барған жеке ақындар шығармалары. Бұлар идеология-
сы жағынан әр алуан. Халықтық демократиялық мүдделерді
жырлаған және заман қайшылықтарын сынап, халыққа бүй-
регі бұрған мотивтері күшті Шөже, Сүйінбай, Күдері, Біржан,
Жаяу Мұса, Ақан, Майлықожа, Нұрым, Арыстан, Орын-
бай, Кемпірбай т.т. тәрізді ақындар мен феодалдық-реакция-
шыл идеологияны қостаған Шортанбай, Дулат, Мұрат, Ны-
санбай, Досқожа, Базар, Әубәкір, Кердері т.б. сияқты ақын-
жыраулар.
3. Қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз орындары: «Түркі-
стан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Торғай
газеті», «Ауыл шаруашылық листогі» т.б.
11
Виноградов В.В. О задачах истории русского литературного языка, преимуще-
ственно XVII-XIX вв. // Известия АН СССР. - ОЛЯ. - 1946. - Т. V. - Вып. 4. - С. 231.
18
4. Қазақ ішінде жазылған кейбір ресми кеңсе қағаздары:
патша үкіметінің әкімшілік орындары мен жергілікті әкімдер-
дің бұйрық-жарлықтары, арыздар, инструкциялар т.б.
5. шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін
аудармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша
жырлаған туындылар. «Шахнаме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-
Зылиха», «Фархад-Шырын», «Ескендір», «Мұңлық-Зарлық»,
«Сейфілмәлік», «Бозжігіт», «Шахмаран», «Шәкір – Шәкірат»
т.б.
6. Ислам дінін уағыздап, оның пайғамбарлары мен
әулиелерін дәріптейтін таза діни тақырыптағы шығар-
малар – қиссалар: «Салсал», «Зарқұм», «Жұм-Жұма», «Кер-
баланың шөлінде» т.б.
7. Ислам діні канондарының қазақша аудармалары:
«Исламның бес фарызы», «Қырық қадис».
8. Христиан дінінің канондарын қазақша түсіндіріп
уағыздайтын кітапшалар. «Ақыл беретұғын кінеге» (1891),
«Езги Иосиф» (1892), «Евангелие» (1891), «Құдайдың... үшін
көп азап тартқан Евстафий Плакиданың... өмірі» (1886) т.т.
9. Азаматтық тақырыптарға, яғни медицина, ветерина-
рия т.б. қатысты жазылған кітапшалар: «Трахома деген жа-
ман көз ауру», «Жамандату, қойдұрғы турасында», «Қышыма
турасында», «Егіншінің қызмет аты жайында» т.т.
10. Қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздіктер:
Русско- киргизский и киргизско-русский словарь. Сост. Иш-
Мухамед Букин (1883), Киргизско-русский словарь (1897),
Краткий русско-киргизский словарь (1893), Спутник русского
человека в СреднейАзии, заключающий в себе словари (1878),
Материалы к изучению киргизского наречия Н.Ильминского.
Словарь (1861) т.б.
11. Қазақ тілі грамматикасын талдаған, бірақ орыс
тілінде жазылған еңбектер, оқулықтар, олардың ішіндегі
қазақша мысалдар, текстер: Н.И.Ильминский Матери-
алы к изучению киргизского (казахского) наречия (1861),
А.Е.Алекторов К мудрости ступенька. Азбуки для учеников
начальных русско-киргизских школ (1891), И.А.Алтынсарин
Начальное руководство к обучению киргиз русскому языку
19
(1871), М.Бекчурин Начальное руководство к изучению араб-
ского, персидского и татарского языков с наречием бухарцев,
башкир, киргизов и жителей Туркестана (1869), Н.Лаптев
Грамматика киргиз-кайсацкого языка (1898), Н.Лаптев Мате-
риалы по казак-киргизскому языку (1900), П.М.Мелиоранский
Краткая грамматика казак-киргизского языка. І и II части (1894,
1897), Н.Н.Пантусов Материалы по изучению киргиз-казах-
ского наречия (1899-1904), Первоначальный учебник русского
языка для киргизов (1893), М.Терентьев Грамматика турецкая,
персидская, киргизская и узбекская (1875) т.б.
12. ыбырай Алтынсариннің көркем шығармалары.
