Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата29.01.2017
өлшемі3,48 Mb.
#2937
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

Қысқартулар

ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1974. - 

1-том; 1976, 2-том; 1978, 3-том; 1979, 4-том; 1980, 5-том; 1982, 6-том; 

1983, 7-том; 1985, 8-том; 1986, 9-том; 1987, 10-том.

ҚӘТС – Қазақ әдеби тілінің сөздігі. –Алматы: Арыс, 2006. - 1-том; 

2006, 2-том; 2006, 3-том. 



ДТС – Древнетюркский словарь. Т. І. –М.: Наука, 1969.

ҚТАС – Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. –Алматы: Арыс, 2005.

«ЕҚ» – «Егемен Қазақстан» газеті.

213

Бірінші бөлім

_______________________________

ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕСКІ БІРЛІКТЕР

Ескіліктердің танымы мен теориялық негіздері

«Ескі – жаңа», «бұрынғы – қазіргі» деген тілдік оппозиттерді сөз 

еткенде әңгіме өзегі болатын нысандар (объектілер) әртүрлі. Жалпы 

тіл жүйесіндегі ескі-жаңалар, яғни тілдің өзіндік табиғи заңдылық- 

тарына  негізделген  қарама-  қарсылықтар  болады.  Мысалы,  әр  тіл- 

дің  өзіне  туыстас  өзге  тілдерден  ажыратылатын  фонетикалық, 

грамматикалық  бірліктері  қатарында  ескі-жаңа  сипаттағылары  бо-

луы  мүмкін.  Лексика  саласына  келгендегі  ескі-жаңа  полюстері 

семантикалық және фонетикалық өзгешеліктерге қатысты болады.

Қазіргі қазақ тілінде лексикалық ескі-жаңа қатарлар көзге түседі. 

Бұл полюстің екі жағын да іздестіруде уақыт факторы алға шығады. 

Лексикалық ескіліктерді іздеуде бағзы замандардағы, ертедегі, күні 

кешегі  деген  мезгілдік  танымдар  ескерілді.  Бұл  ізденісте  сөздің 

семантикалық қозғалысы, яғни мазмұн меже теориясы мен дыбыс- 

тық, тұлғалық бітімі, яғни тұрпатмеже теориясы іске қосылады. Со-

нымен, қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі төл және бөгде болып 

келетін  генетикалық  қабаттардың  ертелі-кеш  кезеңдердегі  көрінісі, 

қолданыс  көздері  мен  олардың  дәуірлері,  жұмсалу  мақсаттары 

талдануға тиіс.

Бұл  жұмыста  қазіргі  қазақ  тіліндегі  көнерген  және  ескірген 

лексикалық бірліктердің:

1) ескіру уәждері (себептері);

2) ескірген кездері мен ескіру дәрежесі;

3) бүгінгі күндегі түсініктілік дәрежесі, яғни:

 

а) мүлде түсініксіздері,



 

ә) мәнмәтін (контекст) арқылы түсінуге болатындары,

 

б) біршама түсінікті, бірақ өте сирек кездесетіндері;



4)  сақталған жерлері (әдебиет түрлері):

 

а) ауыз әдебиеті үлгілері,



 

ә) ертеректегі ақын-жыраулар туындылары,

 

б) мақал-мәтелдер,



 

в) тұрақты сөз тіркестері (фразеологизмдер, қос сөздер, 

 

біріккен сөздер);



5) «сүйегі», яғни түптөркіні (этимологиясы);

214

6) ескіліктердің типтері:

 

а) көне сөздер (архаизмдер),



 

ә) ескірген сөздер (историзмдер),

 

б) фонетикалық; морфологиялық, орфограммалық ескіліктер;



7) ескіліктердің тақырыптық топтары;

8) ескіліктердің қазіргі «өмірі» (қолданысы):

 

а) қолданылу мақсаты,



 

ә) орынды-орынсыз қолданыстары,

 

б) бүгінгі қолданысқа (әдеби нормаға) қайта оралған 



 

ескіліктер деген тұрғыдан (аспектілерден) әңгіме етіледі.

Мұнда  лексика-фразеологиялық  ескіліктер  жөнінде  жалпы  та- 

нымдық-теориялық  талдаулармен  қатар  түсіндірме  сөздік  сипатын- 

дағы ізденістер де ұсынылады.

Талданатын (зерттелетін) материалдар

Қазақтың  өте  бай  ауыз  әдебиеті  мұралары:  батырлар  жырлары-

нан, лиро-эпостардан, ертегілерден, аңыздардан, тұрмыс-салт жыр-

ларынан және ХV-ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулардың 

толғау-жырларынан  жиналды.  Сондай-ақ  тарихи  тақырыптарға 

жазылған көркем шығармалар тілінен ерте кезеңдерде ата-бабалары-

мыз  қолданған  қару-жарақтардың,  әскери  құрылымдардың,  сауыт-

саймандардың,  күнделікті  тіршілікке  қатысты  заттардың  атаула-

ры қамтылды. Мұндай атаулар қазіргі кезде еркін және жиі (актив) 

жұмсалмаса  да,  бүгінгі  оқырмандар  оқитын  әр  алуан  әдебиеттерде 

кездесетіндіктен, олар (көне, ескірген сөздер) қазіргі қазақ тілінің 

ескіліктері  статусында  талданады:  мағыналары  түсіндіріледі, 

генезисі көрсетіледі. Мұндай бірліктер аса көп болмағанмен, жалпы 

тарихқа  қатысты  тақырыптарға  жазылған  ғылыми  және  ғылыми-

көпшілік қолды шығармалардан да табылады.

Лексикалық  ескіліктердің  сақталған  тұстарының  және  бірі 

–  мақал-мәтелдер  мен  тұрақты  тіркестер  болғандықтан,  сөз 

қоймасының бұл түрлеріне де назар аударылды. Бірен-саран ескі эле-

менттер ауызекі сөйлеу тілінде де сақталғандықтан, олар жергілікті 



(аймақтық) сөздер құрамынан да жиналды.

Әрине, бұл аталған көздердегі зерттеу нысандарымыз сарқа жи-

налды  деуден  мүлде  аулақпыз.  Бұл  –  бірер  ізденушінің  күшімен 

белгілі  бір  мерзім  барысында  орындала  қалатын  шаруа  еместігі 

түсінікті.

Осы іспетті ізденіс «Сөздер сөйлейді» атты еңбегімізде де жүргі- 

зілген  болатын.  Бұл  еңбектің  әр басылымында материалдар  толық- 

тырылып  отырды,  өйткені  көнерген,  ескірген  сөздерді  жинасты-

руды,  талдау  жұмыстарын  үзбестен  жүргізіп  келеміз.  Дегенмен 


215

аталған  жұмыс  пен  қазір  ұсынып  отырған  еңбектің  бір-бірінен 

айырмашылықтары  бар:  «Сөздер  сөйлейді»  –  семасиологиялық-

этимологиялық сөздік, ал мына ұсынылып отырған жұмыс – ғылыми-

танымдық  зерттеу  және  мұндағы  талдаулар  белгілі  бір  әдебиет 

үлгілеріне  қарай  (мысалы,  «Едіге»  жырын)  немесе  белгілі  бір 

кезеңді  қамтитын  қазақ  тілінің  тарихи  сөздігінің  үлгісін  ұсынуды 

көздейді. Атап айтқанда, мұнда ноғайлы-қазақ цикліндегі, негізінен 

ХV-ХVШ  ғасырлардағы  батырлар  жырларындағы  бірліктер  тал-

данады.  Бұлар  –  бүгінде  еркін  қолданылмайтын  және  мағыналары 

бейтаныстау немесе тұлғалары өзгеше болып көрінетін сөздер. Бұл 

жердегі  «ескілік»  деген  терминіміз  –  «көне»  дегеннің  дәлме-дәл 

эквиваленті емес. «Ескіліктердің» ішінде көнерген сөздер де (арха-

измдер),  ескірген  сөздер  де  (историзм  деп  аталатын)  бар.  Ескірген 

сөз дегеніміз – бір кезеңдерде қолданылған зат, бұйымдардың, орын 

алған  оқиғалардың,  құбылыстардың,  ұғымдардың,  ағымдардың 

т.б.  аттары  (атаулары).  Өздері  білдіріп  тұрған  заттар,  құбылыстар, 

ұғымдар тарих төрінен (қоғам өмірінен) кеткеннен кейін оларды атап 

тұрған сөздер ескіріп, қолданыстан ығысып кетеді. Бұлайша ығысқан 

бірліктерді тіл білімінде «көне» деп емес, «ескірген» (историзм) сөз 

деп атайды. Бұл термин (историзм) қазақ тіл білімінде әрқилы аталып 

келеді:  оны  тарихаят,  тарихи  сөз  деп  атауды  ұсынушылық  болды 

(проф. Е.Жұбанов). Терминком тарихаят дегенді ұсынады. Калька-

лау тәсілімен аталған сөздерден гөрі, семантикалық принципті жөн 

көріп,  біз  осы  еңбекте  историзмдерді  «ескірген  сөз»  деп  атағанды 

дұрыс көрдік.

Сөз дегендер де – «тірі дүниелер» іспетті, яғни тарихи құбылыс 

атаулары, демек, сөздердің де не мағынасы, не тұлғасы, не қолданыс 

орны  өзгеріп  жатады.  Бүгінгі  адамдар  санасы  өсіп,  әр  халық  өз 

тарихының  бұрынғы-соңды  құндылықтарын  мейлінше  түгендеп, 

зерттеп-зерделеп жатқан күндерде «ескірген», тіпті әбден «көнерген» 

дүниелерді де теріп-жинап алып, таным-ғылым дүниесіне, мүмкіндігі 

болса, қоғам тірлігіне (тіліне) алып келудің қажеттігі туып отыр. Осы 

себептен жалпы тілдегі ескіліктерді теріп алып, жеке зерттеу нысаны 

етуімізде бірнеше мақсат көзделді.

Алдымен,  қазақ  тілі  сияқты  өте  әріден  келе  жатқан  аса  бай, 

икемді,  көрікті  тілдің  бұрынғы-соңды  лексикалық  қазынасын  ба-

рынша  түгендеп,  қалың  жұртшылыққа  және  білім-ғылым  әлеміне 

көрсету мақсаты тұрса, екіншіден, ғажайып бай қазақ әдеби мұрасын 

бүгінгі  оқырмандардың  әрі  жақсы  түсініп,  әрі  сүйсініп  оқуларына 

көмектесу көзделеді. Әрине, бұл қазақтың ауыз әдебиеті мен ақын-

жырауларының  мұраларын  түсіну  қиын  деген  сөз  емес.  Керісінше, 


216

өте ертеден сақталып келе жатқан әдеби үлгілердің, әсіресе эпостық 

жырлар  мен  қазақтың  кең  даласының  әр  қиырында  жасап  өткен 

ақын-жыраулар  мұрасының  тілі  қазіргі  қалың  жұртшылыққа  түгел 

түсінікті, бұларда жергілікті ерекшеліктер мен көне сөздер көп емес 

екендігін  баса  айтуға  болады.  Дегенмен  азды-көпті  бейтаныс,  се-

мантикасы  күңгірт  тартқан  немесе  тұлғасы  біршама  өзгерген  жеке 

элементтердің болуы заңды. Олардың болу себептері де әртүрлі. Ал-

дымен, қазақтың эпостық жырларының көбі, әсіресе «Едіге», «Алпа-

мыс», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

сияқты жырлар бүгінгі күндерімізден әлдеқайда көп бұрын дүниеге 

келген. Демек, олардың ең алғаш пайда болған (жырланған) кезінде 

қолданылған  сөздер  мен  көрікті-бейнелі  сөз  тіркестері  азын-аулақ 

сақталып отырады. Бұған поэзия дүниесінің «тәртіптері» де себепкер 

болады: өлеңнің ұйқас өлшем сияқты шарттары кейде мәтін сөздерін 

ауыстыруға,  өзгертуге,  жаңғыртуға  жібермейді.  Мысалы,  ХV-ХVІ 

ғасырлар  аралығында  жасап  өткен  (шамамен  1465-1560)  Шалкиіз 

жыраудың бір шағын толғауының:



Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,

Кешу кешмек сайдан-дүр.

Батыр болмақ сойдан-дүр.

Жалаңаш барып жауға ти 

Тәңірі өзі біледі

Ажалымыз  қайдан-дүр?  (Алдаспан,  1971,76-бет)  –  деген  жол-

дарында майдан сөзі – «көгал, көк шалғын жер» деген ескідегі бір 

мағынасын  білдіреді.  Бұл  жерде  әңгіме  ұрыс-соғыс  алаңы  (қазіргі 

майдан сөзіндегідей) емес, демек, осы толғауды бізге жеткізушілер: 

шабар  жері  көгал-дүр  деп  алмастыра  алмаған,  өйткені  майдан  – 

сойдан деген ұйқасты бұза алмайды. Сол сияқты сой сөзі де – ескі 

қолданыс, ол «ата тегі, нәсілі» деген мәнде келіп тұр, мұны да ба-



тыр  болмақ  тегінен-дүр  деп  ауыстыруға  болмайды,  өйткені  бұл 

ескі сөздерді алмастыруға өлеңнің ұйқас суреті мен тармақ өлшемі 

жібермейді.

Екіншіден,  «Едіге»  жырынан  бастап,  «Қарасай-Қази»,  «Орақ-

Мамай», «Ер Тарғын», «Шора батыр» т.б. сияқты батырлар жырла-

ры  мен  Асанқайғы,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Шобан  сияқты 

ХV-ХVІ ғасырдағы жыраулар Алтын Орда мен одан бөлінген Ноғай 

Ордасында  жасап  өткен  сөз  зергерлерінің  өлең-жырлары  әр  алуан 

түркі  ру-тайпаларының  бірлестігі  кезінде  туғандықтан,  бұлардың 

мұраларында  кейін  қазақ  тілінде  тұрақтамаған  ноғай-қазақ  және 

басқа  түркі  тілдері  элементтерінің  орын  алуы  –  заңды,  сондықтан 

осылардағы  көптеген  бейтаныс  сөздерді  көне  түркілік  үлгілерден, 


217

ноғай тілінен, ноғай жырларынан іздеуге тура келеді. Мысалы, жеке 

сөздерді былай қойғанда, білейім, менім, өткеріп, жеткеріп, өзіңдін 

соң,  соңратын,  бағананшы  деген  грамматикалық  тұлғалар  қазақша 

білейін,  менің,  өткізіп,  жеткізіп,  өзіңнен  соң,  бағанағы  болып  ай-

тылса керек еді, бірақ бізге қазақша жеткен вариантында осылайша 

«ноғайша» сақталған.

Қазақ  халқын  құраған  ру-тайпалардың  бірқатары  «қазақ»  ата-

нып,  XV  ғасырларда  Ноғай  одағында  болғаны  белгілі.  Солардың 

ішіндегі Шалкиіз жырау ноғай тіліндегі бір жырында: Көп ноғайым 

кең  йайлаған  йеримсиң.  Талайсыз  Шалкиіз  бу  күнде  Қазақ  шығып 

барады, – дейді (Шалкиіздің ноғай арасында сақталған жырлары //

XV-XVIII  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы.  -  Алматы:  Ғылым,  1982.  - 

202-бет). Бұл жердегі қазақ шығу – «қазақ болу» деген мағынадағы 

тұрақты  тіркес.  Демек,  XV-XVI  ғасырлардағы  Ноғай  одағындағы 

халықтардың  тілдері  бір-біріне  жақын  болған,  тіпті  кейбір  жы-

раулар  екі  тілде  бірдей  жырлай  бергенге  ұқсайды.  Сондықтан 

олардың  көбі  ноғайлы-қазақ  жыраулары  деп  танылып  жүр.  Тілдері 

де, дәстүрлі бейнелеуіш құралдары да (теңеу, эпитет, метафора т.б.) 

ортақ  немесе  тіпті  ұқсас  болып  отырғандықтан,  олардың  біреулері 

таза  ноғай  тілінде  не  таза  қазақ  тілінде  жырлады  деу  қиын.  Бірақ 

Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет сынды жыраулардың шығармашылық 

мұрасы  ноғай-қазақтық  ортада  туғандықтан,  оларды  қазақ  туыста-

ры  өздерімен  бірге  алып  кеткенде,  алдымен  өз  дүниеміз  деп  және 

кейбір  тұстарын  қазақшалап  иеленгені  байқалады.  Сонымен  қатар 

бұл үлгілерде (жырларда) ноғайлық элементтер молынан кездеседі.

ХV-XVI  ғасырлардағы  жыраулар  туындыларында  лексикалық, 

фонетикалық,  морфологиялық  ескіліктердің,  айталық,  ноғай  тілі 

бірліктерінің  орын  алуының  және  бір  себептері  назар  аудартады. 

Белгілі әдебиет зерттеушісі Ә.Дербісалин мынадай пікір айтқан бола-

тын: «XV ғасырда жасаған Асанқайғының толғаулары хатқа түспей, 

ауызша  сақталып  келген,  сондықтан  бұлардағы  ескіліктер  (қазақ 

тіліне  тән  еместері  немесе  бұл  күнде  қазақтар  үшін  түсініксіздері) 

сақталмай, қазақ тіліне сай жаңартылып отырған, ал одан кейін өмір 

сүрген Шалкиіз, Доспамбет сияқты жыраулардың туындылары хатқа 

түсіп, ішінара қолжазба түрінде де бізге жеткендіктен, бұларда көне 

заманның сөздік қор мен ақындық тәсілдері едәуір мол сақталған»

1

.

Ноғай,  қазақ  жырауларының  Асаннан  басқаларында  ноғай  тілі 



элементтерінің  молырақ  кездесетіндігінің  ең  басты  себебін  біз  де 

осы тұстан іздейміз, яғни қазақ қауымы тарихында тіпті ХVІ-ХVІІ 

ғасырлардан бастап жазба дәстүрі болған, бұл үрдіс тек ноғайлы-қазақ 

1

 XV-XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. - Алматы: Ғылым, 1982. - 20-б.



218

дәуірінде ғана емес, таза қазақ хандықтары тұсында да, әсіресе қазақ 

даласының батыс өңірлерінде орын алып келгені байқалады. Бұған 

Маңғыстау,  Атырау  өлкелерінде  ХVІІ-ХІХ  ғасырларда  жасап  өткен 

ақын-жыраулар шығармаларының тілі айғақ. Бұларда дәстүрлі көне 

сөз-образдар  да,  тұрақты  шаблондық  мәтін  үзіктері  де,  көне  тілдік 

бірліктер  де  (тек  жеке  сөздер  емес,  грамматикалық,  фонетикалық 

ерекшеліктер) орын алғанын соңғы кезеңдердегі ізденістер көрсетіп 

отыр.

Үшіншіден,  ертеден  келе  жатқан  деп  есептелетін  өлең-жыр  

мәтіндерінің  көбі  XIX  ғасыр  мен  XX  ғасырдың  алғашқы  онжыл- 

дықтарында  араб  жазуымен  хатқа  түскен.  Қазіргі  қазақ  жазуына 

(кириллицаға) көшірген кезде, дұрыс оқылмай, өзгеріп кеткен, қате 

ұсынылған  сөздер  қаншама?!  Мысалы,  1970  жылдардың  басында 

ғалым,  жазушы  М.Мағауин  XV-XVIII  ғасырлардағы  қазақ  ақын- 

жырауларының шығармалар жинағын «Алдаспан» деген атпен жарық- 

қа  шығарды.  Еңбектің  құндылығы  даусыз.  Бұл  бір  адамның  еңбегі 

болатын. Мұра мәтіндері араб жазуынан транскрипцияланғандықтан, 

басылымда  едәуір  қате  жазылған  сөздер  бар  (кейін  олардың  көбі 

түзетіліп беріліп келеді). Мысалы: билер отты (өтті болуы керек 

–55-бет), арқамен қосым қалар деп (арқамдын немесе арқамдан бо-

луы керек – 56-бет), оймауыттай тоғай егіннің (еліннің болуы керек 

– 59-бет), екі семіз қолға алып (семсер болуы керек – 60-бет), шабы-



лып жатқан халқың бар (жайылып жатқан – 60-бет), қан жусандай 

егілсе (жосадай болса керек – 67-бет) т.б. өте көп осы сияқты қате 

жазылған тұстарды көрсетуге болады. Сондықтан кейбір сөздерді не 

өлең жолдарын дұрыс түсіну не сөздің өзін түсіну қиынға соғады. Мы-

салы, еңеке (еңеке кірер – еңкейе не еңсейе болар), шу көрген (дүбір-

дүбір  шу  көрген  –  жүгірген  болса  керек)  деп  қате  жазылған  жер-

лер бар. Мұндай араб жазуынан қазіргі жазуға көшірілгенде кеткен 

қателер тек «Алдаспанда» емес, эпостық жырлардың әр жылдардағы 

басылымдарының барлығында да осы күнге дейін орын алып келеді. 

Мысалы,  «Үш  ғасыр  жырлайды»  деген  жинақта  Шал  ақынның  бір 

өлеңінде: Бала пайдакүнем болар, жалшы жауынгер болар деп жазы-

лыпты (81-бет). Бұл жерде жәреуке сөзі жауынгер болып мүлде басқа 

(тіпті  керағар)  мағына  беріп  тұр.  Жәреуке  (р)  –  «қызмет  көрсетуге 

даяр жағынғыш адам» дегенді білдіретін сөз. «Өз малын өзі бақпай 

бос  қаңғырып,  бір  кедейді  жолдайды  пайда  көріп»  (77-бет)  деген 

өлеңінде Шал ақын бір кедейді жалдайды десе керек. Тіпті Махамбет 

ақынның өлеңдеріндегі ереуіл ат тіркесі бір басылымда ереулі ат

енді бірінде ерулі ат болып жазылып жүргенін көреміз, сол сияқты 

бүлген («ойрандалған, жеңілген») сөзі бұл күн болып жазылып келеді 


219

(147-бет).  Бұқар  жыраудың:  «Еңсесі  биік  кең  сарай  Мортық  болар 



бүлген соң» деген жолдарында бөлген соң деп жазылғанын көреміз 

(55-бет). Мұндай фактілерді күні бүгінге дейін баспа бетін көріп келе 

жатқан ХV-ХІХ ғасырлардың мұраларынан топтап («қаптап») жиып 

алуға  болады.  Демек,  мұндай  түсініксіз  немесе  тұрпаты  бейтаныс 

сөздердің барлығын ескіліктің сарқыншағы екен деп талдай бастауға 

болмайды. Біздегі – қазақ мәдениетіндегі текстология дегенге аса мән 

бермейтінімізді біле отырып, ескі мұралар мен заманымызда пайда 

болып жатқан жазба үлгілердің мәтіндерін жарыққа шығаруда кетіп 

жатқан  жайсыздықтарға  (қателіктерге)  мейлінше  сақ  болуға,  олар-

ды  мүмкіндігінше  түзете  беруге  тура  келеді.  Бұл  шаруа  –  әсіресе 

біздің  осы  қарастырып  отырған  ізденістеріміздің  тұсында  ерекше 

байқалғанын, қиынға түскенін ескертеміз.



Төртіншіден,  тілдің  өзінің  даму  заңдылығы  (эволюциясы) 

бойынша  белгілі  бір  сөздердің  бұрынғы  қолданыстағы  мағынасы 

ескіріп, сөздің не жаңа мағынада, не қосымша мағынада жұмсалуы 

орын  алады.  Мысалы,  парсы  тілінен  өте  ертеде  келген  майдан 

сөзінің  сол  тілдегі  «көгал,  көгорай  шалғын»  деген  бір  мағынасы 

көмескіленіп  (қолданыс  жиілігі  мен  орындары  әлсіреп),  екінші  бір 

мағынасы  –  «ұрыс-соғыс  алаңы»  деген  жанданғандықтан,  «Қыз 

Жібек»  жырындағы  Төлегеннің  өліп  бара  жатып,  аспандағы  алты 

қазға:  «Қонар  болсаң,  жануар,  міне  –  майдан,  міне  –  саз»  дегенін 

бүгінгі оқырмандардың, әсіресе жастардың көбі түсінбеуі де мүмкін: 

ұшып жүрген қаздардың ұрыс алаңында не шаруасы бар деп ойлау-

лары ықтимал. Бұл сияқты сөздердің семантикалық қозғалысы, яғни 

мағыналық өзгерістерге түсуі – кәнігі құбылыс. Сондықтан да осы 

жұмыста  талданған  (түсіндірілген)  бірліктердің  бірқатары  осындай 

факторға қатысты болып келеді.

Бесіншіден,  эпостық  және  өзге  де  өлең-жырларды  тудырушы-

лар өте дарынды және жауапты өнер тұлғалары болған. Олар поэзия 

дүниесінің талаптары мен заңдылықтарын жақсы сезінген және сөз 

өнерінде  дәстүр  жалғастығы  дегенді  мықты  сақтаған.  Сондықтан 

өзіне  дейінгі,  тіпті  ертеден  келе  жатқан  сөз-образдарды  –  бейнелі 

троптарды,  теңеулерді,  эпитеттерді,  метафораларды  реті  келгенде 

еркін  пайдаланып  отырған.  Мысалы,  «Қыз  Жібек»  жыры  да  соңғы 

ғасырлардың  туындысы  сияқты  көрінеді,  сондықтан  оның  тілінде 



кеше сөзінің «түн» мағынасында қолданылуы күнделікті тәжірибеден 

ығысқан болса керек. Соған қарамастан, мұнда: «Айдың өткен нешесі, 



Ай қараңғы кешесі» деген жолдар бар. Сондай-ақ ала сөзінің «жақсы 

мықты ат» деген мағынасы да соңғы ғасырларда (күнделікті сөйлеу 

тілінде)  көп  кездеспейтіндігі  байқалады.  Соған  қарамастан,  мұнда 


220

мінгенде аттың аласын деген өлең жолы бар. Бұлар – өте ертеден 

келе жатқан дағдылы көріктеуіш элементтер. Мұндай стереотиптерді 

келтіріп отыру – поэтикалық мектептердің берік заңы. Міне, ертедегі 

әдеби үлгілерде сақталған, бұл күнде бейтаныстау немесе мағынасы 

өзгеріп  кеткен  сөздердің  орын  алу  себептерінің  бірін  осы  тұстан 

іздеуге тура келеді. 



Алтыншыдан,  мақал-мәтелдер  –  халықтың  өмір  тәжірибесінде 

түйген ой-толғамдары, танымдық кредосы, дидактикалық «ұсыныс- 

тары»,  қысқасы,  табиғи  тәжірибелік  философиясы.  Бұлардың  дені 

–  өте  ертеден  келе  жатқан  тілдік-танымдық  дүниелер  (бірліктер). 

Сондықтан  қазақтың  мақал-мәтелдерінде  түсініксіз,  бұл  күнде 

қолданылмайтын,  жеке  сөздер,  сөз  тіркестері,  морфологиялық  бір- 

ліктер  (жұрнақтар,  жалғаулар,  сөз  сегменттері)  кездеседі.  Бүгінгі 

қазақтар  бұл  мақал-мәтелдердің  жалпы  мағынасын  жақсы  біледі, 

сондықтан  оларды  орнымен  қолданады.  Мұндағы  түсініксіз,  бей-

таныс сөзді немесе жұрнақты, сөз бөлшегін мәнмәтінге (контекске) 

қарай өзінше топшылайды. Мысалы, Бүлген елден бүлдіргі алма де-

ген нақыл сөз бар. Мұндағы бүлген – көне сөз, бүгінде қолданылатын 



бүліну етістігімен түбірлес, бірақ мағынасында өзгешелігі бар. Бүліну 

етістігінің  мағыналарын  түсіндірме  сөздік  былайша  түсіндіреді: 

«Бір  нәрсенің  бұзылуы,  жарамсыз  болып  қалуы,  қирау  («соғыс 

әлегімен бүлінген кәсіпорындар»)» (2-том, 1967, 569-570-б.), «ласта-

нып,  былғану»,  («үстім  бүлінеді  деп  жұмыстан  қашты»),  ауыспалы 

мағынада «тәртіп нашарлап бұзылу» («ол ішкілікке салынып, бүлініп 



болды»).  Бүліну  сөзінің  бұл  ауыспалы  мағынасынан  «шықпаған 

егіннен  жер  бүлінеді,  олақ  бастықтан  ел  бүлінеді»  деген  жаңаша 

мәтел де бар деп көрсетеді. Ал бүлу етістігінің денотатив мағынасын 

10  томдық  түсіндірме  сөздікте:  бүліну  етістігінің  көне  тұлғасы  деп 

көрсетеді  де  «осы  айтқаным  болмаса,  ноғайлы  елің  бүледі»  деген 

эпостық жырдан мысал келтіреді. Бүлу сөзі көбінесе ел сөзімен келеді, 

мәнмәтінге қарасақ, бүлу – «бір елдің қарсыласынан жеңіліп, әбден 

ойрандалуы, ыдырауы» дегенді білдіреді. Әрине, бүлу тұлғасында да 

«бүліну, бұзылу» семасы (мағыналық реңкі) бар, бірақ бұл күнде бүлу 

тұлғасы осы мағынада еркін жұмсалмайды. Демек, көнерген тұлға, 

ол көбінесе мақал-мәтелдерде, ХV-ХІХ ғасырлардың жырауларының 

өлең-жырларында кездеседі. Тіпті «күні кешегі» Махамбет ақын да:

Біздің ер Исатай өлген күн,

Он сан байтақ бүлген күн, –

дейді. Бұл жолдарда екі көнелік бар: байтақ – «ел жұрт, қауым», бүлу 

–  «ойрандалу,  жеңілу»  мағыналарын  білдіретін  қолданыстар.  Сірә, 

ертеректе  бүлу  деген  көне  тұлға  жиірек  қолданылған  болу  керек, 


221

бұдан бүлгіндікбүлгіншілік деген абстракт есім атаулары жасалған 

деуге болады.

Екінші бір мысал. «Хан – қазық, қарашы – азық», «Хан қасында 



қарашың болса, қара жерден кемең жүрер», «Ханды Құдай алайын 

десе,  қарашасымен  қас  болар»,  «Ханның  ісі  қарашыға  да  түседі», 

«Ханның жақсы болмағы – қарашаның елдігі» деген мақал-мәтелдер 

бар. Бұларда хан-қарашы жұбы орын алады. Бұл күнде (сірә, ХІХ-

ХХ ғасырлардан бастап) қарашы сөзі «бай ауылдардың, әлділердің 

төңірегіндегі  қара  халық,  кедей-кепшік,  жарлы-жақыбай»  деген 

мағынаны  білдіреді  деп  түсінеміз  (ҚТТС;  3-том,  1982,  88-бет).  Ал 

ертеректе, орта ғасырларда, қарашы деп ханға қызмет ететін, бірақ 

экономикалық  жағынан  тәуелсіз,  басы  азат  әлеуметтік  топтың 

уәкілін  атаған.  Ханның  қоластындағы  бағынышты  кез  келген  адам 



қарашы деп аталмаған, ханға тікелей қызмет ететін, тіпті сановник, 

кеңесші сияқты правосы (қызметі) барлар ғана қарашы болған. Олар 

ақсүйектер әулеттерінен болғанын XVI ғасырда қазақ хандығындағы 

қарашы  институты  жақсы  көрсетеді:  жалайыр  руының  белді  биі 

(басқарушысы)  Қадырғали  Қасымұлының  Тәуекел  ханның  неме-

ре  інісі  ханзада  Оразмұхамедтің  қарашысы  болып  қызмет  еткенін 

білеміз.


Міне, қарашы/қараша деген түркі-монғолдық сөз (бұл сөз монғол 

тілінде  қарачу  тұлғасында  о  баста  хан  әулетіне  жақын,  бірақ  оған 

жатпайтын әлеуметтік топ уәкілін атаған, кейін келе монғол тілінде 

де қарачу –«қара халық, бұқара» деген мәнде жұмсалатын болған). 

Бұл  сөз  –  тарих  қойнауына  кеткен  реалийдің  атауы,  яғни  хандық 

пен оның айналасына қатысты институттар тарих төрінен кеткеннен 

кейін бұларға қатысты атаулар да ескірген сөз – историзм деген топ-

тан орын алып отыр.

Мақал-мәтелдердегі  ескіліктердің  бір  алуаны  өзге  тілдік  болып 

келеді, олар көбінесе монғол, араб, парсы тілдерінің сөздері екендігі 

байқалады.  Мысалы,  «әр  ханның  тұсында  бір  сұрқылтай»  деген 

нақыл сөз бар. Мұндағы сұрқылтай сөзін бұл күнде ешкім білмейді 

(әрине, зерттеуші мамандардан басқа). Сондықтан көркем әдебиетте 

әр  жазушы  әртүрлі  мағынада  жұмсап  келеді.  Көбі  жағымсыз 

семантикалық  ұғымда  келтіреді,  кейбірі  бұл  сөзді  адамға  емес, 

өзге  есімдерге  (сұрқылтай  жылқы,  сұрқылтай  заман)  қатысты  да 

жұмсайды.  Бұл  жерде  жазушылар  сұрқылтай  мен  сұрқай  сөздерін 

сыртқы дыбыстық ұқсастығына қарай шатастырып алғанға ұқсайды. 

Мұндай құбылысты ғылымда парономиялық аттракция дейді. 

Сұрқай  заман,  сұрқай  жылқы  деудің  орнына  сұрқылтай  сөзін 

қолданған. Ал сұрқай – семантикасы жағымсыз сөз, түбірі сұр деген 



222

атауы  болса  керек:  сұрқай-дың  орнына  сұрқылтай-ды  жұмсаудың 

өзіндік уәжі бар: сұрқылтай – бейтаныс тұлға, ал көркем әдебиетте 

«жұмбақтау»,  мағынасы  күңгірт  тартқан  сөздердің  экспрессиясы 

күштірек болады. Әрине, бұл жаңсақтық – «артық етем деп тыртық 

етушілік» болып шығады, өйткені әр сөз өз «құқығын» (мағынасын) 

жоймауы тиіс, сұрқылтай – өз «құқығы бар» (мағынасы бар) дербес 

бірлік.


Бұл  күнде қазақ тілі үшін мағынасы мүлде күңгірт тартқан бұл 

тұлғаны  іздестіргенде,  негізінен  оның  адамға,  оның  өзінде  де  хан, 

төре сияқты билеушілерге қатысты қолданылатыны байқалады. Сөз 

түбірі – монғол тіліндегі сурульдай, бұл монғолша «ханның кеңесшісі, 

ақылшысы, оның сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны» дегенді білдіреді 

деп XIX ғасырдағы орыс ғалымы, Шоқан Уәлихановпен кадет корпу-

сында бірге оқыған Г.Н. Потанин жазған болатын

2

.



Г.Н.Потаниннің  бұл  түсіндірмесінің  дұрыстығын  Шыңғысхан 

әулетінен шыққан қазақ Тезек төренің (XIX ғ.) Сүйінбай ақынға:

Тұсында Абылайдың Бұхар жырау,

Хан Әділдің кезінде Түбек тұр-ау.

«Әр заманның бар дейді сұрқылтайы,

Сұрқылтайым менің де екен мынау, –

дегені  дәлелдей  түседі.  Тезек  төренің  сұрқылтайы  Түбек  жырау  

болғанын  әдебиеттанушы  М.Жолдасбеков  баяндайды.  Сөз  түбірі 

–  монғол  тілінің  сұрға(х)  етістігі  болу  керек,  ол  –  «оқыту,  бір  

нәрсені  үйрету,  тәрбиелеу»  мағыналарын  білдіретін  сөз.  Одан 

«ілім» мағынасындағы сургаал, «мектеп» және «оқу, оқыту үйрету» 

мағынасындағы сургуулах сөздері жасалған, -тай жұрнағы – монғол 

тілінде  сын  есім  жасайтын  қосымша:  сураалтай  (сургултай)  сөзі 

қазақша «үйретуші (ақыл, кеңес беруші)» деген сын есім болып таны-

лады. Бұл сөз осы күнгі монғол тілінің өзінде көне этнографизм бо-

лып есептеледі. Ал қазақ тіліне, сірә, билеушілері (хандары) Шыңғыс 

әулетінен болып келген қазақ қоғамында сол монғол текті хандардың 

қасындағы кеңесшілеріне де монғолша атау қолданылған болар. Қазақ 

хандарының монғолдық тектері де, келе-келе хандық институттың өзі 

де (XIX ғ.) тарих сахнасынан ығысқандықтан, сұрқылтай сөзінің де 

мағынасы күңгірт тартып, бұл күнде ескіліктердің қатарына көшкен. 

Мұндай  атауларды,  сірә,  архаизм  (көне  сөз)  дегеннен  гөрі  ескірген 

сөз (историзм) деп тануға болар.

Қазақ тіліндегі ескіліктердің, жалпы көнерген, ескірген сөздердің 

бір алуанының генезисі монғол (оның өзінде де көне монғол) тіліне 

алып  барады.  Мысалы,  алдияр,  барымта,  қарымта,  толағай, 

2

 Потанин Г.Н. Восточные мотивы с средневековом европейском эпосе. - М, 1809.



223

құр  (құр  атқа  мінгендей),  торғауыт  т.б.  сөздерге  семантикалық, 

этимологиялық  ізденістер  жүргізгенде,  олардың  морфологиялық 

бітімдері  (сұрқылтай,  ереуіл,  торғауыт  сияқты  жұрнақты  сөздер 

монғол  тіліне  тән  екендігі  көрінеді.  Бұл  –  бір  тілден  (айталық, 

монғол тілдерінен) екінші тілдің (түркі, оның ішінде қазақ тілінің) 

сөз  қабылдауы  ма  әлде  «алтай  теориясына»,  яғни  түркі-монғол 

тілдерінің ортақ генезисіне апаратын құбылыс па – бұл топшылаудың 

екеуінің  де  қисыны  бар.  Ал,  біздіңше,  екіншісі  дұрысырақ  сияқты. 

Монголизмдердің тек қазақ тілінде ғана емес, өзге түркі тілдерінде 

де  ізі  бар,  ал  қазақ  тілінде  және  мүмкін,  сібірлік  өзге  түркілер 

тілінде  көбірек  кездесуі  –  қазақ  қоғамының  экономикалық  жүйесі 

бір  болғандығынан  және  монғол  тайпаларымен  территориялық 

жақындықтан,  іргелестіктен  болар  деп  ойлаймыз.  Сондай-ақ  орта 

ғасырларда, әсіресе Шыңғыс хан және оның балалары мен немерелері 

кезінде  түркі-монғол  тайпаларына  бірде  бір-біріне  қарсы,  бірде 

бірлесіп  ұрыс,  соғыс,  шабуыл  жорықтарында  араласқан  кездерінде 

қолданылған әскери, әлеуметтік және шаруашылыққа қатысты лекси-

ка тобы да осы ортақтыққа меңзейді. Мысалы, хан, ұлыс, орда (орду), 



оғлан (ұл), хатун (қатын), қарауыл, йасақ (жасақ), ат-ұлақ, боқауыл, 

ертауыл, домбауыл, сечен (дана, ақылды адам) сияқты сөздер түркі-

монғол  тайпалары  тілдерінде  бірдей  қолданылғаны  Шыңғыс  хан 

империясына қатысты тарихи шығармалардан көрініс тапқан. Біздің 

топшылауымызша,  құрамында  -уыл,  -тай,  -ты  жұрнақтары  бар 

бірқатар  тілдердің  түпкі  төркіні  монғол  тілі  болуы  мүмкін  немесе 

олар өз қызметінде тұрып түркі сөздеріне жалғанған болуы мүмкін.

Бүгінгі қазақ тіліндегі ескіліктердің келесі бір тобын, сөз жоқ, көне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет