-жайынан  біраз  мағлұмат  беруіміз  қажет,  неме-
се,  керісінше,  өткен  ғасырдың  соңғы  жарымындағы  әдеби 
тіліміздің тарихын баяндай қалсақ, Абай тәрізді алып қаламгер 
тілін қоса, оны бас объект етіп талдауға мәжбүр боламыз. Ал 
біз Абай тілін алдық та оны тілдік аспектіден талдай отырып, 
хал-хадарымызша қазіргі әдеби тіліміздің басталар тұсындағы 
лексика-грамматикалық  сипатын  көрсетугс  күш  салдық. 
Әрине,  Абай  тілі  мен  XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ 
әдеби тілі тепе-тең, бірін білдірсек, екіншісі өзінен-өзі таныла-
ды деген тұрпайы ұғымнан әсте аулақ болуды ескертпесек те 
болар. Сондықтан оқушы жұртшылық біздің бұл еңбегімізде 
қазақ тіл мәдениетінің жарты ғасырлық тарихы мен жай-күйі 
толық,  түгел,  жан-жақты  қамтылмапты,  айтылмапты,  көп 
мәселесі шешілмепті деп кінә қоймас дейміз.
Сірә, қазіргі жазба әдеби тіліміздің іргетасы қаланар тұсын- 
дағы лексикалық қабатын зерттегенде, ең  алдымен көрінетін 
басты  сипат  –  ол  қазақтың  жалпыхалықтық  тілінің  сөздік 
байлығы – қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізі екендігі. 
Яғни  сан  жағынан  да,  даму  тенденциясы  жағынан  да,  әдеби 
айналымға  түсуі  жағынан  да  қазақтың  жалпыхалықтық 
(ұлттық) төл (өз) сөздері бірінші, басты қабат болып танылады. 
Абай тілі де осыны дәлелдейді. Ал қазақтың төл сөздерін Абай 
қалайша шебер пайдаланып, көркемдеу элементіне айналдыр-
ды деген мәселе – өз алдына бөлек әңгіме.
Абай мен оның тұсындағы қазақ әдеби тілі лексикасының 
өзге  қабаттарынан  (генетикалық  жағынан)  араб-парсы 
сөздерімен орыс сөздері назар аударады. Әдетте бізде «Араб-
парсы тілдерінен қазақ тіліне сөз ауысу Октябрь революция-
сына дейін-ақ тоқталған болатын» деген тұжырым орын алып 
253
 Виноградов В. В. О задачах истории русского литературного языка, преимуще-
ственно XVII–XIX вв. // Известия АН СССР. - ОЛЯ. - 1946. - Т. V. - Вып. 3. - С. 231.

319
келеді
254
. Сонымен қатар «XVIII-XIX ғасырларда реакциялық 
бағыттағы  панисламизм  қозғалысымен  байланысты  қазақ  ті- 
ліне  араб-иран  тілдерінен  сөз  ауысу  процесі  күшейе  баста- 
ды»
255
,–  дегенді және оқимыз. Сонда шығыс тілдерінен қазақ 
тіліне сөз ену процесі қай кезде тоқғалғаны: XX ғасырдың ба- 
сында  ғана  ма?  Ал  Абай  тұсы  мен  Абайдың  өзінде  ше?  Біз- 
дің  талдауларымызша,  Абай  бағытын  сілтеген  жаңа  жазба 
әдеби  тілде  араб-парсы  сөздерінің  едәуір  сезінерліктей 
қабаты  болған.  Рас,  Абай  араб-парсы  тілдерін  қазақ  сөздігін 
толықтырудың бірден-бір негізгі көзі деп таппаған. Сондықтан 
да кейбір абстрактік ұғым атауларын беруде Абай дайын араб-
ша  терминдерді  қолданбай,  қазақ  тілінің  өз  мүмкіншілігін 
пайдаланған. Бұл ретте әсіресе -лық, -шылық жұрнақтарын 
активтендіру (мысалы, үлкендік, беріктік, барлық – «бар екен- 
дік»,  бірлік  –  «біреу  екендік»,  жылылық,  танымақтық  т.т.), 
қарапайым  сөзді  терминдік  атау  дәрежесіне көтеру  (мақтан, 
құмарлық, жалығу т.т.) әрекеті айрықша сезіледі. Ал арабша 
философиялық, теологиялық терминдер болса (мағрифат, ис-
бат, икрар, мұлахаза, сидық т.т.) оларды тек белгілі бір жанрға 
сай,  кітаби  тілдік  үлгіде  жазған  бірді-екілі  шығармаларында 
ғана  пайдаланады.  Дегенмен  Абай  шығыс  сөздерін  пайдала-
нудан  үзілді-кесілді  бас  тартпай,  ол  тілдерге  үлкен  тактімен 
қараған.
Араб-парсы тілдері Абай үшін, панисламистерше, бірден-бір 
жеке-дара  сүйеніш-құрал  да  емес,  сонымен  қатар  христи-
ан  діні  миссионерлерінше,  үркіп,  тулар  құбыжық  та  емес. 
Әлденеше ғасырлық мол мәдениеті бар шығыс елдерінің қазақ 
тіліне,  қазақ  мәдениетіне  тигізген  ықпал-әсерін  Абай  мүлде 
жат  көрмейді.  Сондықтан  шығармаларының  тілінде  бірқатар 
араб-парсы  элементтерін  активтендіріп,  олардың  қолданылу 
жиілігін  күшейтеді.  Бұрыннан  халық  тіліне  сіңген  бірқатар 
араб-парсы  сөздерінің  мағынасын  кеңейту  немесе  тарыл-
ту,  поэтикалық  элементке  айналдыру  тенденциясы  Абайда 
айтарлықтай  сезіледі.  Мысалы,  өнер,  қызмет,  ғылым,  харе-
кет, сипат тәрізді шығыс сөздеріне Абай полисемантикалық 
мән  берсе,  керісінше,  насихат,  хат,  кедей  тәрізді  сөздерді 
254
 Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. - Алматы, 1962. 
- 99-б.
255
 Сонда.  98-99-б.

320
бір  мағынада  қалыптастыруға  бет  алған.  Сондай-ақ    Абай 
тұсындағы  кітаби  тілде,  тіпті  эпос-жырларда  тура  мағына- 
сында қолданылатын перзент, перизат, дүлдүл тәрізді шығыс 
сөздерінің поэтикалық лексемаларға айналуына жол сілтеген 
–  Абай  тәрізді.  Бұл  сөздер  осы  күнгі  әдеби  тілімізде  де  қол- 
данылады,  бірақ  олардың  стильдік  паспорты  айқындалған, 
яғни бір алуан шығыс сөздері қазірде, көбінесе, поэзия тілінде 
ауыспалы мағынада немесе белгілі бір мағыналық оттенокпен 
қолданылатын элементтер.
Абайдың  араб-парсы  сөздерін  пайдалануында  кітаби  тіл 
дәстүрінің ықпал-әсері де жоқ емес. Мысалы, бірқыдыру жиі 
қолданылып, өлең текстеріне де енген хикмет, ғибрат, сұхбат, 
ғылым,  баһра,  тағлым,  һәмише  тәрізді  сөздерді  Абай  кітаби 
тілдік  әдебиеттен  алуы  ықтимал  немесе  38,  13-сөздерінде 
халық тіліне енбеген араб сөздерін, кейде тіпті тұтас фразалар 
мен сөйлемдерін молынан келтіруі де кітаби тіл нормасына сай 
келеді. Бірақ, әрине, Абайдағы араб-парсы сөздерінің күллісі 
тек кітаби тілдің әсерімен қолданылған деуге мүлде болмай-
ды.  Тегі,  Абай  тұсында  және  Абайдың  өзінде  араб-парсы 
сөздік қабаты қазақ әдеби тілі үшін әлі де едәуір динамикалық 
күйдегі  актив  сөздердің  бірі  болғанын  баса  айтамыз.  Бұған 
ортаазиялық  түркі  халықтарындағы  бірнеше  ғасырлық  жазба 
әдебиет  дәстүрі  де,  қазақ  жерінде  Абай  тұсында  жанданған 
«кітаби  тіл»  аталған  жазба  әдебиет  тілі  де,  жеке  қалам 
қайраткерлерінің  араб-парсы  тілдерінен  хабары  болулары  да 
себеп болса керек. Сондықтан да бұл кезде кейбір араб-парсы 
элементтері жалпыхалықтық сөйлеу тіліне енбегенмен, жазба 
әдебиеттің әр жанрында қолданылып отырған.
Абайда  орыс  сөздері  сан  жағынан  араб-парсы  қабатынан 
әлдеқайда  кем,  бірақ  әрі  қарайғы  орын  тебу  тенденциясы 
жағынан  басым.  Ол  тенденцияға  себепкер,  ең  алдымен, 
қазақ  қоғамының  әлеуметтік-экономикалық  тағдыры  болса, 
екіншіден, қазақ жазба әдеби тілінің демократтық сипатта да-
муы деп табамыз. Соған орай Абай мен Ыбырай орыс тілінен 
сөз  алу  процесінде  жалпыхалықтық  тіл  практикасынан  өзге 
тәсілді де пайдаланған. Ол – орыс тілі элементтерін әдеби тілге 
тек ауызекі сөйлеу нормасы арқылы ғана емес, тікелей орыс 
әдеби нұсқалары арқылы алу тәсілі. Мұнда аударма ісі де, жеке 
қаламгердің орыс тілін меңгеруі де ерекше рөл атқарады. Бұл 

321
кезеңдегі жалпыхалықтық тілге ауысқан русизмдер мен жаңа 
жазба әдеби тілдегі русизмдердің арасында тағы бір ерекшелік 
бар. Ауызекі сөйлеу тәжірибесі арқылы қазақ тіліне алғашқы 
енген орыс сөздері – түгелімен дерлік нақтылы зат атаулары 
және басым көпшілігі орыстың өз сөздері болса, жазба әдеби 
тілде, әсіресе Абайда партия, визит, такт, трагедия, элемент 
тәрізді  абстракт  есімдер  де  ене  бастаған.  Оның  үстіне  жазба 
әдеби  тілде  орыс  тілі  арқылы  интернационалдық  сөздер  де 
кіре бастағанын көреміз. Әрине, Абай тұсында және Абайдың 
өзінде осы күнгідей соншама мол ғылыми интернационалдық 
терминдер әлі жоқ, тіпті өткен ғасырдың екінші ширегінен ба-
стап орыс әдеби тілінде саяси-публицистикалық стиль күшті 
дамығандықтан
256
демократия, прогресс, гуманизм, патриот 
тәрізді  сөздер  әбден  орын  теуіп,  актив  қорға  енген  болатын. 
Бірақ  өткен  ғасырдың  тіпті  соңғы  ширегіндегі  қазақ  жазба 
әдеби тіліне бұл тәрізді халықаралық ғылыми термин дер ен-
беген.
Орыс  қоғамының  60-жылдардағы  демократ  революцио- 
нерлері – Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбовтар-
ды олардың өз шығармаларынан оқып таныған Абай, сөз жоқ, 
бұлардың  тіліндегі  бір  алуан  абстрактік  ұғымдағы  ғылыми 
терминдерді біле тұрса да, өз тіліне, оның ішінде сол прогресс, 
демократия,  гуманизм  тәрізді  категорияларды  әңгімелейтін 
«Қара сөздеріне» енгізбеген. Бұл – жалғыз Абай емес, қазіргі 
қазақ жазба әдеби тілінің басталар тұсына тән құбылыс. Өйткені 
бұл  кезде  қазақ  әдеби  тілінде  ғылыми-публицистикалық 
стильдің  өзі  жеке  бөлініп,  дамымаған,  сондықтан  коғамдық-
саяси,  философиялық-ғылыми,  эстетикалық-әдеби  сөздікте 
не  қазақ  тілінің  өз  ресурстарымен,  не  өзге  тілдік,  әсіресе 
халықаралық  фонд  элементтерімен  толығуға  әлі  кіріспеген 
кез.  Егер  Абай  ғылыми-публицистикалық  стильдің  тұңғыш 
үлгілерін берсе, ол, әрине, бұл стильдің қазіргідей сипатында 
емес.  Сөз  жоқ,  Абайда  абстракт  ұғым  атауларын  беру,  яғни 
кейбір  ғылыми-публицистикалық  стиль  элементтерін  жасау 
тенденциясы айқын сезіледі. Бұл процесте оның негізгі таңдаған 
тәсілі – тілде бар сөздерден жұрнақ арқылы жаңадан сөз жа-
сау  мен  кейбір  сөздерге  жаңа  мағына  үстеу.  Сондықтан  өзі 
түсінетін не орысша, не араб-парсыша, не интернационалдық 
256
 Бельчиков Ю.А. Общественно-политическая лексика Белинского. - М., 1962.  - С. 4.

322
ғылыми  терминдерді  (38-сөзден  басқасында)  көп  енгізбеуді 
көздеген.
Дегенмен  бұл  ретте  орыс  тілі  арқылы  интернационалдық 
сөздерді  ішінара  қабылдау  принципінің  алғашкы  нышанда-
ры  Абайдан  басталады  деп  әбден  көрсетуге  болады.  Мыса-
лы,  такт,  трагедия,  элемент,  визит,  химия,  номер  тәрізді 
атаулармен  қатар,  сол  кездегі  жалпы  әдеби  тілде  де  орын 
ала  басғаған  партия,  кандидат,  адвокат,  майор,  губерна-
тор,  генерал,  доктор,  фабрик,  электр,  машина,  миллион, 
солдатсияқты  халықаралық  қор  элементтерін  Абай  батыл 
қолданған.  Халықаралық  сөздердің  ішінде  ең  алдымен  қазақ 
тіліне енгендері нақтылы зат (адам, құбылыс, нәрсе т.б.) атау-
лары (майор, губернатор, фабрика, машина т.б.) болса, Абай-
да элемент, такт, трагедия тәрізді абстракт ұғым атаулары да 
сынамаланып ене бастағаны байқалады.
XIX ғасырдағы қазақтың әдеби тіліне, оның ішінде Абай, 
Ыбырай  тілдеріне  орыс  сөздерін  батыл  енгізуге  себепкер 
болған факторлардың бірі – өмірдің әр алуан саласына қатысты 
ұғым  атауларын  шатастырмай  дәл  білдіру  принципі  болған. 
Мысалы, Абай закон, адвокат, доктор, образование, назначе-
ние, дознание, посредник, штык, картечь, начальник, проше-
ние, интернат, монастырь, ладан сөздерін қолданғанда, бұлар 
арқылы білінетін зат, құбылыстарды осыларға ұқсас өзге зат, 
құбылыстармен  шатастырмауды  көздейді:  закон  –  тек  орыс 
империясының  правосын  білдіреді,  қалған  өзге  екі  праводан 
(қазақтың  әдет-ғұрып  заңы  мен  шариғаттан)  бөліп,  дәл  атау 
үшін Абайға қайткенде де осы русизмді алу қажеттігі сезіледі. 
Сондай-ақ интернат – медресе емес, мұсылманның мектебі де 
емес. Қазіргі әдеби нормаға енбеген образование, дознание, на-
значение сөздері де Абайға дәлдік үшін керек болған.
Қазақ  жазба  әдеби  тілінің  орыс  сөздерін  және  орыс  тілі 
арқылы  халықаралық  сөздерді  қабылдауы  Абайға  дейін-ақ 
халықтың  ауызекі  сөйлеу  тәжірибесіндеде,  әдеби  тілінде  де 
орын  алған  бағыт  болса,  Абай  оны  қостап,  берік  принципке 
айналдырған да оның мотивтері мен каналдарын кеңейткен.
Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық 
өміріне орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтар- 
ды  Абай  тілі  айқын  көрсетеді.  Кейбір  атаулар  ескіріп,  актив 
қордан шыға бастаса, Абай да оларды енді тура мағынасынан 

323
гөрі, ауыспалы мағынада жиірек жұмсайды. Бұл ретте кейбір 
әлеуметтік  ұғым  атауларының  мағынасы  айқындалып,  нақ- 
тылы  бір  ұғымды  білдіруде  тұрақталуы,  яғни  ішінара  тер-
минделу  процесі  Абайда  айрықша  сезіледі.  Мысалы,  жарлы 
мен  кедей  сөздерінің  Абай  біріншісін  сын  есімдік  қызметте 
жиірек  қолданады  да  сол  кездегі  әлеуметтік  топ  (тап)  ата-
уына  кедей  сөзін  әлдеқайда  жиі  телиді.  Сондай-ақ  байғұс 
сөзінің ертеректегі «қоңсы»мағынасы (Бай «байғұсым» десін 
деп) Абайда (және сол тұстағы жалпы әдеби тілде) әлдеқайда 
солғындап,  бұл  сөз  көбінесе  «бейшара,  мүсәпір»  мағынасын 
беретін сын есім ретінде нормалана бастаған. Жалдама еңбекке 
қатысты  жаңа  атаулардың,  ел  билеудің  жаңа  системасына  
байланысты  сан  алуан  сөздердің  мағыналары  айқындалып, 
нормалануы  қазақ  көркем  әдебиетінің,  оның  ішінде  Абай 
қаламының үлесіне тиеді.
Бұған  біз  жоғарыда  тематикалық  серияларға  бөліп  талда- 
ған біраз сөздер мысал болады.
Сонымен қатар көптеген сөздің өткен ғасырдағы, Абайдағы 
мағынасы  қазіргі  нормадағыдан  өзгешелеу  болып  келгенін 
және көреміз. Мысалы, саудагер сөзінің осы күнгі мағынасы 
саудамен  пайда  табушы  жағымсыз  топтың  атауын  білдірсе  
(спекулянт),  Абай  тұсында  ол  ең  алдымен  саудамен  шұғыл- 
данушы адам (торговец) және бұл кәсіптің өзі сол кездегі қазақ 
қоғамы  үшін  жағымсыз  да  емес,  керісінше,  «сауда  қылмақ» 
қазақ  баласына  керекті  «харекет»  (терминдер  Абайдікі).  Де-
генмен бұл сөздің осы күнгідей пайдақор, еңбек жеуші отте-
ногы да Абай тұсында, Абайдың өзінде пайда бола бастаған.
Бір  ұғымды  синонимдік  дублеттер  арқылы  жарыстыра 
білдіру  –  жазба  әдеби  тілдің  алғашқы  сатыларына  тән  белгі. 
Лексикалық  нормализация  –  едәуір  ұзақ  тәжірибенің  жемісі. 
Сондықтан  да  Абайда  осы  күнгі  «кәсіп»  мағынасы  кәсіп, 
өнер, харекет сөздері, «еңбек» мағынасы еңбек, қызмет, бей-
нет  сөздері  арқылы  берілген.  Керісінше,  бір  сөздің  бірнеше 
мағынаны  білдіруі,  бірақ  солардың  ішінде  бір  мағынасының 
активтене, тұрақтала түсуі де – әдеби тіліміздің өткен ғасырдың 
екінші  жартысындағы басты сипаттарының бірі. Бұл әсіресе 
Абайда күшті сезіледі. Мысалы, қызмет сөзі бұрынғы біреуге 
кішілікпен  «құлдық  ұрып»  қызмет  ету  тәрізді  мағынасымен 
қатар,  енді  үкімет  мекемесінде  жұмыс  істеу  және  әскери 

324
жұмыста болу деген қосымша мағынаны және білдірді. Ғылым 
сөзі  Абайда  осы  күнгідей  тек  «наука»  емес,  «білім,  оқу» 
ұғымын  да  береді.  Өнер  сөзі  де  бірнеше  ұғымда  жұмсалған: 
орысша  «искусство»,  «профессия»,  «занятия»,  «поступки» 
деген  мағыналарды  білдірген.  Арыз  –  бұрынғыдай  тек  ауыз-
ша шағыммен білдірілген тілек емес, үкімет, сот органдарына 
жазбаша түрде берілетін шағым, документ.
Бірсыпыра  қарапайым  сөздердің  белгілі  бір  бағалау  реңкі 
бар атауларға айналуы да әрі бір сөзді көп мағыналы етуге әрі 
синонимия қатарын көбейтуге жәрдемдесксн. Мысалы, пысық, 
қу, тентек, ұры сөздері белгілі бір әлеуметтік топты атайтын 
сөздер ретінде Абайда өте жиі қолданылған (тентек – 17 рет, 
ұры – 21 рет, пысық – 20 рет, қу – 37 рет).
Жеке  сөздердің  мағыналары  тарылып,  бір  ұғымда  тұрақ- 
талуы  немесе  мағынасы  кеңейіп,  полисемиялық  сипат  алуы, 
я болмаса терминдік мәнге ие бола бастауы тәрізді процесте 
сөздің жиі қолданылуы да белгілі бір рөл атқарады. Бұл тәрізді 
лексикалық нормалануда Абайдың қызметі зор болғанын мы-
надан  көреміз.  Мысалы,  Абай  өз  творчествосының  идеялық 
мазмұнына,  қозғаған  тақырыптарына  орай  кейбір  сөздерді 
мейлінше жиі актив қолданған. Айталық, оқу сөзі Абайда 50 
реттен  астам  кездеседі,  бұл  сөздің  мұндай  жиілігін  Абайдан 
бұрынғы  не  соңғы  ешбір  қаламгерден  таба  алмаймыз.  Сол 
сияқты ой (жүзден астам), ғылым (жүзден астам), еңбек (елу-
ге  тарта)  сөздері  де  өте  жиі  кездеседі.  Ар-ұят,  адамгершілік 
тақырыбы  творчествосының  лейтмотиві  болған  Абай  осы 
ұғымдарды  білдіретін  сөздерді  ғылыми  терминдік  мәнге 
көтеріп, әрқайсысын әлденеше реттен қолданады: ар (қырықтан 
астам),  адамдық,  адамшылық  (екі  вариантын  қосқанда, 
қырыққа жуық), ұят (қырыққа жуық). Бұлар – өзі армандаған, 
өзі  шақырған  ізгі  қылық  пен  жақсы  істердің  (ұғымдардың) 
атаулары болса, бұларға қарама-қарсы ұғымдар да осыншама 
дәрежеде сөз болып, оларға қатысты атаулар да Абай тілінде 
актив  қордан  орын  алған.  Мысалы,  жоғарыда  көрсетілген 
ұры,  пысық,  тентек,  қу  сөздерінен  басқа,  ұрлық  сөзін  ақын 
жиырма шақты рет, құлық сөзін отыздан артық рет келтіреді. 
Бір ғана сату етістігі қулық сату, сақалын сату, арын сату, 
күлкі сату т.т. фразалық тіркестерді жасауға қатынасып, алпыс 
шақты  рет  қолданылған;  заманындағы  қанаушы,  зорлықшы, 

325
масыл (пысықтар) топтардың істеген харекеттері өсек, өтірік, 
надандық,  мақтан  қуу  болса,  бұл  сөздердің  Абайда  өте  жиі 
қолданылуы – таңырқарлық жайт емес. Мысалы, бұрын жеке 
көп қолданыла бермейтін мақтан сөзін Абай бірде фразалық 
тіркес  жасауға  қатыстырып  (мақтан  қуу,  мақтан  күйлеу), 
бірде қарапайым сөз ретінде, бірде тіпті ғылыми ұғым атауы 
ретінде (

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет