Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата29.01.2017
өлшемі3,48 Mb.
#2937
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

бағындырылған  тайпа.  Ел  болды  –  бағынды,  Ел  қылды  – 

бағындырды.  Ол  уақтда  да  уйғурның  падшаһы  Иди  Қут  ел  болып 

Чингиз ханға қуллуқға келді.

ЕЛ БОЛУ – татуласу, бірлесу. Аның білән ел болур ердім.

ЕМЕЛДЕШ – емшектес (бір әйелдің сүтін емгендер), гинонимі: 

көкілдеш, емшектес. Уақарачулары, аталық(лары), емелдешлері хан 

хазратларының үстіне нисарлар қылдылар.

ЖҰДА  БОЛДЫ  –  айрылып  қалды,  айрылды,  жетім  қалды

Ораз Мұхаммед... секіз йашында улуғ бабасы Шығай хандын жұда 

болдылар  (жетім  қалды).  Уа  Чингиз  хан  ол  қыш  Оң  хандын  жұда 

ерді.

ЙАҒЫЛАШУ  –  жауласу.  Екінчі  оғлы  Алтан  ерді.  Чингиз  чин 

білән йағылашты, бір йарашты.

ЙАЗҒЫСЫН  –  жазда,  жазғысын.  Чингиз  хан  бу  йылларда 



йазғысын өз үйінде ерді.

ЙАЗЫ – дала, жазық дала. Күнлерде бір күн Оғуз йазыға аңла 

чықды.

ЙАЙЛАҚ,  ҚЫШЛАҚ  –  жайлау,  қыстау.  Мауази  йайлақы



қышлақы берілді.

ЙАРАШМАҚ  –  келісімге  келу.  Таңкут  падшаһы  ел  болды. 



Иарашмақға тіледі.

ЙАРАШМАҚЛЫҚ  –  жарасу,  жараспақтық.  Йарашмақлықны 

охшатыб елчі йіберді.

ЙАРЛЫҚ – бұйрық (әскери). Йарлығына ерміш йа қайталы му?

ЙАСАҚ – тәртіп, жосық. Сізлер кім мен дін соң мен буйурған 

йасақны бузманыз.

ЙЕҢГӘЛАТА АЛУ – жеңгелей алу. Чарақа Бай соңқурның хату-

нын йеңгәлата алды.

ЙЕСІР – тұтқын. Келіңіз, бізнің малымызны, йесірімізні алыңыз 

теп. [Чингиз хан] уилайат Таңқутны чапыб, бисйар йесір келтүрді.

ЙЕСІР – тұтқын. Аны һәм йесір етіб алыб келген ерді.

ЙОСУН ЙАСАҚ – жөн-жосық, заң. Уа йосун йасақ йолунда ғақл 

уа кифайат тапмасалар.

ЙҮЗ БЕГІ, МЫҢ БЕГІ, ОН БЕГІ – Түркі-моңғон қауымдарының 

әскери бөлім (ондық, жүздік, мындық) басшылары. Соң улуғ болды. 



Йуз бегі, мың бегі болды.

ЙҮЗ  ҰРУ  –  бет  алу,  бет  алып  жүру.  Менің  сүңгәгімні  турған 

сандуқны алыб, өз уилайытыңызға йүз уруңуз.

ЙУРТ  –  жұрт,  ел,  халық,  ұлыс.  Моғолстаннын  йурты  кім  бу 

тәнрәде бір біріне би уста ерді.


324

ЙІГІТЛІК – жас кез. Атасы Қачиун йігітлік де өлді.

КАЗИК – әміршінің жеке күзетшісі. Синонимі – чора. Бурғучы 

нойан Чингиз ханның чора ағасы ерді.

КЕЧӘ – түнКечәні күндүз қылыб айтмай атланған. Чингиз хан 

бір кечә уйқусында түш көрді.

КЕЧӘ КҮНДҮЗ – күні-түні. Дайим кечә күндүз бір кесә мәй ишсе, 

оны йад қылмады. Ол оғұл үч кечә күндүз анасынын сүтін еммәді.

КИТАБСЫЗ  ҚАУМ,  КИТАБСЫЗ  ХАЛЫҚ  –  термин:  жабайы 

қауым (мәдениетсіз, яғни Құран, Інжіл, Тәурат сияқты кітаптары 

жоқ жұрт). Ол замандын соң атрак алам китабсыз қаумда тарих йоқ 

ерді. Китабсыз күн туғушындағы халық оның нәслі турур.

КӨПӘЛУ – көбею. Өсе өсе бурунғы хадинге келдікөпәлді.

КӨШЕ/КӨШӘ – тұрған орын, мекен, жер. Нечүк ұлуғлар дын 

йырақ болуб бір көшеде екі оғлы білән біргә олтуруб көп насихатлар 

айды. Һәрбір көшеде озғун болған ләшкәрні өзіне йығды. Андын ба-

рыб бір көшеде йықылды.

КҮН ТУҒУШ – күншығыс. Йафесні күн туғуш таба йіберді.

КҮРЕН – мың үйлі ауыл. һәр бір күренде мың үйлүк халқ [бар] 

ерді.


КҮЧ БЕРУ – жақтасу. Шул қаум... раст көңлі білән Чингиз ханға 

күч берділер.

ҚАЛ’А  –  елді  мекен,  кішігірім  қалашық.  ...анларның  нечә 

һазар қал’асын алыб... Қырым білә түркнің һәр бір суын, йайлағын, 

қонушын алыб.

ҚАРА ХАЛҚ – қара халық, бұқара. Кермен шаһарының беклері, 

мырзалары, қара халқы – екі йүз кіші анда хазр ерді.

ҚАРАУЛ – ұрыс-соғыста жау жолын бақылайтын топ. Тоқучар 

нойанны екі мың атлығ білән қараул қойды.

ҚАРАЧУ – термин: ханның кеңесшісі, сановник (ал соңғы бір-

екі  ғасырда  қазақ  тілінде  қарашы  сөзі  «тәуелді,  бағынышты,  қара 

халық  өкілі»  деген  мағынада  жұмсалған).  Барча  қарачу,  беклердін 

улуғрағы ол ерді. Аның оғланлары бисйар бар ерді. Тамамы қарачу 

улуғ ерді, чора ағасы.

ҚАРАЧУ УЛУҒЛАР – қарашы ұлықтар. Андағ кім әгәр қарачу 



улуғлары Чингиз хан заманында бар ерді.

ҚАРЫНДАШ  –  1)  туыс,  рулас.  Бағзи  қарындашлары  білән  бір 

еділәр. Нурин ақтачы шуның қарындашлары турур. Чингиз ханның 

улуғ хатуны Бөртә Фужин аларның қарындашы ерді.

ҚАРЫНДАШЛАР  –  туысқандар,  руластар.  Харан  баурчы... 

Меңгү ханның хизматында ерді, анларның қарындашлары ерді.

ҚОНАҚЛАУ – қонақ ету ...меһманны йахшы қонақлағай.


325

ҚАУМ – тайпа, ел, тайпалар одағы. Чингиз хан заманында бар-

ча қыйат қаумын Чаңшиут башлар ерді. ...қаумлары бисйар үкүш көб 

турур.


ҚОРУҚ-И  БУЗУРГ  –  үлкен  қорық.  Өз  йерінде  бурун  уақтда 

жаһат қоруқ-и бузург та’ин буиуруб ерді.

ҚОРЧЫ/ҚУРЧЫ  –  әміршінің  садағын  алып  жүруші,  құршы, 

оққағар  (телохранитель).  (Шыңғыс  хан  енгізген  он  түрлі  қызмет 

иесінің бірінің аты) Қорчыларға буйурды.

ҚУМА/ҚҰМА  –  әміршінің  өзге,  көбінесе  жеңілген  елдерден 

алған  әйелі.  Құмалар  көбінесе  ханның,  бектің  т.б.  әміршілердің 

қатын-қыздары  болған,  құмалар  некелі  әйелдерге  жатпайды.  Аның 

беш оғлы бар ерді. Аууал Қичан, қумадан болды. Чингиз ханның қаум 

наймандын бір қумасы бар ерді.

ҚЫЗ  АТАУ/ҚЫЗ  ТІЛЕУ  –  құда  түсу,  айттыру.  Чингиз  хан  Оң 

ханның оғлы Сәнгүннің қызын өз оғлыға тілеб ерді. Аңа бу қызны 



атады.

ҚЫЗ ҚАРЫНДАШ – жасы кіші әйел туысы. Бір анадын екі қыз 



қарындашы бар ерді.

[ДАРИА] ҚЫРЫҒЫ – [дария] жағасы. Ор ханның қызын... дариа 



қырығында тамашаға чығып йүрүрлерін көрді.

ҚЫШҚЫСЫН  –  қыста.  Қышқысын  меркитнің  падшаһы  Тоқба 

бекиге атланды.

ЛӘШКӘР – әскер. Екі ләшкәр бірі бірі білән токуш қылды.

ЛӘШКӘР БАШЛЫҒЫ – әскербасыЛәгикәр башлығы болуб ол 

тарафға кетті.

МАЙСАРА – сол қол, жуанқар, әскердің сол қанаты.

МАҚАМ  –  жұрт,  жер,  мекен.  Атасының  мақамы/ата  жұрты. 

Ошбу төрт оғзудың бірісіні тіледі, бу мақамдын өзгә мақамға барғай 

теб.


МАМЛАКЕТ – ел, патшалық, ұлыс. Бату мамлакатларны би-

сйар алды. Иесуге баһадур аның ағасыдын мамлакатын алыб муңа 

беріб ерді.

МЫҢ АҒАСЫ – қара: мың бегі. Уа Мүләту мың кішінің бегі ерді, 

яғни мың ағасы.

МЫҢ  БЕГІ  –  мың  адамнан  құралатын  топтың  (көбінесе 



сарбаздардың) басшысы, синонимі: мың ағасы.

МЫРЗА  –  титул:  билеуші  топтың  уәкілі,  князь.  Бұл  сөз 

ескерткіште қазақ, татар, қырым бекзадаларының аттарымен тіркесте 

қолданылған: Орақ мырза, Шығым мырза, Нұрадин мырза (Едігенің 

немересі), Алшағыр мырза. Бұлғайыр хан[ның] Нұрадин мырза оғлы 

Оқас бек білән бисйар мухаббат лігі бар ерді.



326

НЕЧҮК  –  қалай,  қалайша.  Кім  ерсә  өзіні  нечүк  білсе,  тақы 

біреуіні шундағ білгей. Нечүк біз үчлу, анларны қуалы, чапыб барыб 

соқалым теді.

ОҒУЛ – ұл, бала (біреудің ұлы, баласы). Аның үч оғлы бар ерді. 

Үгетай хан Чингиз ханның үчүнчі оғлы ерді.

ОРДА/ОРДУ – 1) территориялық саяси бірлестік, жұрт; 2) хан 

резиденциясы. Ханның улуғ хатунлары тұратын мекенжайы. Чингиз 

хан бу йылларда йазғысын өз ордасында ерді. Әммә Шығай ханның 

хатунлары көб ерді. Маглум машһур үч ордасы бар ерді.

  НӨКЕР  –  жасақшы,  әскери  қызметші  (монғол  сөзі:  «дос»). 

Оғуз нөкерлері білән бағзи достлары білән йазыда аңға чықыб ерді.

ОН БЕГІ – титул: он адамның басшысы.

ЙҮЗ БЕГІ – титул: жүз адамнан тұратын топты билеуші.

ОҒЛАН  –  ханның  титулы  жоқ  ұрпақтарының  баласы,  хан-



зада;  хан-сұлтандардың  балалары.  Чингиз  хан  өз  оғланларына 

ләшкәр бөліп берді. Ай, оғланларым, аңлаңыз бу дүнийадын сафар 

қылмақ уақты меңә тиіб турур.

ОТҚАЗУ/ОТҚАРУ – малды оттату, отқа жіберу, Уа туар қара- 

сын  анлардың  йахшы  отлуқ-сулуқ  йелерде  отқаздым  (2-нұсқада  – 

отқардым)... туар қарасын отқарыб, ол йерде манзил қылдылар.

ОШБУ – осыОшбу йолдын чықты ...

ПАДШАҺ – 1) – ру-тайпалардың бас билеушісі. Буқа атасының 

орнына  падшаһ  болды.  2)  Хан  [Шыңғыс  ханның  әкесі]  Йесуге 

баһадур қаум моғол ічінде падшаһ ерді.

ПӘНДӘ ҚЫЛУ – қолға түсіру, тұтқындау. Уа барқат қаум Чин-

гиз ханны ғафил тапыб, пәндә қылдылар.

САНДУҚ  –  жорықта  өлген  адамның  мәйітін  салып  алып 



жүретін (баратын жерге апаратын) табыт. Менің сүңгәгімні турған 

сандуқны алыб, өз уилайытыңызға йүз ұруңуз.

САҚЫНУ – сақтық ойлау. Ол хатун әгәр ашқара қылсам, худайға 

табунмақны, аны оғлы бірлә бірге өлтүргәй теб сақынды. Шалкиізде: 

Күле кіріп, күңірене шыққан қостан мың сақын.

САНДАЛ  –  орындық,  тақ.  ...Мубарак  алтунлық  сандалны 

келтүрүб, мәсжид ічінде құрдылар.

САУАЛ ҚЫЛУ – сұрау. Уа сауал қылды, кім бізге ичазат бар му 

йа йоқ му?.

САУҚАТ  –  олжа  (соғыстан  түскен).  Тақы  таңқутның  падша- 

һысының қызыны Чингиз ханға сауқат келтүрүб беріб ерді.

САХАРАДА ОЛТУРУШЛЫҚ – термин: көшпелілік. ...Шаһардын 

йырақ  олтурғанлары  сахарада  олтурушлуқ  қаумлар  ол  шаһар 

халқыдан көбрек болғай.


327

САХИБЖАМАЛ – өте әдемі, сұлу. Өз ағасы Көр хандын туған 

ғайат сахибжамал қызы бар ерді.

СЕЧЕН  –  дана,  ақылды  адам.  Көбінесе  титул  ретінде  жалқы 

есіммен  тіркесте  келеді:  Қойулдур  сечен.  Самуқа  сечен.  Мыңар 

Қойулдур сечен, шул қаум маңқут ерді.

СОЙУРҒАЛ/СОҺУРҒАЛ/СУҺУРҒАЛ  –  тарту  (хан,  бек  сияқты 

әміршілердің әскери және мемлекеттік қызметі үшін өз адамдарына 

сыйға бөліп берген жер үлесі). ...соһурғал қылыб, йарылқауың теңізге 

охшар.


СУҺУРҒАЛ ҚЫЛУ – тарту ету, сыйлау. Барис Федурауич... Ораз 

Мухамедке Кермен шахарын суһурғал қылыб берді.

СОЙУРҒАМЫШ/СУҺУРҒАЛ  –  сыйлық,  сауға,  тарту.  Уа  ху-

дай жиһанны анларға суйурғамыш қылғай. Чингиз хан аның қалған 

ақлығына үкүш сүһурғаллар қылды.

СОҢРАТЫН – кейін, кейіннен, соңынан. Моғоллар уа түрклер 



соңратын бу сөзні сурарлар.

СӨЗЛЕУ – сөйлеу. һәр кім ерсә улуғлар алдыға барса, та ол уақтқа 

дегәч һіч сөзлемегей.

СУЛТАН  –  1)  титул:  ханзада.  Қазақ  хандарының  өкілдеріне 

(төрелерге)  қатысты  қолданылған:  Жаныбек  сұлтан.  Келімберді 

сұлтан. Шаһ Бұтақ сұлтан. 2) титул: хан ұрпағы. Жалқы есіммен 

келеді.  Тоқтамыш  ханның  ...оғланлары  бу  турур:  аууал  –  Жалалад-

дин  султан,  екінчі  Кучук  султан...  төртінчі  Келімберді  султан... 

[Булғайыр ханның] оғлы Шаһ Бутақ султан турур. Жаныбек султан 

һәм Булғайыр ханның нәслідін тутур.

СЫНДУРУ – жеңу. Тоқтаға Ноқай білән тоқуш қылды. Балахир 

Ноқайны сындурды....Самуқа сеченні сындурды.

СУРУ/СУРАУ – билеу, басқару. Халайқын ғадллік білән сурған 

хан.

ТАЙШЫ/ТАЙШИ  –  титул:  ең  жоғарғы  сановниктің  атағы



Жалқы есіммен тіркесіп, титул ретінде келеді. Қадан тайши, Нәкүн 

тайши, Қон тайши.

ТАЛАУДЫН ЕТ – қолға түсіру, тұтқындау. Тоқта бекинің хату-

нын алыб талаудын етіб алып келді.

ТАМАМ БОЛДЫ – аяқталды, тоқталды, кесілді, үзілді. Жочи 

Қасардың нәсілінің нәслі тамам болды.

ТОҚУШ  –  ұрыс,  соғыс.  Тоқтаға  ...  нечә  уақтлар  Ноғай  білен 



тоқуш қылды. Чингиз хан күзгүсін... қаум меркитнің падшаһы Тоқта 

беки білән тоқуш қылды.

ТОҚУШМАҚ  –  соғыспақ,  ұрыспақ.  [Чингиз  хан]  ол  йыл  оқ 

Буйруқ ханға тоқушақға атланды.



328

ТОН – киім (жалпы). Базиргенлер бізге алтун білән суқуған тон-



лар... алыб келүрлер. Біздін соң бізнің уруғумыз йахшы тонлар кигәй.

ТОҢУ – мұз қату. ...қышқысын барсақ, Еділ тоңғай теділер. Еділ 



тоңса  кім  кечмес,  Едіге  өлсе  кім  бармас.  1-нұсқада  кечмек  болып 

қате тұр.

ТУАР ҚАРА – 1) ірі қара, жылқы малы, мал. ... туар қарасын 

отқарыб  ол  йерде  манзил  қылдылар.  ...Кім  кічігін  отчигин  дерләр 

йағни ата-анасының оты, йурты, малы, туар қарасы үй тірлігі кічік 

оғлыға қалур. [Муһулунның] малы, туар қарасыкөб ерді.

УИЛАЙАТ – ел (территориялық тұтастық ретіндегі). Ол уилайатқа 

фатх қылмақ үчүн ошбу уилайатдын мағлум йіберді.

УЛАҒ – көлік. Уа аты, улағы, уа туар қарасы анларның асайыш 

таба алмағай.

УЛАН  –  титул:  билеуші  атаның  (династияның)  әскери  немесе 

әкімшілік қызметіндегі өкілі. Көбінесе жалқы есімдермен келеді. 

Қийас улан, Таш Темур улан.

УЛУҒ – ұлық, бастық. Анларны ләшкәр улуғы етіб йүргүзді.

УЛУҒ  ОҒЫЛ  –  тұңғыш,  үлкен  ұлы.  Жочи  хан  Чингиз  ханның 



улуғ оғлы ерді. Бу Орда Жочи ханның улуғ оғлы ерди.

УЛУҒ XАТУН – бәйбіше, ең үлкен әйел. Чингиз ханның улуғ ха-



туны Бөртә Фужин аларның қарындашы ерді.

УЛУС  –  1)  мемлекет,  хандық.  Барча  улус  ічінде  Мәскеу  атлық 

шаһарың душманларға көп дүр. Ойда орыс, қырда татар – барча улус-

ны бақтурған хан. 2) халық. Бу Қонқыран Ордадын соң улусны ол 

биледі.


УЛУС/ОРДА/ЙУРТ – термин: 1) мемлекет, хандық. [Қасым хан] 

нечә уақтлар атасы улусында падшаһлық қылды. [Чингиз хан] анлар-

ны (оғланларын) қайтарды, өз улус мамлакатлеріне йіберді.

УРУҒ – ұрпақ. ...төрт йүз йыл заман кечкендін соқ анларны уруғы 

бисйар көб болды. Жочи ханның онынчы оғлы Чимбайның уруғы та-

мам болды.

ХАНЛАУ – хан ету, хан тағына отырғызу. Едіге айды [Хажы 

Мухаммед уланға]: сен менім бірлә болғыл. Тәңрі ішімні оңарса, мен 

сені ханлайын теді.

ХАН  –  1)  ең  жоғарғы  билеуші,  монарх;  2)  ру-тайпалардың 



билеушісі. 1) Шыңғыс хан, Жошы хан, Борис хан (Годунов), 2) Мөңкү 

хан, Боданчар хан.

ХАЛҚ/ХАЛАЙҚ  –  1)  әміршінің  қол  астындағы  адамдар;  2) 



жұрт, тұрғындар.

ХАНЫМ  –  титул:  хан-сұлтандардың  әйелі.  Жалқы  есіммен 

тіркесте келеді: Ораз Мухаммедтің апасының аты Татлы (Тәтті) ха-

ным. Күшік сұлтанның анасы Сүйім ханым.


329

ХАТУН – 1) әйел (жалпы). ... уа хуб йүзлүк, көркемлүк хатун-



ларны  алғайлар;  2)  ханның,  хан  ұрпағының  әйелі,  титул.  Чин-

гиз  ханның  йақын  беш  йүз  хатуны  бар  ерді;  3)  (біреудің)  әйелі, 



жұбайы, қатыны. Бу хатунлардын үч оғул туғды; 4) ханның некелі 

әйелдерінің титулы, жалқы есіммен келеді. Буралуһ хатун, Имтас 

Орда Текин хатундын туғуб ерді. Добун Байан Алан қуа хатунның 

ері ерді. Чингиз ханның барча хатунлары ічінде бу беш хатундын 

улуғ хатуны, ордасы йоқ ерді.

XУБ ЙҮЗЛУК – көрікті, сұлу (жүзді). Йағни йахшы уа хуб йүзлүк 

болғай.


ШАҺАР  –  үлкен  қала.  Даулат  аңа  йар  болуб  шаһар  Мәскауда 

алтунлық тахтына мінген хан.

ШАҺАР  ОЛТУРУШЛЫҚ  –  термин:  отырықшылық.  Қадим 

алайамдын  берү  һәр  ихлимда  дүниадағы  халқ  шаһар  олтурушлық 

болсун уа сахарада олтурушлық болсун анларның хади ниһайаты йоқ 

ерділер.


ШАҺЗАДА – хан ұлы.

ЧӘКҮЛ – кекіл, шаш ...Чәкүлінде бір нечә қыллар ақарыб турур 

ерді.  

ЧЕРІК – шеру, жорық. ...ерлері аңға йа черікке кетіб ерсә, хатун-



лар үйүн, асбабын йаратуқ қылғай.

ЧОРА – әміршінің жеке күзетшісі. Казик Қутлы Қыйа оғлы Едіге 

Кучук аның чорасы ерді.

ЧОРА АҒАСЫ – хан күзетшілерінің басшысы. ...Бургачы Ной-

ан... барче Қарачу, беклердін улуғрақы ерді. Чингиз ханның ол чора 

ағасы ол ерді.

ЧЕРІК – қол, әскер. Жебе Нойан бу черікні башлаб бу уилйатқа 

келділер.

ЧЫҒАЙ – кедей, жарлы. Йетімлерге рахим қылып, чығайларны 

тойдурған хан.



330

СӨЗ СОҢЫ НЕМЕСЕ ҚОРЫТЫНДЫ

1.  Батырлар  жырлары,  лиро-эпостар  сияқты  өте  мол  ауыз  әде- 

биеті  үлгілерінде  XV-ХІХ  ғасырларда  жасап  өткен  ақын-жыраулар 

мен  шешендердің  өлең-толғауларында,  нақыл  сөздерінде,  мақал- 

мәтелдерде,  тұрақты  тіркестер  құрамында,  қос  сөздердің  сыңар- 

ларында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа таралып бүгінгі бізге 

жеткен  лексикалық  ескіліктер  бар.  Ол  ескі  бірліктер  көне  сөздер 

(архаизмдер),  ескірген  сөздер  (историзмдер),  ұмыт  бола  бастаған 



сөздер  («күні  кешегі»  реалийлердің  атаулары)  болып  ажыратыла-

ды. Олар қазіргі қазақ тілінің сөздік қазынасын толтырып тұрған – 

сандық байлық емес, халқымыздың өте ертедегі, орта ғасырдағы, күні 

кешегі  XVIІ-ХХ  ғасырлардағы  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени, 

рухани дүниесінен хабар беретін тарихи мұра. Талданып, танытылып 

отырған көне, ескі, ескірген сөздер мен сөз тіркестері – тарихымыздың 

кешегісін бүгінгіге жалғастырған көпір. Атап айтқанда, бүгінгі қазақ 

халқын  құраған  ру-тайпалар  бір  кездерде  қай  жұрттармен  одақтас, 

қоныстас,  аралас-құралас  болды,  елін-жұртын  қалай  қорғады,  не 

киді,  не  жеді,  не  ішті  дегендей  сауалдарға  көне,  ескі  сөздер  жау-

ап  береді.  Жырларда  және  XIX  ғасыр  ақындары  Махамбет,  Мұрат, 

Шернияздарда жиі кездесетін сой сөзі, әскери басшы мағынасында 

жиі қолданылған аға сөзі, мұз қатты дегенді мұз тоңды деген сөз, 

«өзен» мағынасында су деген сияқты оғыздық тұлғалар ілгергі орта 

ғасырларда оғыз, қыпшақ ру-тайпаларының іргелес, аралас-құралас 

өмір  кешкендіктерінен  хабар  береді.  Тіпті  одан  әрі  барсақ,  өте-өте 

көне замандардағы бабаларымыз «шақыру» мағынасында оқу сөзін 

(жылан  уын  оқып  шығару)  «сиқыр,  алдап-арбау»  мағынасында  аб/



аби сөзін (әбжылан дегендегі), «толқын» мағынасында қом (қоғалы 

көлдер, қом сулар), «ақ» мағынасындағы шал (шал сақал), «ел, жұрт, 

халық»  мағынасындағы  күн  (елім,  күнім,  Кәрібоз  –  «Ер  Тарғын» 

жырында)  сөздерін  қолданғанын,  яғни  тіліміз  өте-өте  ертеден  келе 

жатқандығын танытады. Ал «ұрыс, соғыс» мағынасындағы ала (ала 



балта, ала ту, ала берен), «бас» мағынасындағы толағай, «ақылшы, 

ұстаз»  мағынасындағы  сұрқылтай,  «көлік»  мағынасындағы  ұлақ 

(ат-ұлақ) сияқты сөздер монғол тілдерімен ортақтығы (Алтай тео-

риясы) немесе орта ғасырлардағы найман, қоңырат, қыпшақ, жалай-

ыр сияқты түркі тайпа одақтарының монғол тайпаларымен іргелес, 

ауыс-түйістес, қарсылас (соғысып келгені), одақтас болып келгенінен 

хабар берсе керек.

2. Біз «ескірген» деп терминдеген (өзге ғалымдар тарихият, та-



рихи сөз деп аударған) историзмдер «күні кешегі» – XVIІ-ХІХ, тіпті 

XX ғасырдың әр кезеңдеріндегі қазақ халқының әлеуметтік-әкімшілік 

құрылымынан,  сауда-  саттық,  алыс-беріс  сияқты  экономикалық 

қатынастарынан өте айқын, бұлтартпас тілдік фактілер ұсынады.



331

3. Лексикалық ескіліктерді білу керек, ол үшін жинау (теру) ке-

рек, талдау керек. Ал бұл шаруаның қиындықтары мен жөн-жосығы 

жоғарыда арнайы айтылды. Лексикалық ескіліктерді әр қырынан зерт-

теу барысында олардың толық түсіндірме сөздігін ұсыну қажеттігі да-

усыз. Мұндай жұмыстың алғашқы үлгілері де бар (Р.Сыздықованың 

«Сөздер сөйлейді», Ә.Нұрмағамбетовтің «Сөз сырына саяхат», «Қос 

сөздердің құпиясы» және т.б. қараңыз). Сондай-ақ қазақ тілінің лек-

сикологиясы мен лексикографиясында қолға алатын шаруаның тағы 

бірі  –  фольклор  тілінің  сөздігін  жасау.  Бұл  –  әрине,  өте  көп  күшті 

(орындаушыны) және едәуір уақытты қажет ететін жұмыс (мұндай 

сөздіктің құрылымы, материалы, сипаты жөнінде жеке мақалада ай-

тамыз).

4. Бүгінгі әр алуан жазба әдебиетте, әсіресе тарихқа, этнографияға, 



әдебиет үлгілерінде, тіпті газет-журналдарда, көпшілікқолды ғылыми 

еңбектерде кездесетін бейтаныстау, яғни мағынасын тап басып айту 

қиындау соғатын жеке сөздер мен сөз тіркестерінің барлығын ескілік 

деп  тануға  болмайды.  Олардың  бірқатары  автордың  (журналистің, 

ғалымның,  жазушының,  ақынның)  өзі  жасаған,  немесе  сирек 

қолданылатын, ұмыт бола бастаған сөздерді «тірілткен» тұлғалар бо-

луы мүмкін, я болмаса зерттеу «құрығына» әлі ілінбеген жергілікті 

сөз болуы ықтимал.

5. Ауыз әдебиеті үлгілерінің, жалпы жазба мұралардың мәтінде- 

ріне  белгілі  жүйемен,  принциптермен  текстологиялық  жұмыс  жүр- 

гізілмей  келеді.  Ертелі-кеш  жарық  көрген  басылымдарда  орфо- 

графиялық  қателер  орасан  көп.  Мұнда  сөздің  қате  жазылуы  оның  

көне-жаңалығын,  мағынасының  дұрыстығын  тануда  үлкен  зиян 

келтіреді. Мысалы, қалың қыпшақ бүледі дегеннің бүлінеді, бөлінеді 

деп жазылуы; күнді бұлт құрсайды, күн жауарға ұқсайды дегеннің 

бұлт қоршайды деп жазылуы көрсетілген сөздердің сыртқы тұлға- 

сын  ғана  емес,  мағынасын  өзгертіп  тұр:  бүлү  мен  бүліну,  бөліну 

дегендердің  үшеуі  –  үш  түрлі  мағынадағы  бірліктер,  сол  сияқты 

қоршау мен құрсау сөздерінің түбірлері бір болуы мүмкін: құр – «бел, 

қоршауда,  құрсауда  «орап  алу»,  яғни  «бүркеу»,  бірақ  біреуі  –  көне 

тұлға (құр), екіншісі – оның өзгерген түрі (қор).

6. Өлең-жырлардағы ескіліктердің көбі белгілі бір тіркесте келеді 

де көбінесе заттың, құбылыстың бір белгісін білдіретін тұрақты эпи-

тет болып табылады: ауыр жұрт, ауыр қол, ауыр әскер, ереуіл ат, қом 

су,  толғамалы  ақ  сүңгі,  толғамалы  ала  балта  дегендегі  курсивпен 

көрсетілген көне, ескі тұлғалар көбінесе образ жасайтын бейнелі сөз 

болуға  бейім  тұрады.  Сондықтан  көбінесе  олар  стереотип  (кәнігі, 

қалыпты) қолданыстар тобын құрайды (буырқанып-бұрсанып, мұздай 



темір  құрсанып,  қу  толағай  бастану,  қағанағы  қарық,  сағанағы 

сарық).

332

7. Қос сөз құрамында келетін ескі сөз, яғни қос сөздің бір сыңары 

не бөгде тілдік сөз не көне түркі сөзі болады (некен-саяқ, бала-шаға, 

шал-шауқын,  қыз-қырқын).  Қос  сөз  құрамының  бір  сыңарының  не 

көне, не бөгде тілдік тұлға екенін бүгінгі қазақтар сезе де бермейді, 

ол сөздің жеке тұрғандағы мағынасы қандай деп іздеп те жатпайды, 

өйткені  айтушы  ол  сөзді  бір  мағынадағы  бір  сөз  деп  қабылдайды, 

сондықтан әрбіреуінің жеке-жеке мағынасын іздемейді, өйткені қос 

сөздің жалпы мағынасы түсінікті.

8.  Ескіліктердің бір алуаны өзге тілдік болып келеді, бірақ оның 

жырлардағы, мақал-мәтелдердегі мағынасы бүгінгісінен өзгеше бо-

лады.  Мысалы,  парсы  тілінен  ертеректе  енген  майдан  сөзінің  осы 

тілдегі «көкмайса», «көк орай шалғын» деген бір мағынасы жырлар-

да жиі қолданылған (қонар болсаң, жануар, міне – майдан, міне – саз

бұндағы майдан парсыша «көкмайса алаң», саз да – осы мағынадағы 

түркі сөзі); сұм, сұмырай сөздері қазақ жырларында «бақытсыз, сор-

лы» деген мағынада келеді.

9.  Ескілік  деген  танымда  сыртқы  тұрпаты  өзгеше  келген  тұлға- 

ның  айтылып-жазылуы  бүгінгіше  келгенмен,  мағынасы  өзгеше 

семантикалық ескіліктер болатынын білу керек.

10.  Көне,  ескі  сөздерден  басқа  бүгінгі  қолданыста  ара-тұра 

кездесетін, бірақ дәл мағынасы ұмытыла бастаған бірліктер типі де 

бар, олар – «күні кеше»: өткен ғасырда, не бұдан 20-30, 30-40, 40-

50,  80-90  жыл  бұрынғы  реалийлердің  (заттардың,  ұғымдардың) 

атаулары  (мәліш  сауда,  ақшомшы,  шар  салу;  майыр,  қағаздату, 



қарақағаз, социалистік жарыс, екпінді бригада, мыңшылар, станов-

шы т.б.). Мұндай сөздер – көне сөздерге қарағанда, әлдеқайда жиірек 

ұшырасады және мағыналары да біршама түсінікті не тез табуға бола-

тын тұлғалар. Сірә, оларды бөлек атағаннан гөрі ескірген (историзм) 

сөздердің бертінгі тобы деп те айтуға болар. Келесі 40-50 жылда бұл 

сөздер де таза историзмге, кейбірі тіпті архаизмге де айналып кетуі 

сөзсіз.


11.  Бұл  жұмыста  лексика-фразеологиялық  ескіліктер  түгел  жи-

налып,  талданып  отыр  деуге  мүлде  болмайды.  Бұл  –  сірә,  керек 

материалдардың  және  жүргізілетін  талдаудың,  олардан  шығаратын 

тұжырым-түйіндердің  бестен  бірі,  тіпті  оннан  бірі  (одан  да  аз 

бөлігі)  болар.  Жоғарыда  дәлелдеп  айтылды,  бұл  жұмыс  –  бірнеше 

зерттеушінің,  аса  көп  жарық  көріп  келген,  жарық  көріп  жатқан 

жазба  дүниелерден  мұқият  материал  жиналатын,  оларды  әр  қыры- 

нан,  көптеген  түркі  тілдерінің  және  көне  түркі  тілдерінің,  орта 

ғасырлардағы  түркі  ескерткіштерінің  материалдарын  салысты-

ра,  салғастыра,  іздестіре,  жұптастыра  отырып  орындайтын  жұмыс. 

Бұл  жұмысты  әрі  қарай  шәкірттеріміз,  шәкірттеріміздің  шәкірттері 

жалғастырады деп назарларына салып отырған талап-тілегіміз.



333


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет