§ 10. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы
Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойы ауызша және жазба түрде да-
мып келген қазақ әдеби тілі XIX ғасырдың соңғы ширегінде
синтезделіп, ағартушы-демократтық жаңа әдебиеттің тууы-
мен ұштасып, Абай мен Ыбырайдың мол әдеби-педагогтік
қазынасында, жас баспасөз беттерінде, енді-енді туа бастаған
азаматтық тақырыптағы әдебиет үлгілерінде, ауызша әдеби
тілді әрі қарай жалғастырған ақындар шығармаларында, әлі де
туып жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінде қолданылды. Қазақтың
байырғы ауызша дамыған және жазба сипат алған әдеби тілі
жаңа кезеңге көшті. Бұған бірнеше фактор себеп болды:
1. Жаңа ұлттық жазба әдебиет туды. Жазба әдебиеттің
түрлері көбейді. Қазақтың көркем әдебиеті, поэзиясы жазба
түрге көшті. Ендігі қаламгерлердің дені мұсылманша сауатты
болды. Бірқатары, Ыбырай, Абай, Шәңгерей, Жаяу Мұса т.б.
орысша сауатты болды, орыс әдебиетін оқитын дәрежеде бол-
ды. Баспасөздің пайда болуы, азаматтық тақырыпта әдебиеттің
жарық көре бастауы, діни әдебиеттің таралуы, ең бастысы –
кітап бастыру ісінің өмірге келуі – осылардың барлығы қазақ
даласына жазба дүниені алып келді. Жазба әдебиет бұрынғы
әдеби тілдің жазба түрде кеңінен қызмет ету актісін туғызды.
Ал жазба сипаттың өріс алуы – тілді жаңа сатыға көтеретін
факторлардың бірі.
2. Көркем әдебиеттің өзі кеңіді: көркем проза жанры пай-
да болды, поэзия жанры өз ішінен түрленді. Көркем әдебиет
қамтитын тақырыбын кеңейтті. Кең тақырып мол лексика-
фразеологиялық байлықты талап етті. Әдеби тілдің лексика-
291
грамматикалық және көркемдеу элементтерімен молығу,
түрлену, жетілу процесінде жаңа бағыт, жаңа тәсіл, жаңа жол-
дар пайда болды, яғни сапалық өзгеріс болды. Ал сапалық
өзгеріс – тіл дамуының жаңа кезеңге көшуін танытатын келесі
белгілердің бірі.
3. Қоғам дамуының бұл дәуірінде әдебиет түрлері көбейді.
Бұрын екі-үш жанрлы болып келген қазақтың әдеби дүниесінде
қоғамдық-публицистика, оқу-педагогика, жартылай ғылыми
әдебиет жанрлары пайда болды. Жаңа жанрлар жаңа стильдерді
туғызды. Осының нәтижесінде әдеби тілдің қызмет аясы мен
мазмұны жаңа сипатта кеңіді, жаңа белгілерге ие болды.
4. Әдеби тіл эволюциясының жаңа сатыға көтерілуіне се-
бепкер болатын алғы шарттар пісіп жетілді. Ол алғышарттар
деп қоғамның саяси-экономикалық құрылысының, халықтың
мәдени-рухани дүниесінің жаңа кезеңге көшуін, әсіресе оқу-
білім, кітап бастырудың жаңаша қарқынмен, жаңа сипатта
дами бастауын атауға болады, сондай-ақ тіл тәжірибесінде
саналы түрде қызмет ететін қайраткерлердің: қазақтың клас-
сик демократ ақыны Абай Құнанбаевтың, аса көрнекті демо-
крат ағартушы әрі жазушысы Ыбырай Алтынсариннің, жас
қазақ зиялыларының озат ойлы уәкілдерінің, қазақ тілі мен
әдебиетін жинап зерттей бастаған орыс ағартушылары мен
ғалымдарының болуы да қазақтың әдеби тілін ұлттық сатыға
көтеруде үлкен рөл атқарды.
Осы себеп-факторлар – қазақ әдеби тілінің жаңа кезеңін
бастатты. Бұл кезендегі қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің
белгілері мынадай болды:
Жаңа жазба әдеби тіл өзінің әлеуметтік қызметі, стильдік та-
рамдалуы жағынан өзіне дейінгі ауызша дамыған қазақ әдеби
тілінен де, ескі жазба дәстүрді жалғастырған «кітаби тілден»
де өзгешеленіп тұрды.
Ауызша дамыған әдеби тілден жаңа кезеңдегі әдеби тілдің
ерекшелігі – оның жазба сипат алуында, қызмет ету аясының
кеңеюінде, лексика-грамматикалық нормаларының айқындала
түсіп, тұрақталуында, жаңа стильдік салаларға ие болуында,
көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда көркемдік-образдау тәсіл-
дерінің түрленіп, молайып, жаңаруында болды.
292
Әдеби тілдің жазба сипаты – тек қана әдебиет үлгілерінің
жазу арқылы таралуында емес. Біріншіден, хатқа түсіп, жазба
түрде жарияланған дүниелердің баршасы әдеби тіл үлгісі бола
бермеуі мүмкін. Мысалы, XIX ғасырдың 70-80-жылдарынан
бастап, XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде «қисса» атты ай-
дармен 100-ден астам кітапша жарық көрген болса, олардың
ішінде бірқатары, мысалы, «Қисса-и Егіз бала», «Көп кеңеш»
(Қазан, 1897, «Қисса-и әдеблі бала» (Қазан, 1897), «Қисса
Ғажам екеуі болған» (1848), «Мақулат» (1897) т.б. сияқтылар –
не мазмұны мен идеясы жағынан, не тілдік көркемдігі жағынан
ешбір құндылығы жоқ, жазба әдеби үлгілерге жатпайтын
дүниеліктер болғандығын зерттеуші Б.Әбілқасымов жақсы
көрсетеді
191
. Екіншіден, жазба сипаттағы әдеби дүниелердің
(әсіресе поэзия үлгілерінің) қалың көпшілікке ауызша да та-
ралу фактісі зор екенін, өзгені қойғанда, ұлы Абай өлендерінің
1909 жылғы кітап болып басылғанға дейін кеңінен ауызша
тарағаны дәлелдей алады.
Демек, жазу – жазба әдеби тілді сипаттайтын рөлі айрықша
зор белгілердің бірі ғана, әдеби тілдің ең негізгі «жазбалық»
қасиетін тереңіректен: тілдің әлеуметтік қызметінің өрісінен,
әдебиет түрлерінің көбеюінен, тіл заңдылықтарын пайдалану
принциптерінің өзгеруінен, тілдік тұлға-тәсілдердің реттеліп,
нормалану жүйесінен т.б. іздеу керек болады.
Байырғы әдеби тіл, негізінен, көркем әдебиетке, оның
ішінде де көбінесе поэзияға қызмет етіп келсе, жаңа жазба
әдебиеттің өзге салаларын да – қоғамдық-публицистикалық,
ғылыми, тіпті діни әдебиет үлгілерін де қамтуға бағыт алды.
Бүған Ы.Алтынсариннің прозасының, Абай «Қара сөздерінің»,
алғашқы қазақ баспасөзінің, әр алуан азаматтық сипаттағы оқу
құралдары мен грамматика кітаптарының, «Хрестоматиялар»
мен «Жол бастаушы нұсқалардың» («Руководство»), кейбір
мұсылманша («Шариат-ул ислам») және христиан дініне
қатысты діни шығармалардың тілі дәлел болады.
Байырғы әдеби тілде әлі де құбылмалы, тұрақсыз сипатта
жүрген кейбір лексика-грамматикалық белгілер жаңа әдеби
тілде сараланып, тұрақтала бастады, әсіресе әдеби-көркемдеу
тәсілдерінің жаңа модельдері пайда болды, жеке сөздің әдеби
айналымға түсу қабілеті мен аясы кеңіді т.б.
191
Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы... - 19-20-б.
293
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің «кітаби тілден»
өзгешелігі тағы да қызмет ететін салаларды тандауында бол-
ды, яғни төл жазба әдеби тіл әдебиет жанрларының басым
көпшілігіне, әсіресе көркем әдебиетке, одан соң публицистика
мен оқу-педагогика жанрларына қызмет етуді таңдаса, «кітаби
тіл» ішінара көркем әдебиетте (кейбір қиссаларда), ислам
дінін уағыздайтын өлеңдер мен прозалық әдебиетте, ресми іс-
қағаздары тәрізді салаларда қолданылуға бейім болды.
Ұлттық жазба әдеби тіл қазақ халқының сөйлеу тілінен
алшақтамай, оны негіз етті, ал «кітаби тіл» сөйлеу тілі нор-
маларымен қоса, көпшілік халықта бейтаныс өзге «түркілік»
және араб-парсылық элементтерді молынан пайдаланды.
Сонымен қатар бұл екі жазба тіл бір-біріне ықпалдарын
тигізді. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі өз тәжірибесінде
бұрыннан жазба дәстүрде келе жатқан кейбір сөздер мен
тұлғаларды қолданды. Әсіресе бұл тұстағы қазақ әдеби тілінің
қоғамдық-публицистикалық және ғылыми стильдерінде
кітаби тілдің элементтері едәуір орын алды: бірсыпыра араб-
парсы сөздері актив қолданылды («Түркістан уалаятының
газеті» мен «Дала уалаятының газетінің» тілі жөніндегі па-
раграфты қараңыз). Тіпті кейбір «түркілік»« тұлғалар (мыса-
лы, есімшенің -мыш жұрнақты түрі) ұлттық жазба тілде де
ара-тұра қолданылып отырды. Орфографиялық нормалар көп
сәттерде жазба тілдің екі түріне де ортақ болып келді. Мысалы,
осы күнгі еш, әр, пайда, таудай түріндегі сөздер қазақтың сол
кездегі сөйлеу тіліне де осы вариантта болғанмен, жазуда һеш,
һәр, файда, Хұдай түрінде жазылды. Бұл кезенде қазақтың
жаңа жазба әдеби тілінде араб-парсы сөздерін түпнұсқаша жазу
дәстүрі пайда болды. Соның салдарынан кейбір үлгілерде қазақ
тіліне ертеректе еніп, фонетикалық жағынан «қазақыланып»
кеткен әділ, айып, зая, мейір, есеп тәрізді шығыс сөздері екі
вариантта жазылатын болды. Бұлардың ғаділ, ғайып, зайып,
меһір, һесаб формалары қатар жүрді. Бірақ бұл тәртіп жаңа
жазба әдеби тілдің бірден-бір нормасы болмады, өйткені
көптеген нұсқаларда олардың «қазақы» түрлері де орын алды.
Сондықтан бұл ереже кейін орнықпай, қазіргі нормаға ұласпай
қалды.
294
Сөйтіп, өткен ғасырдың екінші жартысында, оның ішінде
соңғы ширегінде қазақтың байырғы әдеби тілі дамуының
жаңа кезеңі басталды. Бұл процесте Абай мен Ыбырайдың
қызметтері де, үлестері де орасан мол болды. Сондықтан
қазіргі ғылыми пікірімізде қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің
негізін қалаушылар – Абай мен Ыбырай деген қағида орнықты.
§ 11. Ыбырай Алтынсариннің қазақтың ұлттық жазба
әдеби тілінің дамуындағы орны мен рөлі
Аса көрнекті демократ-ағартушы әрі жазушы Ыбырай Ал-
тынсарин (1841-1889) қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін дамы-
туда екі салада зор еңбек сіңірді: бірі – жазушылық қызметімен,
екіншісі – ағартушылық қызметімен.
Қазақ халқының қалың бұқарасының сауатын ашып,
көпшілікті оқу-білімге тарту – Ыбырайдың қоғамдық және
азаматтық борышы мен қызметі болды. Ол өз тұсында болып
отырған діни оқуды емес, азаматтық оқу-білімді қоштады және
білімді калың жұртшылыққа таныс халық тілінде (ұлттық
тілде) беруді шарт етіп қойды.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның
ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ыбырайдың
әдеби шығармалары, әсіресе прозалық туындылары оқу кітабы
ретінде арнайы жазылған. Бұл тұста Ыбырайға екі түрлі жүкті
тұңғыш рет арқалауға тура келді: бірі – қазақ әдебиетінде
бұрын жоқ проза жанрын бастау, яғни қазақ әдеби тілінде
бұрын болмаған шағын әңгімелер (новеллалар) стилін жаса-
ды, екіншісі – өз өлеңдері мен қазақтың ауызша тараған мол
көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсыну.
Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі көркем прозаның негізін са-
лушы
192
, демек көркем проза стилін бастаушы. Оның ішінде
мектеп оқушыларына арнаған әңгімелер жанры болғандықтан,
олардың көлемі шағын, тілі мейлінше түсінікті болуды
көздеген. Ол үшін сөйлемдері қысқа болып, ауыр әшекейлі
фразалары өте аз келеді. Керісінше, Алтынсарин ұсынған бұл
стильде халықтың сөйлеу тіліне мейлінше жақындату принципі
192
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері... - 16-б.
295
күшті. Сондықтан да Ыбырай тіліндегі фразеологизмдердің
баршасы дерлік халықтың сөйлеу тіліне тән: жұрттан асқан
бай болыпты, сөзге семірді, жаны көзіне көрінді, көңіліне жел
кірді т.б. Теңеу, эпитет, метафоралардың да дені халықтық
сөйлеу тілі мен байырғы әдебиеттен алынған. Адамды құстай
ұшырды, қорғасын оқтай балқытты, жібектей жапырылған
көкорай шалғын дегендердегі теңеулер – Ыбырай туындыла-
ры емес, бұрыннан қалыптасқандар. Оның әңгіме, өлеңдерінде
кездесетін жұмсақ шырай, жарқыраған алтын тәрізді эпитет-
тер де – әбден кәнігі. Ауызекі сөйлеуде белгілі бір экспрессивтік
бояу үшін сөзді қайталап қолдану тәсілі бар, Ыбырай тілінен
осы әдісті де табуға болады: «одырайып қарап тұрып-тұрып»,
мұнан келе-келе жатып»...
Ыбырай да, Абай сияқты, қазақтың ұлттық жазба әдеби
тілінің негізі етіп жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен қазақтың
қолтума байырғы әдеби тілін қалады. Оның шығармалары –
прозасы да, өлеңдері де – осы негізде жазылған.
Ыбырай да, Абай сияқты, бірсыпыра түркі халықтарына
қызмет етіп келген ортаазиялық түркі әдеби тілі («түркі» не-
месе «шағатай» тілі аталған) мен сол тұстағы қазақша «кітаби
тілден» бас тартты. Сол «кітаби тілде» жазылған, не көркемдік,
не нормалық сипаты шамалы кейбір үлгілерді қатты сынады.
Әсіресе діни кітаптардың тіліне қарсылық білдірді. Өзінің
«Хрестоматиясының» алғы сөзінде: «Татардың
193
кітап тілі...
араб-парсы сөздеріне лық толған, сондықтан ол сауатсыз
қазақтарға түсініксіз. Бүл тілде басылып шыққан кітаптардың
бәрі де – тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар
дүнияуи мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пай-
далану үшін... қолайсыз»,
194
– деп жазды. Н.И.Ильминскийге
жазған бір хатында осы ойын және қайталап: «Қазақ оқу-
шыларының діни оқуға пайдаланатын құралдары, көбінесе...
татар кітаптары, бірақ бұл кітаптарда ешқандай жүйе де, тіпті
көбінде ешбір мағына да жоқ»,
195
– деп білдіреді.
193
Сірә, өткен ғасырдағы жалпы дәстүр бойынша «татар» деген терминді Ыбырай
да Қазан татарлары жайында емес, «түркі» дегеннің де баламасы ретінде қолданған.
194
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. - Алматы, 1955. - 70-б.
195
Сонда, 323-б.
296
Ыбырай шығармалары тілінің лексика-фразеологиялық
құрамы қазақ әдеби тілінің байлығынан алынған. Грамма-
тикалық құрылысында да Ыбырай кітаби тілге тән тұлға-
тәсілдерді қолданбайды. Тіпті ол сол кезде қазақтың жазба
әдеби тілі ішінара пайдаланған кітаби орфографиялық дәстүрді
де қабылдамай, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын
ескеріп, қазақша жазу принципін ұстады. Оған Ыбырайдың
қазақ жазуы үшін орыс графикасын ұсынуы себепкер болды.
Қазақтың жазба әдеби тілінің даму бағытын белгілеудегі
Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен орнын сөз еткен тұста оның
араб-парсы тілдері мен орыс тіліне қатысын айқындап алу қажет.
Сөз жоқ, Ыбырай қазақ әдеби тіліне араб-парсы элементтерін
кітаби тілдегіше молынан және өнімді түрде енгізуді қостамады,
бірақ жалпы араб-парсы сөздерінен үзілді-кесілді бас тартқан
жоқ. Өйткені қазақтың сөйлеу тілінде де, байырғы әдеби
тілінде де араб-парсы сөздері едәуір мол болып келгендігін,
олардың көбінің қазақ тіліне етене сіңіп кеткендігін Ыбырай
жақсы түсінді. Сондықтан ол Н.И.Ильминскийге жазған бір
хатында: «Меніңше, қазақ жазбалары үшін осы тілдің өзінде
жоқ сөздердің орнына парсы немесе араб сөздерін алуға бо-
латын тәрізді», – деген ойын білдіреді
196
. Бұл айтқанына және
өзінің мәтіндеріне қарағанда, Ыбырай араб-парсы сөздерін
екі жағдайда ғана актив қолдануды ұсынады: бірі – ежелден
еніп, қазақ тіліне сіңісіп, қолтума болып кеткен, ауызекі сөйлеу
тілінде әбден қалыптасқан сөздер тобы, екіншісі – қазақша
баламасы жоқ ұғымдардың араб-парсыша атаулары. Мыса-
лы, соңғы топқа дінге, оқу-ағартуға, әлеуметтік қоғам өміріне
қатысты бірқатар сөздерді жатқызуға болады. Ыбырайдың жал-
пы оқу орнын медресе, мұғалімді молда деуі, патса, патсаза-
да, уәзір сияқты әлеуметтік топтардың атауын қолдануы, ораза,
намаз, иман, дуа, тауба, жұмақ, дозақ тәрізді сөздерді келтіруі
– осыны дәлелдейді. Қалған реттерде, мысалы, жаңа сөз жа-
сауда, дерексіз ұғым атауларын атауда – барлығында Ыбырай
араб-парсы сөздеріне жүгінбейді. Бұл тұста ол тіпті Абайдан да
ерекше тұрады. Ыбырай талаптылық, ұқыптылық, салақтық,
мейрімділік сияқты дерексіз ұғым атауларын қазақша ұсынады.
196
Ильминский Н.И. Воспоминания об Ибрае Алтынсарине. - Казань, 1891.
- С. 215.
297
Ыбырайдың орыс тіліне көзқарасы, әрине, айрықша бол-
ды. Ол ең алдымен, сөйлеу тілінде бұрыннан орныққан орыс
сөздерін пайдаланумен қатар, көптеген сөздерді өзі енгізді.
Купец, приказчик, фабрика, конфета, мужик, фонарь, ящик
сияқтылар – қазақ өміріне таныс бола бастаған нақты зат ата-
улары болса, Ыбырай тілінде кездесетін князь, граф, франк,
университет, портрет, награда деген орыс сөздері – ауызекі
тілге бейтаныс жаңа кірмелер.
Орыс сөздерін әдеби тілге енгізуде Ы.Алтынсариннің екі
ерекшелігін көрсетуге болады: бірі – оларды фонетикалық
тұлғалануы жағынан аса «сындырмай» қабылдау, екіншісі –
бейтаныс орыс сөздерін қазақ қауымына таныс өзге сөздермен
немесе суреттеме тәсіліммен түсіндіріп отыру. Сөйлеу тіліне
енген орыс сөздерінің қазақ фонетикасына сәйкестеніп қабыл-
данғаны мәлім. Ыбырай осы тәртіпті едәуір бұзып, орыс
сөздерін түпнұсқаға жуықтау түрде алуды ұсынады. Сондықтан
бұрыннан жәрмеңке, жәшік, зілмеңке тәрізді сөздерді ол яр-
марка, ящик, землянка деп береді. Бұған Ыбырайдың орыс гра-
фикасын қолданғаны да себепкер болғаны сөзсіз.
Екінші жайтқа – бейтаныс орыс сөзін түсіндіріп отыру
тәсіліне келсек, бұл – Абай мен Ыбырайдың қаламдарына тән
сипаттардың бірі. Ыбырай: университет деген бір үлкен
школда деп алдыңғы сөзді сол кездегі қазақтарға таныс оқу
орнының атымен (школ) түсіндіреді. Немесе қағаз істейтін
фабрик деген тіркеспен берілгенде, фабрика сөзінің мағынасы
айқын болып шығады. Бұл тұрғыдан Абайдың Ол монастырь –
сопылар тұрар жері немесе Дадан деген иісті май тұтатып
деген жолдары да мысал бола алады.
Ы.Алтынсариннің тіл саласында істеген және бір еңбегі –
шағын сөздік жасауы мен қазақ грамматикасынан мағлұмат
берген материал ұсынуында. Оның 1879 жылы жарық көрген
«Начальное руководство к обучению киргизов русскому язы-
ку» деген кітабында тақырыптық топтарға бөлінген кішігірім
сөздік береді және орыс тілінің грамматикасын қазақ тілімен
салыстыра отыра таныстырады. Әрине, бұл соңғысы – шын
мәніндегі ғылыми курс емес, өзі айтқандай, бұл – нұсқау
құрал, «ол – толық грамматика емес, ол – тек сөйлесуде, жазуда
ғана тілдің негізгі заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу үшін
298
жол көрсететін алғашқы құрал»
197
ғана. Ыбырайдың мұндағы
көздегені – қазақ балаларына орыс тілін ана тілі арқылы үйрету.
Бұл грамматика қазіргі қазақ тілі грамматикасы кітаптарындай
нормалаушы рөл атқармаса да, оның сол тұстағы кейбір кате-
горияларды танып-білудегі мәні бар
198
. Қазақ тіліндегі тұңғыш
лингвистикалық термиңдер осы еңбекте жасала бастаған.
Әрине, бұлар қазіргі терминдерге сай келмейді, бірақ бұдан
қазақ тіліндегі оқу-педагогикалық және ғылыми стильдер
элементтерінің алғашқы пайда болып, әрі қарай дамуындағы
Ыбырай Алтынсариннің еңбегін көреміз.
Сөйтіп, Ыбырай өзінің жазушылық әрі ғылыми қызметімен
(ол этнография саласынан мақалалар жазған және қазақ тілінің
грамматикасы туралы шағын жұмыс жариялаған) қазақтың
жаңа жазба тілінің даму бағытын нұсқады, стильдік тарамда-
луына жол салды, көркем проза стилінің негізін салды.
Ыбырайдың поэтикалық дүниесі айрықша мол болмаса
да, ол әдебиеттің бұл саласында да қазақтың жалпыхалықтық
тілі мен байырғы ауызша әдеби тілін негіз етуге үлгі көрсетті.
Ыбырай өлеңдерін мазмұны мен жанры жағынан негізінен
екі топқа бөлуге болады: 1) дидактикалық мәндегілер; үгіт-
шақыру өлеңдері, нақыл, тақпақ; 2) табиғат құбылыстарын
суреттейтін туындылар. Алғашқы топтағылар түгелімен
дерлік ауыз әдебиеті мен байырғы төл әдебиет үлгісімен, соған
ұқсастырыла жазылған. Мысалы, «Өнер-білім бар жұрттар»
деген өлеңінің стилі де, ішіндегі көркемдеу элементтері де
дидактикалық толғаулармен әуендес: өлең 7-8 буынды, ара-
лас ұйқасты, ұйқасқа көбінесе етістіктер алынған, мұндағы
айшылық алыс жерлер, көзді ашып жұму, бата беру сияқты
фразалар бұрынғы үлгілердің тілінен алыстамайды, теңеулер
де дағдылы: құстай ұшу, балықтай жүзу, жастар – желкілдеп
шыққан шөп, өнер – жігіт көркі т.т. Араз бол, кедей болсаң
ұрлықпенен. Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға, Арық мал
жан жолатпас бір жалданса, Әй, достарым, Әй, жігіттер
деп басталатын өлеңдер циклі де бұрынғы үгіт-насихат
197
Алтынсарин И .Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. -
Оренбург, 1871. - С. 2.
198
Бұл кітап жөнінде толығырақ мәліметгі мына еңбектен алуға болады: Хасанова С.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі. - Алматы, 1972. - 17-20-б.
299
түріндегі 11 буынды қара өлеңдер мен 7-8 буынды толғаулар
сарынында берілген. Бұларда да барлық лексика-фразеология,
көркемдеу элементтері қазақтың бай ауыз әдебиеті мұрасы мен
ауызша поэзиясы үлгісінен алыстамайды.
Ал екінші топтағы «Жаз», «Өзен» деген бірді-екілі өлен-
дерінде Ыбырай табиғатты жырлайтын лирика жанрына
жуық келеді. Бірақ бұларда да тақырып пен жанр жағынан
өзгешеленгені болмаса, тілі мен өлең техникасы жағынан
бұрынғы поэзиядан көш ілгері кеткендік жоқ.
Ыбырай алдына қазақ поэзиясын жаңғырту, жаңа сатыға
көтеру, көркемдеу тәсілдерін жетілдіру, түрлендіру сияқты
міндеттерді қоймаған: ол өз поэзиясын ақындығынан емес,
ағартушылығынан ұсынған, яғни ол өлеңдерін жалпы жан
сүйсіндірерлік эстетикалық дүние деп емес, мектепте оқуға
арналған материал ретінде ұсынған. Мұндағы мәні бар факт
– Ыбырай ұсынған өлеңдердің тілінің «жалпақ жұртқа»,
«қарапайым оқушыға» түсінікті қазақтың халықтық тілінде
жазылуы. Бұл өлеңдердің бұрынғы қазақ поэзиясы үлгілерінен
алшақ кетпеуі – Ыбырай Алтынсариннің қазақ жазба әдеби
тілінің негізін таңдаудағы принципін көрсететін белгі.
Тіл саясатында Ы.Алтынсариннің ұстаған принципі про-
грессивтік мәнде дұрыс болғандығын XIX ғасырдың соң
кезінде баспасөз бетінде Ыбырайдың ағартушылық жүйесі
туралы жүргізілген пікірсайыс (диспут) көрсетті. Ы.Алтын-
сариннің озат ойлы ізбасарлары осы айтысты «Оренбургский
листоктың» 1884 жылгы 15-нөмірінде қорытындылап, онда
Ыбырайдың тілі халықтық, әрі айқын, әрі дұрыс, әрбір қазаққа
түсінікті деп түйді
199
.
199
Сулейменов Б. Проблема изучения научно-педагогического и литературного
наследия Алтынсарина //Вестник АН Каз ССР. - 1967. - №1. - С. 22-28.
300
Достарыңызбен бөлісу: |