Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

-мақ/-мек  жұрнақты  тұлғасы  («Тоты  құс  түсті  көбелек», 
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» сияқты өлеңдерінің 
ұйқасына назар аударыңыз) болып келеді.
Өлеңнің  көптеген  шумақтары  мен  жеке  бөліктерінің  бір 
ұйқасты  (монорифмалық)  немесе  әртүрлі  ұйқасты  болып 
келуінің  оның  композициясы  мен  ойдың  берілу  сипатына 
тікелей қатысы бар. Бір ұйқас тәсілі қазақ поэзиясында бұрын 
да қолданылып келген, бірақ ол көбінесе, 7-8 буынды шумақсыз 
жыр өлшемінде қолданылған, ал Абай бұл тәсілді 11 буынды 
4  тармақты өлеңдеріне де енгізген  және етістік бір ұйқаспен 
қатар, өзге сөз тұлғаларын да пайдаланған. Бір ұйқасты Абай 
әдейі қалайды, өйткені ол ең алдымен ой тұтастығын жасауға 
көмектеседі.
Өлеңді  шумақтарға  топтастыруда  ұйқас  сурет  –  ең  негізгі 
белгі.  Абай  өлеңдерінде  тек  4  тармақты  емес,  6  тармақты 
(алтыаяқ),  8  тармақты  (сегізаяқ),  14  тармақты,  кейде  ара-
лас  тармақты  болып  құрылған  өлеңдерінде  ұйқас  негізгі  рөл 
атқарады. Сонымен қатар Абайда ұйқас-тирада деп аталатын 
өлең құрылымын жасауға қатысады. Тирада – бір өлеңнің тармақ 
саны әркелкі болып келген бөліктері. Бұндай бөліктердің ара-
жігін  айыратын  ұйқас  болады.  Мысалы,  ұйқасқан  сөздеріне 
қарай «Қайғы шығар ілімнен» деп басталатын өлеңі 7 бөліктен 
тұрады:
1-бөлік  8  тармақты  ұйқасатын  сөздер:  ілімнен,  білімнен... 
мінімнен,
2-бөлік 4 тармақты: қайда жоқ, пайда жоқ, 
3-бөлік 10 тармақты: дәулетке, келбетке... әлбетте, 
4-бөлік 12 тармақты: ұлықтап, қызықтап... құрықтап, 
5-бөлік те 12 тармақты: қансаңыз, салсаңыз... ол – қарыз, 
6-бөлік  10  тармақты:  бурыл  шаш,  топтан  қаш...  өлсең  де 
аш, 
соңғы 7-бөлік 4 тармақты: қайда жоқ, пайда жоқ тирада-
лар. 

377
Бұл өлеңнің әр бөлігінде тармақ сандары ғана әркелкі емес, 
ұйқас суреттері де әртүрлі: 8, 10, 12 тармақты бөліктер -а, -а, -б, 
-а, -в, -а, -г, -а, -д, -а болып ұйқасса, 4 тармақты 2 бөлік -а, -б, -в, 
 ұйқасымен келеді. Соңғы ұйқас суреті өте сирек, ол өз алды-
на жеке шумақ не тирада құрастырудан гөрі, тұтастың сынығы 
іспетті. Абайдың бірқатар өлеңі тирада құрылымымен келген. 
Ұйқасына  қарай  топтасқанда  «Ғылым  таппай  мақтанба»  деп 
басталатын өлеңі 2-ақ бөліктен тұрады: біріншісі – 43 тармақты 
бір тирада болса, 2-бөлігі – 34 тармақтан құрылған бір тирада. 
Сол сияқты Абайдың «Бөтен елде бар болса...» деп басталатын 
өлеңі 17 бөлікке бөлінген, 17 тирадағы құрылған шығарма деп 
тануға  болады.  Мұндағы  әр  бөліктің  жігін  айырып  тұрған  – 
ұйқастырылған сөздер. Әр бөлік тирада болғандықтан, тармақ 
сандары әртүрлі: бірінде көп, бірінде өте аз. Тирадаға құрылған 
өлеңдердің қатарына «Сап, сап, көңлім, сап, көңлім», «Болыс 
болдым, мінекей» т.б. өлеңдері жатады.
Үндестік бастама, дыбыстық қайталаулар 
(аллитерация мен ассонанс)
Абай өлең құрылысында эвфонияға, яғни дыбыс әуезділігіне, 
үн  үйлесіміне  қатты  назар  аударған.  Оның  (өлеңдерінде  бір 
тармақ бойындағы сөздердің біркелкі дыбысталудан басталып 
отыруы  жиі  кездеседі.  Мысалы,  «Өз  үйіңде  өзендей»,  «Кісі 
алдыңда кірбеңдеп», «Бола қалдың бас асау», «Жайраңдасып 
жас күлер құрбысымен», «Жазға жақсы киінер қыз-келіншек». 
«Әсетке»  деген  өлеңінің  кейбір  шумақтарының  барлық 
тармағында  аллитерация  құбылысы  бар:  «Біреуден  біреу  ар-
тылса»,  «Өнер  өлшеніп  тартылса»,  «Бұлықсып,  бұл  да  изеп, 
босқа» т.б.
Үндестік бастама көбінесе өлеңнің құлаққа жағымды әуезді 
болуын  қамтамасыз  етеді.  Оның  образды  айшықталуы,  бір 
объектіге (сөзге) көңіл аударту үшін қолданылуы кемде-кем.
Сонымен қатар тармақ ішіндегі аллитерация өлеңді оқуды 
(немесе  тыңдауды,  айтуды,  жаттауды)  жеңілдетеді,  сөздердің 
бір-бірімен  жымдасуына  жәрдемдеседі,  сол  арқылы  өлеңнің 
ырғақтық құрылымын түзуге әсер етеді. Өлеңнің өн бойына әр 
тармағының  біркелкі  дыбыстан  басталатын  сөздерден  тұруы 

378
Абайда өте аз, тек бір ғана «Оспанға» деген өлеңі бастан-аяқ 
бірінші сөзі ж дыбысынан басталатын тұлғалармен келгеңдігі 
мәлім.  Ал  екі-үш  (кейде  төрт)  тармақты  басқы  сөздеріндегі 
үндестік  бастама  баршылық.  Мысалы,  «Сап,  сап,  көңлім, 
сап  көңлім»,  «Патша  Құдай,  сыйындым»  деп  басталатын 
өлеңдерінің екінші шумағының алғашқы алты тармағы с ды-
бысымен келетін сөздерден басталады. Бірақ Абай бұл тәсілге 
көп бармаған. Мысалы, шенді-шекпен сөзіне үндесу үшін ақын 
өзге  мәндес  етістіктерді  емес,  шелтірейтіп  сөзін  таңдайды, 
бұл  сөздің  екінші  бір  ұтымдылығы  –  онда  мысқылдау  реңкі 
бар. Сол сияқты елді алып, Есілді алып дегеннен кейін, ассо-
нанс үшін өзге синонимдерін емес, өсіреді сөзін іздеп табады.
Сөйтіп,  Абайда  ассонансқа  қарағанда  аллитерация  жиі 
кездеседі  және  оның  бір  тармақ  ішінде  қолданылуы  жүйелі 
түрде  келеді.  Бұл  құбылыс  өлең  жасауға  қатыстырылатын 
сөздердің алуан түрлерін іздеуге ұйытқы болған, сол арқылы 
поэзия тілін құбылтып байытуға апарған.
Фразеология 
Абай тіліндегі фразеологизмді жалпыхалықтық тілден, со-
нымен бірге өзіне дейінгі ауызша әдеби тілден алып қолданған 
және  ақынның  өзі  жасаған  тіркестері  деп  бөліп  қараған  аб-
зал.  Ғасырлар  бойы  сұрыпталып,  тұрақтанған  тіркестерді 
пайдалану  –  жалғыз  Абайдың  емес,  әрбір  қаламгердің  әдісі, 
бірақ мұнда әр ақын-жазушының фразеологизмдерді таңдауы, 
құбылтуы,  қолдану  орны,  жиілігі  т.б.  жағынан  өзіне  тән 
қолтаңбасы көрінеді. Белгілі бір тілдегі фразеология байлығы 
қай автордың тілінде де негізгі тілдік жене поэтикалық құрал 
ретінде кәдеге асырылған. Абай да, әсіресе, өлендерінде халық 
қазынасына  жататын  тұрақты  тіркестерді  еркін  қолданған. 
Мысалы,  оның  өлеңдеріндегі  қас  сағыну,  қас  сағынбау,  із 
жоғалту,  көзге  ұру,  қырымға  қарау,  титығы  құру,  табаны-
нан  тозу,  намысқа  шашу,  тілін  безеу,  басқа  шауып,  төске 
өрлеу,  араны  тоймау,  малма  сапсу,  шылбыр  беру,  шаужай-
ынан  қағу,  табанынан  таусылу,  қырқын  мінсе  қыр  артыл-
мау сияқты қимыл, іс-әрекетке қатысты өте образды тұрақты 
тіркестер  –  қазақтың  жалпыхалықтық  тілінің  ертеден  келе 

379
жатқан  мүлкі.  Соңдай-ақ  жас  өспірім,  ақ  көңіл,  ақ  пейіл, 
өркөкірек, жау жүрек тәрізді сындық мәнді фразеологизмерді 
де  Абай  халықтық  қордан  алып  жұмсаған.  Абай  заманында 
бірқатар  фразеологизмдер  әлеуметтік  жаңа  қарым-қатынас, 
жаңа құбылыстарға байланысты туған қолданыстар болатын. 
Мысалы, шенді шекпен кию, басына іс түсу, ат мініп, ақша 
ұстау, жер аудару, жалға жүру, закон сұрау деген тіркестер – 
қазақ даласына келген жаңа әлеуметтік немесе экономикалық 
қарым-қатынастарға қатысты пайда болған, XIX ғасырдың II 
жартысының туындылары. Заманға қарай өмірге келген жаңа 
сөздерді жиі қолданғаны сияқты, ақын мұндай тың тіркестерді 
де жатсынбай қабылдайды. Оның үстіне Абай тілінен орынға 
сайлану, түсіп қалу (әкімшілік орыннан айырылу), байға кірісу, 
міндетті болу (халыққа не ұлыққа) тәрізді заманалық жаңа сөз 
орамдары табылады.
Фразеологизмдерді қолдануда ақын қазақ көркем сөзі тіліне 
үлкен  үлес  қосты,  ол  үлес  перифрастикалық  тіркестерді  мол 
қолданудан,  жаңа  тіркестер  жасаудан  және  кәнігі  фразео- 
логизмдерді тұлғалық-құрылымдық түрін өзгертіп жұмсаудан 
көрінеді. Фразеология саласында Абай әкелген өзгеріс, жаңа- 
лықтардың  келесі  түрі  –  оның  өз  қаламынан  жаңа  тіркестер 
туғызуында.  Фразеологиялық  тіркестер  –  семантикалық  шо- 
ғырлар, яғни жеке сөздер білдіретін мағыналардың бір-бірімен 
түйісуінен туған жаңа семантикалық единица. Абай образ жа-
сауда, айтпақ ойына экспрессивтік сипат беруде жеке сөздерді 
бір-бірімен  тіркестірудің  сарқылмас  бұлақ  сияқты  екенін 
жақсы түсінген. Сондықтан қызметі мен құрылымы жағынан 
әр алуан жаңа фразеологизмдерді ұсынады. Олардың үлкен бір 
тобына семантикасы жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді 
тіркестіріп жасағандары жатады. Мысалы, көңілдің жайлауы 
деген жаңа фразеологизмде көңіл деген дерексіз ұғым жайлау 
деген  нақты  зат  атауымен  қабыспауға  тиісті  еді,  бірақ  ақын 
көңіл сияқты абстракцияны жайлау тәрізді әрі шалқыған кең, 
әрі жадыраған «дүние» деп таныту үшін бұл кереғар екі ұғымды 
бір-біріне  жанастырып,  жаңа  ассоциация  туғызады.  Көңілге 
ажым салу деген жаңа фразеологизм де – соны образ әрі оның 
экспрессивтік  бояуы  бұрынғы  көңілі  қалу,  көңілі  жабырқау 
дегендерге  қарағанда  әлдеқайда  қою.  Олжалау,  пайдала-

380
ну (біреудің еңбегін, күшін, ойын т.б.) деген сөздер тұрғанда 
адам  аулау,  адам  сауу  деген  фразеологизмдерді  ұсынғанда 
да  Абай  мағыналары  жуыспайтын  ұғым  атауларын  (аулана-
тын аң, құс, сауылатын мал) тіркестіріп, жаңа образ жасайды, 
соңғы тіркестердің әсері алдыңғы етістік сөздерден әлдеқайда 
күшті екенін Абай жақсы білген. Оның тіліндегі бойды ұрлау 
(ұрланатын қолға ұстайтын зат болу керек қой), жүрегін ұстап 
сату (сатылатын зат, бұйымдар болуы керек), иман жүзін тоз-
дыру (тозатын киім, бұйымдар болуы керек еді) деген фразе-
ологизмдер де осы қатардан табылады. Бұлар –  бір жағынан, 
метафоралық тіркестер, яғни мағына ауыстырып айту құралы 
ретінде көрінеді. Бұл типтес фразеологизмдер сан жағынан да, 
сонылығы жағынан да көзге бірден түсіп, Абайдың қазақ фра-
зеологиясына қосқан үлкен үлесі болып танылады. Абай қазақ 
тілінің фразеологиялық қазынасына орыс тілінен тікелей ауда-
ру (калька жолымен) арқылы жасалған жаңа тіркестер қосты. 
Әрине, бұлар сан жағынан көп емес, бірақ сол аз фактінің өзі 
қазақ  поэзия  тілінде  Абайдан  басталғанын  көрсетеді.  Мыса-
лы,  Қартаң  бай,  қатты  сақ  бол,  тілге  көнсең,  Мүйіз  шығар 
қатынның тіліне ерсең (І, 200), мүйіз шығу тіркесінің дағдылы 
мағынасы мерейі үстем болу, ал Абайдағы мағынасы – «әйелі 
көзіне  шөп  салған  еркектің  халі»,  орысша  «быть  рогатым» 
дегеннің калька жолымен туған қазақшасы. Осы қатарға «Кеп-
терше  сүйініскен  демалыс  бар»,  «Дүниедегі  қызықтың  бүгін 
бәрі,  Саған  салқын  тартқандай,  сен  –  бір  кәрі»  дегендердегі 
кептерше сүйінісу – ворковать как голубки, салқын тарту – по-
стывать (Лермонтовтың «Пускай теперь прекрасный свет Тебе 
постыл – ты слеп, ты сед» деген жолдарының аудармасынан) 
тәрізді фразеологизмдері де жатады. Сондай-ақ тактісіне би-
леу,  бір  сағаттан  бір  сағат  сияқты  тіркестер  де  негізі  өзге 
тілдік (плясать в такт, от часу на час) деп тұрған сияқты. Ау-
дарма  немесе  калька  тіркестердің  бірқатары  Абайдың  төл 
шығармаларында қолданылған, сондықтан бұл әдіс тек аудар-
ма  үстінде,  шарасыздықтан  қолданылған  емес,  орыс  тілінің 
көркемдік дүниесін игеру, жарату сияқты талаптан туған деуге 
болады.
Абай бұрынғы фразеологизмдерді өзгертіп қолданғанда, екі 
түрлі  әдіске  жүгінеді:  бірі  –  тұрақты  тіркестің  құрамындағы 

381
сөздердің бір-екеуін өзге сөздермен (көбінесе, синонимдерімен) 
ауыстырып  қолдану.  Мысалы,  ант  бұзу  дегенді  ант  шайқау, 
ақылы кірді-ні – ақылға ену, ар-ұяттан безу-ді – ардан кету, 
ауызға сөз түспеді-ні – тілге сөз түспеді деп құбылту немесе 
өтірікті жүндей сабау-ды – өтірікті судай ағызу-дың орны-
на өзгертіп құру – Абай тіліне тән. Бұл тәсіл Абайда жүйеге 
айналған.  Байырғы  фразеологизмдерді  өзгертуде  екінші 
қолданған әдісі – тілде қалыптасқан тұрақты тіркестің идеясын 
алып,  яғни  мағынасын  қуалап,  соның  ізімен  жаңасын  жасау. 
Мысалы, Абай заманына дейін де қазақ тұрмысында көліктің 
майын, аттың майын пайдалану (сұрау, беру) деген тіркестер 
болған.  Осылардың  идеясын  (мағынасын)  алып,  ақын  көздің 
майы,  сөздің  майын  аямау  деген  тіркестер  құрады.  Көліктің 
немесе аттың майы дегенде, «аттың күші» деген ұғым беретін 
болса, көздің майы, сөздің майы дегендерде де Абай осы иде-
яны пайдаланады: көздің майын ағызу – көздің күші жасында 
болса, соны төгіп, «қалқаға сөз  айту», сөздің майын аямау – 
сөз  беретін күш-құдіретті аямай, барын айту. Пысық адамды 
әдетте  еті  тірі  кісі  дейді,  осы  мағынаны  пайдаланып,  Абай 
көңілі тірі деген тіркес жасайды. Жақын тарту, іш тарту де-
ген  кәнігі  фразеологизмдерді  тарту  сөзінің  мағынасына  иек 
артып,  қайратсыз  тарту,  ыстық  тарту,  салбыраңқытарту 
деген  жаңа  тіркестер  ұсынады.  Пайдасы  тию,  зияны  тию 
дегендердің  үлгісімен  панасы  тию,  еңбегін  жалдау,  күшін 
жалдау  дегендердің  үлгісімен  жан  жалдау  сияқгы  соны 
тіркестерді  дүниеге  келтіреді.  Абай  тілінде  осылар  сияқты 
ондаған  жаңа  фразеологизм,  бір  жағынан,  тың  образдар  жа-
сап, поэтикалық құралдарға айналып жатса, екінші жағынан, 
қазақ әдеби тілінің, оның ішінде өлең тілінің фразеологиялық 
құрамын байытып, жаңа түрлерін қосты.
Әдеб.: Жұмалиев Қ. Қазақтың өлең кұрылысы, тілі жөнін- 
дегі Абайдың жаңалыктары // Майдан. - 1944. - № 1; Машабаева 3. 
Абай  шығармаларындағы  фразеологиялық  ерскшеліктер  //
ҚазССР ҒА Хабарлары. - Тіл-әдебиет сериясы. - 1974. - №2; 
Сыздықова Р. Абай және поэзия тілі // Қаз ССР ҒА Хабарлары. 
- 1985. - № 4.

382
МАЗМҰНЫ
Абай  шығармаларының  тiлi  ...........................................................3
Алғы сөз ........................................................................................4
І ТАРАУ
Абай – қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаушы
Абай өмір сүрген дәуір мен орта (кіріспе ретінде) .............11
Абай және қазақ әдеби тілі ..................................................22
Абай  және  «кітаби  тіл»  .......................................................30
Абай – жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы ..............47
II ТАРАУ 
Абай шығармалары тілінің лексикасы 
Зерттеу  объектіміз  туралы  (кішкене  кіріспе)  ..............69
Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары ...............72
Араб-парсы  сөздері  ............................................................73
Орыс  сөздері  (русизмдер)  .................................................108
Қазақтьің  төл  сөздері  .....................................................128
Абай шығармалары тіліндегі көне сөздер (архаизмдер мен
историзмдер) 
..............................................................129
Абай шығармалары тіліндегі жаңа сөздер 
(неологизмдер)  ....................................................................146
Абай лексикасындағы сөздердің тематикалық 
сериялары .............................................................................169
Қоғамның әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік
системасына  қатысты  сөздер  ..........................................170
Сот-заң  істеріне  қатысты  сөздер  .....................................191
Экономикалық  қарым-қатынасқа  қатысты  сөздер  .......208
Сауда-саттыққа  қатысты  сөздер  .......................................211
III ТАРАУ
Абай шығармалары тілінің грамматикалық сипаты ....228
Сөз  жасау  тәсілдері  ..........................................................230
Кейбір морфологиялық тұлғалардың қызметі ................244
Шартты рай тұлғасының керек сөзімен тіркесі ..............267

383
Ортақ етіс тұлғасының көптік категорияны білдіруі .....269
Кейбір  морфологиялық  тұлғалардың  сыртқы  формасы 
жағынан  варианттылығы  ...................................................271
Кейбір етістіктердің сөздерді меңгеруіндегі 
ерекшеліктері  ......................................................................281
Кітаби тілдік (шағатайша) морфологиялық тәсілдер .....283
Абай прозасының синтаксистік құрылысы ......................290
Абай прозасында төл сөздің қолданылуы .......................312
Соңғы  сөз  ...........................................................................317
Қысқартылып  көрсетілген  әдебиет  ................................328
«Абай» энциклопедиясында жарияланған ғылыми-
теориялық мақалалар ...........................................................329
Абай  тілінің  зерттелуі  ......................................................330
Ауызша  әдеби  тіл  .............................................................334
Ауыстыру ..............................................................................339
Дулат Бабатайұлы ...............................................................342
Жаңа  сөздер  (неологизмдер)  ...........................................349
Қазақтың  жазба  әдеби  тілін  қалыптастыру  ...................353
Қарсы  мәндес  сөздер  (антонимдер)  ...........................357
Лексика  ...............................................................................358
Поэзия тілі, поэтика ...........................................................364
Ұйқас  ...................................................................................373
Үндестік  бастама,  дыбыстық  қайталаулар  (аллитерация 
мен  ассонанс)  ......................................................................377
Фразеология  ........................................................................378

Рәбиға
Сыздықова
Көптомдық шығармалар жинағы
Бірінші том
АБАй шығАРМАлАРының ТIлI
Лексикасы мен грамматикасы
«АБАй» ЭнцИКлОПЕДИяСынДА ЖАРИялАнғАн 
ғылыМИ-ТЕОРИялыҚ МАҚАлАлАР
Редакторы: Сәрсен Құлманов
Техникалық редакторы: Ниязбай Оразымбет
Корректоры: Арайлым Шормақова
Компьютерде беттеген: Жәмила Айдос
ИБ № 157
Теруге 22.10.2014 ж. берілді. Басуға 10.11.2014 ж. қол қойылды. 
Пішімі 84х108
1
/
32
. Қаріп түрі «Times New Roman». 
Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 20. 
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры. 
050009. Алматы қаласы. 
Абай даңғ. 143, 413 бөлме
«Полиграфкомбинат» ЖШС
Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет