Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§ 4. Ақындар мектебінің дами бастауы және оның әдеби



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата21.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#2384
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
§ 4. Ақындар мектебінің дами бастауы және оның әдеби 
тіл барысындағы рөлі
XVIII ғасырға дейін қазақ көркем әдебиеті әлемінде орын 
алып  келген  жыраулық  дәстүр  өз  күшінде  болуымен  қатар, 
онымен жарыса ақындар мектебі бел ала бастады. Бұл жерде 
біз  әдебиеттану  ғылымында  арнайы  зерттеу  объектісі  болып 
жүрген жыраулар типі, ақындар типі дегендердің пайда болу  
немесе күшею кезеңі туралы сөз етіп отырған жоқпыз. Ақын- 
дар,  мүмкін,  жыраулар  типіндегі  сөз  иелерінен  бұрын  пайда 
болған болар. Ол жөнінде зерттеуші Е.Тұрсынов арнайы еңбек 
жазып, ғылыми дәлелдері бар пікірлер айтқан болатын
138
.
Біздің бұл жердегі әңгіме өзегіміз XVIII ғасырда қазақ по-
эзиясын қызмет еткен сөз зергерлері мектебінің түрлері жай-
ында.
Әдебиеттанушылардың тұжырымдарына қарағанда, «қазақ- 
тың  ақын  дегені  –  жыраудың  кейінгі  кезде  шыққан  атауы 
(Н.С.Смирнова),  «тарихи  деректерге  қарағанда,  жыраулар-
ды  ақындардың  ең  көне  типі  деп  есептеуге  болатын  сияқты 
(Е.Ысмайылов)
139
. Түпнегізі қандай болған күнде де (қайсысы 
бұрын,  қайсысы  кейін  шықса  да),  біз  бір  жайтты  ашып  айта 
аламыз.  Ол  –  қазақ  топырағында  ақындар  мен  жыраулар 
137
 Соңғы кезде Бұхардың туған-өлген жылдары мен шығармашылығы жайында 
әзірге қолға түскен материалдарды пайдаланып, ғылыми негізде соны пікірлер айтқан  
Қ.Мұхаметханов  Бұхардың  туған-өлген  жылдары  бұрынғы  көрсетіліп  жүрген  1693-
1787 емес, 1685-1777 жылдар деп дәлелдеді (қараңыз: Қазақ әдебиеті. 1982, 30 июль 
- 6 август).
138
 Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. - Алматы, 
1976. - 102-104-б. 
139
  Өзгелерден келтірген сөздер жоғарғы аталған кітап бойынша берілді. - 102-бет. 

153
дегендердің о бастан (яғни қазақ халық болып құралған заман-
нан)  қатар  өмір  сүріп  келгені.  Бірақ  олардың  қоғам  өмірінде 
алған  орны  мен  сол  қоғамға  қызмет  етудегі  арасалмағы 
барлық кезеңде бірдей болмаған. XVIII ғасырға дейін жырау-
лар дәстүрі басым болса, осы кезеңнен бастап ақындар тобы 
әлеуметтік  үнге  ие  бола  бастайды.  Әйтпесе  айтысқа  түсіп, 
ауыларалық,  ағайынаралық  жайттар  мен  күнделікті  тұрмыс 
жайын  жырлаған  ақындар  XV-ХVII  ғасырларда  да  болған. 
Бірақ  тақырып  ұсақтығы  мен  идея  таяздығынан,  олардың 
тарихи-әлеуметтік  үндері  болмай,  есімдері  де,  мұралары  да 
халық жадында сақталмаған.
Жырау – ақындық қабілеті бар жай ғана адам емес, ол – ең 
алдымен,  қоғам  қайраткері,  ақылшы,  көсем.  Жырау  кез  кел-
ген  ұсақ-түйек  күнделікті  тұрмысқа  қатысты  жай-күйлерді 
жырлауға  тиісті  емес,  ол  «тынымсыз  көшпенділер  арасында 
күнделікті  болып  тұратын  кикілжің  оқиғаларға  араласпайды, 
күйкі  өмірдің  қамы  туғызған  от  басы,  ошақ  қасының  жайы 
да  жырау  назарынан  тысқары  жатады»
140
.  «Халық  жырау-
лары  –  хан  ордасында  жүріп,  мемлекет  басқару  ісіне  тығыз 
араласқан, хандар мен батырларға, бүкіл халыққа ақыл-өсиет 
айтқан, болашақты болжап, істің жөнін нұсқап жүрген дуалы 
ауыз, ақылгөй кеңесшілері, хандар мен ерлікпен аты шыққан 
батырлардың,  қолбасшылардың  ерліктерін  мадақ  етіп,  жыр 
айтқан жыршылары»
141
. Демек, жырау жоғары тақырыптарды 
–  қоғамдық  мәні  бар  жайттарды  толғайды,  адамдарға  ақыл 
айтып,  кеңес  беру,  жамандықтан  сақтандырып,  жақсылыққа 
үндеу сияқты жүк арқалайды.
Ал ақынның мұндай әлеуметтік биік сатыда тұруы – шарт 
емес, ол – қарапайым халық ішінде жүріп, олардың күнделікті 
қуаныш-ренішін,  мұң-мұқтажын,  арман-тілегін  көріп-біліп, 
соларды  жырлайтын  дарын  иесі.  Ақынның  өлең  шығыруы 
үшін  ел  басына  түскен  үлкен  оқиға,  дау-жанжал,  қырғын 
соғыстардың  болуы  –  тағы  міндет  емес.  Ақын  поэзиясының 
азығы – күнделікті өмір, өз айналасы, өзін қоршаған табиғат, 
сондықтан ақынның тақырып өрісі еркіндеу. Мұның тіл үшін 
үлкен мәні бар.
140
 Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 129-б.
141
 Тұрсынов Е. Көрсетілген кітап. - 158-б. 

154
Жыраудың  басты  жанры  –  толғау.  Толғау  дегеніміз  –  ой, 
толғаныс,  түйін,  мораль.  Сондықтан  жыраулар  аз  сөзбен  көп 
ойды түйетін ықшам құрылымды поэзия түрін жасайды. Осы 
себептен де толғаулар көп сәттерде бір-біріне ұқсас үзіктерге, 
афоризмдерге  айналып  кетуге  бейім.  Жыраулар  тілінде 
стандарттық  күшті  болады,  әсіресе  грамматикалық  тұлға-
тәсілдер біртектес түрде келеді. Мысалы, жоғарыда айтылды, 
толғауға тән констатация сипаты етістіктің шақ категориясы-
на бейтарап, үздіксіз болып тұратын іс-әрекетті білдіретін -ар 
жұрнақты есімше тұлғасымен берілуін қол көреді. Сондай-ақ 
жырау  поэзиясының  синтаксисіне  тән  параллельдер  белгілі 
бір сөздер мен тіркестердің және грамматикалық тұлғалардың 
үнемі  қайталап  отыруын  қажет  етеді,  бұл  да  тілдегі  стан- 
дарттықты  туғызады.  Бұл  тәсіл  әдеби  айналымға  көптеген 
сөздерді  қатыстыруға  және  түрлендіріп  отыруға  мүмкіндік 
бере бермейді.
Зерттеуші  Қ.Өмірәлиев:  «Шешендік  толғау-өлеңдерде 
өлеңнің  ұзын-ырғасындағы  сөз  мөлшеріне  шаққанда,  дара 
сөздер де, дара формалар да әдебиеттегі өзге өлең түрлерінен 
барынша аз болады», – деп дұрыс байқайды. Ол тіпті толғаудан 
алынған  үзінді  мен  Абайдан  келтірілген  12  тармақ  өлеңнің 
мәтініндегі  дара  сөздердің  санын  салыстырып  көрсетеді. 
12  жолдық  толғау  мәтінінде  жалпы  44  сөздің  17-сі  ғана 
қайталанбай дара тұрса, Абайда 45 сөздің 40-ы – дара
142
.
Ал  ақындар  шығармашылығындағы  еркінділік,  ең  алды- 
мен,  өлеңнің  толғауға  тән  7-8  буынды  түрінен  өзге  өлшемді 
түрлеріне көшуге де, өлеңнің өзге шарттарын құбылтып қол- 
дануға да мүмкіндік береді. Бұл өз кезінде поэзия тіліне көпте- 
ген  жаңа  сөздер  мен  грамматикалық  тәсілдерді  қатыстыруға 
жол  ашты.  Оның  үстіне  ақындар  туындысының  күнделікті 
тұрмысқа,  айналаға  қатысты  тақырыбы  өлең  тіліне  әр  алуан 
сөз топтарын енгіздірді.
XVIII  ғасырда  жасаған  Тәтіғара,  Көтеш,  Шал  ақындарда 
жыраулық дәстүрден гөрі, ақындар мектебінің сипаты басым. 
Бұлар – ру басындағы ақылгөй, қолбасшылар емес, керісінше, 
біреуі  (Тәтіғара)  –  өз  кезіндегі  сырт  жауға  қарсы  ұрыстарға 
142
 Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ... - 127-б.

155
қатысушы  жауынгер  ақын,  енді  біреулері  (Шал,  Көтеш)  –  ел 
аралап,  айтысқа  түсіп,  жас  кездерінде  жұрт  арасында  ойын-
сауық той-думанға араласқан қатардағы адамдар.
Бұл  ақындар  7-8  буынды  аралас  ұйқасты  өлеңмен  қатар, 
11  буынды  ааба  ұйқасты  қара  өлең  үлгісің  жиірек  қолдана 
бастайды. Бұл – әдеби тілдің көркемдеу тәсілдерін де, сөздік 
байлығын  да  түрлендіруге  әсерін  тигізді.  Өйткені  қазақ 
өлеңінің  буын  саны  ең  үлкен  қара  өлең  өз  тармақтарына 
әлдеқайда күрделі эпитеттерді, теңеулерді сыйғызуға немесе ба 
ұйқасымен берілген соңғы екі жолға күрделі құрмалас сөйлемді 
орналастыруға жағдай туғызды. Мысалы, Шал ақынның:
Таяққа қартайғанда асыларсың,
Төбеңнен тас ұрғандай басыларсың.
Күтімсіз сол кезекте кедей болсаң,
Бұтыңды отқа қақтап қасынарсың, – 
деген шумағында тас ұрғандай басылу, күтімсіз кедей тәрізді 
«образды  теңеу,  эпитеттер  бір-бір  жолға  орналасқан,  ал 
үшінші, төртінші жолдарда құрмалас сөйлем берілген. Деген-
мен жыраулар толғауы мен ақындар өлеңі әдеби тілді түбірлі 
айырмашылыққа  ие  ететіндей  дәрежеде  бір-бірінен  ажыра-
тылмайды. Бір-бірімен жалғасып, ұштасып жатқан бұл жанр-
лар  өзара  әсер  етіп,  көркемдеу  құралдары  мен  тілдік  тұлға-
тәсілдерді бір-бірінен алғандығы байқалады. XVIII ғасырдағы 
ақындардың өзі кейбір шығармаларын толғау түрінде ұсынды. 
Мысалы, Шал ақындағы «Бұл дүниенің мысалы» дейтін толғау 
(егер оны біз авторсыз ортақ мұра қатарына жібермесек), «Па-
сыл  да,  пасыл,  пасылман»,  «Арғымақ  ат  кімде  жоқ»  сияқты 
шығармалары тақырыбы, идеясы, баяндау стилі жағынан жы-
раулар толғауларынан еш айырмасы жоқ. Керісінше, кейбір жы-
рауларда (мысалы, Бұхарда) ақындарға тән тақырып пен стиль 
еркіндігі  бары  байқалады.  Демек,  бұл  екі  мектеп  әлі  үзілді-
кесілді ажыраспаған. Сөйтсе де ақындық әдеби тілдің одан да 
әрі халықтық сипат ала түсуіне жол ашты деуге болады.
Күнделікті  өмір  құбылыстарын,  айналадағы  ірілі-ұсақты 
зат,  нәрсе  т.б.  әңгіме  желісіне  байлаған  ақындар  солардың 
атауын  немесе  оларға  қатысты  сын-сипат,  қимыл,  іс-әрекетті 
білдіретін  сөздерді  поэзия  тіліне  енгізе  бастайды.  Енді  өгіз 
терісі талыс, бұзау терісі шөншіктер жыраулар тіліндегідей 

156
образ үшін теңеу, метафоралар ретінде келуінен гөрі (бұл амал 
да бар), өзінің номинатив мағынасында жиірек қолданылады.
Ақындарда портрет жасау активтенеді. Әрине, әзірге бұлар 
–  жеке  белгілі  бір  адамдарды  суреттеу  емес,  «жаман,  жақсы 
қатынның»,  қыздың,  жігіттің,  шалдың,  кедейдің,  байдың, 
сараңның  т.б.  портреттері.  Және  олар  мақтау  немесе  даттау 
мақсатымен салтанатты, көтеріңкі үнде (стильде) не сарказм-
мен берілген дерексіз портреттен гөрі, жақсы, жаман әйелдің, 
сараңның, қарт адамның күнделікті өмірде байқалатын мінез-
құлықтарын, іс-әрекетін суреттеу болып келеді. Мысалы, Шал 
ақын «жақсы қатын» таңертең тұрады, түндікті оңынан аша-
ды,  киіміне  кір  жұқтырмайды,  асында  қылшық  тұрмайды... 
деп бейнелейді.
Адамның  әр  5-10  жылдықтардағы  өмірін  суреттеп,  оның 
туғаннан 90-дарға (кейде 100-ге) келгендегі портретін беретін 
дәстүрлі  өлең-толғаулар  жырауларға  да,  ақындарға  да  тән. 
Бірақ екеуінде екі түрлі сурет беріледі. Мысалы, жыраулар әр 
кезеңді алып жалпы метафорамен суреттейді: отыз жасқа кел-
генде дүниедей кең едің, отыз бес жасқа келгенде қара судың 
бетінде сығылып аққан сең едің немесе: жетпіс деген – жел 
екен,  сексен  деген  –  сор  екен,  тоқсан  бес  деген  –  тор  екен 
(Бұхар). Ал ақындар бұл тақырыпқа келгенде «жерге түседі»: 
оларда  әр  кезеңнің  өзіне  тән  сипаты  суреттеледі:  Жетпісте 
жер  таянбай  тұра  алмассың  (жоғарғы  жетпіс  деген  жел 
екен  дегенмен  салыстыр),  сексенде  селкілдеген  шал  боласың, 
қайда деп он бес қайран дал боласың... Келгенде мен тоқсанға 
торғайдаймын, жылқымды атқа мініп зорға айдаймын. Мұнда 
болмыс, ақиқат суреттері кәнігі метафора, теңеулерді азайтып, 
жаңа  образдар  ұсынады:  бұл  кәрілік  –  күлге  аунаған  қотыр 
бура... тоқсаннан соң жарандар, келеді күз, жоқ жоғалтқан 
жоқшыдай сенделдік біз (Шал).
Әрине, XVIII ғасыр ақындары дәстүрлі образдардан, тұрақ- 
ты  эпитеттерден  бірден  қол  үзіп,  алшақтап  кете  қойған  жоқ. 
Оларда да жастық шағын сауырдан су төгілмес боз жорға едім, 
тарлан тартса танбайтын жорғасынан... Асу-асу жерлерді 
арыстадым, қайда бір дүбір шықса қалыспадым (Шал) деген 
метафоралар әлі де бар.

157
Ақындарда  өлең  тақырыбы  нақтылау  болғандықтан,  өз 
тұстарындағы  қоғам  өміріне  байланысты  іс-әрекет,  кәсіп, 
күнкөріс  т.т.  өз  атауларымен  беріледі,  сол  себептен  кейбір 
сөздер мен тұрақты тіркестердің бұл кезеңдегі мағынасын, бар-
жоғын аңғаруға мүмкіндік туады. Мысалы, Көтеш Абылайға: 
Абылай, күйіп кетті салған қалаң десе, Мұнда қала – дәл осы 
күнгі  «город»  мағынасында  емес,  «кішкене  бекініс,  қорған» 
ұғымында  келтірілген.  Сол  сияқты  Көтеш:  Көтеш  қалды 
қыстауда  жалғыз  ауыл;  Шал  ақын:  алдынан  орыс,  қазақ 
тарқар еді... сіздер аршын болғанда, біз бір ширек, ширектен 
құралған соң кез болатын, (бай) бір кедейді жалдайтын пайда 
көріп  десе,  сол  кезеңнің  хал-ахуалынан,  тұрмыс-тіршілігінен 
хабар  беретін,  бұрынғы  поэзияда  көп  кездеспейтін  сөздерді 
көреміз.
Қысқасы,  етек  жая  бастаған  ақындық  дәстүр  –  қазақтың 
көркем поэзиясы тіліне бұрынғыға қарағанда, жаңа леп, жаңа 
тілдік-стильдік құрал-тәсілдер әкеле бастаған соны бағыт бол-
ды.
§ 5. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық 
сипаты
Бұл  кезеңдегі  сөздік  құрам  екі  қабаттан  тұрады:  қазақтың 
төл  сөздері  және  кірме  сөздер.  Кірме  қабаттың  дені  –  араб, 
парсы  сөздері.  Орыс  сөздері  немесе  орыс  тілі  арқылы  енген 
шет тіл сөздері XVIII ғасырдағы қазақ көркем әдебиеті тілінде 
жоққа  тән.  Тіпті  ауыз  әдебиеті  нұсқаларында  жиі  кездесетін 
шай, самаурын, пәуеске, тарантас сөздері мен орыс саудасы-
мен бірге келген киім-кешек, үй мүлкі, әртүрлі бұйым атаула-
ры, мүмкін сөйлеу тіліне енгенмен, сол тұстағы поэзия тілінен 
орын  алмаған.  Бұған,  бір  жағынан,  тұрмыс-салт  лексикасын 
сараң    пайдаланатын  поэзия  жанры  себепкер  болса,  екінші 
жағынан бұл бұйым-заттардың қазақ тіршілігінде әлі молынан 
орын ала қоймағандығы есер еткен болу керек.
Қазақтың  төл  сөздері.  Өткен  ғасырлардағыдай,  бұл 
дәуірдегі  қазақ  әдеби  тілінің  лексикалық  құрамының  негізі 
және дені – қазақтың төл (байырғы) сөздері. Бірақ бұл кезеңде 

158
де әдеби тілді танытатын көркем әдебиет қана, оның ішінде по-
эзия жанры болғандықтан, жалпы халық тілінің сөз байлығы 
түгелімен  әдеби  айналымға  түспеген.  Бұл  жерде  де  әдебиет 
мазмұны  мен  оған  қызмет  ететін  тіл  элементтерінің,  соның 
ішінде лексикасының  арасында берік байланыс бар.
Жоғарыда айттық, XVIII ғасыр өзінің ұзын-ырғасында қазақ 
қоғамы үшін соғыстар мен жорықтардың, шұбыра көшу мен 
жөңкіле  қоныс  аударудың  заманы  болды.  Соған  орай  көркем 
әдебиеттің  тақырыбы  да  –  негізінен  ел  қорғау,  батырларды 
мадақтау  немесе  өлімін  жоқтау  болып  келді.  Осы  себептен 
мұнда  да  жаугершілікке  қатысты  лексика  тобы  басты  орын 
алды.  Бұрынғы  элементтер  сақталып,  тұрақтала  түсті.  Мы-
салы,  кіреуке,  сауыт,  найза,  оқ,  дабыл,  дулыға,  берен,  жебе, 
қылыш  тәрізді  қару-жарақ  аттары,  жаулық,  елдік,  бүлу,  біту 
(«ел болу») сияқты етістіктер әлі де жиі қолданылады. Олар – 
әлі де архаизмдер емес, актив қордың элементтері.
Жаугершілік лексикаға қатысты көптеген сөздердің тұрақ- 
ты  эпитеттері  әбден  қалыптасып,  әдеби  штампқа  айналған. 
Мысалы,  кіреуке  тон,  күдері  бау,  қоңыраулы  найза,  болат 
найза,  көң  дабыл  тәрізді  тіркестер  мен  ту  байлау,  шепті 
бұзу, жұрт қорғау сияқты етістіктер – ХVIII ғасырдың ақын- 
жырауларының тілінде актив қолданылатын көркемдеу құрал- 
дары.  Бұлармен  қатар  жер  тұлдану  («жау  әскері  қаптау»), 
даңқынан батыр шығу, найзасының үстіне жау мінгізу сияқты, 
сірә, жеке авторлығы бар тіркестер де қолданыла бастайды.
Жалғыз  қару-жарақ,  сауыт-сайман  атаулары  емес,  жалпы 
жаугершілік  мотивтегі  өзге  де  іс-әрекетке,  айнала-болмысқа 
қатысты жеке сөздер мен тіркестер молынан ұшырасады. Бұл 
кезеңдегі әдеби тілде жиі кездесетін жау сөзі де (оның синонимі 
– дұшпан сөзі де), сондай-ақ ер, ер жігіт, жігіттік, ерлік, қол 
(«әскер»), қосын, жортуыл, ту, олжа (соғыста түсетін), жа-
уласу,  шұбыру,  бүлу  («ойрандалу»)  тәрізді  семантикасында 
«ұрыс, соғыс» ұғымы бар сөздер де жалаң қалыптарында да, 
тіркес түрінде де дәстүрлі әдеби құралдарға айналған. Мыса-
лы, бір ғана жау сөзі жауға аттану, жау қашыру, жауды ая-
мау, жау қысу, жау жағадан алғанда, жауды шаншу тәрізді 
тіркестер құрайды да бұлар образды элементтер ретінде актив 
қолданылады.

159
Жаугершілік мазмұнды лексика мен фразеология тек жеке 
ақын-жыраулар  үлгілерінде  емес,  ертеден  келе  жатқан  ауыз 
әдебиеті нұсқаларында, әсіресе батырлар жырларында кеңінен 
орын  алғанын  білеміз.  Қоңыраулы  найза  қолға  алу,  найзаны 
жауға  тіреу,  күдеріден  бау  тағу,  қол  қайыру,  темір  құрсап, 
оқ ату, қалмақты қуып қашыру т.т. тәрізді бейнелі тіркестер 
–  ауыз  әдебиеті  арқылы  қалыптасқандар.  Буырқану,  бұрсану, 
мұздай темір құрсану немесе қорамсаққа қол салу, қозы жау-
рын оқ алу тәрізді штамптар ауыз әдебиеті нұсқалары мен ав-
торлы әдебиет тілінде астарласа, қабаттаса келіп, бір жағынан, 
XVIII-ХIX  ғасырларға  дейінгі  қазақ  әдеби  тілінің  ғасырлар 
бойғы  ауыз  әдебиеті  дәстүрлерімен  ұштасып  жататындығын 
көрсетсе, екінші жағынан, біз талдап отырған дәуірдегі қазақ 
әдеби тілінің де нормасын танытады. Дегенмен қосын, байтақ, 
алаш,  аламан,  бүлу  сияқты  байырғы  сөздердің  қолданылу 
жиілігі  XVIII  ғасырда  азайып,  олар  пассивтене  бастағаны 
байқалады. Мысалы, Бұхарда ару, бүлу, байтақ, қосын, дулыға 
сөздері  бірер  реттен-ақ  қолданылған.  Оның  есесіне  кейбір 
сөздер  мен  тіркестер  жиірек  жұмсалып,  заман  шындығын 
көрсетеді.  Мысалы,  қазақ  халқы,  үш  жүз,  Орта  жүз,  Кіші 
жүз, Тәшкен базар, алғын-шығын, ұлық, егін егу, орақ ору, дін 
мұсылман  (Бұхарда),  дін  пұсырман  (Үмбетейде),  әкім  /кәкім 
сөздерін кездестіре бастаймыз.
Бұрын  жиірек  қолданылып,  көбінесе  образ  жасауға  қаты- 
сатын  бірқатар  сөздер  де  пассивтеніп,  олардың  орнына  өзге 
сөздер  немесе  синонимдері  пайданыла  бастайды.  Мысалы, 
бұрынғы жыраулар «сұлу әйел» дегенді көбінесе ару сөзімен 
білдірсе, енді ақын-жыраулар сұлу сөзін жұмсайды: «Бұлттан 
шыққан ай бетті Айттырса бермес сұлуын» (Ақтамберді), «Төсі 
аршынды сұлуың Сілкіп төсек сала алмас малдан соң» (Бұхар).
Сонымен  қатар  XVIII  ғасырдағы  жаугершілік  тақырыпты 
жырлаған  өлең-толғауларда  жалпылықтан  нақтылыққа  қарай 
ауысу,  яғни  жорыққа  аттану,  ел  қорғаудың  жалпы  идеясын 
ғана  сөз  ету  емес,  нақтылы  жорықтарды  (көбінесе  Абы-
лай  жорықтарын),  нақтылы  батырларды  жырлау  басымырақ 
болғандықтан,  бұл  кездегі  поэзия  тілінде  белгілі  жер-су, 
халық,  адам  аттарын  келтіру  көзге  түсе  бастайды.  Мысалы, 
Тәтіғараның  бір  жорықта  алдарынан  өзен  кездесіп,  ұйлығып 

160
қалған қолды рухтандыру үшін айтқан өлеңі негізінен суреттеп 
берген бірнеше батырдың аттарынан тұрады:
Қамыстың басы – майда, түбі – сайда,
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза.
Алдынан су, артынан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт Сабыр менен дулаттағы, 
Дербісті, Маңдайды айт қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпаған 
Сары менен Баянды айт уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт.
Найзасының ұшына жау мінгізген 
Еменалы керейде, Ер Жабайды айт.
Сол  сияқты  Үмбетей  жырау  Бөгембай  батырды  жоқтаған 
өлеңіңде  Баянаула,  Қызылтау,  Абралы,  Шыңғыстау,  Қозы- 
маңырақ,  Қоймаңырақ,  Қара  Ертіс,  Алтай,  Ақшәулі  тәрізді 
жер-су аттарын шоғырымен келтіреді. Демек, бұл – қазақ әдеби 
тілінің сөздік құрамының аумағы кеңейе түскенін танытады.
XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикасын сөз еткен-
де, ең бір көзге түсетін жайт – бұл кезеңде қазақ әдебиетінде 
жаугершілік  тақырыппен  қатар,  әлеуметтік-қоғамдық  және 
күнделікті  тұрмыстық  тақырыптардың  сөз  бола  бастауына 
қарай,  осы  салаларға  қатысты  лексикалық  топтардың  актив 
қолданылуы.  Қазірде  көнерген  хан,  құл,  ақ  сүйек,  бек,  қара, 
қарашы, күң, ханым тәрізді сөздер – ХVІІІ ғасыр үшін тура өз 
мағынасында  қолданылатын  актив  элементтер  болып  келеді. 
Бұлар осы кездегі лексикалық норманы танытады.
Бұхардың  шығармашылығы  тақырып  жағынан  едәуір 
кеңейгенімен, күнделікті өмірдің ұсақ, тұрмыстық жақтарына 
бара бермейтін жырау поэзиясы болғандықтан, онда тұрмысқа 
қатысты  қарапайым  сөздер  онша  көп  емес  (бұл  жерде  біз 
Қ.Өмірәлиевтің  «едәуір»  деген  бағасына  қосыла  алмаймыз: 
Бұхар  толғауларының  1982  жылғы  басылымында  1200-дей 
тармақтан  тұратын  бөлігінде  шамамен  алғанда  4200  сөз  бар 
екен, соның 20 шақтысы ғана тұрмыстық сөздер мен тіркестер 
болса, олар «едәуір» деген мөлшерді көрсетпесе керек).
Тіпті  әңгіме  бұл  жерде  тұрмыстық  сөздердің  санында 

161
да  болмас.  Гәп  –  сол  сөздер  мен  тіркестердің  жыраулар  по-
эзиясында  қандай  қызметте  қолданылғандығында.  Олардың 
көпшілігі  толғауларда  теңеу,  метафора  сияқты  образ  үшін 
пайдаланылады. Егер Бұхар жырау көйлек, тон, жең сөздерін 
қолданса,  әңгіме  олардың  өздері  туралы  емес:  бірінде  өлім 
туралы  («Үшінші  тілек  тілеңіз  Үшкілсіз  көйлек  кимеске»
үшкілсіз көйлек кию – өлімнің символы), ал тон, жең сөздері 
Абылайдың портретін беруге қажет образдар үшін алынып тұр.
Сол сияқты: «Доңғалақ арба жүре алмас, Екі арысы сынған 
соң» деп, доңғалақ, арба, арыс деген тұрмыстық сөздерді қол- 
данғанда, жырау тағы да бұларды сол арбаның арысы сынып, 
жүре алмаған суретін беру үшін емес, өзге тақырыпқа қажет 
образдар үшін келтіріп отыр. Бұлар – еңсесі биік боз орданың 
бүлінген (ойрандалған) соң мортық болатыны, төрде отырған 
қарт  бабаның  (ел  көсемінің)  мал  кеткен  соң  төресінен 
жаңылатыны,  малдан  айрылған  соң  қос-қос  орданың  қосыла 
қона  алмайтыны  т.т.  осылар  типтес  шындық  туралы  «фило-
софияны»  білдіруге  керек,  осылармен  параллель  түсетін 
«тұжырым» үшін айтылған арба мен арыстар.
Ақтамберді  жең,  жаға,  жамау  деген  қарапайым  сөздерді 
«жырласа», олар да образ қажетін өтеп тұр: «Жеңіме жамау 
түскенін,  Жарлылық,  сенен  көремін.  Жағама  қолдың  тиге- 
нін,  Жалғыздық,  сенен  көремін»  (бірі  кедейліктің,  екіншісі 
жалғыздықтың  образдарын  күшейтетін  құралдар  ретінде 
келтірілген).
Дегенмен  Шал,  Көтеш  сияқты  ақындар  өлендері  арқылы 
қазақ әдеби тіліне тұрмыстық лексика өзінің тура мағынасында 
сынамаланып  ене  бастады  деуге  болады.  Алдыңғы  дәуірлер- 
дегі  тәрізді,  XVIII  ғасыр  поэзиясында  да  қазақ  халқының 
негізгі күнкөріс шаруашылығы – малға қатысты сөздер елеулі 
орын  алады.  Әсіресе  образдардың  көпшілігі  мал  өсірумен 
шұғылданған  қауым  тіршілігінен  алынғандықтан,  тіркестер 
құрамындағы  «малдық»  сөздер  едәуір:  ақ,  сары  атан  еспелі, 
ел жайлауға көшкен жұрт... Семіз жарау байда бар, Құйрығы 
бітеу  қойда  бар.  Қызыл  турам  ет  болса,  Қызғаныш  болар 
аз  күні  (Бұхар).  Көз  болып  қой-бұзауға  шамаң  келсе,  Біреуге 
тамақ үшін жалынарсың (Шал). Желіде құлын жусаса, Керме-
де тұлпар бусанса, Сәні келер ұйқының (Ақтамберді).

162
Мал  шаруашылығына  қатысты  лексика  тобының  ішінде 
қоспақ  өркеш  сары  атан,  арғымақ,  тұлпар  тәрізді  «қадірлі» 
мал  атауларынан  бастап,  жабы,  тоқты,  бұзау,  лақ  тәрізді 
поэзия  тіліне  енетін  «қасиеті  жоқ»  мал  атаулары  да,  оларға 
қатысты етістіктер мен сын есімдер де ендігі өлең тілінен орын 
ала бастайды.
XVIII  ғасырдың  II  жартысында  қазақ  даласында  сауда-
саттық  пен  егіншілік  кәсібі  жандана  түскенмен,  сол  тұстағы 
әдеби тілде осы салаларға қатысты жеке сөздер мен тіркестер 
сирек ұшырайды, олар: саудагер, базар, орақ, ору, масақ, теру, 
егін салу сияқты бес-он сөз ғана. Бұл кезде ақшаға, әр алуан 
товар  өлшемдеріне,  сауда  бұйымдарына  байланысты  сөздер 
халықтың сөйлеу тілінде орын алғаны сөзсіз, ақындар жырла- 
ған  тақырып  тарлығы  мен  мұралардың  сараң  жеткендігінен, 
мұндай  элементтердің  әдеби  айналымдағы  көрінісін  беру 
мүмкіндігі болмай отыр. Керісінше, қоғам өмірінің бұл екі са-
ласы да XVIII ғасыр ақын-жырауларының тілінен гөрі эпостық 
жырларда  көбірек  ұшырайды:  «Ішкендерін  сұрасаң,  Шекер 
менен  май  болған»  («Қамбар»).  «Қыз  Жібек»  жырынан  қара 
нан,  деміне  нан  пісу,  сексен  аршын,  пұл,  диқан,  қант,  шай 
сөздерін, «Қамбар», «Айман-ІІІолпан» жырларынан баға-пұл, 
базарға салу, борышқа қалу т.б. «сауда» сөздерін кездестіреміз. 
Бұл  көрініс  –  негізінен,  XIX  ғасырдың  белгісі,  өйткені  осы 
жырлардың  біздің  қолымызға  тиген  варианттары  –  өткен 
ғасырда жырланғандар, ал XIX ғасырда сауда мен кәсіпке бай-
ланысты сөздердің әдебиет үлгілері тілінде едәуір орын алғаны 
мәлім.
Талданып  отырған  кезендегі  әдеби  тілдің  лексикасында 
көзге  түсетін  саланың  бірі  –  дерексіз  (абстракт)  ұғым  атау-
лары.  Тағы  да  мазмұн  мен  түрдің,  яғни  әдебиет  тақырыбы 
мен тілінің арасындағы тікелей іліктестік заңы үлкен рөл ой-
найды.  Жалпы  дүние,  адамзат  тіршілігі  туралы  толғауларда 
осыларға  қатысты  абстракт  категориялардың  атаулары  жиі 
қолданылады.  Олардың  көпшілігі  –  -лық  жұрнағы  арқылы 
қазақ тілі түбірлерінен жасалғандар. Мысалы, Ақтамберді жы-
рау жарлылық, жалғыздық, кемшілік, қорлық, зорлық; әділдік, 
бірлік, тірлік, татулық сияқты туынды есімдермен қатар та-

163
лап, талқы, үміт, кеңес, күрес, тілек, бақыт, дау, күш, өлім, 
ажал, ақыл, ой, сезім, арман тәрізді түбір сөздерді қолданады. 
Үмбетей жырау адамдық, арамдық, сұмдық, ерлік, шешендік, 
билік,  мінез,  қылық,  абырой,  ындын,  ант,  пана,  мін,  бітік, 
бақ,  тілеу,  қызық,  береке  сөздерін  ой  кәдесіне  жаратады. 
Шал ақында ашу, ақыл, жолдастық, ойран, жаман іс, бақыт, 
байлық, саулық, бәле, өнер, бақ, иман, тірлік, кедейлік сөздері 
өлең тіліне қатыстырылған.
Ал  Бұхар  жырауда  дерексіз  ұғым  атаулары  сан  жағынан 
жоғарғы көрсетілгендерден 3-4 есе көп. Бұған жырау мұрасының 
молырақ  жеткені  бір  себеп  болса,  оның  шығармаларының 
негізінен  ой  толғайтын,  ақыл-насихат  айтатын  мазмұны 
екінші  себеп  деуге  болады.  Бұхар  да,  өзге  жыраулардай,  екі-
үш түрлі көзден алынған дерексіз есімдерді пайдаланады. Бір 
тобы  –  -лық  жұрнағы  арқылы  жасалғандар.  Бұлардың  негізі 
көбінесе  қазақ  сөздері  болып  келеді.  Екінші  топты  қазақтың 
түбір сөздері және өзге тілдік жұрнақтармен жасалған есімдер 
құрайды. Үшінші топқа араб, парсы сөздері жатады.
Араб және парсы сөздері. Бұл қабаттың басымы – қазақтың 
жалпыхалықтық  сөйлеу  тіліне  ертеден  еніп,  әбден  сіңіскен, 
қазақтың өз сөздері болып кеткендер. Мысалы, XVIII ғасырдың 
ақын-жырауларында  кездесетін  дүние,  момын,  мақал,  мей-
ман, несібе, дәулет, Құдай, заман, жаза, уағда, кедей, пейіл, 
пана,  пасық,  арам,  амал,  қайыр,  құрмет,  ар,  абырой,  халық, 
әлем,  өмір,  адам,  адамзат,  ажал,  ақырет,  намаз,  ұжмақ, 
құбыла,  бақ,  мезгіл,  дұшпан  сияқты  сөздер  –  түпнегізі  араб-
парсынікі  болғанмен,  әңгіме  етіп  отырған  дәуірлерден  көп 
бұрын-ақ  халық  тіліне  сіңіп,  қазақ  лексикасының  байлығына 
әлдеқашан  айналғандар.  Олардың  қазақ  тіліне  етене  болып 
кеткендігі  сонша  –  бірқатары  көркемдеу  құралына  айналған, 
енді  бірсыпырасы  синонимдер  қатарын  түзейді.  Мысалы, 
Бұхарда: «Уақытым менің өткен соң, Мезгіліміз жеткен соң» 
деп, уақыт, мезгіл сөздерін синоним етіп келтіреді.
Екеуі  де  араб,  парсы  сөздерінен  жасалған  бақ-дәулет, 
абырой-ар,  Алла-тағала  тәрізді  қос  сөздер  де  осы  іспеттес. 
Кірме сөздердің көпшілігі қазақтың төл сөзімен қосақтаса ай-
тылып,  қос  сөздер  қатарын  түзеп  кеткен:  аман-сау,  амал-ай-

164
ла,  бос-бекер,  кедей-кепшік.  Бірқатарынан  туынды  тұлғалар 
жасалған:  қайырлы,  қайырсыз,  дүниелік,  мақұлдау,  амандық, 
несібелі,  жалақор,  парақор,  бақсыз,  бақытты,  бақытсыз, 
құрметтіқадірлі т.б.
Араб-парсы қабатының екінші тобы және өте шағын бөлігі 
–  халықтың  күнделікті  сөйлеу  тілінде  көп  қолданылмайтын, 
негізінен  ислам  дініне  қатысты  сөздер.  Мысалы:  арсы-күрсі, 
маһи, тәрт шадияр, лауқы, фани, һәммәт т.б. Бірақ бұлардың 
әдеби  тілдегі  активтік  дәрежесі  жоғарғы  көрсетілген  топтан 
әлдеқайда  төмен.  Бірінші  топтағылар  ақын-жыраулардың 
барлығында  және  барлық  туындыларында  да  кездесетін  бол-
са,  екінші  топтағылар  кейбіреулерінде  ғана,  оның  өзінде  де 
белгілі  бір  өлеңдерінде  қолданылған.  Бұлар  негізінен  Бұхар 
мен  Шалда  кездеседі.  Мұның  себебі  –  бір  жағынан,  екеуінің 
де  мұсылманша  сауатты  болғандығынан  болса,  екіншіден, 
олардың  Алла  мен  иманды  ауызға  алып  отыруды  міндет 
санағандықтарынан.
Феодалдық-хандық қоғам мүдделерін жақтаған Бұхар жы-
рау  өзінің  идеологиясында  ислам  дініне  иек  артады.  Алланы 
айтып отырған Бұхар бір шығармасының ішінде Алла сөзінен 
бастап, шадияр, мұсқап, құран, енжіл, кәләм, иман, арсы, күрсі, 
лауқы, нәубат деген жалпы есімдер мен Мұстафа, Наушару-
ан тәрізді жалқы есімдерді де шоғырлап ұсынады. «Елу жасқа 
келген соң, Пірдің сөзін сақтадым» деп ағынан жарылған Шал 
ақын да: «Жігіттер, ораза ұста, намаз оқы, Ғарасат майданы 
бар, тергеледі» сияқты жолдарында едәуір «діни» араб сөздерін 
қолданады:  Мұхамметтің  үшбу  жүрген  үмметі,  уассамаһи 
дастан, парыз, уәжім, сұннат, иман, ғақыл, ғибадат, мәңкүр-
нәңкүр,  Раббы,  хазірет,  Расул,  хиямет  мағшар.  Ол  тіпті 
реті  келгенде  «лә  аллала  илла  аллаһ»  немесе  «күнфайахун 
туржағун»  деп тұтас фразаларды да арабшалап жібереді.
Оқу-ағарту саласына қатысты араб-парсы сөздерінен XVIII 
ғасыр  әдеби  тілінде  кездесетіндері  көп  емес  және  олардың 
қолданылуы  жеке  авторға  байланысты.  Тағы  да  Бұхар  мен 
Шалда сия, қалам, дәуіт, әлім, ғалым деген сөздердің кездесуі 
олардың мұсылманша көзі ашық болғандықтарынан деп таба-
мыз.

165


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет