Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 26 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата17.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#2079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ҚАУЫШҚАН ҚҰШАҚТАР
Социализм дүниесіне, коммунистік жарқын болашаққа бірінші 
боп жол тартқан біздін еліміздің əлем алдында мақтанышпен атайтын 
қол жеткен табыстарының бірі – халықтардың мызғымас достығы. 
Бұл ұлы достықтың тарихи тамырлары тіпті тереңде жатыр.
Қазақ халқы мен орыс халқының достығы екі халықтың тарихи 
тағдырларының тоғысуынан, азаттық аңсаған мүдде-мақсаттарының 
бірлігінен туып, қалыптасты. Тіпті сонау жаңа тарихтың құлан иек 
бозала таңында қазақтар патша самодержавиесіне қарсы күрескен 
орыс елінің еңіреп туған ер ұлы Емельян Пугачевқа қол ұшын 
беріп, көмекке барғанын, 1812 жылғы Отан соғысында Наполе-
он басқыншыларына қарсы майданда қазақтардың болғанын, XIX 
ғасырдың басында-ақ орыстың озат ойшыл ғалымдары мен алдыңғы 
қатарлы прогресшіл қайраткерлері бауырлас қазақ халқының тұрмыс-
салты мен əдет-ғұрпын, əдебиеті мен мəдениетін зерттеп білуге көп 
күш салғанын тарихтан жақсы білеміз.
Қазақ өмірінен «Қырғыз – қайсақтар» повесін жазған Василий 
Ушаков, «Бикей мен Мəулен» повесін Жазған Владимир Даль не-

86
87
месе белгілі ғалымдар Потанин мен Радлов, Веселовский есімдерін, 
немесе XX ғасырдың басында қазақ тақырыбына арнап көптеген 
əңгімелер жазған Антон Сорокин мен Тверитин есімдерін əрбір қазақ 
оқушысы бүгінде шын риза көңіл, жылы сезіммен атайтындығы 
белгілі. Шоқан Уəлихановтың Потанинмен жəне Достоевскиймен, 
Ыбырай Алтынсариннің Григорьевпен жəне Ильминскиймен, Абай 
Құнанбаевтың Михаэлеспен жəне Долгополовпен Достық үлгілері 
де бір алуан əңгіме.
Қазақ халқы мен ұлы орыс халқының əріден келе жатқан осынау 
дəстүрлі достығы Ұлы Октябрь революциясынан кейін мүлде жаңа 
мазмұнға ие болды. Ендігі жерде достық еліміздің қозғаушы күшіне, 
жеңістеріміздің кепіліне айналды.
Біздің заманымызда халықтар достығын нығайта беру үшін 
əдеби байланыстар мен əдебиеттер достығын күшейтудің маңызы 
ерекше. Қазір біздің еліміздегі бірде-бір ұлттық əдебиет тек қана 
өз шеңберінде өрбіп дамуы мүмкін емес, ол тек туысқан халықтар 
əдебиеттерімен тығыз достық байланыста, қарым-қатынаста ғана 
өркен жайып, дамудың даңғыл жолына шыға алады.
Қазақ əдебиетінің ең жақын достарының бірі – белгілі орыс со-
вет жазушысы Леонид Сергеевич Соболев. Ол қазақ əдебиетін 
орыс оқушыларына насихаттауда баға жетпес қызмет атқарды. 
Атап айтқанда, ол қазақтың көптеген ауыз əдебиеті үлгілерін, 
жеке ақындардың өлеңдерін, жазушы С. Мұқановтың «Сырдария», 
М .Əуезовтің «Абай» романдарын аударды. Осындай қол ұстасып, 
бірлесіп еткен еңбектің нəтижесінде ол көптеген қазақ жазушыла-
рымен, əсіресе Мұхтар Əуезовпен ұзақ жылдар бойы творчестволық 
достық ынтымақта болды.
«Өнер мен ғылымның қай саласын алып қарасақ та, орыс 
жəне қазақ мəдениеті қайраткерлерінің творчестволық достық 
байланыстарының соншалықты жемісті өміршеңдігін айқын көруге 
болады. Ақындар мен ғалымдардың аңсар армандары мен мүдде-
мақсаттары, жаңашылдықтары мен өмір тəжірибелері міне, осы 
достық байланыс арқылы тоғысып-табысады.
Бұл достық байланыстың жемістері кез келген жерде кездеседі».
«Советский Казахстан» журналының 1957 жылғы II-санында 
Ұлы Октябрь революциясының 40 жылдығына арналған «Өшпес 
таңның сəулесі» атты мақаладан алынған бұл сөздердің иесі – дос 
қадырын бағалай білген, достық байланыстың мəуелі бақшасын өз 
көзімен көріп, жемісінен дəм татқан марқұм Мұхтар Əуезов еді.
«Сыйға – сый, сыраға – бал» деген қазақ халқы шын достық, 
шынайы адал достық адал жүректі, шырайлы адал көңілді ғана 
шақыратынын əуелден-ақ жақсы білген. Сондықтан да ол өз 
əдебиетінің өркен жаюына орыс мəдениетінің еткен игі əсерін, орыс 
əдебиеті мен мəдениет қайраткерлерінің тікелей көмегін ешқашан да 
естен шығармайды.
Əдеби күштерді топтастырып, орынды пайдалану үшін, нəтижелі 
іс жүргізу үшін облыстарға шығып тұрудың туысқан əдебиеттердің 
апталықтарын, онкүндіктерін жиі-жиі алма-кезек өткізіп тұрудың 
пайдалылығына арнайы тоқтала келіп, көрнекті совет жазушысы 
Леонид Сергеевич Соболев «Литература и жизнь» газетінің 1961 
жылғы 4 декабрьдегі санында «Көркем аударма туралы» жазған 
бас мақаласында: «Бұдан басқа, тағы да орыстың «достық» дей-
тін қарапайым ғана бір жақсы сөзі бар. Достықсыз біз, жазушы-
лар, түкке де тұрмаймыз. Біздің жазушылар ұйымдарына жиі-жиі 
шығып тұруымыз... осындай достыққа жетекші мұрындық бола-
ды», – деп жазып, өз өмір тəжірибесінен, марқұм Мұхтар Əуезовпен 
араларындағы творчестволық достық жайларының көптеген мысал-
дарын келтірген болатын.
Біздің алдымызда БК(б)П Зайсан аудандық комитетінің органы 
– «За большевистские колхозы» газетінің 1935 жылғы 16 июнь күнгі, 
уақыттан əбден сарғайып біткен бір номері жатыр. Газет жазғы парк-
те Л. Соболев, М. Əуезов, П. Лукницкий т. б. совет жазушыларының 
қала жастарымен кездескенін, сол жиында лагерьдегі пионерлер 
жиналысының қаулысы оқылып, Л. Соболев пен М. Əуезов құрметті 
пионерлер боп сайланғанын, сөйтіп, олардың мойындарына қызыл 
галстук байлағанын хабарлапты. Жиын соңында құттықтауға 
жиналған қала халқына арнап М. Əуезов пен Л. Соболев совет 
əдебиетінің міндеттері жайлы ұзақ сөз сөйлеген.
Бұл оқиға Л. Соболевтің Ленинград жазушыларын бастап 
Қазақстанға ең алғаш келген сапарында болған еді. Содан бастап 
жазушының Қазақстанға деген махаббаты мен зейіні, ізет-ілтипаты 
ешуақытта бəсеңдеген жоқ.
Елімізді индустрияландырумен байланысты отызыншы жыл-
дардың орта шенінде совет əдебиетінде өнеркəсіп тақырыбын 
өрістету мəселесі күн тəртібіне ерекше қойылды. Осыған орай 
көптеген орыс совет жазушылары еліміздегі жаңадан салынып 
жатқан өнеркəсіп ошақтарына аттанып, соның нəтижесінде толып 
жатқан өлең, əңгімелер мен очерк, репортаждар жазылды. Міне,

88
89
Ленинград жазушыларының жоғарыдағы сапары да осы мақсатпен 
тікелей байланысты еді, олар сол кезде жүріп жатқан «Шығыс 
шеңбері» («Восточное кольцо») деп аталатын автотрасса жол 
құрылысымен танысты.
Бұл сапарда республика өмірімен танысудан алған əсерлері 
жайында кейін Л. Соболев: «Біз Қазақстанға мəңгі-бақи шын беріліп 
қайттық дер едім, жəне мұның өзі біздің əдеби өмірбаянымызда өте 
күшті, өшпес із қалдырды» деп еске алады.
Міне, содан бастап Қазақстан тақырыбы, қазақ əдебиетінің 
мəселелері жазушының творчестволық жоспарында өзінің төл туын-
дыларымен жарыса, қатар жүріп отырды. Ретті жерінде айта кетелік, 
революциядан бұрын кадет корпусында, сосын теңіз училищесін-
де білім алып, көп жыл бойы соғыс кемесінде командирлік қызмет 
атқарған жəне азамат соғысын, совет-фин соғысын, Ұлы Отан 
соғысын бастан өткеріп, сан сұрапылға қатысқан жазушының төл 
туындылары түгел дерлік соғыс-теңіз флотымен байланысты деуге 
болады. 1926 жылдан жариялана бастаған Л. Соболев 1928 жылы 
өзінің тұңғыш көлемді еңбегі «Күрделі жөндеу» («Капитальный 
ремонт») романын жазуға кірісті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың 
қарсаңында матростар арасындағы революциялық рухтың өрлеуін, 
офицерлер арасындағы идеялық толқулар мен ауытқушылықтарды 
суреттейтін бұл шығарма 1932 жылы жарық көрді. Талантты 
жазылған бұл роман жазушы есімін бірден-ақ көпке жайып жіберді. 
Кейін бұл Англияда, АҚШ-та, Чехословакияда, Польшада, Финлян-
дияда, Японияда, Швеция мен Болгарияда т. б. елдерде аударылып 
басылды.
Фин соғысында «Правда» газетінің корреспонденті болған жа-
зушы «Қызыл тулы Балтика» жəне «Балтық ерлері майданда» атты 
əңгімелер мен очерктер жинақтарын жариялады.
Ұлы Отан соғысы майдандарына басынан аяғына дейін қатысқан 
Соболев совет теңізшілерінің өмірінен «Теңізші жаны» атты 
əңгімелер жинағын, «Жасыл сəуле» атты романын жəне «Жеңіс 
жолдарымен» атты күнделігін жазды. «Теңізші жаны» кітабы үшін 
жазушыға 1943 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Осы жұмыстарымен қатар Л. Соболев қазақ əдебиеті мəселелері-
мен де шұғылдана берді. Ол құрастырып, редакциялаған қазақ поэ-
зиясы мен прозасының алғашқы антологиясы 1940 жылы Москвада 
орыс тілінде басылып шықты. Жазушының қазақ əдебиетшілерімен, 
əсіресе М. Əуезовпен жақын достығы осы кітапты əзірлеу барысын-
да туып, қалыптасты. Бұл жұмыстың жай-жапсарына тоқтала келіп 
Л. Соболев кіріспеде: «Егер антология, жұмыс барысында біздің өз 
басымызда болғанындай, орыс оқушысының қазақ əдебиетіне, оның 
тамаша өзіндік өзгешеліктеріне тереңдеген үстіне тереңдеп ене беру 
кұмарлығын тудыра алса, егер орыс оқушысы дала жырларын сүйіп, 
қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жер ұйықты іздеп далалар 
мен ғасырларға шеру тартқан мехнаты мол көшпендінің, ақырында 
іздегенін тек коммунизмнің күншуақ жайлауынан келіп тапқан ұлы 
халықтын қасірет шеккен ұзақ та қиын жолын ұғынса, антология 
мақсатының орындалғаны» деп жазды.
Антологияның жұрт кəдесіне жарағандығы ешқандай шүбə кел-
тірмейді. Антологияның жеке-жеке бөлімдері М. Əуезовтің «Қазақ 
эпосы жəне революцияға дейінгі фольклор», С. Мұқановтың «XIX 
ғасырдағы қазақ əдебиеті», М. Ритманның «Социалистік Қазақстан 
əдебиеті» атты мақалаларымен ашылды. Л. Соболевті Қазақстан 
өмірінің қызықтырғаны соншалық, ол осы кітаптың біреуін М. 
Əуезовке сыйға тартып, оның бетіне: «...флот туралы кітап жазып 
жатырмын, Қазақстанды санамағанда, бұл өзі менің екінші перзен-
тім ғой», – деген автограф жазды.
Л. Соболев Қазақстанға алғашқы сапарынан кейін екі жылдан соң 
қайтып оралды. Бұл кезде ол М. Əуезовпен бірге «Абай» пьесасын 
жазуға кіріскен еді. Екі жазушының бұл игі бастамасы 1939 жылы 
аяқталды да, пьеса 1940 жылы күзде қазақтың академиялық драма 
театрының сахнасында қойылып, кейін оның тұрақты репертуарына 
айналды.
Бірлесіп жазудың (соавторлықтың) бірнеше жолдары бар. 
Осы жағынан алғанда бұл пьесаның жазылу тарихы да қызық 
көрінеді. М. Əуезовтің жұбайы Валентина Николаевнаның айтуына 
қарағанда, авторлар бірлесіп отырып, ең алдымен пьесаның кеңінен 
ойластырылған жоспарын жасап алып, əрқайсысы өзінше орысша-
қазақша екі тілде, бірақ біріне бірі ұқсас екі пьеса жазып шыққан. 
Сосын Жазушылар одағының Москва түбіндегі Переделкиндағы 
творчество үйінде семьяларымен демалыста жатып, екі пьесадан 
ортақ бір вариант жасаған. Пьеса қазақ сахнасында сол вариант 
бойынша қойылған. Валентина Николаевнаның бұл айтқандары 
пьесаның қалай жазылғандығы туралы жоғарыда аталған мақалсында 
Л. Соболевтің айтқандарымен бір жерден шығады. 
Авторлар бұл трагедияны кейін орыс көрушілеріне анықтап, 
ықшамдап, əдет-ғұрыпқа, салт-санаға қатысты кейбір ситуациялар-

90
91
ды, қазақ ұғымына жеңіл болғанмен, басқа ұлт өкілдерінің ұғымын 
ауырлататын кейбір сөздер афористік сөз тіркестерін қысқартып, 
қайта қарады. Пьеса осы күйінде 1945 жылы Москвада «Искусство» 
баспасында орыс тілінде жеке кітап боп басылып шықты.
Осы кітапқа жазған соңғы сөзінде белгілі өнер зерттеушісі 
Ник. Львов пьесаның жазылуындағы əлгіндей ерекше жағдайды 
тағы да растай отырып: «Авторлардың бұл пьесаны жазу үстіндегі 
жұмыстары екі əдебиеттің орыс жəне қазақ əдебиетінің қалтқысыз 
достығының, екі əдебиеттің аса көрнекті екі өкілі – қазақ Мұхтар 
Əуезов пен орыс Леонид Соболевтің шынайы творчестволық достық 
бірлестігінің айғағы болып табылады» – деп жазды.
Авторлардың қазақ жəне орыс халықтары достығының айны-
мас жаршысы, Соболевтің өз сөзімен айтқанда, «Қазақ халқының 
ақындық жəнс азаматтық ар-ұжданы» болған Абай тақырыбында 
тіл тауып табысуы кездейсоқ емес еді. Ұзамай 1940 жылы Абайдың 
«Лирикалары мен поэмалары» Москвада алғаш рет Соболевтің 
редакциясымен жеке кітап боп басылып шықты. Жинақ Л. Собо-
левтің «Ойшыл ақын» деген мақаласымен жəне М. Əуезовтің 
«Алғысөзімен» ашылды.
Бірлесіп істеген осы жұмыстардың барлығы Л. Соболевті кейін-
нен «Абай» романын аударуға əкелген баспалдақ тəрізді еді. Қалай 
болғанда да «Абай» сияқты ұлы туындыны аударуға екі жазушының 
арасындағы достық мұрындық болғаны даусыз.
Кейбір аудармашылардың ұлт шығармаларын авторды көрмей-
білмей тұрып-ақ, жолма-жол жасаған тəржіма бойынша аударуға 
болады деген пікірлері мен іс тəжірибелеріне қарсы Л. Соболев іл-
геріде аталған аударма туралы мақаласында «Абай» романын аудару 
үстінде автормен қалай жұмыс істескен тəжірибесін ортаға салды.
«Дəлірек айтқанда, «аударма» деген сөз біздің бірлесіп істеген 
жұмысымыздың сипатын дəл бере алмайды. Қазақ тілін мен білмей-
мін. Менің алдымда орысша сөзбе-сөз аударылған подстрочник бол-
ды. Бірақ ол бойынша тек автормен тізе қосып отырып қана жұмыс 
істеу мүмкін еді. Сөзбе-сөз аударма Əуезовке тəн поэтикалык образ-
дар мен теңеулердің бар əсемдігін жеткізіп бере алмаған. Шынын-
да да ішінде, мəселен «Абай далада митинг өткізді» деп жазылған 
сөздері бар аудармаға қалай сөнерсің. Кейде мен орысша тексті 
оқып отырып Мұхтар Омарханұлынан: «Сен осылай деп жазып па 
едің?» – деп сұрайтынмын. Ол таңырқаған пішінмен ернін шүйіріп: 
«түу... масқара, менің жазуымда мүлде басқаша», – деп, жауап бере-
тін де, қолма-қол қазақша түпнұсқадан өзі аудара бастайтын. Текст 
енді орыс тілінде құлпыра жөнелетін. Міне, дəл осындай достықпен 
бірлесіп істеген жұмыс қана түпнұсқаның ерекшелігін сақтай 
алатындығына менің сенімім кəміл»,– деп жазды ол. М. Əуезов 
рен Л. Соболевтің творчестволық достығы – əдебиеттер достығы 
əдебиетшілер достығынан басталатындығының айқын бір көрінісі.
Бұлардан басқа Л. Соболев қазақ əдебиеті мен өнері, қазақ 
жазушыларының шығармалары жайында көптеген құнды мақалалар 
да жазды. Көрнекті орыс совет жазушысының қазақ əдебиетіне 
сіңірген еңбегінің ұзын-ырғасы осындай. Ол Қазақстанда болып 
өткен орыс əдебиеті мен мəдениетінің тұңғыш онкүндігіне қатысқан 
делегацияны бастап келді. Тарихи маңызы бар бұл онкүндік ұлы 
орыс халқы мен қазақ халқы əдебиетінің шын мəніндегі зор мере-
кесі болып өтті.
1964.
ЕҢБЕКПЕН ЕРЖЕТКЕН ТАЛАНТ
Көркем əдебиеттің даму процесі – ұзақ та тарихи процесс. 
Өйткені əдебиет ең алдымен ел өмірінің, халық өмірінің айнасы 
болғандықтан, қоғамның даму процесімен ұштасып, астарласып жа-
тады. Əдебиет адам санасына идеялық, эстетикалық тұрғыдан əсер 
ететін қуатты да құдіретті тəрбие құралы. Сондықтан да Коммунистік 
партия əлем тарихында ең жетік, ең озық қоғам – коммунистік қоғам 
құрылысын жасап жатқан бүгінгі ұлы заманда совет жазушыларын 
өзінің сенімді де белсенді көмекшісі деп біледі.
Творчестволық алғашқы қадамынан бастап өз шығармаларымен 
партия шақыруына əрдайым үн қосып, коммунизмге жол тартқан 
еліміздің салқар шеру, ұлы көшін бейнелеп келе жатқан бүтінгі іргелі 
де ірі, қабырғалы қазақ-совет əдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің 
бірі, жазушы Ғабиден Мұстафин. Ол 1902 жылы Қарағанды 
облысының қазіргі Теміртау заводы тұрған Гельман ауданында, 
Нұра өзенінің бойында, Жауыр, Қожыр тауларының сілемі болып 
саналатын Сарытөбе деген жерде шағын ғана дəулеті бар шаруаның 
семьясында туған.
Ғабиден Мұстафин əдебиетіміздің бүгінгісіне дейін ұзақ та күр-
делі жол кешті. Тынымсыз тырбанып, еңбекпен есейген жазушы 
бүгінгі шыққан биігіне үздіксізденудің, жан-жағын жаппай қарманып, 

92
93
айналада болып жатқан өмір өзгерістеріне, сан тарапқа көз салудың 
нəтижесінде ғана жетті. Бұл түсінікті де. Туғаны мен өлгенін хатқа 
түсіріп, қағаз бетіне тіркемейтін қазақтың байырғы қараңғы ауы-
лында дүниеге келген Ғабиденнің алғашқы мектебі – дін сабағы 
болды. Бұл туралы жазушы: «Жас кезімде ауылдағы молдалардаң 
дін сабағын оқыдым. Басқа оқу жоқ. Қазақ елінің көпшілігі сауат-
сыз, сауатты дегеніміздің көбі молдалар, діншілдер. Он жас толмай 
жатып күніне бес мезгіл намаз оқыдық. Рамазан айында 3 күндік 
ораза тұттық. Ораза жылына он күннен ауыса-ауыса, жаздың ұзақ, 
ыстық күндеріне келгенде шыдам жетпейді. Құдайдан қорықпай, 
жасырмай, молдалардан қорқып, жасырып, үзіліп бара жатқанда су 
ішеміз, тамақ жейміз. Мұсылман оразасы оразалардың ішіндегі ең 
ашаддісі» деп еске алады.
Діндар əкенің ықпалымен мұсылманша хат танып, сауатын ашқан 
Ғабиден 1916 жылы Спасск заводының табель жүргізушісінен бір 
жыл орысша оқып тіл сындырады да, келесі жылы сол заводтағы бес 
жылдық орысша-қазақша мектептің төртінші класына түсіп оқып, 
сол бөлімді бітіріп шығады. Бұдан əрі оқуға мүмкіндігі болмай, 
болашақ жазушының ресми оқуы осымен тынады.
1918 жылы туған аулына қайта оралған Ғ. Мұстафин 1925 жылға 
дейін күнделікті ауыл тіршілігіне араласып, əр алуан шаруашылық 
мəселелерімен шұғылданады. Ат жалын жаңа ғана тартып мінген 
жасөспірім жігіттің алғашқы араласқан қоғамдық өмірі, əлеуметтік 
ісі – ауылдағы советтің əр алуан жұмыстары болады. Бойын-
да оты бар талапкер жас əлеуметтік өмірге араласқаннан кейін өз 
білімінің шағындығын сезіне бастайды да, 1925 жылы көктемде 
білімін көтеру мақсатымен Қазақстанның сол кездегі астанасы 
Қызылордаға келеді. Бірақ азғантай біліммен белгілі бір оқу орнына 
түсу мүмкін болмағандықтан, Ғ. Мұстафин Қазақстан Жоғарғы со-
тына іс қағаздарын тіркеуші болып қызметке орналасады. Болашақ 
жазушының баспасөз жұмысы мен көркем əдебиетке дсген əуелгі 
əуесқойлығы осы кезден басталады.
Ғ. Мұстафиннің творчестволық жолы 1927 жылы «Жыл құсы» 
журналында жарияланған «Сəрсен мен Боқаш» атты əңгімесінен 
басталады. Əрине, көркем шығарманың терең сырларына əлі қаныға 
қоймаған жазушының алғашқы адымында еліктеушілік, қағазға 
қара дүрсін түсіріп жаза салушылық болмай қалған жоқ. Бұл ту-
ралы жазушы: «Ол кезде жазушылық кəсібінің маңызына түсінген 
емеспін. Жазғым келгенде көргенімді, сезгенімді сол күйінде жаза 
салатынмын. Əлі күнге мектеп көрмесем де, сол кездегі айтыстар өз 
тұсымнан ізденуге, оқуға күшті əсер етті», – деп еске алады.
Ақын Исаковский «Ақындық шеберлік туралы» деген еңбегінде: 
«Адамның ерте ме, кеш пе, əйтеуір өз өмірінде поэзияға бір рет бой 
ұрмағы табиғи нəрсе, бірақ сол бой ұрғанның бəрі ақын боп шыға 
бермейді» деген еді. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың: «Өлеңге 
əркімнің-ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы» деген 
пікірлерімен сабақтасып жатқан Исаковскийдің осы сөзінде үлкен 
шындық бар. Шындық болғанда бір ғана поэзия үшін емес, жалпы 
көркемөнер үшін заң саналатын шындық бары байқалады.
Расында, көңілдің қалауымен, яғни сүйгендіктен ғана өнерлі болу 
мүмкін емес. Тек қана болғысы келгендіктен өнерлі болу мүмкін 
болса, онда жұрттың бəрі я жазушы, я суретші, я актер, я мүсінші не-
месе композитор-музыкант болар еді. Мамандардың айтуынша, му-
зыкант болу үшін тыңдай білу, адамның есіту сезімінің жетік болуы 
қажет. Бірақ тыңдай білген құлақ иесінің бəрі бірдей музыкант емес. 
Əн-күйді, музыканы жанындай сүйетін мыңдаған-миллиондаған 
тыңдаушы бар. Солардың көбінің музыкант болғысы келмейді емес, 
музыкант болу қолынан келмейді. Олай болса, өнерлі адам, яғни 
өнер иесі болу үшін, «болғысы келудің» үстіне, ең алдымен, талант, 
дарын керек.
Талант өнер иесіне, оның ішінде жазушыға да, табиғаттың тартқан 
сыйлығы. Жəне, сыйлық болғанда, əр жазушыға безбенмен өлшеп, 
бəріне бірдей тең етіп берген сыйлық емес, біреуге мысқалдап, 
біреуге батпандап дегендей, əркімге əр алуан тартқан сыйлық. 
Қаламынан шыққан шығармасы халқының жүрегіне жол тапқан жа-
зушыны, əдетте, əдебиетшілердің «Зор талант, дарқан дарынды» деп 
жататыны да, түптеп келгенде осыдан. Демек, шын мəніндегі көркем 
сөз шебері болу үшін тек қана таланттың өзі жеткіліксіз. Нағыз өнер 
иесі талант пен еңбеккерлікті егіз деп қарайды. Осы сөздің еңбек 
аталатын сыңары болмаса, жалпы талант өзі жазушыны қозы көш 
жерден əріге апармайды.
«Жазушылық əрі талант, əрі профессия, талантсыз кісі жазушы 
бола алмайды, бірақ жазушылықты профессияға айналдырмаған 
талант өркендемейді. Жұмыскерлік, оқытушылық, ғылым иесі 
болушылық профессиясы сол жүйені көп зерттеуді тілесе, жұмыскер 
де, мұғалім де көп еңбек сіңіру арқылы профессионал болса, 
жазушылық профессиясы да сондай.

94
95
Академиктің білімінің басы «Əліпбиден» өркендейді. Содан 
жоғарылап, бір ғылымның төбесіне шыққан соң ғана ол академик 
болады.
Көркем əдебиеттің де өз биігі, өз шыңы бар. Ол адам баласының, 
талантты көркем сөз иелерінің мыңдаған жылдар бойы жасаған 
əдебиет мұрасы. Осы мұраны меңгеріп, төбесіне шыға білмеген адам 
көптің көзіне қайдан түссін. Ондай адам сай-саланың шұқырында 
жүріп күнелтеді де, əдебиетті бұрынғы сатысынан жоғары көтеруге 
көмектесе алмайды».
Жазушы С. Мұқановтың осы пікірі дəл айтылған. Шынында, 
жазушылық тек еңбек арқылы профессияға айналады, еңбек арқылы, 
тынбай іздену арқылы, өмірді терең зерттеу, адам баласының 
мыңдаған жылдар бойы жасаған мол өнер мұрасын игеру арқылы 
ғана талант иесі профессионал бола алады.
Қазіргі қазақ-совет əдебиетінде белгілі қолтаңбасы бар көрнекті 
жазушы, қоғам қайраткері Ғабиденді, дүниеге революциядан бұрын 
келіп, қазақтың əрбір ауыл баласының қарапайым ғана үйреншікті 
балалық шағын басынан өткерген Ғабиденді қоғамдық өмірге де, 
əдебиет əлеміне де алып келген Ұлы Октябрьдің жеңісі, советтік 
заманымыздың, социалистік құрылыс жылдарының шындығы. Бұл 
жылдар – азамат соғысынын ауыртпалығынан енді ғана есін жинай 
бастаған қазақ ауылдарында тап күресінің қызу жүріп жатқан, бай-
құлақтарға көтере салық салу, оларды тежеу саясатының жүзеге асы-
рылып жатқан кезі еді. Байға есесі кеткен жарлы-жақыбай, кезінде 
қалың малдың құрбаны болып, байлардың есігінде күңдіктің күнін 
кешкен жетім-жесірлердің мұң-мүдде, арыз-армандары сияқты кеше 
ғана ауылда өз көзімен көріп, өзі басы-қасында болып келген та-
ныс өмір Ғабиденді сот мекемесінде де күтіп алды. Өйткені ол кез-
де советтік заң орындарына ауылдан түсетін арыз-шағымдардың 
көпшілігі-ақ осы алуандас болатын. Міне, осында кездесетін кей-
бір қызық фактілердің негізінде Ғабиден қысқаша газет хабарлары 
деген шағын мақалалар жазып «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социа-
листік Қазақстан») газетінде жариялап жүрді. Жазу-сызу, қалам 
өнеріне бірте-бірте əуестеніп, құныға бастаған ол жоғарыдағы 
шағын мақалаларға қоса очерк, фельетондар жаза бастады. Астанаға 
келіп, əлеуметтік өмірмен, əдеби ортамен жақын танысу болашақ 
жазушының өздігінен оқып, білімін көтеруіне едəуір əсер етті. 
Жазушының өзі де əлі еркін сезініп болмаған, əлі тұтана қоймаған, 
тек қана көңілдің бір бұйығы бұрышында, терең түкпірінде жатқан 
табиғи талант ұшқыны енді оны қалам өнеріне, жазушылыққа шын-
ақ қызықтырды. Осыдан бастап Ғ. Мұстафин қалам өнерінің журна-
листіктен гөрі күрделірек саласы – жазушылыққа бүтіндей бой ұрды. 
Өз халқының өтпелі кезеңдегі тағдырын ойлап, оның болашағына көз 
жіберген жас жазушы халыққа қызмет етудің мықты кұралдарының 
бірі – көркем əдебиет екеніне көзі жетті де, өз ойын осыған мықтап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет