кер жұрнағы активтенгені байқалады. Мысалы, баспагер – издатель,
атомгер – атомщик, бітімгер – миротворец, мерейгер – юбиляр, сая-
саткер – политолог, қаскер – браконьер, ғарышкер – космонавт.
XX ғасырдың 70-80 жылдарында -ман аффиксін жандандыру
әрекеті байқалды. Мысалы, XX ғасырдың 50-жылдарында пайда
болып, бірте-бірте қалыптасқан оқырман, көрермен сөздерінің жа-
салу уәжі өмірде жиі кездесетін екі түрлі мағынаны ажыратып атау
қажеттігі туғанына байланысты. Мектепте оқитын шәкірттерді жал-
пы кітап, газет оқитындардан айырып атау керек болды. Бұған, сөз
жоқ, орыс тілінің аударма әдебиетінің қолданыстары да әсеріп тигізді:
мектеп оқушысы (орысша – ученик) оқушы тұлғасымен, ал жалпы
бірдеңе оқитын адамды (орысша – читатель) одан бөлекше атау ке-
рек болды. Тіл маманы – Әділ Ермеков 50-жылдардың басында бұған
оқырман тұлғасын ұсынды. Ал бұл – қазақ тілінің семантикалық-
морфологиялық нормасына сәйкеспейтін жаңа туынды, өйткені
-ман жұрнағы келер шақ есімше тұлғасына жалғанып, әлі болмаған,
бірақ енді-енді орындалуға жақын келген қимылды білдіреді. Мыса-
лы, жыларман болу – әлі жылаған жоқ, бірақ жылауға жақын келу,
«көшерменде – жұрт жаман, тастарманда – қатын жаман» деген
мәтелде жаман болған ауыл жұрты әлі тасталынған жоқ, енді-енді
тасталмақ, қатын да – солай: оны күйеуі әлі тастаған жоқ, тастамақ
болып жүрген қатын. Оқырман «әлі бір нәрсені оқуға кіріскен жоқ,
енді-енді кіріспек адам» дегенді білдірсе керек еді, бірақ ол жалпы
бір нәрсені – «кітапты, газетті, әйтеуір жазылған дүниені оқитын де-
ген мағына» үшін алынған. Бірақ бұл неологизм қолданысқа түсіп,
сіңісіп кетті, себебі бұл мағынаны беретін өзге оңтайлы атау болмады,
ал ученик пен читательді айырып атау қажет болды. Бұл қолданыс
дағдыға айналды, ал тіл тәжірибесінде дағды – күшті фактор.
Енді оралман (репатриант) термині тек семантикалық емес, таза
морфологиялық нормаға да жанаспайтын туынды болып шықты:
-ман жұрнағы етістіктің негізіне (орал-) тікелей жалғанып тұр, мұнда
келер шақ есімшедегідей не шақтық мағына жоқ, не қимыл-әрекеттің
орындау-орындамау мүмкіндігін таныту қызметі жоқ. Лингвист емес
адам мұны тіпті Еуропа тілдеріндегідей адамға қатысты жұмсалатын
-ман аффиксі деп ойлауы мүмкін. Ал қазақ тілінде -ман жұрнағы
мұндай қызмет атқармайды (тастарманда жұрт жаман – тастала-
тын адам емес қой). Осы жұрнақты активтендіріп сатарман (сату-
шы), бұйырман (заявка), аларман (сатып алушы) деген тұлғаларды
ұсынушылық орын алды.
393
Зерттеліп отырған кезеңде жаңа сөз жасауда әсіресе көзге
түсетін амалдың бірі – хана, жай, хат, нама/наме, аңы, сөз, май,
тану деген толық мәнді лексикалық бірліктердің жаңа сөз жасай-
тын жұрнақтардың қызметін атқарушы элементтерге айнала ба-
стауы. Бұл сөздер өзге түбірлерге жалғанып, әрқайсысы өздерінде
бар семантикалық реңктерінің бірін сақтап, неологизм жасайды.
Мысалы, хат сөзі бұл құрылымдарда өзінің тіке номинативтік
мағынасынан айрылып, жалпы жазылған дүниенің бір түрін атауға
көмектеседі. Айталық, баянхат (рапорт), қолдаухат (рекоменда-
ция), үндеухат (воззвание), әсемхат, ашықхат (открытка), жедел-
хат (телеграмма), бақұлхат (завещание), нұсқаухат (инструкция)
деген ондаған жаңа туындыда хат сөзі белгілі бір жазба дүние ата-
уын білдіретін аффиксоидқа айналып тұр. Көрсетілген өзге сөздер
де осындай: өздерінің нақты лексикалық мағыналарынан айрылып,
бірақ бір семасын (мағыналық реңкін) сақтап, жаңа сөз жасайды.
Бұлардың ішінде әсіресе -хана: зертхана (лаборатория), перзент-
хана (жас сәбилерді тәрбиелейтін орын), бұзаухана (бұзауларды
ұстайтын қора), мәйітхана (морг); -нама/-наме: текнама (генео-
логия), рұқсатнама (виза), заңнама (законодательство), ғұмырнама
(мемуар), қазанама (некролог) т.б.
Кейінгі кезеңдерде осындай аффикстік қызмет атқарушы ретінде
-сөз: тосынсөз (окказионализм), дәйексөз (цитата), көсемсөз, кеспесөз;
-ақы (жәрдемақы, жамбасақы) сияқты бірліктер де жандана түсті.
Осы қызметте бұрынырақ -тану (жаратылыстану, тілтану),
-аралық (ауданаралық, халықаралық) сияқты бірді-екілі сөз көріне
түскен болатын. Бұл сөздерді біз сөз-жұрнақтар немесе аффиксо-
идтар деп атадық. Әрине, олар – толыққанды жұрнақтар емес, бірақ
бойларындағы семалардың (мағыналық реңктерінің) біреуін сақтап,
жаңа зат, ұғым атауларын жасауға қатысып, аффикстің қызметін
атқарып тұр. Бұл тәсіл, сірә, алдағы уақытта көлемін (бірліктер санын)
өсіре түсуі мүмкін. Өйткені бұған өсімдіктер мен жан-жануарлардың
атауын жасауда қолданылып келген модель үлгі болып тұр. Айталық,
қарақұс, аққұс, қараторғай, суықторғай, аққоян, орқоян дегендер-
де құс, торғай, қоян; тарақбалық, қылышбалық, ақбалық деген-
дерде балық сөздері негізгі семантикалық тірек сөз болғанымен,
олар алдындағы сөздерді жетекке алып, жеке-жеке атаулар жасап
тұр. Бұл жерде біріккен екі сөздің соңғысы аффикс іспеттес неме-
се алдыңғы префикс тәрізді қызметте тұр деуге болады. Бұл сияқты
ұялас сөздерді біріккен сөздер ретінде қосып жазу нормасы бел алып
келеді. Айталық, қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің 2005 жылы
жарық көрген соңғы басылымында екінші компоненті (құрамдас
бөлігі) тас болып келетін бірнеше сөз қосылып жазылып, біртұтас
394
тұлға (бір сөз) ретінде ұсынылды: қойтас, малтатас, жақпартас,
үйтас деген сөздердің біріккен тұлға ретінде ұсынылуы тас сөзінің
аффиксоид қызметін атқарып тұрғанын көрсету деуге болады.
Бұлардың ішінде соңғы кезеңнің неологизмдері де бар: құйматас
(бетон), гіртас (гири).
Бірді-екілі сөздің аффиксоитар ғана емес, сөз алдынан келетін
префиксоидтің қызметіне ұқсас келетін тұстар да бар. Мысалы,
ойтүрткі, ойтамызық, ойтолғам сөздерінде ой сөзі, түпсана (под-
сознание), түпдерек (источник), түпнұсқа (оригинал), түптұлға
(прототип) деген терминдердегі түп тұлғасы жаңа сөз жасайтын
префикс қызметін атқарып тұрған сияқты. Әрине, бұл сөздердің таза
жұрнақтардан айырмасы үлкен, әсіресе семантикалық сипаттары екі
бөлек. Соңғы 10-15 жылдың барысында тас сөзімен жасалған жаңа
сөз жоқ. Тек бұрын бөлек жазылып келгендерінің біріктіріп берілуін
лексика-орфограммалық жаңалық деуге болар.
Жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасау бүгінде де күшін жой-
майды, керісінше, толық мағыналы сөздерге сөз тудырушы қызмет
жүктеліп, олар семантикалық-морфологиялық жаңа статусқа ие
болып отыр, яғни оларды тілдің өзі жұрнақ тақылетті бірлік, ал
бір терминмен атағымыз келсе аффиксоид деген сияқты қалыпқа
түсіріп отыр. Бұл – қазақ неологиясындағы соңғы кезеңдерде бел
алған жаңа құбылыс. Соңғы кезеңдерді аударма әдебиеттің әсерімен
көптіктің қосымшасын жалғау арқылы жаңа сөз жасау да орын алып
жүр. Мысалы ашылулар (әлемдік ашылулар – мировые открытия),
басымдықтар, бітімгерлер. Бұл әдіс термин жасауда қолданылады
(сүтқоректілер, буынаяқтылар, жарғаққанаттылар), бірақ аса
өнімді емес.
Өткен алғашқы онжылдықтардағыдай, соңғы 10-15 жылғы қазақ
тілінің болмысында жаңа сөз тудырудың ең бір өнімді актив түрі сөз
біріктіру болып отыр. Дербес мағыналы екі (өте сирек – үш) сөзді
біріктіріп, жаңа ұғым, жаңа зат атауын жасау амалы қашан да, әсіресе
соңғы 70-80 жыл барысында кеңінен қолданылып келді. Бұған қазіргі
жазу жүйеміздің емле ережелері де (қосып жазу) себепкер болды.
Грамматикада «біріккен сөз» деген статусы бар тұлғалар бір мағына
беретін дербес лексикалық бірлік ретінде әр алуан сөздіктердің
сөзтізбесіне (реестрге) шығарылып тіркелетін болды. Жаңа сөз
жасаудың бұл амалына қатысты көңіл аударатын бір-екі тұсын сөз
етуге болады. Ол – нөлдік морфемалардың бірігу арқылы жаңа
бірліктердің пайда болуы. Нөлдік морфемалардың бірігуі – олардың
бірігуінің, кейде екеуінің де қосымшаларын түсіріп қолданылуы.
Бұл әдісті ықшамдау тәсілі деп те қарауға болады. Бұл әдіс қазақ
тілінде ежелден бар болатын балтасап (балта+ның саб+ы), қаламұш
395
(қаламның ұшы, яғни ұшы бар қалам), кейін XX ғасыр туындыла-
ры кәсіподақ (кәсіп+ші+лер+дің одағ+ы), қаламақы (қалам+ы+ның,
яғни қаламмен жазғанының ақы+сы), шегара (бір нәрсенің, айталық,
мемлекет жерінің шек+тері+і+нің ара+сы) т.т. Соңғы онжылдықтарда
жиі қолданыла бастаған субұрқақ (су+дың бұрқақ+тап атылуы),
бағдаршам (бағдар көрсететін, яғни бағдарлайтын шам), демеуқаржы
(дотация, демейтін қаржы), балабақша (балалардың бақшасы),
мұражай (мұра+лар сақталатын жай-орын).
Бұл тәсілдің едәуір жандануына орфографиялық ережелерді тал-
дап-танитындар мен емле сөздіктерін түзушілер көңіл аударды. Нөлдік
тұлғаларда біріккен сөздер деп изафеттік құрылыстар сөздердің ілік
септігі мен тәуелдік жалғауын түсіріп айтылуы (жымдасуы) жатады.
Сондай-ақ өзге де аналитикалық бірліктер де нөлдік морфемалардың
бірігуіне бара алады. Тәуелдік семантикасының көрсеткіштері (-ның,
-ы) түсіріліп айтылуы немесе өзге де қосымшалар түсіріліп бірігуі
тілдің ішкі даму заңдылықтарының бірі – ықшамдау тәсіліне барып
тіреледі. Бұл тіл білімінде атаудың нақтылана түсуі (актуализация но-
минация) деп аталады.
Біздің байқауымызша, бұл амал да келешекте жандана түсетін
сияқты. Сондай-ақ фразеологиялық тіркес іспетті келетін бірліктердің
де жаңа мағына беретін тұтас бір сөз ретінде қалыптасуы да бел алып
келеді. Мысалы, соңғы жылдарда жаңа шыққан туындыны ресми,
салтанатты түрде атап, жұртшылыққа таныстыру үрдісі етек ала
бастады, ол орыс тілінде презентация деп интертерминмен атал-
са, қазақша бейнелі фразеологизмнен жасалған тұсаукесер сөзі
эквиваленті болып отыр. Жазалы адамды тексеріс біткенше түрмеге
отырғызбай, үйінде отыруын талап ету орысша домашний арест
деп құранды тіркеспен келген термин болса, қазақша үйқамақ деген
біріккен бір сөзбен атау ұсынылып жүр, ал Қытай қазақтары мұны
тіпті бейнелі тіркеспен мырзақамақ деп атапты. Мемлекеттік табы-
сты өндірістің бір ғана түріне сүйене берудің жемісті емес екендігін
айту үшін баспасөзде сыңаржақ экономика деген сөздер пайдаланса,
оны баспасөздің біреуінің бетінде мұнайжақ экономика деп атапты.
Соңғы атау – әрине, ресми, кәнігі термин емес, бірақ публицисти-
ка стилінде орын алатын жаңа қолданыстардың бірі болып таныла-
ды. Ұлтаралық мәселе сөз болатын жерлерде баспасөзде қазақтар
дегенді қаракөздер деп бейнелеп атау да – неологиялық қолданыс.
Жеке сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизмдердің біраз
тобы суреттеме немесе экспрессивтік тіркестерден жасалған болып
келеді. Мысалы, белгілі бір ресми әкімшілік орындарын орынтақ
деп атау соңғы жылдары пайда болды, мұнда орын – жай нейтрал
мәнді сөз де, тақ – хан, «патша, император отыратын орын» деген
396
жоғарылықты, әкімшілікті, әміршілдікті меңзейтін семантикалық
реңкі (семасы) бар сөз, демек, атау көбінесе әңгіме сынау, наразы болу
эмоциясымен айтылған кезде орын алады. Қазақ елінің тәуелсіздік
алып, бірінші Президенті сайланып, еліне тән рәміздері пайда болған
күннен бастап қолданыла бастаған Елбасы сияқты жаңасөз ресми
терминнің экспрессивті сипаты күшті екінші метафоралық атауы
болғаны даусыз. Елбасы неологизмі осы мәнде, яғни Президент
терминінің бейресми суреттеме баламасы – экспрессоид болып
қолданылып жүр.
Бұл күнде елтаңба, әнұран, тәттідәм, ойтолғам, ойтүрткі,
тұсаукесер сияқты жиі қолданылатын неологизмдер сөз біріктіру
арқылы жаңа ұғым, зат атауларын жасайтын амалдың күшейе
түсетіндігінің дәлелі деуге болады.
Неологиялық тәсілдердің келесі түрі – сөз қысқарту амалы. Бұл
– қазақ тілінде орыс тілінің тікелей ықпалымен пайда болған амал,
дәлірек айтсақ, таза калька құбылысының көрінісі. Бүл тәсіл күні
кешеге дейін қазақ тілінде солқылдақтау, кейде қазақша аударылып,
кейде орысша қалыпта айтылып келген-ді. Мысалы, АҚШ, ҚазТАГ,
ҚазПИ, МТС, ауатком, обком сияқты санаулы сөздер ғана қазақша
қолданылып, қалған жағдайдың көпшілігінде орысша қысқарған
сөздер (комсомол, колхоз, совхоз) болатын. Соңғы кезеңде қазақша
тарқатылып айтылатын сөздерден қысқартып жазу жандана баста-
ды: ДНҚ, БҰҰ, ЖИТС, ҰБТ – ұлттық бірыңғай тестілеу, АТФ, ЮНЕ-
СКО, КТСП т.б. Санэпидбақылау – санитарлық эпидемиологиялық
бақылау сияқты бірді-екілі буындар мен тұтас сөздерден жасалған
бірліктер де орын ала бастады. Бұл тәсіл әлі де толық қазақша
бірліктер жасай алмай отыр. Оның себебі бар: алдымен ВИЧ, СПИД
мұны ЖИТС деп қазақша қысқартып атаушылық та көрініп қалып
жүргенімен, әлі сіңісіп кеткен жоқ, баспасөз беттерінде де, меди-
цина саласындағы қазақша әдебиеттерде де, әсіресе сөйлеу тілінде
СПИД деп қолданылып келе жатыр. Сірә, алдағы уақытта да мұндай
қысқартулардың орысша нұсқасын да (ВИЧ, СПИД, ЮНЕСКО
сияқты), қазақшаланған эквивалентін де қолдана беретін болар-
мыз. Өйткені СПИД, ВИЧ дегендер жеке кірме сөздер сияқты осы
тұрпатында қалыптасқан деуге болады.
Сөз мағынасының ауқымын пайдаланып, яғни семантикалық
деривация құбылысына барып жаңа сөз жасау әдісі де пайдаланы-
луда. Желі (интернет желісі), қол жинау (президенттікке үміткерді
қолдайтын), қарымта (кездесулер – спортта), сыбайлас жемқорлық,
(мұхит асып кетіп жатқан) қаракөздер, (рухани) кеңістік, (саяси)
ойын т.т. Мұндағы курсивпен терілген сөздер өздерінің байырғы
негізгі лексикалық мағыналарынан өзгеше жаңа зат, ұғым атаула-
рын білдіріп тұр. Мысалы, желі – мал баққан қазақтың байырғы
397
түсінігінде малдың төлін байлау үшін керілген ұзын арқан бол-
са, интернет желісі дегенде соңғы сөз біздің өмірімізге ең соңғы
онжылдықтарда дүниеге келген интернет дегенге қатысты неоло-
гизм болып тұр. Қалған мысалдарда да осылайша, негізгі, байырғы
мағынасы және оның мағыналық реңктерінің бірін пайдаланып
жасалған өзгеше жаңа ауыспалы мағынасы бар екенін түсіндіріп
танытуға болады.
Мұндай семантикалық-синтаксистік құбылулардың бірқатары-
ның метафоралық сипаты болады. Мысалы, қол жинау, сыбайлас
жемқорлық.
Сөз етіп отырған кезеңдегі тілдік жаңалықтардың келесі бір
тобы – белгілі бір ұғымды, затты, құбылысты атау үшін сөздерді тір-
кестіру арқылы жасалған құрылымдар. Әдетте бұлар лексикалық
тіркестер және суреттеме тіркестер болып келеді. Бір ұғымды бір
сөзбен атау мүмкіндігі жоқ жерде ол тіркеспен аталады. Мысалы,
қазіргі күнде жиі қолданылатын жылжымайтын қор, тұтыну қор-
жыны, келісім шарт (договор) сияқты анықтауышты тіркестер бір
ұғымды атайды (олардың көбі орыс тілінде бір сөзбен де келеді: но-
востройка, хлебозаготовка. Бұндай құрылымдар лексикалық тіркес
деп те, құрамды (қосынды, күрделі) тіркес деп те әртүрлі аталып
жүр.
Құранды тіркестердің қатарына жеңілу дегенді жеңіліс табу,
көріну дегенді көрініс табу деп есім мен көмекші етістік құрамымен
айту үрдісі де жатады. Мұндай тіркестер – соңғы кезеңдердің
жемісі және орыс тілінің әсері мен аударма әдебиетте қалыптасқан
неологиялық бірліктер. Бұл сияқты құрама (қосынды) тіркестер
көбінесе баспасөз беттерінде, публицистикалық және ғылыми стиль
үлгілерінде қолданылады.
Лексикалық неологизмдердің жасалуындағы тағы бір түрі – би-
номдар деп аталатын қосарланған сөздер. Екі сөз қосарлана қолда-
нылып, жаңа мағынаға ие болады. Бұл тәсіл – біздің күндерімізде
аса өнімді емес, бірақ қазақ тіліне жат амал болмайтын. Айталық,
бұрынғы той-томалақ, көші-қон, құрт-құмырсқа деген қос сөздер
компоненттерінің жеке-жеке мағыналарынан өзгеше жаңа мағынаны
білдіреді. Мұндай қосарлар көбінесе жинақтау семантикасын ием-
деніп, жалпы атауға айналады. Мұндай биномдер – өте ертеде қалып-
тасқан бірліктер. Бүгінгі күнде ең өнімсіз амалдың бірі осындай
қосарлар құрылымы деуге болады. Бірен-сараны (вагон-ресторан,
парк-көрме, пресс-орталық т.б.) орыс тілінде қалыптасқандарды не
тікелей өздерін, не калька жолымен пайда болған үлгілерін атауға бо-
лады.
Алдыңғы онжылдықтарда (1970-1990) едәуір орын алған ақыл-
шы-ұстаз, таңдау-балама, күйме-бесік сияқты сөз қосарлау тәсілі-
398
мен жаңа бірліктер жасау соңғы 10-15 (1990-2006) жылдар кезеңінде
айтарлықтай көзге түспейді деуге болады, дегенмен бірен-сарандап
кездесіп қалады: бизнес-орталық, айтыс-шоу.
Соңғы кезеңдердегі тілдік жаңалықтардың өнімді амалдарының
бірі – сөз тіркестіру: атаулы көмек (адресная помощь), еншілес
кәсіпорын, сынақ алаңы, жылжымайтын мүлік. Мұндай тіркестер
кейде бір терминді білдіреді (оны орысша баламасына қарап тануға
болады). Мысалы, сыбайлас жемқорлық – коррупция, теріс хабар
– дезинформация, астарлы сөз – подтекст, (біреудің) беделін түсіру
– дискредитизация, жартылай финал – полуфинал, іскер топтар –
предприниматели, тең төраға – сопредседатель, бағамалы түрде –
альтернативно т.б. терминдік бір мағынаны білдіретін тіркестердің
кейбіреулері орыс тілінде де тіркес түрінде келеді: тұтыну қоржыны
– прожиточный минимум, жабық есік жағдайында – при закрытых
дверях, еншілес кәсіпорын – дочернее предприятие, үш еселенген
әлем чемпионы – трижды чемпион мира т.б.
Тіркес түрінде келген жаңа бірліктер, біздіңше, әрі қарай да
орын ала береді. Бұған қазақ тілінде орыс тіліндегідей префикс
сияқты сөзалды қосымшасының немесе екі түбірді жалғастыратын
о (е) сияқты дәнекер форманттардың жоқтығы да себепкер бола-
тын сияқты. Бұл жағдай орыс тілі арқылы келген сөздерді, көбінесе
терминдердің қазақша баламасын ұсыну барысында орын алып
келеді (мысалы, кезінде бірнеше жыл жиі қолданылып келген пере-
стройка термині қайта құру деп аударылды. Бұл термин қосып
жазған күннің өзінде де тұрпат жағынан сөз тіркесі екені көрініп тұр.
Бұл жерде ұғым да, оны білдіретін сөздер де – жаңа). Терминдеудің
бір талабы бір ұғымды бір сөзбен атау болатындықтан, қазақ тілінде
тіркеспен келген баламаны қосып жазу әрекеті де байқалады. Мыса-
лы, сыңаржақ (экономика), көзбояушылық т.б.
Бүгінгі қазақ тіліндегі тұлғалық жаңалықтардың бірі – бірінші
компоненті гидро, авиа, авто, аэро, агро, инфра, микро, фото, ра-
дио, электр(о), кино, теле, мото, био, квази, транс, пост сияқты
сөздермен келген қазақ сөздері. Бұндай тұлғаларды «жартыкеш
сөздер» деп атаушылық та бар, өйткені бұлар не таза біріккен емес,
не біртекті дара сөздер емес деп танылатын болар. Бұл неологиялық
құбылыс қазақ тілі тәжірибесінде бұдан көп бұрын, XX ғасырдың
орта тұстарынан басталғаны белгілі. Ал соңғы 10-15 жылдың ішінде
пост (посткеңестік кеңістік), аудио (аудиожазбалар), эко (экожүйе)
сияқты мүлде жаңа неологизмдер көріне бастады.
Неологизмдер тудыру үшін ескі, бұл күнде көркем әдебиет
пен тарихқа қатысты әдебиеттерде ғана кездесетін, яғни көнерген
сөздер мен тарихтық сөздерді (историзм дегендерді) жаңа заманның
реалийлерін атауға жұмсау әрекеті де бар. Мысалы, 1998 жылы
399
бекітілген әскери терминдердің ішінде қаптал (фланг), маңдайшеп
(передовой отряд), лек, жасақ (отряд), берен (бронежилетка), тору-
ыл (засада), айдауыл (конвой) сияқты байырғы әскери лексиканың
бірліктері бар.
Тіпті солдат пен войн деген сөздерді ажырату үшін сарбаз және
жауынгер сөздері синонимдер ретінде емес, жеке нақты атау ретінде
ұсынылған.
Бүгінгі жаңа қолданыстардың әдеби тіл нормасына ену
әлеуеті және қалыптану (кодификация) процесі
Байырғы сөздердің мағынасын ауыстыру немесе үстемелеу
арқылы жаңа ұғымдарды атау сияқты кәнігі тәсіл бұл күндерде де
өз күшінде сақталып отыр және әрі қарай да орын ала бермек. Біз
әңгімелеп отырған ең соңғы кезеңнің алдындағы онжылдықтарда
пайда болған жариялылық, салауаттылық, теңгермешілдік, қоғам-
дастық сияқты ондаған неологиялық бірлік қазіргі баспасөз беттері
мен өзге де жазба дүниелердің (көбінесе оқулықтардың, ғылыми
еңбектердің) мәтіндерінде, сондай-ақ радио мен телехабарлар-
да кездесетін базар, нарық, жемқорлық, әріптестік, шақырылым,
оқылым, ауысым, рәміз, орынтақ, бітімгер сияқты жеке сөздер мен
жабық есік жағдайы, ұялы телефон, тұтыну қоржыны, атаулы
көмек, тілшілер қосыны, полиция қосы, саяси ойын, теқ төраға, ке-
ден бекеті, іскер топтар, еркін айырбас бағамы, еншілес кәсіпорын
сияқты тіркестер – жаңа мағынаға ие болғандар. Олар едәуір көп.
Демек, бұл амал арқылы қазақ лексикасы сан жағынан молайып
отырған жоқ, өйткені басым көпшілігі – байырғы сөздер, бірақ олар
қазақ тілін икемділігі, семантикалық әлеуеті (потенциялы) жағынан
байытып отыр деуге болады.
Сірә, бүгінгі және ертеңгі қазақ лексикасындағы өзгеріс-жаңа-
лықтардың тақырыптық топталуы мен жасалу амалдарында қазір-
гіден де өзгеше, соны көріністері пайда болары сөзсіз. Сондай-
ақ бір ұғымды бір таңбамен (сөзбен) беру тенденциясы күшейе
түсетін болар, бұны тілдің ішкі өз заңдылықтары талап етеді. Бұндай
жаңалықтардың дүниеге келетіндігін соңғы онжылдықтарда жеке
мағыналы лексикалық бірліктердің (жай, хат, тас, ақы, сөз т.б.
сияқты) сөз жасаушы формантқа (суффиксоидке немесе аффиксо-
идке, яғни сөз-жұрнаққа) айналып бара жатқаны жақсы танытады.
Ботаникалық, зоологиялық атаулардағы сөз-жұрнақтардың көрінісі
тіпті айқын: гүл, шөп, от, жапырақ, ағаш сияқты сөздердің өсімдік
атауларын жасауы (безекгүл, әректікен, сүтжапырақ, әтіргүл,
сәлемшөп, қоқыраушөп, қазоты, киікоты, тікенжапырақ); құрт,
400
балық, құс, тауық сияқты мағыналы сөздердің зоологиялық тер-
миндер түзуі (жыланқұрт, тарақбалық, түйетауық, итбалық т.б)
парадигмалық жүйелі сипатта келеді. Аң-құс, құрт-құмырсқа, өсімдік
атауларын бір таңбамен (сөзбен) білдіруде жүйелі түрде бір тип-
тес (бірнеше сөз жасайтын болып) жұмсалуына келгенде сөзалды
аффиксі (префектсоид) сияқты қызмет атқаратын сөздер де едәуір
мол, олар түр-түсті атайтын ақ, қара, сары, ала сияқты жалпы атау-
ды білдіретін, ит, қой, қозы, аю сияқты (қойбүлдірген, қозықұйрық,
алабүға, аққайран, ақсерке, қаракөз (балық), қарақұйрық) жеке
мағыналы сөздерді де қосып жазып, сөздіктерде, оқулықтарда бір
сөз етіп тұлғалап беруіміз және бұлайша таңбалауды (біріккен сөз
орфограммасын) ережеге айналдыруымыз – бүгінгі сөз-жұрнақтар
қатарының көбеюіне жол ашып беріп отыр. Бұл – сөздік қазынаның
сан жағынан толығуының көрінісі, лексиканы толықтырудағы амал-
тәсілдерінің түрлене түскендігін, барларының орнығып нормаға ай-
налып, қалыптануын танытатын тілдік құбылыс.
Жаңа сөздердің әдеби тіл нормасына еніп, тұрақталуы жөніндегі
зерттеу күнделікті баспасөз тілін, радио мен теледидардың тілдік
тәжірибесін, тіпті ауызекі сөйлеу тілін үзбестен қадағалап отырып,
нақты материал жинастырып барып, кеңінен сөз ететін тақырып.
Дегенмен жоғарыда көрсетілгендей, жүздеген жаңа бірлік бұл күнде
жиі қолданылып, әдеби тіл тәжірибесінде орын тепкенін айтуға бола-
ды. Демек, бүгінгі қазақ лексикасындағы неологиялық құбылыс аса
қарқынды, өнімді кезеңді бастан кешіруде. Мұның себептері (уәждері)
мен теориялық негіздері жоғарыда барынша айтылып, дәлелденді.
Бұл процесс әлі де қарқын алып, үдей түседі деуге болады. Бұған
тек ғылым мен техниканың, шаруашылық түрлері мен экономикалық
жаңа қатынастардың, информатика мен компьютерлендірудің жаңа
кезеңі туғандығына байланысты сыртқы экстралингвистикалық фак-
торлар ғана қозғаушы күш болмай, бүгінгі қазақ тілінің табиғи да-
муы мен жетілуіне тікелей қатысты екендігін, атап айтқанда, номи-
нация теориясы бойынша бір ұғымды бір таңбамен (сөзбен) білдіру,
үнемдеу заңы, аналитикалық амалдың күшейе түсу фактісі сияқты
ішкі заңдылықтары да жұмыс істеуде. Қазақ тілі бұл күнде жай даму
емес, жетіле даму үстінде.
Қолданыстағы лексикалық жаңалықтардың баршасы бірден
әдеби тілдік қормаға еніп, кодификацияланбайтыны түсінікті. Бір
ұғымды білдіруге ұсынылған жаңа сөздердің екі-үш, кейде одан да
көп варианты болуы мүмкін. Мысалы, бұрын штраф деп келгенді
80-жылдардың өзінде айыпақы, айыппұл деп, каток-ты айнамұз,
мұзайдын деп, капуста-ны орамкөк, орамжапырақ, қырыққабат
деп, помидор-ды алжұмыр, 90-жылдардан бастап қызан/қызанақ
401
деген вариантта ұсынып келіппіз, сол сияқты картоп – бәреңгі/
ақтүйнек, значок – белгіше/төсбелгі, шофер – жүргізуші/ айдарман
болып, дача дегенді атау үшін саяжай, саялық, жайлаужай, самал-
бан деп төрт түрлі тұлға қолданылып келіпті. Закуска деген сөзді
басытқы/шайнама/жеңіл тамақ деп жүрміз.
Ал кейбір жаңадан ұсынылған сөздер орнықпай, яғни қабылдан-
бай келеді. Мысалы: аяқдоп (футбол), аларман (покупатель),
базарлық (сувенир), бұйырман (заявка), білдірме (сводка), доптаяқ
(клюшка), жадығат (материал), жаяусоқпақ (тротуар), сахнагер (ак-
тер), сәнхана (ателье), желпін (балкон), қазынауыл (банк), үнқағаз
(газет), дүлдүл, жеңіскер (чемпион) т.т.
Бұрынғы ұғымдарды жаңадан қазақша атау үшін немесе дәлірегін
беру үшін жасалған жаңа сөздердің алғашқыда екі-үш вариантты бо-
лып келуі – заңды, өйткені жаңа сөз не тұлғалық бітімі, не беретін
мағынасы жағынан білдірмек ұғымға бірдей сай келмеуі әбден
мүмкін, содан барып тіл тәжірибесінде ізденіс болады, ең түсінікті,
тіл заңдылықтарына қайшы келмейтін бір нұсқасы табылғанша
бірқатар уақыт варианттық қатарлар қолданыла береді. Уақыт өткен
сайын біреуі жиірек жұмсалып, қалың көпшіліктің құлағы үйрене
бастайды да ол нормаға икемделе береді. Мысалы, глобализация де-
ген жаңа термин – соңғы 5-10 жылда жанданған ұғымның атауы, ол
осы мерзім ішінде қазақша ғаламдану, ғаламдастыру, ауқымдану,
жаһандану деп төрт вариантта атала келе, олардың жаһандану
тұлғасы қалыптана бастаған сияқты, сол сияқты анкета сөзінің
қазақша сауал-сұрақ, сауалнама варианттары, арендатор – жалда-
ушы, жалгер болып жарыспа қатарлар орын алды. Мұндай жарыспа
қатарлар реттеліп, олардың біреуі, сөз жоқ, орнығады да қалғандары
аз күнгі болса да қолданыстан шығады.
Варианттар қатарының реттелуінде қолданыс активтігінің рөлі зор
болады. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдары – тіл жаңалықтарын
ұсынушы мен таратушы ғана емес, олардың оң, дұрыс вариантын
орнықтырып, нормаға енгізуші құрал көздері болып танылады.
Екінші орында реттеуші анықтамалық құралдар: емле, түсіндірме,
терминологиялық және екі-үш тілдік нормативтік сөздіктердің
қызметі тұрады. Бұлардың қатарында «Жаңа қолданыстар», «Жаңа
сөздер» сияқты еңбектердің қажеттігі алдымен көрінеді, әсіресе жаңа
қолданыстардың узустық бірліктерін бөліп көрсетіп отырудың тіл
мәдениеті үшін де, ана тіліміздің лексикалық қазынасын біліп-танып
және реттеп отыру үшін де өте қажет болмақ.
Қорыта келгенде, жоғарыда жасалған талдаулар мен айтылған
таным-тұжырымдарды түйіндеп, бірқатар тұжырымдар мен ұсыныс-
тар айтуға болады. 1990-2006 жылдардағы қазақ тілі жаңа бірлік-
термен аса өнімді және жүйелі түрде толығудың айрықша атап
402
көрсететін жаңа кезеңін бастан кешіруде. Бұған қазақ тілінің мем-
лекеттік тіл дәрежесіне ие болуы басты экстралингвистикалық фак-
тор болса, екіншіден, адамзат қауымдастығы мәдениетінің, әсіресе
ғылыми-техникалық жетістіктерінің пайда болуы, бұл процестен
қазақ қоғамы да шетқақпай қалмайтындығы – екінші тегеурінді
күштердің бірі болды. Үшіншіден, өзге де дамыған, әлеуметтік-
рухани қызметі артып келе жатқан қазақ тілінің табиғи ішкі дамуы
тілдегі жаңалықтардың осы кезеңде айтарлықтай молынан пайда
болуына басты себепкерлердің бірінен көрінеді. Қазақ әдеби тілінің
әсіресе лексикалық қазынасының осылайша толыға түсуі алдағы
онжылдықтар кезеңдерінде де кеңінен орын ала береді деп болжауға
болады.
Жиі қолданылатын жаңа бірліктердің қатарында әріптерден
және әріп+буын түрінде келетін қысқарған сөздер де баршылық.
Бұл – соңғы онжылдықтардың «табысы», яғни құрама атауларды
баспасөзде, одан барып ауызекі сөйлеу тілінде толық атап (жазып)
жатудың орнына уақыт пен қағаз бетін көп алмас үшін пайда болған
тілдік амалдардың бірі ретінде қазақ тілінде активтенген құбылыс.
Көп сөзден тұратын құрама атаулар көбінесе соңғы онжылдықтарда
дүниеге келген мемлекеттік орындардың, ұйымдардың, мекемелер-
дің, қозғалыстардың, әлеуметтік мәні бар іс- әрекеттердің атта-
ры болып келеді. Ал ертеректен қалыптасып, қолданылып жүрген
қазақша қысқартулар да бар, бірақ олар өте аз болатын. Қысқарған
атаулар көбінесе орыс тіліндегі тұлғасында қолданылатын. Мұның
салқыны (дәстүрі) күні бүгінге дейін тиіп келеді. ЮНЕСКО сияқты
халықаралық ұйым атаулары, СПИД, ВИЧ сияқты медициналық
атаулар қазірдің өзінде баспасөз беттерінде де, ауызекі сөйлеу тәжі-
рибемізде де «орысша» қолданылады.
Қысқарған есімдерді қажет ететін тіл алаңы – негізінен баспасөз,
демек, тілдегі жаңа құбылыстардың бұл түрі – баспасөздің «жемісі»,
ал бүгінгі кезеңде баспасөздің тілдегі орны, рөлі, ықпалы өте күшті
екені белгілі. Нәтижесінде бүгінгі қазақ тіліндегі жаңалықтардың
ішінде қысқарған сөздер – кейінірек активтенген және әрі қарай
ұласа түсетін категорияның бірі. Алғашқы сөйлемдерде бірнеше
сөзден тұратын құрама атаулардың «ашылған» (сөздері түгел
айтылған) түрін келтіріп, әрі қарай қысқартылған тұлғасын қолдану
жиі кездеседі. Бұл амал әсіресе газет беттеріндегі жарнамаларда,
құлақтандыруларда, мақала мәтіндерінде жиі орын алады. Мыса-
лы: ЕсҚКБ (Есірткіге қарсы күрес басқармасы), ЖІӨ (Жалпы ішкі
өнім), ІЖӨ (Ішкі Жиынтық өнімі), ҚҚС (Қосымша құн салығы),
ЕҚҚБ (Еуропадағы қайта құру және даму банкі), СІМ (Сыртқы істер
министрлігі), ІІМ (Ішкі істер министрлігі) т.б.
403
Қысқарған атаулардың ішінде ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік
Ұлттық университеті), ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік),
АҚ (Акционерлік қоғам), ҚазҰПУ (Қазақтың Ұлттық педагогикалық
университеті), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), БҰҰ
(Біріккен Ұлттар Ұйымы), ҚР (Қазақстан Республикасы), ҰБТ
(Ұлттық бірыңғай тестілеу), ҰҒА (Ұлттық Ғылым академиясы) деген
түрлері – бұл күнде әрбір оқырманға бірден түсінікті болып келетін
қолданыстар. Уақыт өткен сайын бұлардың саны көбейе түседі,
өйткені тілдегі үнемдеу заңы, баспасөз тілінің ерекшелігі сияқты
факторлар барған сайын күшейе түсетін шындық екендігі – даусыз.
Дегенмен бұл құбылыстың тіл мәдениетіне тигізетін кері әсері де
жоқ емес. Газет беттерінде жеке мақалалар мәтінінде кездесіп қала-
тын кейбір қысқартулардың «ашылған, толық» түрін тап басу оңай
емес. Өйткені кейде атаудың ашылған толық тұлғасы мәтін ішінде
келтірілмейді.
Бүгінгі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің бірқатары көпшілік қолда-
нысына бірден сіңісіп кетті, өйткені олар тілдік норманың шарттары-
на жауап бере алатын жаңа бірліктер болып шықты. Атап айтқанда:
а) беретін ұғымға семантикалық өлшемі сай келді; ә) әлеуметтік
талғамның үдесінен шықты; б) қолданыста олардың ортақтық,
дәстүрлілік, тұрақтылық сипаттары қалыптасты. Мысалы, орыс
тіліндегі -изация жұрнағымен жасалған сөздердің қазақша бала-
малары дәл беріледі, өйткені бұл термин адам баласы жасайтын
іс-әрекеттің атауын білдіреді, ал іс-әрекетті атау үшін қай тілдің де
қауқары күшті болып келеді: приватизация – мүлікті т.б. жеке
меншіктің қолына беру, бір таңбамен бергенде – жекешелендіру; мо-
билизация – (бір іске) жұмылдыру, модернизация – жаңалау; глоба-
лизация – жаһандану, либеризация – ырықтандыру.
Мағыналық сәйкестікке семантикалық деривацияның, яғни
сөз мағынасын кеңейтіп не тарылтып жаңа мағына берудің орны
айрықша. Айталық шамшырақ деген сөздің лексикалық мағынасы
– «жарық беретін зат»: шам мен шырақ, жаңа мағынасы – «жол
көрсететін, үлгі болатын адамдар немесе олардың іс-әрекеттері».
Телеграмма сөзінің жеделхат деген баламасы неологизм ретінде тез
қабылданып кетуіне телеграмма сөзінің семантикалық ауқымында
«жазылған дүние – хат» және «жедел жететін хабар» ұғымдары бар
екендігі себеп болған.
Неологизм ретінде ұсынылған (ұсынылатын) кейбір сөздердің
тілде: оның әдеби жазба түрінде де, тіпті ауызекі сөйлеу тілінде де
көп қолданылмай, тұрақтай алмауының екі-үш себебі бар. Біріншіден,
белгілі бір орыс тілінде айтылып жүрген сөздердің, оның ішінде
терминдердің ғана емес, тұрмыстық лексикаға жататын кейбір жай
404
сөздердің де қазақша баламасы сәтсіз болып шығады. Бұл сәтсіздікке
алдымен аударылып отырған сөздің мағынасын тура бере алмайтын
семантикалық сәйкессіздігі себепкер болады. Мысалы, браконьер
сөзіне суқаншы (сірә, сұқаншы дегісі келген болар) деген қазақша
неологизм ұсынылыпты; қазақша атаудың мағынасы түсініксіз: ол
суқаны сүймейді дегендегі суқан сөзі ме, сұқ семірмес, ұры бай-
ымас дегендегі сұқ па – бірақ екеуі де браконьер сөзінің «рұқсаты
жоқ жерде заңсыз аң-құс аулайтын адам» деген мағынасына сай
келмейді; сол сияқты балкон дегенге желпін деп жаңа сөз ұсыну
да – сәтсіз: үй құрылысындағы балкон тек желпіну үшін жасала ма,
ал театрлардағы балкон ше? Ол да желпінуге арналмаған. Банкир
дегенді қазынауылшы деп қазақшалап ұсынып көрушілік болды, бұл
да – сәтсіз: сөз түбірі – сәтсіз жасалған неологизм, өйткені қазына
сөзі семантикалық диспозиция болған күннің өзінде банк дегенді
бере алмайды. Қазына сөзінің бұл күндегі лексикалық мағынасының
бірі – «дүние-мүлік, жиһаз, бағалы заттар» болғанымен, тек ақшамен
жұмыс істейтін банкті қазына деп атауға келмейді, ал оған көне түркі-
монғолдық -уыл жұрнағын жалғап, қарауыл, тосқауыл, шабуыл, ай-
дауыл, бөкеуіл сияқты сөздердің аналогы етіп, банкир-ді қазынауыл
деп атау мүлде қисынсыз. Соңғы жылдардағы ұсынылған терминдер
тізбесінде виртуальный деген бұл күнде жиі қолданылатын сөзге ау-
ани деген қазақша балама ұсынылыпты, ол да – сәтсіз.
Кезінде баспасөз беттерінде жеке адамдар жасаған сөздердің,
әсіресе термин аудармалары етіп ұсынылған көптеген баламалардың
едәуір тобы бұл күнде қазақ тілін толықтыра алмай отырғанының
себебін осылайша жеке-жеке дәлелдеп беруге болады.
Бірқатар жаңа сөздер деп ұсынылған бірліктердің қолданыста орын
тебе алмай қалған себептерінің бірі – ұсынылған жаңа атаулардың
қажетсіздігі. Ол сөздер қазақ тілі тәжірибесінде интертерминдер мен
орыс тілінен келген сөздердің мүмкіндігінше бәрін дерлік қазақша-
лау деген ұстанымдарды көздеудің көрінісі болатын. XIX ғасырда
еніп, сыртқы тұлғасы «қазақыланып» кеткен газет сөзін үнқағаз деп,
пианино, рояль дегенді күйсандық деп, редактор, диктор сияқты аса
жиі қолданылып сіңісіп кеткен сөздерді де сарашы, дыбысшы деп
атағанды жөн көрушілік бұған мысал бола алады. Ал, шындығында,
интертерминдердің ішінде қазақшалаудың қажеті жоқтары бар-
шылық: мысалы, парламент, сессия, депутат, Президент, дипло-
мат, редактор, директор, ректор сияқты жиі қолданылып, әбден
орныққан, көпшілікке түсінікті сөздерді былай қойғанда әр алуан
мәшине, олардың тетіктері, құрал-жабдықтардың аттары, космонав-
тика, информация т.б. сияқты ғылым мен техниканың жаңа-ескі сала-
ларына қатысты халықаралық сөздер де қазақшаланбай қолданылып
келе жатқандығы белгілі.
405
Қазақ сөздерінің семантикалық ауқымын жақсы білетін, «ура-
патриотизмнен», яғни жалған «қазақықұмарлықтан» бойын аулақ
ұстайтын, ұраншыл емес, пайымшыл-ойшыл, сауатты бірсыпыра
журналист, жазушы, аудармашылар бұл пікірді қуаттайтындығы
көрініп келеді. Мысалы, жазушы, аудармашы Кеңес Юсупов:
«Кейбір сөздерді халықаралық терминдер ретінде сол қалпында қол-
данған дұрыс сияқты. Мысалы, гуманитарные предметы – ізгілік,
қайырымдылық, мархабаттылық пәндері емес, гуманитарлық пән-
дер, мәмігерлік қарым-қатынастар емес, дипломатиялық қарым-
қатынастар болуы керек», – дейді (ЕҚ, 2001, 3 мамыр). Мектепте,
жоғары оқу орындарында оқылатын пән атауларын түгелге жуық
қазақшалау әрекеті де болып келді. Мысалы, логика – мантық, пси-
хология – жантану, эстетика – жәмәлия, этика – әдептану, грамма-
тика –сарф, математика – есеп т.т. Дүниежүзілік білім-ғылымға қол
созып отырған бүгінгі қазақ мәдениеті бұл пәндерді интертұлғаларда
атауды қалдырғаны жөн және қалдырылып та отыр. Бүгінгі ғылым
салаларының биоастронавтика, космохимия, планетология, интро-
спония сияқты атауларын аудару мүлде мүмкін емес.
Кірме сөздер сан жағынан да аз емес. Әсіресе терминология сала-
сында жалпы санның едәуір пайызын алады. Мысалы, әдебиеттану
саласының ең соңғы бекітілген терминдер тізімінде 235 сөз ұсы-
нылған болса, олардың 73-і, яғни 30 пайызы – интертерминдер екен.
Мұндай интертұлғалар – қазақ лексикасы құрамының кірме сөздер
тобын құрайтын заңды бөлшегі.
Демек, бүгінде еркін және орынды (өз орындарында) қолданылып
келе жатқан, басым көпшілігі «кірме сөз» статусына ие бола алатын
интербірліктердің баршасын қазақшалап, олардың орнына қайткенде
де қазақша неологизмдер ұсыну ұстанымын (принципін, бағытын,
мұрат-мақсатын) толық мақұлдауға болмайды.
«Кірме сөз» статусын анықтауда қазіргі қазақ тілінің соңғы 60-
70 жыл барысындағы даму (өмір сүру, қызмет ету) ерекшеліктерін
ескеріп, «кірме сөз оны қабылдаған тілдің дыбыстық заңдылықтары-
на бағынып, «қазақыланып» жазылуы керек» деген танымды бұл-
жытпай ұстану – әзірге (кириллицаны пайдаланып отырған кезеңде)
шарт еместігін мойындау қажет. Сондықтан бүгінгі кең қолданыста
жүрген жүздеген «орысша тұлғадағы» сөзді де қазақ тілінің лек-
сикалық қазынасының бір қабаты деп тану керек. Ал қазақ жазуы
латынға көшкен жағдайда да кірме сөздердің графикалық тұлғасы
біршама қазіргіден өзгереді, бірақ оларды қазақша айтылуынша
інситөт, белесепет, пизика, деректір, Пірзійдент, іредактір деп
жазамыз, сол арқылы оларды жерсіндіріп қазақылап аламыз де-
ген болжамның да реті келе бермеуі мүмкін. Мысалы, Президент,
406
компьютер, кредит сөздерін Пірезійдент, кампійтыр, кіредит деп
жазбай, Prezident, kompiutr, kredit деп жазатын шығармыз, яғни бөгде
тілдік сөздердің екі дауыссыздан басталатындарын (пр, кр т.б.) арала-
рына қазақша айтылуда келетін ы, і (Пірезидент, кіредит) әріптерін
қыстырмай, «орысша» (President, kredit) жазу жөн сияқты. Әрине,
бұл айтылған пікір – болжамдар ғана. Жаңа жазудың емле ережелерін
түзуде еске алуға болатындығын ескерту ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |