Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


ҚАС: ҚАС(А) БАТЫР. ҚАС(А) СҰЛУ



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата29.01.2017
өлшемі3,48 Mb.
#2937
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

ҚАС: ҚАС(А) БАТЫР. ҚАС(А) СҰЛУ. «Қамбар батыр» жырында:

Қаса батыр майданда 

Диірмендей дөңгелер, – 

деген  жолдар  бар.  Абай  да  бұл  сөзді  қаса  сұлу  деген  тіркесте 

қолданады. Мұндағы қас(а) сөзі бұл күнде «өте, нағыз, тым, аса» де-

ген мағынадағы күшейткіш мәнді үстеу деп танылады. Түптөркінін 

іздесек,  бұл  сөз  көне  түркі  тілдеріндегі  қашығ  «айрықша  көзге 

түсетін» және «мықты, күшті» деген сөз емес пе екен деуге болады. 

Бұл сөздегі ш дыбысының қазақ тіліне келгенде с-ға айналып кетуі 

және соңғы ығ сусымалы дыбысының түсіп қалуы – табиғи құбылыс. 

О баста қас батыр, қас сұлу, қас жүйрік «көзге түсетін, айрықша» 

деген жағымды мәндегі тіркестерде қолданыла келе, кейін қас надан, 

қас  жауыз  сияқты  о  да  көзге  түсетін,  ерекше  көрінетін  жағымсыз 

адамдарды да атап кетсе керек деп тошпылаймыз.



ҚАТТАНУ.  Жауға  аттанардағы  батырдың  портретін  бергенде, 

қазақ эпостарында:

Қатуланып, қаттанып

Буырқанып, бұрсанып, 

Мұздай темір құрсанып, – 


127

деп  келеді.  Осындағы  қаттану  сөзі  бұл  күнде  қолданылмайды. 

Көне түркі тілдерінде қатлан- сөзінің бір мағынасы – «мықты болу, 

қатаю».  Осы  мағынада  қатығлан-  сөзі  де  қолданылған.  Түбірі  – 



қатығ (қазақша қатты). Қазіргі нормамызбен айтсақ, қаттану сөзі 

қаттылану болар еді. Ал бірақ қаттану тұлғасы – өте ертеден, яғни 

етістік  жасайтын  жұрнақ  қатты  түбіріне  емес,  қат(ығ)  түбіріне 

жалғанған кезден келе жатқан көне сөз.

Осы  тұлғаның  қатулану  варианты  және  бар.  Ол  да  қатығ 

тұлғасынан жасалған. Тағ ~ тау, бағ ~ бау деген сөздердегі сияқты 

ғ дыбысы сонор у дыбысына айналған (ауысқан): қатығ>қатыу. Ал 

қазіргі емлеміз бойынша жазылуы – қату (+ла + н + у). Қатулану 

сөзінің о бастағы «қатты, берік болу, күшті болу» деген мағынасына 

үстеме  «қатты  ашулану,  буырқану,  айбат  шегу»  деген  ауыспалы 

мағынасы  да  бар.  Бұл  екі  тұлғаның  плеонастық  құбылыс  жасап 

(яғни бір мағынадағы екі сөздің қатарынан айтылуы), қабаттаса да 

қолданылған жерлері кездеседі. Мысалы, «Қобыланды» жырында:

Қабағынан қар жауып, 



Қатуланыпқаттанды, – 

деп  келеді.  Қаттану  етістігі  көрсетілген  мағынада  жеке  де  қол- 

данылады. Мысалы, «Ер Тоған батыр» жырында:

Сонда ханың қаттанып

Жеңсіз берен бұл киді, – 

деген жолдарды оқимыз.

Сөйтіп,  қаттану  сөзінің  мағынасы  «мықты  болу,  берік  болу, 

қатаю», ал қатулану сөзі – қаттану сөзінің морфологиялық вариан-

ты, яғни өзгеше тұлғаланған түрі.

 

ҚАУҚЫЛДАСУ.  Мағынасы  түсінікті  сөз:  «Түсіндірме  сөздік» 

мұны  «қауқылда-  етістігінің  ортақ  етіс  тұлғасы»  деп  береді.  Ал 

қауқылданы  «1)  ашық-жарқын  салдырлап  сөйлеу,  аңқылдау,  

2)  қалбалақтау,  далбалақтау»  деп  түсіндіреді.  Бірақ  сөздің  қауқыл 

деген  түбірі  тілімізде  жоқ.  Бұл  парсы  тіліндегі  «у-шу»  деген 

мағынадағы ғауға сөзі болуы керек, сөз түбіріне зат есім жасайтын 

түркілік -ыл жұрнағы жалғанып, ғауғыл >қауқыл болғанға ұқсайды, 

ал -да – есімнен етістік тудыратын жұрнақ, демек, о баста қауқылдау 

«улап-шулау, бейберекет қатты дауыс шығарып (салдырлап) сөйлеу» 

дегенді білдіре келіп, бара-бара мағынасы «жұмсарып», «сыпайыла-

нып», «ашық-жарқын сөйлесу» дегенге көшкен сыңайлы. Дегенмен 

қауқылдау  –  жай  ғана  ашық-жарқын  сөйлеу  емес,  салдырлап, 

қаттырақ дауыстап сөйлесу дегенді білдіретін сөз болып қалыптасқан 

деп шамалауға болады. 


128

ҚОЙШЫ-ҚОЛАҢ.  Екінші  компоненті  жеке  қолданылмайтын, 

мағынасы  күңгірт  қос  сөздердің  бірі  −  осы.  Қосақтала  жұмсалып, 

жымдасып,  сіріленіп  кеткен  сөздердің  дені,  әдетте,  бірі-біріне 

мағыналас  болып  келетіні  мәлім.  Демек,  қолаң  тұлғасын  не  көне 

сөздер  қорынан,  не  өзге  тілдер  қазынасынан  іздеу  керек  болады. 

Сірә,  бұл  дыбыстық  тұлғасы  едәуір  өзгерген  парсының  ғолам  сөзі 

болуы  керек,  бұл  −  «құл,  жалшы»  деген  мағынаны  білдіретін  сөз. 

Сонда қойшы-қолаңымыз «қойшы-жалшы» деген жинақтау ұғымын 

беретін  қолданыс  болып  шығады.  Сөздердің  қолданыс  тарихында 

қос сөздер болып қалыптасқан бірліктердің бір сыңары бөгде тілдік 

(парсылық, арабтық, монғолдық, бірен-саран қытайлық) болып, ерте-

ректе қалыптасқан фактілер едәуір. Олардың пайда болу уәждері мен 

кезеңдерін, семантикалық қозғалысын зерделеу – аса қызық та, қажет 

те қарекет болмақ.



ҚОМ СУ. ХV-ХVІ ғасыр жырауларының өлең-толғауларында:

Қоғалы көлдер, қом сулар

Кімдерге қоныс болмаған (Шалкиіз); 

Қоғалы көлдер, қом сулар 

Қоныстар қонған өкінбес (Доспамбет), – 

деген  жолдарды  оқимыз.  ХV-ХVІІІ  ғасырларда  жасап  өткен  ақын-

жыраулар  мұралары  жарияланған  басылымдардың  барлығында 

дерлік бұл өлең тармағы «қоғалы көлдер, құм сулар» болып жазылған. 

Дұрысы  –  қом  сулар  болуы  керек.  Қом  сөзінің  қазірде  біз  білетін 

мағыналары:  «1)  түйе  өркештерінің  түп  жағындағы  тұтаса  біткен 

жота майы, 2) түйеге жүк арту үшін, оның қос өркеші мен жотасын 

(қомын) орай салынған қабат-қабат киіз» (ҚТТС, т.6. 308-б.).

Бұл  тұлғаның  (сөздің)  мағыналарын  іздей  түссек,  алтай  тілінде 

ол «толқын» деген ұғымды да береді екен (Радлов. Опыт словаря… 

т.  ІІ,  ч.1).  Толқын  тұрды  дегенді  қом  кірді  дейді.  Қомды  тұлғасы 

«толқынды»  дегенді  білдіреді.  Қом  сөзінің  Сібір  түркілеріндегі 

«толқын»  мағынасы  –  төлтума  түркі  сөзі  ме,  кірме  сөз  бе,  оны  біз 

айыра  алмадық,  бірақ  әйтеуір  бар  сөз.  Сірә,  көне  түркі  сөзі  болуы 

мүмкін. Қазақ ру-тайпалары тілінде де бір кезде «толқын» мағынасын 

білдіретін қом сөзі тек қом су деген тіркес аясында қалған болса ке-

рек деп жорамалдаймыз. Сонда мағынасы «қоғалы көлдер, толқынды 

сулар»  деген  бейнелі  тұрақты  тіркес  болып  сақталып  қалған  деу-

ге  болады.  Қоғалы  көл  –  тыныш  кішкене  көлдер,  ал  толқынды  су-



лар  –  үлкен  өзендер  мен  теңіздер  болмақ.  Әдетте  өте  көне  сөздер 

мен  кейбір  ертеде  енген  кірме  сөздер  («ауыс-түйістер»)  көбінесе 



129

тұрақты  тіркестер  құрамында,  мақал-мәтелдерде  «консервіленеді». 

Заман өткен сайын мағынасы ұмыт болған сөз тұлғалық жағынан да 

өзгеріске ұшырайды, түсінікті сөзбен алмастырылады. Қом «толқын» 

сөзі  кейінгі  замандағы  қазақтар  үшін  әбден  таныс  құм  тұлғасына 

ауыстырылған,  бірақ  құм  су  деген  тіркестің  мағынасы  түсініксіз. 

Әдетте ауыз әдебиеті үлгілері мен ертедегі ақын-жыраулар туынды-

ларында әр алуан эпитетпен келген су деген сөз образы жиі кездеседі: 

«Ауан,ауан,  ауан  су»;  «Айдынды  сулар,  аймақ  көл,  тасыса  төңбек 

келтірер» (Шалкиіз); «Тоғай,тоғай, тоғай су, тоғай қондым өкінбен» 

(Доспамбет); «Қарқын су келіп қаптады» («Қамбар батыр»). 

Жалпы  қазақтың  ескідегі  поэзиясында  су  (өзен,  көл,  дария) 

белгілі  бір  образды  («мекен»,  «қоршаған  табиғат»,  «табиғат  күші» 

т.т. сияқты) білдіруге бейім тұрған. Сондықтан «толқын ұрған» да-

рия – Еділ мен Жайық сияқты (Шалкиіз, Доспамбеттер жасап өткен 

өлкедегі) мол сулы өзендерді «қом су» деп бейнелеп атаудың болуы 

заңды. Сөйтіп, «қоғалы көлдер, құм сулар» деген өлең жолын «қом 

сулар» деп жазып, осылай оқыған дұрыс. 

ҚОРАМСАҚ,  ҚЫЛШАН.  Қорамсақ  –  садақ  оғының  қабы. 

Эпостар тідінде қорамсақ пен садақ сөздері синонимдік қатар түзеді. 

«Оқ қабы» мағынасында ілгеріректе қылшан сөзі де қолданылғанын 

көреміз. Мысалы, Қазтуғанда:

Қарағайдан садақ будырып, 

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, – 

деген толғау жолдарын табамыз.



Садақ сөзінің «оқ қабы, жақ қабы» мағынасында қолданылғаны 

туралы «Садақ» деген сөзтізбеден қараңыз. Мысалы, Қобыланды ба-

тыр:

Садақтың бауы сартылдап, – 

деп суреттелсе, мұндағы садақ – белге байлап алған жақ және оқ қабы. 

Бұл  сөздердің  морфологиялық  құрамын  талдап,  түптөркінін  ашып 

берген – зерттеуші Ә. Қайдаров. Ол Халықаралық Алтаистика конфе- 

ренциясының  1972  жылы  Вена  қаласында  өткен  XV  сессиясында 

қазақ тіліндегі қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары жөнінде арнайы 

баяндама  жасап,  қорамсақ  сөзінің  құрамындағы  сақ  элементі  –  бір 

сөз  түбірінің  йа/йақ/жа/жақ,  са/сақ  сияқты  варианттарының  бірі 

дейді, ал қылшан сөзі қыл (аттың құйрығы не жалының қылы) сөзіне 

«ыдыс,  қап»  мағынасындағы  шан  сөзі  немесе  -шан  (-шын,  -шін) 

жұрнағы  қосылып  жасалған  сөз  болу  керек  дейді  (Қайдаров,  31-

32).  Орыс  тіліндегі  осы  мағынадағы  колчан  сөзі  –  түркі  тілдерінен 

шамамен XIII-XV ғасырларда енген сөз (Шипова, 193).


130

Бір көңіл аударатын нәрсе – қорамсақ сөзі қорам тұлғасында да 

қолданылған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында:

Енді қолын алғанша



Қорамға қолын салғанша, – 

деп келеді. Бұл мысал қорамсақ сөзінің құрамы қорам+ сақ деген екі 

бөлек  сөзден  тұратындығын,  оның  сақ  компонентін  қоспай  да  «оқ 

қабы» ұғымын бере алатындығын аңғартады.

Осы  сөздің  қорамса  варианты  және  болған.  «Ақжонасұлы  Ер 

Кеңес» деген жырда:



Қорамсаны қолға алды, 

Атайын деп оңдалды, – 

деп  келген  жолдарды  кездестіреміз.  Бұлар  –  емлелік  қателер  емес, 

біз  әңгіме  етіп  отырған  сөздің  және  оның  құрамдарының  бірнеше 

фонетикалық вариантта келген (са/сақ) бір сөзден пайда болғандығын 

көрсететін фактілер.



ҚҰДДЫ (ҚҰТТЫ) ӨЗІ. Әкесіне өте ұқсап тұрған баланы «құдды 

әкесі», «әкесінің құдды өзі» дейміз. Мұндағы құдды сөзінің түптөр- 

кіні  хауд  парсы  тілінде  өз  деген  есімдікті  білдіреді.  Сонда  құдды 

өзі  деген  тіркес  бір  есімдіктің  парсыша  және  түркіше  аталулары 

қосарланып  келіп  (өзі  өзі)  «дәл  өзі,  нақ  өзі,  тап  өзі»  деген  мәнде 

жұмсалып кеткен. Мұндай екі тілдегі бір мағына беретін сөздердің 

қатар  қолданылуы  –  едәуір  жиі  кездесетін  құбылыс.  Мысалы,  көр 



соқыр дегендегі көр – парсы тілінде «соқыр, соқыр адам» деген сөз, 

күрке тауық дегендегі алғашқы сөз де парсыша «тауық», сары уайым 

дегендегі сар – парсыша «уайым» т.т.



ҚҰР АТҚА МІНГЕНДЕЙ. Бұл – мағынасы айқын образды тіркес, 

«тынығып, сергіп қалу» дегенді білдіреді. Мұндағы құр ат дегеннің 

мағынасы – «ұзақ уақыт мінілмеген, семіз, тың ат». Құр сөзі «семіз, 

қоңды,  мінілмеген»  деген  ұғымда  жылқы  баласының  асау,  айғыр 

сияқты атауларымен де, өзге атауларымен де келе береді. Құр сөзінің 

түпкі бір мағынасы монғол тілінде «өткен жылғы, былтырғы» дегенді 

білдіреді,  осыдан  келіп  өткен  жылдан  мінілмей,  қоңы  сақталған 

малды  хур  тарга  деп  атайды,  өткен  жылдан  күзелмеген  жалды 



хур  дәл  дейді.  Демек,  құр  сөзі  түркі  тілдерінде  де  мал  атауларына 

қатысты келіп, тіркескенде, «өткен жылдан мінілмеген, демек, қоңы 

сақталған, семіз, тың» дегенді білдіретін болған. Бұл да түркі-монғол 

тілдеріне ортақ сөздердің кейбіреулерінің жеке тұрғандағы мағынасы 

сақталмай, тіркес құрамында тұрғанда сақталғаны байқалады.


131

ҚҰРСАНУ. Батырлар жырында:

Буырқанды, бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды, – 

деген клише (кәнігі сөз қалыбы) кездеседі. Мұндағы құрсану етістігі 

бұл  күнде  кемде-кем  қолданылады.  Бұл  –  көне  түркі  тілдеріндегі 

«белдік,  белбеу»  мағынасын  беретін  құр  сөзінен  жасалған  құрсау 

етістігінің өздік етіс түрі. Құрса- құр + сау «белге байлау», құрсан

«бір нәрсемен белін байлау, белбеулену» дегенді білдіреді. Мұны ескі 

жырларда  кездесетін  «алтын  белбеу  құрсанып»  деген  сияқты  өлең 

жолдары да дәлелдейді. Мұздай темір құрсану – «темірден (болат-

тан) жасалған қаруды беліне байлау, иығына асу, ілу» деген мәнде.

Осы түбірден жасалған құрсай сөзі де бар. 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:

Құрсай садақ беліне ілер дейді, – 

деген жол бар. Мұндағы құрсай сөзінің мәнін «садақты беліне ілді» 

деген контекстің өзі ашып тұр. Қазіргі тілімізде бар құрсау сөзінің 

түбірі – құр, о бастағы тұлғасы – құрсағ («белдік, оралған, белдеулен-

ген нәрсе») деген есім сөз.

Шалкиіз жырау мен Махамбет ақындарда және «Ер Тарғын» жы-

рында келетін:

Аспанды бұлт құрсайды

Күн жауарға ұқсайды, – 

деген  стереотип  (клише,  қалып  сөз)  жолдар  бар.  Бұл  жердегі 



құрсайды дегеннің де түбірі – құр, одан құрса- етістігі жасалған, мәні 

«орау» (аспан адам баласының көзіне дөңгелек, төңкерілген дүние, 

оны  қаптаған  бұлт,  кемпірқосақ  сияқтылар  аспанды  орап  алғандай 

болып  көрінеді).  Қазақ  тілінің  екі  томдық  түсіндірме  сөздігі  бұл 

жердегі құрсау етістігін «айналаны қоршау, торлау, қамап алу» деп 

түсіндіреді.  Бұл  –  дұрыс,  бірақ  осы  мағынасы  –  құрсау  сөзінің  ау-

ыспалы мәндегісі, яғни әуелдегі «белбеулену, белді орау» дегеннен 

туған (ауысқан) мағына.

Қазақ тіліндегі құр (бау), басқұрышқыр (іш + құр) деген сөздер 

де  «белдік»  және  «айнала  орау»  деген  мағынадағы  құр  сөзімен 

төркіндес екені айқын көрініп тұр.

Сөйтіп,  құрсану  сөзінің  түбірі  –  құр  («белді»)+са  (етістік  туды-

ратын жұрнақ) +н (етіс жұрнағы), мағынасы «белге байлау, белбеу-

лену». Бұл күнде құрсау сөзінің мағынасын «қоршау, торлау, қамап 

алу» деп түсінгендіктен, оны қоршау етістігімен алмастырып жіберу 

де  кездеседі.  Мысалы,  эпостық  жырлар  мен  Махамбет  сияқты 

ақындарда бірнеше реттен кездесетін жоғарғы жолдардың:


132

Күнді бұлт қоршайды

Күн жауарға ұқсайды,

Айды бұлт қоршайды

Түн жауарға ұқсайды, – 

деп жазылған түрлерін де ұшыратамыз.



ҚҰТЫ ҚАШУ. ҚҰТ ҚОНУ. ҚҰТТЫ БОЛСЫН. ҚҰТТЫҚТАУ

Бұл тіркестер – қазіргі тіліміз үшін жиі қолданылатын, мағыналары 

айқын,  кәнігі  сөздер.  Бізді  бұл  жерде  қызықтыратын  –  құт  түбір 

сөзінің  жеке  тұрғандағы  бұрынғы  және  қазіргі  мағыналары. 

Түсіндірме  сөздік  құт  сөзіне  «береке,  байлық,  мол  қазына»  деген 

түсініктеме  береді,  құты  қашты  тіркесін  «берекесі  кетті,  ұсқыны 

қашты» деп түсіндіреді.

Құт(ы) сөзі қазақ тілінде құтын алу, құты түсу деген тіркестер 

құрамында  да  келеді.  Соңғы  тіркестердегі  құт  сөзінің  мағынасы 

басқашарақ:  құтын  алу  –  «қатты  қорқыту,  шошыту»,  құты  түсу 

–  «көңілі  түсу,  көңілі  келу».  Құт  сөзінің  көне  түркі  тілдеріндегі 

мағынасын  іздестірсек,  екі  түрлі  болғанын  көреміз:  бірі  –  «адам 

жаны,  рухы,  өмірлік  күші  (орысша  «жизненная  сила»),  екіншісі  – 

«бақыт, игілік; табыс, сәттілік».

Біздің  байқауымызша,  қазақ  тіліндегі  жоғарыда  көрсетілген 

тіркестер  осы  екі  мағынаның  негізінде  пайда  болған:  құты  қашу, 

құтын алу дегендердегі құт(ы) «адамның ішкі жан күші, рухы» де-

ген  мағынаға  байланысты,  яғни  біреудің  құтын  ұшыру,  құтын  алу 

– «оның ішкі жан күшін әлсірету», яғни «қорқыту, шошыту» дегенді 

білдіреді. Ал құт қону, құтты болсын айту, құттықтау дегендер- 

дегі құт-тың негізі – «бақыт» мағынасы; құт қону – «бақытты болу», 

құтты  мекен,  құтты  орын,  құтты  қонақ  дегендер  «құт-бақыт 

қонған мекен, орын», «бақыт әкелген қонақ» деген мәнде екені айқын. 



Құттықтау  сөзінің  де  түп  мағынасы–  «бақыт,  сәттілік»,  «табыс 

тілеу». Өзге кейбір түркі тілдерінде құттықтау сөзі құтлау («құт-

бақытқа  сый  көрсету,  яғни  оның  пайда  болуын  тілеу»)  тұлғасында 

келеді (Ахметьянов, 34). Қазақ тілінде есімнен етістік тудырушы -ла 

жұрнағы  құт  сөзіне  тікелей  жалғанбай,  оның  құтлығ/құтлық  де-

ген  сын  есім  қалпына  жалғанып  жасалған:  құттықта  (құт  +  лық 



+ та) – «бақытты болуды қалау, тілеу». Ал түсіндірме создіктің құт 

сөзіне  берген  анықтамасындағы  «береке,  байлық»  мағыналары  түп 

негізіндегі  «бақыт»  мағынасынан  ауысқан:  береке  мен  байлық  – 

бақытты құрайтын, бақыттылықты білдіретін нәтижелер.

Сөйтіп,  бұл  күнде  құт/құты  сөзінің  ертедегі  тура  мағынасы 

көмескіленіп,  одан  туған  ауыспалы  мағынада  қолданылатын  тіркес 

компоненті және туынды сөздің негізі ретінде ғана сақталған.


133

ҚЫТЫҚСЫЗ АРАЛАСУ. Ұлы Абайдың Лермонтовтан аударған 

«Теректің сыйы» атты өлеңінің ең соңғы шумағы:

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты

Жылы жүзбен Терекке амандасты, 

Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп

Қатынды алды, қытықсыз араласты, – 

деп аяқталады. Ақынның 1957 жылы жарық көрген екі томдық ба-

сылымында  қыйтықсыз  деп  жазылған.  «Абай  тілінің  сөздігі»  бұл 

шумақта  жазылған  түрінше  қитықсыз  сөзін  тіркемеген  не  қытық- 

сыз  сөзіне  қоспаған.  Соңғы  тұлға  осы  басылымда  Полонскийден 

аударған  «Жүректе  көп  қазына  бар,  бәрі  жақсы»  деп  басталатын 

өлеңіндегі  келген  түрінде  сөздікке  енгізіліп,  «шынайы,  таза»  деген 

мағына береді деп көрсетілген.

Көне  түркі  тілінде  қыдығ  –  «1)  бір  нәрсенің  шегі,  шекарасы,  

2)  өзен-су  жағасы»  деген  мағынадағы  сөз,  ал  қыдығсыз  тұлғасы 

«шексіз,  шетсіз»  дегенді  білдіреді.  Қытықсыз  араласу  «ара-жігі 

білінбей,  мүлде араласып  кету»  дегенге  саятын  сияқты.  Бұл  сөздің 

қазіргі  кездегі  «емін-еркін,  ұялмай-қысылмай»  деген  ауыспа-

лы  мағынасы  «ара-жігі  білінбей  араласып  жату»  деген  бастапқы 

ұғымынан ауысуы мүмкін.

МАЙДАН. Бұл сөзді қазіргі кезде көбіне-көп «ұрыс-соғыс бола-

тын (болған) жер» деп ұғамыз. Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме 

сөздігі  майдан  сөзін  «1)  сұрапыл  соғыс  даласы,  2)  белгілі  бір 

бағытта әрекет жасау үшін біріккен әскери күш, 3) бір қолбасшының 

басқаруымен  бірнеше  армия  құрамаларының  қимыл-әрекет  жасай-

тын ауданы» деп түсіндіреді (ҚТТС, 1974, II, 121). Бұл сөздің соңғы 

екі мағынасы Ұлы Отан соғысы кезінде пайда болған, орыс тіліндегі 

фронт сөзінің баламасы ретінде алынған жаңа мағына екені көрініп 

тұр.


Ал бұрынырақ қазақ тілінде майдан сөзі әрі осы күнгідей, «ұрыс, 

шайқас  орны»  әрі  «көгал»  және  «алаң»  деген  мағыналарда  жұм- 

салған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында өлейін деп жатқан Төлеген 

аспандағы алты қазды шақырып:

Қонар болсаң, жануар, 

Міне, майдан, міне, саз, – 

дейді.  Мұндағы  майдан  да,  саз  да  «көгал  жер,  көкорай  шалғынды 

жер»  дегенді  білдіреді.  Саз  сөзі  де  екі  мағынаны  білдірген:  бірі  – 

«көгал, көкорай шалғынды жер», екіншісі – «балшық», қазіргі әдеби 

тілімізде  саз  –  су  араласып,  балшыққа  айналған  топырақ»  (ҚТТС, 



134

1961,  II  233).  Қазақ  ауыз  әдебиетінде  саз  сөзі  көбінесе  1-мағынада 

келеді. Мысалы, қыз Назымды алмаққа келген қалмақ ханы қыздың 

әкесіне:


Тікпекке ақ үй сұраймын 

 Ел қонбаған сазыңды, – 

дейді.  Н.Ф.Катанов  жинап  бастырған  қазақ  мақал-мәтелдерінің 

ішінде «асылсаң – биікке, жығылсаң – майданға» деген мәтел бар. 

Мұндағы майдан сөзі де «ұрыс даласы» дегенді емес, «алаң» дегенді 

білдіреді. Майдан сөзінің осы күнгідей «ұрыс даласы» деген ұғымы 

да  батырлар  жырларында  жиі  кездеседі.  Мысалы,  «Қамбар  батыр» 

жырында:


Олар майдан ішінде 

Түзетті бұлар ұрысты. 

Қылыш шауып, қан төгіп,

Қыздырыңдар ұрысты, – 

деген жолдарды оқысақ, мұндағы майдан – «ұрыс алаңы».

Сөйтіп, майдан мен саз сөздерінің осы күнгі әдеби тілімізде норма 

емес «көгал, көкорай шалғынды жер» және «алаң» мағыналары ескі 

жырлар мен мақал-мәтелдерде, сондай-ақ жергілікті сөйлеу тілінде 

кеңінен орын алған.

Майдан (егер өзі о бастан түркі сөзі болмаса) − парсы тілінен ен-

ген сөз, сөздіктердің көрсетуіне қарағанда, парсы тіліне араб тілінен 

енген.

МАҢҒЫСТАУ.  Бұл  жерде  біз  етістік  маңғыста-  тұлғасын  сөз 

еткелі отырмыз. Махамбеттің бір өлеңі:

Маң-маң басқан сары атан 

Маңғыстап шығар өріске, – 

деп басталады. Мұндағы маңғыстап сөзінің түптөркіні мен мағына- 

сы  туралы  бізден  бұрын  қазақ  сөздері  тарихына  үңіле  жүретін  ға- 

лымдар – Е.Жанпейісов пен Қ.Өмірәлиевтер айтып кеткен болатын. 

Соны қайталай еске түсіріп, өз тарапымыздан мысалдар қосып, осы 

сөзді және бір талдап өтпекпіз. Бұрын да дұрыс көрсетілгендей, бұл 

сөздің түбірі – маң. Көне түркі тілдерінде ман/маң сөзі «адым, жүріс» 

деген есім ретінде де, «адымдау, жүру, аяқ басу» деген етістік ретінде 

де жұмсалған. Осы түбірден маңы «адым», маңығ «жүріс» сөздері де 

жасалған. Көне түркілерде маң- деген етістіктің маңла- варианты да 

болған (ДС. 336-337). Тіпті қазақ тілінде маң-маң басу (маң-маң, маң 

басқан, шудаларын шаң басқан) тіркесінде келетін маң-маң тұлғасы 

да көне заманда қолданылған: маң маң, мұны «қазақша» тұлғаласақ, 



маң маңу болып шығады, яғни адым адымдау немесе адымдап жүру.

135

Қазақ тілінде «адым» ұғымындағы маң деген зат есім де, онымен 

түбірлес маңу, маңлау деген етістіктер де ұмыт болып, қолданылмай, 

бұл  сөздер  тек  маң-маң  басу  және  маңғыста-  деген  тұлғаларда 

сақталған.  Маң-маң  сөзі  басу,  жүру  сияқты  қосалқы  етістіктерсіз 

қолданылмайды,  себебі  маң  сөзінің  мағынасы  күңгірттенген.  Сол 

сияқты  маң  түбіріне  етістік  тудыратын  -ғы  жұрнағы  жалғанып, 

маңғы-  етістігі  (қаңғы-,  саңғы-  дегендер  сияқты)  жасалған,  оған 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет