Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата29.01.2017
өлшемі3,48 Mb.
#2937
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

түркі тілдерінен іздеуге тура келеді. Әрине, бүгінгі түркі сөздерінің 

басымы – көнеден, есте жоқ замандағы ата-баларымыздың тілдерінен 

келе  жатқан  бірліктер,  бірақ  оларды  бүгінгі  тілдегі  ескіліктер 

(көнелер) деп емес, бүгінгі тілдің арқауы, тұтас өзі деп танимыз. Ал 

көне сөздердің «ескілік» деген танымға ие болатындары – бұл күнде 

мағынасы  не  тұлғасы  күңгірт  тартқан,  дәлірек  айтсақ,  ұмытылған, 

бірақ ертеректегі өлең-жырларда, ауыз әдебиеті үлгілерінде, мақал-

мәтелдерде, фразеологизмдер құрамында сақталып, тілде бар деп са-

налатындар.

Лексикалық  ескіліктердің  семантикалық,  кейде  фонетика-мор- 

фологиялық түптөркінін көне түркі тілдерінен іздеу – заңды әрекет. 

Тіл де – тарихи құбылыс: барлық параметрі жағынан өзгеріп, жаң- 

ғырып,  ескіріп  отырады  да  қазіргі  қолданыстан  не  мүлде  ығысып 

кетеді,  ұмыт  болады,  не  ілуде  бір  кездесетін  ескілікке  айналады. 

Біздің іздестіретіндеріміз – соңғылар.


224

Тілдік ескіліктердің келесі бір тобын парсы тілінен іздеуі керек 

болады. ХІ-ХІІ ғасырларда Орта Азияның солтүстік батыс аймағын, 

Сырдарияның орта, төменгі ағысын мекендеген түркі тайпаларының 

мәдени-рухани дүниесінде парсы тілі араб тілін ығыстырып, үстемдік 

еткені, оның түркі поэзиясының тіліне үлкен әсер етіп, із қалдырғаны 

мәлім.  Сол  кездерде  түркі  поэзиясында,  оқу-ағарту  саласында  ак-

тив  қолданылған  кейбір  парсы  сөздерінің  белгілі  бір  мағыналары 

сақталған  варианттары  қазақтың  ескі  өлең-  жырларында  кездесіп 

қалады. Мысалы, жырларда айтылатын астана жұрт деген тіркестегі 



астана сөзі осы қолданыста ескілік болып саналады: астан, аста-

на  –  «табалдырық,  есік»  дегеннен  метафораланып,  «билеушінің 

(ханның)  қоластындағы  («табалдырығындағы»)  ел-жұрт»  дегенді 

білдірген. Ал бұл сөздің «белгілі бір мемлекеттің, хандықтың, елдің 

орталық қаласы» деген осы күнгі мағынасы да парсы тіліндегі «са-

рай» деген тағы бір семантикалық вариантынан өрбіген. Алдыңғыда 

(астана жұрт дегенде) астана – ескі сөз (семантикалық архаизм), 

соңғы қолданыста («Англияның астанасы – Лондон» дегенде) аста-

на – біршама жаңалау, яғни қазіргі қазақтарға оның «орталық қала, 

үкімет орналасқан жер» деген ұғымы түсінікті.

Мағынасы  баршаға  түсініксіз,  бейтаныс  сөздердің  барлығы  – 

көне,  жаңа  не  ескірген  сөздер  емес.  Олардың  басым  көпшілігі  – 

жергілікті (аймақтық) сөздер, енді бірқатары әдеби қолданысқа жиі 

түсіп  қалыптаспаған  бірліктер,  яғни  әдеби  нормадағы  сөздердің 

синонимдік қатарлары болуы ықтимал. Ондай сөздердің мағынасын 

мәнмәтінге  қарап  аңғаруға  болады.  Олар  тұрпаты  жағынан  тілдік 

жүйеге жат емес болып келеді. Мысалы, Мұхтар Әуезов шығармалары 

тілінде кездесетін жошын («Осы, ана Ысқақ бір жошын! Пысық та, 

сергек неме! – деді» (М.Әуезов, IVтом, 1968 ж., 19-бет), құж («...құж 

десеңщі.  Мынадан  ба,  мынадан  шығады!»  –  Сонда,  21-бет),  қозғақ 

(«...кейде жер шұқып қап, қымыңдап қозғақ қағады» – Сонда, 110-

бет),  нор  («...ауылдарының  үсті  қалың  нөмір,  қара  нор  еді»  –  Сон-

да,  183-бет)  деген  сөздер,  Әбіш  Кекілбаев  қолданған  жылмаңтөс 

(«Қашан  көрсең  де,  асығыңды  алдап  ұтып  алғысы  келіп  жүретін 



жылмаңтөс  балалардай»  Ә.Кекілбаев  Елең-алаң.  -  Алматы,  1984. 

-  11-бет),  әрқайын  дүние,  кемталай  халық,  шажырқай  боп  туған 

Шыңғыс  әулеті,  мәмілехана,  сүмірейме  (самала  сөзінің  антонимі), 

бесік  (батыл  сөзінің  антонимі)  сияқты  сөздердің  жеке  тұрғандағы 

мағыналары бейтаныс, сирек кездесетін тұлғалар, бірақ оларды жа-

зушы  стильдік  мақсатпен  әдейі  қолданған.  Бұлардың  ішінде  бірен-

сараны ғана жазушы өзі жасаған авторлық жаңалықтар да (жолығыс – 

хан, патшалардың ресми қабылдауы – аудиенция, мәмілехана (әмірші 


225

сарайына келген шетжұрттық елшіні ресми түрде қабылдайтын жай, 

зал), жошын, құж, нор сияқты ұмыт болған сөздер де бар.

Бұл тәрізді нормативтік сөздіктерге тіркелмеген сөздерді көркем 

әдебиет үлгілерінің біразынан табуға болады. Оларды көне, не ескірген 

тұлғалар немесе таза диалектизмдер, я болмаса бір қолданар окказио-

нализмдер деп танығаннан гөрі стильдік мақсатпен келген авторлық 

қолданыстар (авторлық неологизмдер емес) деп топтастырған жөн 

болар. Бұлар сан жағынан өте аз, сондықтан мұндай қолданыстардың 

әрқайсысын  іздестіріп,  көне-жаңалығын,  жергілікті  сөзге  жататын-

жатпайтындығын анықтағанша (оларды анықтау керек!), осылайша 

таныта тұруға тура келеді.

Ескіліктер кездесетін орындар

Жоғарыда сан рет айтылғандай, лексикалық ескіліктерді:

•  қазақ  халқының  мәдени  мұрасында  өте  дамыған,  молынан 

сақталып, біздің кезеңімізге жеткен ауыз әдебиеті үлгілері – батыр-

лар жырлары, ғашықтық жырлары деп аталатын циклдегі үлгілердің 

тілінен;


•  тұрмыс-салт  жырлары  деп  аталатын  алуан  түрлі  поэзиялық-

прозалық үлкенді-кішілі шығармалардан;

қос сөздердің сыңарларынан;

• ертеде қалыптасқан тұрақты тіркестер құрамынан;

• XV-ХІХғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар мем шешендер 

сөздерінен;

ғылыми-танымдық еңбектерден;

• мақал-мәтелдер құрамынан іздеп таба аламыз. 

Бұлардың ең көп материал беретіндері – фольклорлық туындылар 

болып табылады. Сондықтан осы жұмыста ең әріде (XV ғ.) дүниеге 

келген  деп  саналатын  «Едіге»  жырынан  бастап,  ондаған  батырлық 

жырлар  мен  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»,  «Қыз  Жібек»,  «Айман-

Шолпан» сияқты лиро-эпостардың тілдерінде кездесетін ескіліктер 

әр  қырынан  арнайы  талданады.  Олар:  1)  ноғай-қазақ  цикліндегі 

жырларда;  2)  өзге  батырлар  жырларында;  лиро-эпостарда;  3)  XV-

ХІХ  ғасырлардағы  жыраулар  мен  ақындардың  өлең-жырларында 

сақталған ескіліктер болып келеді.

Мақал-мәтелдер  деп  аталатын  ақылды,  түйін  сөздер  негізінен 

баршаға  әбден  түсінікті  таныс  болып  келеді.  Дегенмен  мақал-

мәтелдердің  басым  көпшілігі  ертеде  қалыптасып,  қолданылып 

келе жатқандықтан, құрамында бірді-екілі сөз бұл күнде екінің бірі 

мағынасын дәл біле бермейтін болып ұшырасуы да мүмкін. Мысалы, 



226

«Иттің аузына түскен сүйек соқта болады»; «Атың қора болса, берді 

Құдай», «Киікті құралай бүлдірер, елді дүрегей бүлдірер», «Құдалық 

белгісі – сыйыт, қоныс белгісі – бейіт», «Сүтке сүт қосылса сүмесін 

болады, Сөзге сөз қосылса, демесін болады», «Құдияр құдық қазады, 

суын құлман ішеді». «Жегенін білмейтін – шұнай, жұтқанын білмейтін 

– құмай», «Құдайдан тілегенім қолаң қара шашты еді, Құдайдың өзі 

берді қу толағай бастыны» т.т. Әрине, бұл мақал-мәтелдердің жал-

пы мағынасы түсінікті, бірақ құрамдарындағы көрсетілген (курсив-

пен терілген) сөздердің жекелеген мағыналарын екінің бірі тап басып 

бірден айтып бере алмауы мүмкін. Ал бұлардағы соқта дегеніміз – 

көне түркілерде «колбаса, қазы» дегенді білдірген сөз екен. Ал қазіргі 

қазақ  тілінде  соқта  сөзінің  бір  мағынасы  иленіп,  тығыздалған, 

жұмбаздалған зат деп түсіндіріледі (ҚТТС, - Т. 8, 326-б.). Бұл күнде 



соқта сөзі – біршама түсінікті, қолданыстағы бірлік, ал бұл сөздің өте 

ертеден келе жатқан мағынасының нақтылана түскен варианты болып 

шыққан. Сірә, Қашқаридағы соқта сөзі «колбаса» дегенге біршама 

келсе  де,  қазы  деген  түсінік  қисынсыздау  (колбаса  –  еттің  әбден 

езіліп,  туралып,  шайналып,  нығыздалып  жасалған  түрі,  ал  қазыда 

ет туралмайды, езілмейді ғой). Сірә, о баста да соқта – ұсақталған 

заттың (ет, қар т.б.) тығыздалып, ұйып жұмбаздалған түрін білдірген 

сөз  болса  керек,  бұған  қазақ  тіліндегі  көк  соқта  (қар),  қан  соқта 

(ұйыған қан) деген тіркестер дәлел. Келесі мақалдағы қора сөзі, сірә, 

қорқау сөзімен не түбірлес, не осы сөздің қысқартылып айтылған өзі 

болуы керек, қорқау сөзінің бір мағынасы нағыз жыртқыш қасқырды 

атайтын болса, ауыспалы мағынасы – «тамақсау, озбыр, араны ашы-

лып  тұратын  тойымсыз»  дегенді  білдіреді  деп  топшылаймыз.  Егер 

атың араны ашылып тұратын тамақсау, тойымсыз болса, ол – жақсы, 

ондай мал мықты болады, ал қатының тойымсыз, ашқарақ, тамақсау 

болса, ол – онша жақсы емес, пісіргенін алдымен өзі жеп, әрдайым 

ашқарақтанып  жүретін  әйелдің  несі  жақсы  дейсің?  Ал  көрсетілген 

мағынада қора сөзі ешбір түркі, монғол тілдерінің сөздіктерінде де, 

көне түркі тілдері сөздіктерінде де тіркелмеген. Үшінші мақалдағы 



сүмесін – бұл күнде біршама түсінікті сияқты, сөздіктерде ол «сүт, 

ақ» дегенді білдіреді деп танытылған (ҚТТС, 8-том, 431-б.). Мұнда 

сөз  түбірі  –  сүме  –  «1)  сауын  малының  желіні,  2)  сүт  өнімі»  деп 

көрсетілген. Демек, бұл түбірге -сін деген түркілік жұрнақ жалғанып, 

«сүт өнімінен жасалған сұйық тағам» дегенді білдіретін болған болар. 

Қостанай,  Маңғыстау,  Атырау  тұрғындары  сүмесін  деп  «шалапты» 

атайды деп тіркелген (ҚТАС, 2006, 620-б.). Қазақ, қырғыз тілдерінде 

сүмесін  деп  жалпы  тағамды  айтайтын  да  болса  керек.  Қырғыздар 

сүмесін мен сүмөлөк дейді, ол «1) ұн араластырып жасаған быламық 


227

және 2) нан тағам» (кушание из лепешек) деп көрсетіледі. Жоғарыда 

келтірілген  мақалдың  «сүтке  сүт  қосылса,  сүмесін  болады»  деген 

бөлігі,  біздіңше,  «ас  болады»  дегенді  айтқан  болар.  Ал  «Құдияр 

құдық қазады, суын құлман ішеді» деген мақалдағы Құдияр, Құлман 

деген кісі аттары болар, өйткені бұл сөздерді қазақ, қырғыз тілдерінің 

сөздіктерінен  таба  алмадық,  мәтелдің  айтпағы  –  «біреудің  еңбегін 

екінші  біреу  пайдаланып  кетеді»  деген  тұспал  сөз  болар.  Келесі 

мақал-мәтелдердегі дүрегей, сыйыт, толағай сөздері бұл күнде жиі 

қолданылмағанмен, ертеден келе жатқан бірліктер екені белгілі.

Бұлардан  кейінгі  ескіліктер  кездесетін  орынның  тағы  бірі  – 

тарихқа (әрине, қазақ халқының тарихына) қатысты ғылыми еңбектер 

мен көркем әдебиетке жататын үлгілер болып келеді. Бұлар тек қазақ 

қауымының ертедегі әлеуметтік-саяси тарихына ғана қатысты емес, 

этнографиясына, мәдениетіне, әсіресе өнеріне байланысты жазылған 

ғылыми,  публицистикалық,  оқу-ағартушылық  тақырыптарындағы 

еңбектерден  де  табылады.  Мысалы,  акад.  Ә.Марғұланның  «Ежелгі 

жыр-аңыздар»  (Алматы:  Жазушы,  1985)  деген  ғылыми  еңбегінде 



тәті (диадема), баутақ (кимешек), себіл тон (оқ өтпейтін тон) де-

ген сөздер бар (Бұлар қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігіне 

кірмеген,  яғни  көне  немесе  ұмыт  болған  сөздер).  Сол  сияқты 

С.Мұқановтың  «Халық  мұрасы»  атты  еңбегінде  (Алматы,  1974) 

қазақ халқының әскери қосындары, XVI-XVII ғасырлардағы әскери 

жасақталған құрамдарға және әскери іс-қимылдарға қатысты атақтар 

мен  атаулардың  болғанын  айтады:  олар  уан  (ван)  –  «дивизия», 

түмен – «корпус», шеру – «фронт» дегенді білдірген дейді. Мұхтар 

Әуезов: «Бұрынғы бақташы көшпелі тірлігінде арман еткен түйеде 

– жампоз, жылқыда – тұлпар, сиырда – тықжы, қойда – құтпан

түйеде – келепан десе, итте – құмай, адамда – алып, ал қас дұшпаны 

қасқырда – сырттан дейтін», – деп жазған болатын. Бұларда аталған 

«мықтылардың»  ішінде  тықжы,  келепан,  жампоз  деген  сөздер 

де  –  бұл  күнде  ұмыт  бола  бастаған  бірліктер.  Жеке  халық  болып 

құрылғаннан  кейін  де,  бұған  дейін  де  қазақ  халқын  құраған  ру-

тайпалардың  өмірі  ат  үстінде  кейде  қорғанған,  кейде  шабуылдаған 

ұрыс-соғыспен  өтіп  келгені  белгілі.  Шыңғыс  хан  заманынан  бері 

қарайғы  қазақ  қауымында  (тілінде)  түркі-монғолдық  әскери  лек-

сика тобы едәуір мол болған. Бұлардың ішінде аға – әскери титул-

дәреже  атауы,  айыр  –  әскер  санының  бірлігі  (пәлен  ру  ұрысқа  500 

айыр шығарды), ту астында тұру – «әскер қатарында болу» сияқты 

жеке сөздер мен сөз тіркестері болған. Олардың да көбі – көне немесе 

ескірген сөздер.

Сол сияқты хан ордасына қатысты атабек/аталық – «хан (бала- 

ларының  (ұлдарының)  тәрбиешісі,  регент»,  бауыршы/бақауыл/



228

бөкеуіл–  «хан  сарайында  ас-суды  басқарушы»,  оғлан/ұғлан/ұлан  – 

«ханның  титулы  жоқ  ұрпақтарының  баласы,  ханзада»  т.т.  осындай 

сөздер де бұл күнде лексикалық ескіліктердің қатарынан табылады.

Жалпы  ұрыс-соғысқа  қатысты  атқыш  –  «мерген»,  бұлғақ  – 

«қарсылық  әрекет»,  үркіншілік  –  «үркіп  босу»,  жарлық  –  «әскери 

бұйрық», жесір – «тұтқын», жұңғар/барұңғар – «әскердің сол қанаты, 

оң қанаты», нөкер – «жасақшы, әскери қызметші», пәнда/пенде қылу 

–  «ұрыста  қолға  түсіру»,  тоқуш/тоқыс/тоғыс  –  «ұрыс,  шайқас», 



лек – «жүз мың» сияқты сөздер де бұл күнде көнерген не ескірген 

бірліктер деп танылады.

Тарихи-көркем  шығармаларда  кездесетін  қарауыл,  тосқауыл, 

жортуыл, шабуыл, айдауыл, шығауыл, ертауыл, жасауыл, шыңдауыл, 

торуыл деген сөздер – әскери лексика тобының бірліктері, бұлардың 

да қаруыл, шабуыл, тосқауыл сияқты бірен-саранынан басқалары бұл 

күнде  ескіріп  үлгірген.  Бұлар  әскери  терминдер  ретінде  күні  кеше 

өткен  Ұлы  Отан  соғысында  қолданылған  жоқ.  Бірауыз,  қандауыз, 



жалаңқат,  берен,  зере,  кіреуке,  себіл  тон,  құяқ,  бектер,  тізерлік, 

бұтырлаң  сияқты  ұрыс-соғыста  киетін  сауыт-  сайман,  киім-кешек 

атаулары  (военное  обмундирование),  садақ  оғының  аттары  –  бұл 

күнде  көне  және  ескірген  бірліктер,  өйткені  жақтың  ұрыс-соғыс 

қаруы, тіпті аң аулау құралы ретінде XIX ғасырдың II жартысында-

ақ  колданыстан  шығып  қалған  болатын

3

.  Әскери  лексика  қорының 



қолданылғандығын тек батырлар жырларынан ғана емес, біздің за-

манымызда жазылған, жазылып жатқан көркем әдебиеттен де таба-

мыз. Бұлардағы жұңғар, барұңғар сияқты монғол сөздерімен қатар 

оң жанақ, сол жанақ, маңдай сүбе сияқты таза қазақша атаулардың 

өзі ескірген әскери лексика тобына өтіп кеткені белгілі. Сол сияқты 

мылтық түрлерінің атауларын, әскери киім-кешек (жалаңқат, кіреуке 

тон,  зере)  түрлерінің  аттарын,  даңғырашы,  сайыскер,  қылышкер, 

садақшы  деген  сарбаз  атауларын,  бұл  күнде  орысша  дозор,  аван-

гард,  арьергард  деген  сияқты  әскери  топтар  шыңдауыл,  ертауыл, 

шығауыл,  торуыл,  тосқауыл  т.б  деп  түркі-монғолша  аталғанын  да 

Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» атты тарихи романдары-

нан табамыз.

Сондай-ақ Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сыматаев-

тар сынды жазушылардың тарихи көркем шығармаларынан ондаған 

(тіпті жүздеген де!) ескілік атауларды жинап алуға болады (олар біраз 

жиналып, арнайы сөз де етілді) (қара: Рәбиға Сыздық. Сөз құдіреті. 

-  Алматы:  Атамұра,  2005).  Бұларда  да  жоғарыда  аталған  көне  ескі 

әскери құрылым, әскери қызмет иесі, қару-жарақ, киім-кешек атаула-

3

 История Казахской ССР. - Т.3. - С. 218.



229

рынан басқа құяқ, қаптан, тегілей, бектер, қоллық, бұтырлық сияқты 

сауыт-сайман аттары,  көбебұзар, әндіген, қисалы,  ысқырма, тіз  оқ, 

кез оқ, доғал оқ, қозыжаурын, аймаңдай оқ сияқты жақ оқтарының 

түрлерін  атайтын  сөздерді,  керней,  дабыл,  даңғыра,  шыңдауыл  т.б. 

сияқты дыбыс аспаптарының көне ескі атауларын кездестіреміз. Бұл 

фактілер, бір жағынан, тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығарма 

стилінің үдесінен (талабынан) шығып тұрса, екінші жағынан, бүгінгі 

бізге ана тіліміздің ертеректегі сөздік қазынасынан хабар беріп тұр.

Сол  сияқты  жазушы  Қабдеш  Жұмаділовтің  XVIII  ғасырдағы 

қазақ халқының жоңғар басқыншыларынан өз елінің оңтүстік-шығыс 

өлкесін қайтарып алудағы ұрыс-соғысының іс-қарекетін суреттеген 

«Дарабоз»  романының  стильдік  ерекшеліктерінің  бірі  –  бұдан  200 

жылдай  бұрынғы  қазақ  тілінің  әскери  лексика  қорының  біршама 

көрсетуі деп табамыз. Мұнда да қару-жарақ, әскери құрылым атау-

лары (зат есімдер), соғыс жағдайына қатысты іс-әрекетті білдіретін 

қимыл атаулары (етістіктер), XVІІ-XVШ ғасырлардағы қазақтар мен 

жоңғарлардың  әкімшілік-әскери  лауазымдары  –  қысқасы,  көптеген 

лексикалық ескіліктер орын алған. Олар бұл күнде көбінесе кез кел-

ген оқырманға таныс емес, күнделікті тілде қолданылмайтын сөздер 

болғандықтан, мұндағы ескі, көне сөздерді талдап-таныту қажеттігі 

даусыз.  Бұл  жазушылар  лексикалық  ескіліктерді  көп  ізденістің, 

қазақтың ертедегі өлең-жырларын, бай фольклорлық мұрасын жақсы 

білгендіктің нәтижесінде алдымызда тартып отыр.

Көне,  ескі  тұлғалардың  кездесетін  келесі  бір  тұсы  –  қос  сөздер 

құрылымы. Қос сөздер деп аталатын бірліктердің бір тобын синоним 

іспеттес бір мағынадағы екі сөздің біреуі, кейде екеуі де көбіне-көп 

бұл күнде жеке қолданылмайтын, тұлғасы да, мағынасы да бейтаныс 

сөз болып келеді. Мысалы, айып-шам(ы жоқ), ат-ұлақ, өлім-жітім



шым-шытырық,  быт-шыт  дегендердегі  айырып  (курсивпен) 

көрсетілген тұлғалардың жеке тұрғандағы мағынасын ешкім бірден 

тап  басып  айта  алмайды.  Бұлардың  көбі  –  ертеде  түркі  тілдерінде 

орын  алған  сөздер  не  бөгде  тілдік  тұлғалар.  Мысалы,  өлім-жітім 

дегендегі  жітім  сөзінің  түбірі  –  жіт-  деген  етістік,  ол  көне  түркі 

жазба ескерткіштерінің тілінде «жоғалу, жоқ болу» дегенді білдірген, 

бұл  етістік  ертеде  өл-жіт  деп  қосарланып  та  қолданылған.  Жіт- 

(йіт-)  түбірінен  йітік  (жітік)  сияқты  ссім  сөз  де  жасалып,  жоқ 

сөзінің тепе-тең синонимі болып келеді. Демек, жіт – «жоқ болу», 

бұнда етістік – өл- сөзінің синонимі, ал семантикалық ұя біреу: өлу 

де – «жоқ болу», жоқ болу – «өлу». Бұндай кейде тең, кейде сино-

нимдес  сөздердің  қосарлана  қолданылуы  түркі  тілдерінде,  оның 

ішінде қазақ тілінде кеңінен орын алғанын білеміз, мұның уәждері 



230

де түсінікті: мағыналас екі сөз қос сөз құрылымының семантикалық 

қуатын күшейтіп тұрады, анықтай түседі.

Айып-шамы  жоқ  дегендегі  айып  сөзінің  мағынасы  түсінікті,  ол 

жеке де қолданылады, ал шам тұлғасы да көне түркілер тілінде жеке 

тұрып «дау, талас» дегенді білдірген (ДТС, 137). Бұдан чамла – «тала-

су, дауласу» чамлық – «дау-дамай, талас», чамсыз – «талассыз» деген 

сөздер болғанын да көне түркі сөздігі көрсетеді. Бүгінгі қазақ тіліндегі 

шамдану, шамына тию, шамырқану сөздерінің түптөркіні – осы көне 

түркілік  шам  сөзі  болуы  керек.  Ал  көне  түркілік  шам  тұлғасының 

өзі қытай тілінің сөзі болуы мүмкін деген болжам бар. Ол күнде бұл 

сөз чун (хун) – қытай түркі аралас-құраластығы дәуірінен келе жатқан 

сөз болар. Бүгінгі түркі тілдеріне тікелей қытай тілінен ауысқан деп 

кесіп айтуға болмас, өйткені қытай тіліндік кірме бірліктер бұл күнде 

белгілі жүйе түзбейді. Сөйтіп, бүгінгі плеоназмдық, яғни қос сөз құрап 

қатар келтірілген мағыналас екі сөздің біреуі не ұмыт болған өте көне 

сөз болса, оның өзі көбіне-көп бөгде тілдік болып келеді екен. Мы-

салы, некен-саяқ дегендегі алғашқы сөз қазақ үшін түсініксіз, ал саяқ 

«жеке, дара» [жүретін мал, адам] деген мағынада жұмсалады. Некен 

– монғол сөзі, оның да мағынасы – «жеке, дара». Сол сияқты телі-



тентек, қыз-қырқын, телегей-теңіз, жапа-тармағай, келін-кепшік, 

жөн-жосық,  жай-жапсар,  көрші-қолаң,  жарлы-жақыбай,  тарту-

таралғы,  шал-шауқан,  шәлкем-шалыс  сияқты  қос  сөздердің  не 

бірінші, не екінші сыңары – бұл күнде жеке айтылмайтын мағынасы 

күңгірт сөздер. Олар да, жоғарыда айтылғандай, не бөгде тілдің, не 

көне түркілік тұлғаның, не түркілік синонимдердің бірі болып табы-

лады.

Қос сөздер құрамындағы ескі бірліктер көбінесе этимологиялық 



ізденістердің  нысаны  болып  есептеледі.  Мысалы,  ағыл-тегіл

азын-аулақ,  алба-жұлба,  ағайын-ажы,  әуре-сарсаң,  бөлек-салақ

дені-қарны,  дос-жаран,  жүдеп-жадау,  кіші-гірім,  қыз-қырқын, 

қиын-қыстауләм-миманда-санда, сүйек-саяқ, ептеп-септеу, сый-



сияпат,  қуғын-сүргін,  сыбай-салтаң,  жылап-сықтап,  түйе-теге

телегей-теңіз, тоқты-торым, арық-тұрық, ұсақ-түйектым-тырыс

ұшан-теңіз,  үрім-бұтақ,  бала-шаға,  шама-шарық,  жауын-шашын 

деген қос сөздердің курсивпен көрсетілген сыңарлары – бұл күнде 

жеке  қолданылмайтын,  жеке  тұрғандағы  мағыналары  да  түсініксіз 

тұлғалар екендігі көрініп тұр. Осылардың этимологиясымен кезінде 

Ә.Қайдаров,  І.Кеңесбаев,  М.Қарашева,  Б.Сүлейменова,  С.Исаев, 

Ш.Сарыбаев,  А.Махмутов,  Ә.Құрышжанов,  Ж.Болатов  сияқты 

ғалымдар айналысып, жақсы көрсетіп берген болатын (Қазақ тілінің 

қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966).


231

Бұл көрсетілгендер сияқты бүгінгі қазақ тілінде дербес мағынаға 

ие  болып,  жеке  қолданылмайтын,  бірақ  түптөркінін  қаузағанда, 

көпшілігі  көне  түркі  сөздері  екендігін,  бүгінгі  күнге  фонетикалық-

морфологиялық бітімдері өзгеріп жеткен сөздер болып танылатынын 

көрсету үшін ғана әңгіме еттік. Ал біздің бұл жұмыста зерттеу нысаны 

болып отырған лексикалық бірліктер – жеке сөз ретінде ертеректегі 

өлең-жырларымызда, мақал-мәтелдерімізде қолданылған тұлғалар.

Кейбір  көне  сөздер  белгілі  бір  тіркесте  ғана  сақталған  болып 

келеді. Мысалы, Шалкиіздің (XVI ғ.) толғауында кездесетін атайы 



ер деген тіркес бар. Сөз түбіріне қарап, оны айтулы, атақты, ата-

улы  сөздерінің  синонимі  шығар  деп  топшылауға  болады,  жоғарғы 

сөздер де ескі өлең-жырларда ер сөзімен тіркесте қолданылған. Бұлар 

мағына  жағынан  осы  күнгі  атақты,  белгілі  деген  сөздерге  жақын. 

Дегенмен Шалкиіз қолданған атайы сөзінде «атақты» дегеннен гөрі 

тұтас тіркес «нағыз батыр» деген мағынада келеді. Шалкиіз:

Атайы ердің тұсында

Тұлпары  тұрар  шарық  ұрып,  –  дейді,  яғни  нағыз  батырдың 

қасында тұлпары дайын тұрар дейтін сияқты. Немесе: 

Атайы ердің баласы,

Атадан жалғыз тудым деп,

Басына қиын іс келсе,

Ісін көпке салар ма? – дегенінде әңгіме етіп отырған жай атақты 

(аты шыққан) ер ғана емес, қас батыр дегенге меңзеп тұрған тәрізді.

Атайы  сөзі  атақты,  айтулы  деген  сөздермен  түбірлес  (ат, 

атақ) болып көрінгенмен, мағынасы жағынан бұлардан бөлек (өзге) 

сөз болуы керек деп те топшылауға болады. «Күшті, мықты» деген 

семантикалық негізі не реңкі бар бұл сөздің атайман, атайтын де-

ген варианттары да бар. Жергілікті сөз ретінде: атайман жігіттер, 



атайман жылқы, атайман түйе дегендерде «күшті, мықты» деген 

мағынада  қолданылады,  ол  Қызылорда,  Сыр  бойында,  Орынбор 

маңында  «өте,  тым,  тіпті»  деген  мағынада  (атайман  алыс  екен,  ет 

атайман  семіз  екен,  күн  атайман  суық  екен),  тіпті  бір  жерлерде 

(Қызылорда,  Қармақшы  аудандарында)  «бұзық,  қырсау»  (атайман 



мал) мағыналарында жұмсалады (ҚТАС, 76-бет).

Сөйтіп, батырлар жырларында атайы ер («мықты, күшті ер, қас 

батыр») деген тіркес атаулы, айтулы ер («атақты, даңқты» ер) деген 

қолданыстарда  мәнмәтінге  қарап  екі  түрлі  мағынадағы  және  біреуі 

(атайы) ескіліктің бірі деп танылған дұрыс.

Сол сияқты қоғалы көлдер, қом сулар деген бейнелі тіркестегі қом 

сөзі  –  көне  сөз,  мағынасы  «толқын»,  демек,  «жағасына  қоға  өскен 

(тыныш  жататын)  көлдер  мен  толқыны  болатын  өзендер»  дегенде 



232

өте ертедегі бабаларымыздың тілінен қалған қом (толқын) сөзі тек су 

сөзімен тіркесте ғана сақталыпты.

Батырлар жырында жиі кездесетін толғамалы деген сөз негізінен 



толғамалы  ақ  найза,  толғамалы  ала  балта,  толғамалы  ақ  сүңгі, 

толғамалы найза деген тіркестерде кездеседі. Бұлардағы толғамалы 

сөзі – «оралған» дегенді білдіретін өте көне сөз, яғни найза, сүңгі, 

ай  балта  (ала  балта)  сияқты  ұрыс-соғыс  құралдарын  ұстағанда 

(жұмсағанда)  саптары  қолдан  сусып,  жылжып  кетпеуі  үшін  оны 

былғары,  қайыс,  жіп  сияқтылармен  орап  тастайтын  болған  неме-

се  олардың  ағаш  саптарын  орама  (спираль)  түрінде  кертіп  қоятын 

болған. Мұндай қарулар толғамалы (саптары оралған, орама түрінде 

кертілген) болып келген. Демек, өте ертедегі бабаларымыз бір нәрсені 

«орау, үйіру, иіру» дегенді толғау деген екен: ol jun tolyadi – он мотал 

шерсть (ДТС, 1969,573-бет).

Міне, лексикалық ескіліктер сақталған көздер – осындай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет