XX ғасырдың 40-50 жылдардағы қазақ лексикасының жаңа
сөздермен толығуы, алдыңғы кезеңдердегі жаңалықтардың орнығуы
не ығысуы да көзге түсерліктей дәрежеде болды. Бұл жылдарда
алдыңғы кезеңдерде жаңалықтар болып танылған кейбір сөздер,
мысалы, откеме, қарайғыр, бейбауырмал, оқымыс, сутуым, отту-
ым т.б. қолданыстан ығысты да олардың есесіне ондаған-жүздеген
жаңа сөз баспасөз беттерінде, оқу-білімге қатысты басылымдар-
да көріне бастады. Ұлы Отан соғысы кездерінде (1941-1945) соғыс
жағдайында пайда болған өндіріс пен техника, әскери құрылыс пен
қару-жараққа, майдан мен тылдағы тіршілікке қатысты көптеген
жаңа қолданыстар пайда болды. Зерттеушілердің материалдарына
қарағанда, бұл жылдарда еңбек майданына қатысты берсиевшілер,
354
мыңшылар (қозғалысы), мұнайшылар, мұнай өндіруші сияқты сөздер
жиі көрінді. Сондай-ақ тікелей соғысқа, әскери құрылымға қатысты
жеңіс (қоры), қорғаныс (қоры) жауынгер, жауынгерлік (тапсыр-
ма), қарақағаз, ұшқыш, барлау, жарылыс сияқты жаңа мағынаға ие
болған неологизмдер де актив қолданылды.
1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі, өзге
тілдер сияқты, қазақ тілінің де сөздік қазынасына ұрыс-соғысқа,
тылдағы ел тіршілігіне қатысты көптеген жаңа бірліктерді қосты.
Олардың бірқатары таза неологизмдер (төл және кірме) болса,
енді бірсыпырасы аэлогизмдер, яғни қолданыста «қайта тірілген»
байырғы сөздер болды (тіл – жаудан тіл ұстап әкелу, аран – танкіге
қарсы аран орнату). Қазақ халқының санғасырлық тарихында ұрыс-
соғыспен өткен замандары аз болған жоқ, сондықтан әскери лек-
сика қоры айтарлықтай мол болды. Ал 40-жылдардың және одан
кейінгі кезеңдерде қолданысқа түскен әскери сөздер мен тіркестердің
едәуір бөлігі жаңа бірліктер, оның дабасым көпшілігі шеттілдік
бөгде сөздер болды. Бұл жаңалықтар – XX ғасырдың техникалық
дамуына орай пайда болған жаңа қару-жарақ атаулары, соғыс-
ұрысқа қатысты қимыл, іс-қарекеттердің, амал-тәсілдердің атаула-
ры болғаны түсінікті. Бұл соңғы лексикалық топ – негізінен, орыс
тілінде қолданылған сөздер (орыс тілінің өзінің және шеттілдік кірме
сөздер) болды. Дивизия, полк, генерал, офицер, ефрейтор, солдат, ав-
томат, пулемет, миномет, истребитель, самолет, танк дегендер-
ден бастап, жүздеген әскери лексика қазақ тілінде күні бүгінге дейін
қолданылып, «кірме» (қабылданған, енген) сөздер тобын құрайды.
1940 жылдардан 1970 жылдарға дейінгі аралықта да қазақ тілінің
лексикалық құрамына сыртқы факторлардың ықпалы аз болған жоқ.
XX ғасырдың 40-50 жылдарында қазақ лексикасының сөздері
толығуынан гөрі орыс тілінен сөз қабылдау немесе сөз алып
қолдану арқылы молайғаны байқалады, бұл кезеңде тек ғылыми-
техникалық терминдер ғана емес, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани
дүниелік сөздердің де басымы орыс тілінен алынып, сол күйінде
қолданылғандар болып шықты: осы кезеңдерден бастап қазақ тілінің
«орыстану» сипаты күшейді.
Өмірдегі барлық құбылыстар сияқты, қазақ тілінің дамуында да
«толқынды толқын қуалап» дегендей, 60-70-жылдарда лексикамызды
«қазақыландыру» әрекеті де қосамжарлана жүре бастады: балмұздақ,
аялдама, оқулық, оқырман, көрермен, үшсайыс, бессайыстар – 60-70-
жылдардың туындылары.
Ал 1970 жылдардан бастап қазақ тіліне жаңа сөздер қосу
әрекеті тіпті айқын көріне бастады. Бұл кезеңдегі ғылымда, өнер-
кәсіп пен шаруашылықта болып жатқан жаңалықтардың атау-
355
лары қазақ тілінде де орын алып келгені даусыз. Бұл кезде 1950
жылдардағы тың игеру, космосқа шығу, космонавтика мен ғылыми-
техникалық жаңалықтардың дүниежүзілік осы аумақта жандануы
қазақ тілінде де көрінісін тапты. Тың игеру деген атауыш сөзден ба-
стап, космонавтикаға қатысты жаңа қолданыстар, жалпы ғылыми-
техникалық жетістіктерді танытатын жаңа сөздер жүздеп саналады.
Тіл дамуының бұл кезеңінде аталып өткен сыртқы факторлар-
мен қоса, жаңа атаулардың тууына қазақ халқының санасындағы
өзгерістер де себепкер болды дей аламыз. Адамдардың сана-сезімінің
жаңғыруы деп отырғанымыз – ұлттық тәуелсіздіктің, мәдени-рухани
дербестіктің қажеттігін сезіну (бұлар да – сыртқы факторлар), тіпті
бұл үшін идеологиялық күрес бастау. Бұл күресте көп нәрсеге жаңаша
қарап, өткендегі мәдени-рухани, оқу-ағарту салаларындағы бұрынғы
біраз іс-қарекеттерімізге қайта үңіліп, оң-терісін салмақтай түсу
кезеңі басталды. Соның ішінде қазақ тіліне келгенде де халықтың ой-
санасы жаңаша қалыпқа түсе бастады.
«КСРО-ны құрайтын барлық халықтардың мәдениеті қосылып
кетуге тиіс», әр адамды жеке ұлт өкілі деп емес, «советтік тұтастық»
дегеннің өкілі етіп тәрбиелейтін идеологияны басшылыққа алып,
қазақ тілін де «ортақ мәдениетке» апаратын құрал – орыс тілімен
біртіндеп алмастыра бастаған коммунистік саясат қазақ тілінің тек
әлеуметтік тағдырына ғана емес, оның құрылым-бітіміне де, әсіресе
сөздік қазынасына үлкен әсер етті, ұлт тілдері дамуында теріс бағыт
сілтеді. Енді ұлт тілдерін дамытудың орнына «коммунизмге тезірек
жеткізетін» (Н.С.Хрущевтің сөзі) орыс тіліне жақындата түсетін амал-
тәсілдерге бой ұрдырды. Көптеген сөздерге балама іздеп әуре болмай-
ақ, орыс тілінен дайынын ала салу нормаға айналды. Бұл – 1950-1970
жылдарда мықтап қолға алынып, күштеп жүргізіле бастаған саясат
болса, сол күндердің өзінде де қазақ халқының санасында «осыны-
мыз жөн емес-ау» дегенді әлсіз болса да сезіну қалыспай отырды. Со-
дан келіп 1950 жылдардың соңынан бастап, әсіресе 1970 жылдардың
ішінде ең болмаса тұрмыстық заттарды қазақша атасақ деген пікірлер
айтылып, ол біртіндеп жүзеге асырыла бастады. Бұл заттар, әрине,
қазақ тіршілігінде бұрын болмаған-ды. Мысалы, остановка (қала
транспортына қатысты), дача, мороженое, овощ сияқты нақты зат-
тарды ұзақ уақыт осылай орысша атап келсек, енді оларға аялдама,
саяжай, балмұздақ, көкөніс (көбін ұсынған –І.Жарылғапов) деп атау,
сондай-ақ қондырғы, құрылғы, оқулық, сұраныс, оқырман, көрермен
сияқты жаңа туынды тұлғалар дүниеге келіп, әуелі жазба тілде
(баспасөзде), бірте-бірте ауызекі сөйлеу тілінде қолданыла бастады.
Әрине, тек тұрмыстық сөздер емес, бұл кезеңде шаруашылыққа,
экономикаға, мәдениетке байланысты пайда болған жаңа қатынастар
356
мен процестерді атайтын өзге де жаңа сөздер едәуір молынан көріне
бастады. Олардың да басым көпшілігі – орыс тілі арқылы келген
бөгде тілдік бірліктер болса, сол жаңа ұғымдардың бір тобын қазақша
атау да орын алғанын көрсетуге болады. Мысалы, теңгермешілдік,
қайта құру, азық-түлік программасы, астам держава, әскери желік,
бопса (сес көрсету), дүниеқоңыздық, затқа табынушылық, қызыл-
ізшілер, мыңшылар (еңбек өнімін мыңдаған өлшеммен берушілер),
халықтық бақылау, салауаттылық сияқты сөздер 70-80-жылдарда
жиі қолданылатын бірліктерге айналды. Бірақ 1990 жылдардан бер-
мен қарай олар білдіретін реалийлердің (ұғымдардың, заттардың,
құбылыстардың) өмірден ығыса бастауына орай, олардың қолданылуы
сиреп, неологизмдер санатынан шыға бастады. Ал бұл кезеңнің ал-
дында 1950 жылдардың орта тұсынан бастап қолданысқа түскен тың
игеру, тыңгер/ тыңжерші, ғарыш, ғарышкер, ғарышнама, атомгер
сияқты жаңа сөздер 1970-1980 жылдарда-ақ 1941-1945 жылдардағы
«жаңалық» сипатынан алшақтап, көбі әдеби нормаға еніп, кейбірі
қолданыстан ығысты.
Жоғарыда бірнеше рет айтылды, қазақ тіліне соңғы бір ғасырдың
барысында лексикалық жаңалықтардың пайда болуына себеп болған
құбылыстың бірі – оқу-ағарту ісінің жандануы, мектеп пен жоғары
оқу орындарына арналған оқулықтардың дүниеге келуі болды. Ол
оқулықтардың қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен басқа пәндерден
ұсынылғандары негізінен аударма еңбектер болды. Демек, бұлардағы
пәндік терминдерді ғана емес, жалпы баяндау стилі де қазақтың жазба
дүниесіне үлкен ықпалын тигізді. Әр пәннің терминдерінің қазақша
баламасын ұсыну күн тәртібінен түскен жоқ. Демек, жаңа сөздер
пайда болды, бірақ, әрине, бірден бір нұсқасы тұрақтала қойған жоқ.
Олар қазақша баламалары әуелі бірнеше вариантта болып бірте-бірте
орнықты. Баламасы табылмағандары, әсіресе интертерминдердің
басым көпшілігі орыс тіліндегі күй-қалпымен (айтылу және жа-
зылуымен) орыс тілінен алынды. Енді осы айтылғандарды біраз
фактілермен арнайы баяндап өтелік.
Мысалы, бұрын капуста деп орысша аталып келген көгөніс
1982 жылғы сөздіктерде капуста, кейінгілерінде орамажапырақ
(бұл атауды XX ғасырдың 20-жылдарында Ж.Күдерин тапқан екен
– «Өсімдіктану», 1928), орамкөк, орамжапырақ, қырыққабат деп
екі-үш вариантта қолданылып келсе, клон деген мүлде жаңа термин
клон, өскінді, өскін деп үш түрлі аталып келеді. Бұлар – биология
саласындағы атаулар, оларды қазақшалап ұсыну қажеттігі мектеп
оқулықтарында орын алды. Бұл түсінікті, өткен ғасырдың 30-50-жыл-
дарынан бастап қазақ мектептерінің барлық оқулықтары (қазақ тілі
мен қазақ әдебиетінен басқалары) орыс тіліндегі оқулықтардан ау-
дарылып оқытылды, ал бұлардағы көптеген орыс тілінің терминдері
357
орысша алынды: насекомдар, клетка, белок, ткань, спора, вита-
мин, молекула деген сияқты бөгде тілдік терминдер ұзақ уақыт
қолданылып келді. Бұлардың ішіндегі бірқатар таза орыс сөздері
(белок, насекомдар, ткань, клетка т.б) болса, көбі интертерминдер
еді. Енді 1980-1990 жылдардан бастап мүмкіндігінше осылардың
қазақша баламаларын іздеу, жоқтарының орнына жасанды тұлғалар
ұсыну қарекеті орын алды. Бұл процесте XX ғасырдың басындағы
авторлар ұсынған терминдерге көңіл аударылып, бунақденелілер (на-
секомдар), дәрумен (витамин), жасуша (клетка) сияқты сөздер аэло-
гизмдер болып, қолданысқа енді.
Ал қалған жаңа сөздерге келсек, олардың біразы бұрыннан бар
қазақ сөздеріне жаңа мағына үстеуге немесе жасанды тұлғалар
ұсынуға табан тіреген кезең туды. Жасанды тұлғалардың да көбі
тілде бар сөздерді біріктіру немесе оларға жұрнақ жалғау арқылы
жасалған болып келеді. Мұның да сыры түсінікті: қазақ халқы – адам
мен малдың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің, қысқасы, табиғат
пен оны қоршаған дүниенің құрылысын, сипатын жақсы білген. Мы-
салы, жұмыртқаның құрамын бұрын жұмыртқаның ағы, сарысы деп
қана ажыратып атап келген болса, енді оның ақ құрамын ғылымда бір
сөзбен белок деп атау керек болғандықтан, оған ақуыз және нәруыз
(Биология, 9-сынып, 2005) деген атаулар ұсынылды. Біраз уақыт
екеуі қолданылып келді де бұл күнде ақуыз варианты қалыптасқанға
ұқсайды. Сол сияқты насекомое дегенді бунақдене деген жасанды
сөзбен қазақша атауда да тілде бұрыннан бар екі сөзді біріктіріп
қолданудан жасалған биологиялық термин пайда болып тұр. Біздің
байқауымызша, жасуша (клетка) және жасұнық (клетчатка) деген-
дер де – жасанды бірліктер.
Қазақ жерінде болмаған аң-құстарды да қазақша атау тенденци-
ясы байқалады. Мысалы, варан деген алып жыртқыш кесіртке келес
деп, Африкада болатын носорог деген жануар көбінесе мүйізтұм-
сық деп (бұл таза аударма – калька), енді бір оқулықтарда керік деп
аталып жүрді. (Жануартану. - 7-8 сыныптарға арналған оқулық. -
Алматы: Рауан, 1998). Қазақтар үшін бұрын болмаған, бірақ білім-
ғылымда айтылатын муляж сөзін нақпішін деп атау, аң терісінің
сыртқы жағын орысша мех деп атаса, осының бір сөзбен аталатын
қазақшасы жоқ екен, соны үлбір деп атау керектігін ұсынғандардың
уәжі (дәлелі) бар, яғни қасқыр, түлкі, қоян тағы басқаларының жүні
үлбіреп тұратындығы еске алынған немесе кей жерлерде осылай
аталатын да болар, бірақ қайткенде де бұл – жаңа қолданыс. Ткань
дегенді ұлпа деп қазақшалау да осы сипаттас.
Биология терминдерін осылайша қазақшалау тенденциясымен
қатар, кейінгі 2-3 жылдың барысында көптеген бұрынғы интерсөз-
дер немесе тіпті бірен-саран орыс сөзі болып қолданылып келген
358
терминдерді сол күйінде қалдыру тенденциясы да байқалады. Мыса-
лы, 2005 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан 9-сыныпқа арналған
«Биология» оқулығында молекула, бактерия, фермент, вирус, ядро
(жасуша ядросы), мутация деген «орысша» атауларды табамыз,
демек, білім-ғылым үшін қажеттігі болғаны. Ал жұмыртқаның
қабығын қазақ осылайша тіркеспен атайды. Енді оны оқулықтар
мен өндіріс орындарында бір сөзбен атау керек болғанда, тек қабық
деп қоюға келмейді, өйткені қабық – жалпы атау, ол тек жұмыртқада
емес, өзге нәрселерде де болады. Жұмыртқаның қабығын (орыс-
ша – скорлупа) бір сөзбен атау үшін жоғарыда көрсетілген оқулық
авторлары әкқабық деген тұлғаны ұсыныпты. Сол сияқты осы
замандағы ең қатерлі аурудың бір түрі орысша рак деп аталса, оған
обыр деген сөз беріліпті, көз ақауының бір түрі орысша близору-
кость дегенді қазақ бұрын көзі нашар, көзі жақсы көрмейді деген
сияқты сипаттама тіркеспен ғана білдірген болса, енді оған бір сөзбен
берілген ғылыми атау (термин) керек болды, бұны сығырлық деп
атағанды жөн көріпті. Медицинада бұрын қазақ жеке-жеке атамаған
аурулардың түр-түрін түстеп атау қажеттігі туды. Мысалы, инсульт
дейтін миға қан құйылатын ауруды оқулық авторлары мисоқпа деп
атағанды ұсыныпты. Міне, осындай фактілер қазіргі қазақ тіліндегі
лексикалық (терминологиялық) жаңалықтардың едәуір мол тобы но-
минация заңдылығына сай болып жатқан процесс екенін танытады.
Осы процестің көзге түсетін бір құбылысы – жаңа аталымдардың
жарыспа қатарларының орын алуы. Бір заттың (бұрын қазақ
білмеген аң-құс, жан-жануарлардың аттарын немесе жаратылысқа
қатысты ұғымдардың) аталуын әр оқулық авторларының қазақша
әртүрлі ұсынуынан варианттылық проблемасы туып отыр. Мыса-
лы, крокодилді біреуі қолтырауын деп берсе, екінші бір оқулықта
тәмсақ, белок – нәруыз және ақуыз, жираф – керік және жайлақ, по-
рода – тұқым және қолтұқым, сорт – іріктеме және сорт, насекомы
– бунақденелілер, насекомдар т.б.
Қазақша бұл жаңалықтардың әдеби тілде орнығып кетулеріне
күмәнданды ма әлде түсініктігін қаттамасыз ету көзделді ме
– соңғы 5-10 жылда жарық көріп жатқан оқулықтарда көп
сәттерде қазақшаланған терминнің орысшасын (дәлірек айтсақ,
интертұлғасын) қоса беріп отырады. Мысалы, диабет – сусамыр/
диабет; клон – өскінді/ өскін/ клон, таксис – таксис/ жымжу, фар-
макология – дәрітану/ дәрі-дәрмек/ фармакология.
Ал қазақшалауға болмайтын бөгде тілдік сөздер соңғы жылдарда-
ғы оқулықтар мен өзге де әдебиеттерде сол күйінде автив қолданылып
жүргені оларды кірме бірліктер қатарына қосады деп санауға бо-
лады. Мысалы, жаратылыстану, математика, физика, социология
359
ғылымдарына қатысты кітаптарда пән атаулары: философия, биоло-
гия, физика, математика, география/жағырапия, ботаника, цито-
логия, эмбриология, биохимия дегендерді өткен ғасырдың 90-жыл-
дарында, тіпті 2001-2002 жылдарға дейін қазақшалау (тәнтану,
жануартану, дүниетану т.б) талпынысы болғаны мәлім. Мысалы,
2000 жылы 7-сынып үшін ұсынылған «Қазақстанның физикалық
географиясы» оқулығында, 6-сынып үшін «Биология» оқулығында,
2002 жылғы 2-сынып үшін «Дүниетану» оқулығында, 2000 жылғы
7-сынып үшін «Физика және астрономия» оқулығында («Атамұра»
баспасы), 2001 жылғы 5-сынып үшін «Физикалық география»
оқулығында: материк, полюс, климат, меридиан, магма, атмосфера,
масса, экология, нитраттар, микроб, хлорелла, вакуум, вегатативті
және генеративті мүшелер, иммунитет сияқты интертерминдер
өзгертілмей қолданылған.
2000 жылғы астрономия оқулықтарында космос терминін ғарыш
деп қазақшалағанмен (оның өзінде қазақ емес, араб сөзімен берілген),
әрі қарай космонавтика, космогония, космология терминдері
өзгертілмей қолданылған, мұнда планета да – ғаламшар емес, сондай-
ақ молекула, атом, инерция сөздері автив қолданылған.
Білім-ғылымның әр саласына арналған мектеп оқулықтарындағы
неологизмдер мен кірме бірліктерді арнайы толығырақ сөз етіп
отырған себебіміз – ғылыми терминдердің қай түрі де (қазақшасы
да, интерсөздер де, орыс сөздері де) негізінен мектеп оқулықтарында
пайда болып қалыптасқандығын ескердік.
Жаңа бірліктердің типтері (түрлері)
Тілдік жаңа бірліктердің ең үлкен тобы – жаңа сөздер. Олардың
әдетте неологизмдер деп аталатыны белгілі. Неологизмдер жеке
тұлғалар болып келеді. Олардың бір типі (түрі) «қолдан жасалған»
жаңа тұлғалар, мұндай жасанды сөздер – тілде бар сөзге жұрнақ,
жалғау арқылы (өтіл – стаж, салым – вклад, салымшы – вкладчик,
бітімгерлер – миротворцы, баспагер – издатель; ауысым – смена;
ғаламдану, жаһандану – глобализация), екі сөзді біріктіру арқылы
(тұсаукесер, орамжапырақ, ақуыз, оттамыздық, орынтақ), екі-үш
сөзді тіркестіру арқылы (атаулы көмек, жабық есік жағдайында,
тұтыну қоржыны); тілде бар сөздің мағынасын ауыстыру арқылы
(желі – интернет желісі, қол жинау (сайлауда); қарымта кездесу-
лер (спортта), сыбайлас жемқорлық, еншілес кәсіпорын, қаракөздер;
сөз тұлғасын сәл өзгертіп, ықшамдап біріктіру арқылы (елтаңба,
әнұран, орамжапырақ, орама, орамдалған жапырақтар – капу-
ста; түпдерек – түпкі дерек) пайда болған жеке сөздер. Мұндай
жаңалықтардың «сүйегі» қазақтың төл сөздері болып келеді.
360
Лексикалық жаңалықтардың шағын бір тобын белгілі бір кезең-
дегі қолданыста қайта «тірілген» байырғы сөздер құрайды, мыса-
лы, обыр (рак ауруы), көзқаман (нигилист), оларды лингвистикалық
әдебиетте аэлогизмдер деп атайды. Жаңа сөздердің тағы бір
азғантай тобын жарық көріп келген сөздіктерде тіркелмей келген,
бірақ қолданыста көрініп қалатын кейбір байырғы сөздердің
«еленіп-ескеріліп» сөздіктерде өз орнын алғандар құрайды, бұлар
неолексизмдер деп аталады, мысалы, егемен, орынтақ, үйқамақ,
мырзақамақ. Соңғы екі топ сан жағынан өте аз, бірақ тіл үшін мәні
зор, тілдің қолданыстағы барша мүлкін сарқа пайдалануда, қажетіне
қарай әр сөздің прагматикалық мәнін арттыруда аэлогизмдер мен не-
олексизмдер құнды материал болып табылады.
Жаңа лексикалық бірліктердің сан жағынан да, әрі қарайғы даму
әлеуеті жағынан да, тілдің толыққанды қызмет етуіндегі орны мен рөлі
жағынан да ең үлкен тобы – бөгде тілдік сөздер, оның ішінде кірме
деп аталатын бөлігі. Сондықтан осы жерде «кірме сөздердің» қазіргі
қазақ тіліне қатысты статусын, өзге жаңалықтардан ерекшелігін,
негізгі белгілерін, болашағын арнайы сөз етуге тура келеді.
Алдымен, «кірме» деген терминнің өзін анықтап алған жөн.
Орыс тіл білімінде «заимствование» деп аталатын лингвистикалық
бірлікті: жеке сөзді, сөз тіркесін, жұрнақтар, сөзалды элементтер
сияқты морфологиялық тұлғаларды, синтаксистік модельді қазақша
«кірме» (сөз, жұрнақ т.б.) деп атадық. Орысша терминнің мағынасын
қуаласақ, ол пайдалануға, қарызға алынған сөз болып ұсынылады,
ал қазақша кірме терминінде «қолданысқа кіргізілген (кіріп кет-
кен) нәрсе» деген мағына байқалады. Бұрынырақта қазақ қауымы
қолданысында кірме деп бір рудың не бір атаның адамдарының
өзге руға, өзге атаға келіп паналағандарын атаған. Кірме сөздер де
– сондай. Қазақ тілінде мағыналық баламасы жоқ, аудару не жасан-
ды тұлға ретінде балама ұсынуға болмайтын бөгде тілдік сөздерді
алуға тура келеді, ол сөз қолданысқа түседі – тілге кіреді, «кірме»
атанады. Бұл «атаққа» (статусқа) ие болуы үшін мынадай белгілері
болуы керектігі айтылып келеді: 1) кірме сөздің функционалдық
стильдерде, әсіресе публицистикалық, ғылыми-көпшілік, күнделікті
тұрмыстық қатынас стильдерінде еркін әрі жиі қолданылуы; 2) кірме
сөз мағынасының көпшілікке түсінікті болуы; 3) тіркестер құрауға
қабілетті болуы, әсіресе бөгде сөзді қабылдаушы тілдің өз сөздерімен
тіркесіп, қолданысқа қажет лексикалық, грамматикалық бірліктер жа-
сау мүмкіндігінің болуы; 4) образ (бейнелі сөз, сөз тіркесін) жасауға
қатыса алатындығы; 5) варианттарының болмауы; 6) қолданылу
әлеуеті айқын болуы. Сөзді кірме деп танытатын шарттардың тағы
біреуі (7-ншісі) және бар, ол көптеген тілде орын алып отырған белгі
361
– бөгде сөз дегеннің оны қабылдаған тілдің фонетикалық заңдылығы
бойынша өзгеріп қолданылуы.
Бүгінгі қазақ әдеби тіліндегі кірме сөздерді тануға келгенде,
кірмеліктің соңғы (7-нші) белгісі басты талаптардың бірі болмай
отыр. Оның дәлелді себептері бар. Басым бөлігі білім-ғылымға, за-
манауи техникаға қатысты интернационалдық терминдер болып
келетін мыңдаған сөзді кірме деп, яғни қазіргі қазақ сөздік қазынасын
толықтырып отырған бірліктер деп тану немесе танымау проблемасы
пікірсайысқа түсіп отырғандықтан, кірме сөздер тақырыбын кеңірек
сөз етуге тура келеді.
Ең үлкен себеп – 1940 жылы жаңа графика – «орыс жазуын»
қабылдағанда соған орай түзілген қазақ емле ережелерінде: орыс
тілінен XX ғасырдың басынан бастап енген орыс сөздері мен өзге
тілдерден жасалған халықаралық сөздер орыс тіліндегі орфограмма-
сын (жазылу пішінін) сақтап жазылады деген баптар болды. Мұндай
баптардың орын алуының да уәжі тіл заңдарына емес, саясатқа
тірелген (негізделген) болатын. Соңғы 60-70 жылдық тіл тәжірибесі
көрсеткендей, Кеңес Одағын құратын халықтардың барлығын «оры-
стандыру» мақсаты көзделгені ашық танылды. «Ортақ тіл» концеп-
циясы бел алды. Ең болмағанда КСРО деп аталатын бір елде комму-
низм толық жеңіп шығуы үшін бұл елді мекендейтін халықтардың
мәдениеті қосылып кетуі керек, әр адам жеке ұлт өкілі емес, түптің
түбінде орыс та қазақ та, грузин де, чукча да емес, «советтік
тұтастықтың өкілі» деп аталуға тиіс, ал ол үшін ортақ тіл болуы
керек деген идея орын алды. «Бұл ортақ тіл – орыс тілі, сондықтан
елдегі өзге халықтар да орыс тілін неғұрлым тезірек меңгерсе,
соғұрлым коммунизмге тезірек жетеміз» деген саясат күш алды. Тек
тілге келгенде емес, қоғам өмірінің барлық саласында, әсіресе саяси-
идеологиялық жүйеде бұл идеяға қарсы шығу мүлде мүмкін еместігі
белгілі еді.
Ол мүмкіндіктің жоқтығының және бір себебін атауға болады.
Қазақ жұртшылығы кириллицаға көшкен 1910 жыл – Кеңес Одағында
1929-1937 жылғы зауалдардан соң қылышынан қан тамып тұрған
коммунистік империялық («орыстық») саясаттың кезеңі болды. Қазақ
емлесіне «қазақылық өң» беруге осы зұлматтан аман қалған қазақ
зиялыларының, тіл мамандарының күштері жетпеді, жүректері дау-
аламады деуге болады. Әдетте жаңа қабылданған емле қағидаларын
бірте-бірте түзете беруге болатыны белгілі. Бірақ мұның да реті
келмеді: жаңа жазудың өзі, оның ережелері қабылданып, күшіне ен-
бей жатқан бірер жылдан соң Ұлы Отан соғысы басталды – «байтал
түгіл бас қайғы» кезең туды.
362
Кириллицаны қабылдап, оның емлесінің ең алғашқы ереже-
лерімен жазу тәжірибеміз 10 шақты жылдың ішінде біраз орын
тепті. Сондықтан 1957 жылы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі
ережелерінің едәуір реттелген ішінара түзетілген, теориялық негіз-
дері көрсетілген Жаңа редакциясы» ұсынылған болатын. Бірақ
мұнда да бөгде тілдік сөздердің жазылуы түбегейлі өзгеріссіз қалды,
олардың тұлғасы қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына
сәйкестендірілмеді. 1957 жылдардағы қазақ жазба дүниесін реттеуді
қолға алған қазақ тіл мамандары тағы да батылдыққа бара алмады.
Оның да себебін көруге болады. 1951-1952 жылдардағы «халық жа-
уларын» іздеп, Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, А.Жұбанов,
Б.Сүлейменов, І.Кеңесбаев және т.б. сияқты қазақ ғалымдары мен
қайраткерлерінің біразын 25 жылға жер аударып, бірқатарын Қазақ-
станнан кетуге мәжбүр еткен кезеңі 1957 жылғы тіл, емле мәселеле-
рін дұрыс шешуге жібермегенін білу қиын емес.
Қысқасы, бөгде тілдік сөздерді негізінен «орысша» жазу тәрі-
бімізді 1940 жылдан бермен қарай 60-70 жыл бойы қолданып келе
жатырмыз. Дегенмен бүгінгі кірме сөздердің барлығы сыртқы тұлға-
сын өзгертпей қолданылып жүрген жоқ.
Тілдік кірмелердің қоғамның күнделікті өмірінде жиі колданы-
латындары және сирек жұмсалатындары болады. Сондай-ақ жиі
қолданылатындар күнделікті қарым-қатынаста, оның ішінде сөйлеу
тілінде жиі және еркін жұмсалады. Мысалы, тұрмыстық лексика
сөздері, көпшілікқолды баспа беттерінде кездесетін, радио мен теле-
хабарларда жиі айтылатын жеке атаулар мен кейбір терминдер мек-
теп оқулықтарында жұмсалатын сөздермен бір топ құраса, белгілі
бір орындарда да, мысалы, мамандарға арналған ғылыми әдебиетте,
медицина, химия өндірісі мен күрделі техникалық жұмыс орындары
сияқты жерлерде жұмсалатын жеке зат, процесс атаулары, оның ішінде
техникалық терминдер де кірме тұлғалардың екінші тобын құрайды.
Сондықтан бұлардың жалпыхалықтық тілге ену әлеуеті күшті екені
көрінеді, яғни барлық жерде, барлық әдебиетте, ауызша да, жазба
тілде де қолданыла беретін, көпшілікке түсінікті болып келетін бөгде
тілдік сөздер, біздіңше, нағыз кірме сөздер болып табылады. Олардың
үлкен бір тобы – XIX ғасырдан бастап қолданылып кеткен тұрмыстық
зат, бұйым атаулары (самауыр, шәйнек, шыт, бәтес, кіреует, пәтер,
пәуеске, мұржа, пәкөс); сауда-саттыққа қатысты сөздер (шот, кір,
бақалшік, мәліш (мелочь), сауда); әкімшілік, сот істерінің сөздері (бо-
лыс, старшын, сияз, партия, ояз, шен, закон, сот, кандидат, май-
ыр); ас, тағам, мүлік атаулары (шәй, шекер/секер, кәмпит, бөлке, кар-
топ, әгүршік) болып келеді. Бұлардың барлығы дерлік ауызша тілде
қалыптасқан, сондықтан қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтары
бойынша «сындырылып», «қазақыланған».
363
Қолданысқа түскен сөздің дыбысталуы (айтылуы) жағынан өзге-
ріп, қабылдаушы тілдің дыбыстық-әуендік заңдылықтарына бағын-
ған тұлғалары тек ауызекі сөйлеу тілінде емес, жазба тілде де орын
алуы, яғии трансформациялануы өзге тілдік сөздің кірме стату-
сына ие болуының бір белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бөгде
тілдік қолданыстарды мүмкіндігінше қабылдаушы тілдің дыбыста-
лу заңдылықтарына икемдеу әрекеті жүре түсетіні және байқалады.
Бірақ бұл әрекет қазақ тілінің соңғы 60-70 жылдық даму барысында
өте баяу жүріп келеді. Мысалы, соңғы онжылдықтарда роль, маши-
на, почта, товар, завод, чиновник, артист, станция сөздерін рөл,
мәшине, пошта, тауар, зауыт, шенеунік, әртіс, стансыдеп жазу
орын ала бастады. Жоғарыда айтылды, «қазақыландыруға» бейімдеу
тұратындар – тұрмыстық лексика тобы мен ғылыми-техникалық тер-
миндерге жатпайтын атаулар. Көрсетілген сөздер – осы қатардан.
Бөгде сөздердің фонетикалық пішіні жағынан қазақ тіліне икем-
делуі бірізді емес. Мысалы, артист сөзі әртіс болып қалыптасатын
болса, актер, режиссер, директор, ректор, журналист деген сөздер
неге әктөр, ірежисөр, деректір, ректір, журналіс болып жазылмай-
ды?! Бұлар да – ғылыми терминдер емес, жай атаулар, қолданылу
белсенділігі (жиілігі) «бағынған» сөздермен (әртіс-пен) бірдей.
Бүгінгі қазақ жазба дүниесінде жиі де, сирек те қолданысқа түсіп
жүрген бөгде тілдік сөздердің бір тобын қалай жазылатындығына
қарамастан, кірме сөздер деп қабылдайтын (атайтын) болсақ,
екінші тобын шеттілдік сөздер деп тану керек. Шеттілдік сөздердің
қолданылу аясы тар: олар көпшілікқолды емес, яғни күнделікті өмірде
жиі әрі еркін жұмсалмайды, қалың көпшілікке мағынасы түсініксіз.
Оларды белгілі бір саланың (ғылымның, өндірістің т.б.) мамандары
ғана пайдаланады, белгілі бір әдебиеттерде ғана кездеседі.
Солардың бірі – жаңа приборлардың, құрал-жабдықтардың ат-
тары: стереовизор, радиофон, видеомагнитифон, супер-автомат,
микрокинескоп. Бұл атаулар қазақ тілінде жиі колданылмағанмен,
қазақша баспасөз беттерінде, ғылыми әдебиетте, тіпті оқулықтар мен
оқу құралдарында кездесетіні күмәнсіз. Бензолон, полиэтилен, аэро-
зол сияқты жаңа заттардың осы атаулары да қазақшалауға келмейді.
Дүниеге келіп жатқан жаңалықтардың ішінде ғылыми-техни-
калық, саяси-әлеуметтік терминдерге жатпайтын бір алуан қарапайым
заттардың, құбылыстардың атауларының көп сөзбен түсіндіріп,
атауға тура келетіндері бар. Мысалы, орыс тілінде бройлер деген
шеттілдік сөз бар, ол – «еті мол әрі тез пісетін балапан тауық» дегенді
білдіретін бір сөзді атау. Мұны көп сөзбен, сөз тіркесі арқылы, яғни
аналитикалық тәсілмен атаудан гөрі бөгде бір сөзбен бройлер деп
атаған әлдеқайда ұтымды. Қазақ тілі үшін де солай.
364
Осы сияқты метро құрылысын қазақша «жер астында электр
қуатымен жүретін пойыз» деп көп сөзбен атаудың орнына метро де-
ген бөгде тілдік бір атауды кірме сөз етіп қабылдаған дұрыс. «Болат
т.б. металл қоспасынан жасалған жолдың табаны» деп түсіндірме
атаумен атағаннан гөрі рельс деп шеттілдік бөгде сөзді қабылдаған
орыстардың тәсілімен қазақ тілінде де осылайша атау әлдеқайда
дұрыс, ал жолдың теміржол деп жалпы аталуы – соқпақжол, тас-
жол, сужолы деген сияқты жолдың түрін айырып атайтын жай
тіркес, ал рельс – сол темір жолды жасайтын «құралдың» жеке
атауы, оны «вагондары, паровоз, тепловоздар тағы басқаларының
дөңгелектеріне лайықтап жасалған металл табандар» деп атаудың
орнына бір сөзбен рельс (рельстер) деп қабылдау да кірме сөздердің
қатарында тұрады. «Ақша сақтайтын арнаулы орын» деп көп сөзбен
аталуға тиіс орынды бір сөзбен банк деп атау да осы қатардан табы-
лады. Кірме сөздердің ішінде бұл тақылеттес бірліктер қатары едәуір
баршылық. Қысқасы, белгілі бір тілде кірме лексикалық қабаттың
пайда болуының себептері көп, олар тіл білімінде кеңінен көрсетіліп,
дәлелденіп келеді.
Сөйтіп, қазақ тілінің қолданысына енген жүздеген, тіпті мыңда-
ған бөгде тілдік сөз, оның ішінде көпшілікқолды ғылыми-техника-
лық саяси-әлеуметтік, мәдени-идеологиялык халықаралық тер-
миндер, бірен-саран орыс сөздері орысша тұлғаланып жүргеніне
қарамастан, кірме сөз санатына танылуға тиіс.
Халықтың әлеуметтік-мәдени өмірінде белгілі бір қажеттіктерді
өтей алатын, өтеп отырған бөгде тілдік бірліктер, әсіресе лексикалық
топтар едәуір уақыт орын алып келе жатса, олар еркін әрі жиі
қолданылатын болса, бұларды сол тілдің сөздік қазынасына қоспау
дұрыс емес. Тілтанушылар, әсіресе қазақ тілінің орфографиялық,
орфоэпиялық, екітілдік, түсіндірме сияқты сөздік түрлерін жасау-
шылар (түзушілер) жүздеген, тіпті мыңдаған бөгде тілдік термин
сөздерді орысша орфограммасымен реестрге шығарып ұсынып
келе жатыр. Мұндағы мақсат – қазақ жазба үлгілерінде, әсіресе
баспасөз беттері мен әр алуан ғылыми еңбектерде жиі не сирек бол-
са да әйтеуір кездеседі деген сөздердің дұрыс жазылуын білу үшін
орыс тілінің орфографиялық сөздігіне қоса үңіліп отыру әрекетінен
құтқару еді. Қазіргі қазақ тілінде актив қолданыста жүрген сөздердің
көбі «бөгделік» тұрпаты (орфограммасы) сақталған бірліктер болып
шығады.
2006 жылы ұсынылған «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін»
алсақ, мұнда «орысша» жазылған «орыс» сөздері (дені интертер-
миндер) аз емес. Әсіресе емле сөздіктерінде бір сөздің әртүрлі
жұрнақтармен келетін түрлері түгел сөзтізбеге түсетіндіктен,
365
бұлардың саны тіпті көп болып шығады. Мысалы, бір ғана баланс
деген сөзден туындаған балансир, балансирлер, балансирлеуші, ба-
ланстау, балансты, баланстық деген 7 сөзтізбе (реестр) болып
тіркелген. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, тіпті екі тілді
сөздіктерінде орысша тұлғадағы сөздер көп деп сын айтушыларға
бұл факт дәлел болып көрінеді. Айталық, а әрпіндегі сөзтізбеде
қазақ сөздерімен тіркескен авиа, авто, агро, аэро тұлғалы сөздерді
қосқанда, бір ғана а әрпіндегі «орыс» сөздері жүздеген санға жетіп
тұрғанын көруге болады.
Бүгінгі қазақ тілі қажетін өтеп, оның сандық, сапалық байлығын
көрсететін бөгде тілдік бірліктер сыртқы тұрпатына (жазбадағы
пішініне) қарамай, қазақ лексикасындағы жаңа бірліктер болып са-
налады. Тілдің дамуы, жетілуі не әлсіреуі, сөздік қазынасының баюы
не кемуі алдымен оның әлеуметтік қызметімен белгіленеді. Төл сөз
болсын, бөгде тұлғалар болсын белгілі бір сөздер қоғам өмірінде
қолданылып, орнығып, коммуникативтік қажеттікті өтеп отырған
болса, оларды тек жазба тілдегі орфограммасына қарай бағалау
(тану) – біржақты, жеткіліксіз критерий болары айқын.
Сөз жоқ, жазба тілдің табиғаты мен қолданысында жазу факторы-
ның орны бар, дегенмен сол жазу үрдісінің тіл дамуының әр кезеңін-
де әр алуан ішкі (лингвистикалық) және сыртқы (экстралингвис-
тикалық) факторлардың күшімен жүретіндігін ескеру де аса қажет
екендігін мойындауға тура келеді.
Міне, лексиканың төл және кірме қабатын анықтауда көңіл ауда-
ратын мәселенің бірі осындай.
Белгілі бір тілдің (тілдердің) онтогенездік дамуы, яғни өзіне «Құдай
бұйыртқан» тәртіптерді басынан кешіріп, жеке дамуы барысындағы
жоғарыда айтылған «советтік дәуір» «жазмышын» ескере келіп, өзге
де түркі тілдері сияқты қазақ тілінің кірме қабатын «орысша» жазы-
латын мыңдаған тұлғалар (сөздер) құрайды деп табамыз. Бұл таным
кириллицаға негізделген орыс әліпбиінің қазақ жазуы қолданылып
отырған бүгінгі кезеңге тән. Ал жазу үрдісі өзгерген, айталық, ла-
тын графикасын қабылдаған күнде бұл қағиданың (танымның) сәл
өзгерері даусыз.
Сөйтіп, бүгінгі таңдағы қазақ тілінің қолданысындағы мыңдаған
бөгде тілдік атаулар мен терминдерді кірме элементтер (сөздер) деп
есептеуіміз керек.
Фонетика саласындағы шартты түрдегі кірмелер, жоғарыда да ай-
тылды, ф, х, в, ч, ц дыбыстары деуге болады.
Бұлар да – кірме сөздердің ғана құрамында кездесетін құбылыс.
Бұлардың бірқатары, мысалы, ф, х, в дыбыстары графика өзгерген
күнде де сақталуы қажет.
366
Морфология мен синтаксис саласында кірме элементтер арнайы
іздестіруді, талдауды керек етеді. Біз әзірге даусыз фактілердің бірен-
саранын ғана көрсете аламыз. Олар авто, аэро, авиа сияқты сөзалды
форманттардың қазақ сөздерімен қолданылуы, мүмкін, ішінара сөз
құрылымына енгізілгеп морфологиялық жаңалық болар.
Достарыңызбен бөлісу: |