Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§ 1. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілін сипаттайтын



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата21.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#2384
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
§ 1. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілін сипаттайтын 
әдебиет үлгілері
XVIII  ғасырдағы  қазақ  әдеби  тілінің  қоғамға,  оның  мәде- 
ниетіне  және  халық  мүддесіне  қызмет  етуі  мен  дамуы  сол 
тілді иемденуші халықтың саяси, экономикалық және мәдени 
өмірімен тікелей байланысты болды.
XVIII  ғасыр  қазақ  халқының  сыртқы  жауларға  –  жоңғар 
басқыншыларына  қарсы  азаттық  күресінің  кезеңі  болды. 
Сондай-ақ «солтүстіктегі қуатты көрші» – Ресей империясы-
мен одақтасу ниетін көздеп, Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге 
«өз еркімен қосыла бастауы» сияқты тарихи оқиғалардың тұсы 
болды.
Ресеймен болған жаңа қарым-қатынастың тәуелділік сипаты 
күшті  бола  отырып,  қазақ  халқының  экономикасы  мен  әлеу- 
меттік-мәдени өміріне көптеген жаңалықтар әкелгені белгілі: 
сауда-саттық қатынастары дамыды, қалалар мен бекіністер ор-
нады, олармен қоса қазақ жеріне орыс адамдары қоныс тепті. 
Қоныстанушылар шаруашылық пен кәсіптердің жаңа түрлерін 
ала келді.
Әр алуан отаршылық, әкімшілік, экономикалық т.б. мүдде- 
лерді көздеп, қызмет бабымен келген орыс адамдары мен оқы- 
мыстылары қазақтың жер-суын, тұрмыс-салты мен мәдениетін 
зерттеуге кірісті. Әскери мекемелердің кадрлары мен әкімшілік 
орындарына  қажет  тілмаш,  писарь  сияқтыларды  дайындау 
мақсатымен  «гарнизондық  мектептер»  ашылды,  1789  жылы 
Омбыда ашылған «Азия мектебі» тәрізді оқу орындары пайда 
болды. Бұларда оқу орыс тілінде жүрді.
XVIII ғасырда қазақ жерінде азаматтық білім беретін, ана 
тілінде  оқытатын  ұлттық  мектептер  әлі  жоқ-ты.  Баспа  орын-
дары  мен  өзге  де  мәдени  ошақтар  және  жоқ  болатын.  Міне, 
осы жайттардың баршасы қазақ тілінің тағдырына да тікелей 
қатысты болды.

131
XVIII ғасырдың өн бойында қазақ даласында баспа орын-
дары,  кітап  шығару  ісі,  мерзімді  баспасөз,  оқу-ғылым  бол- 
мағанымен, осы кезеңдегі қоғамға қызмет еткен тілдің типтерін, 
жай-күйін, лексикалық-грамматикалық сипатын, оның норма-
лану процесін танытатын үлгі-нұсқалар бар еді. Оларға:
Бірінші, көркем әдебиет, оның ішінде авторлы поэзия үлгі- 
лері  жатады.  Бұл  әдебиеттің  ірі  уәкілдері:  Ақтамберді, 
Тәтіғара,  Үмбетей,  Бұхар  жыраулар  мен  Шал
120
  ,  Көтеш 
ақындар.  Зерттеуші  М.Жармұхамбетов  атақты  «Елім-ай» 
жыр  дастанының  авторы  деп  Қожаберген  Толыбайұлы  де-
ген жырауды атаса
121
 , Ы.Дүйсенбаев сол өлеңнің авторы бо-
лар деп Топыш ақын деген есімді атайды
122
. Әрине, үш-төрт 
ұрпақты қамтитыны бір ғасырлық бұл ұзақ мерзімнің ішінде 
қазақ қауымынан шыққан сөз зергерлері бұдан әлдеқайда көп 
болғаны даусыз. Тіпті осы күнгі кітаптардың өзінде Жанкісі, 
Есет  жырау,  Қобылан  жыраулардың  аталып,  олардың 
бізге жеткен бірді-екілі толғаулары ұсынылып жүргені мәлім 
(«Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты кітапты қараңыз. - Алма-
ты,  1967).  Әдебиет  зерттеушісі  Қайым  Мұхаметханов  Бұхар 
жыраудың осы күнгі жарияланып жүрген мұраларының ішінде 
өзге жыраулардың да, атап айтқанда, Байдалы бидің толғаулары 
араласып кеткенін көрсете келіп, «Байдалы – Бұхардың заман-
дасы, сөз өнерінің өрен жүйрігінің бірі, XVIII ғасырдың ақын-
жырауларының қатарынан орын алатын адам», – деп түйеді
123

Демек,  бұл  пікірді  құптасақ,  бұл  күнге  дейін  тек  шешендік 
сөздердің авторы ретінде Байдалы би деп қана танылып келе 
жатқан адамға Байдалы жырау деп те қарауға тура келеді.
Бірақ олардың барлығының әлеуметтік үні бірдей болмаған. 
Сондықтан  әдеби  мұраны  екшеуге,  екшеп  барып  халық  жа-
дында  сақтауға  келгенде  талабы  өте  қатал  «ауызша  баспа» 
тақырыбы  «ауыл-аймақ,  бота-тайлақтың»  төңірегінен  ұзап 
шықпағандарын  ысырып  тастап  отырған.  Өйткені  жер-жерде 
ру-тайпа мүддесінен туған поэзия үлгілері әрі құптаушылары 
120
  Шал  Құлекеұлының  есімін,  сірә,  XIX  ғасырдың  I  жартысының  әдебиет  әлеміне 
қатыстырып  та  сөз  ету  қажет  болар.  Егер  оның  туған-өлген  жылдарын  1760-1831  деп 
тапсақ, ақынның шығармашылық жолының дені XIX ғасырға тура келеді.
121
 Жарұхаметов М. «Елім-ай» жыр-дастаны //Қазақ әдебиеті. - 1981, 15 май.
122
  Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы, 1975. - 14-б.
123
 Мұхаметханов Қ. Бұхар жырау //Қазақ әдебиеті. - 1982, 6 август.

132
аз  болғандықтан,  әрі  қазақ  қауымының  сол  дәуірлердегі  бы- 
тыраңқылық,  сапырылыстық  жағдайынан  да  тез  ұмытылып 
отырған. Сақталатындар – ұсақ ру-тайпалық мүддеден я бол-
маса  бір  ханның  жеке  басының  мүддесінен  жоғары,  жалпы- 
халықтық идеяны сөз ету негізінде туған өлең-жырлар болған. 
Сондықтан бір ғасырлық қыруар сөз дариясынан сүзіп алынған 
маржаны  жоғарғы  7-8  ақын-жыраулардың  есімдерімен  шек- 
теліп отыр. Олардың өздерінің де түгел жетпегенін білеміз.
Бұлардың ішінде сөз үлгісі көбірек жеткені – Бұхар жырау. 
Оған себеп жырау творчествосының тарихи-әлеуметтік мәні- 
нің  болғандығында,  яғни  Бұхар  –  «қазақ  поэзиясында  бұған 
дейін  жоқ  жаңа  тақырыпты  –  халықты  бірлікке  шақыру,  осы 
бірліктің  ұйытқысы  хандық  мекемені  нығайтуды  уағыздау 
сияқты қоғамдық, дәуірлік тақырыпты көтерді» (Қ.Өмірәлиев). 
Мейлі  хандық  арқылы  болсын,  мейлі  орысшыл,  патшашыл 
хандарды  тақтан  тайдыру  арқылы  болсын  (Исатай-Махамбет 
көтерілісінде),  мейлі  өздерінің  дегеніне  құлақ  асатын  хан-
ды  сайлау  арқылы  болсын  (Сырым  Датұлы  бастаған  халық 
қозғалысы) – әйтеуір халықтық бірлікті сақтау, жер-су иелігінен 
айрылмау, сайып келгенде,  тәуелсіздікті қорғау сияқты жалпы 
елдік арман-мұратқа үн қосатын әдеби мұраларды сақтауға да, 
таратуға да халық мүдделі болған.
Екіншіден, біздің топшылауымызша, мұсылманша сауатты 
болған Бұхар жыраудың толғаулары кезінде қолжазба түрінде 
хатқа түсіп, сол арқылы да таралуы мүмкін.
Ал  Тәтіғара  сияқты  жыраулардан  қазіргі  көпшілікке  ұсы- 
нылып  жүрген  мұрасы  екі-үш  шағын  толғаулар  төңірегінде 
ғана,  оның  өзінде  де  ел  қорғап,  жауға  шабатын  батырлар-
ды  санамалап  айтқан  немесе  ханы  Абылайды  қайрай  айтқан 
бір-екі  өлеңі  ғана  сақталған.  Сірә,  Қ.Өмірәлиев  айтқандай, 
ертедегі ақын-жыраулар мұраларының бізге жетіп-жетпеуінде 
кездейсоқтық  құбылыстың  орын  алғаны  сөзсіз.  Кезінде  көп 
қайталанбай,  ауыздан  ауызға  мұқият  тапсырылмай  қалған 
дүниелер сол күйінде мүлде жоғалғаны да – ақиқат. Олардың 
ішінде  әлеуметтік  үні  бар,  халық  мүддесінен  шығарылған 
туындылардың  бар  болуы  да  ықтимал.  Көп  сәтте  көркемсөз 
мұрасын  сақтайтын  ортаның,  сол  орта  ұстаған  дәстүрдің  де 
рөлі зор болған.

133
Екінші. Біз әңгіме етіп отырған дәуірде қазақ ауыз әдебиеті- 
нің  мол  нұсқалары  бар-ды.  Олар  –  әрине,  тек  сол  ғасырдың 
өзінде  пайда  болғандар  емес.  Фольклор  дүниесінің  қомақты 
жанры  –  батырлар  жырларының  көпшілігі,  зерттеушілердің 
айтуларына  қарағанда,  Алтын  Орда  дәуірінен  бастап,  XIV 
ғасырдың соңы мен XV-ХVI ғасырларда жасалған (жырланған) 
ескерткіштер
124
.
Сондай-ақ  фольклор  мұрасының  одан  да  арғы  кездердегі 
– Батыс Түркі қағанатының (VI-VIII ғ.), Ақ Орда, Ноғай Ор-
дасы  және  Өзбек  хандығының  (ХІІІ-ХVІ  ғ.)  тұсындағы  ру-
тайпалардың ертегі-жырлары болғандығы да белгілі
125

Ауыз  әдебиеті  мұраларының  XVIII  ғасырда  жырланған 
варианттары  кейбір  тілдік-көркемдік  элементтерінің  көрінуі 
жағынан  осы  күнгі  бізге  жеткен  нұсқаларымен  де,  өздерінің 
пайда  болған  кездегі  алғашқы  үлгілерімен  де  дәлме-дәл 
түспейтіні анық. Фольклорлық шығармалардың XVIII ғасырда 
хатқа  түскен  нұсқалары  болмағандықтан,  эпостың  немесе 
ертегінің, я болмаса тұрмыс-салт жырларының осы дәуірдегі 
варианттары тілі жағынан дәл мынадай болып еді деп сипаттай 
алмаймыз.
Үшінші.  XVIII  ғасырдағы  қазақ  қоғамына  қызмет  еткен 
тілді  танытатын  нұсқалардың  тағы  бірі  –  ресми  іс-қатынасы 
қағаздары  болды.  Бұлар  хан-сұлтандардың,  старшындардың 
орыс  патшасына,  Ресейдің  әкімшілік  орындарына  және  бір-
бірлеріне жазысқан хаттары, арыз-өтініштері, мәлімдемелері, 
үндеулері  т.б.  Бұл  әдебиеттің  құнды  бір  ерекшелігі  –  хатқа 
түскендігі, сондықтан бұлар жазба тілдің белгілі бір стилінің 
қандай сипатта болғанын қиналмай көрсететін материал бола-
ды.
Төртінші. Бұл дәуірде қазақ өлкесін Ресей үкіметі тарапы-
нан танып-білу әрекеті қызу жүрді. Сол кездегі орыс саяхат-
шылары  мен  ғалымдарының  және  қызмет  бабындағы  кейбір 
адамдардың  орыс  тілінде  жазған  материалдарының  ішінде 
жекелеген қазақ сөздері кездеседі. Бұлар әңгіме етіп отырған 
124
  Валиханов  Ч.Ч.  Көрсетілген  кітап.  419-б.;  Кидайш  –  Покровская  Н.В., 
Нурмағамбетова О. А. Героическая поэма « Кобланды батыр» //Кобланды батыр. - М., 
1975. - С. 11.
125
  Смирнова Н.С Особенности развития казахского эпоса, его поэтика //История 
казахской литературы. В 3-х томах. - Т. I. - Алма-Ата, 1968. - С. 241.

134
кезеңдегі  қазақ  тілінің  лексикалық  құрамын  айқындауға 
септігін тигізеді.
Бесінші.  Соңғы  кездерде  архив  қазыналарынан  іздестіріп 
тапқан материалдарға қарағанда, XVIII ғасырдың соңғы шире- 
гінде Ресей үкіметі тарапынан қазақ тілінің кейбір сөздерінің 
орысша және өзге тілдердегіше баламасын көрсететін шағын 
сөздік  іспеттес  тәжірибелер  болғаны  анықталды.  Бұлар:  
1)  «Парсы  және  татар  диалектілері»  деп  аталатын  10  беттік 
қолжазба, 2) 49 орыс сөзінің қазақша және монғолша аударма-
лары берілген қолжазба, 3) «Хиуа, Бұхар, қырғыз (яғни қазақ – 
Р.С.) және мешер тілдеріне аударылған орыс сөздерінің тізімі», 
4) 1774 жылы жазылған орысша-қазақша сөздіктің қолжазбасы 
т.б.  Бұларда  берілген  материалдар  кейбір  қазақ  сөздерінің  
XVIII  ғасырдағы  берген  мағыналарын,  кейде  тіпті  фонетика- 
лық суретін тануға көмектеседі, өйткені бірқатар сөздіктерде 
қазақ  сөздері  орыс  әрпімен  жазылған  немесе  орысша  транс-
крипциясы берілген.
Әдебиет  зерттеушілердің  XVIII  ғасырдағы  тарихи  жыр-
лар  деп  таныған  (фольклордағы  эпос  категориясынан  бөліп 
қарап  жүрген)  Абылай  хан,  Қаракерей  Қабанбай  батыр, 
Қанжығалы Бөгембай батыр, Шақшақ Жәнібек батыр, Олжа-
бай, Өтеген, Арқалық батырлар туралы жырлардың осы күнгі 
біздің қолымыздағы мәтіндері – тууы мен жырлануы жағынан, 
біздіңше, дәл XVIII ғасыр туындылары емес. Сөз жоқ, о баста 
тарихта болған осы адамдардың аттарына байланысты аңыздар, 
әңгімелер,  толғау-жырлар  болған,  бірақ  олар  бізге  сол  пайда 
болған түрлерінде жетпей, кейін, XIX ғасырда, оның да екінші  
жартысында,  тіпті  кейбіреулері  біздің  дәуірімізде  жаңарып, 
«жаңғырып жырланған нұсқалар екенін оларды зерттеушілер 
атап көрсетіп отырады. Мысалы, біздің заманымызда Жәнібек 
батыр жырын өңдеп, толықтырып, қайыра жырлаушы – халық 
ақыны Иманжан Жылқайдаров, Өтеген батыр туралы жырды 
өткен ғасырда Сүйінбай жырласа, кейін, 1937 жылы Жамбыл 
оны  қайта  жырлаған,  Арқалық  батыр  туралы  Иса  Байзақов, 
Ертай  Құлсариев,  Саяділ  Керімбеков  өз  туындылары  ретінде 
үстіміздегі  ғасырдың  30-жылдарында  қайта  жырлаған
126
.  Де-
мек, тіл тарихын зерттеу тұрғысынан келгенде, біз бұл жыр-
126
 Қазақ тарихи жырларының мәселелері. - Алматы, 1979. -  95, 124, 163,166-б.

135
ларды XVIII ғасырдың үлгілері ретінде қарастыра алмаймыз.
XVIII ғасырдың мұралары да бізге ауызша сақталу арқылы 
жеткендіктен,  жоғарыда  көрсетілгендей  текстологиялық 
қиындықтар мұнда да кездеседі. Мысалы, мұрасы едәуір толық  
және  аса  көп  өзгеріссіз  жетті-ау  деген  Бұхар  жырау  шығар- 
маларына ғылыми тұрғыдан текстологиялық жұмыстар жүргізу 
қажет екендігі сөз болып келеді
127
. Бұхар шығармашылығының 
тілін, суреткерлік шеберлігін, стильдік жаңалықтарын арнайы 
зерттеген Қ.Өмірәлиев бұл күнде Бұхардікі деп беріліп жүрген  
4 толғауды жырау меншігінен мүлде шығарып тастауды ұсы- 
нады (олар: «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек», «Ей, айташы, Алланы 
айт», «Ақтың үйі – мешіт-ті», «Ай, заман-ай, заман-ай»). Тағы 
бір топ толғауды Бұхар шығармасы екендігі я еместігі шартты, 
демек, олар да дүдамал деп табады. Зерттеушінің бұл үзілді-
кесілді  байламдарына  түгелдей  қосылмасақ  та,  оның  Бұхар 
мәтіндерін осылайша талдап қарау принциптерін құптаймыз.
Бұл  күндерде  Бұхар  жыраудікі  деп  ұсынылып  жүрген 
мұраларға оның авторлығы жөнінде біздің пікіріміз мынадай 
(Қ.Өмірәлиевтің айтқандарын ескере отырып түйгенде):
1. Бұхардікі емес деп санайтын «Ей, айташы, Алланы айт», 
«Ақтың үйі – мешіт-ті» деген екі толғауды біз осы жыраудың 
«қаламына» жат емес деп ойлаймыз (ол жөніндегі дәлел бұрын 
келтірілген). Ал мына дүниелерді Бұхар авторлығына кейіннен 
телінген  деп  түйеміз:  «Әлемді  түгел  көрсе  де»  деп  бастала-
тын 15 жолдық өлең, ең алдымен, толғау емес, ол – белгілі бір 
құрылым,  :  өлшем  және  ұйқас  суреті  қатаң  сақталған  жазба 
поэзияның  үлгісі:  өлең  үш  шумақтан  бес  тармақтан  тұрады, 
ұйқас кестесі: а, а, б, а, в. Бесінші тармақ рефрен іспеттес, ол 
үш шумақтың үшеуінде өзара ұйқасып келеді: Қызыққа той-
мас адамзат //Өмірге тоймас адамзат// Үмітін қоймас адам-
зат.
Жалпы  «адамзаттық»  тақырыпқа  айтылған  бұл  «филосо- 
фиялық  өлең  мазмұны»  жағынан  жырауға  жат  болмаса  да  
(Бұхардың көп туындыларының тақырыбы жалпы ой толғау- 
лары болып келетіндігі мәлім ғой), өзінің құрылымы мен жаса-
лу техникасы жыраулық емес. Оның үстіне мұндағы «ай нұрын 
127
 Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғ. қазақ..., 140-141-б.; Мұхаметханов Қ. Бұхар жырау 
//Қазақ әдебиеті. - 1982, 30 июль - 6 август

136
ұстап  міну»,  «аспанда  жұлдыз  аралау»,  «әлемнің  қызығын 
қолмен  бөлу»,  «қисынсыз  күйге  түсу»  сияқты  образдар  – 
Х-ХVІІІ  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясына  тән  емес.  Мұндай 
перифраздардың  алғашқы  нышандары  Дулаттан  басталса, 
Абай оны қазақтың жазба поэзиясының жүйелі түрдегі үлкен 
бір тәсіліне айналдырған болатын. Сондықтан бұл шығарма – 
Бұхар мұралары деп ұсынылып жүрген шығармалардың ішінде 
оқшау тұрған, жаттығы бірден көзге ұратын (жыраудың тұтас 
стилін танитын адамға) туынды.
 
«Көк көгершін, көгершін» деген толғау да – Бұхардікі емес 
деп  табамыз.  Мұндағы  образдар  Бұхарға  жат:  «Еділдің  арғы 
жағын Алты ай жүріп айландым» деген образ – Еділ, Жайық 
маңында  өткен  Шалкиіз,  Қазтуған,  Доспамбет  жыраулар 
«қаламының» дүниесі. Оның үстіне мұндағы бірқатар жолдар 
еш өзгеріссіз «Ер Тарғын» жырында кездеседі.
Эпоста:
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Күн-түн қатып жортқанмын...
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін.
Айналасы алты айшылық Еділге 
Тарланды талай-талай салғанмын.
Бұхарда:
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Көк ала қалқан жамылып,
Ерлер жортар мал үшін.
Тең, тең үшін, тең үшін,
Терек кестім сал үшін.
Еділдің арғы жағын 
Алты ай жүріп айландым.
Ал біз «Ер Тарғын» жырының көркемдеуіш құралдары мен 
жеке  образдары  жағынан  Шалкиіз,  Қазтуған  жырауларға  өте 
жақын екендігін, солардың «қаламынан» шыққан немесе сол 
жыраулар  мектебінен  «дәріс»  алған,  солармен  тұстас,  стиль-
дес, «тілдес» автордікі екендігін айтар едік.

137
Құлмат  Өмірәлиев  «Ақсаңнан  биік тау  болмас», «Жар  ба-
сына  қонбаңыз»,  «Көкте  бұлт  сөгілсе»,  «Алыстан  қызыл 
көрінсе»,    «Қара  арғымақ  арыса»,  «Арту-арту  бел  келсе», 
«Асқар  таудың  өлгені»  деген  толғаулардың  Бұхар  туындыла-
ры екендігі я еместігі таза шартты деп санайды. Ондағы негізгі 
мотиві  –  олардың  мазмұны  (тақырыбы)  жағынан  ақыл-өнеге 
айтатын  дидактикалық  толғаулар  екендігі,  бұл  тақырыптың 
ертеден  келе  жатқан  жыраулардың  баршасына  ортақтығы, 
ондағы сөз-образдардың бірінен екіншісіне көшіп жүретіндігі, 
соның нәтижесінде авторлығы күңгірттеніп, ортақ дүниелерге 
ауысатындығы.
Егер  біз  Бұхар  мұраларының  ішіндегі  мұндай  дүниелерді 
оның  иелігінен  шығарып  тастасақ,  бұл  жыраудың  да  алдың- 
ғылар сияқты, бір жағынан, шешен-дидактик екендігін жоққа 
саймас  па  екенбіз.  Сөз  жоқ,  Бұхар  –  дидактикалық  поэзия-
мен  қатар,  азаматтық  поэзияның  да  жыршысы.  Бұл  жердегі 
азаматтық поэзия деп отырғанымыз – нақтылы оқиғалар мен 
адамдарға  қатысты  жырланған  толғаулар.  Бұл,  сірә,  Бұхар 
шығармашылығының салмақтырақ түсетін бөлігі болар немесе 
әлеуметтік мәні күштірек бұл дүниелер жақсырақ, ұқыптырақ, 
түгелдеу сақталған болар. Дегенмен Бұхардың да, ең алдымен, 
жырау екендігін, оның да ақылгөй, дана, қауым көсемі ретіндегі 
орны  мен  қызметін  ескерсек,  сірә,  ортақ  ой,  ортақ  мотивке 
құрылған  толғаулар  да  жырау  «қаламына»  жат  болмас,  осы-
лай түйе тұра біз Бұхардың тілі мен стилін талдауға жоғарыда 
көрсетілген толғаулардың материалдарын тартпадық. Оған ав-
торы күмәндығынан гөрі, бұл шығармалардың тілдік-стильдік 
тұлға-тәсілдерінің ортақтығы, дәстүрлілігі, бірдейлігі де себеп 
болды.  Жалғыз  Бұхар  емес,  өзге  ақын-жыраулар  мұраларына 
да осы шартты қою керек.
Мұның сыртында Бұхар өлеңдері мен толғауларының (сон- 
дай-ақ    өзгелердің  де)  жалпы  мазмұны,  тіпті  ұйқастары  мен 
образдары  дұрыс  сақталғанмен,  кейбір  жеке  сөздері  немесе 
грамматикалық тұлғалары өзгеріп, екі-үш вариантта ұсынылып 
жүргендері  аз  емес.  Мысалы,  Бұхар  шығармаларының  1962 
жылғы жариялануындағы: «Еңсесі биік кең сарай Мортық бо-
лар  бөлген  соң»
128
  деген  екі  жол  Мәшһүр  Жүсіп  дәптерінде: 
128
 ХVIII-XIX ғ. қазақ ақындарының шығармалары. - Алматы, 1962. - 34-б.

138
«Еңсесі  биік  кең  сарай  Мортық  болар  бүлген  соң»
129
  деп 
берілсе,  1925  жылғы  «Таң»  журналында:  «Еңсесі  биік  кең 
сарай  Хемшік  болар  бөлген  соң»
130
  деп  ұсынылған.  Мұнда 
екі  жолдың  ішінде  екі  сөз  құбылып  отыр:  бөлу/бүлу,  морты/
кемшік. Алдыңғы пар – бір-бірінен бөлек дүниелер, дұрысы – 
бүлу болуы керек, ол – «талқандалу, ойрандалу, жаудан жеңілу» 
мағынасын  беретін  көне  сөздердің  бірі.  Соңғы  парлар  да  – 
мағыналары  жуық  болғанмен,  екі  басқа  түбірлер,  тіл  тарихы 
үшін бұлардың қайсысы қай дәуірде қолданылғанының үлкен 
мәні бар. Сол сияқты, Мәшһүр Жүсіп дәптерінде: «Ат тұяғы 
тимеген  Ақ  кіріш  тас  суда  бар»  деген  жолдар  1962  жылғы 
кітапта «ақ кірпіш тас суда бар» болып келеді. Мұнда да өлең 
мазмұны, ұйқасы, образы бірдей болғанмен, кіріш пен кірпіш 
– бірдей емес, екеуі – екі бөлек сөз: дұрысы кіріш болуы ке-
рек. Ол жөнінде Б.Сүлейменова нанымды этимологиялық тал-
дау жасайды
131
. Бұл типтес мысалдардың бірқатары бұрын да 
бірнеше  рет  көрсетілген  болатын.  Мысалы,  «Басына  мұнша 
көтерген»  деген  тармақ  екінші  бір  басылымда:  «Басына 
моншақ  көтерген»  болып  беріліп  жүр.  Сол  сияқты:  «Судан 
қашып қарағай Шөлге біткен бір дарақ» дегендегі соңғы сөз 
бірде тарақ, тағы бірде дұрақ болып ұшырасады.
Бұлардан басқа мына тіркестер түрліше оқылып (жазылып) 
жүр: «Үйсін Төле билердің/Үйсін Төле бидің, Несібеңді жат-
тан  тіледің/Несібеңді  елден  ойладың;  Тақымы  кеппес  ұры 
едің/ Тоқымы кеппес ұры едің» (бұл қатардың, сірә, соңғы ва-
рианты – дұрысы болар, өйткені, Қайым Мұхаметханов дұрыс 
айтқандай, ұрлықпен күн-түн қатып, ат үстінде жүргендіктен, 
образ  ат  терінен  кеппейтін  тоқымынан  алынған  болу  керек 
және бұл тіркес Үмбетейде де кездеседі: «Тоқымы кеппей топ-
танып, Ел тонауға аттанып... Көтерермін, көнермін» «Көнер 
ермін,  көнермін»;  «Күнінде  мендей  жырлайтын»  /  «Күнде 
мұндай  сөйлейтін»;  «Сен  –  бұзау  терісі  шөншіксің»  /  «Сен 
–  бұзау  терісі  шөніксің»;  «Асау  талқан  бұздырған»  /  «Асуды 
талқан бұздырған» т.т.
Тек  жеке  сөздер  мен  тұлғалардың  варианттылығы  емес, 
өлең-толғау  мәтіндерінің  кейде  тұтас,  кейде  үзіктерімен  бір 
129
  Қазақ ССР ҒА Орталық кітапханасы. - Қолжазбалар қоры. - 334-п.
 
130
 Таң  журналы. - 1925. - №2.
131
 Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 109-111-б.

139
автордан екіншісіне көшіп, қайталап жүруі немесе тіпті ауы-
сып кету фактілері өткен ғасырлардың әдеби дүниесінде едеуір 
орын  алады.  Міне,  осындай  жайлар  белгілі  бір  суреткердің 
тілін  талдауда  да,  тіпті  белгілі  бір  дәуір  тілін  танытуда  да 
қиыншылықтар  туғызады.  Әсіресе  бұл  қолайсыздық  тілдің 
әдеби  нормаларының  қалыптасу,  даму,  тұрақтану  процесін 
зерттеуде сезіледі.
Дегенмен осы сияқты қиыншылықтың барын ескере, есеп-
ке  ала  отырып,  біздің  заманымызға  жеткен  үлгілердің  тіліне 
талдау жасап, әңгіме етіп отырған дәуірдің – ХVIII ғасырдың  
әдеби тіліне біршама сипаттама беруге болады.
§ 2. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілі – алдыңғы 
дәуірлердің жалғасы
Қазақтың  ауызша  дамыған  төл  әдеби  тілінің  өткен  ғасыр- 
лардағыдай  әлі  де  өрісі  шағын  болды.  Ол  негізінен  көркем 
әдебиет  пен  ауызша  шешендік  сөз  салаларына  қызмет  етті. 
Көркем әдебиеттің өзі поэзия жанрында дамыды. Сондықтан 
XVIII  ғасырдағы  қазақтың  ауызша  әдеби  тілі  өткен  XV-ХVII 
ғасырлардағы әдеби тілдің әрі қарайғы жалғасы болып дамы-
ды.  Бірақ  өткен  үш  ғасырмен  салыстырғанда,  бұл  кезеңдегі 
әдеби тіл өзінің тарихын айқындауға келгенде, едәуір ұтымды 
жақтарынан көрінеді.
Ең алдымен, оның жай-күйін, әсіресе лексикасы мен фра-
зеологиясын және кейбір грамматикалық нормаларын таныта-
тын үлгілер әлдеқайда молырақ екені мәлім. Әдебиет тарихын 
зерттеушілердің айтуынша, XVIII ғасыр – қазақ поэзиясының 
кең  өріс  алған  тұсы.  Бұл,  бір  жағынан,  әріден  келе  жатқан 
жыраулық  дәстүрдің  одан  әрі  дамып,  жаңа  қырларынан 
көрінген  кезеңі  болса,  екінші  жағынан,  ақындар  мектебінің 
күш  ала  бастаған  шағы  болды
132
.  Осыған  орай  бұл  дәуірдегі 
әдеби  үлгілердің  мазмұны  мен  тілінің  арасындағы  сәйкесіік 
анығырақ көріне түседі.
XVIII  ғасыр  қазақ  қоғамы  үшін,  Шоқан  Уәлихановтың 
сөзімен айтсақ, қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыс- 
132
 Дербісәлин Ә. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. - Алматы, 1982. - 47-
51-б.

140
тардың заманы болды. Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап 
қалу  үшін,  жеріне  көз  тігіп,  қол  сұққан  сыртқы  жауларымен 
ұрыс-соғысы  бар  ма,  ығы  зор  көршілерден  ынтымақ-тірек 
іздеуі бар ма – осы сияқты іс-әрекетпен ханынан бастап, қарасы 
түгел  ат  үстінде  өткізген  XVIII  ғасыр  қазақ  халқының  әдеби 
дүниесі үшін де жауынгершілік дәуірі болғаны түсінікті.
Бұл кездегі көркем поэзия уәкілдерінің көпшілігінің негізгі 
лейтмотиві – ел қорғау, батырлықты ең жоғары мұрат ретінде 
суреттеу болды. Сондықтан XV-ХVII ғасырлардан келе жатқан 
жауынгершілік тақырыбы әрі қарай ұласады, осы мотивке тән 
көркем образдар мен лексика топтары сақталып, сұрыпталып, 
шыңдала түседі. Ақтамберді, Тәтіғара тәрізді жыраулар өздері 
де, бір жағынан, «Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке» 
деп  өткен  жауынгер,  жортуыл  кернейшілері  (М.Мағауин) 
болғандықтан,  олардың  жырларының    дені  сыртқы  жауларға 
қарсы күрес, ерлік, батырлық мазмұнында келеді.
Сонымен  қатар  өткен  ғасырларға  қарағанда,  XVIII 
ғасырдағы қазақ поэзиясында екінші бір үлкен тақырып пайда 
болды, ол – әлеуметтік-қоғамдық жай-күйді суреттеу. Сөз етіп 
отырған кезеңде қазақ жерінің батыс өлкесінен бастап Ресей 
патшалығының  қоластына  кіре  бастағаны  мәлім.  Бұл  жағдай 
елдің  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  күй-қалпында 
өзгерістердің  пайда  бола  бастауына  бірден-бір  себепші  бол-
ды.  Қазақ  жерін  билеудің  жаңа  тәртібі  кірді.  Қазақ  қоғамы 
тіршілігіне  Ресейдің  отарлаушы  ықпалы  күшейді.  Дала 
тіршілігіне айырбас сауда мен ақша саудасы келді. Қазақ жерін 
айқұш-ұйқыш кесіп, сауда керуендері өтетін болды. Мұнанайлар 
(«меновые дворы» дегенді қазақтар осылай атаған), ақбазарлар 
(алғашқы  кезде  «жәрмеңке»  қазақ  арасында  осылай  атанған) 
пайда болды. Патша үкіметі тарапынан қалалар мен қамалдар 
(Петропавл,  Орынбор,  Семей,  Гурьев,  Орал)  орнады.  Оларда 
тұратын  әскери-қызмет  бабындағылардан  басқа  қарапайым 
орыс  адамдары  да  (саудагерлер,  әскерден  босанған  солдат-
тар т.б. да) қоныс теуіп, қазақ пен орыс халқының жүзбе-жүз 
көрісіп, қоныстас болып өмір сүре бастауы да осы кезде елеулі 
сипат алады, қысқасы, осының барлығы әдебиетке әлеуметтік 
тақырыпты  әкелсе,  өз  орайында  бұл  құбылыс  әдеби  тілге  де 
әсерін тигізді.

141
Әдебиеттегі жаңа тақырып, ең алдымен, лексика мен фразе-
ология аясын кеңейту бағытын ұсынды.
Үшінші  тақырып  –  дінге,  мұсылман  дініне  қатысты.  XIX 
ғасырдың  II  жартысындағыдай  мұсылманшылықты  уағыздау, 
оның  қағидаларын  қазақша  түсіндіру  сияқты  әрекеттер 
болмағанмен,  XVIII  ғасырдағы  қазақ  поэзиясына  алдыңғы 
дәуірлерге қарағанда, дін тақырыбы немесе исламға қатысты 
ойлар, түйіндер араласа бастайды. Біз бұл жерде ішінде «Ал-
ласы  мен  мешіті»  бар  екі  толғауды  Бұхардың  авторлығынан 
шығарып  тастаған  Қ.Өмірәлиевтің  дәлелдерін  күшті  дей  ал-
маймыз.  Біріншіден,  «бұлар  Бұхар  стиліне  жанаспайды»  де-
ген дәлелді қалай түсіндіруге болар еді? «Ей, айташы, Алланы 
айт»  түрінде  бастау  неліктен  Бұхар  кезіндегі  дәстүр  (қандай 
дәстүр?)  тұрғысынан  қарағанда,    қате  бастау  болады?  Бұхар 
стилі  дидактикалық-өсиет  сөздерді  констатация  арқылы  беру 
болса,  бұл  екі  толғау  да  сол  стильден  шығып  тұр.  Ал  Бұхар 
заманы үшін ислам дініне иек артып барып, феодалдық иде-
ологияны жырлау – қажет те, орынды да. Өйткені бұл мотив 
Бұхардың  өзге  толғауларында  да  шаң  беріп  қалады.  Мыса-
лы,  «Бірінші  тілек  тілеңіз»  деген  толғауындағы:  «Бесінші 
тілек  тілеңіз,  Бес  уақытты  бес  намаз  Біреуі  қаза  қалмасқа» 
деген тармақтар, келесі бір толғауының: «Алла деген ар бол-
мас, Ақтың жолы тар болмас» деп басталатын жолдары, өзге 
бір  өлендеріндегі:  «Әзірейіл  келгенде,  Жан  қалар  жер  қайда 
бар?...», «Дін мұсылман болмаса, Тіл мұсылман не пайда?...», 
«Айтар  болсаң,  Алланы  айт...»,  «Ақтың  жолын  күзетпей, 
Жамандықты  тұтқан  жұрт...»,  «Алладан  хүкім  келмей  өлмек 
жоқ» деген тармақтарының мән-мазмұны ислам дініне қатысты 
емес пе? Тіпті ол Абылайға «Орыспенен алыспа» деп ақыл бер-
ген толғауында негізгі мотив етіп: «Бізден бұрын өтіпті ғазіреті 
шеріңіз.  Мына  жалған  сұм  дүние  Өтпей  қалмас  демеңіз...», 
сондықтан  «Жаулық  жолын  сүймеңіз.  Мұсылман  болсаң, 
кетіңіз  Сырдарияның  суынан  Көлденең  кесіп  өтіңіз»  дегенді 
айтпай ма? Демек, XVIII ғасырдағы қазақтың төл әдеби тілінде 
ислам  дініне  қатысты  араб,  ішінара  парсы  сөздері  молырақ 
орын ала бастайды. Бұл да – әдебиет тақырыбы мен тілінің бір-
біріне сәйкестенуінен туған құбылыс болып табылады.

142
Бұл ғасырда да жыраулар туындыларының негізгі мақсаты 
– дидактикалық сарында ақыл-өсиет айту немесе өмір, адамзат, 
қоғам туралы толғану болғандықтан, дерексіз ұғым атаулары 
көбейе, түрлене түседі. Жарлылық, жалғыздық, кемшілік, та-
лап, талқы, ақыл, үміт, зорлық, қорлық, тілек, бақыт, әділдік, 
бірлік, тірлік, татулық, ерлік, адамдық, арамдық, билік, дәулет 
сияқты сөздер еркін және актив қолданылады.
XVIII  ғасырдың  авторлы  поэзиясының  тақырыбы  белгілі 
бір  оқиғаларға,  адамдарға  байланысты  да  болып  келеді,  сол 
себептен мұнда жер-су, адам аттары өткен дәуірлердегі өлең-
жырлар  мәтіндеріне  қарағанда,  әлдеқайда  мол  және  түрліше 
болып кездеседі.
Сөйтіп,  XVIII  ғасырдағы  қазақтың  ауызша  тараған  әдеби 
тілі  алдыңғы  дәуірлердің  жалғасы  бола  тұрып,  оның  әрі 
қарайғы  дамуы,  өзгеруі  де  болып  табылады.  Әсіресе  бұл 
ғасырда  авторлық  даралық  айқынырақ  сезіле  бастайды.  Бұл 
реттен қарағанда, Бұхар жыраудың орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет