заңдылығы. Екі түбірді «жонып, қырқып», біріктіріп бір сөз етіп
ұсыну – тіл күшін үнемдеудің нәтижесі. Дербес мағыналы түбірлерді
біріктіріп, бір тұлға етіп жұмсау тәсілінің көрнекті жері – орфограм-
мада (сөздердің жазылуында). Сөз тіркесіндегі компоненттерді басқы
дыбыстарынан, басқы буындарынан қысқартып қысқарған сөз де-
ген тұлға жасау қазақ тілінде тілдік амал ретінде соңғы онжылдықта
күшіне енді, бұған дейін АҚШ, СОПК, БҰҰ, КСРО сияқты бірен-
сараны қолданылып келген болатын. Енді, негізінен, баспасөз тіліне
тән үнемдеу тәсілі ретінде күнделікті газет-журналдар бетінде
қысқарған сөздер жиі көрінеді. Түсініктілік үшін кейде мәтіннің
бір тұсында номинация-тіркестің өзі ашық беріледі де ары қарайғы
баяндау барысында мәтінде қысқартылған таңба (сөз дегеннен гөрі
шартты таңба деуге де болар) қолданылып кетеді. Мысалы, ЖЗҚ-
ның табыстылығы (Жинақтаушы зейнетақы қоры), ЖАҚ (Жабық
акционерлік қоғам).
Ал көбінесе, өкінішке орай, мүлде бейтаныс, яғни қандай сөздерден
қысқарғаны белгісіз әріп таңбалы «сөздер» де жиі қолданылады.
Мысалы, Ашғабадта болатын Каспий маңы мемлекеттері басшы-
ларының саммитінде АӨСШК және ШЫҰ шеңберіндегі мемлекет
басшыларының кездесулері кезінде талқыланатын мәселелер де
қарастырылды деген сөйлемдегі АӨСШК, ШЫҰ деген қысқартулар
нені атайтынын екінің бірі бірден айта алмайды. Дегенмен тіркес
сөздерін қысқартып, атау жасап, үнемдеу тәсілін қолдану дағдыға
айналып бара жатқанын бұл күні баспасөз беттерінде жиі көрінетін
(бұрынғы АҚШ, БҰҰ дегендерді есептемегенде) БАҚ (бұқаралық
ақпарат құралдары), ААҚ (ашық акционерлік қоғам), ҚР (Қазақстан
Республикасы), ҒА (Ғылым академиясы), ТМД (Тәуелсіз Мемле-
кеттер Достастығы) сияқты таңба-сөздер ешбір «расшифровкасыз»
қолданыла береді. Демек, тілдің ішкі үнемдеу заңының бұл көрінісі
қазақ тілі тәжірибесінде нық орын ала бастады деуге болады.
Үнемдеудің үшінші түріне суреттеме (аналитикалық) жолмен
(көп сөзбен) берілетін ұғымды бір сөзбен атау үшін бөгде тілдік бір
сөзді пайдаланушылық жатады. Мысалы, орыс тілінде «етті қылып
өсірілетін балапан» деген көп сөзбен білдірілетін ұғымды бір сөзбен
айту үшін бройлер деп бөгде тілдік сөзді қолданады, сірә, біз де бір
сөзбен айтуымыз керек болса, осы бройлер дегенді қолданатын бо-
376
лармыз, не «етті балапан» деген сияқты тіркеспен білдірерміз, бірақ
соңғы варианттағы үнеміміз шамалы, тіпті жоққа тән болмақ.
Ықшамдаудың келесі түрі – ықшам немесе сығымдалған
қолданыстар деуге болады. Бұл – қазақ тілінде сирек кездескенмен,
бар құбылыс. Мысалы, «бала бес жасқа толды» деудің орнына «ба-
лам бесте» дейміз. Бұл амалмен үнемделген жаңалықтар да көп емес.
Солардың бірі ауызекі тілде кездесетін «балам бес оқиды», «балам
жетіге көшті» деген сияқты қолданыстарды айтуға болады.
Тілдің неологизмдер тудыратын ішкі заңдылықтарының пәрмен-
ді және өнімді түрі – белгілі бір атаудың (көбінесе зат есімнің) ба-
ғалауыш немесе сипаттама сыңарын ұсыну. Бұл – тілдің эстетикалық
сұранысын өтейтін амал. Бір ұғымды (затты, құбылысты, ішінара
іс-әрекетті) бейнелеп, бағалап (құрметтеп), сипаттап (әспеттеп не
кемсітіп дегендей) атау – қай кезеңде де қолданылатын заңдылық. Ал
баспасөз өркендеген кезде радио, теледидар сияқты көпшілікке ха-
бар тарататын көздер дүниеге келіп, қарқынды жұмыс істей бастаған
кезеңдерде, қалың оқырманға ақпаратты әсерлі етіп ұсынуда сөздер-
дің бағалауыш, сипаттама сыңарлары дүниеге келеді. Мысалы, мем-
лекет басшысы ресми түрде Президент деп аталса, сол Президентті
зор құрметпен атау үшін Елбасы деген бағалауыш сыңары жасалды
(орысша мұндайларды «слова-оценки», «характериологические на-
звания» деп те атайды).
Бұл күнде қазақ тілі тәжірибесінде, әсіресе баспасөзде номи-
нативтік (лексикалық) атауымен қатарласа бағалауыштық (бейнелі,
қосалқы) атаулары жиі қолданылып жүр. Бұлардың қатары едәуір:
отбасы деген әдеби атаудың жанұя деген варианты дүниеге келді,
бұл да – нормативтік (нормадағы) сөз емес, бағалауыш сөз, отбасы
дегеннің көрікті, экспрессивтік (әсерлі) сыңары. Сондай-ақ о ба-
ста космос деген интертерминді ғарыш деп, космонавт, аэронавт
дегендерді ғарышкер деп қазақшалағанда, оларды бейнелеп атау
үшін тапқан болармыз, әйтпесе ғарыш сөзі «космос» ұғымын дәл
бермейді, ол араб тілінде – тақ (Құдай отырған аспандағы тақ), ау-
ыспалы мәнде «көк, аспан», ал космос – тіпті аспан да емес (аспан
– тек Жер планетасына қатысты кеңістіктің атауы), оның ғылыми
терминдік мағынасы әлдеқайда кең, ғылымның космология саласы
тек жердің айналасындағы көкті, жердің аспанын ғана зерттемейді
ғой (ал ғарыш сөзінің космос терминінің таза баламасы ретінде жиі
қолданылып, әдеби нормаға айналып бара жатқаны – өз алдына бөлек
мәселе).
Сипаттама, бағалауыш атаулар бұрыннан да бар болатын, мысалы,
көмірді қара алтын, мақтаны ақ алтын, тауықты қанатты түлік деп
атау публицистикада жиі қолданылып келе жатқанын айтуға болады.
377
Бүгінде жаңа сөздер деп жүргендеріміздің шағын тобы – осын-
дай бағалауыш, сипаттама бірліктер. Олардың пайда болуы заңды,
сұраныстың да жөні бар: бұларды ең алдымен жасайтын да, қол-
данатын да орын – баспасөз, ішінара ауызекі тіл болуы мүмкін. Гәп
– олардың едәуір көп мөлшерде пайда болуында емес, жұмсалатын
орындарын шатастыруда. Жанұя сөзін кез келген сәтте отбасы
сөзінің орнына жұмсауға болмайды: ол көтеріңкі (пафосты) үні
бар тұстарда айтылғаны жөн. Бұл – әрине, сөз мәдениетіне, тілдік
норманың сақталуына қатысы бар бөлек әңгіме.
Тіл дамуының, оның лексикасын соны бірліктермен толықты-
ратын ішкі заңдылықтарының және біреуі жұмсалу аумағы тар
жергілікті сөздердің әдеби дәрежеге ие болуы, кейбір қарапайым
сөздердің де осындай қозғалысын тілдің өз тәртібі реттеп отыра-
ды. Мысалы, шылаулардың өнімді жұмсалуы – жазба тілдің жемісі,
демек, шылаулардың жаңа тұлғалық түрлерінің қосылуы немесе
жаңаша қызмет атқаруы да неологиялық көрініс болмақ. Мысалы,
соңғы онжылдықтарда ауызекі тілден (сірә, жергілікті сипаты да жоқ
болмас) дей тұрғанмен шылауы дегенмен вариантының синонимі
ретінде қолданыла бастады. Бұл – бірақ өте сирек кездесетін құбылыс.
Жаңа сөз жасайтын ішкі факторлардың ең күштісі де, өнімдісі
де – сөз мағынысының ауысуы: кеңеюі, тарылуы, тіпті мүлде жаңа
мағынаға ие болуы, сондай-ақ үстеме мағыналық реңк алуы.
Сөзден жаңа мағына тудырудың бір жолы – сөздерді тіркестіріп
жұмсау.
Лексикалық жаңалықтарды сөз еткенде, тек дара тұлғаларды ғана
емес, тіркеспен келген, көбі терминдік дәрежеде тұрған тіркестерді
де есепке алу керек. Оларды лексикалық тіркес деуге болады.
Лексикалық тіркес арқылы жаңа ұғымды атау – қазақ тілі үшін
табиғи (лингвистикалық) құбылыс. Бірігіп барып кірігіп (дыбыстық
өзгерісгерге ұшырап) кеткен бүгін (бұ(л)+күн), быйыл (бұ+йыл),
сөйтіп (солай+етіп), көгал (көк+алаң) сияқты тіркестерді былай
қойғанда, экстралингвистикалық фактордың ықпалымен дүниеге
келген кәсіподақ (кәсіпкерлер одағы), баспасөз (басылып берілген
сөз), күнкөріс («өмір сүру» мағынасында күн көру), жанталас (жа-
нын сақтау үшін күресу, таласу), бойжеткен (бойы жетіліп өскен;
өткен ғасырлардағы өлең-жырларда бойға жеткен тұлғасында
келеді), есалаң (есі адасып алаңдаған) т.б. сияқты бұл күнде біріккен
сөз түрінде тұлғаланып жүрген жеке-жеке бірліктердің бәрі де
тіркестерден шыққан.
Осы амал бүгінгі жаңа сөздердің, тіпті терминдердің жасалуында
үлкен орын алады. XX ғасырдың 30-40-жылдарынын бермен қарай
қолданылып келе жатқан оттегі, сутегі, үшбұрыш, тікбұрыш,
378
қылтүтік, қылтамыр деген химия, геометрия, ботаника тер-
миндерінен бастап, бұл күнде біріккен сөз дәрежесінде (белгісінде)
көрінетін жағажай, саябақ, тәттідәм, гүлсағақ, гүлдесте, гүл-
шанақ, бунақденелілер, жолсерік, кірепұл, орынтақ, түпсана (под-
сознание), мәнмәтін (контекст) сияқты жаңа сөздердің түпнегізі
тіркес екені айқын. Мұндай біріккен сөздердің жасалу амалдары,
оларды жасайтын компоненттерінің семантикалық-функционалдық
сипаты арнайы зерттеліп, жақсы түсіндірілді (Р.Сыздық Тілдік нор-
ма және оның қалыптануы. - Алматы: Елорда, 2001) атты кітаптағы
Қ.Күдеринованың «Құрама сөздер және олардың емлесі» атты
қосымша материалын қараңыз). Сөз тіркесі арқылы 1970 жылдарда
пайда болған жаңа сөздер (біріккен сөз ретінде қосылып жазылған-
дары да, тіркес ретінде берілгендері де) «Қазақ лексикасындағы жаңа
қолданыстар» деген атпен 1983 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан
жұмыста тіркелген болатын. Мысалы: мұндағы ақжайма, Ақшақар,
аскөгі (кейін: аскөк), балабақша, басқосулар, гүлтәж, жағажай,
жаяусоқпақ, желаяқ, жолсерік, көкөніс, күйтабақ, мұзойнақ де-
гендер тіркестен барып біріккен сөзге айналған неологизмдер бол-
са, аграрлық-өнеркәсіптік бірлестік, алтын той, астам держава,
бұқаралық информация (кейін – ақпарат) құралдары, дөңгелек стол
(кейін – үстел), материалдық көтермелеу, шетке шығару (экс-
порт), шеттен келтіру (импорт) сияқты атаулар – бір семантикалық
құрылым ретінде терминдік мәндегі тіркес неологизмдер. Осы әдіс
әрі қарай да жалғасып, бұл күнде, яғни соңғы 10-15 жылдың бары-
сында бетесеп (лицевой счет), аққандылық (белокровье), ғаламшар
(планета), нәруыз/ақуыз (белок), іссапар (командировка), сауалнама
(анкета), орамжапырақ (капуста), тұсбағдар (компас), үйқамақ
(домашний арест) сияқты біріккен сөздер мен бос орын (вакан-
ция), ұлғайтатын қоләйнек (лупа), сынақ-тәжірибе (эксперимент),
сыбайлас жемқорлық (коррупция), жылжымайтын мүлік, атау-
лы көмек, сынақ алаңы, ұялы телефон, тұтыну қоржыны сияқты
неологиялық тіркестерді таба аламыз. Демек, соңғы жылдарда тілдің
ішкі заңдылықтарының бірі – аналитикалық тәсілдің бұрынғыдан
күштірек жанданғаны байқалады, бұл амалдың жаңа бірліктер жасау-
да кеңінен қолданылып отырғаны көзге түседі.
Тіл дамуының ішкі мүмкіншіліктерінің тағы бірі – сөз мағынасы-
ның кеңеюі мен тарылуы болса, мұның екеуі де неологизмдердің
жасалуында кеңінен болмағанмен, орын алып келеді. Айталық, ашу-
лар (ұлы географиялық ашулар) сөзінің нақты қимылдық мағынасы
(есікті ашу, терезені ашу дегендегі сияқты) кеңейіп, дерексізденіп,
«жалпы жаңалық ашу» деген ұғымды атауға жұмсала бастады. 1985
жылғы тіркеуде бұл термин ашылым болып туынды тұлға ретінде
379
көрсетілген болатын. Бірлік сөзінің мағыналық қозғалысы тіпті
қызық: бұл сөздің негізгі мағынасы – нәрсенің біреу екендігін (мы-
салы, Алланың бірлігі, барлығы) атайтын дерексіз ұғымдағы сөз,
екінші мағынасы – «бір мақсатты, бір идеяны көздеушілердің іс-
қарекеті» (ауызбірлік, «бірлік болмай тірлік болмайды» дегенге көңіл
аударыңыз), енді осы екі мағына әрі қарай кеңейіп, «тұтас дүниенің
(нәрсенің, заттың т.т) құрамды бөлігі», мысалы, лексикалық бірлік –
единица – сөз, жылу (физика термині), тозаң (радиациялық тозаң
дегендегі), сұлба (география, геометрия термині), жылыстау (ми-
грация), алап («өңір» мағынасында: Сырдария алабы), нысан (объ-
ект), мұзбасу кезеңі деген сөздердің жаңалығы – мағыналарының
кеңеюінде, бұрынғы мағыналарынан тыс екі-үш тың, көбінесе
терминдік мағынада жұмсалуында.
Тіл дамуының ішкі заңдылықтарының және бірі – ықшамдау,
үйлестіру, үнем немесе үнемдеу заңдары екендігі жоғарыда аталды.
Бұған сөздің тұлғасын ықшамдау, мағынасын тұрақтандыру сияқты
тілдің өз «қарекеттері» жататыны мәлім. Бұның көрінісі алдыңғы екі
құбылысқа қарағанда әлсіздеу. Сірә, сөз тіркесіндегі екі компонентті
біріктіру арқылы жаңа бірлік жасағанда, компоненттердің біреуінің,
кейде екеуінің де семантикалық, синтаксистік қатынастарын таны-
татын жалғау-жұрнақтарды ықшамдау) (алып тастау) тәсілі жиірек
кездеседі. Мысалы, айнамұз («каток» мағынасындағы) неологизмі
о баста «айнадай (жарқыраған, біртегіс, жалтыр) мұз» болса ке-
рек, бұл жерде теңеу жұрнағы қысқарған; әнұран неологизмі –
«әнмен білдіретін ұран» (мақсат, мұрат, идея) деген тіркестің әбден
ықшамдалған варианты; әуежай («әуеде ұшатын ұшақтар орнала-
сатын, қонатын орын-жай»), саяжай (жанға сая беретін жай, орын),
тілашар (бейтаныс тілді үйренуге жол ашар әрекет – үйрету, оқыту,
көрсету т.т.) Біздің ойымызша, соңғы 70-80 жылдың барысында
жаңа сөз жасауда сөздердің семантикалық, грамматикалық құрылым
тұрпатын бұзып, қысқарту амалы актив қолданылып келе жатқан
сияқты.
Тәуелдік жалғаулы сөз бен алдындағы ашық, жасырын тұлғадағы
ілік септіктегі сөздің жалғаулары түсіріліп, екеуі кірігіп (бірге, бір дем-
мен) айтылуы – қазақ тілінде бұрыннан бар табиғи заңдылықтардың
бірі. Мысалы, келсап (келінің сабы), қаламсап (қаламның сабы),
қаламұш (қаламның ұшы), қызойнақ (қыздардың ойыны), жолайырық
(жолдың айырығы), көзкөрген (көздің көргені) дегендердің моделі-
мен бірқатар тәуелділікті тіркестерді (изафеттерді) ықшамдап, яғни
қосымшаларын қысқартып айту және жазу үрдісі бағыт ала бастаған
сияқты. Мұның бір көрінісі жаңадан өңделіп түзіліп жатқан сөздерде
байқалады. Мысалы, 2005 жылы шыққан 9-сыныпқа арналған био-
380
логия оқулығында бұрыннан сутегі, оттегі, көміртегі деп жасалған
химия терминдері сутек, оттек, көміртек деп изафеттік құрылысты
(тәуелдік жалғаулы тіркес тұрпатын) алыпты. Осы сияқты соңғы
жылдарда жиі көріне бастаған: кірепұл (кіренің пұлы), жолсерік
(жолдың серігі), түпбейне (бір нәрсенің түбінің бейнесі – прообраз).
Тілдің өз тәртібімен ілгері жылжу процесінде сөз тудыру-
шы жұрнақтардың кейбіреулерінің активтенуі байқалады. Соңғы
мыңжылдықтарда белгілі іс-әрекеттің субстантивтенген, яғни заттық
(зат есімдік) атауын білдіруде ым/ -ім жұрнағы өте жиі жұмсала ба-
стады. Қазақ тілі үшін спектакльдің қойылымы, сенат мәжілісінде заң
жобасының оқылымы, жинақ кассасындағы салым, сөзжасам, айна-
лым, ашылым, жарияланым (публикация), ауысым (смена) дегендер
– жаңа тұлғалар, бұрын етістіктің субстантивтенген түрі көбінесе
-у жұрнағымен берілетін: спектакльдің қойылуы, заң жобасының
екінші рет оқылуы, жинақ кассасына ақшаның салынуы, сөз жа-
сау түрінде айтылып, жазылатын, өйткені -у жұрнағымен келген
етістік тұлғасында заттық семантика (субстантивтену) бары есеп-
ке алынатын, бірақ оларда қимылдық мағына үзілмейтін, ал -ым
жұрнағымен берілген сөздерде таза субстантивтік (заттық) мағына
танылады. Демек, жұрнақтардың қызметін дәл пайдалану – тілдің
өз сұранысы деу керек. Мұны тек -ым жұрнағының активтенуінен
ғана емес, өзге де -гер (иегер, тәлімгер, ардагер, атомгер), -ма
(бағдарлама, дәйектеме, кепілдеме, топтама), -ман (оралман, алар-
ман, базарман) деген жұрнақтардың да өнімді аффикске айналып
отырғаны дәлелдейді. Бұларды жаңа сөз жасаудың мықты амалына
айналдыру әрекетінің нәтижесінде 70-80-жылдарда көрініп, бірақ
кейін қолданыста орнықпаған газеткер, бұйырман (заявка), бағагер
(ценитель), дайындама (заготовка), даярлама, талдама (разработка),
жалаугер (флагман), жариялама (репортаж), жеңіскер (чемпион),
жоспарлама (планерка), зерттеме (разработка), киногер (кинемато-
граф), мазақтама (скетч), мақсаткер (целеустремленный), сүйермен
(болельщик), сығымдама (слиток металла), танымгер (знаток, ма-
стер), хабаргер (әскери тыңшы, разведчик), шығарылым (выпуск)
деген тұлғалар да жасалып, бір-екі рет баспасөз беттерінде көрініп
немесе ұсынылып жүрді. Олардың әдеби нормаға кіре алмаған
себептері әрқилы: бірқатарының сәттілеу варианттары қоса не кейін
ұсынылып, солар ығыстырды, енді бірсыпырасының мағынасы
білдірмек ұғымға сай келмеді т.т. Көрсетілген жұрнақтармен қатар
хана, нама, наме, хат, жай сөздерінің сөз тудырушы элемент болып,
аффикстік қызметте жұмсалуы жүйелі түрде кездесе бастады. Бұл да
– таза лингвистикалық фактор.
381
Көрсетілген сөздер мен жаңа бірліктердің кейбіреулерінің жасалу
уәждері экстралингвистикалық болуы мүмкін. Мысалы, сенімхат,
әсемхат (открытка), жеделхат (телеграмма), дабылхат, дерекнама,
өмірнама, ғарышнама, жаднама, тарихнама, сапарнама, мадақнама,
жылыхана (оранжерея), зертхана (лаборатория), мәйітхана/өлікхана
(морг); көшетжай (рассадник), жағажай (пляж), саяжай (дача)
сияқты жаңа атаулардың пайда болуы сыртқы талаптарға байланы-
сты.
Лексикалық мағынасы бар сөздердің сөз тудырушы қызметке
жүйелі түрде (бірнеше сөз қатарын түзіп) кірісуі процесс (амал)
ретінде тілдің өзінің заңдылығы болса, бұл жолмен жаңа сөз
жасаудың уәжі экстралингвистикалық факторлар болуы да мүмкін.
Айталық, жылыхана, зертхана, мәйітхана, көшетжай, жағажай,
саяжай сөздері білдіріп тұрған ұғымдар (заттар) – қазақтың тұрмыс-
тіршілігінде бұрып болмаған тың дүниелер.
Тіл-тілдің қай-қайсысында да сыртқы экстралинвистикалық
фактор тіл дамуының ішкі өз заңдылықтарына әсер етіп, ол заңды-
лықтардың жаңа түрлерін туғызуы немесе барларының кейбірін
жандандыруы не әлсіретуі мүмкін. Мұны бүгінгі қазақ тілі фак-
тілері жақсы көрсетіп отыр. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қазақ
лексикасының жаңа сөздермен толығу процесінде аффиксация
(жұрнақ жалғау), сөз мағынасын ауыстыру сияқты бұрынғы тәсіл-
дермен қоса сөз біріктіру мен бірқатар мағыналық сөздерге сөз туды-
рушы қызмет арту (сөздердің парадигматикалық класын түзу) амалда-
ры активтеніп отыр. Сөз біріктіру тәсілі әсіресе пәндік және ғылыми
терминдерді жасауда өте-мөте көзге түседі. Бұған, мысалы, биология
оқулықтарындағы өсімдік, аң-құс аттарының көбінің екі түбірден
жасалып, бұрыннан біріккен сөз ретінде жазылуы дәлел (қырықаяқ,
итбалық, қозықұйрық, қарақұс, жалбызтікен, қырықбуын). Осы
үлгімен аң-құс, өсімдік, балық, құрт-құмырсқа сияқтылардың тұқы-
мын, класын және басқадай классификация түрлерін атау үшін екі
түбірдің тіркесін алып, оларды біріккен тұлға етіп терминдеу
заңдылыққа айналды: жарғаққанаттылар, буынаяқтылар, ішек-
қуыстылар, сүтқоректілер. Соңғы жылдарда ұсынылған нәруыз
немесе ақуыз (белок), орамжапырақ немесе қырыққабат (капу-
ста) сияқты қазақша жаңа атаулар да екі сөзден тұратын тіркестен
біріктіріп бір сөз жасау – бұрынырақтан келе жатқан дәстүрді әрі
қарай жалғастыру болып танылады.
Міне, қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болу уәждері, себептері
және кезеңдері, бұл кезеңдердің ең соңғысы – кейінгі 10-15 жылдағы
сипаты осындай.
382
Жаңа сөздердің жасалу көздері
Соңғы кезеңде де қазақ тілінің лексикалық бірліктерін жасай-
тын көздер, алдымен, қазақ тілінің өз мүмкіндіктері, екінші, бөгде
тілдер. Соңғылардың ішінде интернационалдық қор, ішінара орыс
тілі (бұл – қазірде өте сирек), некен-саяқ өзге түркі тілдері (ұшақ,
ақпарат, мәтін, сынып сияқты бірлі-екілі сөз түрік, ұйғыр тілдері
қолданыстарынан алынғаны байқалады, соңғы үш сөз – араб тілінікі,
олар бұл күнде өзге түркі тілдерінде актив қолданылып келген)
сияқты бөгде тілдік қор болып отыр. Әсіресе ғылым мен техниканың,
экономиканың, өндірістің соңғы онжылдығында көрінген жаңа-
лықтарын, оның ішінде компьютерленуге, информатиканың түр-
ленуіне қатысты сөздерді қанша қашқақтасақ та, халықаралық ортақ
қордан алып отырмыз: компьютер және оған қатысты өзге атау-
лар дискет, файл, веб-сайт, факс, интернет, сол сияқты өзге де
салалардағы бюджет, менеджер, акциз, тендер, инвестор, аудит,
транш, маркетинг департаменті, фирма, компаниялар, резюме
(өтініш жазушы адамның өзі туралы мәлімет), телекоммуникация,
вахталық жұмыс, технология, консорциум, конденсат кен орны
сияқты сөздер бүгінгі баспасөз беттерінен орын алды. Бұлар – бүгінгі
қазақ тілі қазынасынан орын алған кірме деп аталатын үлкен топ.
Бөгде тілдік кірме сөздер туралы ілгеріде айтылды.
Бұлардың бірен-саранын қазақшалау әрекеті бірер жерде көрініп
қалады. Мысалы, жұмысқа орналасу сияқты әрекеттерде ұсыныла-
тын резюме деген қағазды түйіндеме деп беріпті.
Ал неологизмдердің келесі тобының көзі – қазақ тілі қазынасы.
Олардың дені жаңа ұғымдарды (қазақ мәдениеті үшін жаңа, әйтпесе
ол ұғымдардың көбі европа халықтары мен орыстар үшін қолданыс-
та көрінетін бірліктер ғой) қазақша атауға жатады, бірақ сан жағынан
олар аса көп емес. Мысалы, шаруашылығымызды, қоғамдық тәртіп-
терімізді капиталистік қарым-қатынасқа енді көшіріп жатқан қазақ-
тар үшін жаңа болып табылатын ұғымдар мен заттардың атаула-
ры, айталық, приватизация дегенді бұрын біз білген емеспіз, оны
қазақшалап жекешелендіру деп алдық. Сол сияқты спонсор дегенді де
бұрын білген емеспіз, оған демеуші деген жаңа сөз алдық. Бұрынғы
тіршілігімізде бір орында тұратын үй, өндіріс орны, мекеме жайы
т.т. дегендердің өздері дүниеде бар болғанымен, оларды жылжы-
майтын қор деп мүліктің иелігін анықтауда, заң істерінде, құжаттар
жүргізуде қажет нысан ретінде атау енді туып отыр, демек, оның
термині де (атауы да) жаңа, ол да қазақ тілінің өз мүмкіндігінен
жасалған.
Іс-әрекеттің, заттың, құбылыстың өзі болғанмен, оның күнделікті
қоғам өмірінде әлеуметтік-реттеушілік мән алуы, яғни жиі сөз бо-
383
лып, активтене түсуі енді-енді көріне бастағандары болады. Мыса-
лы, бір нәрсені тізімге алу тәртібі жандана бастағандықтан, осы іс-
әрекеттің заттық атауы (опись) үшін тізімдеме деген жасанды тұлға
қолданыла бастады. Бұл қатарға лездеме (бұл – бұрынырақ енгізіле
бастаған сөз, орысша «пятиминутка» деген қарапайым атаудың
қазақша эквиваленті), ермектеме (сконворд), абаттандыру (бла-
гоустройство) (бұл сөз көбінесе Астана сияқты қалаларға қатысты
жиірек қолданылып жүр), әлемдік ашылулар (глобальные открытия).
Бұлардың жаңалығы – олар білдіретін ұғымдардың (заттардың, іс-
әрекеттердің) термині болып танылатын жаңалығында, яғни ашу,
ашылу етістігі аса кәнігі, таныс сөз, ал одан жасалған ашылулар
тұлғасы бүгінгі адамзат болмысында, оның ішінде ғылым мен тех-
никада, жалпы таным-білімде ашылып жатқан жаңалықтар деген
ұғымды атайды.
Тілдегі жаңа сөздердің бір көзі – орыстың өз тіліне келсек, мы-
наларды атауға болады. Бұрынырақтан келе жатқан ведомство, на-
секомдар (мұны бунақденелілер деп атаушылық бар), ось (мұны
соңғы кезде кіндік деп атау ұсынылған, ал Х.Досмұхамедов жердің
өз шүлдігінен айналуы деп берген), ядро, шар, станция (бұл сөз
станса деп шала қазақшаланып жүр: егер сөздің өзіне тимей, сыртқы
тұлғасын қазақшалау керек болса, ыстансы болу керек), тепловоз,
паровоз, шахта (мұны да үңгі деп атауды жөн көретіндер бар) деген
5-10 сөз болмаса, көптеген орыс тілінің сөздері, әсіресе тұрмыстық
лексикаға жататындар (простыня, медсестра, наушник, значок, ван-
на, кнопка, варенье, печенье сияқты сөздер) бұл күнде қазақша бала-
масы жасалып, жаңа қолданыстар санын өсіріп отыр.
Қазақ тіліндегі жаңа бірліктердің тағы бір көзі – жергілікті
ерекшеліктер деп аталатын диалектизмдер. Сан жағынан, бұлар да
– көп емес, дегенмен қазіргі егемен, ұжым, кешен, зілзала сияқты
бес-он сөз бұрын Қазақстанның белгілі аймақтарында жұмсалатын,
жалпыхалықтық әдеби нормадан шеттеу тұратын сөздер болса, бұл
күнде олар өте өнімді жұмсалатын бірліктер болып, әдеби тіл норма-
сынан орын алып отыр.
Жаңа лексикалық бірліктерге жататын сөздердің бір тобын гене-
тикалық «жартыкеш» тұлғалар, яғни алдыңғы сыңары авиа, авто,
аэро, кино, изо, супер, аудио, инфра, эко, пост т.б. сияқты сөзалды
тұлғалардың қазақ сөздерімен бірігіп жасалған жаңа бірліктер
құрайды. Бұл топ қазақ тілінің лексикалық қазынасында XX ғасыр-
дың 30-40-жылдарынан бастап орын алған болатын, сондықтан бұлар-
дың сөздіктерде көрсетілгендері жалпы қазақ тілі үшін жаңа тұлғалар
болғанмен, соңғы 10-15 жылдың барысында пайда болғандары аса
көп емес, барлары негізінен кибернетика, компьютерлену, ин-
Достарыңызбен бөлісу: |