Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 26 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата17.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#2079
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

ТАЛАНТЫ ТƏРБИЕШІ
Өзінің жарты ғасырдан ағарту майданында қызмет алып, əрі 
педагог-жазушы аса саналы өмірін халық істеуге жұмсаған қарт 
мұғалім – Спандияр Көбеев бейнеті де, зейнеті де мол, күрделі де 
ұзақ өмір жолын өтті. Ол өз халқымен бірге екі түрлі заманды – Ұлы 
Октябрь революциясынан бұрынғы қараңғылық пен надандық, 
жоқшылықтың үстемдігі жүрген қытымыр, қатал заманды жəне Ұлы 
Октябрь революциясынан кейінгі шаттыққа бөлеңген советтік жаңа 
заманды бастан кешірді.
Спандияр Көбеев 1878 жылы қазіргі Қостанай облысы, Меңдіқара 
ауданында кедей шаруаның семьясында туған. Ес біле келс ол əуелі 
ауылдағы молдадан аз уақыт оқиды, бірақ діни-схоластикалық 
мектептің адам төзбестік қатал дене жазасына шыдай алмай, оқуды 
тастап қашып кетеді. Міне, оның барлық діни оқуының алды-арты 
осы болады. Енді Спандияр орысша оқуды арман етеді. 1887 жылы 
9 жасар Спандиярдың екі жылдық ауылдық мектепке оқуға орна-
ласуына қазақ халқының көрнекті педагог, ағартушысы Ыбырай 
Алтынсариннің тікелей көмегі себеп болады. Бұл мектепті Спандияр 
1892 жылы бітіріп шығады.
Ауылдық мектепті бітірісімен, Спандияр сол кезде төрт жылдық 
облыстық мектеп деп аталатын мектепке оқуға түсіп, оны 1895 жылы 
бітіріп шығады.
Бұдан кейін, ол 1897 жылы Қостанай қаласындағы екі жылдық 
мектепті, артынша 1900 жылы сондағы екі жылдық педагогикалық 
курсты бітіріп, бастауыш мектептің мұғалімі болып қызмет істеуге 
право алып шығады.
Ол енді өзінің орыс мектебінде тəрбиеленіп алған білімін ғылымға 
сусап, қараңғылықтың қапасында отырған өз халқына таратуды 
көксейді. Сол мақсатпен 1901 жылы Спандияр Кішіқұм деген жер-
дегі ауылдық мектепке мұғалім боп барады. Міне, осыдан бастап 
Спандиярдың халық ағарту майданындағы ұзақ жылдық еңбегі бас-
талады.
Барлық мақсаты халқына қызмет ету, қазақ жастарын орыс 
мəдениеті мен ғылымына үйрету болған, өзінің бүкіл саналы өмірін 
осы мақсатқа жұмсаған Спандияр бұл жолда талай қиындықтарға да 
кездеседі.
Ең алдымен ол ауылдағы бай-феодалдардың зорлық-зомбылы-
ғына, олардың қалың еңбекші бұқараға істеп отырған озбырлығына 

154
155
қарсы болады. Қолдай келгенінше олардың озбырлық əрекеттеріне 
қарсылық жасау керек деген пікірге келеді. Бұл туралы Спандиярдың 
өзі: «Бала кезден бастап, жоқшылық зардабын көп тартқан, қорлық-
зорлықты көп көргенмен кедей ауылдардың өз праволары үшін бас 
көтергенін заңды, керекті оқиға деп аңғардым. Мен өз ауылымның 
адамдарына ұдайы осылай ету керек деген пікірлерді де айттым. 
«Жуас түйе жүндеуге жақсы» дегендей, жуас болсаң шонжарлар ба-
сына береді деп ескертіп жүрдім», – дейді.
Ол мектептегі оқу-тəрбие жұмысын өзінің ұстазы Ыбырай Алтын-
сариннің педагогикалық ойларының негізінде құрады. Əрине, бұл 
жағдай да үстем таптың өкілдеріне ұнай қоймайтындығы түсінікті.
Спандияр алғаш ауылдық мектепке мұғалім болып келген кезде 
бұрын Ыбырай Алтынсарин енгізген ауылдық мектепте оқу екі тілде 
– орыс жəне қазақ тілдерінде жүргізілуі керек деген бастама мүлдем 
жоғалып бітуге жақын еді. Бұл да Спандиярдың тұңғыш мұғалімдік 
қадамында үлкен қиындық туғызады. «Тəжірибе деген жоқтың қасы. 
Өзімнен басқа жөн сұрар, кеңесер, ақылдасар адам тағы да жоқ. 
Оқу құралы жеткіліксіз, көрнекі құрал мүлдем жоқ. Ауылдағы би-
леп-төстеуші байлардың, молда, қожалардың іштерінде «аяғыңды 
қия басшы, күліңді көкке ұшырайын» деп бағып отырған жаулар да 
аз емес. Бірден балаларды үйіріп əкетіп, балалар арқылы олардың 
ата-аналарының, туысқандарының алдында беделді болуың керек. 
Осының бəрі оқыту əдісіне байланысты» – деп еске түсіреді Спанди-
яр сол бір өткен алыстағы күндердің қиыншылығын.
Ауылдық мектепте екі-үш жыл қызмет істегеннен кейін, Спан-
дияр Петропавл қаласының маңындағы Нілді деген жердегі төрт 
жылдық облыстық мектепке мұғалім болып белгіленеді де, 1903-
1905 жылдардың арасында сол мектепте қызмет істейді.
1905 жылы Омск қаласында бастауыш мектептердің мұғалімдеріне 
арналып бір айлық ауыл шаруашылық курсы ашылады да, Спандияр 
білімін көтеру мақсатымен сол курсқа түсіп оқиды.
Əрине, курс Спандиярға артық ештеңе бере қоймайды. бірақ Ом-
скіде болғанда Спандиярдың есінде елеулі із қалдырған, оның саяси 
санасына əсер еткен бір оқиға болады.
Спандияр осында большевиктердің астыртын үйірмесіне 
қатынасады. Бірақ көп кешікпей патшаның тыңшылары үйірменің 
ізіне түсіп, үйірменің басшылары тұтқынға алынады да, Спандияр 
оқуын бітіріп, елге қайтады. Осы үшін кейін реакция жылдарында 
Спандияр да қудалауға ұшырайды, алайда қолында нақты дəлелі 
болмағандықтан патша жандармының тексеруі аяқсыз қалады.
Аз уақыт болса да большевиктік астыртын үйірменің жұмысымен 
танысуы Спандиярға қатты əсер етіп, ой салады. Ол тұңғыш рет осы 
Омскідегі большевиктік астыртын үйірмеге қатысып жүргенде патша 
үкіметіне қарсы революция жасау қажеттігі туралы, демократиялық 
республика құру туралы естіп біледі.
Курстан қайтып келісімен Спандияр Петропавл қаласындағы 
екі жылдық орысша-қазақша мектепке мұғалім болып, 1910 жылға 
дейін сол мектепте қызмет істейді.
Бұл жылдарда Қазақстанның солтүстік облыстарында орыстың 
1905 жылғы тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революциясы-
ның дүмпуі ерекше біліне бастаған кез еді. Революцияның дабылы 
қазақ еңбекшілерінің таптық, саяси санас-езімін анағұрлым оятты. 
Қазақстанда мектептердің саны көбейе түсті, қазақ тілінде газет-жур-
налдар шығару мəселесі сөз бола бастады. Ел ішінде демократиялық 
бағыт күшейе бастады. Петропавлда, Қостанайда, Омскіде, Ақмолада 
большевиктердің астыртын ұйымдары жұмыс істеді. Олар түрлі 
революциялық үндеулер шығарып, саяси əдебиеттер, листовкалар 
таратты, халықты революциялық күреске шақырды.
Қазақ еңбекшілері орыс пролетариатымен тағдыры бір тап ретінде 
табысып, бостандық үшін күресте қол ұстасып, бірге болатындығын 
таныта бастады. Бұрын қазақ кедейінің наразылығы өз аулындағы 
байлар мен би-болыстардан аса алмайтын болса, енді олар өздерінің 
жауы тек би-болыстар мен байлар ғана емес екендігін, олардың сыр-
тында патша үкіметі тұрғандығын түсіне бастады.
Міне, осындай революциялық рух, өрлеу туған дəуір де түрлі 
топтар мен жіктердің таптық мүдделеріне сəйкес əртүрлі əдебиеттік 
ағымдар да туа бастады. Демократиялық интеллигенцияның өкілдері 
халықты ұлттық-əлеуметтік теңсіздікке қарсы, надандыққа қарсы 
күреске, оқуға, өнер-білімге шақырды. Олар ескіліктің кертартпа 
əдет-ғұрып, салт-санасын сынады, үстем таптың халыққа жасап 
отырған қысымын, озбырлығы аяусыз əшкереледі. Қазақ халқын 
орыстың прогресшіл əдебиетінің таңдаулы үлгілерімен таныстыру 
сияқты ағартушылық шараларына көңіл бөлді.
Қоғам өмірінде болып жатқан бұл сияқты зор өрлеу Спандиярға 
да əсер етпей қалмады. Ол халыққа кызмет ету үшін тек қана бала 
оқытып қоюдың жеткіліксіздігін түсінді. Ол енді əдебиетке де бел-
сенді түрде араласа бастады.
Спандияр Петропавлдағы екі жылдық орысша-қазақша мектеп-
те қызмет істеп жүргенде өзінің бұрыннан бері Крыловтан аударған 

156
157
40-тан аса мысал өлеңдерін қайта қарап шығып, баспаға əзірлейді. 
Бұл кітап 1910 жылы «Үлгілі тəржімə» деген атпен Қазан қаласында 
басылып шығады.
Спандияр Көбеевтің бұл аударма еңбегінің кезінде зор прогресшіл 
маңызы болды. Кітапқа кіргізілген көптеген мысал өлеңдер сол кез-
дегі қазақ аулындағы бай-феодалдардың надандығын, топастығын, 
халыққа жасап отырған қиянатын мінеп шенейді. Спандияр орыстың 
мысалшыл жазушысы Крыловтың орыс аристократиясының ад-
ресіне айтқан аяусыз мысқыл сықағын қазақ тіліне аударып, қазақ 
əкімдерінің мінез-кұлықтарын күлкі етеді. Сөйтіп ол өзінің бұл 
аудармасын зұлымдыққа, озбырлыққа, надандыққа қарсы күресудің 
бір құралы ретінде пайдаланады. Оның бірсыпыра аудармаларын 
ауыл адамдары жаттап алып айтып жүретін болады.
Бұдан кейін 1912 жылы тағы да сол Қазан қаласында Спанди-
яр Көбеевтің «Үлгілі бала» атты екінші кітабы басылып шығады. 
Бұл жинаққа, негізінен, жазушының өзінің жазғандары, орыстың 
классикалық əдебиетітің өкілдері мен көрнекті педагогтерінің 
балаларға арналған қысқа өлең-əңгімелерінің аудармалары, орыс 
жəне қазақ халықтары ауыз əдебиетінің кейбір үлгілері енгізіледі. 
Жинаққа кіргізілген шығармалардың қайсысының болса да жал-
пы сарыны қазақ жастарын оқуға, өнер-білімге, əділеттікке, адам-
гершілікке, мəдениетке шақыру болып келеді. Бұл кітап өз кезінде 
Ыбырай Алтынсарин салған дəстүр бойынша Спандиярдың сабақ 
беріп жүрген мектебінде оқу құралының қызметін атқарады. Бұл 
туралы жазушының өзі: «Үлгілі бала» хрестоматиясына кірген... 
өлеңдерім, негізінен алғанда, бастауыш мектептің оқушыларына ар-
налып жазылған шығармалар еді. Жалғыз-ақ мұнда атап көрсететін 
бірнəрсе – бұл кітаптың да жалпы сарынында теңдікті, əділеттікті 
аңсағандық барды... Демек, «Үлгілі бала» хрестоматиясындағы 
өлең, жырлар да халық бұқарасының мүддесі тұрғысынан қаралып 
жазылған еді» дейді.
Алайда əдебиеттің қоғамдық мəнін айқын түсіне бастаған Спан-
диярды тек қана аудармамен шұғылдану қанағаттандырмайды. Ол 
енді өзі де көлемді шығармалар жазуға талпынып көреді. Сөйтіп, 
ол «Қалың мал» романын жазуға кіріседі. Бұл туралы Спандияр бы-
лай деп жазады: «Надандыққа, феодалдық ескішіл, өрескел сорақы 
салтқа қарсы күрес жүргізудің бірден-біреуі халықты ағарту: бала-
ларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мəдениет сатысына 
аяқ бастыру деп ұғушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл 
оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін тек ғана 
балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне көзім əбден жетті. Бұл күресте 
халық санасына күштірек əсер ететін басқа да құралдар керек сияқты 
көрінді. Іздене келе, мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға 
ыңғайлы күрес құралының бірі көркем əдебиет екен деген ойға кел-
дім. И. Крыловтың мысал өлеңдері аудармасының мектеп оқушысы 
былай тұрсын, халық бұқарасына еткен əсері осы ойымның дерегі 
еді. Міне, осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бас-
тап «Қалың мал» романын жазуға кірістім».
Спандиярды жұртшылыққа жазушы ретінде танытқан жəне кезін-
де зор прогресшіл роль атқарған көлемді шығармасы «Қалың мал» 
романы.
«Қалың мал» ең алғаш 1914 жылы Қазан қаласында басылып 
шығады. Романның негізгі тақырыбы Ұлы Октябрь социалистік ре-
волюциясынан бұрынғы қазақ аулындағы əлеуметтік теңсіздіктен, 
ескілік салттан туып отырған əйел теңсіздігі, олардың ауыр азапты, 
аянышты өмірі еді.
Əйелдің бас бостандығы, оның сүйгеніне қосылуы сияқты 
мəселелер əркезде-ақ прогресшіл əдебиеттің назарын аударған 
мəселе болатын. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ұлы ағартушы 
педагог Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына білім беру жөнінде 
көптеген жұмыстар істеп, арнаулы мектептер ашса, ұлы ақын Абай 
əйелдің үлкен қоғамдық күш екенін танып, аса жоғары бағалады, 
оны малға сатушылыққа қарсы шығып, əйелдің бас бостандығын, 
сүйгеніне қосылуын ұсынды.
Қазақ даласында құлашын кең жайған феодалдық ескі əдет-
ғұрыптың ең бір жеркенішті жексұрын көрінісі əйелді зат есебін-
де малға сату еді. Сондықтан да бұл сияқты айуандық салтқа 
қарсы XX ғасырдағы бұқарашыл ақын-жазушылардың көбі де үн 
көтерді. Əйел теңдігі мəселесі XX ғасырдың алғашқы жылдарын-
да С. Дөнентаевтың шығармаларының басты тақырыптарының бірі 
болды. Міне, əйел теңдігі мəселесіне XX ғасырдың бас кезіндегі 
бұқарашыл ақын-жазушылардың қатарында Спандияр Көбеев те 
осы «Қалың мал» романымен үн қосты.
Романда жазушы, негізінен алғанда, кезінде зор актуальды мəні 
бар екі түрлі əлеуметтік мəселе көтерді. Біріншіден, жазушы мұнда 
романның бас кейіпкері Ғайшаның төңірегіне қазақ əйелінің мінез-
құлқын, іс-əрекетін, аянышты өмірін топтастыра отырып, қазақ 
əйелінің бостандығына кесірін тигізген реакцияшыл феодалдық 

158
159
əдет-ғұрып, салт-сананы, оларды тудырушы үстем таптың өкілдерін 
əшкерелейді. Сонымен бірге жазушы сол кездегі қазақ қоғамындағы 
əлеуметтік теңсіздік мəселесін де белгілі дəрежеде сөз етеді.
Жоғарыда айтылған байлар мен би-болыстардың озбырлығын, 
олардың шаруалардың малын, жерін заңсыз тартып алатындығын 
сөз етеді. Жазушы романда іштеріне байларға қарсы кек сақтап 
жүрген Əлкен, Бірке, Жүніс сияқты бір топ шаруалардың образда-
рын жасайды.
Алайда жазушы ескі қазақ аулындағы тап тартысын кеңінен ашып, 
өз алдына айқын мəселе етіп көрсете алмайды, оны ру таласы, жесір 
дауы, жер дауы сияқты мəселелердің төңірегіне жақындата береді.
Бұған жазушының жалпы сол кездегі саяси көзқарасының тар 
көлемдігі себеп болады. Жазушы романда баяндалатын негізгі 
оқиғаның өзін ұсақ шаруаның психологиясына лайық дүниетану 
тұрғысынан алып шешеді. Жазушы романын бас кейіпкер Ғайшаны 
талас-тартыссыз сүйгеніне қосып, Қожашты əлді, ауқатты шаруаның 
қатарына жеткізумен аяқтайды. Романның соңында олардың 
тыныштықпен өмір сүріп, шаруа тұрмысын құрып отырғандығы
жазушының көзқарасынша, өмірдің рахаты ретінде ұсынылады. 
Міне, романдағы тап тартысы мəселесі осындай ұсақ шаруаның 
дүниетану тұрғысында алынып шешіледі.
Солай бола тұрса да, романда айтылатын əлеуметтік теңсіздік, 
үстем таптың еңбекшілерді аяусыз қанап отырғандығы, олардың 
арасындағы өшпенділік т. б. жағдайлар романның өз кезінде зор 
роль атқарғандығын, жазушының творчествосындағы прогресшіл 
демократтық сипатты айқын аңғартады.
«Қалың мал» романынан кейін Спандияр Көбеев қазақ аулын-
дағы əмеңгерлік, көп əйел алушылық, қарт адамның жас қыздарға 
үйленуі сияқты ескіліктің жексұрын салттарын əшкерелеу 
мақсатымен көлемді екі роман жазбақ болып талаптанады. Алайда 
бұл шығармаларының біріншісі жарық көрмей, қолжазба күйінде 
жоғалады да, екіншісін жазуға оның көптен келе жатқан бас ауруы 
ұлғайып кетеді де, мүмкіншілігі болмайды. Ауыр ми жұмыстарымен 
шұғылдануға дəрігер мүлдем тыйым салады, тіпті мұғалімдік 
қызметтің өзін уақытша қалдыра тұруға кеңес береді.
Сөйтсе де Спандияр ара-тұра ғылыми, педагогикалық, 
методикалық мақалалар жаза жүреді де, 1951 жылы өзінің көптен 
бері жазып келе жатқан еңбегінің жемісі ретінде «Орындалған ар-
ман» атты мемуарлық шығармасын бастырып шығарады.
Бұл мемуарлық еңбегінде Спандияр өз көзімен көрген рево-
люциядан бұрынғы Қазақстанның жағдайы мен революциядан 
кейінгі Социалистік Қазақстанның жағдайын фактілерге сүйеніп, 
автордың естеліктері ретінде баяндайды. Қазақ халқының аяныш-
ты еткендегісі мен бақытты бүгінгісін болған оқиғаларға негіздей 
отырып, оқушылардың көз алдына елестетеді. Ескі ауыл мен жаңа 
ауылдағы ағартушылық ісінің айырмашылығын, мектеп өміріне кір-
ген өзгерістерді көрнекі мысалдар арқылы баяндап береді.
Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» атты еңбегі өңделіп, 
түзетіліп, 1954 ж. екінші рет басылып, жұртшылыққа ұсынылады. 
Кітаптың екінші басылуына жазушы көптеген түзетулер ен-
гізіп, толықтырулар жасаған. Автор мүмкіндігінше бұл еңбектің 
алғашқы басылуына республикалық, облыстық баспасөз беттерінде 
айтылған сындарды ескеріп, қойылған тілектерді қанағаттандыруға 
тырысқан.
Кітап: «Балалық шақ», «Мен – оқытушы», «Қилы кезеңдер», 
«Орындалған арман» деп аталатын негізгі төрт бөлімнен құралады. 
Бастапқы екі-үш бөлімінде Ұлы Октябрь революциясына дейінгі 
қазақ даласыный қоғамдық-əлеуметтік мəселелері сөз болады.
Спандияр ескі ауылдағы надандықты, қазақ халқының қоғамдық 
дамуына мейлінше кедергі жасаған ескілікті, салт-сана, əдет-
ғұрыпты, рулық дау-жанжалды əшкерелейді, революцияға дейінгі 
қазақ даласында болған тап тартысын баяндайды.
Кітаптың «Надандықтың құрбаны», «Қара бақсының хикаясы» 
атты тарауларында жазушы бас еркі жоқ қазақ əйелінің аянышты 
халін, үстем таптың əйелге зат ретінде қарап, малға сататындығын 
жəне осындай жеркенішті салт-сананы тудырушы қоғамдық құрылыс 
пен қараңғылықты батыл əшкерелейді.
Бүкіл қазақ даласына сіңісті болған бұл сияқты озбырлық 
жазушының да жанын жегідей жейді. Сол бір феодалдық əдет-
ғұрыптың таяғы жазушының өз басына да тиеді. Үстем таптың 
Нұржақып сияқты тоғышар өкілінің кесірінен Спандиярдың өзінің 
сүйген қызы Сағила да надандықтың, айуандық, озбырлықтың 
құрбаны болып қаза табады.
Автор ескі қазақ аулындағы рулық талас-тартыс, дау-жанжалдар-
ды кеңінен əшкерелей отырып, тап тартысын да көрсетеді. Кітапта 
жазушының бұл талабы «Қисықтың өлімі», «Мұз үстіндегі айқас», 
«Зорлық» т. б. тараулардан айқын көрінеді. Ел ішіндегі осындай 
толқулар орыс халқының революциялық қозғалысының əсерімен 

160
161
бірте-бірте ұлғая түсіп, ашық қимыл жасауға əрекеттенушілікті ту-
дырады, қалың көпшілік бұқараның толқуы бұрынғыдай стихиялық 
сипаттан құтыла бастайды, халық енді мақсатты саяси қозғалысқа 
бет алады. Қазақ халқының саяси санасына кіре бастаған бұл өзгеріс 
кітаптың «Тұтанбай қалған өрт», «Қостанайдан хат» тағы басқа та-
рауларында айқын көрінеді. Бұл тарауларда жазушы XX ғасырдың 
бас кезінде қазақ даласында, оның қоғамдық ой-пікірінің дамуына 
өне бастаған жаңалықты, революциялық өрлеуді дұрыс танып, сезін-
гендігін байқатады.
Халықтың үстем тапқа, патша үкіметіне қарсы наразылығы мен 
толқулары ақыр аяғында 1916 жылдың оқиғасына əкеп соққанын ав-
тор өте дұрыс суреттейді.
«Көтеріліс маған үлкен əсер етті, – дейді жазушы. – Қалың 
халық бұқарасының патша үкіметіне қарсы көтерілуі халықтың 
сана сезімінің оянғандығын айқын көрсетті. Əрине, қалың халық 
бұқарасының бұл көтерілісі таңданарлық іс емес еді. Өйткені ол бір 
шырпы тисе, лап ете түскелі тұрған от сияқты толғағы пісіп жеткен, 
енді бір сылтау – түрткі керек болып тұрған көтеріліс еді».
1916 жылғы көтеріліске кездейсоқ емес, заңды құ былыс ретін-
де қарап, тарихи дұрыс баға бере отырып, жазушы қазақ халқының 
бостандық жолындағы бұл көтерілісінің ұлы орыс халқының ұлы 
азаттық күресімен ұласуын тілейді.
Жазушы «Қалың мал» романына қарағанда бұл кітапта 
революцияға дейінгі қазақ аулындағы кедейлердің бостандыққа, 
азаттыққа ұмтылуын көрсету мəселесінде елеулі табысқа жеткен.
Бұл кітапта сөз болатын, санасы ояна бастаған Оспан, Сəду 
сияқты шаруалардың қимылы, іс-əрекеті «Қалың мал» романындағы 
Əлкен, Бірке, Жүністердің қимылынан анағұрлым өрелі, зор.
Автор революцияның қарсаңында қазақ кедейлерінің, қарапайым 
қараңғы шаруаның басында қыдыра бастаған азатшыл, бостандық 
сүйгіш ойларды көрсетеді. Жазушы өзімен бірге жолға шыққан 
атшының қазақ халқының өз дамуында тығырыққа тіреліп отырған 
жағдайы туралы пікірлерін баяндау арқылы бұл жайларды ашық 
аңғартады.
Алайда жазушы халықты ашық күреске үгіттеп белсенді əрекет 
жасауға шақыру дəрежесіне көтеріле алмады, яғни шын мəнісіндегі 
революционер бола алмады. Бірақ онда халық тілегінен, ел мүддесінен 
тыс мүдде болған емес. Міне, сондықтан да Спандияр өз қаламын 
дұрыс сілтеді, саяси бағытында толқудан, ауытқушылықтан, адасу-
дан аулақ болды. Ол Совет өкіметінің алғашқы күндерінен бастап, 
ауылдарда социализм идеясын таратуға араласып, ұлтшылдардың 
зымияндық əрекеттерін халық алдында əшкерелеп, олардың 
бүркеншіктерін жұлып тастап отырды.
Кітапта бұл жағдайлар «Қамқор 3», «Ұлтшылдардың масқара бо-
луы» т. б. тараулардан айқын көрінеді.
Жоғарыда кітаптың екінші рет басылуында бірқатар түзетулер 
мен толықтырулар енгізілгендігі айтылды. Ең алдымен жазушы 
кітаптың екінші басылуында бұрын баспасөз бетінде айтылған 
сындарға құлақ аса отырып, екі ұшты мағына беретін көптеген жеке 
моменттердің басын ашып айқындаған, сондай-ақ кітаптың стиль, 
тіл мəселелерін де қатты қадағалап отырған.
Кітаптың 1951 жылғы басылуында енгізілген «Кейбір педа-
гогикалық мəселелер туралы», «Оқу-тəрбие, оқыту тəжірибелерінен» 
деген екі тарау кітаптың екінші басылымынан шығарылып қалған. 
Өйткені бұл екі тарау мемуарлық жанрда жазылған шығарманың 
стильдік, композициялық құрылысына үйлесіңкіремейтін. Бұл та-
раулар мемуар емес, публицистикаға жақын еді. Сондықтан да 
кітаптың екінші басылуында жазушының бұл публицистикалық 
мəселелерді шығарып тастауы өте орынды. Кітаптың бірінші ба-
сылуына сын айтқан жолдастар жазушының Ұлы Октябрь револю-
циясына дейінгі өміріне көбірск тоқталып, ал революциядан кейін-
гі жылдардағы өміріне, халық ағарту майданында еткен еңбегі мен 
қоғамдық қызметіне аз көңіл бөлгендігін атап көрсеткен болатын. 
Жұртшылықтың бұл тілегімен санаса отырып, жазушы кітаптың 
кейінгі басылуына «Кеңес қайтарған кек», «Тағы да тартыс» деген 
арнайы екі тарау енгізген.
«Кеңес қайтарған кек» деген тарауда автор Совет өкіметінің 
алғашқы жылдарында қазақ кедейлерінің байларға қарсы жүргізген 
күресін, Совет өкіметінің қазақ еңбекшілеріне теңдік əпергендігін, 
шеткері аймақтарда еңбекшілердің Совет өкіметін қалай қарсы 
алғандығын көрсетеді.
«Тағы да тартыс» деген тарауда бүкіл саналы өмірін халық ағарту 
майданында еңбек етуге жұмсаған Спандияр Көбеевтің бірсыпы-
ра уақыт бойы совет мектептеріндегі оқу тəрбие жүйесіне еніп, 
орын алып келген жалған ілім – педология мен оның өкілдеріне, 
жақтаушыларына қарсы жүргізген күресі баяндалады.
Қарт, тəжірибелі педагог совет мектептерінде жалған ілім-пе-
дология үстемдік еткен ауыр жылдарда да орыс педагогикасының 

162
163
классикалық ережелерінен айнымайды, педологияның идеалистік 
пікірлеріне қарсы күреседі.
Сөйтіп оқушы бұл кітаптан орыстың алдыңғы қатарлы педагог-
тері мен ақын-жазушыларының шығармаларынан нəр алып жəне 
өмір бойы сол алған білімін мəдениеттен кенже қалған өз халқына 
жеткізу үшін қызмет істеген педагог-жазушының өмір жолының 
кезең-кезеңдерімен танысады.
* * *
Спандияр Көбеев Ұлы Октябрь социалистік революциясын өз 
халқымен бірге қуана қарсы алады. Халық ағарту ісіне жан-тəнімен 
беріле еңбек еткен ол революциядан кейін де өзінің оқытушылық 
қызметін тастамай, қайта онымен мықтап айналысады. Қазақстандағы 
халық ағарту ісін жолға қоюға, мектептердегі оқу-тəрбие жұмысын 
жақсартуға барынша атсалысады. Қостанай болысына қарайтын 
Қарқын, Құмтөбе, Қамыскөл, Ақсуат, Шолақсай т.б. ауылдық жер-
лерде мектеп үйлерін салғызып, бастауыш мектептердің ашылуы-
на еңбек сіңіреді. Сонымен қатар ол Совет өкіметінің алғашқы 
жылдарынан бастап-ақ советтік құрылыстың ауылдағы белсен-
ді үгітшілерінің бірі болады. Партиямыз бен үкіметіміздің саяса-
тын халыққа түсіндіру мақсатымен түрлі баяндамалар жасайды. 
Қазақстанда ауыл шаруашылығын коллективтендіру қызу жүргізіле 
бастаған кезде Спандияр ауылдарда серіктік ұйымдастыру ісіне қызу 
араласады. Бұл жұмыстардың бəрін ол өзінің мұғалімдік жұмысымен 
қатар жүргізеді.
Спандияр жасының ұлғайып кеткендігіне қарамастан, өмірінің 
ақтық күндеріне дейін Қостанай облысына қарайтын Ақсуат 
онжылдық қазақ орта мектебінде мұғалім болып істеді. Ол өзінің 
көпжылдық педагогтік еңбегінде жинаған бай тəжірибесін жас 
мұғалімдерге беріп отырды. 50 жылдан астам педагогтік қызметінде 
Спандияр талай жас ұрпаққа білім мен тəрбие беріп, баулып өсірді. 
Тек совет заманында ғана ол талай жас түлекке тиянақты білім, ком-
мунистік тəрбие берді. Спандиярдан оқыған толып жатқан жастар 
Отанымыздың əр түкпірінде қызмет істеп, белгілі адамдар болды.
Жұртқа мəлім, біздің елімізде педагог кадрлар аса зор құрметке, 
халық қамқорлығына бөлеңген. Өйткені оларға біздегі бардың ең 
қымбаттысы – біздің жас ұрпақтарымызды, коммунизмнің болашақ 
белсенді кұрылысшыларын, əртарапты дамып жетілген саналы, 
мəдениетті азаматтарды партиялық тілекке сай тəрбиелеп шығару 
міндеті сеніп тапсырылып отыр.
Совет мұғалімдері – халықпен тығыз байланысты жəне халыққа 
шын ниетімен қызмет етуші совет интеллигенциясының ең көп 
отрядтарының бірі. Олар балаларды оқыту жəне тəрбиелеу міндетін 
атқара отырып, коммунизм идеяларын таратады, мəдени-ағарту 
жəне қоғамдық-саяси жұмысты қажырлылықпен жүргізуші қоғам 
қайраткері болып қызмет етеді. Мұндай озат идеялардың сəулесін 
таратушы, шын шабытпен қызмет етуші мұғалім өзінің шəкірттері-
нің өмірінде өшпес із қалдырады. Біздің елімізде өз өмірінің ұзақ 
жылдарын жас ұрпақты тəрбиелеу жолына арнаған көптеген даңқты 
мұғалімдердің есімі бүкіл халқымызға мəлім.
Міне, Спандияр Көбеев осындай мұғалімдердің қатарынан орын 
алады.
Туған халқымыз қарт педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің есімін 
барынша құрметтейді.
Партиямыз бен Совет үкіметі Спандиярдың көп жылдық пе-
дагогтік еңбегін жоғары бағалап, оны 1939 жылы Ленин ордені-
мен наградтады. Спандияр Көбеев 1940 жылы 62 жасында Совет 
Одағының Коммунистік партиясына мүше болып кірді. Қартайған 
шағында партияның мүшесі деген атақтан ерекше қуат алған Спан-
дияр соғыстың ауыр жылдарында да жігерлене еңбек етті. 1944 
жылы Спандиярға «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім» деген 
құрметті атақ пен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының гра-
мотасы берілді. 1945 жылы үкіметіміз бен партиямыз Спандияр-
ды «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі 
үшін» медалімен наградтады. Ал 1949 жылы Спандияр халық ағарту 
майданындағы көп жылдық еңбегі үшін Ленин орденімен екінші рет 
наградталды. 1947 жылы Қазақ ССР Оқу министрлігі Спандиярға 
«Халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогін берді. Халқымыз 
қарт мұғалімінің жас ұрпақты тəрбиелеуге сіңірген еңбегін жоғары 
бағалап, оны 1946 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат етіп 
сайлады.
Республикамыздың мəдениет қайраткерлерінің бірі, қарт педа-
гог-жазушы Спандияр Көбеев үкіметіміз бен партиямыздың, совет 
халқының бұл тамаша қамқорлығы мен құрметіне өле-өлгенше іс-
пен жауап берді. Ол өзінің барлық күш-жігерін, барлық тəжірибесі 
мен білімін елімізде коммунизм орнатушы жас ұрпақты оқыту жəне 
тəрбиелеу ісін онан сайын жақсарта беру үшін жұмсады.
1953–1954.

164
165

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет