Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§ 6. XVIII ғасырдағы лексикалық құбылмалылық



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата21.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#2384
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
§ 6. XVIII ғасырдағы лексикалық құбылмалылық
(норма мәселесі)
Лексиканың нормалануы дегеніміз – белгілі бір ұғымда бір 
сөздің    қалыптасуы,  синонимдер  қатарын  түзейтін  единица- 
лардың  әрқайсысының  семантикалық  реңктері  мен  стильдік 
аясының  айқындалуы,  сөздердің  тіркесу  типтерінің  тұрақта- 
луы, қоғам, заман өзгерістеріне байланысты «басы артық» бо-
лып қалған сөздердің әдебиеттен (қолданыстан) ығысуы неме-
се пассивтенуі, жаңа сөздер мен кірме сөздердің реттелуі, бір 
жағынан орнығуы т.б. жататыны белгілі. Бұл құбылысты жақсы 
танытатын  нормалардың  бірі  –  әр  алуан  белгі-көрсеткіштері 
бар  сөздіктер  болса,  біз  сөз  етіп  отырған  кезең  үшін  мұндай 
мүмкіндіктің  жоқ  екендігі  де  аян.  XVIII  ғасырда  қазақ  лек-
сикографиясы  әлі  жоқ  болатын,  әр  жерде  азды-көпті  тізімге 
алынған  қазақ  сөздері  жоғары  жайтты  танып-білуге  септігін 
тигізе алмайтын дәрежеде болғаны және түсінікті. Сондықтан 
қолымыздағы бар материал – осы кезенде жырлап өткен ақын-
жыраулар мұраларының мәтіндері.
Мұнда  бір  алуан  сөздердің  мағынасы  мен  қызметі  жағы- 
нан  сараланбай  жұмсалғаңдығы  байқалады.  Мысалы,  эконо- 
микалық және әлеуметтік тәуелді топтарды білдіретін атаулар 
–  кедей,  жарлы,  байғұс  сөздері  –  бұл  кезде  мағына  жағынан 
әлі бір-бірінен ажыратылмаған синонимдер. Ал қазіргі норма-
мызда соңғы сөз бейшара, мүсәпірсорлы сөздерінің синонимі 
ретінде  танылады.  Сол  сияқты  бай,  бек,  батыр  сөздері  де 
әрі тура мағынасында, яғни терминдік мәнде, әрі жалпы атау 
ретінде  қолданыла  береді.  Мысалы,  бек  сөзі  Бұхарда  «жал-
пы ел билеуші» деген мағынада хан сөзінің синонимі ретінде 
еркін  жұмсалған.  Сондай-ақ  кейін  XIX  ғасырда,  көбінесе 
орыс империясының монархын білдіретін патша сөзін XVIII 
ғасырдың  әдеби  үлгілері  хан,  төре,  бек  сөздерінің  дублеті  
немесе синонимі ретінде пайдалана берген. Мысалы, Бұхарда 
бір  жерде:  «Әбілмәмбет  патшаға  қызметкер  боп  тұр  едің» 
деп  келсе,  екінші  жерде  сол  Әбілмәмбетті  төре  деп  атайды: 
«Арқада Әбілмәмбет төренің түйесін баққан құл едің».
Бірқатар  сөздердің  бұрынғы  дәстүрлі  варианттарының 
(синонимдерінің)  қатар  қолданылуы  біртіндеп  азайып,  орын- 

166
дарын  өзге  сөздер  ала  бастайды.  Мысалы,  «армия»  мағына- 
сындағы  қол,  шерік  сөздерімен  қатар  әскер  сөзі  айтыла 
бастағанын  көреміз,  сондай-ақ  ару  сөзінің  орнына  сұлу  сөзі, 
«ел»  мағынасындағы  байтақ  сөзінің  орнына  ел,  жүз  (Орта 
жүз,  Ұлы  жүз),  абаданның  орнына  алғыр  сөздері  кездеседі. 
Керісінше,  бір  алуан  атаулар  белгілі  бір  ұғымда  қалыптаса 
түскен.  Мысалы,  «этникалық  бірлік»  (осы  күнгі  халық) 
мағынасында бұрын жұрт, ел, халық сөздері талғаусыз бірінің 
орнына бірі жұмсала берсе, біз сөз етіп отырған дәуірде халық 
арабизмі бел ала бастайды. Ол әсіресе қазақ сөзімен тіркесге 
тұрақтала  түседі:  Қазақ  деген  халқыңыз  (Бұхар).  Бұрын  ак-
тивтеу  қолданылып  келген  алаш  сөзімен  қатар  енді  қазақ 
сөзі жиірек келеді. Мысалы, Бұхардың «Шүршіт келем деген 
сөз  бар-ды»  деген  толғауының  Г.Н.Потанин  жазбаларындағы 
мәтінінде: Он сан қазақ тізгіні деген жол бар (бұрынғы он сан 
алаштың орнына).
Бұл кезеңдегі ақындар тілінде лексиканың нормалана түсуі, 
дәстүрлі  поэтизмдердің  ығыса  бастауы  анығырақ  сезіледі. 
Көтеш, Шал ақындарда ару сөзі де, бикеш сөзі де жоқ, олардың 
орнына қыз, қатын сөздері бар, бұларда «жауынгар, жасақшы» 
мәнінде аламан, шора, азамат сөздері де жоқ, жауынгер сөзі 
бар. Қарашы сөзімен келетін дәстүрлі образды ендігі ақындар 
қоңсы сөзімен береді («Ханды Құдай атқаны Қоңсысымен қас 
болар» – Шал), жұрт сөзі көбінесе «көшкен ауылдың орны» 
мағынасында («Есі бүтін табады көшкен жұртты» –Көтеш) 
жұмсалады.
Қазірде  белгілі  бір  мағынада  қалыптасқан  сөздердің  бір- 
қатары  XVIII  ғасырда  өзгеше  ұғымды  білдірген.  Азамат 
сөзі  бұл  күнде  «кәмелетке  жеткен  ер  адам»  және  ауыспалы 
«адамгершілігі мол, саналы, құрметті адам» деген мағыналарды 
білдіреді (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1974. - І т. 
- 77-б.). Ал өткен дәуірлерде бұл сөз «әскери адам, дружинник,  
жасақшы»  дегенді  білдірген.  Шоқан  Уәлиханов  шора  сөзі  
азамат дегеннің синонимі дей келіп, бұл сөздердің мәні «то-
варищ,  дружинник»  деп  көрсетеді.  Ғалымның  бұл  пікірін 
қазақтың  XV-XVIII  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  тілі  мен 
ауыз әдебиет нұсқаларының тілі әбден растайды. Ақтамберді 
жыраудың  «Ей,  азаматтар,  шоралар,  Атты  мінсең,  зорды 
мін»  дегенінде,  Бұхардың  «Азаматым  барында  Алысқалы 

167
келгенмін»  немесе  «Азаматың  құлапты.  Жұрт  талық  болған 
заман-ай»  дегендеріңде  азамат  сөзі  –  «қолына  қару  ұстап, 
ел қорғауға немесе ел жаулауға аттанатын адам, әскери адам» 
ұғымында.  Бұхар  соңғы  тармақтарда  Бөгембай  батыр  тура-
лы  айтып  отыр.  Ал  Бөгембайдың  Бұхар  да,  Ақтамберді  де 
«кәмелетке  жасы  жеткен  ер  адам»  немесе  «адамгершілігі 
мол, құрметті адам» ретіндегі портретін емес, «асу салып, тас 
бұзған», сөйтіп «Тарбағатай белінен қол қондырып, қос тіккен, 
«қисапсыз  қол  көрінсе,  қорқып  жаудан  қайтпаған»  батыр, 
әскери қолбасшы ретіндегі сипатын берген.
«Айман-Шолпан» жырындағы: «Аты болса, байласын. Аза-
матын  сайласын»  деп  Айман  қыз  Әлібекке  сәлем  айтқанда, 
құр  ер  адамдарды  емес,  Көтібардан  өздерін  (Шолпан  екеуін) 
құтқаратын  ұрыс  адамдарын,  жасақты  айтып  отыр.  Ал 
шора  сөзінің  «дружинник»  ұғымындағы  азамат  сөзіне  си-
ноним  болғандығын  В.В.Радлов  сөзі  де  растайды:  «Бұрын 
қазақтар арасында чура (шора) сөзі «жасақ, жауынгер, серік» 
мағынасында кеңінен қолданылған». Бұл пікірлерге батырлар 
жырларындағы  «Ей,  жігіттер,  шоралар»  деген  тіркес  мысал 
бола алады.
Азамат сөзінің «жасақшы, жауынгер» ұғымы XVIII ғасыр- 
ларға  дейін  келсе,  оның  синонимі  шора  сөзі,  біздің  байқау- 
ымызша,  XVII-ХVIII  ғасырларда  бұл  мағынадан  гөрі  «біреу- 
дің  баласы,  ұрпағы»  мағынасында,  оның  өзінде  де  әйтеуір 
біреудің емес, белгілі бір әлеуметтік топтардың, атап айтқанда 
бай  немесе  бидің  ұрпағын,  ұлын  (ұланың)  білдіретін  атау 
ретінде  жұмсалғанға  ұқсайды.  Мысалы,  Шалкиіз:  «Хан 
ұлы төредей. Би ұлы шорадай» десе, Бұхар жырау бұл сөзді: 
«Байлар  ұғлы  шоралар»  деп  келтіреді.  Сірә,  түркі-монғол 
тілдерінде  оғлан/ұлан/ұғыл/ұл  сөзінің  ерте  дәуірлерден  келе 
жатқан  титулдық  мәнінің  сарқыншағы  қазақтарда  Бұхар  за-
мандарына дейін жеткен тәрізді. Орта ғасырларда оғлан/ұлан 
сөзі  –  термин.  Тарихшыларға  сөз  берсек:  «Оғлан/ұлан  деп 
Алтын  Ордада,  Қырым  мен  Астраханның  династияларын-
да, Чағатай ұлысы мен Ақ Ордада билеуші феодалдардың ең 
жоғары  әскери  және  әкімшілік  қызметін  атқаратын  ұлдарын 
атайтын  болған»
143
.  Бұл  сөздің  тіпті  тар  мағынада  жұмсалуы 
да орын алған: «Монғолдар мен түркілерде оғлан деп Шыңғыс 
143
 Валиханов Ч.Ч. Көрсетілген кітап. 644-б.

168
ханның  хан  титулына  ие  болмаған  ұрпақтарын  атаған»
144

Бұхар да Абылайдың бала кезін айтқанда, оны ұл деп атайды: 
«Әй, Абылай, сен он бір жасында Әншейін-ақ ұл едің» неме-
се «Сені мен көргенде, тұрымтайдай ұл едің» дейді (бала едің 
демейді), халықтың сөйлеу тілінің нормасымен айтса, бала едің 
болар  еді,  бірақ  хан,  би,  тіпті  бай  ұрпақтарын  да  әлеуметтік 
топтардың  өзгелерінен  бөлек  арнайы  атау  дәстүрі,  сірә,  орта 
ғасырлардағы сөйлеу тілінде де, жазба тілде де, поэзия тілінде 
де орын алғанға ұқсайды (Бұхардың байлар қызы – бикештер 
дегені де осы қатардан табылады).
Бірен-саран  сөздердің  мағынасында  семантикалық  өзгеріс 
болғаны көрінеді. Мысалы, Бұхар да, Көтеш те қарашы сөзін 
бұрынғыдай  «сановник,  советник  хана»  деген  ұғымда  емес, 
ханның қоластындағы адам («подданный») мәнінде қолданады. 
Көтеш ақын Абылай ханға: Хан басың қарашымен даулы болып 
дегенінде әңгіме Ботақан деген қарапайым ел адамы жайында.
Лексикалық  нормалану  деген  тақырыптың  аясында  жергі- 
лікті  элементтерге  қатысты  бірер  пікір  айтуға  болады.  XVIII  
ғасырдың  мұрасы  ретінде  біздің  қолымыздағы  қазіргі  мате- 
риалдардың  бір  тобы  және  көбі  –  Абылай  ханның  тұсында 
жасап  кеткен  және  осы  ханның  ордасын  тіккен  Сарыарқаны 
(қазіргі Қостанай, Көкшетау, Павлодар облыстары) мекендеген 
қазақ  қауымының  ортасында  жырлаған  Ақтамберді,  Жанкісі, 
Тәтіғара,  Үмбетей,  Бұхар,  Қобылан  жыраулар  мен  Көтеш, 
Шал ақындардың өлең-жырлары, екінші тобы – Есет, Жанкісі 
жыраулар сияқты батыс, оңтүстік өлкелерден шыққандардың 
мұралары.  Әрине,  қазақ  тілінің  XVIII  ғасырдағы  диалектілік 
көрінісі,  әр  диалектісінің  белгілері  туралы  біздің  қолымызда 
ешқандай зерттеулер де, талдаулар да, пікірлер де жоқ. Өйткені 
зерттеу жүргіздіретін, пікір айттыратын материалдар жоқтың 
қасы.
Бұл  кезеңнен  бізге  жеткен  әдеби  мұралардың  тілінде  бір-
бірінен  алшақ  түсетін  лексика-грамматикалық  ерекшеліктер 
жоқ  деуге  болады.  Тіпті  қазіргі  қазақ  әдеби  тілі  тұрғысынан 
қарап,  диалектілік  элементтерді  іздесек,  олар  да  табылмай-
ды,  табыла  қалса,  дарақ,  бәден  (беден)  сияқты  бір-екі  сөз- 
ден  және  ойлағын  тәрізді  бірер  морфологиялық  тұлғадан 
аспайды.  Бұлар  –  қазіргі  қазақ  тілінің  оңтүстік  өлкесіне  тән 
144
 Материалы по истории казахских ханств. - Алма-Ата, 1969. - 512-б.

169
ерекшеліктер:  дарақ  парсы  тіліндегі  дарахт  сөзінен,  қазақ 
говорларындағы  мағынасы  «үлкен  ағаш»
145
,  бәден/беден  де 
– парсы сөзі, мағынасы «жүз, әлпет». Бірақ бұлар бұл күнде 
белгілі  бір  аймақта  ғана  жиірек  қолданылатын  сөздер  болып 
қалыптасқанымен,  бұрынырақ  араб-парсы  тілдерінен  хаба-
ры бар ақын-жыраулардың қолдана берулері – әбден ықтимал 
нәрсе.  Сондықтан  мұсылманша  сауатты  Бұхарда  кездесетін  
бұл  бір-екі  сөз  бен  бірер  тұлғаны  диалектизм  дегеннен  гөрі 
оның  тіліндегі  арабизм-фарсизм  деп  қараған  жөн  сияқты. 
Ал  бұларды  жырау  тіліндегі  диалектілік  ерекшеліктер  деп 
қайткенде  де  санай  қалатын  болсақ,  онда  бұл  құбылыстың 
себебін  Бұхардың  оңтүстік  өлкеде  туып-өскендігінен,  жас 
кезіндегі тіл машығы осы өңірлік болғандығынан іздеуіміз ке-
рек. Жыраудың туған жері – Бұхара маңы, жас кезінде өскен 
жері  –  Түркістан,  Қаратау  өңірлері  болғандығын  зерттеуші 
Қ.Мұхаметханов  нанымды  материалдарға  сүйеніп,  жақсы 
дәлелдеп берді. Диалектілік ерекшеліктер тек Арқада жырлап 
өткендерде  ғана  емес,  батыс,  оңтүстік  ақын-жырауларының 
мәтіндерінде де ұшыраспайды.
Сөйтіп, XVIII ғасыр қазақ әдеби тілінде сөз мағыналарының 
сараланып, айқындала түсуі, кейбір сөздердің терминдік мәнге 
ие болуы (мысалы, халық, қазақ, жалшы, қарашы т.б.) сияқты 
процестер  басталғанымен,  лексикалық  нормалану  дегенді 
толық мәнінде түсінуге болмайды. Әлі де варианттылық күшті 
екені байқалады: жарлы/кедей/байғұс, ағайын/қарындас/ата-
лас,  хан/  патша,  жұрт/халық,  алаш/қазақ,  қатын/әйел  т.б. 
Бұл қатарлардағы сөздер осы күнгі қазақ әдеби тілінде де бар, 
бірақ олар – стильдік қызметтері мен семантикалық бояулары 
жағынан сараланған, әрқайсысы өз орнында жұмсалатын эле-
менттер, олардың бұл күнде XVIII ғасыр үлгілері тіліндегідей 
бірінің орнына екіншісін жұмсауға болмайды.
Сөз болып отырған кезеңдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық 
топтарында  мағыналық  және  функционалдық  жылжулар 
болғанымен,  бұл  процесті  саналы  түрде  жүргізу,  яғни  ақын-
жыраулардың  әдейі  тәртіптеу  (нормалау)  әрекеті  сезілмейді, 
мысалы, бір сөздің екі-үш вариантының принципті түрде тек 
біреуін ғана қолдану немесе мағынасы дәл түспейтін атаудың 
орнына өзгесін ұсыну сияқтыларды көре алмаймыз.
145
 Нұрмағанбетов Ә. Түрікменстандағы қазақтардың тілі. - Алматы, 1974. - 95-б.

170
§ 7. XVIII ғасырдағы әдеби тілдің грамматикалық 
сипаты
Сөз етіп отырған кезең қаламгерлерінің де не өз қолдары- 
мен,  не  замандастарының  қолымен  жазып  қалдырған  нұсқа- 
лары жоқ болғандықтан, ол мұралар ауызша сақталып келіп, 
ең әрі дегенде XIX ғасырдың II жартысында ғана хатқа түскен- 
діктен,  бұл  жерде  де  қазақ  әдеби  тілінің  фонетикалық  не 
грамматикалық  сипатын  тап  басып  суреттеу  мүмкіндігі  жоқ. 
Дегенмен кейбір грамматикалық ерекшеліктерді көрсетуге бо-
лады.
Мұнда да негізгі грамматикалық категориялар: септеу, жік- 
теу  жүйесі,  сын  есімнің  шырай  түрлері,  зат  есімнің  көпше  
түрде тұлғалануы, етістіктерді рай, шақ, етіс түрлері, сөздер- 
ді  байланыстыру  амалдары,  шылаулардың  негізгі  сөзді  мең- 
геруі  қазіргі  қазақ  тілі  нормаларымен  сай  келеді.  Алдыңғы 
дәуірлерден айырмашылығы – ХVIII ғасыр мәтіндерінде ноғай- 
лық тұлғалар жоқ (менім, бізім, жаталар сияқты). Сондай-ақ 
шығыс  септіктің  ортағасырлық  жазба  дәстүрінде  кездесетін 
-дың  варианты  да  ұшыраспайды,  -ғай  жұрнақты  тұлғаның 
өткен  шақ  мағынасында  қолданылуы  да  орын  алмаған.  Де-
мек, грамматика саласында көненің көздері заман озған сайын 
қолданыстан ығысатын заңдылығы күшіне енген.
Сонымен қатар бұл кезеңде де кейбір грамматикалық мағы- 
наларды беруде варианттылық орын алады. Мысалы, етістік- 
тің  супин  (мақсат)  мағынасында  -арға  мен  -уға  қосымшалы 
түрлері  қатар  қолданылады  (алдыңғы  дәуірлерде  көбінесе 
-арға  варианты  жұмсалғаны  мәлім).  Мысалы,  Бұхар  жырау-
да: «Келмей тұр аузым айтарға...», « Еңкейіп орақ орарға...». 
Сонымен  қатар:  «Екі  көзден  нұр  тайса,  Бір  көруге  зар  бо-
лар»,  Ақтамбердіде:  «Балпаң-балпаң  басарсың.  Басуға  табан 
шыдаса...  Жауласарға  жау  емес»...  Сол  сияқты  тұйық  етістік 
тұлғасы -мақ және  жұрнақтары арқылы беріледі: «Сөйлеу 
үшін жаратқан Сөз анасы сәлемді...», «Ханның жақсы болмағы 
Қарашаның елдігі» (Бұхар).
Бір  тұлғаның  (жұрнақтың)  екі  түрлі  вариантта  келуі  де 
бар:  өткен  шақ  есімшенің  көрсеткіші  -тұғын  және  -тын,  са-

171
лыстыру  мағынасын  беретін  жұрнақ  -дай  және  -дайын,  шы-
лау  және  көмектес  септік  көрсеткіші  -мен,  -менен  вариант-
тарында келеді: «Ішетұғын ерлерге Қымыздан басқа бал бар 
ма?»  (Ақтамберді),  «Өзге  батыр  қайтса  да  бір  қайтпайтын» 
(Тәтіғара),  «Жекендейін  сусылдап...»,  «Ор  қояндай  қабақты» 
(Ақтамберді)  т.т.  Бұл  жарыспалылық,  бір  жағынан,  өлең 
шартының  қажеттілігін  өтейтін  амал  ретінде  келсе,  екінші 
жағынан, әдеби тілде варианттылық көрінісін танытады. Өлең 
өлшеміне немесе ұйқасына қарай жоғарғы көрсетілген парал-
лель  тұлғалардың  бірде  толық,  бірде  ықшам  түрлерін  пай-
далану  –  қазақ  поэзиясында  күні  бүгінге  дейін  келе  жатқан 
құбылыс.
Етістіктің  түрленуінде  қазіргі  нормаға  жақындай  түскен 
белгілер бар: көпше аспектіде -лар жалғауын қабылдаған мы-
салдар  табылады.  Мысалы:  «Болмаңыздар  кепиет...  Мұрас- 
тықты  ойлаңдар»  (Ақтамберді),  «Батпан-батпан  мінің  бар, 
Қабынбай  бітім  қылыңдар»  (Үмбетей),  «Қылмаңдар  жанжал,  
ерегіс»  (Бұхар).  Жоғарыда  айттық,  XV-ХVII  ғасырлар  үлгі- 
лерінде бұл амал жоққа тән. Демек, қиысудағы сәйкестік грам- 
матикалық  норма  ретінде  осы  кезде  қалыптаса  бастағаны 
байқалады.
Бұйрық рай негізінен қазіргі нормамен бірдей: II жақта же-
кеше түрінде көрсеткіші жоқ, көпше және сыпайы түрлерінде 
-ңыз,  -ңыздар  қосымшалары  тіркеледі.  Бұхарда  бірер  жер-
де  -ғын  жұрнақты  бұйрық  етістік  кездеседі.  Қазіргі  қазақ 
тілі  үшін  бұл  тұлға  жергілікті  ерекшелік,  ол  Қазақстанның 
оңтүстік аймағына тән
146
-ғыл, -гын аффиксті бұйрық етістікті 
С.Аманжолов қазақ тілінің батыс говорларына тән деп табады 
да оларды көненің қалдықтары қатарынан көреді
147
. Егер бұлар 
көненің  көздері  болса,  Бұхар  тіліндегі  көрінісін  солай  деп 
тану керек болады (Асанқайғыда да -ғыл жұрнақты тұлғаның 
бар  екеніне  назар  аударыңыз).  Сірә,  XV-VIII  ғасырлар  үшін 
бұйрық  райдың  бұл  варианты  диалектілік  элемент  болудан 
гөрі,  көнеден  қалған  реликт  ретінде  қолданылуы  шындыққа 
жақындау келетін болу керек.
146
 Қалиев Е., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1967, 93-б.
147
 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алма-Ата, 
1959, стр. 124.

172
Алдыңғы  дәуірлерге  қарағанда,  II  жақ  бұйрық  райдағы 
етістіктің сыпайы түрін қолдану активтеу. Мысалы, Бұхар жы-
рау бірнеше толғауында тілеңіз, демеңіз, көнбеңіз деп келеді. 
Сірә, бұл тұлға сыпайылықпен қатар, көптік мәнді де қамтитын 
болу  керек.  Бұдан  грамматикалық  бір  мағынаны  белгілі  бір 
тұлғамен  білдіру  нормасы  жүйелі  қалыпқа  әлі  түспегені 
байқалады.
Етістіктің етіс категориясын беруде өткен кездегідей және 
қазіргіден көп алшақтық жоқ. Бірен-саран сәттерде осы күнгі 
-ңыз,  -ғыз  жұрнақтарымен  келетін  етіс  тұлғасы  -кер,  -тір 
аффикстерімен қолданылған: «Шыны аяқпен іштірген. Ғаділ- 
дігін Наушаруан ғаділге жеткерген. Жомарттығын өткерген».
Сөз тудару саласында. Сөз жасайтын жұрнақтардың түр- 
лері көбейе түскен. Бұл кезеңде де ең актив және өнімді жұрнақ 
– -лықОл бұрынғыдай ең алдымен абстракт есімдерді туды-
рады  және  олардың  дені  қазақтың  төл  сөздерінен  жасалады: 
билік,  жақсылық  ұрлық,  қулық,  кәрілік,  елдік  т.б.  Сонымен 
қатар бұл кезеңде -лық жұрнағының сындық мағына білдіру 
қызметі көріне бастайды (бұл алдыңғы дәуірлерде жоқ немесе 
жоққа тән құбылыс болатын): «Шешендік жолын тұтындың» 
(Үмбетей),  «Ол  дағы  қияметтік  жақын  кісің»  (Шал).  -лық 
аффиксінің сын есімдік қызметте келгенде есімше тұлғаларына 
жалғануы  өнімдірек:  «Ұяларлық  ар  бар  ма?»  (Ақтамберді), 
«Сөз ұғарлық ер болса» (Бұхар), «Жан шошырлық жаман іс» 
(Шал).  Демек,  бұл  жұрнақтың  қатыстық  сын  есім  жасайтын 
осы күнгі өте актив қызметі басын XVIII ғасырлардан алады 
деуге болады.
Форманттардың грамматикалана түсіп, фонетикалық транс- 
формацияға  ұшырауына  келгенде,  алдыңғы  дәуірлердегідей, 
-тұғын/-тын, -дағы/-да, -менен/-мен, -дүр/-ды параллельдері 
бар. Сонымен қатар бұл кезеңде бұрын жоқ (немесе жоққа тән) 
-ған соң шылауды тұлғаның -ғасын болып кірігіп ықшамдал- 
ған түрі көріне бастаған тәрізді: «Дәніккесін бұл шіркін Адал  
бір  дәм  жегізбес»  (Үмбетей),  «Күні  суық  болғасын,  түні 
қайтсын»  (Шал).  Бірақ  бұл  трансформацияның  болған-
болмағандығын кесіп айту қиын, өйткені Үмбетей, Шал мұра- 
ларын  ауызша  жеткізушілер  мұны  қазіргі  нормаға  салып 

173
айтулары  да  мүмкін:  ған+соң  мен  -ғасын  форматтары  не 
өлең  өлшеміне,  не  ұйқасқа  келгенде  бірдей  түседі,  олардың 
қайсысын келтіріп жырласа да, өзгеріс болмайды.
XVIII  ғасырдың  әдеби  үлгілері  тілінде  -лық  -  тан  басқа 
-лы, -сыз, -шы, -қ/-ақ/-ек, - шылық/- шілік, -тай/тей, -кер/-гер, 
- еген, -улы, -шік, -шіл, - дас/- дес, -ша жұрнақты сөздер бар. 
Бірақ  олардың  қолданылу  аялары  тарлау.  Мысалы,  -шылық 
жұрнағымен келген сөз бірер ғана: кемшілік. Бұл кезде әлі де 
тіршілік,  адамгершілік,  жоқшылық  сөздері  қолданылмайды, 
олардың  мағынасын  тірлік,  кісілік,  кедейлік  сөздері  береді. 
-улы  жұрнақты  сөздер  де  аз  (жортулы,  ерттеулі,  жазу-
лы,  көмулі).  Парсы  тілінің  сөз  жасаушы  элементтерінен  -кер, 
-гер (жұмыскер, азаткер, жауынгер), -зада (арамзада), -зат 
(адамзат)  тұлғалары  кездесе  бастайды.  Бірақ  Шал  ақынның 
қазіргі  кезде  жарияланып  жатқан  мұраларында:  Жалшы  жа-
уынгер болар деп басылып жүрген өлең жолдарындағы жау-
ынгер  сөзі  дұрыс  оқылмаған  (араб  жазуынан)  жәреуке  деген 
сөз болу керек, өйткені контекске қарағанда, бұл жерде «жа-
лынышты, жалтаң көз» деген мағынадағы жәреуке сөзі дұрыс 
келеді. Бұл сирек жұмсалатын сөз өзге үлгілерде де бар.
Алдыңғы  кезеңдермен  салыстырғанда,  көзге  түсетін  бір 
ерекшелік – есім тудыруда -у жұрнағының активтене бастауы: 
Алланың жазуы, дүниенің өлшеуі т.б.
Грамматикалық  тұлғалардың  актив-пассивтігіне,  өнімді-
өнімсіздігіне назар аударсақ, әлі де алдыңғы кезеңдердегідей 
шаққа бейтарап қимыл-әрекетті білдіруде -ар жұрнақты есім- 
ше тұлғасының қолданылуы актив. Бұл әсіресе жыраулар тіліне 
тән.  Сонымен  бірге  осы  қызметте  -а+ды  тұлғасы  да  едеуір 
орын ала бастайды. Бұл көбінесе 11 буынды өлеңдер тілінде 
көзге түседі. Мысалы, Шал ақында: «Жақсы туған жолдасына 
болысады, Жаман туған ұрысына болысады»Бұл тармақтарды 
-ар жұрнақты тұлғамен де беруге болар еді: соңғы сөз бәрібір 
болысат түрінде үш буын болып айтылуға тиіс.
Ауыспалы  осы  шақтың  болымсыз  түрін  білдіретін  -ман 
жұрнақты  етістіктің  қолданылуы  әлі  де  өте  актив,  оның 
-май+мын  пареллелі  жоққа  тән.  Бұл  тұлға  бұрынғы  мәтін- 
дердегідей  әрдайым  үзілді-кесілділік,  серт  беру  семантика-
сын  бере  бермейді:  жай  констатацияның  өзін  осы  тұлғамен 

174
білдіреді.  Мысалы,  Көтеш  ақын:  «Қонақтың,  өкпеледім, 
көрмен бетін» десе, онда сес көрсету де, серт беру де жоқ, жай 
хабарлау ғана бар.
Есімдерге  жалғанып,  предикаттық  және  кәмілдік,  ақиқат- 
тық  мән  беретін  дүр/ды/ді  форманты  сөз  болып  отырған 
кезеңнің поэзиясы тіліне де жат емес: «Айтар сөзім осы дүр», 
«Қымызсыз  жиын  той  болса,  қызығы  жоқ-ты  жаз  күні», 
«Ақтың  үйі  мешіт-ті»  (Бұхар).  Байқалатын  жайт  бұл  кезде 
-ды параллелі басымырақ: «Киім кисең, қаптау ки. Найза кел-
се, қалаң-ды, суық келсе, панаң-ды» (Ақтамберді), «Алғаның 
жақсы болса, қорғандай-ды, Жаман болса, қайтесің сормандай-
ды» (Шал).
Міне,  қазіргі  және  алдыңғы  кезеңдермен  салыстырғанда, 
XVIII  ғасырдағы  қазақтың  төл  әдеби  тілінің  грамматикалық 
ерекшеліктері  (белгілері)  –  осындай.  Бұл  белгілердің  біразы- 
ның төркінін әдеби тіл дәстүріндегі жалғастылық принципіне 
байланыстыра іздеу керек болса, енді бірқатарын грамматика-
лану, лексикалану сияқты процестердің ілгері қарай дамуының 
және морфологиялық тұлғалардың қызметі жағынан саралана 
түсуінің нәтижесі деп тану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет