бекітті, сөйтіп ендігі саналы өмір жолын біржола таңдап алды. Осы-
дан бастап ол əңгіме, очерк, мақалаларды бұрынғыдай тиіп-қашып
емес, жүйелі түрде үзбей жазатын болды.
Бұл жылдар – Ұлы Октябрьдің жеңісін қуана құшақ жайып қарсы
алған ауыл кедейлерінің сана-сезімі оянып, барлық салада да бел-
сенділіктері арта түскен шақ еді. Ауыл кедейлері өздерін аяусыз
қанап келген байларға қарсы батыл күрес жүргізді. Бұл күресте олар
жергілікті Советтік өкімет орындарына, коммунистік ұйымдар мен
заң орындарына арқа сүйеді.
1925 жылы БК/б/П Орталық Комитетінің «Партияның көркем
əдебиеттегі саясаты туралы» қаулысынан кейін пролетариат
жазушыларының ассоциациясы құрылып, Қазақстанда да советтік
жаңа өмірді жырлайтын жаңа жас əдебиет қалыптасып, жергілікті бай-
шыл-ұлтшыл əдебиетке қарсы күрес үстінде оның қабырғасы қатып,
бұғанасы беки түсті. Былайша айтқанда, идеологиялық майданның
ең бір көрнекті саласы болып табылатын көркем əдебиетте де кедей-
лер мен жарлы-жақыбайларды жақтаушы жазушылардың белсен-
діліктері арта бастады.
1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «көркем
əдебиет туралы» деген мақаласында С. Мұқанов: «Қай губерния-
дан шығатын қандай газетті алсақ, оларға елдегі шала хат білетін
тілшілерден, комсомолдардан, жас партия мүшелерінен, ауыл
мұғалімдерінен əдеби шығармалар көп келеді. Біздің баспаларымыз
олардың көбін лайықсыз деп тауып баспайды. Əрине, ... ауылдан ке-
летін өлең, əңгімелердің көбі басып жіберуге жарамсыз, бірақ онда
терең сыр бар: ауыл кедейлері қалай күн көріп жатыр, не нəрсеге
түсінді, не нəрсеге түсінген жоқ, не нəрседен жəбірленді, байларға
қалай қарайды – осыларды ашық көруге болады. Біздің алдағы күнде
тапшыл жазушыларымыз кім? Əрине, солар... жаңа оянып келе
жатқан кедей жастарына көбірек көз салуымыз керек. Егер оларды
үйрете білсек, ертең-ақ кəдімгі жазушы болып шыға келеді», – деп
жазған еді. Мұның өзі ел өміріне кірген өзгеріс еңбекшілердің сана-
сына қаншалықты зор əсер еткендігін, еңбек иесінің белсенділігінің
қалайша арта түскендігін айқын аңғартады.
96
97
Қорыта айтқанда, бұл жылдардағы ел өміріне, еңбекшілердің са-
насына Совет өкіметі енгізген өзгерістер мен жаңалықтар жаңаша
жырлауды талап етті. Жоғарыда С. Мұқанов айтқандай, газет-
журналдарға əңгіме-очерктерін жиі əкеліп, бағыт-бағдарын, идеялық
бетін бірден-ақ жаңаша бастаған жас түлектің жуан ортасында
Ғ. Мұстафин де болды.
Ғ. Мұстафиннің алғашқы əңгімелері ауыл кедейлерінің таптық
сана-сезімінің оянуы, байларға қарсы күрес т.б. сол сияқты өзі көзбен
көрген таныс тақырыптарға арналды. Қазақ аулындағы тап күресі –
Ғ. Мұстафиннің 1929 жылы Қызылорда қаласында «Ер Шойын жəне
басқа əңгімелер» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан
тұңғыш жннағының мазмұны, негізінен, міне осы еді. Мəселен,
«Шойын жайындағы» əңгімеде қанша уақыт бойы Қоржық байдың
тепкісінде төзімділік жасап, кейістік білдірмей келген кедейдің совет
заманы тұсында сана-сезімі оянып, байлардан есе қайтарып кек алу
үшін топтасу, ұйымдасу қажет екенін түсіне бастағаны баяндалады.
Шойын өзінің інісі, комсомол мүшесі Болаттың көмегімен ауылда
қосшы ұйымын құрып, Қоржықтың мал-мүлкін конфискелеп, ке-
дей-кепшіктерге бөліп береді. Əңгімеде жазушы таптық күрестің
ұйымшылдық, бірлестік сипатының маңызын түсіндіруге күш сала-
ды. Ол кезде бұл сияқты əңгімелердің үгіттік, насихаттық маңызы
ерекше болатын. Расында да, күні кеше өз тағдырына мойынсұнып
кентерілік, кəнбістікпен жүрген кезінде Шойындар нендей бейнет
кермеп еді?!
1927 жылы жазылған «Қан» деген əңгімесінде жазушы Шойынның
Төкіш мырза мен Бəлкен байдың жер үшін таласқан барымтасында
байдың сойылын соғатын деп соққыға жығылып, қанға боялғанын,
аяғы сынғанын суреттейді. Əрине, ол кезде Шойын бұл барымта-
дан езіне келер ешқандай пайданың жоқтығын, байдың итаршысы
боп, қарадай ауыр бейнет тартып жатқанын əлі түсініп үлгірген жоқ
еді. Бұл жайлардың бəрін де Шойын байларды конфискелеу тұсында
толық түсініп, аңғара бастайды.
1928 жылы жазылған «Қашқын» деген əңгімеде Қуат деген
жылқышының Малқамбай байдың есігінде жүріп, соққыға жығылып,
көзі шыққан əкесіне ара түсемін деп, байға қол жұмсағаны үшін,
жазықсыздан-жазықсыз абақтыға алынып, жер аударылғаны, жолда
урядник пен почтабайды соққыға жығып қашып, ақыры қуғыннан
қорқып, елден жырақ шығып кетіп, ауыл арасында «қашқын, бұзық»
атанғаны айтылады. Қуатты да бұндай атақ пен қуғын-сүргіннен тек
қана Ұлы Октябрьдің жеңісі, Совет өкіметі құтқарып алады.
«Еңбек ерлігі» атты əңгімеде (1927) Шойын, Қуат сияқты кешегі
күні зəбір көрген кедей-кепшіктердің – Мысықбек, Медеу, Əділбек,
Бодаубек, Толбайлардың тізе қосып ұйымдасып, ірге құрап, егін егіп,
таптық мақсатпен бас біріктіре бастағаны баяндалады.
Жазушының тұңғыш жинағына енген алғашқы əңгімелерінің
идеялық мазмұны осы сарындас болып келеді. Əрине, бұл жинаққа
енген əңгімелердің көркемдік сапасына жазушының бүгінгі жет-
кен биігінен көз салсақ, көптеген сын айтуға болады. Ондағы
əңгімелердің саяси маңызы, идеялық мазмұны ұтымды болғанымен,
көркемдік сапасы, тіл шеберлігі жағынан жазушы қаламының əлі де
балаңдығы, тəжірибесінің аздығы аңғарылып тұрады.
Міне, осы алғашқы əңгімелерінен кейін жазушы көп жыл бойы
көркем əдебиеттен қол үзіп кетті. Бұған оның 1930 жылы май айын-
да əртүрлі себептермен Қарағанды қаласына жұмысқа кетуі себеп
болған еді. «Мен келгенде, – деп еске алады жазушы өз өмірінің бұл
кезеңін, Қарағандыда бес-алты жаман барак қана, 30-40 жұмысшы
ғана бар еді. Олар көмірді қайламен қазып сыртқа темір шелекпен қол
бұран арқылы шығаратын. Шахта дегендері бір ғана құдық». Қазіргі
алып Қарағанды өндірісінің осындай кезеңіне тап келген жазушы
жұмысты жер қазу, темірдің тотын қырудан бастап, үш жыл ішінде
слесарьлық, токарьлық мамандықтарын игереді. 1933 жылдың ба-
сында жергілікті ұйымдардың ұйғаруымен жазушы «Қарағанды про-
летариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалады.
Бірақ көп кешікпей Ғ. Мұстафин Новосибирь қаласында «Қызыл
ту» атты қазақ тілінде шығатын жаңа газеттің ашылуына байланыс-
ты, өзі сұранып сонда жұмысқа ауысады. Тек 1938 жылы ғана ол
газет жабылған соң, Алматыға қайтып оралады.
Көркем əдебиеттен қол үзіп кеткен 7-8 жыл ішінде жазушы жур-
налистік қызметке едəуір төселіп қалған еді. Газет беттерінде оның
көптеген очерктері мен фельетондары басылды. Баспасөзде қызмет
істеу жазушы үшін білім жағынан, əсіресе орыс əдебиетімен та-
нысу жөнінен тұтас бір университет тəрізді болды. Жазушының
құбыланамасы сонау жылдардағыдай тек Бейімбет пен Сəбит қана
емес, енді орыстың озық əдебиет үлгілері болды.
Алматыға келісімен ол «Əдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз»)
журналына қызметке орналасты да, 1940 жылдан бастап біраз
уақытқа дейін журналдың бас редакторы болып істеді. Ол кеп уақыт
бойы Жазушылар одағының басқарушылық қызметінде де болды.
1938 жылы Алматыға келісімен бастаған «Өмір не өлім» романын
98
99
1940 жылы жеке кітап етіп бастырды. Жазушы колхоз-совхоз сахна-
ларына арналған бірнеше шағын пьесалар мен «Тұтқын», «Күлмеген
адам», «Керуен», «Құлаған құз» əңгімелерін, дүниежүзілік рекорд
жасаған атақты Шығанақ Берсиевтің өмірінен «Шығанақ» атты
романын жазды. 1948 жылы Ғ. Мұстафиннін Қазақстанда колхоз
құрылысының жаңа кезеңін бейнелейтін «Миллионер» повесі басы-
лып шықты.
Көп кешікпей орыс тілінде де жарыққа шықкан бүл соңғы
шығармалар жазушы есімін енді тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Одақ
көлеміне таныта бастады. Бұдан соң жазушы бір кезде «Өмір не өлім»
романында көтерген өндіріс тақырыбына қайтадан бет бұрып, 1952
жылы «Қарағанды» романын жариялады. Ал Қазақстандағы НЭП
жəне ірі бай-феодалдарды конфискелеу дəуірін тарихи оқиғалары
жазушының 1960 жылы жарыққа шыққан «Дауылдан кейін» атты
жаңа романының сюжеті болды. Соңғы жылдары Ғ. Мұстафин
бірыңғай творчестволық жұмыспен шұғылданып, өз өмірінен, аға
буынның өкілдері өткен тарихи кезеңдерден мемуарлық трилогия
жазу үстінде. Осы трилогияның «Көз көрген» атты алғашқы кітабы
1963 жылы жарияланды.
Үздіксіз іздену, өсу үстінде келе жатқан талантты жазушының
«Миллионер», «Қарағанды» сияқты бірқатар шығармалары орыс
тілі арқылы Одақ көлеміне шыққаны өз алдына, көптеген шетел тіл-
деріне де аударылды.
Қазақ əдебиетін өркендету ісіне қосқан үлесі, сіңірген еңбегі үшін
Ғ. Мұстафин Екінші дəрежелі «Отан соғысы», екі рет Еңбек Қызыл
Ту, Ленин ордендерімен наградталды.
Ғабиден творчествосын сөз қылғанда есте болатын бір айқын
ақиқат бар – ол жазушының ең алғашқы əңгімелерінен бастап соңғы
эпикалық кесек те көркем туындыларына дейін бір ғана бағытта, яғни
бүгінгі күннің тақырыбына, Советтік Қазақстан өміріне ғана арнап
қалам тартып келе жатқандығы. Қазақ аулындағы өмір өзгерістерінен
туған тақырыптардың бəр-бəрісі де Ғабиден шығармаларынан өзінің
нақты көркем көріністерін тапты. Демек, Ғабиден творчествосын
тұтастай алғанда Советтік Қазақстан өмірінің көркемдік тарихы,
естелік, ескерткіші, азамат соғысынан кейінгі жылдардан бастап
күні кешеге дейін қазақ аулында болған өзгерістердің ұзақ шежіресі
деуге болар еді.
1954 жылы Қазақстан жазушыларының III сьезінде «Қазақ-совет
прозасы туралы» баяндамасында жазушы Ғ. Мүсірепов Мұстафин
творчествосының осы ерекшелігін атап көрсетіп, былай деген бо-
латын: «Ғ. Мұстафин... қазақ-совет прозасынан өзінің тиісті орнын
алумен бірге, əдебиетіміздің бетін бүгінгі өмірге бұруымызға да
үлкен жетекші болды. Бұл – оның творчестволық биографиясындағы
елеулі ерекшелігі. Басқа жаққа ауытқымай, бүгінгі совет шындығын
жырлау екінің бірінде кездесе де бермейді. Оның үстіне жазушының
іздену талаптары тұтас бір бағытта болғандықтан, табысы да олқы
емес. Ғабиден типтерді де, типтік жағдайларды да өзіміздің совет
шындығынан алып өсіп келеді».
Біздің ойымызша, бұл өте əділ баға. Мұның өзі мəдеиетімізге көп-
тен араласып, жұртшылық аса жоғары бағаланған шығармаларын-
дағы өзіндік сыр-сипаттармен табылған жазушының əдебиет тари-
хында алатын орнын айқындайтын пікір. Ғабиден, шынында да, совет-
тік өміріміздің шындығын шабыт көзі етіп, туған республикамыздың
өмірін өз шығармаларына өзек етіп келе жатқан жазушы. Ол қалам
тартқан алғашқы күндерден бастап күні бүгінге дейін тек қана жаңа
заманды, социалистік жаңа өмірді, Советтік Қазақстанның тарихи
табыстарын өз творчествосына тақырып етіп келеді. Əрине, бүгінгі
күннің тақырыбы дегенді дəл қазіргі мезгілмен шектеп, очерктік
тар шеңберде түсіну қате болар еді. «Республикамыздың оқушы
жұртшылығы мен əдеби сыны Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін»
атты жаңа романына жақсы баға берді. Ол НЭП тұсындағы қазақ
ауылының тұрмысын баяндайды. Жазушы 20-жылдардағы тап
тартысын, партия жəне совет қызметкерлерінің ұлттық кадр-
ларының қалыптасу процесін шынайы бейнелейді, қазақ кедей-
лері жетекшілерінің образын сүйіепеншілікпен суреттейді. Ал
сол шығарманы осы заманғы емес деуге бола ма, Ғ. Мұстафинді
бүгінгі күннің тақырыбынан аулақтады деп кінəлай аламыз ба?
Жоқ, мен ондай пікірді əділетсіздік деп білер едім»,– дейді фило-
софия ғылымының докторы Н. Жанділдин өзінің «Соны жолмен»
деген мақаласында. Бүгінгі күннің тақырыптарына үн қосу жағынан
Ғ. Мұстафиннің, əсіресе «Шығанақ», «Қарағанды», «Миллионер»
атты шығармалары қоғамдық жүртшылықтың жоғары бағасына ие
болғандығы баршамызға аян.
Ақын, драматург Əбділда Тəжібаев «Қазақ əдебиеті» газетінің
1962 жылғы 29 ноябрь күнгі санында жарияланған «Ғабиден туралы
сөз» деген мақаласында: «...Ғабиден өмірді суретшідей ғана емес, та-
рихшыдай зерттейді. Оның шығармасына алатын адамдарында өзіне
бейтаныс бір пенде жоқ. Жақсы көрері де, жек көрері де автормен бір
100
101
семьяда өскен адамдар сияқты ... Ол əрбір шығармасына алдымен
герой етіп өз халқын алады да, халықпен ғасыр қозғалысын негізгі
арқау етеді. Содан соң жеке адамдар өмірі мен тағдырлары арқылы
жаңағы бас герой болып отырған халықтың дараланған айқын об-
разын жасайды. Біз шығарманың алғашқы беттерінен-ақ эпикалық
планда үдере көшкен халық қимылы қайдан, қалай басталғанын
көрсек, шығарманың өн бойында сол күштің қайда беттегенін,
қайда жеткенін, қалай жеткенін көреміз. Бұл жағынан М. Əуезовтің
«Абай жолы» XIX ғасырдағы қазақ халқының тарихи қимылынын
дастаны десек, Ғабиден шығармалары Советтік Қазақстанның тари-
хи қимылының дастаны. Мұстафин романдарының композициялық
құрылыстары да осы тұрғыдан танылуға тиіс», – деп жазды.
Тұтастай алғанда, Мұстафин творчествосына берілген жоғары-
дағыдай бағалар оның тек тақырып таңдаудағы сəтті де ұтымды
қадамдарын ғана белгілемейді, сонымен бірге жазушылық шебер-
лігінің шыңдалып, шығармаларының көркемдік сапасының да
анағұрлым артып, марқайғандығын дəлелдейді.
* * *
Ғ. Мұстафин шығармаларының негізгі тақырыптарының бірі –
өндіріс, индустрия тақырыбы. Біздің елімізде социалистік құрылыс
жылдарында жүзеге асырылған жарқын жоспарлардың ішінде
елімізді индустрияландыру ісі ерекше болғаны мəлім. Түркістан-
Сібір темір жолының салынуы, Жезқазған, Қарағанды, Қарсақпай,
Лениногор (бұрыңғы Риддер) өндіріс орындарының іске қосылуы,
т. б. сол сияқты көптеген өнеркəсіп мəселелерінін күн тəртібіне
қойылуы əдебиетке де жаңа леп, тың тақырып əкелді. Бұрын өндіріс,
өнеркəсіп мəселелерінен мүлде хабары жоқ қазақ жазушыларына
бұл тақырыпты игеріп кету оңай соққан жоқ. Олар революцияның
алғашқы жылдары мен жиырмасыншы жылдары ауыл кедейлеріне
Совет өкіметі əперген теңдік пен жаңалықтарды, ауылдағы тап тарты-
сын, бай мен кедей арасындағы теңсіздікті, қайшылықтарды жырлап
келген болса, енді отызыншы жылдардағы ел өзгерістері олардың ал-
дарына өз такырыбын – өндіріс, жұмысшы табы тақырыбын ұсынды.
Қазақ жазушылары тосын тақырыпқа бірден лап қоймай, əуелде
тосырқай қарады. Бұл тосырқау тек қазақ жазушыларына ғана емес,
бұрын өз өнеркəсібі болмаған бірқатар советтік шығыс елдерінің
жазушыларына да хас қасиет, ортақ мінез еді. Əрине бұл олардың
өмірдегі жаңалыққа енжар, самарқаулығынан емес, тың тақырыпты
игеруге тəжірибе, талғамының аздығынан еді. Ұлт жазушыларына
осы бір қиындықтан шығуда қол ұшын беріп, көмекке келген тағы да
туысқан орыс əдебиетінің өкілдері орыс совет жазушылары болды.
Москва, Ленинградтағы орыс совет жазушылары арнайы жолдама-
мен шығарып, ұлт республикаларында: Өзбекстанда, Қазақстанда,
Түркменстанда т. б. жерлерде салынып жатқан өндіріс ошақтарынан
алғашқы очерк-əңгімелері мен репортаждар жазды. 1935 жылы
Л.С. Соболев бастаған Ленинград жазушыларының Қазақстанға
келіп, шығыс облыстарын аралап қайту сапары осы мақсатпен ті-
келей байланысты еді. Осы лекте қазақ жазушылары да өндіріс
тақырыбына өздерінің алғашқы имене басқан қадамдарын жасады.
Осы тұста С. Сейфуллиннің «Жер қазғандары», Ғ. Мұстафиннің
«Алыптың кереметтері» атты көлемді очеркі, Ə. Əбішевтің «Завал»
атты əңгімелер жинағы, тіпті С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым»
атты белгілі романы т. б. дүниеге келді. Əрине, заман талабы-
на, елімізде жүзеге асырылып жатқан өндіріс қарқынына ілесу
үшін мұндай бірді-екілі шығарманың аздық жасайтыны айтпай-ақ
түсінікті. Керек десеңіз, қазақ əдебиетінде қыруар очерк, əңгіме, по-
весть, роман, поэмалар тудырған осы өндіріс, жұмысшы тақырыбы
əлі күнге дейін күн тəртібінен түспей келе жатқан тақырып. Тіп-
ті өндіріс тақырыбына бірқатар туынды жасалды-ау деген 1949
жылдың өзінде белгілі совет жазушысы Б. Горбатов езінің СССР
Жазушылар одағының XII пленумында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі
қазақ романдарының көбі ауыл шаруашылық тақырыбына жазылған
шығармалар. Бірақ Совет өкіметі тұсында Қазақстан индустриялы,
қуатты республикаға айналды. Сондықтан көмірлі Қарағанды ту-
ралы жазылған романдарыңыз қайда? Балқаш, Шымкент туралы
романдарыңыз қайда? – деп қазақ достарымнан сұрар едім» деген
болатын («Əдебиет жəне искусство» журналы, № 2, 1949, 76 б.). Ен-
деше, 1940 жылға дейін бұл тақырыпқа қалам тартқан жазушының
сирек екенін ескерсек, онда Ғабиден Мұстафиннің «Өмір не өлім»
атты алғашқы романының жарық көруі едəуір елеулі мəселе болды.
Демек, Ғ. Мұстафин өндіріс, жұмысшы табы тақырыбына алғаш үн
қосқан жазушыларымыздың бірі.
Əрине, ол елімізді индустрияландыру сияқты қиын да күрделі
тақырыпқа кездейсоқ келе қалған жоқ. Бұл тақырыпқа келуге оның
оқу жылдарында Спасск заводынан бала кезден бастап көрген-біл-
гендері, кейін есейе келе Қарағанды шахтасында жұмыс істеуі, жур-
налистік, жазушылық қызметімен байланысты көптеген өнеркəсіп
102
103
орындарында болып, жұмысшылар өмірімен жете танысуы себепші
болды. Осындай өз көзімен көрген жайларының негізінде жазушы
1938 жылы «Керуен» атты əңгімесін, 1938-1940 жылдары «Өмір не
өлім» романын, 1944 жылы «Қазақстан» атты көлемді очерк жазды.
Ғ. Мұстафиннің тұңғыш көлемді шығармасы «Өмір не өлім»
романы Қарағанды көмір бассейнінің қалпына келтірілу жылда-
рын, ол жылдардағы тап жауларымен күрес мəселелерін суреттейді.
Шығарманың ұнамды геройы Бораш шахта құлап, бір қуыста қалып
өлгелі жатқанда өмір мен өлім туралы ұзақ ойға шомады. Жалпы
адам осындай мүшкіл халде жатқанда не айтуға тиіс жəне комму-
нистік идеядағы жаңа адам не айтуға тиіс, қалай өлуге тиіс, өмір мен
өлім жайында не ойлауға тиіс? Міне осы мəселелердің төңірегенде
жазушы адам жайында, өлім жайында бірқатар философиялық ой-
лар түйіндейді. Озық идея үшін тіпті өлімнің өзі де оншалықты
қорқыныш емес, тек идея өлмеуге тиіс, ол үшін бəрі де құрбан деген
қорытындыға келеді Бораш. Демек, шығарма идеясының түп қазығы
да осында.
Өз тұсында өндіріс тақырыбына жазылған күрделі шығарма
ретінде əдебиетіміздің тарихында белгілі бір із қалдыра тұрса да, ро-
ман бірқатар кемшіліктерге орын берді. Əрине, ол заңды да. Өйткені
бұл прозаның роман сияқты ірі саласына жазушының алғаш рет
қалам тартуы еді. Екіншіден, бұл жазушының көркем əдебиеттен
8-9 жыл бойы қол үзіп кетіп барып қайта оралған шағы болатын.
Үшіншіден, жұқалтаң білім мен жазу тəжірибесінің тайыздығы да
аяққа оралғы, қаламға тосқауыл болды. Əрине, мұндай жағдайда ав-
тор шахта өмірін қаншалықты жақсы білгенімен, қысқа жіп күрмеуге
келмей, кей сəттерде орынсыз сюжет қызықтап кетіп, əсіресе адам-
дар арасындағы психологиялық қарым-қатынас мəселелерін сурет-
теуде көбірек сүріне берді. Романның композициялық тұтастығы
сақталмай, негізгі оқиғаға қатысы шамалы, қосалқы, жалған эпи-
зодтар мен қажетсіз штрихтар да орын алды. Республикамызда
өнеркəсіпті өркендетуге орыс пролетариатының көрсеткен көмегі
мен ағалық ролі айқын көрсетілмеді. Шығарманың тіл көркемдігі
де жазушының мүмкіндігінен əлдеқайда төмен тұрды. Өз кезінде
жұртшылық атап көрсеткен бұл кемшіліктерден тиісінше қорытынды
шығарған Ғ. Мұстафин 1952 жылы өндіріс тақырыбына қайтып ора-
лып, «Қарағанды» романын жазды. Жазушы жаңа шығармасында
жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмауға барынша күш салды.
«Қарағанды» романының оқиға желісі белгілі дəрежеде «Өмір
не елім» атты шығарманы қайталайды. Дəлірек айтқанда, біз
жаңа шығармада «Өмір не өлім» атты романда кездесетін кейбір
кейіпкерлердің одан ары тірлік, тағдырымен тоғысып, танысқандай
боламыз.
Бірақ солай бола тұрса да, өзінің көркемдік сапасы, тартыс
желісінің құрылу, өрістеу жолдары, характерлердің сомдалуы, партия
басшылығының дұрыс суреттелуі, халықтар достығының шынайы
бейнеленуі т.б. жақтарынан бұл мүлде тың бітімді жаңа шығарма
болып саналады. Мұнда Қарағандының Одақтағы үшінші көмір ба-
засы болып отырған бүгінгі дəрежеге дейін жету жолында кездескен
алуан түрлі кедергілер мен қиындықтар өте нанымды суреттеледі.
Белгілі революңионер жазушы Сəкен Сейфуллин 1935 жылы
Ə. Əбішевтің «Завал» атты əңгімелер жинағына жазған жолашар
сөзінде Қарағанды құрылысы сан ықылым қазақ жазушыларының
қаламына ілігіп, назарын аударатын мол тақырып екенін атап
көрсеткен еді. Қазақ əдебиетінің кейінгі даму барысы, əсіресе
Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке», Ə. Əбішевтің «Жас түлектер»,
Ғ. Слановтың «Жанар тау», Ғ. Мұстафиннің жоғарыда аталған ро-
мандары Сəкен сөзінің көрегендігін көрсетті.
Шығарманың оқиғасы 30-40 жылдардың арасын, атап айтқанда,
соғыстың алдындағы бесжылдықтар кезеңін қамтиды. Қазақстанды
индустрияландыруда, өнеркəсіп кадрларын, маман жұмысшылар
даярлауда Қарағанды өндіріс орнының алатын орны ерекше.
Сондықтан да жазушы Қарағанды көмір кенін қалпына келтіріп,
содан соң оны социалистік жолмен қайта кұру, реконструкция жа-
сау ісін суреттеу арқылы бір кездегі аграрлы елдің индустриялы ірі
республикаға айналу процесін бейнелейді. Бір ғана өндіріс орнының
мысалы арқылы автор Қазақстанда, оның өнеркəсібінде болған алып
өзгерісті аңғартады. Романда суреттелетін алуан-алуан оқиғалардың,
түрлі-түрлі тартыс салаларының бəрі де басты бір арнаға саяды, атап
айтқанда, жазушының алға қойған негізгі творчестволық мақсатына
– советтік Қарағанды мен оның жаңа адамдарынын есу, қалыптасу,
даму жолдарын көрсетуге кызмет етеді. Мұның өзі өндіріс өмірін су-
реттеуде жазушы шеберлігінің бұрынғыдан анағұрлым артқандығын
аңғартады. Романда көтерілген негізгі мəселенің бірі – еңбекшілердің
саналылық сезімдерін тəрбиелеуде қанаудан азат болған социалистік
еңбектің атқаратын ролін көрсету мəселесі. Шығарманың мақсаты,
идеялық-такырыптық мазмұны да негізінен осы мəселелердің
төңірегіне топтастырыла шешіледі.
Жазушы 30-жылдардың өмір шындығын, индустрияландыру
кезеңінің шынайы талас-тартыстарын кеңінен қамтуға күш салады.
104
105
Романның өмір шындығынан алынған тартыс желісінде алуан түрлі
адам характері қақтығысқа, қарым-қатынасқа түсіп, көптеген образ-
дар мүсінделеді.
Оқиға Қарағандыға Донбасс жұмысшыларының келуінен баста-
лады. Патша өкіметі тұсында ағылшын капиталистерінің (концес-
сионерлерінің) қолында болып, революциядан кейін иесіз, жабылып
қалған Қарағанды донбастықтар кслгенде адам айтқысыз ауыр халде
еді. Қирап, бүлініп біткен, он екіде бір нұсқасы жоқ ескі шахтаны
халыққа қызмет еткізу үшін əуелі қалпына келтіріп алу қажет бо-
лады. Қазақстанның өнеркəсібін өркендету ісіне қалтқысыз ағалық
көмек көрсету үшін партиялық жолдамамен арнайы аттанған орыс
жұмысшы табының алдыңғы қатарлы өкілдері бұл игілікті іске бір-
ден-ақ қызу кірісіп кетеді. Олардың ішінде болашақ трест бастығы
Щербаков, механик Козлов, инженер Орлов, слесарь Лапшин, Кова-
люк т.б. бар. Талай саяси күрестер мен шаруашылық науқандарын
жүзеге асыру күрестерінен сүрінбей өтіп ысылған тəжірибелі Щер-
Достарыңызбен бөлісу: |