Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 26 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата17.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#2079
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
баков Қарағандыны қалпына келтіру сияқты үлкен істі ұзақ жыл-
дар бойына иесіз қалған шахта мүліктері мен құрал-саймандарын 
жинастырудан бастайды. Сонымен қатар ол тарап, бытырап кеткен 
ескі шахтерлерді шақыру, көрші колхоздардан шарт жасап адам-
дар жинау арқылы жұмысшылар коллективін құрастыруға кіріседі. 
Əрине, қолына қайла ұстап көрмеген, мал баққаннан басқа кəсіппен 
шұғылданбаған ауыл адамдарын, «Өндіріске жұмысшы күші керек 
екен» деген дақпыртпен келіп жатқан ала шұбар көп жұртты шах-
та өміріне, жер астының жұмысына көндіктіріп, тұрақтандыру да 
оңайға түспейді. Ол үшін күнделік тіршілікте кездесетін тұрмыс 
ауыртпалықтарын жою, жұмысшы қауымының жалпы даму 
дəрежесін көтеріп, сауаттарын ашу, саяси тəлім-тəрбие жұмыстарын 
өрістету, сөйтіп оларды социалистік саналылыққа бірте-бірте баулу 
міндеттерін түпкілікті шешуге тура келеді. Міне осындай ауыр да 
абыройлы міндеттерді атқару үстінде Щербаковтың ысылған боль-
щевикке тəн табандылық, мейірбандық пен кішіпейілдік т. б. адам-
гершілік асыл қасиеттері айқындала түседі. Тіпті жеке өз басының 
үлгі өнегесімен де ол жұмысшылар коллективін творчестволық 
жасампаз еңбекке жұмылдырады. Щербаков бейнесінен біз партия 
жұмсаса, қандай қиын майданға болса да, іркілмей баратын орыс 
пролетариатының бел баласын, халықтың адал ұлының образын 
көреміз.
Шербаковқа осындай үлкен іс үстінде көмекке келіп, жəрдем бе-
ретін, жұмыстың ең ауыр участогінде əрдайым тізе қосып бір бола-
тын – парторг Мейрам Омаров. Жоғары оқу орнын бітірген ол шах-
тадағы партия ұйымының жұмысына өлкелік партия комитетінің 
жолдамасымен келеді. Тəжірибенің жоқтығынан ол əуелгі кезде 
мəселе шешуде тайқақтық, батылсыздық та көрсетеді. Міне, осын-
дай жағдайда ол əрқашан өзінен тəжірибесі мол Щербаковтан ақыл-
кеңес сұрайды. Щербаковтың жұмысына парторгтың көмегі қандай 
қажет болса, Мейрамның характерінің қалыптасуына, партия ұйымы 
жұмысының дұрыс жолға қойылуына Щербаков та өз көмегін ая-
майды. Қай адамға болса да ең жақсы мектеп – өмір тəжірибесі. 
Міне, Мейрам да қарапайым еңбек адамдарымен қарым-қатынас жа-
сау арқылы іс үстінде өседі. Ол өз мінезінде əуелгі кезде байқалған 
кейбір асыра сілтейтін орынсыз қызбалықтан бірте-бірте арылып, 
алды-артын ойлап істейтін, жеті рет өлшеп, бір ғана кесетін байсал-
ды, парасатты басшыға, шын мəніндегі партия жетекшісіне айнала-
ды. Жазушы өз геройының парторгтан қалалық партия комитетінің 
секретарына дейінгі өсу жолын соншалықты дəлелді, нанымды етіп 
суреттейді. Мейрам образы арқылы Ғ. Мұстафин партияның жетек-
шілік, басшылық əрі тəрбиешілік ролін атап көрсете отырып, партия 
басшысының образын жасауда жалпы қазақ əдебиетінде бұрынғыдан 
анағұрлым ілгерілегендік барын танытты. Мейрам образы, сөз жоқ, 
романның қол жеткен табыстарының бірінен саналады.
Шығарманың тағы бір ауыз толтырып айтарлық құндылық 
жағы – халықтар достығының ұтымды бейнеленуінде. Қарағанды 
өндірісін жандандыру ісінде көптеген ұлттардың – орыс, украин, 
қазақ т. б. өкілдері жұмыс істейді. Күнделікті еңбек процесінде 
қоғамдық мақсат-мүдденің бірлігінен бұлардың арасында мызғымас 
берік ынтымақ, достық қарым-қатынас қалыптасып нығаяды. Аға 
халықтың өкілдері Щербаков, Козлов, Ковалюк, Лапшиндер жер-
гілікті жердің ұлттық жұмысшы кадрларын, техникалық интелли-
генциясын даярлауда өздерінін бай тəжірибелері мен білімдерін 
бүкпесіз ортаға сальш, аямай бөліседі. Олар шахтаға жаңа келген 
Жəнəбіл, Əкім сияқты жастарды, Жұмабай, Боқай, Балжан сияқты 
ауыл кедейі батрақтарды ғана шахтер өнеріне баулып қоймай, Ермек, 
Сейтқали, Жұманияз, Байтен сияқты кəнігі ескі жұмысшылардың 
да революциядан бұрынғы жалдамалы еңбектен бойларына сіңген 
əлеуметтік кеселдерден құтылуларына көп жəрдемдеседі. Олар ен-
дігі еңбек баяғыдай шахта иелері, ағылшын капиталистеріне емес, 
өздері үшін, халық үшін, Отан үшін істеліп жатқандығын жақсы 
сезінеді. Сондықтан да олардың еңбек энтузиазмы, творчестволық 
белсенділіктері арта береді.

106
107
Жұмысшының семьясында туып, жастайынан-ақ революциядан 
бұрынғы ауыр еңбектің азабын арқалаған Ермек Қарағандының 
күзетінде қалып, кейін Донбастан келген Щербаковтың қолына 
шахтаның кілтін тапсырады. Бұл арқылы Ермек тек кілт қана емес, 
кілтпен бірге Қарағанды өндірісінің ендігі болашағын да сенімді 
берік қолға өткізіп еді деген идеялық тұжырым аңғартады жазушы. 
Кəнігі қарт жұмысшы Ермек шахтаға жаңа келген жастар жұмысқа 
қолбайлау болады да, еңбекақы төмендеп кетеді деген түсініктің 
шырмауынан көпке дейін шыға алмай жүреді. Бұл пікірден ол Əкім 
сияқты жастардың еңбек екпінін көріп барып арылады. Сана-сезімі 
оянып, оқуды сауат ашудан, əліппеден бастаған ол қайлашылар бри-
гадасын кұрып, еңбекте жақсы көрсеткіштерге жетеді. Сөйтіп кол-
лективте зор беделге ие болады да, қарапайым қайлашыдан шахта 
бастығына дейін көтеріледі.
Сол сияқты өндіріске ауылдан келіп, алғашқы қадамның қайланы 
қалай ұстауды үйренуден бастаған жас жігіт Жəнəбіл жастардың 
екпінді бригадасын құрып, кейін Донбасс пен Кузбастан техниктік, 
токарьлық мамандық алып оралады да, Москвада жоғарғы партия 
мектебінен білім алып, партияның басшылық қызметіне ауысады.
Мұның бəрі де қанаудан азат болған социалистік жаңа еңбектің 
жасампаздық күші, советтік құрылыстың құдіреті еді. «Қарағанды» 
романының идеялық-тақырыптық ұтқырлығы да, түптеп келгенде, 
осы күшті нанымды көрсете білуінде.
Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романында осындай көптеген жаңа 
адамдардың бейнесін, ұнамды образдардың галереясын жасады. 
Олардың көпшілігі талас-тартыссыз, күрессіз дамымай, трестің кадр 
бөлімінің начальнигі Рымбек, қамтамасыз ету бөлімі бастығының 
орынбасары Жаппар, мемлекет мүлкін шашып, талан-таражға салған 
Махмет Торсықбаев, шахтер атын жамылған жасырын жау Əлібек 
сияқты тап дұшпандарының зиянды əрекеттеріне қарсы қажырлы 
күрес үстінде өсіп нығайды. Дұшпан əрекеттерін көрсетуде жа-
зушы бұрынғы «Өмір не өлім» романындағыдай сюжет қызықтап, 
қайдағы бір қажетсіз, сенімсіз жайларға ұрынбай, 30 жылдардың та-
рихи шындық шеңберінде суреттейді.
Ғ. Мұстафин өз кейіпкерлерін бірыңғай өндіріс процесі төңіре-
гінде ғана көрсетпей, жеке өмірлеріндегі психологиялық сезім 
күйлерімен, толғаныс-тебіреністерімен жан-жақты бейнелеуге күш 
салады. Автордың бұл игі талабы – Мейрам мен Ардақ арасындағы 
махаббат картиналарынан айқын аңғарылады. Мейрам – партия 
ұйымының басшысы, ал Ардақ болса, бүркеніш жамылған халық
жауы Əлібектің қызы. Осыдан келеді де, бүл екеуінің арасындағы 
шынайы махаббат бірқатар кедергіге ұшырайды. Бірақ əкесінің 
дұшпандығына бірте-бірте көзі жеткен саналы жас Ардақ 
Əлібектен іргесін біржола ажыратып алады да, сүйген жары Мей-
раммен қосылып, советтік бақытты семья құрады. Қайткенде де 
халыққа пайда келтіруді арман еткен Ардақ жұмысшылар арасын-
да сауатсыздықты жою курсында сабақ беріп, қоғамға тиімді еңбек 
етеді.
Сөйтіп жазушы романдағы махаббат мəселесіне байланысты 
туған тартыс жүйесіне де осындай орынды шешім тапқан.
«Қарағанды» романы жазушының оқиғасы мол, тынысы терең кең 
құлашты шығарма жасау талабынан туған көлемді де көркем туын-
ды. Бұл роман қазақ əдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған 
шығармалардың алдынғы қатарынан орын алады.
* * *
Ғабиден Мұстафин шығармалары негізінен алғанда өндіріс өмірі 
мен колхозды ауыл өзгерістерін суреттеуге арналған. Жазушының 
Қазақстанның ауыл өміріндегі өзгерістерді бейнелеп берген үш 
шығармасы үш түрлі тарихи кезеңді қамтиды. Мəселен, оның 
қаламы əбден төселіп, таланты кемелденген кезінде жазылған 
соңғы романдарының бірі – «Дауылдан кейін». Бұл роман Советтік 
Қазақстан тарихының көркем əдебиетте сирек суреттелген кезеңін 
– қазақ аулын советтендіру, жана экономикалық саясатты жүзеге 
асыру, ірі байларды конфискелеу кезеңін қамтиды.
Ғ. Мұстафиннің бұл шығармасы еліміздің тарихында «өтпелі 
дəуір» аталған тарихи кезеңнің ерекшеліктерін суреттейді, оқушыны 
қазақ ауылдарының шындығымен таныстырады. «Кімді кім жеңеді?» 
деген ұран көтерілген қысылшаң кезде партияның қалың бұқараны– 
кедейлерді, орташаларды өз жағына неғұрлым көп тартып, олардың 
Совет өкіметіне ниеттестігін тудырып қана қоймай, сонымен бірге 
социализм үшін күреске тəрбиелеу жолында жүргізген қажырлы 
күресін көз алдыңнан өткізеді. Роман оқиғасы ірі байларды конфис-
келеумен аяқталады.
Ал жазушының 1945 жылы шыққан «Шығанақ» атты романыиың 
алғашқы тараулары ауыл шаруашылығын коллективтендіру 
кезеңінен басталатыны мəлім. Байлардың мал-мүлкі конфискеленіп, 
егіндік, шабындық жерлері бөлінгениен кейін, партиямыз ауыл 

108
109
шаруашылығын коллективтендіру науқанын жүзеге асыруға кірісті. 
Ауыл өмірінде жаңа шаруашылық кезеңі басталды. «Шығанақ» 
романының оқиғасы, міне, осы бір кезеңнің киыншылықтарын су-
реттеуден басталады. Жазушы қазақ ауылдарында колхоздасты-
ру науқанын жүзеге асыру кезеңінің қым-қуыт қиыншылықтарын, 
əр алуан қайшылықтарын бір ғана Олжабек оқиғасына қатысты 
өте ұтымды бейнелеген. Олжабек образынан ғасырлар бойына 
шаруаның қанына сіңген жеке меншікшіл сананың бірте-бірте қалай 
өзгергендігін, коллективтік шаруашылықтың артықшылығы мен 
тəрбиелік ықпалын айқын көреміз.
Əуелде колхоздан қашып үй ішімен үдере кешкен Олжабек жол-
шыбай кездескен сан сəтсіздіктер мен қиыншылықтардан кейін өз 
бақытын тек колхоздан ғана табады да, Шығанақ аулына байыздап 
қоныс тебеді. Тап жауларынын қолында кеткен жарын да ол адал 
еңбек арқылы тауып, еңбек озаттарының слетінде жолығыстырады.
Əрине, романның негізгі оқиғасы – Ұлы Отан соғысы жылдары 
тарыдан мол өнім алып, жүйемелете төрт рет дүниежүзілік рекорд 
жасаған еңбек озаты Шығанақ Берсиевтің өмірі мен еңбектегі ер-
лігін баяндауға арналған. «Шығанақта» көшпелі ауыл отырықшы 
колхозды ауылға айналды. Жеке еңбекті бірлескен еңбек, жеке мен-
шікті бірлескен меншік жеңді. Нағыз байлық, өнер, бақыт – бəрі со-
циализм тұсында жасалатынын көрсетпек болдым... Осы ақылды, 
еңбекқұмар, ізденгіш, алғыр қарт арқылы халқымның бойындағы 
асыл қасиеттерін айтып қалуға тырыстым», – дейді жазушы. Бұл 
атақты диханның ғылым дүниесін таң қалдырған ерлігіне Ғабиден 
Мұстафиннің романынан кейін немістің прогресшіл ақыны Бертольд 
Брехт арнайы поэма да жазды. Ғабиден Мұстафин роман оқиғасын 
негізінен бір ғана планда бас кейіпкердің төңірегіне топтастыра оты-
рып суреттейді. Шығарманың сюжеті де, композициялық құрылымы 
да, жалпы тартыс желісі де Шығанақ басына байланысты өсіп да-
миды. Шығанақ пен Олжабек тағдырын суреттеу арқылы автор 
Совст өкіметі жылдарында қазақ халқының қолы қаншалықты ірі 
табыстарға жеткендігін, қарапайым еңбек адамының санасында 
қаншалықты зор өзгерістер, жаңа қоғамдық қарым-қатынастар туып, 
қалыптасқандығын, советтік патриотизм идеясын ашып көрсетеді. 
Əрбір адамның қоғамдық-саяси бет бейнесі мен моральдық сапа-
сы ауыр сынға түскен Ұлы Отан соғысының қиыншылық жылда-
рында роман кейіпкерлерінің бойына советтік жаңа заман, социа-
листік тəлім-тəрбие еккен адамгершілік асыл қасиеттер барынша 
бой көрсетті. Сондықтан да Шығанақ тарыдан бұрын-соңды болып 
көрмеген мол өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады.
Əрине, мол енім өзінен-өзі туа салған жоқ. Ата-бабаларынан бері 
Ойыл бойын мекендеп, жер сырына əбден қанған қарт дихан өзінің 
өмір тəжірибесін агротехника ережелерімен, ғылыммен ұштастыра 
білді. Көкірек көзі жіті, жан сарайы сергек, сезімтал қарт совет зама-
ны тұсында шығырмен қауға тартудан құтылып, егін суғаруға мотор-
лы техниканы пайдаланды. Тары егісі саласында ғылым дүниесінде 
жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына құлақ түріп, туған жердің 
топырағын зерттеуісіне ат салысты, көп ізденіп, көп толғанды. 
Əрбір үлкен істін, игі бастаманың барысында кездесетін кедергілер 
Шығанақ жолында да ұшыраспай қалған жоқ. Бірақ ол соның бəрін 
де совет адамына тəн табандылықпен жеңе білді. Отаншыл үлкен 
жүрегі бар Шығанақтың адал еңбегі ақталып, зор табысқа қолы 
жетті, абырой-атаққа ие болды. Жазушы ұнамды кейіпкердің өсу 
жолын, даму эволюциясын осылайша суреттейді. Шығанақтың қол 
жеткен табысы сəті түскендіктен бола салған кездейсоқтық емес, 
ғылым мен бай тəжірибенің бірлігінен туған занды құбылыс. Жа-
зушы романның соңында Шығанақтың ізін қуған Жанбота, Амантай 
сияқты мирасқорлар, сондай-ақ даңқты диханнан қалған игі дəстүр 
бар екендігін аңғартады. Шығанақ образы халыққа, Ұлы Отанға 
адал қызмет етуде сан буын жас ұрпаққа үлгі боларлық, тəрбиелік 
ықпалы зор образдардың қатарынан орын алады. Романның негізгі 
идеялық нысанасы да осында. Ал Ғабиденнің алға қойған бұл мін-
детті жүзеге қалай, қай дəрежеде асыра білгендігін көрсету үшін 
марқұм М. Əуезовтің мына бір сөздерін еске сала кету артық бол-
майды:
«Ғабиденнің «Шығанақ» атты романы да өзгеше қызықты 
шығарма. Замандастарымыздың ішіндегі аса көрнекті егіншісі 
Шығанақ бейнесін жазушы халық бойындағы даналық қасиеттің 
жаңа сападағы бір үлгісі, өнегелі адам сипаты етіп көтере көрсеткен. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында сусыз сараң сахарада ғажайып мол 
егін өнім алған еңбек даналығын келісті ғып көрсете білген. Шығанақ 
бейнесінде еңбек батырлығын танытатын өзі дана, барынша адал 
бейілді, совет патриоты жақсы сипатталған. Бұл шығарманың 
өзгеше бір қасиеті роман дағдылы өндіріс жөніндегі шығарма ғана 
болып қалмай, зор көркем шығарма болып қалыптанған. Себебі 
мұнда геройдың ішкі-тысқы сан сипаттарын тұтас алып суреттей-
ді. Адамның ішкі сезімдері, ой толғауы, қажырлы арманы халықтық 

110
111
кең, қызықты мінездер ретінде əдемі үйлесіп, тұтаса қалыптасқан. 
Бұл кітаптың осындай өзіндік өзгешелік қымбат сымбаты бар».
Совет Одағы халықтарының тілдеріне аударылып, жұртшылық 
сынынан өткен романға жоғарыдағы берілген беделді бағаға алып-
қосып, ештеңе айтып жатудың қажеті болмас.
Дегенмен, тұтастай алғанда, қоғамдық жұртшылықтың, оқушы 
қауымның ықылас, ниетіне ие болған романға баспасөз беттерінде 
бірқатар сындар да айтылды. Соның бірі – романның композициялық 
құрылымына қатысты.
Романның алғашқы тарауларында колхоздастыру кезеңінің 
қиыншылықтары, атап айтқанда, 1928-30 жылдардың оқиғалары 
суреттеледі. Олжабек трагедиясына байланысты эпизодпен тына-
тын осы бір сəттен соң шығарманың екінші жартысының оқиғасы 
Ойыл өңірін суландыру үшін Шығанақ ұсынған жаңа тəсілді су-
реттеуден, яғни Ұлы Отан соғысының қарсаңынан басталып ке-
теді. Арада колхоздың қалыптасу, нығаю кезеңін бейнелейтін он 
жылдың оқиғасы жазушы назарынан тыс қалады. Мүмкін, автор 
оның бəрін шығармаға енгізіп, жіпке тізгендей ежіктеп, мүшелеп 
жатуды мақсат тұтпаған да болар. Бəлки, бүл тіпті жазушының 
осы романда қолданған творчестволық тəсілі болуы да ықтимал. 
Бірақ қалай болғанда да жұртшылық байқаған осы үзіліс жақсы 
шығарманың композициялық желісінің тұтастығына едəуір нұқсан 
келтіріп тұрғандығы даусыз. Сол сияқты романның белді бір кейіп-
кері Олжабектің өз семьясын қайта тауып, əйелі Жамалмен қайта 
табысуының дəлелі де жеткілікті ашылып көрсетілмей, көмескілеу 
күйде қалғандығын мойындау қажет.
Жазушының колхоз өміріне арналған тағы бір көлемді 
шығармасы – «Миллионер» повесі. Бұл шығарма жоғарыда аталған 
екі дəуірдегі заман өзгерістерінің қорытындысы, басқаша айтқанда, 
қазақ аулына советтік социалистік құрылыс не бергендігінің айғағы 
тəрізді. 1948 жылы жарыққа шыққан жаңа повесінде жазушы ауыл 
шаруашылығының алдында тұрған жаңа проблемаларды көтеріп, 
жаңа кезеңдегі колхоз өмірінің көріністерін бейнеледі. «Миллионер» 
повесі еліміздегі колхоз құрылысының беріктігін, оның түпкілікті 
жеңісін жариялап қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамдық 
дамуымыздың жаңа дəуірінде өмірдің өзі алға тартқан жаңа міндет-
терді де белгіледі. Шығарманың идеялық-тақырыптық ұтымдылығы 
да осында.
Шығармадағы тартыс белгілі бір кезеңде өз міндетін ойдағыдай 
атқарып, енді қоғам дамуына кедергі бола бастаған ескі əдіс пен 
заман талабын қанағаттандыратын жаңа əдістің арасында дамып 
өрістейді. Жиырма жыл бойы колхоз шаруашылығын басқарып кел-
ген, бір кезде сол колхозды өз қолымен құрғандардың бірі Жақып еді. 
Енді мына жаңа дəуірде заман талабына ілесу оңай емес. Жаңа та-
лап оның бұрынғы беделіне де, сіңірген еңбегіне де қарамай, артель 
шаруашылығын басқару ісінен ығыстырып барады. Өйткені оның 
еткен еңбегінің салмағын уақыт безбені, қоғамның даму қарқыны 
басып отыр. Оның Жомарт жоспарына өз жоспарын қарсы қоюы да 
осы заман тілегін танымаудан туған жағдай еді.
Жақып көпке дейін өзінің «кем өлшеп, кейін тартып» отырғанын 
аңғармайды. Шаруашылықтың барлық саласын механикаландыру, 
электрлендіру заманында колхозды сүрлеу болған ескі əдіс, көне 
тəсілмен басқарамын деу, сөз жоқ, «кем өлшеп, кейін тартқандықтың» 
белгісі, басқаша айтқанда, көп аспапты оркестрге арналып жазылған 
симфонияны жалғыз ғана аспаппен ойнаймын деген сияқты 
əурешілік еді. Сырт қараған кезге оның жоспарында да бəрі бар. Бір 
кезде артель боламыз деп бас біріктірген шағын ауыл қазір қыруар 
үлкен шаруашылыққа айналды. Жеке шаруалардың қолынан жинап 
қосқан азын-аулақ мал қазір мыңғырған байлық болып отыр. Тіпті 
процентке шаққанда да Жақып жоспарына кінə қоюға болмайтын 
тəрізді. Осыған көңілі тоқыраған Жақыптың «Енді не керек?» деп 
ойлауы заңды да. Бірақ Жақып жоспарында бір ғана нəрсе жетіс-
пейді. Ол уақыттың, заманның талабымен санаспайды, өзінің бойы 
үйренген белгілі межеден аспайды. Сондықтан да оның жоспа-
ры колхоз шаруашылығының бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды 
көздеп жасаған Жомарт жоспарына орын береді. Бірақ табиғатында 
байсалды, ойлы, ақыл иесі Жақып өзін ығыстырып бара жатқан Жо-
март, Жанаттар ғана емес, ең алдымен сол жастарды тарих сахнасы-
на ұсынып отырған заман, қоғамдық даму қарқыны екендігін бір-
те-бірте пайымдай бастайды. Ұзақ уақыт өз ойымен өзі арпалысып 
келген Жақып өз қателігін мойындап, Жомарт жоспарын орындауға 
қолғабыс жасайды, сөйтіп, ол шалыс басқан қадамын түзеп, 
музыкалық құралының құлақ күйін қайта бұрайды да, əлгі аталған 
оркестрге, коллективтік еңбек симфониясына қайта қосылады, кол-
хоз бастығы Жомартқа орынбасар болуға келісім береді.
Романдағы негізгі тартысқа түсетін күрделі образ – Жомарт. 
Ол жоғары дəрежелі білімі бар, комсомолда, партия қатарында 
тəрбиеленген батыл да алғыр талантты жас маман, ілгерішіл озық 
идеяны насихаттаушы.

112
113
Жақыптың көзімен қарағанда, Жомартта тəжірибе жетіспейді, 
бірақ оның есесіне оның бойында табиғи іскерлік, заман тынысын 
дөп танитын сезімталдық, бастаған ісінің болашағына деген нық 
сенім жəне табанды қажырлылық мол. Сондықтан да ол Жақыптың 
сырт қараған кезде мызғымастай боп қалыптасып қалған даңқы мен 
беделіне қарамастан, оның жоспарына қарсы шығып, өз жоспарын 
ұсынады. Ұсынып қана қоймайды, жергілікті жəне аудандық пар-
тия ұйымдарының батыл қолдауымен жеңіп те шығады. Бұл баста-
масында ол ең алдымен советтік тəрбиенің жемісі, жоғары білімді 
маман, бастауыш партия ұйымының секретары Жанаттан қолдау 
көріп, сүйеніш табады. Жанат – Жақыптың туған қызы. Бірақ сана-
лы жас Жанат Жақыпқа тек əке деп қарамай, ең алдымен үлкен істің 
басындағы коммунист, жауапкершілігі мол басшы қызметкер деп 
қарайды да, қатал талап қояды. Сөйтіп ол туыстықты, жеке бастың 
мүддесін колхоз мүддесіне, мемлекет, қоғам мүддесіне жеңгізе біл-
ген жаңа сапалы совет адамы ретінде бейнеленеді. Повеске пікір 
айтқан шетелдік жазушы Ральф де Буасье 1950 жылы 20 августа 
Ғ. Мұстафинге Австралиядан жазған хатында былай деп жазды: 
«...Сіз аз сөзбен қарапайым жазасыз, өз халқыңызбен тіл тауып дəл 
сөйлесесіз, сонымен қабат рухани күштің алыбы Жанат сияқты нағыз 
адамдардың ғажайып характерлерін бересіз. Мен оның кездейсоқ 
адам емес, өзін қоршаған ортадан шыққан əйел екенін біле тұрсам 
да, бір қарағанда, апыр-ау, осы шынымен-ақ дəл бүгінгі замандас, 
тұрғыласым ба деп қайран қаламын». Автор осы хатында Ғабиден 
романының қарапайымдылығын атап көрсете отырып: «... алайда 
бұл қарапайымдылық дала гүлінің жұпар хош иісіндей поэзияға 
толы» – деп бағалады.
Көркем əдебиет – өмір шындығының айнасы, өмір материал-
дарымен тығыз байланысты. Тұрмыста, тіршілікте кездесетін 
фактілер, материалдар көркем əдебиетіміздегі көптеген ұнамды-
ұнамсыз образдардың тууына себепші болып жатса, соған орай, ше-
бер жазылған көркем шығарманың өмірге, қоғамға ететін тəрбиелік 
ықпалы да аз емес. Мəселен, бүкіл еліміздің пионерлері арасында 
кеңінен өріс алған тимуршылар қозғалысы Аркадий Гайдардың та-
лантты кітабынан кейін басталғандығы белгілі.
«Миллионер» повесі 1947-48 жылдары жазылды. Бірақ көтерген 
проблемалық мəселелері жөнінен оның құндылығы бұрынғыдан 
арта түспесе, кеміген жоқ. Ол жылдары республикамызда шын 
мəніндегі миллионер колхоздардың саны да, сондай-ақ Жомарт 
типтес білімді маман бастықтардың саны да соншалықты көп емес 
еді. Бұл туралы Ғ. Мұстафиннің өзі: «Жазушының ойынан өмір 
əлдеқайда кең, шапшаң əрі əдемі. «Шығанақты» бітіріп, жарыққа 
шығарғанымша ауыл өмірі алға кетіп қалды. «Миллионер» повесін-
де мен енді өмірдің алдын орамақ болдым... Осылай болады, əдебиет 
болғанды айтумен тынбайды, болашақты да айта алады, деген марк-
стік-лениндік қағидаларға сүйендім. Сөйтіп өмірдің алдын орадым 
деп жүргенде бүгінгі колхоз тағы да менің ойымнан озып кетіпті», 
– дейді.
Кейінгі жылдары Коммунистік партия ауыл шаруашылығын ба-
рынша өркендету ісіне айрықша көңіл бөлуде. Кəнігі қарт кадрлардың 
тəжірибелерін пайдалана отырып, шаруашылықты басқару ісіне тех-
никаны жақсы меңгерген жоғары білімді маман кадрларды, əсіресе 
жастарды батыл ұсыну күн тəртібіне қойылып отырған кезде Жомарт, 
Жанат сияқты образдар зор тəрбиелік роль атқарады. Атап өтетін бір 
жағдай – жазушы бұл повесінде шаруашылық мəселесін жалаң баян-
дап, бірыңғай кетпей, тартыс үстінде кейіпкерлерінің психологиялық 
сезім күйлерін, мінез-құлқындағы ерекшелік қасиеттерін, характер-
лерін даралап, айқындап отырады. Повесте жоғарыда айтылғандардан 
басқа Алма, Ахмет, Баймахан т. б. кейіпкерлердің өзі де осылайша 
дараланып, көркем образдың деңгейіне көтеріле көрсетіледі.
Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» повесі қолда барды қағазға түсіріп, 
өмірде болғанды ғана баяндаған шығарма емес, колхоз құрылысының 
келешегіне ұзақ та кең өріс меңзеген, зор болашақ нұсқаған, реа-
листік суреттерін асқақ романтикалық леппен ұштастыра білген 
қүнды да көркем туынды. Проблема қою жөнінен «Миллионер» 
повесі тіпті Одақтық үлкен əдебиетіміздің өзінде ең алғашқы 
шығармалардың бірі болды. Сондықтан да марқұм А. Фадеев бұл 
повесті совет əдебиетінің озық шығармаларының қатарына қосты, 
ал партиямыздың орталық органы «Правда» өзінің 1949 жылғы 
17 июньдегі санында «...Жаңалық сезімін бойына сіңіре алған» 
шығарма деп аса жоғары бағалады.
Повесте жазушы көтерген күрделі мəселенің бірі – Ахмет 
ұстаның образына байланысты еді. Табысы мол еңбек адамы Ах-
мет ұста жекеменшіктің азабынан құтылып, қоғамдық еңбекке 
уақытты көбірек үнемдеу үшін, бос уақытта жеке шаруашылыққа 
əуре болмай, еркін тыныстап, демалу үшін, өз малын колхоз ферма-
ларына бақтырып, ақысын төлеуді, ал керек-жарағын кезінде колхоз 
қоймасынан алып тұруды ұсынады. Повеске сын айтқан кейбір сын-

114
115
шылар бұған тосырқай қарап, «бұл – ауыл шаруашылық артелінің 
уставында жоқ», «Ахмет бойына лайық емес жасанды қылық», «Иде-
ясы тым жеңіл, қате болып шыққан» деген сияқты пікірде болғаны 
мəлім. Шындығында, бұл өз кезінде Ахмет сияқты қарапайым еңбек 
адамының творчестволық ойлауының жемісі, іздену фантазиясы еді. 
Ал қазірде коммунизмге карай қадам басып отырған шақта əрбір 
Қарапайым еңбек адамының бұлайша қиялдауы – кісі тосырқай, 
шүбалана қарайтын күдік болудан қалды. Қазір қоғам мүддесі үшін, 
оның неғұрлым қорланып, байып, өркендей беруі үшін, біреу емес, 
мыңдар, миллиондар ойланатын шаққа жетіп отырмыз. Жазушы 
– өмірдегі барды ғана бадырайтып айтып беруші емес, болатынды 
да, болуы мүмкінді де творчестволық тұрғыдан болжаушы екенін 
мойындасақ, Ахмет ұсынған пікірде көркем əдебиеттің заңына сый-
майтын немесе ауыл шаруашылық артелінің уставына қиғаш ке-
летіндей көзге басылып тұрған ештеңе көрінбейді.
Ахмет əрекетінің артель уставында жоқ тармақ, белгілі дəрежеде 
қайшылық екенін айта келіп, жазушы Сəбит Мұқанов 1948 жылдың 
əдебиетіне шолу жасаған мақаласында: «Бірақ залалды қайшылық 
па осы? Социализмнің мақсаты коммунизмге жету болса, жəне 
коммунизмнің өзі өзгеден емес, осы социализмнің өзінен туатын 
болса, жəне, сол коммунизмнің өзі алдыңғы қатардағы колхозда-
рымызда қазірдің өзінде туа бастаса, осы туа бастаған бүгіні де, 
ертеңі де айқын жасалған даусыз істі жазушы бүгінгі колхоз уста-
вынан шығыңқырай айтса, меніңше бұл ренжірлік емес, қуанарлық 
іс. Ғабиден бізді Ахмет образы арқылы осылай қуандырады» – деп 
жазды.
Сондай-ақ, кезінде Ахмет ұсынған жайлардың нышаны респуб-
ликамыздағы кейбір колхоздардың өмірінде көрініс бере баста-
ғандығын баспасөз беттерінен де оқып отырмыз. Мысалы, қазірдің 
өзінде қоғамдық тамақтану жүйесіне көшіп, тіпті сүт, ет, овощ сияқты 
тағамдардың өзіндік құнына бір орталықтан алуды тəжірибеге енгі-
зе бастаған колхоздар бірен-сарандап шыға бастағаны мəлім. Демек, 
аз ғана уақыттың өзі Ахмет образы арқылы көтерілген мəселенің 
дұрыстығына, жазушының бұл образ арқылы қайдағы бір іске 
аспас қиял дүниесін емес, болашағы бар проблемалық мəселені 
көтергендігіне көз жеткізіп отыр. Демек, бұл шығарманың кемшілігі 
емес, қайта жазушылық сезімталдықтың айқын белгісі деп тануымыз 
қажет. Жəне бір ескеретін жағдай, бұл мəселеге Ғабиден төтесінен 
барғанмен, сол кезде тіпті бүкілодақтық əдебиетте де көтерілген 
мəселе екен. Жазушы Александр Яшин өзінің Фадеев жөнінде 
жазған «Бас əріптен» деп аталатын естелігінде былай деп жазады: 
«Жазушылар клубында болған жиналыстардың бірінде Александр 
Александрович өзі таяуда ғана болып қайтқан Волга бойындағы 
бір колхозда үй маңындағы участоктен бас тартуға, жеке меншікте-
гі барлық сиырды колхоз табынына қосуға шешім қабылданыпты. 
Өйткені адамдар есептеп көрсе колхозшыларды барлық қажетті 
ауыл шаруашылық азық-түліктерімен қамтамасыз етуге қоғамдық 
шаруашылықтың қабілеті жететін көрінеді. Фадеев мұны колхоз 
өміріндегі үлкен өзгеріс, зор жаңалық, мұның мезгілі жетті деп білді 
жəне жолдастарды осы туралы жазуға шақырды».
Повесте пікір талас туғызған тағы бір мəселе – Жанат, Жомарт, 
Алма арасындағы ішкі сезім дүниелерінің тартысы. Шынында да, ав-
тор оқушы көңіліне күдік келтіретін дүдəмал жайларға орын бергені 
байқалады. Əсіресе ойламаған жерден Алманың көзінен айрылып 
қалуы сендірмейді. Бұл орайда «өмірде солай болуы да мүмкін ғой» 
деген сылтау автордың аздап болса да жасандылыққа ұрынғанын 
ақтап ала алмайды. Өйткені көркем əдебиетте болуы мүмкін 
нəрселердің сурсттелуі өмір заңына, өнер заңына лайық логикалық 
дəлелімен, оқушыны сендірерлік құдірет-күшімен берілуге тиіс. Сол 
сияқты мүгедек болған Алманың ішкі жан дүниесінің арпалысы да, 
Жанат, Жомарттардың сезім жетегінде кетпей, тізгінді ақыл тежеу-
іне берулері де, «Күншуақ» атты күйдің туу тарихы да əлі де болса 
біраз əрлендіріп, ұштай түсуді керек етеді.
Алайда, бұл олқылықтар повестің жалпы көркемдік құндылығын, 
оның тəрбиелік зор ықпалын жоққа сая алмайды.
«Миллионер» повесі ағылшын, неміс, франңуз, испан, поляк, 
болгар, чех, венгер тілдеріне аударылды.
Міне, Ғабиденнің қазақ ауылдарының социалистік Қүрылыс 
жылдарындағы үш кезеңін сипаттайтын «Дауылдан кейін», 
«Шығанақ», «Миллионер» атты шығармаларында үңіле қараған 
көзге көрінетін осындай өзара бір сабақтастық бар. Ол – біріне-
бірі жалғасып келіп отыратын əр дəуірдің замана шындығы. Де-
мек, осы тұрғыдан алғанда бұл шығармаларды қазақ ауылдарында 
социализмнің орнығып, нығаю дəуірінің эпикалық трилогиясы деп 
атауға болар еді.

116
117
* * *
Көркем əдебиетте халық тарихының талай кезеңдерінен елес бе-
ретін елеулі ескерткіштер жасалған екен. Бірақ азамат соғысынан 
кейінгі халық шаруашылығые қалпына келтіру дəуірінің алғашқы 
жылдарына, ауылды советтендіру кезеңіне ескерткіш боларлықтай 
іргелі шығарма, шынында да, некен-саяқ.
Бейімбет Майлиннің бірқатар əңгімелері мен бір актілі пьесалары-
нан, Сəбит Мұқановтың аяқталмаған «Теміртас» романынан соңғы 
сол бір кезеңге арналған кесек туындылардың бірі – Ғ. Мұстафиннің 
«Дауылдан кейін» романы.
Елімізде азамат соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін партия 
социалистік шаруашылықтың негізін жасау мақсатымен жаңа 
экономикалық саясат жүргізді. Бұл жаңа саясат барлық өкімет 
билігінің тізгінін еңбекшілердің, пролетариаттың қолында сақтай 
отырып, капиталистік элементтер мен жеке саудаға да едəуір еркін-
дік берді.
Саяси жеңіске жеткен социализмнің капитализмді енді эконо-
микалық жағынан да жеңіп, жеке сауданы мемлекеттік сауда 
ығыстырып шығуын қамтамасыз етуге жағдай жасаған партияның 
жаңа саясаты қазақ аулында да кеше революция тұсында тұншығып 
қалған байлардың уақытша бас көтеріп, бой жазуына мүмкіндік 
туғызды. Бұл кез – тап тартысы тынбаған, қайта ашық та құпия, 
қанды-қансыз – əр түрлі формада қызу жүріп жатқан шақ еді. Ен-
деше, шындығына келгенде, əңгіме «Дауылдан кейінгі» тыныштық 
жайында емес, нағыз сұрапыл дауылдың өзі жайында болып отыр. 
Міне, Ғ. Мұстафиннің бұл романы қазақ аулындағы сол бір өтпелі 
дəуірдің осындай ерекшеліктерін суреттейді. Жазушы өз оқушысын 
сонау өткен күндердің тынысын айқын танытарлықтай қым-қуыт 
оқиғаларға ертіп кіріп, заман сырына əбден қанықтырады. Уақытша 
есін жиған байлардың Совет өкіметіне қарсы сонау алыс жылдарда 
жасаған ашық та жабық қастандық əрекеттерін бүгінгі жас ұрпаққа 
баяндап береді. Жазушының бас кейіпкері де – сол бір тарихи 
кезеңнің айқын шындығы десе болғандай.
Күні кеше – азамат соғысы жылдарындағы соғыс коммунизмі 
саясатының кезінде армияға 15 ат, айғырын сауырынан басып алып 
кеткен Қалқаға бір ауыз сөз айта алмаған Шəкен мырза мына жаңа 
экономикалық саясаттың тұсында төрт-бес жылдан бері тығулы 
жатқан ақ үйін қайта көтерді. Бұл тұста ол «ақтар қашып, қызылдар 
қуған» сонау бір өткен дүрбелең жылдарды шошына еске ала оты-
рып, «заман бірте-бірте түзеліп келеді» деп үміттенуде.
Ата-бабасының қолынан болыстық кетпеген Малқар сол билік-
тен тек революция жеңген жылдарда ғана айрылып қалған болса, 
мына жаңа саясаттың кезінде оның да өлгені тіріліп, өшкені жанып 
отыр. Болыстың мөрін жан біткеннен жасырып, тіпті секретарьдың 
қолына беруге қимай, кең қамзолының қойын қалтасына қымтай 
да қызғана тығып жатқан «жалпақ боз бие сияқты» семіз Балқия 
– Малқар болыстың бəйбішесі.
Белгілі бір кезеңде бөлең алған бұл сияқты ауыл жуандарының 
арқа сүйер қолдаушылары да жоқ емес. Олар – коммунистік атақты 
жамылып, советтің уездік басқару орындарына кіріп алған Ермекбай, 
Теміржан сияқты байшыл оқығандар, қазақ еңбекшілерін ғасырлар 
бойы құрсауынан босатпай келген қараңғылық пен надандық тағы 
бар.
Октябрь революциясы қазақ кедейінің қолына билік əперіп, ауыл 
өміріне алуан түрлі жаңалық енгізді. Бірақ ел басқару ісінде бұрын-
соңды тəжірибесі, дəстүрі жоқ қазақ кедейіне бүл жаңалықтарды 
тосырқамай, бірден игеріп əкету оңайға түскен жоқ. Көзі ашық, 
оқыған азамат деп, Мақаш бидің баласы Сайлаубекті болыстық 
ревкомның председателі етіп сайлап еді, «көн құрысып, қалпына 
тартты да», ол əке жолына түсті, халықпен істесе алмады. Ата-баба-
сынан бері қарай мал бітпеген тақыр кедей Шалабайдың қолына аз 
күн биліктің тізгіні тигенде, ол қонаққа да винтовкасын ала барып: 
«Əуелі сен же, қара құдай. Саған берілген ас. Маған берсе, баяғыдан 
бері қайда жүрген»,– деп, мылтығын табаққа сұғатын солақайлық, 
асыра сілтеушілік мінездеріне бола таяқ жеді де, ақыры ІІІəкен 
сияқты байлардың азғыруымен кісі өлтіріп, қашқындық жолға түсті. 
Неге? Бұл жолға оны не нəрсе итермеледі? Əрине, заман. Шалабай-
лар табиғатында бұзық туған адам емес, белгілі бір дəуірде айна-
лада болып жатқан қым-қуыт əлеуметтік төңкерістердің айдынын-
да адасып, малтығып, жолын тауып жағаға жете алмай, шымырлап 
жатқан шыңырауға батып кеткендердің бірі. Кейін оқ тиіп ауыр жа-
раланып, қолға түсіп, əл үстінде жатып болыстық милицияның на-
чальнигі Аманға жауап беріп отырған Шалабайдың сөздері осыны 
дəлелдейді.
«Дүние шіркін қашаннан да күштінікі ғой. Əділет, теңдік, құдай 
жолы, халық жолы дегендердің бəрі жай сөз. Əлі келсе, əлімжеттік 
істемеген адамды көргем де, естігем де жоқ. Сондықтан мен де біраз 
қиғылықты салдым. Əрине, біреу дөрекі, біреу сыпайы, біреу ашық, 
біреу жабық істейді. Менікі – дөрекісі, ашығы болар.

118
119
Айырмасы тек осы ғана. Білем, жұрт көзінде мен – құтырған 
қасқыр. Құтырсам, қорлықтан құтырған болармын. Жыртық үйде, 
жабағы жөргекте өстім. Қарным ашып тамақ сұрағанда кедейлікке 
кейіп шешем зекіді. Тезегін теріп, бұзауын бақсам да, бай зекіді. 
Тұщы етіме ащы таяқтар, жас жаныма шаншу сөздер беріш бо-
лып байланды. Ауылда жарымаған соң қалаға тарттым. Қайда бар-
сам да қорлықтан, жоқшылықтан құтыла алмай қойдым. Сөйтіп 
зығырданым қайнап жүргенде «құтқарам» деп Совет үкіметі кел-
ді. Қолыма қару, астыма ат берді. Мен алдымен жұрттан кек алуға 
кірістім. Ашқан қарнымды тойғызып, үстімнен ескі шоқпытымды 
тастадым. Осыдан басқа түк жазам жоқ. Совет соңыма түсті. Ақыры 
міне ұстады», – дейді ол.
Ағынан жарылған əділ сөздер. Жолын таппай, адамшылықтан 
шығып кеткен, бірақ қандай қайратты, өжет адам! Тағы бір тақыр ке-
дей Əдхам болыстық ревкомға бастық болысымен, партия саясаты-
на түсінбей, байларға қырғидай тиіп, олардан қорқытып, пара алып, 
мал жинай бастады да, Шəкендей қалталы байдың тізесіне шыдамай, 
түрмеге түсті. Азулымен алысам деп сауырын алдырған əпербақан 
Əдхам қазір үйірге қосыла алмай, саяқ шығып, елден сырғақсып кет-
кен жайы бар. Бұл кезде ол қайтадан қой жаюға арланады, қызмет 
колдан келмейді, оқуға жасы өтіңкіреп кеткен, сондықтан да қолына 
билік тиген сонау бір күндерін, бүкіл өмірінің ең бір есте қаларлық 
жарқын шағы ретінде «мен атқа мінген кезде» деп еске алуды ғана 
ермек етіп қалған.
Сол сияқты ауылнай боп жүрген Байбол да кедей атаның ба-
ласы. Бірақ ол да соңғы кезде байлардың шылауына ілесіп, кедей 
ауылдарға əкіреңдей бастайды. Өз үйінің маңдайшасына кеңсе деп 
қызыл жалау байлатып жүрген Байболдың жайы да алдыңғылардан 
асып жүрген жоқ. Оның бар кеңсесі мойнына таққан жалғыз киіз 
сумкасы мен тұтқасынан сыдырылып қалған резинка мөр. Ол мөрдің 
де билігі Шəкен мырзаның қолында. Шəкенге қанша қажет болса да, 
Байбол ақ қағазға мөрін сонша басып бере береді. Байлар жапқан 
өтірік жаланы куəландырған осы мөр Қасен сияқты көзі ашық, оң 
мен солын танитын, еті тірі кедей жігітті абақтыға да түсіреді.
Міне, есін жиған зорлықшылар бұл сияқты заңсыздықтың бəрін 
заң жолымен, совет қызметкерлерінің қолымен жасайды да, өздері 
қалтарыста қаға беріс көрінбей қалады. Айлалы əккі дұшпан таптық 
санасы оянған адал еңбекшілерді арандатып, орға жығады. Оқуға 
көбінесе бай балалары алынады. Мүның бəрінің себебі, құпия сыры 
неде екендігі ауыл кедейінің санасына əлі де толық жете қоймаған. 
Түсіне қалған күннің өзінде де олар байларға қарсы алысу, күресу 
керек деген пікірге бара бермейді. Қазақ кедейінің сол кезде ауылға, 
тұрмысқа енген жаңалықтар жайындағы түсінік дəрежесін аңғартатын 
бір ғана мысал келтірейік. Шəкен мырза желісінің басында екі малай 
– Тоқабай мен Таймас бие сауып жүріп əңгімелеседі:
«Тоқа, сіз білесіз ғой, айтыңызшы: болыс күшті ме осы, болком 
күшті ме?
– Болкомның қолында не бар, болыс күшті де.
– Болыс пен милицияның қайсысы күшті?
– Болыс тұтқындай алмайды, милиция тұтқындайды.
– Сот күшті ме, милиция күшті ме?
– Сот бəрінің енесін ұрып жібереді».
Осы шағын диалогта қаншама терең сыр, қаншама заман 
шындығы жатыр. Тоқабай неліктен кедейлердің сөзі өтпейтіндігін, 
байлардың құрығы неліктен ұзын екендігін де бірсыдырғы дұрыс 
түсінеді. «Ақшадан мықты жоқ. «Құрысын буржуй!» – деп ақыра 
келген советтің өзі жуасып қалды. Ауылға көзін аларта уəкіл келеді, 
ақ үйден аттанарда жымия күледі. Бəрі ақшаның күші...», – дейді ол. 
Бірақ соны түсіне тұра, ол қасындағы жас жалшыға: «Балталымен 
алыссаң да, қалталымен алыса көрме»,– деп кеңес береді. Өйткені 
бұл оның санасына сұм заманда еңсесін басқан ауыр тұрмыстың 
зардабы сіңірген, өмірден алған философиясы.
Ал байлар болса, өз зұлымдықтарын өткізу үшін, кедейдің соңына 
екінші кедейді салып қойып, үстінен арыз бергізіп, арам пиғылдарын 
азғындық жолмен жүзеге асырады.
Қазақстан тарихындағы белгілі бір кезеңнің Ғ. Мұстафин сурет-
теген шындығы, міне, дəл осындай. Жазушы баяндап отырған бұл 
жайлардың бəрі де оқушы жанмен сезінерліктей, көкейге қонымды, 
айқын бояулы суреттер.
Кітапты оқып шығып, соңғы бетін жапқанда, оқушы «қандай 
аласапыран күндерді, қандай ауыр қиыншылықтарды, қилы-қилы 
замандарды бастан кешіргенбіз» деген сауалға соқпай өте алмай-
ды. Алуан түрлі əлеуметтік топтың бет бейнесін айқындайтын то-
лып жатқан типтік образдардың іс-əрекеті, мінез-құлқы арқылы бұл 
сұрақтың жауабы да табылады.
Бір ғана Қазанқап жалшының өзі көптеген жайларды аңғартады. 
Ол – Шəкен мырзаның есігінде жүрген малайлардың бастығы. 
Қазанқап Шəкен үйінің отынымен кіріп, күлімен шығады, айтқанын 

120
121
екі етпейді жəне барлық жалшыдан осыны талап етеді. Пішен ба-
сында шабындық жеріне өтіп кеткен Жақыптан қорғанып сілтеген 
Əлжанның шалғысы Шəкеннің бір атының аяғын кесіп кеткенде, 
Қазанқап Əлжан сияқты кедейді бір қойып ұшырып түсіреді. Əлжанға 
бұл істі байдың өзі кешірсе де, малайы кешірмейді, «айып тартпай, 
ат төлемей кетті»,– деп, бір жыл бойы іштей наразы болып жүреді. 
Отарда мал баққан жылқышылардың қасында байдың малын қарадай 
қызғанып, «қасқыр тартқан соң сойдық»,– деген жылқышы сөзіне 
сенбей, керулі тұрған жабағы терісінің тіс жыртқан жерін көзімен 
іздеп отырған да осы Қазанқап. Мырзаның соғымға соятын малын 
алып келе жатып, қақап тұрған боранда адасып жүріп, құдыққа құлап 
мертігіп, иен далада қалғанда да, ол өз басынан бұрын бай малының 
амандығын тілеп, əуелі соны құтқарады. Басы қамауға, мал-мүлкі 
талауға түскен, жері конфискеленіп, өзі жер аударуға кесілген соңғы 
сағатта да Шəкен қасында қалатын осы Қазанқап. Ол тіпті Шəкенмен 
бірге қоныс аударып, ере кетуге дейін барып, жүруге қам жасайды. 
Ғасырлар бойы үстемдік еткен феодалдық-патриархалдық идеология 
сан кедейдің көкірек көзін байлап, таптық санасын тұншықтырып, 
оның орнына рушылдық сезімдерін ұштап, сол арқылы «ағайын 
арасындағы араздығын» болдырмай келгендігінің бір əдемі мысалы 
осы Қазанқап басынан көрінеді.
Оның барлық жалшыға айтар ақылы біреу ғана: Байдың «ала 
жібін аттама, суын сүт қыл, жаныңды аяма!»
Міне, осы Қазанқаптың мінездемесін жазушы былайша береді: 
«Жалда жүрсе де, дəл қазір оннан аса ірі мал тұяғы бар, шетінен 
ұрғашы, бірін жұмсамайды. Жыл айналғанда олар балалап, екі есе-
ге жақын көбейеді. Сөйте-сөйте төрт-бес жылдың ішінде-ақ мал 
саны жүзге жетіп қалады. Əттең, лажы табылмайды, егер табылса, 
Қазанқап сонын өзінде ол малды ішіп-жеместен, Шəкеннің есігінде 
жүре берер еді».
Қандай көзсіз берілгендік!.. «Адамда Қазекеңнен, айуанда қара 
төбеттен артық берілген бар ма екен мырзаға» деп романда Таймас 
жалшы тегін айтпаған.
Шынында да осындай берілгендігі, адал еңбегі үшін Шəкен мыр-
за Қазанқапты өзге жалшылардан артық ұстайды. Қулығына құрық 
бойламайтын арамза мырзаның «Қаке, өзіңіз білесіз», – деп көпшік 
қоя сөйлеген сөздері Қазанқапты елірте-елірте осындай фанатикалық 
халге душар етіп, байдың малын қызғыштай қорыған итаршылық 
қалыпқа түсірген.
Міне, дəл осы Қазанқап сияқты кедейлердің санасына совет сая-
сатын, социалистік идеяны сіңіру, романдағы коммунист Жұмабек 
айтқандай, төбесін тесіп құюмен бірдей. Біреу емес, бірнеше қазан-
қаптардың жаңа өкіметке ниеттестігін туғызып, оларды күрес иде-
ясына бүру үшін, Коммунистік партиямызға қаншалық табанды 
күрес жүргізуге, қаншалықты қиындықтарды жеңе білуге тура кел-
гендігін тек осы образдың өзінен-ақ аңғаруға болады.
Асылында, Қазанқап – жазушының терең толғанып, əбден 
мүсіндеп, сəтті жасаған кесек те күрделі образдарының бірі. Бұл об-
раз – жазушының үлкен табысы. Оның іс-əрекеті, мінез-құлқы, бүкіл 
тұлға-тұрпаты – бəрі де өнеркəсіпті капиталистік елдерде кездесетін, 
пролетариаттың қалың бұқарасынан оқшау тұратын, үстем таптың 
еңбекшілерге буржуазиялық идеологияны таратуы үшін ықпал 
жасауға қажетті қолжаулығы болып табылатын, революциялық іске 
кесірін тигізетін «жұмысшы аристократиясы» деп аталған əлеуметтік 
топтың мал баққан қазақ аулына тəн көрінісін көзге елестетеді. Жа-
зушы ауыл өміріне революция дабылымен кірген өзгерістердің, əр 
алуан əлеуметтік топтар арасындағы арпалысқан əбігершіліктің 
жалпы панорамасын осылайша дəл де көркем бейнелейді.
Романда көтерілген басты мəселенің бірі – партиямыздың орта 
шаруаларды Совет өкіметі жағына тарту жолында жүргізген күресі 
мен тəрбие жұмыстары. Романда бұл істі жүзеге асырушы партия 
қызметкерлері Жұмабек пен Алексей Федорович образдары да едəуір 
сəтті шыққан. Олардың Аман сияқты революциядан жырақ жүрген 
орта шаруа өкілін советтік идеяға бұру жөніндегі іс-əрекеттері де 
нанымды.
Шығармадағы өзекті оқиғанын басынан аяғына дейін қатысып, 
тартысқа түсетін бас кейіпкер Аман – орта шаруаның өкілі. Жазушы 
бұл кейіпкермен оқушыны романның алғашқы беттерінде-ақ таныс-
тырып өтеді.
Астына жүйрік ат мініп, қасына қос тазы ерткен, жасы жиырма-
дан көп ұзамаған ақсары жігіттің бар ермегі əзірге саятшылық. Ол 
əлі қоғамдық өмірге араласып, тартысқа, топқа түскен жоқ. Бірақ 
оның сырты қайшылықты жайбарақат көрінгенімен, болып жатқан 
өзгерістерді өзінше пайымдай, көп жайлардың мəн-мағынасын 
өзінше топшылап, арнайы қояр сауалдары да бар. Өмірде өз жолын 
əлі белгілемеген жас жігіттің ішкі ойлары да соншалықты мазасыз. 
Осындай ойларды арқалай жүріп, əлеумет өмірінен алшақтап, сырт 
қалған Аманды заман ағымы тартысқа түсірмей қоймайды. Əлдінің 

122
123
əлсізге жасаған зорлығын көре тұрып, жетесінде оты бар талапты 
жас бой тасалап қала алмай, күреске өзінен өзі келіп килігеді. Жұрт 
көзіне бұйығы, мондыбастау көрінетін, əлі ашылмаған бала жігіт 
болыстың шабарманы Шөгелді шаршы топтың алдында аттан жұлып 
алып, жанашыр жақын нағашысы Сыздықтың жалғыз атын араша-
лап қалады. Бұл – Аманның алғаш рет зорлықка ашықтан-ашық 
жасаған қарсылығы, əлеуметтік тартысқа кірісуі еді. Осы жолы ол 
тіпті шабарманына ара түскен Малқар болыстың өзінің «жағасын 
жыртуға да» əзір екендігін əкімдердің алдында тайсалмай айтып 
шығады. Осыдан бастап соңына шырақ алып түскен ел жуандарының 
қудалауына душар болған Аман, өз болашағы коммунистермен бірге 
екендігіне əбден көзі жетеді де, ауылда жастардың ячейкасын құрып, 
көп кешікпей Ақмолаға совет қызметкерлерін дайындайтын курсқа 
оқуға кетеді. Сонда жүргенде ол облыстық комитеттің мүшелігіне 
сырттан сайланады да, кейін болыстық милиция бөлімінің началь-
нигі болып елге оралады. Осыдан бастап оның ендігі өмірі үлкен 
əлеуметтік оқиғалардың аясында, күрес-тартыстың ортасында өтеді. 
Бірде кедейдің байға кеткен есесін əперуге тура келсе, енді бірде 
жер дауын немесе жесір дауын шешуге тура келеді. Малға сатылып 
еріксіз кеткен əйел, барымтаға аяқ артар көлігі немесе бала-шағаға 
сүт болып отырған жалғыз сиыры кеткен кедей-кепшіктер – бəрі де 
Аманды паналап, ақыл сұрайтын болады. Осындай күрес күндерінде 
оның бұғанасы бекіп, ойы да, бойы да биіктей түседі. Кейін ол уезд 
бастығы болып тағайындалады. Айналада болып жатқан өзгерістердің 
бəріне де Аман нағыз коммунистік тұрғыдан əділ баға береді. Кезін-
де республикалық мекемелердің бірін басқарған, ұлтшылдық ниеті 
бар кертартпа Жандосты да ол талас үстінде дəлелін асырып сөзбен 
жеңеді. Қазақ халқы үшін жайлауға шығудан, көпшелі өмірден артық 
рахат жоқ деген Жандосқа ол:
«Мен жайлауға қарсы емеспін, жайлаушылдыққа қарсымын... Бай, 
тіпті, орташа мал жая келсін. Ал кедейлер соларға көз сүзуден басқа не 
бітіреді? Менімше, қазақтың көшімпаздығы көшқұмарлықтан емес, 
лажсыздықтан... Енді тек отырықшы болса ғана жариды... Қайта 
көшпелі елдің күні оларға күнде түседі. Қойын бір қағаз шайға, атын 
бір қапшық астыққа сатып, жайлаушыл қазақ не оңады? Ел деген 
атымыз бар. Елдік мұрамыз бар ма?! Бабаларымыз іс қалдырмай, сөз 
қалдырыпты. Оның өзі жиюсыз, шашылып жатыр. Ұшан-теңіз жер-
ге иеміз. Оның да тек түгін сорып, суын ғана ішеміз. Ішін ақтарып, 
шырынын əлі ала алмадық. Осының бəрін менен артық біле тұра 
отырықшы өмірден қашақтауыңызға қайранмын», – дейді. Орынды 
да, дəлелді де пікір, ойы өскен парасатты ақылгөй адамнан шығатын 
сөз. Осыдан кейін Аманның өзімен бірге оқып шыққан Əлжан, 
Нұрғали, Қасендерге, Таймас, Тоқабайларға саяси сауаты жағынан 
ұстаздық құра бастауы да заңды боп көрінеді.
Романға осы Аман образына байланысты кейбір сын пікір-
лер де айтылды. Олардың кейбіреулері, бас кейіпкер Аман образы 
шықпаған, одан гөрі революцияның жаулары, ұнамсыз кейіпкер 
Шəкен мен Малқар болыстың образдары əлдеқайда күшті шыққан, 
ал олар өздерінің əлеуметтік бет-бейнесі, бағыт-бағдары жағынан 
өзінен өзі табиғи түрде бас кейіпкер бола алмайды дегенге сая-
ды. Бұл пікірдің белгілі дəрежеде шындығы да жоқ емес. Бірақ бір 
нəрсені ескеру қажет.
Ең алдымен, Аман – «қойын құрттап, айранын ұрттап» қана, са-
яси күрес, əлеуметтік тартыс дегеннен бойын аулақ салып, бұйығы 
өскен орта шаруаның өкілі. Ол өз басына күштілер мен тістілердің 
таяғы тигенге дейін мүлде битарап күйде жүреді. Бірақ заман 
ағымы оны еріксіз əкеп күреске қосады. Демек, мұндай жағдайда 
Аманның ел ісіне араласа кеткен бойда Шəкен, Малқаралардың 
деңгейінен табыла қоймауы табиғи нəрсе. Бұл алуандас сын бір кезде 
М. Əуезовтің «Абай жолы» атты төрт томдық эпопеясының алғашқы 
кітабындағы Абай асына да, сондай-ақ Ғ. Мүсіреповтің «Оянған 
өлке» романындағы Бұланбай, Сүгірəлі сияқты жұмысшылардың 
образдарына да айтылған болатын. Демек, эпопеяның алғашқы 
кітабында əлеуметтік өмірге енді ғана араласқан Абай еңсесінің 
Құнанбай шоқтығынан анағұрлым аласа тұруы, сондай-ақ өндіріс 
өмірінің босағасын жаңа аттаған Бұланбай, Сүгірəлілердің Игілік, 
Ушаковтардан төмен тұруы заңды құбылыс. «Абай жолы» қазақ 
өмірінің жарты ғасырлық тарихын бейнелеген төрт томдық эпопея 
болса, «Оянған өлке» – жазушының жоспары бойынша ұзақ уақытты 
қамтитын трилогияның I кітабы. Бұл шығармалар көп планды, 
құлашы кең романдар болғандықтан, олардың алғашқы кітаптарын-
да бас кейіпкердің солай көрініп, бірте-бірте кемелденуі, сатылап 
өсуі шындық шеңберіне сыйымды. Ал «Дауылдан кейін» рома-
нында жағдай басқаша. Бұл шығарманың қамтитын уақыты белгілі 
бір жылдардың шағын шеңбері ғана. Демек бас кейіпкер Аманның 
романның аяғында бірден шоқтығы биік саяси күрескер боп шыға ке-
луі, уезд бастығы боп сайлануы шүбə тудырады. Əлеуметтік аренаға 
оң мен солын ажыратпай, бұйығы шыққан Аманды аз уақыт ішінде 
қауырт өсіріп, саяси жетекшілік дəрежеге көтере көрсету арқылы 

124
125
жазушы бас кейіпкердің өсу жолына, характердің қалыптасу эволю-
циясына ептеп қиянат жасағандығы аңғарылады.
Аман образын жасаудағы бұл олқылық, түптеп келгенде шығар-
маның композициялық құрылымындағы жалпы кемшілікпен тіке-
лей байланысты, сабақтасып жатыр. Əрбір эпикалық шығарманың 
композициясы, архитектоникалық кұрылысы оқиғаның есіп-өрбуі, 
дамуы, шиеленісуі, лирикалық шегіністер, оқиғаның шарықтау шегі 
яғни кульминациялық нүктесі, оқиғаның шешілуі деген сияқты 
құрамды элементтерден тұратыны мəлім. Дұрыс орналасып, дұрыс 
өрбіген жағдайда шығарма оқиғасы да композицияның осы заңына 
лайық табиғи дамып, табиғи шешілуге тиіс. Атылған зеңбірек 
оғының барып түсетін ең соңғы мүмкіндік нүктесіне дейін жасай-
тын траекториясының заңдылығы қандай болса, шартты түрде 
алып салыстырғанда, шығарма оқиғасының туу, даму, есу, шешілу 
заңдылығы да дəл сондай болуға тиіс.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда «Дауылдан кейін» романында 
елеулі бір кемшілік бар. Шығарманың алғашқы жартысы көп план-
ды, көп томды романға лайық толып жатқан мəселелерді қамтып, 
құлашын кең жая басталады. Бірақ сол сала-сала оқиғалар мен əр 
алуан əлеуметтік мəселелерді даралауға келгенде жазушы олардың 
əрқайсысын жүйе-жүйесімен өрбітіп алып кете алмай, келте-
леу қайырып, оқиғаның шешіліс шеңберін шамадан тыс қысып, 
қусырып жібергенге ұқсайды. Міне, шығарманың композициялық 
құрылымында осындай табиғилық бұзылуына байланысты бас 
кейіпкер образының жасалуына да белгілі дəрежеде жасандылық 
элементі еніп, бір қараған көзге характердің даму эволюциясының 
дəйектілігін əлсіретіп тұр.
Шығарманың архитектоникалық желісін құруда, сондай-ақ 
оқиғаның өрбіп, даму барысында бас кейіпкердің характерін жа-
сау мəселесіндегі осы алуандас олқылық жазушының бұдан бұрын 
«Миллионер» повесі мен «Шығанақ» романында да байқалған еді. 
Мəселен, «Миллионер» повесінде Жомарт жоспары қабылданғанға 
дейін оқушы назарын ешқайда аудармай шегелеп ұстап келген ши-
еленіскен тартыс жүйесі енді сол жоспарды жүзеге асыруға бет 
алған бойда босаңсып сала береді, тіпті енді кедергі, қиындық де-
гендерге соқпай өтеді десе де болады. Осыдан барып Жомарт об-
разы да асығыс өседі. Сол сияқты «Шығанақ» романында да колхоз 
кұрылысының нығаю, даму процесін көрсететін тұтас бір кезеңді ат-
тап өткендік бары байқалады. Əрине, бұлардың бəрі де шығарманың 
көркемдік диапазонын едəуір тарылтып тұр. Олай болса, бұл алуан-
дас олқылық жазушының творчестволық іздену жолындағы, шебер-
лік шыңына шығу сапарындағы алар биігі, жаңа бір қамалы ретінде 
ерекше есте тұруға тиіс.
Осы орайда айта кететін тағы бір жай – жазушы өз кейіпкерінің 
əлеуметтік іс-əрекетіне көбірек үңілген де, оның жеке өз басының 
өміріне, кəдімгі қарапайым пендешілік тірлігіне аз тоқталған тəрізді. 
Сондықтан да болар, ол тым ұстамды, тым ақылгөй сияқты. Асы-
лында ұнамды геройдың «мінсіз» герой болуы көркемөнер үшін 
заң емес екенін ескеру қажет. Бүлдірген теруге оңаша бірге барған 
Шəкеннің сұлу тоқалы Шолпанға ол «күйеуге неге ерте шықтыңыз?» 
дегеннен басқа ештеңе айтпайды; ашықтан ашық көңіл білдіріп, өз 
басының мұңын шағып отырған сұлу келіншек Ақтамақтың үйінде 
оңаша алшақ жатып, оған жеркене қарайды; сондай-ақ Қалабайдың 
қызы Сəуле де Аманның осы бір «ұстамдылығының» кесірінен тіпті 
көңілінде жоқ Таймасқа желнесібе болады. Міне, осы жағдайлардың 
бəрі Аманды оқушының көзіне басынан бұрын көкселендіріп 
көрсететін сияқты. Рас кейін ол Шолпанмен бір рет көңіл қосқан 
көрінеді. Бірақ ол жағдайды оқушы Аман мен Таймастың əңгімесінен 
жол-жөнекей ғана біледі. Артынан Азат атты қызы бар Шолпанды 
ғана көреміз. Айлы түнде Қазанқаптың қолына түсіп қалатын сəттен 
басқа бұл екеуінің кездесуі жайында бояулы, сырлы сурет берілмей-
ді. Егер жазушы өз кейіпкерінің əлеуметтік күресін, қоғамдық өмірін 
соншалықты кең алып көрсетумен қатар, оның жеке интеллектуалдық 
өміріне де ойдағыдай орын беріп, ерекше назар аударған болса, 
онда ол жағдай оқиғаны да қоюлатып, тіпті қаһарманның ішкі жан 
дүниесін де əрлендіре, көріктендіре түсер еді.
Екінші бір мəселе – Аман елге оралған бойда милиция қызметінде 
жүргенде, ешқандай сот шақырмай-ақ, біреудің малын қайтарып, 
біреудің əйелін ажыратып сүйгеніне қосып, енді біреулерді табан ау-
зында абақтыға қамап жатады. Кейде теориялық таластар да болмай 
қалмайды. Кейін Қызыл Отау келгенде, мұндай мəселелер заңды 
түрде сот мəжілісінде шешіледі. Белгілі бір дəуірдің шындығында, 
аласапыран уақытта қолма-қол милициялық көмектің керек болғаны 
да рас шығар. Дегенмен, ұнамды кейіпкеріміз партия, совет, заң 
орындсрының ісіне орынсыз араласып, заңсыздық жасап жүрген 
жоқ па деген де күдік туады.
Мүмкін, Аманды барынша даралап көрсеткендіктен де болар, 
романдағы Алексей Федорович, Ералин сияқты коммунистердің 

126
127
образдары əлі де мүсіндеп, іс-əрекеттерін күшейтіңкіреп, характер-
лерін аша түсуді тілейді. Қайткенде де бұл бейнелер жаңа өмірге 
кеше ғана өздері баулып қосқан Аман образымен үзенгі таластырып, 
иық тіресе алмай, олқы соғып жатыр.
Алайда, осындай кедергі-кемшін жайларына қарамастан, Аман 
образы – шығарманың басты образы жəне М. Шолоховтың «Тынық 
Дон» эпопеясындағы Григорий Мелехов сияқты, қазақ аулында 
орта шаруа аталатын белгілі бір əлеуметтік топтың советтік идеяға, 
революциялық күрес идеясына келу жолын бейнелейтін типтік об-
раз.
Автордың жазушылық өнерін мол жұмсап, бояу нақышын 
сəнімен жасап шыққан мүсіндерінің бірі – Шəкен мырза. Ол – əдетте 
жағымсыз кейіпкерлер аталатын Малқар, Шөгел, Мақыш би, Жылпос 
Жақып сияқтылардың ішіндегі ең кесек, ең күрделі тұлға. Оқушы 
бурыл тартқан тығыз қаба сақалын тұжыра қырқып, дəл иегінін 
үстіне ғана қалдырған, қысқа мойынды, салыңқы тығыз бұғақты, 
орта бойлы, жуантық Шəкен мырзамен мал суарылып жатқан құдық 
басында алғаш кездескенде-ақ, оның басына киген қара шляпасына, 
аяғына киген ботинкасына қарап, əншейін ел ішіндегі қара жаяу көп 
байлардың бірі емес екенін аңғарады. Барлық жағынан қарағанда 
да, Шəкен жартылай феодал, жартылай буржуа. Оның шаруа қалпы 
да қарапайым қазақ байларынан өзгеше. Рулы елге бой бермеген 
кең шабындықта бестеп, ондап машина шұбыртып, кетпен тимеген 
ту далаға соқа салып, арба-арба астық алып, елу арбамен қазына 
кіресін тартып, таңертеңнен сарнаған сепаратор үнін үздірмей, 
соның бəрін ақшаға айналдырып қалтаға басып, кəрлен кеседей ақ 
орданың төрінде шот қағып, газет жаңалықтарын қадағалап отырған 
Шəкен мырза мен қалаға келгенде намаз алдынан тысқа шығып, 
дəретхананың дəл қасына келсе де, ішіне кірмей, іргесіне отыра кет-
кен Малқар болыстың арасындағы айырма жер мен көктей. Бұлардың 
екеуі де Совет өкіметінің жауы. Бірақ екеуінің жаулығының өзі екі 
басқа. Малқар елді тозығы жеткен ескі əдіспен қорқытып ұстамақ, ал 
Шəкен қулықпен алдап ұстамақ. Шəкен мырза – «заманы түлкі боп 
қашса, тазы боп шалатын» нағыз сұрқия, құбылмалы адам. Ол ертең ел 
ісіне араласады-ау деген Аман сияқты талапкер жастарды шырғалап 
ұстауға тырысса, біреуді орға жығарда өзі көрінбей, тасада тұрып, ал 
ордан шығарса, өзгені көрсетпей, өзі ғана көрінеді. Шəкеннің шаруа 
бағуы, іс-əрекеті, мінез-құлқы т. б. жақтары көп жағдайда «Оянған 
өлке» романындағы Игілік биді елестетеді. Игілік өз төңірегіндегі 
Жұмабек төре, Күреңкөз қожа, Боздақ билерді не біржола сыртқа 
теппей немесе жақын тартып, сырына қанықтырмай, ұзын арқан, 
кең тұсаумен белгілі бір қашықтықтан аудырмай ұстайтын еді, ал 
оның сырының тереңіне тіпті «байының бір айтқанын екі етпейтін 
ерке тоқал да» еніп көрген емес-ті. Дəл осы жағынан «Дауылдан 
кейін» романындағы Шəкенді сағалаған жылпос Жақып, Мақыш би, 
Шолпан үшеуінің жағдайы да төре Жұмабек, Боздақ би, Айғанша 
үшеуінің жағдайынан артық емес. Ал екеуінің шаруа бағуларындағы 
ұқсастықтар өз алдына бір мəселе.
Игілік сонау XIX ғасырда қазақ даласына ене бастаған капита-
лизмнің элементтерін ерте қабылдаған алдыңғы буын болса, Шəкен 
сол буынның XX ғасырдың басындағы кенже ұрпағы, заңды жалғасы 
реуішті. Басқаша айтқанда Шəкендер – пролетарлық революция 
құлатып отырған кешегі Игіліктер. Бірақ феодализмнен капитализмге 
бет бұрған шақта Игіліктің шаруа күйіндегі, іс-əрекеттеріндегі кейбір 
жаңаша жағдайлар прогресс (Жұмандарға қарағанда) саналса, мына 
пролетарлық революция заманында, капитализмнен социализмге 
өту кезеңінде Шəкендер бүкіл іс-əрекеттерімен де, шаруашылық 
қалпымен де нағыз құрып бара жатқан керітартпа күшке айналып 
отыр. Сондықтан бұл екі образдың характерлік, мінез-құлықтық 
жəне шаруа бағу жақтарындағы ұқсастықтар мен сабақтастықты сөз 
ете тұра, олардың қоғамдық дамудың əртүрлі кезеңдерін сипаттай-
тын осындай ең негізгі өзгешеліктерін ерекше атап көрсету қажет.
Шəкен сұрқия, залым, жағдайға икемделуге шебер адам. Ол 
тұтқынға алынатын ең соңғы сағатына дейін барлық айла-тəсілдерін 
салып, бас сауғалайды. Ел ісіне араласпаған пішін білдіріп, бетеге-
ден биік, жусаннан аласа, моп-момақан күйге түсіп жүрсе де, билік 
тізгіні қолдан шығып кеткен мынау жаңа заманда «артынан қайыр 
күтер» үміті бірте-бірте кесіліп, əрекет, ықпал ету шеңбері күн санап 
тарыла береді де, ақыры тұмсығы тасқа тірелген сəтте, қолынан кел-
ген ең соңғы жауыздығын жасап, Шолпанға пышақ салады.
«Өзімдікі дегенімнің бəрі өзгенікі болды. Соқа басым ғана қалды. 
Аспан алақандай-ақ, жер тебінгідей-ақ. Үміт кесілді, тыныс тарыл-
ды. Ақ елім маған бұйырмады. Қара өлім тірідей кемді. Түбіңе қарап 
үңілдім де, түңілдім сенен, сұм дүние! Жар емес, жасырын енген сұр 
жылан мынау қойныма!»
Бұл – Шəкеннің тізе бүгер шақтағы соңғы сөзі. Кұлақ естімес 
қылмыс үстіне Аман мен Таймас кіріп келгенде, оның қолынан 
құлап түскен, қанға боялған қара пышақ үстем таптың қолындағы 

128
129
соңғы қаруы да, ал Əдхамның алдында екі қолы байлаулы кетіп бара 
жатқан Шəкеннің өзі ескі дүниенің сынған соңғы бəйтерегі тəрізді.
Жазушы романда бірқатар əйел образдарының галереясын 
жасаған. Соның ішінде ерекше сəтті шыққан Танакөз бейнесі. Қазақ 
аулының шаруа баққан қарапайым əйелдерінің ішінде алыса кет-
се азаматты аттан аударып алғандай небір өжеттері, аттыға жол, 
ауыздыға сөз бермейтін небір ділмар, жезтаңдай шешендері болған. 
Танакөз міне солардың қалың ортасынан алынған жиынтық бейне. 
Ол құрдастығына сүйеп əзілдесе кеткенде, рулы елді нысы басып, 
ықтырып отырған Шəкен мырзаның аузын аштырмайды. Жылқыбай 
сияқты дүниеқоңыз сараң байдың бермесін сұрап алу да тек 
Танакөздің қолынан ғана келеді. Ал еркектің киімін киіп жіберіп қол 
жұмысқа кіріскенде, тіпті күйеуінің өзі жолда қалады. Табиғатында 
осындай пысық та өжет Танакөздің болыстық комитеттің мүшелігіне 
сайлануы арқылы жазушы заманалар бойы қараңғылықта күн кешкен 
қарапайым қазақ əйелін отбасының күйбеңінен босатып, əлеуметтік 
өмірге, ел басқару сияқты мемлекеттік іске қосқан тек қана Совет 
өкіметі екендігін аңғартып, дəуір шындығының тағы бір ұтымды 
картинасын береді.
Жеке басында қайшылығы мол күрделі бейне – Шолпан. Ол 
– Шəкен мырзаның сүйікті тоқалы. Əуел баста ол мырзаға сүйіп 
қосылған жас емес, қалталы байдың қаһарына шағын шаруалы өз 
туыстарының қарсы тұра алмайтындығын білгендіктен тұрмысқа 
шығады да, кейін, уақыт оза келе, өз жағдайына бойы үйреніп, 
көндігіп кетеді. Мұнысында шындыққа үйлеспейтіндей ештеңе жоқ. 
Ол заманда басқа түскенге бағынышты боп, бұғып, қорғалап қалған 
қазақ əйелдері аз емес-ті. Осы романның өзіндегі Малқар болыстың 
тоқалы Айша мен Ақмоладағы қымызшы əйел Ақтамақтың өзі-ақ 
бұған дəлел бола алады. Бұлардың бар қарсылығы күйеулерінің 
үстінен – бірі жалшы Тайбекпен, енді бірі Сəтмағамбет əншімен көңіл 
қосып, байларына басқа біреудің баласын асыратумен ғана тынады. 
Тіпті бұларының өзі де я қарсылық, я шын махаббат емес, əншейін 
тағдырға ашынғандықтан туған шарасыздық реуішті бірдеңе. Ал 
Шолпанды бұл сияқты суық жүріске, жеңілтек күнкөріске үлкен 
де игі жаны, кең ойлайтын ақыл-парасаты көп уақыт жібермейді. 
Рас, Шолпан Аманды шын ұнатады. Бірақ оның Аманға деген ма-
хаббаты қоғамдық көзқарастарының ұқсастығынан, болмаса басқа 
бір əлеуметтік мотивтерден туған ырық, жігіттің жеке басын, дара 
қасиеттері мен адамгершілік сипаттарын ұнатқандықтан ғана туған 
жəне бұл жайында ол ешуақытта ешкімге сыр шашып, ашылып 
көрген емес.
Алайда, ана мұраты қашан да бала ғой. Егде тартқан Шəкеннен 
күдер үзген Шолпан кезінде бала сүйіп, қалған өміріне жұбаныш 
ету үшін өзі қалап Аманмен көңіл қосады да, бірақ Аманның 
түпкілікті, өмірлік жар етпек болған көңіліне келісім бермейді. 
Шолпан үшін «күйеуінен кетіп, басқа біреуге тиіпті» деген сөзді 
естуден ауыр жоқ. Бұл – оның санасына патриархалдық əдет-ғұрып 
ұялатқан, əбден қалыптастырған сенім. Кітаптың аяғына дейін оның 
тағдырға наразылығы, өз жағдайына қанағаттанбаушылық сары-
ны үнемі сезіліп отырады. Ол өз жүрегіндегі екіұшты қайшылық 
жағдайды жеңе алмай, əрі-сəрі күйде жүріп, ақыры аянышты қазаға 
ұшырайды.
Шолпан болып жатқан қоғамдық мəселелерге қатысы жағынан 
да, Танакөз немесе Күлпаш сияқты, өз бағытын анықтап алған адам 
емес. Тіпті өз күйеуінің жаңа үкіметке қарсылығын қуаттайтыны 
ия қуаттамайтыны да ұзақ уақыт белгісіз күйде келеді. Сөйткен 
Шолпанның сайлау басында бірден кедейлер жағына шығып, үгіт 
қана емес, тіпті тікелей батыл қимылға көше кетуінін дəлелдемелері 
əлі де жетіңкіремей жатқан сияқты. Романның сонында ол Шəкенмен 
бірге кетпей, елде қалуға енді ғана белін бекем байлап отырған сəтте 
қаза тауып, қыршын кетеді.
Тағдыры оқушының соншалықты аяныш сезімін тудыра-
тын осы Шолпан образынан шығыс əйелдеріне тəн ұстамдылық, 
биязылық, парасаттық лебі еседі. Жазушы революциядан бұрынғы 
қазақ əйелдерінің бойындағы небір асыл қасиеттерді осы образдың 
төңірегіне топтап көрсеткен.
Тағы бір назар аударатын тұлға – Күлпаш. Романның бірін-
ші бөлімінде жазушы бұл кейіпкерінің өткен өмірімен Əдхамның 
сөзі арқылы ғана сəл таныстырып өтеді. Одан біздің білетініміз 
Күлпаштың шегініп бара жатқан ақ бандалардың қолына түсуі, 
тұтқыннан қашып шығып, Орынборда оқып, Қазақстан Орталық 
Атқару Комитетінде жауапты қызметте жүргендігі жайында хабар 
ғана.
Осы Күлпаш кітаптың екінші бөлімінде Қызыл Отауды басқарып 
елге шығып, оқушының алдына үлкен мəдениет, қоғам қайраткері бо-
лып оралады. Оның бойынан бұрын қазақ əйелдерінде кездеспейтін 
өзгешеліктер де байқалады. Оның жазып жүрген күнделігінің өзінен 
санасының марқайғандығы, ірі-ірі əлеуметтік мəселелерге өзіндік 

130
131
орынды ой толғамы бар екендігі көрінеді. Осы жағынан алғанда 
Күлпаш бейнесін бүгінгі жаңарған социалистік қазақ ұлтының 
мыңдаған маман əйел кадрларының алғашқы буынының өкілі, бас-
тамасы деуге лайық.
Романда арнайы тоқтап, жеке талдауды керек ететін əлі де 
көптеген образдар бар. Сөз етер жайлар да көп. Мəселен, жазушы 
оқиғаға жол-жөнекей ілесіп отыратын екінші қатардағы Ақан, Анд-
рей, Ақжан, Сапар пірəдар сияқты жанама кейіпкерлерін де өздеріне 
лайық іс-əрекет, мінез-құлық беріп, шын мəніндегі образ деген 
ұғымға сыйымды етіп шығарған. Бұл кейіпкерлер аз көрінгеннің 
өзінде-ақ оқушы көзіне талай тамаша типтік жағдайларды елестетіп, 
əрқайсысы өзіндік даралығымен есте қалады.
«Дауылдан кейінді» көп жыл өткен соң қайта оқығанда алған 
əсері жайында жазушы Рамазан Тоқтаров былай деп жазады: «Бұл 
романның бойында үш бірдей қасиет əлі күнге өзгермей, сол күйінде 
қарап тұр екен. Ол – тілі. Бұған жазылу мəдениеті де кіреді. Екінші 
– мейлінше түсінікті, шегіне жете тарқатылған концепциясы. Кейінгі 
ұрпаққа кемел ашылған дəуір шындығы. Үшінші – осы екі қасиетті 
бірдей ауыздықпен ұстап тұрған автордың позициясы. Автор – қатал. 
Қатал да болса, əділ. Автор – даукес. Даукес те болса қазы. Тереңдігі 
əділ шешімінен танылады. Қазылығы да сонда. Қолымда тұр екен 
деп жақсылық пен жамандықты кейіпкерлерінің басына үйіп, төге 
бермейді. Бойына шақтап ой, келешегіне шақтап əрекет береді». Ба-
рынша əділ баға. Біздің бұған қосарымыз – творчестволық қаталдық 
пен əділдік тек осы романға ғана емес, жалпы Ғабиден творчество-
сына хас қасиет. Тіпті бұл Ғабиденнің стиліне айналған құбылыс де-
мекпіз.
Өзінің көркемдік сапасы, дəуір сипатын берудегі шынайы 
шыншылдығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеу тереңдігі, 
айқын да шым бояумен жасалған адам характерлері т. б. жақтарынан 
алып қарағанда «Дауылдан кейін» романы Ғабиден Мұстафин 
творчествосының жаңа бір биігі болып саналатын шығарма. 
Республикамыздың тарихының белгілі бір кезеңінің лайықты ескер-
ткіші, жазушының көп жылғы творчестволық бай тəжірибесіне бел-
гілі бір қорытынды жасаған нағыз реалистік көркем туынды.
* * *
Жазушының соңғы шығармасы – «Көз көрген» атты мемуарлық 
романы 1963 жылы жарыққа шықты. Бұл шығарманың бірқатар 
оқиғасы, əсіресе екінші жартысы «Дауылдан кейін» атты романында 
суреттелген дəуірді қамтиды. Жаңа шығармасында алпыстың асуы-
нан асқан жазушы өзінің жəне өзімен бірге туган елінің, халқының 
«іші-тысы қалай өзгергеніне» көз жіберіп, бастан кешкендері мен 
байқағандарын көріп, көңілге түйгендерін қиянатсыз қисайтпай 
суреттеп, ұмытқанын еске түсіруді, сөйтіп болашақ ұрпаққа өткен 
күннің елестерін көзбен көрген куəгер ретінде баяндап беруді мақсат 
тұтқан. «Көз көрген» романы – жазушының творчестволық жоспа-
рына осы мақсатпен енген мемуарлық трилогияның алғашқы кіта-
бы.
Қазақ əдебиетінде шын мəнінде Ұлы Октябрьдің перзенті сана-
латын реалистік кесек прозаның, атап айтқанда, роман жанрының 
саналуан түрлері туып қалыптасты. Қазір қазақ əдебиетінде шағын 
повестен бастап роман-эпопеяға дейін салқар көш үлкен прозаның 
ішінде мемуардың да өзіне лайық үлесі бар. Мемуарлық əдебиетке 
күнделіктер, естеліктер, өмірбаяндық туындылар, автордың өз 
өмірінің келелі-келелі кезеңдерін, сондай-ақ қоғам өмірінің əралуан 
бел-белестері мен қиян-қилы құбылыстарын бейнелейтін əдеби 
жазбалар т. б. жататыны мəлім. Алайда мемуар автордың басынан 
кешкенін əйтеуір баяндау үшін жазылатын еріккеннің ермегі емес. 
Көптеген мемуарлық шығармалар – белгілі бір маңызды тарихи 
оқиғаларға байланысты жай-жағдаяттарды айқындау үшін қажетті 
документ болып табылады. Оларда автордың қоғамдық күрес 
мəселелеріне көзқарасы, таптық тұрғысы мен саяси бағыт-бағдары, 
əралуан тарихи оқиғаларға қарым-қатынасы айқын аңғарылады. 
Мемуардың əлем əдебиетіндегі классикалық үлгілері осылай болып 
келді. Мысалға Жан-Жак Руссоның «Өсиетін», В. Гетенің «Менің 
өмірімнен. Поэзия жəне шындығын», А. Герценнің «Бастан кешкен-
дері мен ойларын», В. Г. Короленконың «Менің замандасымның та-
рихын», М. Горькийдің «Менің университеттерімін», т. б. көптеген 
мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, əдебиет пен өнер өкілдерінің, 
əскери қолбасшылардың əралуан естелік жазбаларын атауға бола-
ды.
Бұл салада қазір қазақ əдебиетінде де ауыз толтырып айтар 
жетістік, салынған із, үлгі-өнеге бар. Сəкен Сейфуллиннің «Тар жол, 
тайғақ кешу» романы мен Сəбит Мұқановтың «Өмір мектебі» атты 
трилогиясына Бауыржан Момышұлының, Мəлік Ғабдуллиннің Ұлы 
Отан соғысына арналған документалдық шығармаларын, Қасым 
Қайсенов пен Əди Шəріповтің партизан жазбаларын қосқанда едəуір 
тізім құрайтындығы даусыз.

132
133
Қазақ əдебиетінде де мемуар арнайы ғылыми зерттеудің объ-
ектісі болып, сын көтерерлік дəрежеге жетті. Жоғарыдағы тізімге 
келіп қосылған Ғ. Мұстафиннің «Көз көрген» атты жаңа романы 
да жанр табиғатына лайық қойылатын талап-тілектерді ақтай ала-
тын, сонымен бірге өзіндік ізденіс, табыс көрсеткен туынды. Бұл да 
тек жазушының өз басынан кешкендері жайлы есеп берген естелік 
қана емес, түптеп келгенде, оның өз өскен ортасы жайындағы ой-
толғаныстары, жалпы замана, уақыт жайындағы шығарма. Мұнда 
автор бастан кешкенді бірыңғай баяндай бермей, өзінің суреткерлік 
борышын да əрдайым еске сақтайды. Романда суретке құрылған не-
бір қызықты эпизодтар мен бас кейіпкердің баяндау тəсілі өзінше 
бір көркемдік үйлесім, жарастық тауып, алма кезек ауысып отыра-
ды, мемуарлық баяндау мен көркемдік бейнелеу астарласып келеді. 
Мұның өзі жазушы ізденісінің жаңа бір қырын аңғартады.
«Көз көргенде» жер бөліс мəселесінде сахараға ауып келген орыс 
переселендері мен қазақтар арасына от тастаған патшаның Столы-
пин реакциясының зардаптарынан бастап, екі ел еңбекшілерінің тіл 
тауып, табысып, орыс шаруаларының қазақ аулының жер емшегін 
емуіне, білім жарығына ұмтылуына еткен игі ықпалына дейін, сон-
дай-ақ 1916 жылдың оқиғасы, сол оқиғаның тұсында қарапайым 
халықтың көз жасы мен қасірет-қайғысының үрдісінен мал тауып, 
пайда іздеген ел жуандары мен пысықтарының іс-əрекеті, револю-
ция жылдарындағы таптық жіктеулер, іс басынан шонжарлар мен 
алаяқтарды ығыстырып, ауылды советтендіруге дейін толып жатқан 
əлеуметтік, саяси мəселелер қамтылады. Жəне бұл оқиғалардың 
бəрі де шығарманың бас геройы Сарбаланың əр оқиға тұсындағы 
жас мөлшеріне лайық көкірек көзінің сүзгісінен, сана-зердесінің 
елегінен өткізіп, соның білігі, танымы тұрғысынан беріледі. «Мен 
өзімді білер-білмес кезімде жерімізді переселен алып, алпыс үй Елі-
бай Жауырдан көшеді. Спасск заводының шығыс жағында 17 кило-
метр «Көктал-Жарық» деген жерге келіп орналасады (1907 жылда-
ры). Ата мекенінен айрылған елдің зары, жермен қоштасқандары, 
келгендер мен тұрғын ел арасындағы ұрыс-жанжал, кісі өлімдері 
менің көңіліме өшпейтін ғажап суреттер қалдырып кетті. Қазір жа-
зып жүрген «Көз көрген» атты көлемді еңбегіме сол оқиғалардың 
қайсыбірін пайдаландым», – деп жазды жазушы 1903 жылы.
Тек мемуар ғана емес, жалпы қандай көркем шығарма болса да, 
белгілі мөлшерде өз өмірінің фактілерін, тəжірибеде бастан кешкен 
жайларын пайдаланбайтып жазушы болуы мүмкін емес. Əңгіме 
тек қалай жəне қанша пайдалануда. Көркем шығарманың басқа 
түрлерінде автор өмір фактілерін творчестволық топтау, түйіндеу 
түрлерінен өткізіп, артық-кемді қосымшалар қосып, болған 
шындыққа болатын шындықты үйлестіріп, барынша еркін пайда-
ланады. Ал мемуарда көбінесе жазушының еркі фактіге бағынады. 
Сондықтан да өзінің творчестволық ожданының тазалығын ойлаған 
шын суреткер шындықты, тек қана болған шындықты беруге ты-
рысады. Шығарманың бас геройы Сарбаланың өмірдегі прототи-
пі – жазушының өзі. Демек, жазушы роман оқиғасына қатысатын 
кейіпкерлерді жұрағатшылық, жақындық жақтарына, туыстық бел-
гілеріне қарамай, өзінің таптық позициясы тұрғысынан суреттейді. 
Жалпы өркен жаяр келелі үлкен əдебиеттің, өскен əдебиеттің сал-
ты ұнамды, ұнамсыз кейіпкерді бірыңғай ақ немесе қара түсті бо-
яумен алдын ала сызылған схема бойынша көрсетпей, жеке тип, 
индивидиум ретінде əр алуан бояумен нақыштап, өзіндік харак-
терімен даралап көрсету болса, Ғабиден романынын бойынан бұл 
қасиеттер де молынан табылады. Бұған романдағы өз туысы Ма-
хамбетше би мен қайынатасы саудагер Əубəкір Сейткемеловтың əр 
кезде, əсіресе 1916 жылдың оқиғасы тұсында халықтан пара алып 
байыған жемқорлығын, сондай-ақ аталас ағайындары Мексін, Якия 
сияқты ұрылардың əрекеттерін суреттейтін беттср толык дəлел бола 
алады. Шығармадағы əрбір кейіпкер осылайша ішкі-тысқы байлық-
кедейлігімен, сала-сала қырымен шындық тұрғысынан беріледі. 
Кейбір мемуарларда автордың өзін дəріптеңкіреп немесе өз көңіліне 
ұялап ұнатқан жайларына бүйрек бұрды жасауы, сондай-ақ кейбір 
естеліктерде белгілі, беделді адамды айтқан болып отырып, соның 
шапағатымен өз бойын өсіре көрсетуге тырысушылық тенденция-
лары байқалып қалатын еді. Сөз болып отырғап шығарма ондай 
əділетсіздіктен бойын барынша аулақ ұстағаны көрініп тұр. Жазушы 
өз туысы Махамбетше бидің, сондай-ақ саудагер Сейткемеловтың 
жемқорлығы мен сараңдықтарын ел ақтап келген соқыр ақын 
Қақпанның аузымен былайша əшкерелейді:
«...Асып ед əкең Қыдыр Қуандықтан, 
Қанеки шыққан мүйіз жуандықтан. 
Аузыңды аждаһадай ашсаңдағы, 
Түйені түгіменен жұтсаңдағы. 
Ақиретке əкетерің үш қабат бөз, 
Жиғанын қалар бір күн болып тоз-тоз.
Қара есек мінген қара сарт 
Қара арғымақ жегіпті. 

134
135
Қазағымды сорған соқ
Майға əбден бөгіпті...».
Шығармада əсіресе күшті шыққан Мұстафа бейнесі. Мұстафа 
да, Сарбала да ұстанған, тұтқан жолын барынша берік тұтынатын, 
өз сенімдерін тіпті бұлжымас ережеге айналдыратын адамдар. 
Характерлердің жасалуы жағынан бұл екі образ бірін-бірі күшейтіп, 
бірін-бірі толықтырып отырады. Бұл екеуін бірінен бірін ажыратып, 
екеуін екі дүниеге жетелеп тұрған заманы. Дінге қалтқысыз берілген 
Мұстафа хажы əділдікті құдай жолынан, құран сөзінен, Мұхамбет 
пайғамбардың өсиетінен іздесе, жаңа өмірге жаңаша талпынып өсіп 
келе жатқан Сарбала совет заңынан іздейді. Беймезгіл уақытта үйде 
оңаша қалған əке мен бала бірі Хожа Ахметтің «Хикметін» алып 
оқып, құдайға мінəжат қып күңіренсе, енді бірі мұқабасы тозған 
Абай өлеңдерінің көшірмесін жаттаумен болады. «Кітаптар еке-
уін екі жаққа: Хожа Ахмет – ахыретке, Абай – дүниеге тартады» 
(131-бет). Əкесі Құнанбайды мақтаса, Сарбала Абайды жақтайды. 
Демек, бұл екеуі екі алуан заманның, екі түрлі сенімнің адамдары 
екені осыдан-ақ көрінеді. Өмір арнасына көз жіберіп, ор тараудың 
аяғында ойланып-толғанып, ертеңгі қоғамдык үлкен өмірге əзірлік 
жасап жүрген Сарбаланың əр ойының соңғы ұшығы көбінесе Абай 
өлеңдеріне келіп тіреледі. Ауыл арасының құпия сырларына, ел 
ішінің, ағайын арасының араздық-татулық т. б. көптеген мінез-
құлықтарына қатысты түсініксіз сұраулардың жауабын Сарбала 
дəйім Абай өлеңдерінен тауып, танығандай болады.
Осының өзінен-ақ шығарманың бас кейіпкері болашақ жа-
зушы екендігінің төбесі қылаң беріп қалады. Ал Мұстафа бол-
са, табиғатында адал да ақылды, əділ де батыл, бірақ құран сөзі, 
пайғамбар өсиеті дегенге көзсіз берілген фанатик адам. Ол тіпті 
əділеттік жөнінде құдай жолы мен совет заңының арасынан ортақ 
қасиет, ұқсастық іздеп əуреге түсіп жүрген, қайшылығы барынша 
мол аса күрделі де қиын тұлға, яғни өзінің діни наным-сенімдерінің 
құрбаны.
Шығармадағы оқиғалардың бəрі де бас герой Сарбаланың 
төңірегіне топтастырыла өрбиді. Шығарма өзінің сырт көрінісі, 
формасы жағынан жеке-жеке əңгіме-новеллалардан құрала тұрса 
да, оқиғаның бас кейіпкері Сарбала айналасына құрылып, өріле 
көрсетілуінің арқасында, əр новелла өзінше бір көркемдік тиянақ 
тауып əрі, солай бола тұра, композициялық дөңгелек бір тұтастық, 
бүтіндікке жеткен. Ол бүтіндік – бас кейіпкер арқылы көрінетін за-
ман шындығы. Шығармада барды бадырайта айтатын бұлтартпас 
шыншылдық пен тонның ішкі бауындай оқушымен іштей 
ұғынысып, сыбырласа шүйіркелесіп отыратын терең сыршылдық 
өлең шумағындағы егіз ұйқастай қатар жүріп отырады. Осы 
жайлардың бəрі де жазушының бұл жаңа шығармада түр жөнінде 
қатты ізденгендігін жəне соны үйлесімді таба білгендігін көрсетеді. 
Шығарманың композициялық тұтастық қалпын табуының тағы бір 
себебі – жазушы мұнда өмір фактілерінің жетегіне, оқиға өрбуінің 
барысына ілесіп, жай ғана сылбыр еріп отырмайды, уақыт, мезгіл 
шындығын көрсетуге жарайды-ау деген детальдарды орынды екшеп, 
іріктеп алып отырады. Мысалы, 1916 жылы оқиғасының нағыз тра-
гедиясы солдатқа бармас үшін өзін өзі жарымжан етіп, бір көзінен 
айрылып шыққан жас жігіттің əкесімен сөйлескен шағын ғана 
диалогынан айқын аңғарылса, азамат соғысының тұсында Колчак 
үкіметінің халыққа қырғындай тиіп, құтырған қасқырдай «жегені-
нен жаралағаны көп» болған айуандығын жазықсыздан жазықсыз 
жапа шегіп, ақтардың мазағы үшін тұтқын боп бара жатқан 16 жасар 
жас қыздың трагедиясынан көреміз. Романда осындай шағын-шағын 
жеке эпизодтардын өзінен-ақ тұтас бір кезеңнің, белгілі бір тари-
хи оқиғалардың шынайы картиналары бой көрсетіп отырады. Сол 
сияқты революция жылдарындағы таптық жіктердің ашылуын жа-
зушы Пахрей деген татардың семьясын суреттеген бір ғана штрих-
пен өте нанымды бейнелейді.
Ұлы Октябрь революциясы əркімге əртүрлі ой салды, əркімнің 
өміріне əр алуан өзгеріс кіргізді. Осы ұлы төңкеріс, өзгеріске қарым-
қатынасына қарай бір семьяның өзінде идеялық, таптық жік туып, 
атаға бала, ағаға іні қарсы күрескен күндер болған фактілері өмірде 
де, өнер шығармаларында, оның ішінде көркем əдебиетте де аз кез-
деспейді. Міне, осындай жағдайдың қазақ даласында да болған бір 
көрінісін жазушы өте əсерлі суреттейді. Пахрейдің кіші ұлы – ар-
миядан қайтып, соғыстың зардабын көзбен көріп, енді конверт са-
тумен күнелтіп жүрген Құсайын большевиктерді жақтайды: ортан-
шы ұлы – Меңліхан жəшікке салған дəрі-дəрмегін большевиктерден 
қызғанып, қарадай қорып тыққыштап жүр. Ал үлкені Шайхы үшін 
үкімет атаулының бəрібір, қандайы болса да талғап жатпайды.
Романда бұл сияқты ұтымды берілген суретті эпизодтар мен 
штрихтар мейлінше мол ұшырасады. Міне, жоғарыда аталған 
қасиеттер «Көз көрген» романын жазушылық іздену жолындағы 
тағы бір табысы ретінде танытады.
Тұтастай алғанда, осындай тамаша-тамаша жарқын бейнелері, 
айшықты суреттері, өрнекті сөз кестелері бар кітапта «былай болар 
ма еді» деп ойлайтын жайлар да жоқ емес.

136
137
Ең алдымен, Ұлы Октябрьдің дүмпуі барлық жерде де еңбекшілер 
арасында ерекше энтузиазм, революциялық рухтың соншалықты 
өрлеуін туғызғандығы мəлім. Демек, шығарманың революция 
жылдарына арналған беттерінде осы революциялық рух өрлеуін 
бұдан гөрі де едəуір қоюлатып, əрлендіре көрсету қажет. Мəселен, 
Сəкеннің Спасск жұмысшыларына келіп, халық арасында сөз 
сөйлеуі сияқты эпизодтардың тұсында автор тек көзбен көрген 
фактілерімен шектеліп қалмай, творчестволық топшылаулар мен 
жорамалдарға да, жазушылық қосымшаларға да тиісінше орын 
беріп, əсірелеп көрсетуіне мүмкіндік бар еді. Əрине, мемуарда басты 
рольді факт ойнайтыны даусыз. Дегенмен де шығармаға көркемдік, 
əдеби құбылыс деп қарасақ, «Көз көргенде» кейбір бір көрініп, жоқ 
болып кетіп, немесе тіпті жоғалып кетпесе де, оқушының ойын-
да айтарлықтай із қалдырмайтын кейіпкерлер бар. Тек Сəкен бей-
несі ғана емес, осы тұрғыдан Спасскідегі ұста Степан бейнесін де 
əлдеқайда толықтыңқырап, сол арқылы еңбекшілердің ереуінін, 
революциялық рух өрлеуін нəрлірек етіп беруге, басқаша айтқанда 
оларды да көркем образ дəрежесіне көтере көрсетуге болатын еді.
Екіншіден, романда сыңсу, беташар, қыз ұзату, келін түсіру сияқты 
қазақ халқының салттық-тұрмыстық жайларын башайлап, тəптіштеп 
түсіндіру, сондай-ақ кейбір ұлттық ұнамсыз мінез-құлықтарға 
авторлық ремаркамен берілген анықтамалар мен түсіндірмелер тым 
көп кездеседі.
Үшіншіден, романның жалпы стилінде, көркемдік келбет-ты-
нысында авторлық ақыл, салқынқанды ойлылық басымдау да, 
эмоциялық ішкі жылылық жайлары жетіңкіремей жатқан тəрізді.
Төртіншіден, романдағы кейіпкерлердің көпшілігі-ақ ділмар, ше-
шен сөйлейді. Мұның өзі де олардың сөздік, тілдік мінездемелерін 
жасауда едəуір олқылық аңғартып тұр. Сол сияқты осы шығармада 
аттас қос есімдер жиі кездеседі. Мəселен, романда Мұстафа екеу, 
Сыздық екеу, Ыбыш екеу. Ал мұның өзі де оқушының түсінігін ауыр-
латып, оқиғаны шатастырып алуына жағдай жасайды.
Шығармада əйел образдары солғындау шыққан. Осы тұрғыдан 
əсіресе қымызханадағы əнші қыздың таяқ жеу себебін ашыңқырап, 
сондай-ақ ақтардың қолында кетіп бара жатқан 16 жасар тұтқын 
қыздың тағдырын толығырақ көрсете кетсе, теріс болмас еді.
Əрине, «Көз көрген» – жазушы жоспарлаған үш томдық көлемді 
еңбектің алғашқы кітабы. Демек, жазушының келешек кітаптарда 
ескеруге тиісті жайлары, қорыта айтқанда, осылар болуға тиіс.
* * *
Ғ. Мұстафин реалистік кесек прозамыздың стилі қалыптанған, 
қаламы төселіп, таланты кемелденген көрнекті өкілдерінің 
қатарынан орын алады. Ол тынбай ізденудің арқасында бір 
шығармадан бір шығармаға биіктеп, шеберлік шыңына қарай 
үздіксіз өсумен келе жатқан жазушы. Оның əсіресе «Миллионер», 
«Шығанақ» «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарын алып, 
алғашқы шығармаларымен салыстырсаңыз, адам характерлерін жа-
сауда, шығарманың композициялық желісін түзеп, сюжет құруда 
жазушының анағұрлым өскендігін аңғару қиын емес.
Ғ. Мұстафинге оқу, есею дегендердің көбіне-көп еңбек арқылы 
келгендігін, оның творчестволық іздену мəселесіне қаншалықты 
жауаптылықпен қарайтындығын мына сөздерінен көруге болады: 
«Жазушы еңбегі қиын, жауапты, ең ардақты еңбек. Ғылымда даңғыл 
жол болмаса, көркем əдебиетте де даңғыл жол жоқ. Мен біраз жаса-
дым, біраз еңбек еттім, қаламым əбден төселгендей болды. Сонда да 
əрбір жаңа шығарма тұсында бастықпаған тайдай бұлтақтай беремін, 
шарқ ұрып іздене беремін. Ойларымды, жазғанымды сан рет өшіріп, 
сан електен өткізіп барып, жарамды дегенімді ғана қалдырамын. Сол 
жарамдымды жазып отырғанда күлемін, қуанамын, қайғырамын, 
жылаймын. Жазғаның өзіңе осылай əсер етпесе, басқаға мүлде əсер 
етпесе керек. Қиналмасаң, қиналып тапқан бір сөзің не бір ойың 
«Мен бақытты!» дегізбесе, ондай жазушыға жазудың керегі не?
...Оңаша бөлмеде, ұзақ уақыт ой тізіп сарғая отырғаныңда жер 
тəңірісі бір өзім. Тізгендерім көп талқысына түскенде мен бір жаңа 
түскен келін. Егер жазушының басына қарама-қарсы осы екі қасиет 
орнамаса, жазушы шығарма үстінде өзін халық ойшысы, мемлекет 
қайраткері деп, шығармасы біткен соң бұлардың тек атқосшысымын 
деп сезінбесе, ондай жазушыны нағыз жазушы деу қиын», – дейді 
Ғ. Мұстафин.
Əр жазушының өзі ұнатып қалаған жазу мəнері болатыны мəлім. 
Тегінде стиль дегеніміздің өзі де осы жазушының творчестволық 
мəнеріне байланысты туып, қалыптасады. Ғ. Мұстафин шығарма-
ларының сөйлемдері көбінесе құрмалас болмай, қысқа құрылған 
жай сөйлемдер боп келеді. Жазушы аз сөзге көп мағына беріп, үлкен 
ой сыйғызуға тырысып отырады. Шығармаларының тілі көбінше 
қарапайым, көпшілік халыққа түсінікті, ұтқыр да өткір болады. Ол 
əсіресе өмірдің, күнделікті тұрмыс, тірліктің көзтаныс көріністерін, 
қарапайым жайларды суреттеуге шебер жазушы. Оның тіліндегі 

138
139
кəдімгі ұнамды мағынасындағы қарапайымдылық та түптеп кел-
генде осыдан туып жатады. Ол жасаған характерлерде ұлттық ерек-
шеліктер айтпай танылып тұратындық қасиеттер де оның халық 
тілін жете меңгеріп, өз шығармаларында барынша мол пайдалана 
білетіндігінде.
Ғабиден Мұстафин шығармаларының тіліне тəн тағы бір ерек-
шелік – оның халық мақал-мəтелдерін өз лайығымен орынды 
пайдаланатындығы өз алдына, сонымен қатар ол өз тарапынан да 
қанатты, афористік сөздер жасауға талаптанатын жəне бұл сала-
да едəуір нəтиже көрсеткен жазушы. Мысалы: «Əр тасқынға бір 
тосқын, əр азғынға бір зауал», «Жақсы тəртіп əдетке айналса – ырыс, 
жаман тəртіп əдетке айналса – қырсық», «Жасында көргені жоқтың, 
өскенде айтары жоқ», «Өмір ащыны бермесе, тəттіні білер ме едік, 
өмір тəттіні бермесе, ащыны білер ме едік», «Салдама болған 
қайықтан қайқайта буған сал артық», «Теңіздей терең халық ішінде 
алмастай асыл ойлар жатыр», «Көруге қырағылық, алуға батылдық 
керек», «Бабын таппаған еңбек құмға құйған сумен тең», «Дүние 
кірпіші бірқалыптан шыққан жоқ», «Барды қанағат тұтып, жоқты із-
демеу – мешеулік», «Кең көңілге екі тілек сыймайды», «Үлкен адам 
үлкен істе көрінеді», «Тəнім таза болғанша, жаным таза болсын», 
«Ысылмаған ауыздан кедір-бұдыр сөз шығады», «Ағайын арасы-
на жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дəнекер болар», 
«Шешендігіңді қайтейін, шиелі түйінді шешпесе, ақ пейілің кім-
ге дəрі, өз еліңе өтпесе», «Еңбек емген мұжық қалай байымас, ер-
мек емген сорлы қазақ жарым аш», «Жасыңда ашық ауыз болсаң, 
өскенде ырбық ауыз боласың». Міне, жазушының əр шығармасынан 
алынған бұл сияқты қанатты лұғат сөздер жазушының суреткерлік 
ізденістерінің айғағы екені даусыз.
Марксизм ұлттық ерекшеліктердің бірі ұлт психикасы деп 
үйретеді. Ғабиден шығармаларының аса ұтымды жақтарының бірі 
– оларда ұлттық психикалық ерекшелікті елестетерліктей эпизод-
тар мен жеке көріністердің молдығы. Бір ғана мысал келтірейік. 
«Дауылдан кейін» романында қалаға алғаш келген ауыл кедейлері 
Нұрғали мен Əлжанның базардағы кез келген адамға кісі тонайтын 
ұры деп қарауы, қымыздың қызуына желіккен шикіл сары мырзаның 
мінездері, жылпос Жақып пен Шөгелдің кейбір əрекеттері əрбір 
қазақ оқушысынын көңіліне қона кететін ұлттық сипаттарды көзге 
елестетеді. Мұндай эпизодтар мен ұтымды штрихтар Ғабиден 
шығармаларында мол-ақ.
Қараөткелде қымыз ішіп, думан құрып жатқан топтың үстіне кір-
ген Ақанның атақты Ғазиз ақынмен əзілін алайық:
– «Аманбысың, ақбас Ғазиз? Айқайды əлі қоймап па едің?
– Аманмын, сары мұжық. Сен соқаны тастағанда, мен гармонды 
тастармын.
– Соқа нан береді. Жыртық гармонь не береді?
– Сен қарын тойғызсаң, мен көңіл тойғызам, мəстек.
– Қарын тоймай, көңіл тойғанды көрген емен. Қартайғанда Абай 
айтқан арсыз ақын бола көрме, сыңайыңнан сескеніп қалдым... Аман, 
бері шығып кетші».
«Дауылдан кейін» романынан алынып отырған осы үзіндінің 
өзінде қаншама қазақы мінез, қарт құрдастардың жарасымды əзілі 
əдемі берілген.
Тіпті жаңа сипат, жаңа адам тұлғаларын танытатын Шығанақ, 
Ермек, Олжабектердің өздері де барлық іс-əрекет, мінез-құлық, сөз 
саптауларымен барынша қазақы, ұлттық психикалық ерекшелік 
аңғартады. Ақтөбеде өзен бойына ат суаруға келіп, су ала келген 
келіншекке «ойнап-күлсек қайтеді» деп, бəтеңкесін сипаудан ары 
аузына түк сөз түспей тұрған доғал Олжабек, суға шомылып жүрген 
Жанботаның бар киімін жағадан алып қашып кетіп, махаббат жайын-
да дөкірлеу сөз қозғап отырған Амантай («Шығанақ» романында) 
немесе Қарағандыға көшіп келе жатқан арбалы керуен жолда қонып 
жатқанда өзі қыз оятуға келе жатып, жолы болмағасын, жол-жөнекей 
Адырайдың итарқа ішіндегі əйелімен əңгімесін тыңдап, көрпесін 
ала қашып жүрген Жəнəбіл («Керуен» əңгімесінен) мінездері мен 
əзілдері, сөз жоқ, барынша қазақы, нағыз ауыл өміріне сіңісті болған 
əзіл-оспақ үлгілерін, əдет-ғұрып, салт-жоралғыларды көрсетеді. 
Мұның өзі Ғабиденнің əсіресе өзіне таныс ауыл өмірін жазуға шебер 
екендігін, қарапайым халық тіршілігін жете білетіндігін танытады.
Жазушы шығармаларының тілі көркем. Жазушының стиль ерек-
шелігіне айналған қысқа да қарапайым, əрі шағын сөйлемдерден 
жасалған, нəр-нақышы, бояуы қонымды талай тамаша шынайы 
көріністер Ғабиденнің суреткерлік шеберлігінің анағұрлым жетілген-
дігін, кемелденгендігін мойындатады. Тағы бір мысал келтірейік:
«Күн көзі бүгін тым өткір. Масасы жоқ, шыбыны аз, биік, 
салқын жайлаудағы елді сəске кезінде-ақ қыздырып барады. Біреу-
лер ыстықта көйлек-дамбалшаң, жалаңаяқ не қоңылтаяқ кебісшең 
жүрсе, енді біреулер ыстық өтпесін деп, саптама етігін, шидем күпі, 
сеңсең тымағын киіп алған. Қозы, бұзаулар оттан қалып, иттер тілін 

140
141
салақтатып арбаның, үйдің көлеңкелерін паналай бастады. Сəйгел 
қуған сиырларда ес жоқ, құйрықтарын шошайта, көздерін шатыната, 
тырым-тырақай шапқылауда. Қайсыбірі есік ашық үйлерге қойып 
кетіп, отырған бала-шағаны басып немесе жерошақтағы қазанды 
теңкеріп, ауылды шулатып жүр».
Шынайы да таныс көрініс. Мал баққан қазақ ауылында шілденің 
шіліңгір ыстығында күн дəл төбеге шығып алып шыжытып тұрған 
сəске түстегі ауылдың суреті бұл.
Ғабиден Мұстафин творчествосы Советтік Қазақстан тарихының 
көркемдік шежіресі дедік. Расында да, Ғабиден творчествосы-
мен жете танысқан адам Советтік Қазақстан тарихының əр алуан 
кезеңдерінен тұтас та толық түсінік алатындығы даусыз. Жазушының 
соңғы «Көз көрген» атты жаңа мемуарлық романы біздің бұл 
сенімімізді бұрынғыдан да арттыра түседі.
Əдебиетімізде қазір қойылып отырған ең күрделі проблемалардың 
бірі – бүгінгі күннің тақырыбын жырлау проблемасы. Бірқатар 
əдебиетшілер өмір материалы неғұрлым көбірек жатып, уақыт сыны-
нан өтсе, солғұрлым көркем əдебиеттің пайдалануына жеңіл болады 
дегенді де ұсынды. Белгілі дəрежеде мұның да дұрыстығын мойындай 
отыра, уақытты, заман тілегін, бүгінгі күнді жырлау проблемасының 
маңызы ешқашанда төмендемейді. Өмір фактілерінің ізін суытпай 
ілесе шығарма жазып, оның көркемдік шешімін табудың мүмкіндігі 
мен айқын үлгісін танытқан жазушыларымыздың бірі – сонау бір 
кезде əдебиет табалдырығын «қара таныған хатқа жүйрік» біліммен 
ғана аттаған Ғ. Мұстафин. Қазірде есімі Одақ көлемінде ғана емес, 
көптеген шетел тілдеріне аударылған шығармалары арқылы əлемге 
таныс болған жазушының өзі де өзінің шығармалары тəрізді, тек 
қана советтік социалистік өмір шындығының жемісі.
1959–1978.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет