§ 8. Сөз тудыру тәсілдерінің нормалануы
XIX ғасыр I жартысындағы қазақтың төл әдеби тілінде сөз
тудырудың ең өнімді тәсілі – бұрынғыдай жұрнақ жалғаушы-
лық (аффиксация). Одан қалды, сөз мағынасын ауыстыру
(жаңғырту) амалы едәуір орын алады. Өткен дәуірлермен са-
лыстырғанда жұрнақ жалғау арқылы сөз жасауда жұрнақтар-
дың көбейе түскені және кейбір жұрнақтардың беретін мағы-
наларының түрлене және тұрақтала түскені байқалады.
Бұл кезендегі ең актив жұрнақ – -лық. Оның басты қызметі
– дерексіз зат есім тудыру. Біз талдап отырған кезең үлгілерін-
де -лық аффиксімен келген сөздердің дені тілде бұрыннан
барлар: жалғыздық, жақсылық, жамандық, хандық, ұрлық,
кәрілік, жастық, кедейлік, жарлылық т.т.
Бұл жұрнақтың қолданылуына қатысты екі жағдайға на-
зар аударуға болады: бірі – онымен келген дерексіз есімдердің
сан жағынан едәуір көбірек қолданылғандығы. Бұрыннан
тілде бар (немесе болу мүмкіндігі бар) болғанымен, ептілік,
даналық, әділдік, адалдық, арамдық, қайырымсыздық, тыныш-
тық, жетімдік, қорқақтық, шешендік, сұлулық, албырттық
сияқты сөздер XIX ғасыр әдеби тілінде еркін және молырақ
кездесе бастайды.
Бұл қатардағы сөздердің ішінен сол кезеңде жасалғандарын
кесіп айту қиын, дегенмен қажылық, «әкімшілік» мәніндегі
төрелік, міндестік, әлеуметтік қарым-қатынасқа байланысты
мәндегі күндестік, бостандық сияқты бес-он сөзді осы кезеңнің
өзінде туған деп топшылауға болар, өйткені қазақтардың
қажыға баруы – негізінен XIX ғасырда басталған болса керек.
Төрелік тұлғасы бұрыннан төре сөзінің «бидің кесімі, билік»
224
мағынасынан туған дерексіз ұғымды білдіретін болса, енді
төре сөзінің көбінесе орыс әкімшілік тарапынан қойылған
«ел билеуші әкім, начальник» деген жаңа мағынасына -лық
жұрнағы қосылып, «әкімдік, начальниктік» ұғымын да берген.
Сол сияқты «бірін-бірі мінеу, айыптау» мөнінде міндестік, бір
шаңырақтың астындағы әйелдерге қатысты «ошақ басындық
мәндегі» күндес сөзінен әлеуметтік мәндегі күндестік сөздерін
қолдану да – тек осы кезең үлгілерінен табылады.
Бір қызығы – бұған дейін тек қана тірлік тұлғасында келген
сөз енді тіршілік түрінде де кездесе бастайды: «Тіршілік пен
өлімнің Ұзақ дауы шешілген...», «Күнәм жойқын, тәубем аз,
Тіршіліктен не таптым ?» (Дулат). Сірә -шылық аффиксінің
қазақ тілінде жандана бастаған тұсы XIX ғасыр деуге бола-
ды. Махамбетте ашаршылық сөзі («Ашаршылық жол көрмей)
бұрынғы аштық дегеннің орнына қолданылған. Дегенмен осы
күнгі -шылық аффиксімен жұмсалатын біраз сөздер әлі де
-лық жұрнағымен келеді: тарлық (таршылық емес), тірлік ва-
рианты әлі де тіршіліктен гөрі жиірек қолданылған: «Тірлікте
есіңе ал» (Шортанбай), «Алмасын тірлікте ердің бағын»
(Шернияз).
-лық жұрнағымен келген деректі зат есімдер де жоқ емес.
Олар: жаздық («Жаздықтың талшық көлі» – Махамбет),
кішілік («әйелі», «жұбайы» мағынасындағы сөз, түбірі кіші –
көне түркі тілдерінде «әйел» дегенді білдірген; «Алмажан сын-
ды бейбақты Кішілікке алуға» – Алмажан), мұңдық, жемтік
сияқты бірен-саран сөздер.
Сөз етіп отырған жұрнақтың қатыстық сын есім жасайтын
осы күнгі өте актив қызметі де осы кезеңнен басталады. Бұрын
оның бұл қызметі тек сан өлшеміне байланысты жерлерде
ғана кездесетін: бес күндік, бір жылдық, бір тиындық. XIX
ғасырдан бастап тілден тайлық ақша, ақындық қуат, өмірлік
жолдас, бір қалаштық тиын сияқты қатыстық сын есімдер
көріне бастайды.
-шы жұрнағымен келген сөздер де көбейе түскен: басшы,
қосшы, жалғаншы, өсекші, өтірікші, алдамшы, орманшы,
егінші, үйші, айраншы. Бұлардың көбірек кездесуі әдебиеттің
тақырыбына да байланысты: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
225
әлеумет тіршілігін, қоғам мүшелерін көбірек сөз етеді, ал -шы
жұрнағы қоғамдағы адамдарды әлеуметтік орнына (басшы,
қосшы), кәсібіне (орманшы, егінші, биеші, бақыршы), мінез-
құлық қасиетіне (жалғаншы, өсекші) қарай атайтын сөздерді
жасайтыны мәлім Осы мотивпен парсы тіліндік -қор, -паз
жұрнақтары, әсіресе алдыңғысы, қазақ тілінің -шыл, -гіш
жұрнақтары активтене түскен. Бұл кезендегі үлгілер тілінен
жемқор, парақор, антқор, дүниеқор, ел бұзғыш, ел бүлдіргіш,
мақтан күйшіл, жетекшіл сөздерін кездестіреміз.
Актив қолданылған жұрнақтардың қатарынан бұрынғыдай
- сыз, -ды, -дай/-дайын (барлығы да фонетикалық вариант-
тарымен) жұрнақтары табылады. Сонымен қатар сиректеу
түрде -ым (бағым, келім, кешірім),-ыс (жүгініс, күн батыс,
күн шығыс), -ғы (бұл заманғы) аффиксті сөздер қолданылған.
Бұлар да – негізінен бұрыннан келе жатқан сөздер.
Сөз тудырудың екінші амалы – сөз мағынасын жаңғырту.
Заман, қоғам өмірі әкелген жаңалықтар жаңа атауларды қажет
етті. Ол атаулар – пысық, ұлық, атқамінер, аға сұлтан, төре,
ақыр заман, зар заман, сайлау, шығын, малай, қара шығын,
алым, шаңырақ салығы, несие, өсім, жол сауда, мәселе кітап,
насихат, қағаздату, елу басы, он басы т.б. сияқты сөздер.
Бұлар – қазақ тілінде бұрыннан бар сөздерден жасалып, жаңа
мағынада қолданылғандары. Пысық, атқамінер сөздері –
жаңа типтегі әлеумет топтарын атап, терминдік мәнге ие бола
бастаған элементтер болса, аға сұлтан, елубасы, онбасы, ұлық,
төре сөздері – жаңа әкімшілік иелерінің атаулары, бұлардың
да бірқатары (аға сұлтан, онбасы, елубасы)бір ғана мағынада
тұрақталып, терминдік сапаға ие болған.
Ұлық, төре сөздері де бұрынғы жалпы ұғымынан ауысып,
белгілі бір әкімдерді атауға бейімделе түскен: екеуі де көбінесе
орыс әкімшілігі тағайындаған бастықтарды атайды. Сайлау,
шығын, қара шығын, алым, шаңырақ салығы, несие, өсім, жол
сауда, қағаздату сөздері де белгілі бір ұғымды білдіретін жаңа
атаулар қатарына көтерілген, яғни оларды мағына жаңғыру
арқылы жасалған жаңа сөздер деп тануға болады.
Шортанбай, Дулаттар насихат, жыршы сияқты сөздердің
мағынасын өзгертіп қолданған: насихат – өмірден түйіп-біл-
226
генін баяндау, біршама философиялық ойлар, өлең-жыр арқы-
лы арттағыларға қалдырар ақыл-үгіт деген нақты ұғымда қол-
данылған, мәселе кітап – осы философиялық ақыл-үгіттің ба-
спа бетіндегі көрінісі деген мағынадағы атау. Қысқасы, XIX
ғасырдың алғашқы жартысы, орта тұсы мағына жаңғыртып, сөз
тудырту процесінің активтене бастаған кезі. Бұл – қазақ әдеби
тілі грамматикасы дамуының нақтылы сатысын көрсететін
белгінің бірі.
Етістік тудыратын жұрнақтар да тұлғасы мен қызметі
жағынан бұрынғыдай және қазіргідей. Азын-аулақ айырма-
шылық – бұл күнде -ла жұрнағын тікелей жалғамайтын,
жалғаған күнде өзгеше мағынада келетін бес-он тұлғаның
кездесетіндігі. Мысалы, Шернияз «Жентті жүз атанға жүктеу-
ші едік» дегенінде жүктеу етістігін «жүк тиеу» деген тура
мағынасында қолданып тұр. Ал бұл күнде жүктеу етістігі
«міндет арту» деген ауыспалы мәнде жұмсалады. Ар арлау,
ер ерлеу («Айқайлап арын арлаған» – Шернияз, «Бежін ерді
ерлетіп» – Дулат) сияқты тұлғалар да – қазіргі норма үшін
кәнігі емес. Бірақ мұндай фактілер өте сирек кездеседі.
227
VI ТАРАУ
______________________________
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЗБА ӘДЕБИ ТІЛІ
§ 1. XIX ғасырдың II жартысындағы қоғам өмірі және
тіл тәжірибесі
Өткен ғасырдың екінші жартысы – қазақ халқының саяси-
әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінде болған
түбегейлі тарихи өзгерістердің, әр алуан тартыстардың зама-
ны болды. Бұл кезеңде Қазақстан түгелімен Ресейге бағынып
болды. Қазақ қауымының бұрынғы патриархалды-феодалдық
тұрмыс-күйінің іргесі әбден сөгіліп, Ресей империясына
қараған отар ел кешетін әлеуметтік-экономикалық тіршіліктің
тасы мықтап қаланды. Қала-бекіністер орнады, сауда-саттық
күшейді, жер-жерде отырықшылық басталды. Егіншілікпен
айналысу орын ала бастады.
Осындай өзгерістер қазақ халқының мәдени-рухани дүние-
сінде де жаңалықтар туғызды. Қазақ жерінде аз болса да, оқу-
білім көздері пайда болды. Омбы, Орынбор, Орал, Троицк,
Перовск, Торғай қалаларында жергілікті халық балалары үшін
100 шақты уездік екі кластық (6 жылдық) және бір кластық
болыстық (4 жылдық) мектептер ашылды. Оларда оқу орыс
тілінде жүргізілді. Бұл мектептер аздығына және отаршылық
саясатты көздегендіктеріне қарамастан, қазақ арасына оқу-
білімнің таралуына септігін тигізді. Орыс тілін танып-білудің
алғашқы қадамдары басталды.
Азаматтық оқумен қатар, мұсылманша діни оқу да осы ке-
зенде едәуір жанданды. Ауыл молдаларынан арабша-түркіше
сауат ашып, хат тану бұқара халықтың білім-ғылымға деген са-
насын оятып, жалпы сауаттылыққа талпындырды.
Тіл тағдырына әсер еткен маңызды оқиғалардың келесі бірі
– қазақ тілінде тұңғыш баспасөз органдарының пайда болуы
болса, екіншісі – қазақ тілінде кітап бастырудың дүниеге келуі
болды. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Қазан университеті
мен Қазан гимназиясы баспасынан XIX ғасырда 400-ден астам
228
кітап басылса, оның тең жартысы қазақ тілінде жарияланып-
ты, жалпы XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде Қазан,
Петербург, Уфа, Ташкент, Орынбор, Семей, Омбы, Орал, Вер-
ный, Астрахань қалаларында орта есеппен 1000-нан астам
атаулы қазақ кітаптары басылып шыққан, олардың тиражы
шамамен 5 миллион данаға жеткен
162
. Тек қазақ тілінде емес,
ортаазиялық әдеби тілдердегі («түркіше») мұсылманша діни
мазмұнды кітаптар да (Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани т.б.
хикметтері) қазақ арасына молынан тарай бастайды. Тіпті бұл
кезде христиан дінінің миссионерлік әдебиеті де қазақ тілінде
баспа бетін көрді.
Орыс ғалымдары тарапынан қазақ тілінің грамматикалық
құрылысын зерттеу басталды. Шын мәніндегі лексикография-
лық жұмыстар етек алды: өткен ғасырдың екінші жартысын-
да ғана 20-дан астам орысша-қазақша және қазақша-орыс-
ша сөздіктер шықты (жалпы Қазан революциясына дейін кей-
біреулерінің қайыра басылуларын және қосымша ретінде
берілгендерін есептегенде, 40-қа жуық сөздік шыққан екен).
Ең үлкен оқиға – қазақ көркем әдебиетінің жаңа кезеңі ба-
сталды. Төл жазба әдебиеті туды. Араб, парсы, шағатай, орыс
тілдерінен аударылып, ауызша да, жазбаша түрде де тараған
аударма әдебиет өмірге келді. Қысқасы, қазақтың әр алу-
ан жанрдағы, әртүрлі мазмұндағы жазба әдебиеті жанданып,
түрлері көбейе бастады.
XIX ғасырдың II жартысы – қазақ тілінің статикасы (сол
тұстағы қалыпты жай-күйі) мен динамикасына (дамуына)
қоғам өмірінің тікелей қатты әсер еткен дәуірі болды.
Өткен ғасырдың II жартысында тілді пайдалануда бұқа-
рашылдық (демократизация) сипаты болды, яғни жазба әдеби
тіл шағын топтың (айталық, ислам дінін уағыздаушылардың)
мүддесіне ғана қызмет етпей, оған қалың бұқара мүддесін
өтеу талабы қойыла бастады. Осылардың барлығы сөз етіп
отырған дәуірде жазба әдеби тілдің екі типінің қатар өмір
сүруіне әкеп тіреді. Бірі – қазақтың ескі жазба әдеби тілінің
сол тұста «кітаби тіл» аталған түрі, екіншісі – қазақтың ұлттық
жаңа жазба әдеби тілі.
162
Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан. - Алматы, 1971. - 39-б.
229
Сөйтіп, талдап отырған дәуірде тіл қолданысын танытатын
мынадай әдебиет нұсқалары болды:
1. халықтың ауыз әдебиеті шығармалары. Бұлардың ба-
сым көпшілігі бұрыннан келе жатқандар болды, бірақ ауыз-
ша жеткізіліп, таралуына байланысты осы кезеңнің өзінде
жырланған варианттары болды. Ал кейбір жырлар осы дәуірде
туды, олар XIX ғасырда болып өткен оқиғаларды, осы тұстағы
жеке адамдарды бейнелейтін туындылар: «Айман-Шолпан»,
«Бекет батыр», «Мақпал-Сегіз» т.б.
2. Қазақтың байырғы поэтикалық дәстүрін әрі қарай жалғас-
тырған ақындардың өлең-жырлары. Ол ақындар: Сүйінбай,
Майкөт, Бақтыбай, Күдері, Кемпірбай, Шөже, Түбек,
Нұрым, Арыстан, Бала Ораз, Базар, Нысанбай, Досқожа,
Майлықожа, Мәделіқожа, Біржан, Жаяу Мұса, Мұрат,
Жамбыл т.б. Зерттеуші М.Жолдасбеков Жамбылдың ұстаздары
деп (демек, XIX ғасыр ақындары) Сүйінбай, Қабандардан ба-
стап, 10 шақты ақынды, 4-5 шешенді атайды, шәкірттері деп
15 шақты есімді көрсетеді
163
. Бұл тек бір өңірдің – Жетісу
алқабының ғана ақындарының саны, ал қазақтың кең даласын
түгел алғанда, XIX ғасырдың өн бойында жырлап өткен сөз
шеберлерінің саны өте көп екені байқалады.
Бұлардың ішінде Майлықожа, Мұрат, Жаяу Мұса сияқты
мұсылманша сауатты ақындардың шығармалары бұрынғы
көркем әдебиет үлгілерімен қатар жаңа жазба әдебиеттің ны-
шандарын да танытады.
3. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің жаңа кезеңін бастаушы
Абай мен Ыбырай шығармалары. Сонымен қатар Шәңгерей
Бөкеев, Әбубәкір Кердері, Ақан сері Қорамсаұлы, Нұржан
Наушабаев, Ақылбай, Мағауия сияқты жазба ақындардың
туындылары өз кезеңіндегі қазақтың ұлттық әдеби тілін таны-
татын үлгілерден саналады.
4. Қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз болып саналатын жер-
гілікті әкімшілік органдары – «Түркістан уалаятының газеті»,
«Дала уалаятының газеті», «Торғай газеті «, «Ауыл шаруашы-
лық листогы» атты газеттер.
163
Жолдасбеков М. Асыл арналар. - Алматы, 1990. - 142- 144-б.
230
5. Патша үкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті
әкімдердің қазақ тілінде жазысқан ресми-кеңсе қағаздары
(бұйрықтары, шағымдары т.б.).
6. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін ау-
дармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жыр-
лаған туындылар: «Шаһнама», «Лейлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зы-
лиха», «Фархад-Шырын», «Ескендір», «Мұңлық-Зарлық», «Сей-
фүлмәлік», «Бозжігіт», «Шахмаран», «Шәкір-Шәкірат» т.б.
7. Ислам дінін уағыздап, оның пайғамбары мен әулиелерін
дәріптейтін таза діни тақырыпта «кітаби тілде» жазылған
қиссалар («Салсал», «Зарқұм», «Жұмжұма», «Кербаланың
шөлінде» т.б.) мен ислам діні канондарының аудармасы: Әбу-
бәкір «Исламның бес парызы», Нұржан Наушабаев «Қырық
қадис» т.б.
8. Өткен ғасырдың II жартысында тұңғыш пайда болған
қазақ тілінің алғашқы грамматикалары мен хрестоматиялары,
оқулықтар және екі тілді сөздіктер: Н.И.Ильминский «Ма-
териалы к изучению киргизского наречия». -Казань, 1861;
А.Е.Алекторов «К мудрости ступенька». Азбука для учеников
начальных русско-киргизских школ. - М., 1891 және «Кир-
гизская хрестоматия». - Оренбург, 1898. - Ч.І; И.Алтынсарин
«Начальное руководство к обучению киргиз русскому языку. -
Оренбург, 1871; «Жазуға үйрететін кінеге». - Қазан, 1892, 1894;
Л. Будагов «Сравнительный словарь турецко-татарских наре-
чий». - СПб., 1869-1871; И.Букин «Русско-киргизский и кир-
гизско-русский словарь». Ташкент, 1883 т.б.
9. Көпшілікке арналып, медицина, ветеринария т.б. қатысты
тақырыптарға жазылған кітапшалар: «Трахома деген жаман
көз ауру». - Қазан, 1898; «Егіншінің қызмет аты жайында». -
Орынбор, 1899 т.б.
10. Миссионерлік мақсатпен жазылған, христиан дінінің
канондарын қазақ тілінде түсіндіріп уағыздайтын кітаптар:
«Евангелие». - Қазан, 1899; «Езги Иосиф». - Қазан, 1892 т.б.
Бұл аталған әдебиет үлгілері мазмұны мен көздеген мақ-
саттары (оқырмандары) жағынан бірнеше топқа бөлінгенімен,
тілі жағынан екі топқа жинақталады: 1) қазақтың ауызша
тараған байырғы төл әдеби тілі мен ұлттық әдеби тіліне негіз-
делген үлгілер; 2) қазақтың ескі жазба дәстүрінде, яғни сол
231
кезеңде қазақ топырағында «кітаби» деп аталған тілде жа-
зылған үлгілер. Алғашқы топқа ауыз әдебиеті нұсқаларынан
бастап, жоғарыда аты аталған ақындардың көпшілігінің
өлең-жырлары; Абай мен Ыбырайдың әдеби, педагогикалық,
философиялық шығармалары, яғни өлеңдері, Ыбырайдың
оқулық-хрестоматиясы, Абайдың «Қара сөздері»; екі тілдік
сөздіктің қазақша материалдары; көпшілікқолды жартылай
ғылыми кітапшалар, ішінара алғашқы баспасөз және... христи-
ан дінін уағыздайтын миссионерлік діни әдебиет үлгілерінің
тілі жатады. Соңғысына діни тақырыптағы кейбір қиссалар,
ислам дінін уағыздайтын аудармалар, ресми-кеңсе қағаздары
және эпистолярлық үлгілердің тілі жатады. Алғашқы топ-
тағылардың өзін екіге бөліп қарау керек болады: бірі – ауыз-
ша тараған көркем поэзия дәстүрін сақтаған әдеби тіл үлгілері,
екіншісі – соның жазба түрге көшкен жаңа сипатты жалғасын
танытатын нұсқалар тілі.
§ 2. XIX ғасырдың ІІ жартысында бұрынғы қазақ
поэзиясы тілінің одан әрі дамуы
Сөз болып отырған кезенде қазақ әдебиетінің жанрла-
ры көбейіп, түрлене түскеніне, соған орай жазба тілдің жаңа
стильдері пайда болғанына қарамастан, әдебиеттің поэзия
жанры қазақ тілінің даму барысында басым (доминант) сала
болып қала берді. Бұған, бір жағынан, сан ғасыр бойы күшті
дамып келген бұрынғы қазақ поэзиясы дәстүрінің әрі қарай
ұласа бергендігі негіз болса, екінші жағынан, осы кезенде жаңа
реалистік әдебиет туып, оның да негізгі жанры болып поэзия,
яғни ұлы Абай шығармашылығы тұрғандығы себепкер болды.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ поэзиясы негізінен
ақындық мектепке көшкендігі жоғарыда айтылды. Оның
өкілдері кең даланың барша түкпірінен көптеп көріне баста-
ды. Олар әлеуметтік үні, жырлау мәнері, тақырып ауқымы,
таралу шегі, мұра байлығы жағынан, сөз жоқ, бір қатарда
тұрмады. Шортанбай, Мұрат, Жанақ, Марабайлардан
164
164
Дулат, Шортанбай, Мұрат, Жанақ, Марабайлардың творчествосын XIX
ғасырдың I жартысы мен орта тұсындағы қазақ әдебиеті тарихына жанастыра да
қарастырып жүргеніміз мәлім. Сол сияқты Шәңгерей, Ақан серілердің өмір сүрген
дәуірі XX ғасырдың бас кезіне өтіп кететініне қарамастан, оларды да негізінен өткен
ғасырдың екінші жартысының өкілдері ретінде танимыз.
232
бастап, Сүйінбай, Мұсабай, Орынбай, Шөже, Кемпірбай,
Ақтан, Бала Ораз, Арыстан, Сары, Базар, Біржан, Жаяу
Мұса, Майлықожа, Мәделіқожа сияқты байырғы дәстүрді
әрі қарай жалғастырған, туындыларын көбінесе ауызша
таратқан ақындар мен жырау-жыршы типіндегі сөзгерлерден
(Нұрым, Ақтан т.б.) басқа байырғы поэзия дәстүрін жазба
әдебиетке жалғастырған Ыбырай Алтынсарин, Шәңгерей
Бөкеев, Әубәкір Кердері, Нұржан Наушабасв, Ақан сері
Қорамсаұлы, Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтар сияқты
ақындар да болды.
Сондай-ақ аттары аса алысқа жайылмағанмен, әлеуметтік
үндері болған Нысанбай, Досқожа, Қашқымбай, Досжан,
Қашаған, Құлмамбет, Қубала, Күдері т.б. тәрізді ақындар
да сөз өнерінде, көркем тіл әлемінде орын алды. Ақындық
ауқымдары әр дәрежеде болғанмен, бұлардың баршасы қазақ-
тың ауызша дамып келген әдеби тіл үлгісін әрі қарай дамыту-
шылар болды.
Бірақ бұл дәуірде қазақтың бұрынғы поэтикалық мектебі
өзгеріссіз қалмады. Ақындар шығармашылығының тақырып
аясы да, мазмұны да, жырлау стильдері де өзгеріске ұшырады.
Әрине, ілгергі дәстүрден қол үзушілік жоқ: бұрыннан келе
жатқан кәнігі теңеу, метафора, эпитет сияқты көркемдеуіш
құралдарды көп өзгертпей жиі пайдалану XIX ғасырдың II
жартысындағы ақындарға да тән. Өлең өлшемінде де жаңалық
жоқ: 7-8 буынды жыр ағымы мен 11 буынды қара өлең бо-
лып келеді. Сөйте тұра алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда,
байқалатын өзгешеліктер едәуір.
Ең алдымен, ендігі ақындарда шындық суреті, нақтылық
басым. Бұл кезде арнау өлеңдер мен портреттер, енді-енді
көріне бастаған пейзаждық өлеңдер молырақ орын алады.
Бұларда затты, құбылысты, адамды, оның мінез-құлқын, іс-
әрекетін, сын-сипатын нақты суреттеу көзге түседі. Мысалы,
осы кезең ақындары «жақсы қатын», «жаман қатын» туралы өз
бағасын өлеңмен білдіргенде, сол қатын айналысатын қазан-
ошақ, үй ішінің нақты суреттерін береді. Ақан серінің осы
тақырыптас өлеңдерінде құман жатыр кұл болып домаланып,
күлде жатқан қалашты жеңмен сүртіп, жаулығы желкесіне
233
кетер қашып, тұзы жоқ көжесінің төгіп-шашып сияқты жол-
дар кездеседі. Бұл – әдеби тілдің сөздік қазынасына көптеген
лексикалық топтардың молынан ене бастауы деген сөз. Әсіресе
тұрмыстық лексика мен жалқы есімдер және адамның әр алуан
қимыл-әрекетін білдіретін етістіктер өлең тіліне еркін арала-
сады, осының нәтижесінде сөз мағыналарының саралана түсуі
немесе мағына ауыстыру процесі активтенеді.
Екіншіден, аталған ақындардың біразы (Жанақ, Шөже,
Кемпірбай, Сүйінбай, Бала Ораз, Майлықожа т.б.) – жеке
туындылармен қатар, айтыс өлеңдерінің иелері. Ал бұл
кездегі айтыс – тұрмыс-салттық тақырып шеңберінен шығып,
әлеуметтік үн ала бастаған жанр. Демек, бұл – айтыстардың
сөз байлығы да, көркемдеуіш құралдары да, тіпті көлемі де
өзгерді деген сөз. Айтыс компоненттері монологке ауысады.
Ал монолог – ақынның өз айналасына, заманына, өмірге,
қоғам тіршілігіне, жеке адамдардың іс-әрекеттеріне деген
көзқарасын, ойын, мінездемесін көрсететін сөз түрі.
Үлкен айтыстарда ақындар қарсыласын жеңу үшін тек
тақырып, факт, логика, аргумент мықтылығын ғана көздеп
қоймайды, сөз-образдардың орынды, әсерлі әрі соны болуы-
на да қам жейді. Ол үшін тілдік-көркемдік дүниенің дәстүрлі
түрлерін пайдаланумен бірге, жаңаларын да тудыруға тырыса-
ды. Біржан сал Сара ақынмен айтысқанда, «әншінің кең ты-
нысты, зор дауысты» дегеннің тың образын әнімді он екі взвод
жіберемін деп ұсынады. Сол сияқты XIX ғасырдың соңғы
ширегінде етек алған шығыс әдебиеті әсерімен келген білім-
түсініктер де осы айтыста образ жасауға қатыстырылады.
Біржан: Тұлпармын Көрұғлының Пырағындай немесе: Рүстем
дастандаймын дәл өнерге деген теңеулерді келтірсе, Сара
ақын: Болғанда аузым – сағат, ернім – қақпақ деп бұрын
қазақ қызы портретінде кездеспейтін мүлде тосын теңеу
жасайды, бұл да – өз кезеңінің өмір шындығынан алынған
образ: сағаттың өзі ол кезде екінің бірінің қолына түсе
бермейтін бағалы бұйым болса, ақын қыздың дарыны да (аузы,
яғни сөзі) – сондай сирек дүние, сағаттың қақпағы қандай
дөп-дөңгелек, мінсіз, көзтартарлық алтын не күміс болса, қыз
ерні де сондай әсем!
234
Үшіншіден, бұл кезеңдегі ақындардың бірқатары – әр алу-
ан эпикалық шығармаларды (дастандарды, эпостық жырлар-
ды) тудырушылар және таратушылар. Мысалы, Сүйінбайдың
қырғыздың «Манасын», шығыстың «Шаһнама», «Тотының
тоқсан тарауы», «Көрұғлы» сияқты жырларын ел арасы-
на таратуда еңбегі зор болған
165
. Жанақ пен Шөжелер «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» жырының өз варианттарын ұсынған
166
.
Ақтан Керейұлының даңқы негізінде өзі жырлаған ерлік да-
стандарымен шыққан
167
.
Дастан – көлемді, күрделі туынды болмақ. Демек, тіл жағы-
нан бұл да – өзгерістер мен жаңалықтарды туғызатын жанр.
Осы тұста пайда болған дастан-жырлардың тамыры бұрынғы
поэзия дәстүріне терең бойлап кетеді. Авторлар образ таңдауда
болсын, суреттеуде болсын кәнігі сөздер мен тіркестерге иек
артады. Солай бола тұрса да, бұларда нақты суреттер басым-
дау. Мысалы, «кешегі өткен Қарасай бабасын»: Еменнен найза
алатын, Қорамсаққа қол салатын. Қырық мың дұшпан келсе
де, Тайсалмай қарсы баратын. Кереге көз тор сауыт, Жеңсіз
берен киетін... деп бұрынғы образдармен суреттеген Сүйінбай
«Сұраншы батыр» дастанында ұрыс картинасын былайша
береді: Қарсы келген дұшпанның Қылышпен басын қияды. Най-
заменен түйреді. Өлігін жаудың иледі... Әрине, бір қарағанда,
мұңда жаңалық жоқтай: картина бұрынғыша қимыл, іс-әрекетті
атау арқылы берілген, сөйлемдер шағын (бір тармақтық), өлең
етістік ұйқасқа құрылған т.т. Ал салыстыра қарасақ, қимыл
құралдары (найза, қылыш, шоқпар) баяғыдай эпитетпен кел-
мейді: толғамалы немесе қималы я болмаса ырғай сапты най-
за емес, тек найза, қылыш та алмас, наркескен, алдаспан емес,
жалаң қылыш сөзі арқылы бейнеленген. Мұнда ұрыс карти-
насын жалпы сипаттау жоқ, нақты суреттеу бар. Нақты сурет
– тілдік қолданыстарға өзгеріс енгізетін құбылыс: ол дәстүрлі
эпитеттерге, кәнігі штампарға көп жібермейді, оның есесіне
сөздердің жаңа тақырыптық топтарын қосады, оларды сан
жағынан молайтады.
165
Садырбаев С. Мұзбалақ ақын //Сүйінбай Аронұлы. Ақиық. - Алматы, 1975. 6-б.
166
История казахской литературы. В 3-х томах. - Т. ІІ. - Алма- Ата, 1979. - С. 53.
167
Сыдиықов Қ. Алты сөз // Ақберен. - Алматы, 1972. - 22-б.
235
Төртіншіден, тағы бір сипатты белгілердің бірі – бұл кездегі
қазақ ақындарының дені мұсылманша, кейбіреулері әрі орыс-
ша сауатты болады. Шортанбай, Мұрат, Базар, Майлықожа,
Мәделіқожа, Қашағандар мұсылманша жақсы сауатты, араб,
парсы, түркі (шағатай) тілдерінен хабарлары бар сөз шебер-
лері болса, Ыбырай, Шәңгерей, Ақандар мұнымен қатар орыс-
ша да сауатты болды. Бұл жайт аталған ақындардың шығар-
машылығына да, олардың тілдеріне де үлкен ықпалын тигізді.
Мұсылманша сауатты ақындарда ортаазиялық жазба әдеби
тілдің әсері байқалады. Мысалы, Ақан серінің ғашықтық
цикліндегі өлеңдерінің біразында шағатай поэзиясыңдағы
образдар, соған орай «түркілік» элементтер орын алған. Оның:
«Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, Нәркес көз, қалам қасты,
лағыл бала. Иранның құсни зия тотысындай, Гауһардан әзкен
нәсіл тудың зада» деген төрт тармағында сада, нәркес, лағыл,
құсни зия, гауһар, зада сияқты жеке сөздер ғана емес, иранның
тотысы, гауһардан туу тәрізді образдар да – төл қазақ поэти-
касына тән емес, шағатайлық дүниелер. Ақынның сұлу қыздың
образын беруде «гүл жүзің, зипа бойың, қалам қабақ» деуі не-
месе «жұмақтың шарап кәусер қауасында Сен едің шапшып
тұрған інжі шабақ» деген теңеулері, сол сұлуға ғашық болған
лирикалық кейіпкерін «шыраққа түсіп жанған пәруанаға»
балауы – осылардың баршасы қазақ поэзиясы тілінде XIX
ғасырдың II жартысында бой көрсете бастаған белгілер.
Бірақ шағатай әдебиеті және тілінің үлгі-әсері мен ондағы
образдардың, солар арқылы келген сөздері мен тұлғаларының
қазақтың төл поэзиясы тілінен орын ала бастауы жүйелі
түрде емес және басым емес. Жоғарыда мысал келтірілген
«Тағырыпың» деген көлемді шығармасында Ақан сері негі-
зінен қазақтың байырғы образдарын пайдаланады. Сол сияқты
«Ғаламға он сегіз мың патша болсам» деген өлеңінде араб-пар-
сы сөздері мен шағатай әдебиеті образдарын мол қолданған
Шәңгерей Бөкеев өзге туыңдыларында қазақтың байырғы
әдеби тіл кестесіне иек артады.
Өткен ғасырдың II жартысындағы қазақ ақындарының
тілінде бұрынғы ақын-жырауларда да, халықтың сөйлеу тілін-
236
де де қолданылмаған бірсыпыра араб-парсы сөздері орын
алған. Мысалы, Ақан серіде: натараккі, тағырып, сарби зат,
кәстәран, мақбуб, пәруана, шаһбазия, ағлан т.б. Шәңгерейде:
килап, өршат, ғарапат, ықырам, шарғығалал т.б. Тіпті бұрынғы
қазақ көркем тілінің дәстүр-тәртіптерін берік ұстаған Шортан-
бай, Майлықожа сияқты ақындардың өзі бейтаныс арабизм-
фарсизмдерді мол қолданбаса да, тілге ене бастағандарын ак-
тив пайдалану бағытын ұстаған. Мысалы, Майлықожа гауһар,
жаһан, пайым, бейқайрат, насихат, нақлиқат, мехнат, уәж,
қадірден, ләззат сияқты сөздерді еркін және жиі қолданған.
Сөз етіп отырған дәуірдегі қазақ поэзиясы тілінің және
бір айрықша белгісі – оған орыс әдеби тілінің де әсер-ық-
палының тие бастауы. Бұл әсіресе Абай тілінде көзге түседі.
Абайдан өзге ақындардың тілінде де орыс тілінің әсері күшті
сезілмегенмен, бұл тілмен қарым-қатынасқа түскені байқала-
ды: өлең тіліне орыс сөздерін қатыстыру әрекеті активтене
бастайды, оларды образ үшін пайдалану нышаны байқалады.
Мысалы, Ақан сері ғашығына арнаған сөздерін «телеграмда
тартылған сымға» теңейді немесе «қалқаға анда-санда жазған
назын» «ғылымның дәптеріндей томда жатыр» дейді.
Орыс сөздерін, образдарын еркінірек, молынан қолдану
Абайдың шәкірттері – Мағауия, Ақылбайларда айтырлықтай
сезіледі. Мысалы, Мағауия қазақ ақындары бұрын-соңды
қолданбаған банкрот, мот, сутки тәрізді дерексіз ұғымдағы
сөздерді де, насос, кран, балкон, нарядчик сияқты нақты зат
атауларын да өлең тіліне енгізеді.
Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысында қазақ әдеби тілінің
басты стилі – көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде
өзгеріс-жаңалықтар мен даму белгілері айқын көрінеді, бірақ
үлкен сапалық өзгеріс Абай шығармалары тілінен басталады.
Оған дейінгі және онымен тұстас қазақ ақындарының тілі,
әсіресе ауызша тараған үлгіде жырлағандардың сөз өрнегі
бұрынғы дәстүрдің жалғасы болып танылады.
237
Достарыңызбен бөлісу: |