Бұл әдебиеттер мазмұны мен мақсаты жағынан әр алуан
болды: бірқатары қазақтың көркем әдебиет үлгілеріне жат-
са (ауыз әдебиеті нұсқалары, жеке ақындар өлеңдері, шығыс
әдебиеті аудармалары, Ыбырайдың көркем шығармалары
т.б.), бірсыпырасы оқу-ағарту мақсатымен пайда болды. Бір
топ әдебиет публицистикалық жанрдың үлгісіне жатса (га-
зеттер, көпшілікке арналған кітапшалар), енді бір тобы дінді
уағыздауға (ислам дінін де, христиан дінін де) арналды.
Бұлардың ішінде сөздіктер – бір алуан дүние.
Мазмұны мен мақсаты жағынан сан түрлі топқа бөлінген-
мен, бұл көрсетілген әдебиеттер тілі жағынан екі үлкен топқа
жинақталады:
Бірінші топқа қазақтың жалпыхалықтық тілін негіз еткен
үлгілер кіреді. Бұған Абай, Ыбырайдан бастап, тарихи қазақ
әдебиеті өкілдері – ақын-жыраулар (кертартпа идеологияны
жақтаушылары да, жаңашыл-демократтары да) мұралары,
ауыз әдебиеті нұсқалары, шығыс классик әдебиетінің қазақша
жырланған үлгілері, баспасөз тілі, әр алуан грамматикалар,
қазақ-орыс школдарына арналған оқулықтар, сөздіктердегі
қазақша материалдар, медицина, ветеринария тақырыптарына
жазылған көпшілікқолды кітапшалар және христиан дінін
уағыздайтын миссионерлік әдебиет жатады. Бұл топқа енген
үлгілер, әрине, тазалығы мен көркемдігі жағынан біркелкі емес,
бірқатары таза халық тілі негізінде болса, тұңғыш баспасөз бен
шығыс әдебиетінен аударылған поэмалар тілінде және кейбір
жеке ақындар тілінде кітаби тіл элементтері де болды.
20
Екінші топқа түркі халықтарының көпшілігінде бірнеше
ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан ортаазиялық түркі әдеби
тілі немесе шағатай тілі (қазақ филологиясында «кітаби тіл»)
атанған тіл нормаларын негіз еткен, дәлірек айтсақ, негіз ету-
ге тырысқан үлгілер кіреді. Бұларға мұсылман (ислам) дінін
уағыздайтын қиссалар, ислам діні тәртібін үйрететін аударма-
лар және қазақша жазылған ресми кеңсе қағаздары жатады.
Бұл әдебиеттердің халыққа тарату жолы екі түрлі болды.
Басым көпшілігі әңгіме етіп отырған дәуірде кітап, газет
шығару ісінің едәуір жанданғанына байланысты жазба түрде
таралды. Көпшілігі араб графикасымен басылды. Соны-
мен қатар орыс графикасы да қолданылды. Ы.Алтынсарин
«Хрестоматиясының» 1879 жылғысы, Васильев, Алекторов
құрастырған оқулық-хрестоматиялар, Радлов, Ильминскийдің
кітаптары, христиан діні миссионерлерінің кітапшалары орыс
әрпін пайдаланды.
Көркем әдебиет үлгілерінен жазба түрде көбірек таралғаны
ауыз әдебиеті үлгілері болды. Өткен ғасырдың I жартысынан
бастап-ақ жиналып, жазылып алына бастаған фольклорлық
мұраның көпшілігі XIX ғасырдың II жартысында жариялана
бастады. Олар екі түрде: бірінші – жеке-жеке кітапша болып
араб әрпімен шықты: «Ер Тарғын» (1862, 1876, 1879, 1881,
1898)
12
, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (1878, 1879, 1890, 1894,
1896), «Қисса Қамбар» (1888, 1896), «Қисса Қыз Жібек» (1894,
1896, 1899, 1900), «Қисса Айман-Шолпан» (1896, 1901), «Қисса
Алпамыс» (1899, 1901), «Пословицы, записанные со слов кир-
гиз Тургайской области» (1892) т.б. Екінші – орыс ғалымдары
мен ағартушылары, қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин)
құрастырған хрестоматияларда, үлгілерде және басқа кітаптарда
(жинақтарда) жарияланды. Радлов В.В. «Образцы народной ли-
тературы. Т. III (Киргизское наречие). 1870; Березин И. Турец-
кая хрестоматия Т. III. 1876. Васильев А.В. Образцы киргизской
народной словесности. Вып. I. Киргизские сказки, 1898. Лютш
Я. Киргизская хрестоматия. 1883 т.б.).
12
Әңгіме өткен ғасырдың II жартысындағы кітаптар болғандықтан, бұл
жырлардың 1900 жылдан кейінгі басылғандарын көрсетпедік.
21
Көркем әдебиеттің жеке ақындар творчествосына қатыс-
тылары да екі түрлі жарияланды. Бірен-сараны ғана жеке кітап
болып ұсынылды: Дулаттың «Өсиетнамасы» (1880). Әубәкір
Кердерінің «Әдебиет қазақиясы» (1905), Шортанбайдың
«Қисса-и-Шортанбайы» (1890), Мұраттың «Үш қияны», «Бала-
зары» т.б. Ал қалғандарының шығармалары қолжазба күйін-
де және ауызша жаттап алып айтып беру түрінде тарады.
Ілгергі кезеңдерде Бұқар, Шал, Тәтіқара, Үмбетей, Жанкісі,
Ақтамберді, Махамбет, Досқожа, Нысанбай, Жанұзақ, Шерни-
яздардан бастап, біз сөз етіп отырған кезеңде жасаған Жанақ,
Орынбай, Шөже, Арыстан, Кемпірбай, Сүйінбай және... Абай
өлеңдері өз тұстарында баспа беттерін түгел көрген жоқ (тіпті
қазірдің өзінде де бұлардың күллі творчествосы қағаз бетіне
түсіп болды дей аламыз ба?).
Ауыз әдебиеті мұраларының да басымы ауызша түрде та-
рады.
Әсіресе, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, тұрмыс-
салт өлеңдері бұрыннан да ауызша сақталып келді. Және
сөз етіп отырған дәуірде де негізінен ауызша таралды. Олар
түгіл үлкен-үлкен эпостық полотнолардың да әр алуан ва-
рианттары түгел баспа бетін көрмей, ауыздан ауызға жаттай
отырып жеткізілді. Әдебиеттің ауызша сақталып, ауызша
таратылуының олардың тіліне ететін әсері мен салдары елеулі
болды.
Сондай-ақ әдебиеттің жазба түрлерінің де дамуы тілге
ықпалын тигізді.
Міне, Абайды қоршаған әдебиет түрлері мен олардың
тілдерінің жалпы сипаты осындай еді. Абайдың бұларға
қарым-қатысы мен көзқарасы, әрине, біркелкі болған жоқ.
Бірқатары, мысалы, жалпыхалықтық тілде жырланған бай
ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі ұлы жазушының нәр алған
бұлағы болса, сол жалпыхалықтық тілде жырларын кейбір
жеке ақындар тіліне Абайдың сынай қарағаны байқалады. Ал
кітаби тіл үлгілеріне деген көзқарасы мен талғамы өз алдына
бір бөлек (Бұлар жайында келесі тақырыптарда ашып айты-
лады).
22
Абай және қазақ әдеби тілі
Абайдың қазақ әдеби тілі даму тарихындағы алатын орны
туралы қазіргі қоғамдық ой-пікірімізде негізгі бір тұжырымы
бар, ол: «Абай – қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын
қалаушы» деген қағида. Тұжырым біреу болғанмен, оған жа-
нама көптеген мәселеге қатысты көзқарастар мен пікірлер
әрқилы. Солардың бірқатарын атап көрсетіп, күн тәртібіне
ұсынамыз, енді бірсыпырасы жөнінде өз топшылауларымыз
бен тұжырымдарымызды білдіреміз.
Ең алдымен, «әдеби тіл» және «жазба әдеби тіл» туралы
ұғым- түсініктеріміз анық, айқын және бірдей емес. Бірқатар
зерттеушілеріміз «Абай – қазақ жазба әдебиетінің атасы» дей
отырып, оған дейін қазақтың әдеби тілі болған жоқ деген кон-
цепцияны ұсынады. Тіпті «Абайға дейінгі қазақ ақындарының
ішінде ең шоқтықтары биік Бұқар, Шортанбай, Дулаттардың
тілі әдеби емес» деген тұжырымдар бар: «В языке Шортанбая,
Бухар жырау и других мы видим, во-первых, некоторый от-
тенок жаргонной речи, во-вторых, необработанность. На этом
основании мы не можом считать их произведения образца-
ми подлинно литературного языка»
13
. Керісінше, М. Әуезов,
С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев т.б. сияқты
ғалымдар Абайға дейінгі тарихта әзірге аты белгілі ақын-
жыраулардың қазақ әдеби тіліндегі орнын жоғары бағалайды.
Демек, қазақтың тілін әдеби дәрежеге көтеріп, әрі қарай дамы-
туда олар, идеологияларының қайшылықтарына қарамастан,
әрқайсысы белгілі рөл атқарып, үлес қосқандарын айтады.
Және «сөздері бірі жамау, бірі құрау» деп сынай отырса да,
бұл ақындар Абайға тіл жағынан, яғни көркемдеу шеберліктері
жағынан әсер етпей қоймағаны да айтылады. М.Әуезов бұл
ойды ашық білдіреді: «[Абай] хотя боролся против феодально-
патриархальной идеологии таких поэтов, как Бухар, Шортан-
бай, Дулат, и высказывает о них кое-какие критические сужде-
ния, все же он не мог пройти мимо особенностей их литератур-
ного дарования»
14
. С.Мұқанов та бұларды: «өзінен бұрынғы
13
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-Ата,
1959.
14
Ауэзов М. Вопросы казахского литературного языка // Дружба народов. - 1951.
- № 6.
23
қазақ фольклорын идея жағынан да, көркемдік жағынан да, тех-
ника жағынан да тереңдете алмады», «мән-мақсаттары жадағай
болды», – дей отырып, Абайға дейінгі қазақ ақындарының
«екпіндеген жүйріктері», «талапты ақындар» деп бағалайды
15
.
Қ. Жұмалиев Шортанбайды қазақ поэзиясына (тілі жағынан)
пәлендей үлес қосты, байытты деп айта алмайтындығын, бұл
жағынан Шортанбайдың Дулатқа тең келмейтіндігін айта оты-
рып, Дулаттың қазақ әдеби тіліндегі орнын жоғары көтереді.
«Дулат – өз кезіндегі әдебиеттің, оның поэтикалық тілінің да-
муына елеулі еңбек сіңірген адам»
16
. «Абайға дейін де қазақ
әдеби тілінің үлгілері болды» дегенді І.Кеңесбаев та айтады
17
.
Демек, «қазақтың халықтық тілінің әдеби нормалары Абайға
дейін де болған» деген белгілі бір шамада пікірлер бар. Және
бұл жердегі «әдеби» деген терминді зерттеушілердің көпшілігі
қазақтың «жазба әдеби тілі» және «кітаби тіл» деген категория-
лардан бөлек алып пайдаланады. Көпшілік мамандар қазақтың
жазба әдеби тілін Абай мен Ыбырайдан, тіпті кейбіреулер
«Дала уалаяты газетінен»
18
бастайды. Ал «кітаби тіл» деген
мүлде өз алдына бөлек дүние деп қаралады, оны «шағатай
тілі» деп аталатын ортаазиялық жазба әдеби тіл дәстүрімен
астарласып жатқан тіл» деп табады. Сонда Абайға, Ыбырайға,
тұңғыш баспасөзге дейінгі «қазақ әдеби тілі» дегенді қандай
ұғымда түсінуіміз керек? Ауыз әдеби тілі ме (жазба дегеннің
антонимі ретінде)? Ол күнде «ауыз әдебиеті тілі» және «ау-
ызша әдеби тілі» деген ұғымдарды қалайша түсініп, қалайша
атауымыз керек? Бұл мәселелерді ешкім осылайша тікелей
коймаса да, олар әр тұста, әр зерттеушіге өздері туралы
білдіріп, еріксіз атау іздеттіріп қояды. Мысалы, әдебиеттану
саласында Бұқардан бастап Абайға дейінгі 200-ге тарта қалам
иесінің мұрасын ауыз әдебиетіне де, жазба әдебиетке де ашып
жатқыза алмағандықтан, «тарихи әдебиет» деп те атап жүр. Ал
сонда тілдері қай әдеби тіл типіне жатпақ? «Тарихи тіл» де-
ген әдеби тіл категориясын ұсыну керек пе? Кейбір ғалымдар
15
Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964. - 277-278-б.
16
Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - Алматы, 1967. - 85-б.
17
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка //
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - 125-б.
18
Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. - Алматы, 1949. - 9-б.
24
Абайға дейінгі бір жарым-екі (сірә, одан да көбірек) ғасырлық
қазақ әдебиеті уәкілдерінің кейбіреулерінің тілін жазба әдеби
тіл элементтері бар үлгілер деп те табады. Мысалы, акад.
І.Кеңесбаев: «Таким образом, до Абая имелись зачатки казах-
ского литературного языка, которые нашли свое проявление...
в трудах отдельных писателей зарождающейся письменной
литературы (Махамбета Утемисова, И.Алтынсарина)»
19
, – деп
жазады. Демек, Махамбетте жазба әдеби тіл элементтері бол-
са, Шерниязда, Дулатта, Шортанбайда т.б. неге болмайды?
«Ауыз әдебиеті дәстүрлерімен әлі де тығыз байланысты XVIII-
XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының творчествосында жаз-
ба әдебиет элементтері пайда бола бастайды» деген пікірді
Ы.Дүйсенбаев та ашып айтады
20
. Бірақ бірде-бір зерттеуші
бұларды таза жазба әдеби тіл өкілдері деп атамайды: «бұларда
жазба әдебиеттің нышандары, элементтері болды» деп қана
өтеді.
Сөйтіп, зерттеушілердің көпшілігі Абайдың алдында поззия
жанрындағы қазақ көркем әдебиет дәстүрі болғанын мойын-
дайды. Және бұл дәстүрді Абай көрмей, одан өз қажетін алмай
өтпегенін де айтады. Абай творчествосын арнайы зерттеуші
С. Мұқанов Абайдың қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, өзіне
дейінгі және өзімен замандас ақындар шығармаларын жақсы
білгендігін айта келіп: «Абайға жалпы қазақ поэзиясының игі
ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз»
21
, – дейді.
Демек, Абайдың алдында қазақ әдеби тіл дәстүрі болды.
Ол дәстүр негізінен көркем әдебиет саласында, оның ішінде
поэзия жанрында дамыды. Негізі – қазақтың жалпыхалықтық
сөйлеу тілінің нормалары болды. Бұл әдеби тіл дәстүрі басын
ауыз әдебиетінен алып, онымен жарыса, жапсарласа отырып
дамыған. Соңғы кездердегі іздену-зерттеулерге қарағанда,
XV ғасырдан, қазақ халқының этникалық тұтастық болып
құрылған кезінен басталған қазақ әдебиеті келесі ғасырлар
бойына үзілмей келгенін байқаймыз. Әрине, тілдік талдауларда
19
Кеңесбаев I. Абай – основоположник казахского литературного языка //
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - 125-б.
20
Дюсенбаев И. Т. Проблемы изучения истории казахской литературы
дореволюционного периода. Автореф. докт. дисс. - Алма-Ата, 1966. - 9-б.
21
Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. - 286-б.
25
XV ғасырдағы Қазтуған жыраудан, Асанқайғыдан, бері қарай
Доспамбет, Шалкиіз, Марқасқа, Жиембеттерден (XVI ғасыр),
XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген деп тапқан Ақтамберді,
Тәтіқара, Үмбетей, Көтеш, Бұқар, Шалдардан
22
қалған деп
танитын мұралар бізді үлкен бір қиындыққа душар етеді.
Ол – бұл мұралардың ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға
көбінесе ауызша жеткендігінен тілдік құрылысы да бірте-бірте
өзгеріп, сол хатқа түскен (ең әрісі XIX ғасырда)
23
кездегі түрге
келгендігі. Тіпті өлеңнің мазмұны, идеясы сақталған күнде
де, ішіндегі кейбір көне сөздер кейінгі ұрпақтарға түсінікті
жаңа сөздермен, кейбір көне грамматикалық тұлға-тәсілдер
кейінгілерімен ауыстырылып отырғаны даусыз. Сондықтан
қазіргі Қазтуғандікі деп талдап жүрген толғау текстері тілі
жағынан XV ғасырда дәл осындай болды деу өте қиын. Оның
үстіне кейбір шығармалардың авторы кім екендігінің өзі
күмәнді. Бір ғана мысал келтірейік. Зерттеуші М. Мағауин
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың 60-жылдарына дейін
жасаған Шалкиіз жыраудың шығармасы деп мына тексті
келтіреді:
Еділден шыққан сызашық
Біз көргенде, тебінгіге жетер-жетпес су еді,
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңір етті!
Жарасына қыршын біткен тал еді,
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңір етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде,
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңір етті
24
.
22
Магауин М. М. Казахские акыны и жырау XV-XVIII вв. - Автореф. канд. дисс.
- Алма-Ата, 1966.
23
Аристов Н.А. XIX ғасырдың аяқ кезінде қазақтар арасында хатқа түсірілген
өлең, аңыз әңгіме, эпостық жырлардың бар екенін айтады // Живая старина. - 1894.
- Вып. III-IV. - 394-б.
24
Мағауин М. Әдебиетіміздің тарихы әріде жатыр // Жұлдыз. - 1966. - № 1.
26
Мұны: «Шалкиіз өзінің әміршісі – Ноғай ордасының князі
Темір биге ашуланып айтқаны еді», – дейді. Осы тексті (азын-
аулақ өзгерісі бар) өзінің хрестоматиясына Ыбырай да кіргізеді.
Ол бұл өлеңді: «бір ханға бір бидің жамандардан қорлық
көргенде айтқан сөзі», – дейді («Киргизская хрестоматия».
- 1879. - 70-б.). Осы тексті (тағы да азын-аулақ өзгерісімен)
Т.Кәкішев «Махамбеттің жаңа жолдары» деп «Қазақ әдебиеті»
газетінің 1956 жылғы 46-нөмірінде жариялады. Бұл тексті
ол «Жаңа мектеп» журналының 1927 жылғы 7-8-нөмірінен
алыпты. Мұнда Махамбет бұл сөздерді ашуланып Жәңгір
ханға айтқан болып шығады. Біз текстология жайындағы бір
мақаламызда ішіндегі Еділ, құба тал (Жағасына біткен құба
тал – ал жоғары екеуінде қыршын біткен тал) деген жеке
сөздеріне, өлең ұйқастыру тәсіліне, метрикалық ерекшелігіне
және Тәңірден, Құдайдан көру сияқты тұжырымына қарап
(Махамбеттің өзге өлеңдеріндегі: «Тәңірім білер жігіттер, Ажа-
лымыз қайдан-ды», «Таңдансақ тағы болар ма, Тәңірдің салған
бұл іске», «Аман барда хан шаппай, Тәңірі қылды не амал
бар?» дегендерге назар аударып), бұл шумақ Махамбеттікі бо-
лып қалар деп шамалағанбыз
25
.
Сөйтіп, бұл текст кімдікі, тіпті қай ғасырдікі? Тілі жағынан,
әрине, бертінгі, XIX ғасырдікі деуге болады, бірақ XV-XVI
ғасырдан бізге ауызша жеткен өзге текстердің тілдік белгілері
сақталған ба? Жоқ. Рас, XV-XVIII ғасыр ақын-жырауларының
аузынан шыққан деген текстердің ішінде бір алуан бейтаныс
сөздер бар, бұлар «көненің көзі», ілініп жүрген реликтілер
(қалдықтар) болуы да әбден ықтимал, мүмкін, тіпті кейде осы
сақталып қалған бірер көне сөзіне, тұлғасына қарап та текстің
көнелігін, ертеректегі қазақ әдеби тілі үлгісіне жататындығын
дәлелдеуге болар.
Дәл осы жерде, осы сәтте бізге ең қажеті – XV ғасырдан бері
келе жатқан қазақ әдебиетінің текстері емес, сол әдебиеттің
болған фактісі мен тілінің негізінен халықтық сөйлеу тілі
болғанын білуіміз, яғни бізге қажеті – Абайдың алдында неше
ғасыр бойы қазақтың тума әдебиетінің халықтық тіл негізінде
өмір сүріп, дамып келгендігі. Бұл – Абайдың тіл тандауында
шешуші рөл атқарған күштің бірі.
25
Сыздықова Р. Текстология мәселелері // Жұлдыз. - 1965. - № 5.
27
Бұл әдебиеттің тілін біз «Абай, Ыбырайға дейінгі қазақ
әдеби тілі» деп атадық. Әдеби деп атауға толық правомыз бар,
өйткені бұл – барлық саласында да белгілі бір нормалары бар,
ол нормалары көпке ортақ, дұрыс деп танылған, үлгілі тіл.
Әрберден соң, әдеби тіл дегенді қазіргі білім дәрежемізден та-
нитын анықтама
26
тұрғысынан алсақ та, қазақтың ертеректен
келе жатқан, Абай, Ыбырайға дейінгі және олармен тұстас
көркем поэзия тілін (жеке ақын-жыраулар творчествосының
тілін) нағыз әдеби тіл категориясына әбден жатқызуға бола-
ды. Мұнда көркемдеу тәсілдерінің едәуір дәстүрлілігін бы-
лай қойғанда, лексика-фразеология саласындағы тұрақты
нормаларды, грамматикалық тұлға-тәсілдердің басты-басты-
ларының стандартталып, біркелкі жүйеге түскенін көреміз.
Фонетикалық құрылымы жағынан да өткендегі қазақ әдеби
тілінде алшақтықтардан гөрі, бірдейлік басым, демек,
жалпыға тәнділік сипаты күшті. Бұл жақтарынан алғанда,
бұл тіл тек әдеби емес, тіпті жазба әдеби тіл категориясына
да едәуір жуықтайды. Бірақ біз басы ертеректен (біздіңше,
XVIII ғасырдан да көпбұрын) басталған қазақтың жеке ақын-
жыраулары творчествосының тіліне шын мәніндегі «жазба
әдеби тіл»деген терминді тели алмадық, өйткені осы күнгі та-
нылып жүрген ұғым бойынша, жазба әдеби тіл болу үшін жазу
дәстүрі, жазуы болуы қажет (О.Ахманова сөздігінің 532-бетін
қараңыз). Ал бұл әдебиет негізінен жазу арқылы емес, ауыз-
ша таралып, ауызша формада қызмет еткені мәлім. Дегенмен
біз бұл әдеби тілде жазба әдеби тіл элементтері басым дегенді
баса көрсетеміз. Өйткені жазба әдеби тілдің белгісі тек жазба
түрінде қызмет ететіндігі емес, оның жоғарыдағыдай норма-
лану, тұрақталу, стандартталу, көпшілікке ортақтану белгілері
де жазба әдеби тілге тән болуы. Жазу – осы белгілерді дүниеге
келтіретін, жүзеге асыратын құрал (форма). Ал ертедегі қазақ
әдеби тілінің бұл белгілерді орнықтырған құралы формальдық
жағынан өзгелеу болды: бұл мұралар кітап болып таралмады,
ауызша «басылып» таралды, әрбір таратушыны (жырлаушы-
26
Язык литературный (язык стандартный) – образцовый, нормализованный
язык, нормы которого воспринимаются как правильные и общеобязательные и
который противопоставляется диалектам и просторечию (Аханова О.С. Словарь
лингвистических терминов. - М., 1966. - С.532).
28
ны) осы күнгі магнитофон лентасына ұқсатсақ та болар ма еді
(кім біледі, келешекте әдеби мұралар кітап (жазу) арқылы емес,
ленталар арқылы да таралып, өмір сүруі мүмкін). Демек, жазу
– әдебиетті сақтап, таратудың сыртқы формасы. Ал ішкі мәні
– әдебилігі, көпке ортақтығы, нормалылығы – қалай тараса да
(кітап арқылы, ауызша немесе лента арқылы), табылатын бол-
са, ол тіл – әдеби тіл. Және Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің
жазба деген лауазымға «құрық сала алатын», біздіңше, тағы
бір себебі бар, ол – қолжазба түрінде (бізге олар жетпесе де)
таралу белгісі. Бұл фактінің қазақ қоғамында, әсіресе, соңғы
ғасырларда бар болғандығына ден қоюымыз қажет.
Қазақ ақындары шығармаларының өткенде (тіпті үстіміздегі
ғасырдың 20-жылдарына шейін) қолжазба түрде таралуы жай-
ында түбегейлі әңгіме болмай келеді. Оған басты себептердің
бірі – сол қолжазбалардың өздерінің көп сақталмауы. Бір
жағынан, қағаз жинауға машықтанбай, салақтық жасап жойып
жібергендіктерінен, екінші жағынан, қолжазбаларды сақтап,
жинап отыратын мәдениет орталықтарының (кітапхана, ар-
хив т.б.) болмағандығынан, қазір біздің қолымызда өткен
ғасырларда жазылған қолжазба дәптерлер көп емес. Деген-
мен олардың бар екенін Мәшһүр Жүсіп дәптерлері (бірақ
елге тарату мақсатымен емес, жинау мақсатымен жазылған),
Мүрсейіт, Жандыбаев, Оразке дәптерлері (бұлар бертінде,
үстіміздегі ғасырда жазылған), сондай-ақ Қазақ ССР Ғылым
академиясы Орталық кітапханасында жиналған бірқатар
дәптерлер дәлелдейді. Ал әдеби тіліміздің тарихын зерттеу
үшін мұндай дәптерлердің құны орасан зор болмақ. Сондықтан
қазақ ақындары мұраларының өткен ғасырда жазылған
қолжазбаларын (мейлі автограф болсын, мейлі өзгелер жазған
болсын) жинап, зерттеу объектісіне айналдыру мәселесі кезек-
те тұр деп санаймыз.
Сөйтіп, өткенде, әсіресе, XIX ғасырдың соңғы ширегінде
жеке ақындар үлгілерін қолжазба арқылы тарату дәстүрі
болғаны хақ. Ақан серінің «Азғантай мен жазайын ақыл
дәптер» (Ақан, 272) дегеніне және басқаларының да (Дулат,
Шортанбай, Майлы) өлеңді айтып шығардым демей, жаздым
деп келетіндігіне қарағанда, бұлар шығармаларын дәптерге
29
түсіріп, тіпті одан басқалары көшіріп, «ақыл дәптер» жасап
таратқанға ұқсайды. Абай тарихын жете білген М.Әуезовтің
жазғандарына қарағанда, ақын шығармалары да, әсіресе, «Қара
сөздері» қолжазба түрінде кең таралған. Мысалы, Абайдың
қызы болып, баурында өскен немересі – Уасиланың Абай ту-
ралы естелігінен мынадай қызық фактіні оқимыз: «Әлі есімде,
бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Әдеттегідей
бәріміз орындарымыздан тұрдық. Әкем айнала қарады да:
«Отырыңдар!» – деді. Біз отырып жайласқан соң, молдаға
қарап: «Балаларға мына бір кітапты әкелдім, осыны көшіріп
көбейтіп, бала басына бір-бірден таратып бер. Бүгіннен ба-
стап осы кітапты қоса оқыт!»– деді. Біз қуанып кеттік. Әкем
үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас жағын
оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи
бастадық... Кейіннен байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия»
атты қара сөзбен жазылған кітабы екен. Біздің молдадан бұл
кітапты естіген басқа молдалар да келіп көшіртіп алып, өз
шәкірттеріне оқытып жүрді»
27
.
Әсіресе, XIX ғасырдың II жартысында өмір сүрген ақын-
дардың өз тұсында баспа бетін көрмеген ұзақ-ұзақ шығар-
маларының бізге түгел жетуі, сөз жоқ, жазу арқылы болды. Ол
жазу, әрине, тек қолжазба түрінде болғаны даусыз. Тіпті өздері
жазып шығармай, импровизациямен ауызша туғандар да кейін
жазылып алынып, кейбіреулері сол арқылы баспаға берілгені
белгілі. Мысалы, атақты Біржан мен Сараның айтысы – о баста,
ауызша қолма-қол туған дүниелер. XIX ғасырда жарық көрген
бұл асыл мұра әуелі қолжазба түрінде ел ішіне тараған. Сол
сияқты кең байтақ қазақ даласының қиыр батысын мекенде-
ген Шернияз өлеңдерінің Шығыс аудандарға, Жетісуға мәлім
болғандығына қарағанда, тек ауызша жатталып таралуы аздық
ететін сияқты, әр өлкеге көптеп болмаса да, бір-екі қолжазба
келіп, содан қалың елге ауызша тарап кетуі әбден қисынды.
Бұл да жазба әдеби тілдің дәл өзі демегенмен, оның
элементі бар деп айтуға мүмкіндік беретін тәрізді. Сөйтіп,
өзге түркі халықтарына (өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, татар т.б.)
27
Абай туралы есте қалғандар. Қолжазба. Қазақ ССР Ғылым академиясының
Орталық кітапханасының қолжазбалар қоры.
30
қарағанда, қазақтың әдеби тілі о бастан көркем поэзия сала-
сына қызмет етіп, жалпыхалықтық қазақ тілі негізінде дамып
келіп, жазба әдеби тілдің жаңа этапын бастаған Абай, Ыбырай
тілдеріне ұласқан. Ол жол-жолай ортаазиялық әдеби тілмен
де («түркімен» немесе «шағатаймен»), ауызекі сөйлеу тілімен
де тағдырлас, замандас, үзеңгілес болып отырғанымен, өз ше-
карасын айқындап жеке дамыған. Сөз жоқ, үзеңгілестерінің
ықпал-әсерін де алып отырған, әсіресе, халық ауыз әдебиеті
тілін қайнар бұлағы, үлгі алар «ағасы» ретінде тұтқан, бірақ
өз «паспортын» сақтаған. Сондықтан қазір «тарихи қазақ
әдебиеті» немесе «авторы мәлім қазақ әдебиеті» я болмаса
«Абайға дейінгі қазақ әдебиеті» деп жеке атау алып, оның тілі
де ауызекі сөйлеу тіліне де, «кітаби тілге де», фольклор тіліне
де, қазіргі жазба әдеби тіліне де жатқызылмай, өз алдына сөз
болып келеді.
Міне, Абай тірек еткен, иек артқан, барын дамытып, жоғын
толықтырған қазақ әдеби тілінің сыр-сипаты, атақ-лауазымы
осындай болды.
Достарыңызбен бөлісу: |