Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§ 5. Қазақша ғылыми-көпшілік стилінің пайда болуы



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата21.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#2384
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
§ 5. Қазақша ғылыми-көпшілік стилінің пайда болуы 
және оның жай-күйі
Өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  қазақ  тілінде  көпші- 
лікке  (ең  болмағанда  сауатты  оқырманға)  арналып,  жалпы 
ғылым-білімнен  де,  кейбір  ғылым  салаларынан  да  мәлімет 
беретін,  баяндайтын,  түсіндіретін,  насихаттайтын  сипаттағы 
әдебиет  жанры  пайда  болады.  Зерттеуші  Б.Әбілқасымов 
мұндай әдебиеттің тұңғыш үлгісі деп Н.И.Ильминскийдің «Са-
моучитель  русской  грамоты  для  киргизов»  деген  кітабының 
соңында берілген қазақша үлгілерді атайды
178
. Ол текстер гео-
графия,  тарих,  табиғаттану  салаларынан  мағлұматтар  береді. 
Бұл  стиль  үлгілерін  шағын  мақалалар  түрінде  сол  кезеңдегі 
қазақша мерзімді баспасөз беттерінен де табамыз.
Медицина, ветеринария, шаруашылық мәселелеріне арнал- 
ған жеке кітапшалар да жанры жағынан көрсетілген әдебиетке 
жатады. Бұлардың дені –  орыс тілінен аударылған дүниелер 
болғанымен,  осы  күнгідей  дәл  аударма  ретінде  қарастыруға 
келмейді, өйткені өткен ғасырдағы аударма ісінің принциптері 
қазіргіден  бөлек  болатын.  Түпнұсқа  текстің  мазмұны  ғана 
беріліп,  сөздігі  мен  синтаксистік  құрылысы  жағынан  дәлме-
дәлдік сақталмайтын.
Бұл  әдебиеттің  алдында  хат  танитындар  арқылы  қалың 
көпшілікке  білім-ғылымның  әр  саласынан  хабар  беру  және 
оны  сол  кездегі  жұрттың  сауаттылығы,  білім  дәрежесімен 
санасып,  түсінікті,  жеңіл,  «жалпақ»  тілмен  білдіру  мақсаты 
тұрды.  «Оқұмұстардың  (ғалымдардың  –  Р.С.)  айтқан  сөздері 
(жазғандары – Р.С.) қандай анық, қандай түсүнүкті, көптүрмей, 
семдірмей,  дұрұсұн  түсүндүреді  де  қойады,  оқудың  байдасы 
бұ»  деп  жанр  авторларының  бірі  жазғанындай
179
,  өздері  де 
ғылыми  шындықты  біршама  дәл  («көптірмей»,  «семдірмей») 
беруді және түсінікті етіп баяндауды көздейді.
Қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми көпшілікқолды әдебиеттің 
осы мақсаты оның тілі мен стиліне мейлінше әсер етті: мұнда 
баяндаумен қатар, түсіндіру сипаты кең орын алады. Мұны осы 
үлгідегі әдебиеттің стилъдік белгісінің бірі деп тануға болады.
178
 Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың IIжартысындағы... - 65-б.
179
 1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарь. - Орынбор, 1898.  - 35-б.

258
Түсініктеме текстің өз ішінде түпнұсқада болуы мүмкін, со-
нымен қатар кейбір зат, ұғым, құбылыстардың не мәнін ашып 
немесе қазақша баламасын келтіріп түсіндіру де орын алады. 
Мысалы, 1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарьдағы 
планета  туралы  материалда:  Осы  күннен  айналып  жүретүн 
томалақтарды  планета  деп  атайды.  Оның  мәні  жүретүн 
жұлдұз дегені. Мұнда соңғы сөйлем түсіндірме ретінде келті- 
рілген.  Осы  календарьдан  тағы  мысалдар  келтірейік:  Көзге 
қойып қарағанда алыс нәрсені жақындатып, үлкейтіп көрсе- 
тетін телескоп деген құрал бар... Бұл жарқыраған жұлдызды 
комета дейді, құйрықты жұлдыз дегені, бұлар бөтен күннің 
қауымынан  келеді...  Мәскеуде  кәзір  күндіз  болса,  Америка-
да (бір Америка деген жер бар) түн... Бұл мысалдарда білім-
ғылымнан таным дәрежесі әлі төмен көпшілік оқырманға сол 
білім-ғылымның  әр  саласынан  хабар  (информация)  берумен 
қатар,  сол  хабарды  түсіндіріп  отыру  принципі  көзге  түседі. 
Ол түсіндіру әртүрлі жолмен жүзеге асырылған. Көбінесе «де-
ген құрал бар, деген жер бар» деген сияқты қосалқы баяндау  
амалы пайдаланылған. Айталық, Америка сөзі көпшілік қазақ- 
қа түсініксіз: ол заттың аты ма, адамның аты ма, іс-әрекеттің 
атауы ма, сондықтан жақша ішіне оның материктің аты екенін 
қазақтың  «жалпақ  тілімен»  бір  Америка  деген  жер  бар  деп 
түсіндірмені қыстырады.
Бұл стильге тән белгілердің басты-бастылары мыналар:
1.  Жартылай  ғылыми  мазмұнды  болғандықтан,  мұнда 
алғашқы ғылыми-техникалық терминдер қолданыла бастайды. 
Сөз жоқ, қазіргідей әр ұғымға сай орныққан, әр ғылым саласы-
на қарай сараланған терминдердің жүйесі әлі жоқ. Бұл кезең 
–  қазақ  тілінде  терминдерді  жасаудың  (немесе  қабылдаудың) 
принциптері  мен  жолдары  айқындалмаған,  тіпті  ол  жөнінде 
сөз  болмаған  дәуір.  Дегенмен  білім-ғылымға  қатысты  тер- 
минологияның алғашқы нышандары осы кезде, аталған стиль-
де көріне бастады деуге болады.
Ол терминдер екі түрлі: көбі – түпнұсқадан – орыс тілінен 
–  дайын  түрде  алынғандар:  планета,  комета,  компас,  теле-
скоп,  трахома,  календарь,  адрес,  почта,  телеграф,  миллион, 
спирт т.б.; бірсыпырасы – қазақша баламасымен берілгендер: 

259
дәрігершілік (медицина), құрғақ жер, қара жер (суша), дома- 
лақ  жер  (земной  шар),  ойпат  (впадина),  жел  (воздух),  арал 
(остров),  ауру  (болезнь),  науқас  (больной),  Жер  (Земля), 
оқымыс (ученый), Күннің тұтылуы (затмение солнца), Айдың 
тұтылуы (затмение луны), Таң жұлдызы (Венера), Құс жолы 
(Млечный путь), ереже (положение), көшпелі халық (кочевой 
народ), Күннің қауымы (солнечная система), ем (лечение).
Ғылыми-техникалық  терминдерді  калька  жолымен  жасау 
нышандары  XIX  ғасырдың  II  жартысында  сөз  етіп  отырған 
стильде  басталады.  Мысалы,  бұрын  қазақ  ұғымында  Айды 
планета  –  Жердің  серігі  ретінде  тану  жоқ  болатын,  сондық- 
тан  «жердің  серігі  немесе  жолдасы»  деген  тіркес  те  қолда- 
нылмайтын,  енді  «спутник  земли»  деген  ғылыми  термин 
(ұғым)  орысшадан  калькаланып,  «жердің  жолдасы»деген 
тіркес түрінде берілген. Күн өту (солнечный удар), үй иесі (ки-
битковладелец),  темір  жол  (железная  дорога),  жандық  (жи-
вое, животное) дегендер де осы іспеттес.
2.  Ғылыми-техникалық  ұғымдардың  бірқатары  жеке  сөз  – 
терминмен  (не  кірме,  не  қолтума)  аталмай,  суреттеме  (яғни 
аналитикалық)  жолмен  беріледі.  Мысалы,  ағач-су  ғылымы  
(ботаника), жан-жануарлар ғылымы (зоология), көктен түс- 
кен  тас  (метеорит),  көп  қауымға  тиішлі  кітапхана  (публич-
ная библиотека), жүз жыл (век), егін салу шаруасы (хлебопа-
шество), от арба (поезд) т.б. Бұл да – осы жанрдың стильдік 
ізденісінің  жемісі:  бұл  сәтте  қазақ  қауымының  әлі  де  білім-
ғылымнан  хабарсыз  қалың  көпшілігіне  айтпақ  мағлұматты 
неғұрлым  түсінікті  етіп  жеткізу  амалы  көзделіп  отыр:  зооло-
гия сөзінің сол кездегі қазақтар үшін мағынасы да, құрамы да, 
яғни  оның  зоо+логос  деген  латын  сөздерінен  тұратындығы 
түсініксіз,  ал  жан-жануарлар  ғылымы  деген  тіркестен  бұл 
ғылымның нені зерттейтін сала екені өз-өзінен айқын таныла-
ды.
Сол  сияқты  «век»  деген  терминді  жүз  жыл  деп  суретте-
ме тәсілмен беру әлдеқайда түсінікті, от арба (поезд) – отпен 
жүретін  арба  (көлік),  дәрі  сақталатұғын  үй  (аптека),  үлкен 
теңіз (океан), теңіз ішіндегі бөлек-бөлек аралдар (океания) де-
гендер де – осындай.

260
Бұл кезеңдерде ғылыми-техникалық ұғымдарды қазіргідей 
жеке  терминмен  атаудан  гөрі,  оларды  түсіндіру  ниеті  ба-
сым  екені  байқалады,  яғни  лингвистикалық  мақсаттан  гөрі, 
ағартушылық мақсаты жоғары тұрған сияқты. Бұл – заман та-
лабы.
3.  Ғылыми-көпшілік  стилі  әуелден-ақ  кірме  сөздердің 
ішінде орыс тілінен алынатындарына жол берген. Мұнда араб-
парсы сөздері ұғым атауы – термин ретінде қолданылмайды, 
яғни  жаңадан  сөз  жасауда  бұл  тілдерге  иек  артпайды  және 
кездесетіндерінің  өзі  жалпы  ұғымда  бұрыннан  енгендер  бо-
лып  келеді.  Мысалы,  хайуандар,  жануарлар  (животные), 
әдет (обычай). Тіпті араб-парсы тілдерінен енген атаулардың 
өзін  қолдана  отырып,  не  орысша,  не  қазақша  баламаларын 
келтіру фактісі көзге түседі. Мысалы, компасты сартша (яғни 
түркіше) құбыланама дей отырып, компас сөзін келтіреді, осы 
күнгі ғасыр, ауа (воздух), хайуанат (животные) сияқты шығыс 
сөздерінің орнына көбінесе жүз жыл, жел, жандық дегендей 
қазақ  сөздері  келеді.  Ғылыми-көпшілік  мазмұнды  әдебиеттің 
өзге стильдерден айырмашылығы да – осы тұста. Ал ғылыми-
техникалық  термин-атаулардан  өзге  сәттерде  араб-парсы 
сөздері бұл стильде де еркін қолданылған және олардың көп-
аздығы әрбір кітапша-мақалада әртүрлі болып келеді.
4.  Терминдердің  тұрақталу,  нормалану  процесі  өте  әлсіз: 
көпшілігі екі-үш вариантта келеді. Мысалы, осы күнгі ғалым 
сөзінің  мағынасын  оқымыс  және  білім  иелері  сөздері  бере- 
ді.  Мұның  оқымыс  варианты  жиірек  қолданылған,  бұл  сөз 
Ыбырай  тілінде  де,  өткен  ғасырда  түзілген  бірқатар  екі  тіл- 
дік  сөзідіктерде  де  кездеседі,  соған  қарағанда,  «ғалым»  ұғы- 
мын қазақтың өз сөздерімен беру тенденциясы болғаны байқа- 
лады. Бұл жалғыз осы ұғымға келгенде емес, жалпы бағыт екені 
жоғарыда  көрсетілді.  Сол  сияқты  жарыспалылық  (вариант- 
тылық) қатарын хайуандар жандықтар, құрғақ жер ~ қара 
жер, комета құйрықты жұлдыз, метеорит аққан жұлдыз, 
қақ ~ жал ақы ~ жалованье т.б. түзеді.
5. Бұл стильде орыс сөздері, олардың ішінде терминдік мәні 
жоқтары да едәуір мол қолданыла бастайды. Табитат пен техни-
ка жайларын баяндау үстінде астрономия деген сияқты ғылым 

261
тарауының атауы да минут, формы, почта, телеграф, награт, 
мүллион,  іспірт,  доктыр,  насатыр  (нашатыр),  соды  (сода), 
адрес  сияқты  жай  (термин  емес)  сөздер  де  батыл  қолданы- 
лады.  Әсіресе  бұл  жанрдағы  шет  жұрттық  мемлекет  аттары,  
топонимдер, адам есімдері, тіпті планеталардың аттары (Марс, 
Нептун,  Юпитер)  кездесе  бастайды.  Мысалы,  Н.И.Ильмин- 
скийдің  материалдарында  материктер  аттары:  Еуропа,  Азия, 
Америка,  Аустралия  сөздері,  Еуропа  мемлекеттерінің  аттары 
толық  келтіріледі  жене  олар  араб  жазуымен  мүмкіндігінше 
орысша  атауларына  жуықтаттырылып  беріледі.  Бұлардың 
кейбіреулері «деген жер», «деген ел», «деген адам» деп олардың 
жер-су,  ел,  адам  аттары  екені  түсіндіріліп  те  отырады,  бұған 
сол  кездегі  оқырманның  білім  дәрежесімен  санасу  қажеттігі 
мәжбүр  еткен.  Мысалы,  1897  жылғы  календарьда:  белгілі 
Дарвин  деген  оқымыс  айтады  (49-б.).  Пассау  деген  қаланың 
(653-бет). Бұл құбылысты да қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік 
әдебиеттің алғашқы кезеңіне тән стильдік белгілердің бірі деп 
қарауға болады.
6. Жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет үлгілердің бірқатары 
орыс  графикасымен  жарияланды,  олар:  «1897  жылғы  қазақ 
үшін шығарылған календарь» (158 б.) және Қазан университеті 
баспасынан  шыққан  медицина  тақырыбындағы  «Трахома  де-
ген жаман көз ауру» (1898), «Егіншінің қызмет аты жайында» 
(Орынбор, 1899) сияқты кітапшалар. Бұлар орыс жазуын қазақ 
тілінің  фонетикалық  жүйесіне  мүмкіндігінше  сәйкестендіріп, 
қолдану  принципін  ұстады:  сол  тұстағы  орыс  графикасына 
қосымша о
-
, у
-
 н
-
 (оң жақ шекесіне кішкене сызық қойылған), 
у’ а’ таңбалары енгізілді, олар осы күнгі ө, ұ, ң, і, ә әріптерінің 
орнында. Бірақ у мен у’ таңбаларының қолданылуында қатаң 
бірізділік  жоқ  тәрізді:  у’  таңбасы  барлық  орындардағы  і  ды-
бысын  таңбаламайды  (бұл  дыбыс  бірде  е,  бірде  и  әрпімен 
берілген:  бирдей,  женишке,  билдиреди),  ол  2-4-буындардағы 
ү дыбысын беруге қолданылған сияқты: у’сту’ндогу, оргу’зду, 
бу’ту’ндой, ку’ну’. Дауыссыз қ, г, дауысты ұ, і дыбыстарының 
таңбасы жоқ, олар к, г және у, и (е) әріптерімен берілген.
Бұл  кітаптардың  арабша  жазылған  мәтіндерден  тағы  бір 
айырмашылығы бар: 1) мұнда қазақ тілінің жуан-жіңішке бо-
лып  келетін  буын  үндестігі  сақталған:  Ағаштардың  у’сту’н 

262
сонша коп курттар, ту’рлу’ залалды жандыктар бек ко’бо’йуп 
жабылып жемисти тауса жеп жана жапрақ та қалдырмаған.
2) Сөз соңында б, д сияқты ұяң дыбыстардың әріптері жа-
зылмай, қатаң п, т әріптері жазылған: кобойуп, жеп, награт,
3)  Бас  әріптерді  қолдану,  мәтінді  абзацтарға  бөлу,  тыныс 
белгілерін қою арқылы бұлар орыс жазуының үлгісін ұстаған 
(ал  арабша  жазылған  басылымдарда  бұл  кезеңде  көрсетілген 
жазу тәртіптерінің жоқ екендігі белгілі).
7.  Грамматикалық  тұлға-тәсілдердің  көрінісі  жағынан  бұл 
стильге қатысты екі жайтты көрсетуге болады. Бірі – морфо- 
логиялық  тұлғалардың  таза  қазақ  тілінікі  екендігі,  мұнда 
«түркілік»  элементтер  кемде-кем,  әсіресе  Н.И.Ильминский 
материалдары  мен  «Календарь»  мәтіні  тек  қана  қазақ  тіліне 
тән тұлға-тәсілдерді қолданады. Газеттердің беттеріндегі жар-
тылай  ғылыми  мазмұнды  мақалалар  тілінде  ғана  бірді-екілі 
«кітаби» тұлғалар кездеседі. Екіншісі – синтаксис саласында 
бұл стиль қазақша жазба проза тілінің қазіргі нормаларының 
бастамасын көрсететіндігі.
Ең  алдымен,  сөйлемнің  дұрыс  құрылуы  көзделген,  яғни 
сөйлеу  тіліне  тән  еркіндік  едәуір  тежелген.  Атап  айтқанда, 
бастауыштың  баяндауыштан  бұрын  орналасуы,  анықтауыш, 
толықтауыш, пысықтауыш мүшелердің өздеріне қатысты сөз- 
дердің  алдында  келуі  сақталған.  Мұнда  құрмалас  сөйлем 
компоненттері  де  көбінесе  дұрыс  орналасқан:  бағыныңқы 
сөйлем басыңқыдан бұрын беріледі: Суда желсіз күні қайыққа 
мініп жүргенде, бізің көзімізге судың жағасы, жарлар... кейін 
кетіп бара жатқандай көрінеді (Календарь, 34). Бұл – өз тұ- 
сындағы  прозамен  келетін  өзге  стильдерден  ерекшеленетін 
белгі:  өзге  әдебиетте,  айталық,  публицистикада  әлі  де  «төң- 
керіліп  жүрген»  конструкциялар  аз  кездеспейді,  әсіресе  құр- 
малас сөйлем құруда олақтық күшті сезіледі (мысалы: Газет 
шығарушылар  һәркімге  білдіреді  кімде-кім  қазақ  халқының 
үйдегі  һәм  халық  арасындағы  мінез  рәсімлерін  біліп  түзеуге 
ойласа  соны  басмаханаға  білдіріп  болыстық  қылуға  хат  ме-
нен жіберіп солайша қылып қырдың нені керек қылып қалайша 
қылса  тәуір  болатыны  турасында  білдіріп  тұрсалар  («Дала 
уалаятының газеті», 1889, 7 январь).

263
Дегенмен  осы  стильдің  өз  ішінде  синтаксистік  құрылым 
жағынан бір-бірінен бөлектеніп тұратын үлгілер бар. Н.И.Иль- 
минский  ұсынған  материалдарда,  1897  жылы  қазақтар  үшін 
жазылған  календарьда  сөйлем  құрылысы  әлдеқайда  қатаң 
тәртіппен дұрыс беріліп отырады, мұндағы жүйелілік, реттілік, 
бірізділік – ғылыми, білімділік тұрғыдан дәлдікті талап ететін 
стиль үдесінен шығады. Ал баспасөз беттеріндегі және кейбір 
жеке  кітапшалардағы  аударма  мәтіндерде  синтаксистік  нор- 
малар қатаң сақталмайды, кейде тіпті түпнұсқаның (орыс тілі- 
нің)  синтаксистік  құрылымын,  яғни  сөйлем  мүшелері  мен 
құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібін бұлжыт- 
пай көшіреді: Мысалы, «Дала уалаяты газетінің» 1891 жылғы 
17 майдағы 19-нөмірінде «Табылған ескі нәрселер» деген ат- 
пен  археология  саласынан  хабар  берілген.  Осында  алғашқы 
сөйлем  былай  басталады:  Қазақ  сахарасында  күн  шығыс 
жақтан  Алтай  тауына  шейін,  оңтүстік  жағы  Тарбағатай 
тауына қарай, күн батысы Каспи теңізіне һәм Орынбор губер-
насына шейін һәм сол түстік жағынын, Тобыл, Том қаласына 
шейін  көп  жолығады  бұзылып  қалған  қорғандардың  орны  
неше жылдардан бері шала бұзылып жатқан. Солардан іздеу- 
шілер  тауып  алады  өткен  заманның  таңсық  бұйымдарын... 
Әрі  қарай  да  сөйлемдер көбінесе  осылайша  баяндауышы  ал-
дында,  бастауышы  кейін,  толықтауыш,  анықтауыштары  да 
өздеріне  қатысты  мүшелерден  соң  орналасқан  болып  келеді, 
қысқасы, олар орыс тілінде қалай орналасса, аудармада да сол 
жерлерде беріледі.
Сірә, газет беттеріндегі ғылыми-көпшілік мазмұнды мате- 
риалдардың тілі көбінесе заңдылықтан гөрі, яғни стиль тала-
бын  өтеу  мақсатынан  гөрі,  аудармашының  немесе  автордың 
шеберлігіне,  қаламына  байланысты  болған  тәрізді.  Өйткені 
осы  газеттің  1895  жылғы  2  апрельде  шыққан  13-нөмірінде 
«Жер,  күн  һәм  жұлдыздар  турасының  баяны»  («Беседы  о  
земле и небесных светилах») деген материал әлдеқайда жатық 
тілде, сөйлем конструкциялары түзу түрде жазылған.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет 
өзінің  қалыптаса  бастаған  кезінен-ақ  өзге  жазба  стильдерге 
(публицистикаға,  ресми-қатынас  қағаздарына,  эпистолярлық 

264
әдебиетке) қарағанда, бірден «қазақы» сипат ала дамыды деуге 
болады,  яғни  оның  лексика-грамматикалық  құрылымы  қазақ 
тіліне  негізделді.  Жоғарыда  айтылды,  бұл  стильдегі  үлгілер 
қазақ  түсінігіне  бейтаныс  ғылым-білім  ұғымдарын  атауда 
көбінесе  қазақ  сөздеріне  жүгінеді  немесе  орысша  түрін  ала-
ды. Тіпті осы күні километр, поезд, фунт деп орысша түрінде 
атап  жүрген  есімдер  қазақша  шақырым,  от  арба,  қадақ  деп 
беріледі.  Эпистолярлық  стильде  көбінесе  орысша  берілетін 
ай  аттары  мұнда  қазақша  вариантында  келтіріледі  (қамал,  
мизам). Табиғат құбылыстарын, аспан әлемін, аң-құстар дүние- 
сін  суреттеуде  мүмкіндігінше  қазақ  тілінде  бар  атауларды 
пайдалануға ұмтылады: темір қазық жағы (северная сторона), 
күн батыс (запад), оңтүстік жағы (южная сторона), құйрықты 
жұлдыз  (комета),  аққан  жұлдыз  (метеорит),  томалақ  (не-
бесное тело, шар), күн ату, ыссы өту (солнечный удар), қара 
жер  (суша),  Құс  жолы  (Млечный  путь),  Үркер  (Плеяда), 
Жеті  қарақшы  (Большая  медведица),  Темірқазық  (Полярная 
звезда), күн тәулігі (сутки), күннің тұтылуы (солнечное зат- 
мение)  т.б.  Ал  қазақша  баламасы  жоқ  ұғымдарды  атауда 
көбінесе орысшасына жүгінеді: високосный жыл, астрономия 
деген  кітап.  Кейде  қазақша  баламалары  бар  сөздердің  өзін 
орысшалап  жіберу  де  жоқ  емес,  мысалы,  жан-жануарлардың 
пайда-зияны туралы материалда көртышқан немесе крот сөзі 
алма-кезек кездеседі, енді бір жерде бақ дегеннің орнына сад 
сөзі жұмсалады (Календарь, 53-б.).
Тек  атаулар  саласында  ғана  емес,  жалпы  баяндау  үстінде 
қолданылатын етістік, үстеу, сын есім, тіпті шылауларға дейін 
қазақ  тілі  қорынан  алынып  жұмсалған.  Осы  стильде  әсіресе 
қазақша шылауларды қолдану активтенген. Бірыңғай мүшелер 
мен  құрмалас  сөйлем  компоненттерін  бірақ,  себебі,  не  үшін 
десеңіз,  неге  десеңіз,  біресе,  жа,  жа  болмаса,  немесе  деген 
жалғаулықтар арқылы байланыстыру едәуір жүйелі түрде іске 
асырылады. Мысалы, 1897 жылғы календарьда: «Күн жерден 
миллион  жарымдай  үлкен,  бірақ  жердей  тығыз,  нық  қатты 
емес» (31-б.), «Ол бұлттар бір жерде тұрмай, біресе бар болып, 
біресе жоқ болып жүреді» (32-б.), «Жердің қараңғы жағы мен 
жарық жағы бірдей, не үшін десеңіз күннің жарығы әр уақытта 
әр минутта жердің қақ жартысына түсіп тұрады» (32-б.).

265
Сонымен  қатар  түркі  жазба  дәстүріне  тән  уа,  уа  һәм,  ле-
кин,  аның  үчүн  («өйткені»  мағынасында)  жалғаулықтары  да 
қолданылады,  бұлар  көбінесе  баспасөз  беттеріндегі  мәтіндер 
мен араб әрпімен шыққан кітапшалар тілінде кездеседі.
§ 6. Ресми іс-қағаздар стилінің әрі қарай дамуы
XIX ғасырдың II жартысында қазақша ресми іс-қағаздардың 
өз алдына стилі болды, ол бұрынғы ресми құжаттар мен рес-
ми  хат-хабарлар  тілінің  жалғасы  ретінде  танылады.  Бірақ 
едәуір  өзгерісі  де  бар.  Ең  алдымен,  бұл  стильді  көрсететін 
үлгілердің түрлері мен адресаттары өзгерді. Бұрын сөз болып 
отырған жанр материалдары көбінесе ресми хаттар, арыздар, 
«донесениелер»  және  патша  өкіметі  тарапынан  жергілікті 
билеушілерге жіберілген бұйрықтар түрінде болған болса, енді 
бұл аталғандармен қатар көбінесе орталық үкімет тарапынан 
жазылған  бұйрық-жарлық,  циркуляр,  указ,  үндеу  сияқтылар 
көбейе түседі және олардың барлығы дерлік аударма материал 
болып келеді.
Ресей  империясының  билеуші  органдары  мен  әкімшілік 
кеңсесінің  қазақ  жеріне  қатысты  ресми  құжаттары  енді 
қазақшаға үзбей аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияла-
нып отырды. Бұл – екінші ерекшелігі (бұрынғы ресми қағаздар 
көбінесе қолжазба түрінде болып келгені белгілі). Үшіншіден, 
ендігі  үкімет  тарапынан  жазылған  ресми  қағаздардың  бір- 
қатары хан, аға-сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке 
жариялайтын мазмұнды болып келетіндіктен, мерзімді баспа- 
сөз беттерінде немесе жеке басылып жарияланатын болды.
Ресми іс-қағаздар стиліндегі материалдар мазмұнына және 
адресаттарына  қарай  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Ең  алдымен, 
патша үкіметі (ең жоғарғы органынан бастап, жергілікті әкім- 
шілік  кеңселеріне  дейін)  тарапынан  жазылған  бұйрық-жар- 
лықтар  (указы,  распоряжения,  приказы),  ережелер  (положе-
ния)  өздерінің  терминологиясымен,  стильдік  құрылымымен 
және  қалыптасқан  сөз  орамдарымен  өзге  ресми  құжаттардан 
біраз бөлек тұрады. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты 
ереже, бұйрық, анықтама т.т. құрайды. Бұлардың да өздеріне 

266
тән терминдер жүйесі, сөз орамдары бар. Үшінші топта ресми 
органдарға жеке адамдар жазған арыз, хабарлау сияқты мате-
риалдар қаралуға тиіс.
Үкімет  орындарының  ресми  құжаттары  көбінесе  террито- 
риялық  (Түркістан,  Степной)  генерал-губернаторлардың,  об- 
лыстық  әскери  губернаторлардың  бұйрықтары  болып  келеді. 
Олардың  мазмұны  да  әр  алуан:  «бұларда  почта  қатынасын 
ашу»  (Түркістан  генерал-губернаторының  бұйрық  намесі  –  
«Түркстан  уалаятының  газеті»,  1870,  61-саны),  «паспортсыз  
адамдарды  тексеру»  (Сырдария  облысының  военный  губер- 
наторының  істерін  басқарып  тұрушының  Ташкен  қаласының 
әкімі менен оязной бастықтарға бұйрығы. Сонда, 1874, 6-саны) 
сияқты мәселелерден бастап, ел билеу тәртіптері, қоғамдық зи-
янды  іс-әрекетке  тыйым  салу,  алым-салық  төлеу  жайларына 
дейінгі мәселелер сөз болады.
Заң-законға  қатысы  бар  бұйрық,  ереже,  циркулярға  1885 
жылы  Қарамола  съезінде  жасалған  заң  ережесінің  қазақша 
мәтіні және сол кезде мерзімді баспасөз бетінде жарияланған 
бірқатар  құжаттар  жатады  (мысалы,  «Дала  уалаятындағы 
облыстардың тергеуі турасынан». «О судопроизводстве в степ-
ных областях» деген іс қағазы).
Ресми  іс-қатынас,  кеңсе  қағаздарының  барлығына  тән 
стильдік,  тілдік  ерекшеліктері  болды.  Олардың  бірі  –  қазақ 
қолданысындағы осы стильдің бұрыннан келе жатқан дәстүрін 
сақтау, яғни ортаазиялық жазба тіл элементтерін молырақ пай- 
далану  болды.  Бұл  –  осы  стильдің  өзге  стильдерден  ерекше- 
ленетін  басты  белгісі.  Мұнда  стандарттық  күштірек  сақтала- 
ды. Әсіресе «түркі» тіліндік сипат аталған стиль мәтіндерінің 
орфографиясында,  сөз  таңдауда,  морфологиялық  тұлға-тәсіл- 
дерді  пайдалануда,  тіпті  синтаксистік  құрылымында  да  көрі- 
неді. Бұл белгілерді жеке-жеке талдасақ, олар мынадай.
Орфографияда.  Араб  графикасымен  жарияланған  мәтін- 
дерде  қосымшалардың  қазақ  тіліне  тән  фонетикалық  вари-
анттары  кейде  еленбейді,  нәтижесінде  көптік  жалғау  тек 
-лар түрінде, табыс септік -ны, ілік септік -ның, жатыс -та, 
шығыс -нан түрінде беріледі: оқуны, қазақлар, адамдар, арыз-
дар, мекемелерні. Немесе қатаң дыбысқа аяқталатын сөздерге 

267
-  дын,  -дың,  -дар  сияқты  ұяңнан  басталатын  қосымша 
жалғап жазады: хазратдар, қазақдар, халқдың, халықдық т.т.; 
жұрнақтардың  да  түбірмен  үндесуі  көбінесе  көрсетілмейді: 
айыплан, сабаблы, башлатқан т.б. Бұл белгілермен қатар сөз 
басында қазақша ж дыбысы келетін жерлерде (j) й әрпін жазу: 
йыл, йаш, йазұлады, йахшы, йаман; ш әрпінің орнына ч: барча, 
чақлы, үчүн; с әрпінің орнына ш; түйе башлатқан бір тоғұз, 
іш (іс), кіші (кісі), йаш т.б. жазу дәстүрі сақталады. Бірақ ерек-
ше көрсететін жайт – бұл орфограммалар қатаң сақталмайды, 
сондықтан йер ~ жер, ішіс, бойұнча ~ сайлауынша сияқты 
бір сөздің немесе форманттың қазақша – «түркіше « екі вари-
антта жазылғаны жиі кездеседі. Тек мұнда қазақтарға арналып 
аударылған  мәтіндерде  қазақ  сөздерін  қолдану  бағыты  бой 
көрсеткен. Араб-парсы сөздері түпнұсқа тілдегіше жазылған.
Ал  орыс  графикасымен  берілген  ресми  құжаттар  мәтін- 
дерінде  бұл  көрсетілген  орфографиялық  ерекшеліктердің 
бірде-біреуі жоқ, мысалы, қазақ тілінің 1897 жылғы календа-
рында  «Көшпелі  халықты  басқарып  тұру  турасында»  деген 
атпен 1891 жылғы «Степное положениеден» аударылып беріл- 
ген  текстің  жазуында  қазақ  тілінің  ауызша  айтудағы  фоне- 
тикалық  заңдылықтарын  мейлінше  сақтау  принципі  ұста- 
лынған. Соның нәтижесінде ерін үндестігі: ÿйдöн, öзÿкÿн, болуп; 
түбір  мен  қосымшалардың  дыбыс  үндестіктері  де:  кöшпели, 
калықтың жерлери, ағаштар; араб-парсы сөздерінің ауызекі 
сөйлеу  тілдегі  қазақша  қалыптасқан  варианта  берілуі  де: 
қалық; локсат, жа, ақим, иктіар, қисап, адет, ар бир; штрап, 
болус, уез, земленке, аулнай, қандилат, песир, нагрет т.б. орын 
алған. Мұнда орыс сөздерінің жазылуы екі түрлі принципте: 
бірі – жоғарыда айтылған сөйлеу тілінде қалыптасқан түрінше 
жазу, екіншісі – орысша орфограммасын сақтап немесе соған 
мейлінше  жақындатып  жазу.  Мысалы,  статья,  Внутринних 
дел Министр, военный губернатор, начальник, правление, за-
кон, волостной съезд, волостной управитель, Министерство 
Государственных Имуществ, Общества, чиновник т.б. сөздер 
осы көрсетілген түрінде жазылған.
Морфология саласында. Ортаазиялық тіл элементтерінен 
өткен  шақ  есімшенің  -мыш  жұрнақты  «оғұздық»  вариантын 

268
қолдану (қыпшақтық -ған дегеннің орнына: отырмыш, айтыл-
мыш, шығармыш), етістіктің III жақтағы -ды қосымшасының 
орнына  -дүр  вариантын  келтіру  (естіләдүр,  көрінедүр)  және 
осы  формантты  предикаттықты  білдіру  қызметінде  жұмсау 
(йазмай  тұрғандүр,  ықтиярлылардүр);  етістіктің  III  жақта 
көпше  аспектісін  -лар  жұрнағымен  білдіру  (бардылар,  қой- 
салар),  тұйық  етістіктің  -у  жұрнағын  -ғу  вариантымен  беру 
(еткучі,  жазғучы,  тұрғучы)  сияқтылар  және  илан,  бірлән,  уа 
һәм, аның үчүн, лекин, һәм лекин шылауларын жиі қолдану, ау-
ыспалы  шақ  есімшенің  -тын~тұғын  қосымшасының  орнына 
тұрған сөзін келтіру орын алады. Мысалға Семей облысының 
әскери губернаторының 1892 жылғы 450-нөмірлі жарлығынан 
үзінділер келтірейік (араб жазуынан транкрипциялап береміз):
«1882-чі  жылда  2  сентябрьде  107  нөмірі  илән  шығармыш 
жария бұйрұғы менен дала уалайатын билеп тұрғучы генерал 
губернатыр ма’лум етуб ештурген еді... ’арз бергучілер әсіресе 
қазақлар  өздері  орысша  тілні  білмек  түгул  жазу  сызуны  да 
білмейді, сонүң үчүн орысша жаза тұрған ’арзаларына не жа-
зыб, не қойғаның ’арз бергучінің өзі де білмейді... төрелер ме-
нен һәр бір меһкәмәларны жамандап болмайдылар... ’арз жа-
зучыменен сызучының да кім екені һәм қандай екені...» («Дала 
уалаятының газеті», 1892, 7 февраль, 6-саны).
Бірақ  бұл  көрсетілген  морфологиялық  «шағатаизмдер»  де  
жүйелі  түрде  келмейді:  қазақ  тіліндегі  ресми  іс  қағаздары 
стилінде  бұл  белгінің  де  іргесі  сөгіле  бастаған:  жоғарғы 
көрсетілген  тұлға-амалдардың  қазақ  тіліндік  варианттары  да 
параллель  қолданылған.  Мысалы,  көрсетілген  «Жарлықта»: 
басқа кішілер қолдарын қояды (қоядылар емес), жазыб сызы-
латын арз т.б.
Лексика саласында. Жазба әдеби тіл көрінісі ретінде араб 
сөздерінің көбірек қолданылатынын атауға болады. Ол сөздер 
жоғары лауазымдарды атайтын стандарттар: патша хазратла-
ры (Его Величество), генерал-губернатор хазратлары; әр алу-
ан ресми атаулар-терминдер ретінде келген маһкама (учрежде-
ние), хизмет (служба), міндетлі хизмет, хисаб баптары (спи-
сок служебный), бұйрық қағазы (приговоры), халық (общества, 
которые выбирает должность волостного управителя), жария 

269
бұйрық  (приказ  опубликованный,  обнародованный),  уалайат 
(территория по определенному административному делению) 
арз  (прошение,  подаваемое  на  имя  лиц),  тартиб  ~  тәртіп 
(порядок, распоряжение), қазына (государственная казна, соб-
ственность), низам (положение).
XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақтар  үшін  жазылған 
(аударылған) ресми іс-қағаздары тілінің алдыңғы дәуірлердегі 
осы  стильдегі  үлгілерден  айырмасы  да  болды.  Ол  –  бұл 
әдебиетке  орыс  тілінің  тікелей  еткен  әсерінде.  Ең  алдымен, 
жоғарыда айтылды, үкімет тарапынан жазылған бұйрық-жар- 
лықтар,  ережелер,  қағидалар,  үкімдер  т.т.  әуелі  орыс  тілінде 
болып,  қазақшасы  солардан  аударма  түрінде  дүниеге  келді. 
Сондықтан бұл үлгілерге орыс сөздері әлдеқайда мол қатыс- 
ты. Олардың бір тобы қазақтар үшін бейтаныс дерексіз ұғым- 
дардың,  нақты  заттардың,  белгілі  актілердің  атаулары  болып 
келеді: пригауар (приговор), сбор, выборный, аулнай, жалова-
нье, раскладка, знак, статья (заңның, ереженің баптары), со-
дья, списка, аренда, полиция.
Олардың  бірқатары  орыс  тіліндегі  сын  есім  мен  зат  есім 
тіркесі  күйінде  өзгертілмей  қолданылады,  көбінесе  тіркестер 
компоненттерінің род, числоға қарай қиысуы сақтала бермейді 
(демек,  біршама  «қазақшалану»  дәрежесіне  ие  болатындай 
көрінеді).  Мысалы:  Областной  правление,  увольнительный 
приговор,  уездный  начальник,  волостной  управитель,  аулнай 
старшиналар,  Внутренних  Дел  Министр,  Степной  генерал- 
губернатор,  военный  губернатор,  Оренбургский  Новолиния 
районы, государственный совет, податной инспектор, казенная 
палата, докладной лист т.б.
Бұл мысалдардың барлығы бір ғана жоғарыда аталған 1891 
жылғы  «Степное  положение»  дегеннің  қазақша  мәтінінен 
келтірілді. Бұл сияқты орыс графикасымен берілген мәтіндер- 
де ғана емес, «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттері- 
нің  беттерінде  де  араб  жазуымен  жарияланған  ресми  құжат- 
тарда  жалаң  да,  тіркес  түрінде  де  орыс  сөздері  едәуір  кезде- 
седі.  Мысалы,  «Дала  уалаяты  газетінің»  1892  жылғы  7  фев- 
ральдағы нөмірінде жарияланған «Жарлықтың» мәтінінен уай-
енный губірнатыр, оязнай нәчәлнік тіркестерін, политсиа сөзін 

270
оқимыз. Өзге  ресми  материалда да –  осындай. Әсіресе  воен-
ный губернатор, государственный совет сияқты орысша сын 
есім тұлғасындағы сөздермен келген тіркестердің қолданылуы 
–  талданып  отырған  кезеңдегі  ресми  қағаздар  стиліне  тән 
белгінің бірі деуге болады. Бұл – біріншіден, осы тіркестермен 
берілген ұғым, зат, лауазым, мекеме т.б. атауларын тұтас бір сөз 
ретінде қабылдаудың нәтижесі болса, екіншіден, осы күнгідей 
бұл тіркестердегі сын есімдерді аудару тәжірибесінің жоқтығы, 
яғни  қиындығы  байқалады.  Үшіншіден,  оларды  аударудың 
қажеттігін сезіну де әлі пайда болмаған-ды. Сондықтан жалғыз 
ресми қағаздар стилінде емес, жалпы қазақ әдеби тілінде орыс 
тіліндегі күрделі атаулар құрамындағы сын есім тұлғасын сол 
күйінде  сақтап  қолдану  белгілі  бір  кезеңнің  (XIX  ғасырдың 
II  жартысы  мен  XX  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарының) 
дағдысы болғанға ұқсайды.
Лексика құрамындағы екінші ерекшелігі – кейбір канцеля- 
ризмдердің  (ресми  іс-қағаздары  стиліне  тән  стандарт  сөздер 
мен тұлғалардың) пайда болып тұрақтала түсуінде. Мысалы, 
бұйрық-жарлықтарға бір нәрсені міндеттеу ұғымға білдіретін 
етістік тұлғасы (орысша: должно быть, должны делать то... 
то...  деген  сияқты)  қазақша  көбінесе  шартты  рай  мен  керек 
сөзінің  тіркесі  арқылы  берілетін  болған.  Мысалы...  аталған 
«Жарлықтағы»...  жоғары  көрсетілміш  тәртіп  бойынша  қол 
қоюшылардан басқа екі кісі куәландырып қолдарын қойсалар 
керек  деген  сөйлем  –  орысша:  ...должно  быть  подписи  двух 
свидетелей...»  дегеннің  аудармасы.  Немесе:  1897  жылғы  Ка-
лендарьда  берілген  «Ереженің»  әрбір  пункті  осы  түлғамен 
келеді. 142-пункт: Волостной управитель, аулнай старшина-
лар карамақындағы уйлордун кобойгöнун азайғанын тексирип 
қарап тұрса керек...(179-б.). Оба ауруынан сақтандыру шара-
лары туралы циркулярдан үзінді: «... һәм оның (обамен ауырған 
адамның – Р.С.) қасына артық адамдарды һеч қашан жібермесе 
керек... ауру жатқан үйдің ішінде тұрып тамақ ішіп-жемеселер 
керек...  ауырған  адам  төсекте  жатса  керек  («Дала  уалаяты 
газеті», 1892, 12 июнь, 21-саны). Бұларда көрсетілген тұлғалар 
– не пускать, не должны есть и пить, должны лежать в постели 
дегендердің аудармасы. Бұлардағы қойсалар керек, тұрса керек 

271
деген тұлға осы күнгі қоюлары керек, тұрулары керек дегеннің 
баламасы ретінде немесе қойсын, тұрсын түріндегі бұйрық рай 
тұлғасының қызметінде келген.
Стильдік стандарт элементтер қатарына мағлұмдүр (извест-
но),  төменде(гі),  жоғарыда(ғы),  бұйырамын,  бұйырыладүр, 
тағайын қылынады, аталмыш, бойунча, турадағы, пәлен болыс- 
қа не мекемеге қараған,... атына деген сияқты сөздер де жата-
ды. Бұлар да – құжаттардың, әсіресе бұйрық-жарлық мазмұн- 
дамаларының көбінде белгілі бір ұғымда қолданылып отыра-
тын сөздер, олардың бірсыпырасы калька жолымен жасалғаны 
байқалады: төмендегі – нижеследующий, жоғарғы көрсетілген 
–  вышеуказанный,  жоғарыда  аталмыш  –  вышеназванный, 
бекітіледі, тағайын болады – назначается, атына – на имя...
Осы  стильдің  келесі  белгісі  өзіне  тән  кейбір  терминдері 
қалыптаса бастайды, олардың дені қазақ сөздерінен жасалған- 
дар болып келеді. Мысалы, приказ термині бұйрық, распоря-
жение – жарлық (кейде екеуі ажыратылмай да жүреді), поло-
жение – ереже, прошение – ’арз, арыз, подпись – қол (қою), 
кибитковладелец – үй иесі, повинности – алық-салық, чиновник 
– төре, начальник – ұлық, абақты (лабақты), набақты т.б.
Әсіресе  заң-законға  қатысты  ресми  құжаттарда  заң  тер- 
миндері негізінен қазақша қалыптасады. Бұған осы саладағы 
ұғым  атауларының  бұрыннан  қазақтардың  әдет-ғұрып  заңы 
(«Обычное  право»)  бойынша  жасалып,  тұрақталып  қалғаны 
үлкен себепкер болды. Олар: дау, бітім, билік, кеңес (заседа-
ние), айғақ, құн, жаза, жауапкер, іс қорғау (защита), тергеу 
(судопроизводство), мойнына алу (признание), даугер, тоғыз, 
бір  тоғыз...,  төре,  төбе  басы,  шығын,  тергеу,  іс  қорғау,  іс 
(дело служебное) сияқты сөздер.
Бұл саладағы қалыптасқан терминдердің ішінде бұрыннан 
келе  жатқан  араб-парсы  сөздері  де,  жаңадан  еніп,  едәуір 
тұрақталып үлгерген орыс сөздері де бар. Олар: куә(һ), куә(һ)
лік,  кунә,  кефіл...  кепіл  арз,  салауат  айп  /айып    шариат  /
шариғат, міндетті істер (обязанности), содья, мировой содья, 
сот, закон, статья, қызмет (служба), падсалық қызмет (госу-
дарственная служба), общество (население), түрме, сот, ка-
талешке, пауерени (поверенный), залок, адуакат/адбекет т.б.

272
Орыс  әдеби  тілінде  XIX  ғасырдың  аяқ  шенінде  -ание, 
-ение,  -ивание  сияқты  суффикстермен  жасалып,  іс-әрекет  
атауларын  білдіретін,  етістік  түбірлі  есім  сөздер  активтен-
ген  болатын
180
,  солардың  баламасы  қазақ  тілінде  көбінесе  -у 
жұрнақты  көмекші  етістік  қатысқан  тіркес  арқылы  берілген. 
Мысалы, айыпқа тарту, ісін қара қылу, жазаға тарту – на-
казание, мойнына алу – признание, мойнына салу – доказание, 
жан беру – присяга, присягивание. Ал бұл күнде мұндай аб-
стракт  есім-терминдер  -да  қосымшасымен  жасалған  тұйық 
етістікпен (-у жұрнақты) беріледі: айыптау, қаралау, жазалау, 
мойындату, мойындау т.т.
Қорыта келгенде, өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ 
тілінде  ресми  іс-қағаздары  стилі  едәуір  дамыды.  Оған  басты 
себептердің  бірі  –  Ресей  үкіметінің  әр  алуан  әскери,  әкім- 
шілік,  заң-тәртіп  орындарының  бұйрық-жарлықтары,  ереже-
нұсқауларының  қазақшаға  аударылып  жариялануы  болды.  
Тіпті ресми орындарға жазылатын өтініш-шағымдарды қазақ- 
тардың  өз  ана  тілінде  жазуларына  рұқсат  етілуі  де
181
  бұған 
септігін тигізген болса керек.
Қазақ  тілінің  аталған  функционалдық  стилі  бұрыннан 
қалыптасқан  «жазба»  дәстүрге  біртабан  жақындау  тұрды, 
«түркілік» элементтер, әсіресе морфологиялық тұлға-тәсілдер 
саласында едәуір қолданылды. Сонымен қатар бұрынғы (XVII-
XVII  ғасырлардағы)  ресми-эпистолярлық  стильден  үлкен  ай-
ырмасы  да  болды:  сөз  болып  отырған  кезеңде  қазақша  іс 
қағаздары  орыс  тілінің  тікелей  әсерін  қабылдады,  орыс  тілі 
элементтері де молынан араласты. Мұнда терминология сала-
сында да, грамматикалық тұлға-тәсілдерді пайдалануда да нор-
малану процесі әлсіз болды. Бір ұғымды екі-үш сөзбен білдіру, 
орысша-қазақша,  арабша-қазақша,  арабша-парсыша-орысша 
параллельдер орын алды: қақ ~ жалованье, низам ~ закон ~ заң, 
расход ~ шығын, кеңсе ~ маһкама, паложение ~ ереже т.т.
Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздарының баспа жүзінде жарық 
көріп, газеттер арқылы көпшілікке таратылғанымен, оның тіл  
180
 Виноградов В.В. Очерки по истории русского литературного языка ХУІІ-ХІХ 
вв. - М., 1938. - С.413.
181
  Бұл  жөнінде  жоғарыда  мәтіні  мысалға  келтірілген  Семей  облысының  әскери 
генерал-губернаторының 1892 ж. 20-21 январьда шығарған №459 жарлығы болды //Дала 
уалаятының газеті. - 1892, февраль.

273
тәжірибесі  әлі  өзге  функционалдық  стильдерге  әсерін  тигізе 
алмады.  Орыс  тіліндегідей,  ресми  қағаздар  қолданған  кейбір 
сөз  үлгілері  көркем  әдебиетке  (мысалы,  Салтыков-Щедрин 
тіліндегі  канцеляризмдер  сияқты)  немесе  газет  тілі  мен 
публицистикаға жүйелі түрде араласа алған жоқ.
Ал  функционалдық  ерекшелігіне  келсек,  бұлар  –  аударма 
құжаттар  болғандықтан,  орыс  тіліндегі  ресми  іс-қағаздардың 
стилін ұстады: әуелі ол бұйрық-жарлықтың не жөнінде және 
кімнің  тарапынан  екендігі  көрсетіледі,  мәтін  ішінде  бұйрық 
иесінің  бұйырамын,  талап  қыламын  немесе  бекітіледілер 
сияқты  тікелей  іс-әрекетін  білдіретін  сөздер  келеді.  Кейбір 
құжаттар, әсіресе «Положениелер» пункттерге бөлініп беріледі.
7. Қазақ тілінде дінге қатысты әдебиеттің тууы және 
барысы
XIX ғасырдың II жартысында қазақ тілінде мазмұны дінге 
қатысты  жазба  әдебиет  туып,  аз  уақыт  болса  да,  өмір  сүру 
кезеңін өтеді, атап айтсақ, әбден дами алмай, туған қалпы мен 
бірнеше  онжылдықтар  бойы  «жетілген»  қалпы  бірдей  күйде 
тарих сахнасынан кетеді. Ең алдымен, қазақ тілінде екі түрлі 
дінге:  ислам  дініне  және  христиан  дініне  қатысты  әдебиет 
болғанын айту қажет.
Қазақтардың  «о  заманнан»  (хандық,  халық  болып  бірік- 
кенінен көп бұрын) ресми түрде ислам дінін ұстайтын мұсыл- 
мандар  болғанына  қарамастан,  бұл  дінді  олар  ана  тілдерінде 
түсініп  игерген  (қолданған)  емес.  Оған  тіпті  қазақтардың, 
Ш.Уәлихановтың  тілімен  айтқанда,  «мұсылман  деген  аты 
ғана»  болып,  шындығында,  ежелгі  жабайы  шамандықтан 
қол  үзіп  кетпегендігі  де  себеп  болған  жоқ,  басты  факторлар, 
біріншіден, Мұхамбет пайғамбардың «өз тілі» – араб тілінен 
өзге  тілде  діни  рәсімдердің  жүргізілмейтіндігі,  екіншіден, 
бұл дінді ұстаған әр алуан халықтың тілдерінде, әсіресе қазақ 
тілінде исламның негіздерін жазба түрде түсіндіру дәстүрінің 
өріс алмағандығы болды. Сондықтан мазмұнында ислам діні 
сөз  болатын  қазақша  аударма  әдебиет  пен  төл  шығармалар 
жоқтың қасы.

274
Біз  бұл  жерде  дінді  уағыздайтын,  дін  жолында  қызмет 
еткендерді  дәріптейтін,  дін  үшін  болған  соғыстарды  сурет- 
тейтін шығармаларды, сондай-ақ дін жөнінде пікір айтатын ту-
ындыларды таза теологиялық әдебиетке қоспаймыз. Олардың 
ішінде көркемдігі мен мазмұны жағынан құны барлары көркем 
әдебиет пен публицистика саласына жатады (мысалы, кейбір 
қиссаларды  көркем  әдебиет  жанрын  да  қарастырып  жүрсек, 
Абайдың ислам діні жайында ой-пікір айтатын атақты 38-сөзін 
публицистикалық туынды ретінде танып жүрміз). Ал таза те-
ология,  оның  ішінде  догматикаға  жақындау  мазмұнды  қазақ 
тіліндегі  шығарма  –  Ы.Алтынсариннің  «Шариат-ул  ислам» 
атты  кітабы  (Қазан,  1884).  Зерттеуші  Б.Әбілқасымов  оның 
жазылу  тарихын  жақсы  айтып,  тіліне  талдау  жасайды.  Өзге 
дүниеліктерінен тақырыбы да, мазмұны да оқшау тұрған бұл 
еңбегін  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин  өзі  аштырған  мек-
тептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында оқушылар ис-
лам  дінінің  негізгі  канондарын  түсініп  оқулары  үшін,  қазақ 
шәкірттеріне  ана  тілдерінде  оқу  құралын  ұсыну  мақсатын 
көздеп  жазады.  Ыбырайдың  өз  сөзімен  айтқанда,  ол  «ис-
лам  мәнісін  білмек  һәрбір  мұсылманның  өз  басына  фарыз 
болғандықтан және ғарабтан басқа тілмен намаз оқығандардың 
иман болуы да дұрыс» болғандықтан, «кәләм шариат һәм үлкен 
ғылым  кітаптар  ғараб  тілінде  жазылулы»  болып,  оны  «көп 
қара  халық»  түсінбейтіндіктен,  қысқасы,  осындай  көптеген 
себептерді ескеріп, « Шариат-ул исламды» қазақша ұсынады.
Араб жазуымен жарияланған бұл шығармада грамматикасы 
мен  лексикасы  жағынан  қазақтың  төл  әдеби  тілінің  нормасы 
сақталған, тек орфографиясында кейде бұрыннан келе жатқан 
түркі жазбаларының дәстүрін ұстап отырады (әсіресе араб-пар-
сы сөздерін түпнұсқаша жазу, ш таңбасының орнына ч әрпін 
жазып жіберу фактілері кездеседі). Қысқасы, «тақырыбы таза 
дінді  түсіндіретін  шығарманың  өзінде-ақ  Ыбырайдың  түркі 
әдеби тіл дәстүрінен қаншалық шыға алғанын байқауда да бұл 
шығарма аса қажетті материал болып табылады. Ыбырай осы 
шығармасы арқылы өмірдің басқа салаларын былай қойғанда, 
таза дін шарттарын баяндауда да қазақ тілінің толық жарамды 
екенін көрсетеді
182
.
182
 Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ... - 87-92-б.

275
Қазақша діни әдебиеттің екінші тобы және көлем жағынан 
молырағы  –  христиан  дініне  қатысты  жазба  дүниелер.  Бұлар  
да – өткен ғасырдың II жартысының жемісі. Патша үкіметінің 
өзіне  тәуелді  халықтарды  тізгіндеп  ұстаудағы  бір  саясаты 
оларға христиан дінін қабылдату болғаны мәлім. Сол мақсатпен 
бірнеше  миссионерлік  қоғамдар  жұмыс  жүргізді.  Әсіресе 
«Братство  святого  Гурия»  деген  миссионерлік  қоғамның  жа- 
нындағы «Аударма комиссиясы» атты советі қазақтар мен Сібір 
түркілерін шоқындыруға керек әрекеттің бірі ретінде христи-
анша  діни  кітаптарды  орысшадан  аударып  таратты,  арнайы 
екі  тілдік  сөздіктер  құрастырды.  Зерттеушілердің  мәліметіне 
қарағанда,  XIX  ғасырдың  II  жартысы  мен  Қазан  революция-
сына дейінгі 50-60 жылдың ішінде (1860-1917) христиан діні 
мазмұнында 72 кітап қазақ тіліне аударылған
183
.
Тіл тарихын зерттеуде бұл кітапшалардың мәні бар: бірін- 
шіден, бұлар қазақтың сөйлеу тілі негізінде, әдеби нормалар-
ды сақтай отырып жазылған, екіншіден, олардың барлығы да 
орыс  графикасын  пайдаланғандықтан,  сол  кездегі  қазақ  тілі- 
нің  фонетикалық  ерекшеліктерін  араб  жазуына  қарағанда,  
біршама дұрыс көрсеткен. Үшіншіден, біздің байқауымызша, 
бұлардың  тілін  аударма  әдебиеттің  (прозаның)  алғашқы 
үлгілері ретінде қарастыруға болады.
Көбінесе  араб-парсы,  ортағасырлық  түркі  тілдерінен  по-
эзия  түрінде  қайта  жырланған  шығарма  ретіндегі  аударма-
лармен  салыстырғанда,  бұл  циклдегі  кітапшалардың  тілдік 
сипаты мүлде басқа екенін айту қажет. Тақырыбы қатаң – дін 
қағидалары болғандықтан, оларды аударуда еркіндік кем болуға 
тиіс.  Сондықтан  мұнда  орыс  тіліндегі  сөзқолданыстарды, 
әсіресе  діни  атауларды,  сөйлем  құрылымын  дұрыс,  дәл  беру 
шарты тұрады. Бұл жағынан алғанда, қазақ тіліндегі христиан-
ша миссионерлік әдебиет осы күнгі дәл (сәйкес) аудармалардың 
алғашқы  нышандарын  танытады.  Мұнда  христиан  дініне 
қатысы  бар  ұғым  атауларын  қазақтың  өз  сөздерімен  аударып 
беру шарты ұсталынған: үгіт – наставление, құтқаршы – спа-
ситель, тұрушылық – житие, бұрыс дінде тұрушы – иноверец, 
жаратушы – творец, ақыл – премудрость.
183
 Каримуллин А. У истоков татарской книги. - Казань, 1971. - С. 158.

276
Жоғарыда  аталған  «Братство  святого  Гурия»  деген  қоғам- 
ның Советінің ұйғарымымен 1893 жылы Орынборда шыққан 
орысша-қазақша  шағын  сөздік  төрт  бөлімнен  тұрады,  соның 
бір  бөлігі  «Бог»  деп  аталады.  Осында  құтқарушы  (спаси-
тель), бәрін де ұстап тұрушы (вседержитель), бәрін де білуші 
(всемудрый),  бұйрық  (заповедь)  деген  сөздер  жақша  ішінде 
көрсетілген  орысша  дін  терминдерінің  баламалары  ретінде 
ұсынылады.
Әрине,  бұлардың  барлығы  бірдей  терминдік  сипат  ала 
алмаған,  өйткені  бірсыпырасы  жеке  сөз-термин  емес,  анали- 
тикалық  суреттеме  жолмен  тіркес  ретінде  берілген:  бәрін 
де ұстап тұрушы, бұрыс дінде тұрушы, бәрін де білуші т.б. 
Бірқатар сөздер ислам дініне қатысты атаулармен білдірілген: 
әулие – святой, берісте – ангел, байғамбар – пророк. Христиан 
дініне байланысты әдебиетті жасап, осы салаға қатысты ұғым 
атауларын  халық  тіліне  енгізу  әрекеті  әдейі  жүргізілгенмен, 
оның нәтижесі айтарлықтай болмаған тәрізді, оған басты се-
беп  –  христиан  дінінің  қазақ  арасына  жайылмағандығы  бол-
са, екіншіден, осы діннің әдебиетінің де қалың жұртшылыққа 
кеңінен  тарамағандығы  болды.  Тіпті  христиан  дінін  қабыл- 
даған  аз  ғана  қазақтардың  бұл  әдебиетті  оқып,  оның  терми-
нологиясын  меңгеретін  мүмкіншілігі  жоқ  болатын,  өйткені 
шоқынғандар  түгелімен  дерлік  кедей,  жоқ-жұқалар  болған- 
дықтан, олардың арасында сауаттылар (оның ішінде орыс гра-
фикасын білетіндер) мүлде болмады деуге болады.
Әрине, бұл кітаптар, негізінен, дін қызметкерлеріне (шоқын- 
дырушыларға)  көмек  ретінде,  солардың  пайдаланулары  үшін 
шығарылған  болу  керек.  Қайткен  күнде  де  бұл  әдебиеттің 
қазақтың не ауызекі сөйлеу тілін, не жазба әдеби тілін дамы-
туда рөлі болмады, оның қазіргі біз үшін құнды жағы – қазақ 
тілінің  XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  күй-қалпын,  норма-
ларын танып-білуде жақсы материал екендігінде, өйткені бұл 
әдебиетті шығаруға (аудару, редакциялау сияқты жұмыстарға) 
түркі тілдерін, оның ішінде қазақ тілін білетін, тілдің жүйесі, 
нормасы  дегендерді  жақсы  танитын  Н.И.Ильминский, 
А.В.Васильев,  В.В.Катаринский,  Н.Ф.Катанов  («Братство 
святого Гурия» деген қоғамның жанындағы «Аударма комис- 

277
сиясының»  председателі  осы  кісі  болатын
184
)  сияқты  ғалым-
мамандар  тікелей  қатысты.  Сондықтан  С.Е.Маловтың  сөзі- 
мен  айтқанда,  христиан  дінін  уағыздап,  насихат  айтатын 
кітаптардың  қазақша  аудармасы  көпшілікке  түсінікті,  халық- 
тың жатық тілінде жасалды
185
.
Әсіресе бұл кітаптар сол тұстағы қазақ тілінің фонетикалық 
жүйесі мен грамматикалық тұлға-тәсілдерін тануда көп көме- 
гін  тигізеді,  өйткені  бұлар  пайдаланған  орыс  графикасы 
дәстүрлі («түркілік») орфографияны ұстамағандықтан, мұнда 
қазақ  тілінің  дыбыс  зандарына  байланысты  ерекшеліктер 
көбінесе бұзылмай көрсетілген, тіпті бұған қазақтың өзіне тән 
кейбір  дыбыстарын  таңбалайтын  қосымша  әріптердің  (ö,ä)
қолданылғандығы  да  септігін  тигізді.  Осының  нәтижесінде 
септік  жалғауларының  варианттарының  (-ның, -дың,  -тың, 
-дан /-ден, -тан /-тен, -нан /-нен, -ты, -ды, -ны т.т.) бар екендігі, 
сөз  басында  й  емес,  ж  дыбысы  айтылатындығы  (жақсы,  
жаман, араб графикасымен жазылған дүниелердегідей йахшы, 
йаман емес, Жаратушы – Йаратучы емес), қазақ сөздерінде 
ч емес, ш дыбысының келетіндігі (шығып, чығыб емес; құл- 
шылық, құлчылық емес) айқын көрінеді. Сондай-ақ бұлардан 
араб-парсы, орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі дыбысталу түрін 
танимыз: берісте (қазіргіше жазсақ – періште), калык (қалық), 
халқ емес, кабар (қабар), хәбар емес, кнеге (кінеге), книга емес, 
патса, бақытты (бақытты), бахт емес, öмр (өмір), ’умр емес, 
’ақыл  (ақыл),  ақыл  емес,  Кудай  (Құдай),  Худа  емес,  рақым 
(рақым),  рахм  емес,  ’азр  (әзір),  азр  емес,  куна  (күнә),  гунаһ 
емес, тамук (тамұқ), тамух емес, байда (пайда), файда емес 
т.т.
Бұлардың ішінде берісте, патса, байда сөздері, сірә, Қазақ- 
станның батыс өлкесі тұрғындарының сол кездегі сөйлеу тілі 
ерекшеліктерін танытатын болар.
Қазақ  тіліндегі  христианша  діни  әдебиеттің  лексикасы-
на  байланысты  мынадай  жайттарды  көрсетуге  болады.  Сөз 
тандауда,  ең  алдымен,  қазақтың  сөйлеу  тілі  қазынасын  пай-
далану  принципін  ұстаған.  Соның  нәтижесінде  бұрын  қазақ 
184  
Катанов Н.Ф. Материалы и сообщения. - Абакан, 1958. - С. 48.
185
  Малов  С.Е.  К  истории  казахского  языка  //Известия  АН  СССР.  -  ОЛЯ.  -  №3.  
- С. 100.

278
түсінігінде жоқ соны ұғымдар (көбі христиан дініне байланы-
сты) қазақ сөздерімен берілген. Христиан дініне байланысты 
қолданылатын,  яғни  діни  ұғымды  қамтитын  бірқатар  орыс 
сөздеріне  қазақ  тілінде  бұрын  діни  мазмұны  жоқ  (бар  бол-
са да өзге мәндегі) бұйрық (заповед), үгіт (проповедь), ақыл 
(мудрость),  Жаратушы  (Создатель),  қызметші  (служитель) 
деген баламалар ұсынылады. Тіпті «создатель» деген ұғымды 
мұсылман  дініне  келгенде  Жасаған  (Жаратқан  деп,  христи-
ан  дініне  келгенде  Жаратушы  деп  өзгеше  морфологиялық 
тұлғада  беру  –  дифференциация  принципінің  бір  көрінісі 
тәрізді. Жалпы жаңа сөздер жасауда «Братство святого Гурия» 
шығарған  сөздіктерде  -ушы,  -шы,-шылық  жұрнақтарының 
актив  жұмсалғандығы  байқалады:  құтқарушы  (спаситель), 
бәрін  де  білуші  (премудрый),  жер  жыртушы  (земледелец), 
сатушы (торговец), өнерші (ремесленник), тексеруші (судья), 
үйретуші, оқытушы (учитель), оқушы (чтец), кнеге тыстау-
шы (переплетчик), текеппершілік (гордость), кемшілік (униже-
ние), күншілік (зависть) т.т.
Екіншіден,  кейбір  ортақ  діни  ұғымдары  (яғни  қай  дінде 
де  бар  ұғымдарды)  ислам  дініне  қатысты  бұрыннан  халық 
тіліне  сіңген  араб-парсы  сөздерімен  білдіру  тәсілін  ұстаған 
(әулие, Құдай, күнә, садаға, жауап, үгіт, тамұқ, бұ дүние т.б.), 
үшіншіден, қазақ сөзімен білдіруге келмейтін кейбір есімдерді 
орыс  сөздерімен  білдіру  бағыты  орын  алған.  Осы  ретте  бұл 
әдебиетте монастырь, кнеге, преподобный, евангелие, священ-
ник, монах сияқты сөздер қолданылған (салыстыр: Ишмухамед 
Букиннің 1883 жылы Ташкентте шыққан сөздігінде: архиерей – 
кәтте орыс мулласы, книга – кітап, мудрость – даналық, слу-
га – төлеңгіт, лакей, служитель – қызметші). Бұл тұста да әр 
діннің өз атауларын айырып көрсету ниеті байқалады. Бұл тен-
денция жалпы XIX ғасырдың II жартысындағы, әсіресе соңғы 
ширегіндегі ұлттық жазба әдеби тілге тән. Абайдың закон заң 
шариғат; школ мектеп ~ медресе; қазы ~ би ~ судья сияқты 
параллельдері осы принциппен қолданылған.
Төртіншіден,  кейбір  христиан  діні  мазмұнды  дерексіз 
есімдер мен нақтылы зат, қимыл атаулары үшін халық тіліне 
сіңген  араб-парсы  сөздерін  пайдалану  принципі  де  бұл 
әдебиеттің  лексикалық  нормасына  тән.  Жалпы  «Бог»  идея-

279
сын  көбінесе  парсының  Құдай,  кейде  арабтың  Алла  сөзімен 
береді. Жоғарыда келтірілген әулие, берісте, садақа, дін, ақыл 
сөздері осы қатардан табылады. Қазақ тіліндегі мұсылманша 
әдебиеттен жалпы сол кездегі қазақша жазба дүниелерден ай-
ырмасы  –  мұнда  араб-парсы  сөздері  ауызекі  сөйлеу  нормасы 
бойынша (дыбыстық игерілуі жағынан) қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет