«ЕДІГЕ БИ», «ЕДІГЕ БАТЫР», «ЕР ЕДІГЕ» ЖӘНЕ БАСҚА
ДА ЕДІГЕ ТУРАЛЫ ЖЫРЛАРДАҒЫ ЕСКІЛІКТЕР
Лексикалық ескіліктерді жинауда біз Едіге есімімен келетін
жырларға ерекше назар аудардық. XIX ғасырдың орта тұсында
әкелі-балалы Шыңғыс пен Шоқан Уәлихановтар ел ішінен жаз-
дыртып алған «Едіге батыр» атты жыр нұсқасы – Шоқанның айту-
ына қарағанда, батырлар жырларының ең әрідегісі де, ең көркемі
де болатын. Кез келген жырдың варианттарын (нұсқаларын) салы-
стыра қарағанда, көнелігі мен көркемділігін анықтайтын бірден-бір
көрсеткіш – оның тілі екендігі белгілі. Едіге туралы жырға ерекше
көңіл бөлген Шоқанның тануы бойынша, қолына түскен нұсқа XV
ғасырда пайда болған. Содан бері ауызша да тарап, хатқа да түсіп
отырған. Жыр ноғайлық ортада туған. Кезінде Алтын Орда мен
кейінірек Ноғай ордасын мекендеген «ноғайлының ауыр жұрты»
ру-тайпалар одақтары, кейін түркі халықтары болып қалыптасып,
бөлініп кеткендер бұл жырды ортақ мұра ретінде өздерінше жырлап,
өз дүниесі санап иемдегендері де айтылып келеді. «Едіге» жырының
сондай иесінің бірі – қазақ халқы.
Демек, Едіге туралы жырдың XV ғасырларда дүниеге кел-
ген нұсқасы, біріншіден, ең әрідегісі және ноғайлы жұртында
туғандықтан, жыр мәтінінде біраз ескіліктер, қазақ тіліне жат
бөгделік элементтер (жеке сөздер, сөз тіркестері, морфологиялық
амалдар, бірді-екілі фонетикалық өзгешеліктер) сақталған. Әрине,
Едіге туралы жырдың XIX ғасырдағы қазақ жұртына жеткен нұсқасы
– ең тұңғыш ноғайша жырланған түрі емес, қазақша жырланған түрі,
өйткені о баста барлық лингвистикалық параметрі жағынан бір-
біріне өте жақын қазақ пен ноғай тілдерінде сөйлеп, жыр жырлаған
бабаларымыз Едіге туралы аңыздар мен жырларды өз тілдеріне оңай
үйлестіріп, үндестіріп алған. Жырдың жалпы арқауын сақтап кейінгі
ғасырларда өздерінше жаңа нұсқаларын ұсынушылар жырды таза
қазақшалап үлгергені байқалады. Бұларда ескі сөздер мен тіркестер,
кәнігі поэтикалық сөз-образдар жоққа тән.
Біз «Шоқан нұсқасы» деп атап отырған жыр мәтінін Шоқанның
әкесі – Шыңғыс Уәлиханов ел ішінен жырдың үш нұсқасын жаз-
дыртып алады: әуелгісін Аманқарағай болысындағы қыпшақ ау-
лында тұратын қазақ Жұмағұл ақыннан, 2-нұсқасын жергілікті өзге
жыршылардан, үшіншісін Арыстанбай ақынның айтуымен қағазға
түсіртіп алады. Шоқан үш нұсқаны салыстыра отырып, бір жыр етіп
тұтастырып, 41 беттік қолжазба дайындайды. Оны Ахмет деген кісі
жаңадан мұқият көшіріп береді. Шоқан орысша аудармасын жасай-
274
ды, кейбір түсініксіз сөздерге көңіл аударады, өз танымын береді. Бұл
мәліметті проф. П.М.Мелиоранский «Алғы сөзінен» алып келтірген
фольклортанушы ғалым Оразгүл Нұрмағамбетованың «Едіге батыр»
атты жинақтың 1996 жылғы басылымына жазған «Түсініктемесі»
бойынша келтіріп отырмыз (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996.
- 352-бет). Бұл жыр Шоқан Уәлихановтың шығармалар жинағында
1-рет Н.И.Веселовский редакциясымен С.-Петербургте 1904 ж.
«Идиге джиръ» деген атпен орыс тілінде жариялаған (Записи Им-
ператорского Русского Географического общества. По отделению
этнографии. - Т. XXIX. -СПб., 1901). Ал «Едіге» жырының Шоқан
нұсқасын қазақ тілінде алғаш рет 1905 жылы белгілі орыс ғалымы,
шығыстанушы, қазақ тілін зерттеуші проф. П.М.Мелиоранский ба-
стырып шығарады. Қолжазбаны редакцияламайды, сол жазылған
күйінде жарыққа шығарады (бұл, сөз жоқ, өте дұрыс әрекет болып
саналады, ескі жазбалардың тілін, құрылымын, стилін, тіпті емлесін
зерттеуде редакцияланбаған мәтіндердің мәнінің орасан зор екендігі
белгілі).
Біздің бұл жұмыста ескі сөздер мен тұлғаларды зерттеу нысаны
етіп отырғанымыз – жырдың «Шоқан нұсқасы», осы 1905 жылғы ба-
сылым мәтіні.
Проф. П.М.Мелиоранский жырдың Шоқан нұсқасын жариялағанда
көп жұмыс істеген, атап айтқанда, Шоқаннан қалған қолжазбаны
мұқият зерделеп сипаттап берген және едәуір көлемді алғы сөз жа-
зып, жыр мәтінінің қолжазбаларын кімдер жазып бергені, оның
тұтастырылған (бір нұсқа етіп біріктірілген) ең соңғы көшірмесін
Шоқанның өзі қарап, кей тұстарын түзеткенін, бірақ бұл түзетулердің
кейде қаламмен, кей жерінде қарындашпен жазылғандықтан, дұрыс
айырып тани алмағандығын және Шоқанның өзі де қолжазбаны
әбден мұқият қарап, түзетіп үлгермегенін айтады. Шоқанның
қолында жырдың жоғарғы үш қолжазбадан өзге тағы бір нұсқасының
жазбасы болғандығын және ең көңіл аударарлық жайт – жырдың үш
қолжазбадағы нұсқаларын жинақтап, (бір нұсқа етіп құрастырған кез-
де жасаған түзетулері мен қоспаларын Шоқан осы бізге (Мелиоран-
скийге де) беймағлұм тағы бір қолжазбадан (варианттан) алмады ма
екен деген жорамал айтуы, қолжазбаның емлесі де нашар екендігін,
мұнда ортаазиялық түркі жазба дәстүрінің емлесі (шағатай немесе
Мелиоранскийдің айтуынша, «татар әдеби емлесінің» («татарского
литературного правописания») ізі (ықпалы, үлгісі) айтарлықтай орын
алғанын айтады. Ең басты байқағаны – жыр тілінің қазақтың таза
халықтық тілінен өзгеше екендігі. Осы жерде П.М.Мелиоранский
«Едіге» жыры қазақ ортасында емес, ноғайларда туған деген пікірін
ашық айтады. Сондай-ақ жырда көптеген түсінігі қиын ескі сөздер
275
(древние слова) бар екендігін көрсетеді де осы басылымның «Глос-
сарий» деген бөлімінде бұндай сөздердің мағынасына жүгіндіреді.
Ол үшін, әрине, бірнеше жыл бойы қазақ тілін арнайы зерттеп,
грамматикалық құрылысын жазған ғалым өзінің білім-танымын
пайдаланады, дегенмен қазақтардың өзіндей барлық сөздерді
түгел игеріп болмағандығын сезіп, кейбір сөздердің мағынасын
түсіндіруді 1903/1904 оқу жылында С.Петербург университетінің заң
факультетінде оқып жүрген төре әулетінің өкілі – Жиһанша (Жанша)
Сейдалиннен сұрайды. Ол филолог не жазушы болмағанмен, кейбір
сөздердің қазақ тілінде мағынасы мынадай деп бар көмегін береді.
Жырда кездесетін қазақ тіліне тән емес, қазақтарға түсініксіз бо-
лып келеді деп тапқан сөздерді берген «Глоссарийінде» Ж.Сейдалин
түсіндірмесін жасаған бірліктерге С. деген белгі қойған. Сөйтіп,
проф. П.М.Мелиоранский түсіндірмесін жасаған сөздер мен сөз
тіркестері мыналар:
Абтарқа. В тексте написано раздельно аб тарқа. Волнение взбу-
дорожка. С. Стих неясен.
Ыбын-сыбын. С. Сообщил нам, что это звукоподражательное
слово для обозначения шопота.
Арбаң. С. знает глагол арбаңда, которым обозначают ход лошади,
когда она впопыхах не знает с какой ноги начать. Судя по этому арбаң
должно обозначать «переминяющийся с ноги на ногу».
Әлпештеб. По переводу Ч.Валиханова от әлпештемек «лелеять»,
в тобольском наречии есть слово албастақ «даром, бесцельно».
Ұшан
6
. Перевод Ч.Валиханова «неперелетимое, огромное, пепе-
релетное» едва ли правилен. С. предложил читать үшөн, сообщив
нам, что так называются три моря, омывающие вселенную. Едва ли
однако не лучше понять ұшан, как «судно, корабль, лодка».
Ұшығыб. Вероятно от глагола ушықмақ выскочить (о прыщике и
т.п.), но в словарях находим только ұшық «пузырьки, прыщики и т.п.
Оқия. По всей вероятности это испорченное арабское оқиға, в
значении, которое мы находим в словаре Дози. По нашему контексту
«пророчество, откровение, ясновидение».
Өкіл. Крик, пение, стон. Ср. у Л.Будагова глагол ең(к)ілдемек кри-
чать со слезами и дрожащим голосом, рыдать.
Ойлықты. Ойлықмақ «призадуматься» (С.)
Бастұр – кошма, образующая стену шатра (кибитки) (С.)
Баттауық – низкое топкое место, прибрежи (С.). Вероятно в свя-
зи с глаголом батмақ.
6
ұ, о, ө дыбыстарынан басталатын сөздердің а дыбысынан басталатындар
қатарында берілуі – олардың жазылуда басқы таңбасы әліп (ا) екендігіне байланысты.
276
Байалыш – какое-то растение (перевод Ч.Валиханова).
Байыб – испорченное персидское слово – «брод». Байыбына бар-
мады – он не пошел по его броду» значенит «он не согласился с его
доводами, словами».
Бұғжын. По переводу С.Валиханова «полынь». Нам это слово не-
известно.
Бұрұлчыдан – от бұрұлшы «любящий завораживать с норовом.
Бөктерлей. По объянению С. «спеша». Ч.Валиханов перевел всю
фразу «я возврашаюсь в мои родные горы».
Бұлқыған. Ч.Валиханов понимал это слово как «блестящий».
С. предложил «гибкий», может быть сродни приводимому в словорях
«былқымсақ, кокетливый».
Буыршын. По контексту скорее всего «верблюдица». В джага-
тайском есть слово буырчин, означающее самку разных животных и
птиц. С. – «молодой верблюд – самец»
Бейдамақ – персидс. не имеющий претензии на что, свободный,
беззаботный от чего.
Төс аршынды. Төс арсынды. Ч.Валиханов переводит «полногру-
дая», буквально «с аршинною грудью». С. говорит, что слышал это
выражение в применении к замужной женшине в полном расцвете.
В одной ногайской поговорке о дочери богача говорится «төс арсын-
ды».
Түгей. Ч.Валиханов переводит «заводная (лошадь) в смысле за-
пасная, служащая на подставу, на стр. 257 примеч. 4 он передает то
же выражение через «парный» ср. алтайское слово төөй, той, «рав-
ный, одинаковый, чет, парный».
Жапырала, судя по контексту значит «озеро», может быть вместо
конечного -ла лучшие читать -лар (примета множеств. числа).... ве-
роятно испорчен.
Жақталы. По переводу Ч.Валиханова «с вышивкой» или «выши-
тые», слово жақта «вышивка» нам вообще неизвестно.
Чарп – в сочетании чарп келмес вероятно значит «не погнется».
См. Словарь Л.Будагова.
Чаулық – по контексту как кажется какой-то ударный инструмент,
которым подают сигнал.
Шорама – прислужник, дружинник.
Шүйгін – свежевыросший (о траве). Может быть в связи с глаго-
лом шүймек «метать, спускать (сокола)». Ч.Валиханов едва ли пра-
вильно перевел түйгін шөп через «пахотные нивы».
Саһар. Эпитет верблюда мерина, значение неясно. С. предложил
читать сап-сары «желтый».
277
Сырыппай – эпитет кулана. По начертанию близко к персидскому
шерпай «с ногами как у льва». В.А.Жуковский предложил нам читать
сымабтай «с ногами как ртуть».
Сыңқылдасыб. Несомненно от корня сың, «стук, звук, визг +
суфф. -ылда взаимн. залога». Мы переводим по контексту «хохоча
друг с другом».
Сұб – высокий, длинный, тонкий.
Сыпырасын. По толкованию с «чисто выметающий» во значении
«говорящий всю подноготную, говорящий все начисто».
Сылықты. С. сообщил нам, что есть глагол сылықмақ «соеди-
ниться, совокупиться».
Қапийа ( қапия). По всей вероятности искаженное арабское хафйе
в смысле чего-то непонятного, темного, скрытого.
Қыдырауда, ниже қыдырада. По переводу Ч.Валиханова «шутя
часто». С. перевел нам «не особенно напрягаясь», вероятно в связи с
глаголом қыдырмақ.
Қызылғақ – выбоина, место разбитое дождем.
Қосалұқтаб – Ставя парами? От незначегося в словарях глагола
қосалұқтамақ.
Қушық – узкий (о заде лошади, о груде человека).
Қуыртыб – С. переводит «стемясь», хотя нам это представляется
несколько сомнительным. См. арбаң.
Профессор П.М.Мелиоранский қазақ тілінде түсініксіз деп тапқан
сөздерге берген түсіндірмесін біз жырдың 1905 жылғы араб жазуы-
мен шыққан басылымының өзінен алып, «Глоссарий» деген бөлігін
көшіріп беріп отырмыз (Записки Императорского Русского Геогра-
фического общества по отделению этнографии. Приложение к тому
XXIX. Сказание об Едигее и Тохтамыше. Киргизский текст по рукопи-
си, принадлежащей Ч.Ч.Валиханову. Издал проф. П.М.Мелиоранский.
Санкт-Петербург. Типолитография И.Боранганского К°, 1905. -
С.19-23). Глоссарийді еш өзгертпей, сол қалпында (орыс тіліндегі
түсіндірмелерді) түгел беріп отырған себебіміз – біріншіден, жыр
мәтінін жариялауда ғалымның қазақ тілін зерттеп танудағы еңбегін,
ғылыми ізденістерін көрсету болса, екіншіден, біз сөз етіп отырған
1905 жылғы басылым бұл күнде кітапханалардың кейбірінің ғана
сирек кітаптар қорында кездесетіндіктен, екінің бірі керек сәтте
«Едіге» жырының қазақ тілінде тұңғыш жарияланып отырған Шоқан
нұсқасын тауып оқи алулары қиынға соғатынын ескердік.
Шоқан қолжазбасын («Едіге» жырын) жарыққа шығарған атақты
түркітанушы, үлкен ғалым проф. И.М.Мелиоранскийдің жоғарыдағы
30 шақты сөзді теріп алып түсініктеме берудегі мақсаты – жыр
278
тіліндегі ескіліктерді зерттеу (таныту, түсіндіру) емес, қазақ тіліне
жат (түсініксіз) деген бірліктерді ғана айқындау болғаны белгілі.
Ал түсініксіз сөздердің ішінде мағынасы ұмыт болған көнелері де
(ескіліктері де), бөгде тілдік сөздер болуы да, тіпті қате жазылып,
қате оқылып, қате түсініліп (не түсіндіріліп) жүргендер де болула-
ры мүмкін. Бұлардың бірқатары XX ғасырдың басындағы қазақ
оқырмандары үшін де, қазіргі қазақ жұртшылығы үшін де әбден
түсінікті, қазақ тілінде бұрыннан бар сөздер екенін айтуға болады.
Мысалы, әлпештеу, арбаң-арбаң жүгіру, баттауық, баялыш, тау-
ды бөктерлеп жүру, буыршын, шүйгін, сыңқылдау, қушық сөздері –
күні бүгінге дейін қолданыстағы бірліктер. Олардың кейбіреулерінің
XX ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс, орыс-қазақ сөздіктерінде
не Л.Будагов, В.В.Радлов сияқты ғалымдардың қазақ лексикологи-
ясына қатысты жарыққа шыққан еңбектерінде кездеспеген болуы
мүмкін. Ал Ж.Сейдалин берген түсініктердің барлығын дәл дұрыс
деуге де болмайды, өйткені ол филолог не жазушы емес, әрине, ана
тілінде ауызданған, балалық шағы мен оқуға (Петербургке) келген-
ге дейінгі жастық шағын қазақ ортасында, өз жұртында өткізген жас
жігіттің қазақ тілін жақсы білгенімен, көмектесуге деген ықыласы
зор болғанымен, ескі жырдағы көптеген сөздің, әсіресе күнделікті
сөйлеу тілінде көп айтыла бермейтіндерінің мән-мағынасын тап ба-
сып айтып беру – оған оңай шаруа болмағаны анық.
Әрине, қазақ тілін арнайы зерттеп, оған қатысты ғылыми-танымдық
еңбектер жазып жүрген орыс ғалымы П.М.Мелиоранскийдің
«Едіге» жырындағы сөздердің қайсысы XX ғасырдың басында қазақ
қауымында қолданыстағы бірліктер екенін, қайсысының түсініксіз
екенін мүлтіксіз білуі мүмкін емес еді, бірақ соның өзінде де ескі
сөздердің едәуір тобын дұрыс тауып, түсіндірмелерін бергеніне және
оғам көмектескен қазақ оқыған азаматы – төре Сейдалиндер ұрпағы
Жиһанша Сейдалинге бүгінгі біздер мейлінше разымыз.
Ал біз болсақ, «Едіге» жырының әуелі Шоқан нұсқасындағы ең
алғашқы басылымының мәтінінде кездесетін лексикалық ескіліктер
– жеке сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін және қазақ тіліне тән
емес фонетикалық-морфологиялық өзгешеліктерді теріп, олардың
мағынасын, «сүйегін» (генезисін), жырда орын алу себептерін тал-
даймыз, айқындаймыз, түсіндіреміз.
Ең алдымен, ескі (көне және ескірген) жеке сөздерді көрсетсек,
олар (әліпби тәртібімен): айлану, алдырту, алғаштан, ал иіндік/
ал ендік, арасат оты, аршынды/ арсынды, аршындану, асу жер,
байдалы ту, бартал тарту, божыған, бұғай/боғай ұғыл, Еділ мен
Жайық, ел-күн, желге бұлғану, жолалап кету, жұрт сұрау, кедей(ім),
279
кедқұдайым, кіс, қасқайлау, қоллық, құрлау/қорлау, қосалықтап
отау тігу, қыдыра/қыдырау, ойлықты, өкіліне түспеу, өтіл сұрау;
нәмарт, сарымақтай азулы, сөзлеу/сөзлесу, сұб бөрікті, сұб аяқты,
сұм жырау, сылықты, тобышақ, тоғысу, толықсыма тұнық су, то-
герек, шәуілжіге қағу, шому, үкем.
Бұл тізімдегі сөз тіркестері түсініксіз: олардың бір компонентінің
білдіретін мағынасы күңгірт тартқан. Бұлардан басқа бір алуан
сөз тіркестерінің семантикалық-синтаксистік бітімі өзгеше болып
келеді. Бұларды түсіну қиын емес, мағыналарын мәнмәтінге қарап
топтастыруға болады. Өйткені тіркестің екі компоненті де түсінікті,
тек бітімі өзгеше. Мысалы, оқуда тұрды (оқыды, оқып жүрді), толғап
салды (толғап берді, толғады), ақыл ойлады (ойлады), екі тізін жа-
уыртты (екі тізесін жауыр етті), көкірегі жаулы өссін деп (көңілі
жауыға білсін, жауығып үйренсін деп), қызға тиді (көзі түсті), бота
екенінде жоғалтып едім (бота кезінде), атан екенінде танып тұрмын
(атан болғанда танып тұрмын), сөзден жығылды (сөзден жеңілді),
жұртын сұрап тұрды (билеп тұрды) деген тіркестердің мағынасын
оларды құрастырып тұрған сөздердің мағынасына, дәлірек айтсақ,
оларда бар қосымша семаларына (мағыналық реңктеріне) қарап оңай
тануға болады: оқуда тұрды; оқу түсінікті, ал тұру етістігінде болу
семасы бар, демек, оқуда болды, оқып жүрді деп бірден қабылдаймыз,
сол сияқты қызға көзі тиді дегенді де мәнмәтінге (айналасындағы
сөйлемдерге) қарап және тиді сөзі мен түсті сөзін бір-біріне
жақындастыратын ортақ сема бар, толғап салу (айтып беру). Мұндай
өзгешеліктерді «ескілік» статусына апарып тұрған белгі – олардың
осы құрамында бұл күнде қолданылмайтындығы. Бұлардағы сөздер
ескі емес, тіркесімдік құрылымы (пішіні) өзгеше, ол өзгешеліктің
бірқатары ноғай не ноғай ордасындағы басқа түркі халықтарының
айтылу (жұмсалу) дәстүріне қатысты екендігі көрінеді. Ал бейдамақ
болу (күдер үзу), төре тимеу (дауда жеңілу), ноғайлының ауыр жұрт
(үлкен ел, халқы (ру-тайпалары) көп жұрт (байтақ), Шоқан қазақтар
өзінің батырлар жырларында Алтын Орданы «ноғайлының ауыр
жұрты» деп атаған дейді (Ч.Ч.Валиханов. - Т. 1. - 121-бет), бартал
тарту (көшкенде көлікке жүк арту), асу жер (?), ерні желге бұлғану
(ерніне жара (ұшық) шығу), торылы жылқы (?), шәуілжіге қағу (?),
байдалы ту (?), қоллық/қулық (?) шығу (?) сияқты тұрақты тіркестер де
– ескіліктер қатарында. Олар да бұл күнде жақша ішінде көрсетілген
мағынада жұмсалмайды. Бұл тіркестердің құрамында сөздердің
біреуі бейтаныс бірлік болып келеді (бейдамақ бартал, асу, шәуілжі,
байдалы т.б.) не тіркестің нақты қай мағынада қолданылғанын бірден
тап басып айту қиын. Демек, оларды түсіндіру керек. Ал жоғарыда
280
жақша ішіне сұрау белгісі қойылған тіркестердің мағынасын әзірге
таба алмадық.
«Едіге» жырының Шоқан нұсқасында кездесетін бір алуан
тұлғалық өзгешеліктер (қазіргі қазақ тіліне тән емес) және бар. Бұл
жердегі «тұлғалық» дегеніміз – фонетикалық бітімі мен морфо-
логиялық тұлғалануы (септелуі, жекеше-көпше тұлғалануы, шылау-
лардың меңгерілуі т.т.) қазақ тілінен өзгеше берілген сөздер мен
тіркестер. Олар: қазақ тілінде сусымалы л, ң, р дыбыстары түсіп
қалған сөздерде сақталған тұлғалары: қоңғыр қаз, олтұрды, ерді
(қазіргі қазақ тіліндегі қоңыр қаз, отырды, еді), бұл – көне түркі
тілдері мен қазіргі кейбір түркі тілдеріне тән тұлғалар болғандықтан,
жыр мәтініндегі ескіліктің көрінісі деп санаймыз. Сол сияқты ол
есімдігінің септелгенде, аны (оны), андан (одан), аның үшін (ол үшін/
аның үшін) болып келуі, етістіктің жіктелгенде III жақ көпше түрінде
-лар жалғауының қосылып отыруы да (жыладылар, келділер)
өзге түркі тілдерінің, оның ішінде ноғай тілінің, яғни жырдың
түпнұсқасы тілінің қалдығы, көрінісі екендігі байқалады. Жырдың
XIX ғасырдың ортасында қазақша жазылып отырған қолжазбасында
жоғарыда көрсетілген тұлғалық ерекшеліктерді сол кезеңдегі және
одан көп бұрынғы, біраз кейінгі кезеңдерде Орта Азия мен Орталық
Азияны мекен еткен түркі халықтарына ортақ деп тапқан «шағатай
жазба (емле) дәстүрінің» тікелей көрінісі, орын алуы деп танимыз.
Ортаазиялық түркі жазба әдеби тілінің (Еуропа ғалымдары «шағатай
тілі» деп атаған) жазудағы орфографиялық дәстүрі (ережелері,
тәртібі) сақталып келгендігі белгілі. Бұдан қазақ жазбалары да қалыс
қала алмады. XIX ғасырдың II жартысындағы кейбір қазақ тіліндегі
жазба дүниелердің көбінде (мысалы, эпистолярлық жазбалар – жеке
адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарында да), XIX ғасырдың II
жартысындағы қазақ газеттері беттерінде берік сақталғанын көреміз.
Ал ертеден қолжазбалары бар болып келген «Едіге» жырының
мәтінін XIX ғасырдың I жартысындағы қазақтар көшірген кезде
«ортақ емле» дәстүрінен көп шығып кете алмаған. Жырдағы кейбір
сөздердің жазылуын әңгіме еткен екенбіз, енді қолжазбаның өн
бойының емлесін, жазу сауаттылығына да тоқталуға тура келеді.
Қолжазбаны ешбір түзетусіз (редакциясыз) баспаға ұсынып отырған
ғалым – П.М.Мелиоранский Шоқанның қолына тиген жазбалардың
орфографиясы өте нашар болғандығын ескертеді (оны Шоқанның
өзі де айтқан екен). П.М.Мелиоранский әсіресе өзі «бірен-саран
кездеседі» деп таныған араб, парсы сөздерінің өзгертіліп, қате
жазылғанын айтады. Бір қызығы – Шоқан бұл жырдың ертерек-
те пайда болғанын оның тілінде араб-парсы сөздері жоқтығымен
281
дәлелдесе, П.М.Мелиоранский араб, парсы сөздері адам танығысыз
болып қате жазылған дейді. Сірә, біздіңше, екі ғалым да сәл ағаттау
пікір айтқан сияқты. Мұнда әулие, әулиелік қылу, жұпар, ғажайып,
күнәкар, күнә, ақыл ойлады, некелеп алды, аспан, шаһар, молда, сәлем,
һәм, қабыл алды, бейдамақ, кәуір, ділда, Алла, фархал, Аллаң жар
болсын, инану, салтанат, дүлдүл, дәурен, қаһар, арыз қылып айту,
өкпе пәни сөз, кәмәр, иман, күнәйім, пәк болу, дост сияқты ондаған
араб, парсы сөзі жеке де, тіркес құрап та қолданылған. Шоқан, сірә,
бұларды қазақ тіліне әбден енген кірме бірліктер деп санаған бо-
лар. Ал, шынында, Шоқан жаздырып алған «Едіге» жырында халық
(сөйлеу) тілінде қолданылмайтын, көбінесе дерексіз (абстракт) ұғым
атаулары немесе сын есім, үстеу болып келетін, сондай-ақ күрделі
етістік жасайтын араб пен парсы сөздері мұнда жоққа тән. Ал проф.
П.М.Мелиоранскийдің «Едіге жыр» мәтініндегі бірді-екілі ғана
кездесетін араб, парсы сөздері әбден өзгертіліп бұзылып жазылған
дегенінің де себебі бар. Жоғарыда көрсетілген арабизмдер мен фар-
сизмдер қазақша дұрыс жазылған, ал бірді-екілі мүлде танығысыз бо-
лып кеткен сөздер болса, олар да бөгде тілдік сөздерді ауызша игеру-
де дыбыстық тұлғалары едәуір өзгеріп кететіндігі – заңды құбылыс.
Ғалымның бұларды бұзылып, қате жазылған деп отырғаны тағы да
түсінікті: ертеден, тіпті XX ғасырдың 10-20-жылдарына дейін қазақ
жазба тәжірибесінде араб пен парсы сөздерін түпнұсқадағы қалпында
жазу емле нормасы ретінде орын алып келгені мәлім. Сондықтан
XIX ғасырдың 40-жылдарында жазылған дүниеде шығыс тілдері
сөздерінің «қазақша» жазылғанын П.М.Мелиоранский нормадан
ауытқу, орфограммалық жөнсіздік деп таныса керек.
Шоқан дайындаған (жазып алған, аудармасын жасаған) қолжаз-
баны сөз ете отырып және бір пікірімізді баса айтқымыз келеді.
Қазақ даласында өлең-жырлар көбіне-көп ауызша тарап, ауыз-
ша жырлау арқылы сақталды дейміз. Әсіресе көлемі шағын өлең-
жырлардың ауызша тарап, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырғанына
күмән жоқ. «Ауызша баспаның» өз мектебі, өз тәртібі болған, мұны
ақын-жыраулар шығармашылығы мен өмірбаяндарын сөз еткен
әдебиеттанушылардың көбі көрсетеді. Ал сонымен қатар батырлар
жырлары, лиро-эпостар сияқты ұзақ туындылардың, әсіресе қара
сөз бөліктері араласып келгендерінің қолжазба түрінде таралып,
сақталуы сирек болса да орын алып келген сияқты деген пікірлерді
мейлінше қостаймыз. Мұның бірден-бір дәлелін Шоқанның «Едіге»
жырынан» таба аламыз.
Алдымен, «Едіге» – ноғайлық кезеңнің туындысы, ноғай жұртында
туған жыр. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл жыр Алтын Орда
282
құрамында болған бірнеше ру-тайпа одақтарын құраған ноғай, қазақ,
қарақалпақ, өзбек, Қырым татарлары сияқты халықтардың мәдени
дүниесінде сақталып келген. Бұлардың ішінде бір-біріне жақын
әсіресе ноғай, қазақ тілдеріндегі жыр мәтіндерінің ортақ ұқсас
тұстары баршылық. Жырдың әрбір нұсқасында кездесетін оқиға
желісі бар, ол – Едігені кері қайт деп келгендегі Кең Жанбайдың сөзі
мен оған Едігенің жауабы немесе Тоқтамыстың елімен қоштасқан
монологінде дұшпанның туырлығын тілгілеп тоқым ету, керегесін
кескілеп отын ету, Қаныкей мен Тінікейдей қыздарын ат көтіне
міндіру сияқты стереотип блоктар мен поэтикалық образдар осыны
дәлелдейді. Бұлардың ішінде әсіресе жиі келіп отыратын Ормамбет
би өлгенде, он сан ноғай бүлгенде деген штамп жырдың ноғайлы
жұртында туғанын, бұл одақ ыдырап, одан бөлініп «қазақ шығып
кеткен», яғни Тоқтамыс хан алдыртқан үш жүз алпыс отау» қазақтар
жырды өздерімен бірге алып кеткені жоғарыда айтылды. XV ғасырда
«он сан ноғайлар» жырлаған жыр әлі таза қазақшаланып үлгермегені
байқалады және ол тек ауызша емес, қолжазба түрінде хатқа да түссе
керек. Сондықтан Шоқанға XIX ғасырдың орта тұсында жырды
жеткізген қазақтар қоғалы көл төгерек (дөңгелек), төбедегі қоңғыр
(қоңыр) қаз, алғаштан (әуелгі), бергештен (кейін), жақын жет-
кеш (жеткесін), сөзлесті (сөйлесті), нешік (қайтіп, неліктен), екің де
үйден шық деді (екеуің де) сияқты ноғайлық сөздерді жақша ішінде
көрсетілген қазақша эквиваленттерімен жырламаған (не жазып бер-
меген) болар іді. Сондай-ақ жоғарыда біз көрсеткен андын/андан соң,
кеттілер, оларға сияқты морфологиялық тұлғаларды одан соң, олар
кетті, оларға деген сияқты ХІХ ғасыр қазағының тіліне «аударып»
айтулары (жырлаулары) әбден мүмкін де, дұрыс та болған болар еді.
Бірақ жыр мәтінін жинап берген қазақтардың «ноғай» сөздері мен
морфологиялық тұлғалардан кете алмай отырғандары – қолдарында
жырдың жазбаша (қолжазба) түрінде де болғанын көрсетеді.
Бұндай көшірме қолжазбалар XIX ғасырдың орта тұсына дейін
де (әрине, бұдан кейінде) сақталып отырғанын бүгінгі күн біз талдап
отырған жыр нұсқасы көрсетіп тұр.
Г.Н.Потанин «Едіге» жырының Шоқанның қолына тиген үш
нұсқасының (қолжазбасының) біреуі қазақша, екеуі ноғайша нұсқалар
болған болар деп топшылаған екен. Ноғай тіліндегі жыр нұсқасы Қазан
татарларынан жазылып алынған болар дейді. Ал Шоқан мұрасын
кейінгі кездерде жариялаушылар (Ә.Марғұлан, О.Нұрмағамбетова)
бұл болжам – дұрыс емес, Шоқан «Едіге» жырының үш нұсқасын да
Қазақ жерінде жаздырып алды дейді (Ч.Ч.Валиханов Собрание со-
чинений в пяти томах. - Т. IV. - Алма-Ата, 1968. - С. 493) «Едіге»
283
жырының 1996 жылғы басылымына «Түсініктемелер» жазған фоль-
клортанушы ғалым – Оразгүл Нұрмағамбетова да әкелі-балалы
Уәлихановтар жырды қашан (қай жылдары) кімдерге жаздырып
алғанын, ең соңғы вариантын кімнің көшіріп бергенін ашық көрсетіп
берген (Едіге батыр. Алматы: Ғылым, 1996. - 352-бет).
Жыр мәтінін қолжазба бойынша берілгенін дәлелдейтін (көрсе-
тетін), біздіңше, және бір штрих бар. Ауыз әдебиеті үлгілерін сақ-
тап таратуда олардың өлеңмен берілген тұстарын жаттап, дұрыс
(өзгертпей) жеткізуге болады («өлең шығармайтын қазақ болмай-
ды» дегендей, қазақтар поэзияға табиғатынан бейім,оны тез жаттап
алатындықтары айтылып келеді), ал қара сөзбен айтылатын прозалық
бөліктерді өлең мәтініндей дәл жаттап алудың мүмкіндіктері бола
бермейді, оны ауызша жеткізуде әркім мазмұнын бұзбағанмен, өзінше
айтып береді, сондықтан көбінесе олардың қолжазба нұсқалардағы
(егер, әрине, қолжазба болса) мәтіні бойынша хатқа түсіреді деп топ-
шылаймыз. «Едіге» жырында қазақ тіліне тән емес жеке сөздер мен
морфологиялық тұлғалардың көбі жырдың прозалық бөліктерінде
(1996 жылғы басылымында бұл бөгде сөздер мен тұлғалардың біразы
«қазақшаға» көшіріліп (түзетіліп) жіберіпті, соған қарамастан, біз
қазақ тіліне тән емес тілдік бірліктерді тауып, «күреп алып отырмыз».
Жырдың мазмұнын түсінуде, архитектоникасын сақтауда біз сөз
етіп отырған бұл қазақша емес бірліктердің, яғни өзгешеліктердің
айтарлықтай зияны (кері әсері) жоқ, өйткені мәнмәтінге қарап та,
түсініксіз сөздердің түбіріне қарап та әңгіме мазмұнын ұғуға бола-
ды. Бұлардың бірқатарының қазақ тілі ескіліктерінің статусымен
аталып отырған себебі – олардың бұл күнде қазақтың ауызекі не
жазба әдеби тілінде қолданылмайтындығы. Ал бірақ қазіргі кезде
көпшілік қауым оқитын әдебиеттерде: фольклорлық шығармаларда,
әсіресе мектеп бағдарламасына енген батырлар жырлары мен ли-
ро-эпостарда, күнделікті сөйлеу барысында да, жазба дүниелерде
де, жиі қолданылатын мақал-мәтелдерде, бейнелі фразеологизм-
дерде, тарихи ғылыми еңбектер мен тарихи көркем шығармаларда
кездесетін бейтаныс, күнделікті қолданыста жоқ сөздер мен сөз
тіркестерін тұлғасы жағынан өзгеше болып келетін сөздерді көрсету,
олардың сол жердегі (эпостағы, мақал-мәтелдегі, қос сөздегі, күрделі
тіркестердегі) беріп тұрған мағынасын, ол мағынаның эволюциялық
қозғалысын (заман өткен сайын өзге мағыналарды білдіруін) таны-
тып, баяндап беру – бүгінгі қазақ тілтаным ғылымының маңызды
шаруаларының (міндеттерінің) бірі болып отыр. Осы мақсатпен
әуелі «Едіге» жырының жарық көрген нұсқалары бойынша, одан соң
ноғайлы цикліне кірмейтін эпикалық туындылар мен XV-ХІХ ғасыр
284
ақын-жырауларының тілдері бойынша кездесетін ескі бірліктердің
бірқатарын талдаймыз. Олардың біразы «Сөздер сөйлейді» атты
еңбегіміздің нысаны болған-ды, мұнда оларды негізінен ескілік
ретінде танытудан гөрі семантикалық қозғалысын (өзгерісін) көр-
сетіп, этимологиясын ашу көзделген болатын.
Шоқан Уәлиханов (XIX ғасырдың I жартысында жиналып, 1905
жылы жарық көрген) пен Қаныш Сәтбаев 1927 жылы Мәскеуде
жариялаған нұсқаның бір-біріне жақындығы айтылып келеді. Ара-
ларына 70-80 жыл салып, екінші адамдардан жинап (жаздыртып)
алған жыр мәтіндерінің жақындығына қарамастан, ерекшеліктері
бар екені де зерттеушілер назарында болды. Басты айырмашылық –
«проф. П.М.Мелиоранский 1905 жариялаған «Едіге» жырында Казақ
түсінігіне қиын көне сөздердің, татар сөздерінің (?) көптігі. Қаныш
Сәтбаев жариялаған «Едіге» жыры осы көне түсініксіз сөздерден, та-
Достарыңызбен бөлісу: |