Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§ 8. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата21.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#2384
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
§ 8. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі
Бұл стиль – жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттары- 
ның тілін танытатын сөз мәнері.
Әдетте,  бұл  салада  зерттелуге  тиісті  материал  кез  келген  
адамның  күнделікті  тұрмысқа,  үй  ішіне,  қара  басына  қатыс- 
ты  жайларды  сөз  еткен  хаттары  емес,  белгілі  бір  қоғам 
қайраткерлерінің,  қалам  иелерінің,  ғылым-білім  өкілдерінің, 
көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспон-
денциялары болуға тиіс.
Қазақ  тілінде  жеке  адамдардың  бір-біріне  жазысқан  хат- 
тары XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап табылады. Олар, 
әрине,  санаулы  ғана.  Дегенмен  әзірге  бізге  жеткендерін  сөз  
етуге болады. Бұлар: атақты жауынгер ақын Махамбет Өтеміс- 
ұлының  1839  жылы  жазған  хаты,  ол  бұл  хатты  Жем,  Сағыз, 
Қайнар  бойын  жайлаған  Әлім,  Шөмен  руларының  бірнеше 
беделді  адамдары  –  Баубек,  Нәдірқұл,  Сәли,  Жармұхамбет, 
Амантай батырларға жолдаған
186
.
Қазақ  фольклоры  мен  әдет-ғұрып  заңдарын  жинаушы, 
М.В.Ладыженский дегеннің 1840 жылы Шыңғыс Уәлихановқа 
жазған  хатының  қазақша  мәтіні;  атақты  ғалым  Шоқан 
Уәлихановтың  әкесі  –  Шыңғысқа  1857  жылы  Омбыдан  1860 
жылы  9  августе  және  сол  жылы  4  ноябрьде  Петербургтен 
қазақша  жазған  хаттары;  інісі  –  Жақыпқа  1857  жылы  10  де-
кабрьде Омбыдан жазған хаты; Шоқанға әкесінің 1860 жылы 
6  июльде  және  19  сентябрьде  жазған  екі  хаты;  Садуақас 
Мұсаұлы  Шормановтың  Григорий  Николаевич  пен  Алексан- 
дра  Викторовна  Потаниндерге  1887  жылы  25  февральда 
186
  Аманшин  Б.  Махамбеттің  хаты  //  Қазақ  әдебиеті.  -  1970,  31  июль.  Хаттың 
трансқрипцияланған толық мәтінімен осы мақалада танысуға болады.

280
және  мартта  Омбы  қаласынан  қазақша  жазған  хаты
187
;  Қазан 
университетінің  профессоры  Н.И.Ильминскийдің  Сәмреке 
деген мұғалімге 1859 жылы 7 декабрьде қазақша араб графи-
касымен жазған хаты
188
; Құнанбайдың Омбыда кадетский кор-
пуста оқып жүрген баласы Халиоллаға 1866 жылы 8 ноябрьде 
жазған  хаты;  Абайдың  Халиоллаға  осы  жылдың  8  мартында 
жазған хаты; Ыбырай Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге және 
Баянділ  Кейкин  деген  кісіге  1883  жылы  28  январьда  жазған 
хаттары.
Бұлардың  бірде-біреуін,  мысалы,  XIX  ғасырдағы  орыс 
жазушыларының  әлеуметтік,  ғылымдық  мәселелерді  сөз  ет-
кен  әрі  көркем  әдеби  тілде  жазылған  ой-толғаныстарымен 
қатар  қоюға  болмайды.  Қазақша  хаттарда  қоғамдық  ой-пікір 
ішінара  Ильминский  мен  Махамбет  хаттарында  болмаса, 
өзгелерінде  жоқ.  Соған  қарамастан  бұларды  тілдік  тұрғыдан 
көңіл аударарлық материалдар деп санаймыз. Біріншіден, осы-
лар  арқылы  өткендегі  қазақша  хат  жазысу  мәнерін  (стилін) 
аңғарамыз,  екіншіден,  ауызекі  сөйлеу  тілі  мен  жазба  тілдің 
өзара тоғысу құбылысын байқаймыз.
Түркі жазба әдеби дәстүрінде қалыптасқан хат жазу мәнері 
болған.  Онда  ең  әуелі,  өзге  тілдердегі  сияқты,  хат  иесінің 
адресатқа құрмет көрсете, сый білдіре арнаған қаратпа сөздері 
келеді. Бұл қаратпада қайткенде де эпитеттер болуы керек (хур-
матау,  ғизатлу,  сүйүклу,  меһрбанлу  т.  т.):  хурматлу  батыр-
лар... (Махамбет хатынан); хурматлу улуғ мансаблу атамызға, 
меһрбанлу анамызға; Сізге улуғ хурматлу уа сүйүклү атамызға 
(Шоқанның  хаттарынан),  зияда  хурметтілеріміз  Григорий 
Николаевич,  осындай  ардақты  ханымымыз  Александраға 
(С.Шормановтың  хаттарынан);  ғизатлу  уа  хурматлу  болғучы 
баламыз Халиоллаға... (Құнанбайдың хатынан); Сізге ғизатлу 
уа хурматлу азиз мұқарам ініміз Халиолла мырзаға... (Абайдың 
хатынан); зияда ғизатлу уа хурматлу...Шыңғыс Уали уғлына 
(Ладыженскийдің  хатынан);  айналайын  шырағым  сүйікті 
Сәмреке (Н.И.Ильминскийдің хатынан).
187
  Шоқан  Уалиханов  есіміне  қатысты  қазақ  тіліндегі  хаттардың  мәтіндері 
ғалымның бес томдық енбегінің IV томында казіргі қазақ графикасымен жарияланған 
// Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5-ти томах. - Алма-Ата, 1968. - Т. IV. - С. 47, 48, 49, 51, 
52, 54, 121, 122, 232, 233. 
188
 Әбілқасымов Б. Орыс ғалымының қазақша хаты // Қазақ ССР  ҒА Хабаршысы. 
- 1973. - №3. - 70-73-б.

281
Бұл  дәуірдегі  қазақша  эпистолярлық  стильдің  келесі  бір 
белгісі – түркі жазба әдеби тілдеріне тән кейбір грамматикалық 
тұлға-тәсілдерді пайдалануы. Мысалы, өлеңдері таза қазақша 
Махамбет «хурматлу батырларға» жазған хатында уа, уа һәм, 
бірлән, білән деген шылауларды, бек, нечүк деген үстеулер мен 
есімдіктерді  қолданады;  еді,  емес  деген  көмекші  етістіктері 
кейде  ерді,  ермәс  түрінде  көне  ұйғыр  жазба  дәстүрінен 
келе  жатқан  тұлғада  жазады,  бірер  жерде  шығыс  септіктің 
көне  ұйғырлық  тұлғасы  –  -дын/-дін  жалғаулы  түрін  де, 
көсемшенің дейүр тұлғасын да жұмсап жібереді (бұндын соң, 
сәлемдеріміздің  соңыра);  сөз  басында  келетін  ж-ның  орнына 
й-ді жазу хат иесі үшін норма (йыл, йолланды, йазғучы, Иар-
мухамед,  йазайын);  септік  жалғауларына  келгенде,  дыбыс 
заңдарын сақтамайды: үйні, жайсызлығы, йуртының, сізләрнің 
т.т.; бүл хаттағы алатұрған, алтмыш, бірісін деген тұлғалар да 
– қазақтық емес. Жіктеу есімдігі мен, маған тұлғасында емес, 
бән, бәңә түрінде келген. Қазақша ш дыбысы естілетін сөздер 
ч  әрпімен  жазылған  (чауыб  алача);  және  с  келетін  жерлерде 
ш әрпі таңбаланған (йумшап, шул, кіші
189
); араб-парсы сөздері 
түпнұсқаша жазылған.
Шоқан мен әкесі және Садуақастардың хаттарында да осы 
типтес ерекшеліктер байқалады: бұларда да алхамдлилла, ин-
шалла сияқты арабша қыстырмалар, ләкин, һәм, уа ғайри, аның 
үчүн  (өйткені  шылауының  орнына),  жоғса  (әйтпесе),  емді 
(енді),  һаммасы  деген  қазақ  тіліне  жат  шылаулармен  қатар 
үстеу, есімдіктер қолданылған.
Қатты  ескеретін  нәрсе  –  қазақша  хаттардың  тілінің  бұл 
көрсетілген  стильдік  және  лексика-грамматикалық  ерекше- 
ліктері  барлығында  да  бірдей  емес:  біреулерінде  «түркіше»  
элементтер басым, екіншілері біршама қазақша жазылған деу-
ге болады, үшіншілерінде тіпті орыс сөздері мен құрылымдары 
жиірек кездеседі. Мысалы, Шоқанның, Абайдың, Н.И.Ильмин- 
189
  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  1970  жылгы  31  июльдегі  нөмірінде  жарияланған 
мақалада  берілген  транскрипция    (араб  әрпімен  жазылған  хат  мәтінін  қазіргі 
графикамызға көшіру) біраз дұрыс жасалмаған. Мысалы, чауыб, алача деп жазылған 
сөздері  шауып,  алаша  болып,  араб  жазуымен  алтмыш,  кіші,  йумшаб,  йәбәрәңіз, 
Иармухамед, ерді, уа һәм түрінде берілген сөздер (алпыс, кіші, жұмсап, жіберсеңіз, 
Жармуханбет,  еді,  оһәм  деп  «қазақша»    транскрипцияланған  (біз  мұны  Махамбет 
хатының сол мақалада берілген фотокөшірмесінің кішкене үзігінен көріп байқадық).

282
скийдің,  Ладыженскийдің  және  Садуақас  Шормановтың 
хаттары  қазақ  тілі  нормаларына  сәйкес,  әлдеқайда  қазақша 
жазылған.  Бұларда  тіпті  Хұда  бұйырса,  Хұдай  білсін,  дәмесі 
болса, ашналығым бар, достығым бар, сіздерге жалған айтып 
болмас,  киім  қылдырдым...  көйлек,  дамбал...,  борыш  қылсам 
мұнан да жаман, сурет қылып жіберсін, зәкүнге тура келеді 
(Шоқанның хаттарынан); қазақ балаларынан қанша бас бала 
оқиды, арасынан жарлы-жақыбай бар шығар, қазақ тілі ара-
сына  ноғай  сөздерін  тығып  бұзбаңыз  (Ильминскийдің  хаты-
нан);  біздер  апрельдің  басына  шақты  Омскіде  болсақ  керек 
(С.Шорманов хатынан) сияқты таза «қазақы» сөздер мен фра-
залар бар.
Сөйлем  құрастыру  жағынан  жоғарғы  аталған  хат  иелері 
қазақ тілінің синтаксистік заңдылығын дұрыс сақтайды, бірен-
саран сәттерде ғана құрмалас сөйлем компоненттерінің орын 
алмасуы  кездеседі,  оның  ішінде  деп  көсемше  тұлғасымен 
келген  бағыныңқылы  сөйлемнің  екінші  жартысында  тұруын  
өткен  ғасырдағы  қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  прозадағы  
нормасы деп санаймыз.
Ал Шыңғыстың хаттары әлдеқайда «түркіше». Мұнда көне 
үйғыр жазба тілінен келе жатқан кейбір тұлғалар қолданылған: 
Мысалы,  бол  етістігінің  орнына  ол  варианты:  олдың  (шад 
олдық), қыпшақтың -ған жұрнақты есімшесінің орнына -мыш 
аффиксті түрі: ермиш (екен); жазмыш (апрельдің 14-інде жаз-
мыш хатыңыз); «шағатайлық» ерсал айладық (сәлемдерімізді 
ерсал  айладық),  үшімізні,  екісі  көп  сәлем  айтадүр,  йазғучы. 
Шыңғыс  қазақша  мен  менен-нің  орнына  білән,  бірлән  шы-
лауын  жұмсауды,  III  жақ  көпше  аспектіде  -лар  қосымшасын 
жалғауды  (қойдылар),  олар  деген  есімдікті  алар  түрінде,  ұл 
сөзін  ұғыл  түрінде  «шағатайшалап»  жіберуді  жатсынбайды. 
Қысқасы, Шоқандарға қарағанда, Шыңғыс түркі жазба дәстүрін 
қатаңырақ  сақтайды,  өйткені  ол  эпистолярлық  стильдің 
ортаазиялық  түркі  жазба  әдеби  тілінде  едәуір  қалыптасқан, 
«жазбалықты»  (белгілі  бір  стильдік  норманы)  көрсетуге 
тиіс  жанрға  қызмет  ететінін  білген.  Шоқанның  қазақша  хат- 
тарының  да  азды-көпті  шамада  түркілік  элементтерден  құр 
алақан еместігі, біздіңше, осы дәстүрге байланысты, яғни хат 

283
– жазба дүние, ал жазба дүниенің түркі халықтары үшін «зан-
ды» дәстүрі бар, бұл дәстүр, айталық, XIX ғасырда негізінен 
«шағатайлық» («түркілік») нормаларды ұстайды.
Дегенмен  қазақша  эпистолярлық  стильдің  үлкен,  басты 
ерекшелігі  –  оның  негізі  қазақ  тіліндік  екендігі.  Бұл  сипат, 
ең алдымен, лексикасынан, одан кейін грамматикалық тұлға-
тәсілдерінен танылады. Хаттарда жұмсалған сөздер мен фра-
зеологизмдер  негізінен  қазақ  тілінікі  және  бір  көзге  түсетін 
құбылыс – ол орыс сөздерінің көп кездесетіндігі. Мұнда орыс 
тілі элементтерінің қатысуы сөз болып отырған кезеңдегі қазақ 
тілінің  қай-қай  стилінен  де  өте  көп.  Мысалы,  Шоқан  өз  хат-
тарында числа (13 числада августың), представление, прини-
мать қылдық, военный министр, представить еткенде, жало-
вание, формуляр список, займ (қарыз мағынасында), товарыш, 
дворянский князьдық, хлопотать етсеңіз, областное правле-
ние,  происхождение,  свидетельство,  переводчик,  заграница, 
учительнаказание, закон деген қазақша баламасы табылатын 
сөздерді орысша береді. Ал мұндағы (және өзге хаттардағы да) 
генерал-губернатор, советник, корпус, штаб, газет, председа-
тель, предводитель, письмоводитель, пристав, офицер, князь, 
губернатор,  адрес;  өзге  хаттардағы  сенатор,  губернатор, 
адъютант, полковник, портрет, музыкант, дипломмистер, 
хорунжий,  шен  (чин),  медаль  (Шыңғыстың  Шоқанға  жазған 
хаттарында), доктор, гимназия, семинария (С.Шорманов хат-
тарында)  деген  сөздердің  қолданылуы  –  занды:  біріншіден, 
бұлар  –  хат  иесінің  айтайын  деген  ойын  білдіруге  қажет 
атаулар,  екіншіден,  олардың  қазақша  баламасы  жоқ  (тіпті 
қазірде де жоқ), бұл типтегі сөздерді орыс тілінен алып пай-
далану (қазақша аударма немесе араб-парсы тілдерінен балама 
іздемеу) – ХIX ғасырдың II жартысындағы қазақ тілінің негізгі 
принциптерінің бірі.
Жалғыз Шоқан емес, өзге авторлар да орыс сөздерін еркін 
пайдаланады.  Бұлардың  ішінде  әсіресе  күрделі  атауларды 
морфологиялық  тұлғасы  жағынан  орысша  қалпында  қолдану 
көзге түседі: военный губернатор, бригадный генерал, благо-
родное собрание, Петербургский университет, докладная за-
писка,  учительская  семинария,  техническое  училище,  кадет-

284
ский  корпус,  господин  Чистяков.  Тіпті  бұлардың  көпшілігі 
род  жағынан  қиыстырылып  беріледі  (благородное  собрание, 
докладная записка), яғни бұл тіркестер тұтас күйінде бір сөз 
(единица) ретінде қабылданған.
Хаттарда  ай  аттары  тек  қана  орысша  аталуынша  беріледі. 
Бұған  қарағанда,    XIX  ғасырдың  II  жартысында  қазақ  жазба 
тілінде ай аттарының көне қазақша немесе арабша атауларын 
орыс календары ығыстырғаны байқалады. Бұл да –  сірә, орыс 
мәдениетінің қазақ даласына күшті әсер ете бастағанының бір 
куәсі тәрізді.
Орыс  сөздерін  пайдалануда  қазақша  эпистолярлық  жазба-
ларда тағы бір байқалған ерекшелік, ол – орысша етістік не есім 
мен қазақша көмекші етістіктен құралған принимать қылдық, 
представить  еткенде,  наказание  болсын,  ревиз  қылыб,  на-
град  қылыб  сияқты  тіркестерді  пайдалану.  Бұл  ерекшеліктің 
себебін,  бір  жағынан,  хат  сияқты  жазбаларда  сөйлеу  тілінің 
элементтерін  араластыру  зандылығынан  іздеу  керек  болса, 
екіншіден, қазақ ұғымына бұрын бейтаныс болып келген осы 
іс-әрекеттердің қазақша атауының әлі жоқтығынан, үшіншіден, 
беретін мағынасы соны етістіктерді (іс-әрекет атауларын) жа-
сау  тәсілінің  бір  арнаға  түсіп,  қалыптаспағандығынан,  яғни 
бұл салада нормалану процесінің енді-еңді басталғандығынан 
іздеуге болады.
Эпистолярлық  стильдегі  кезекті  қазақтық  белгі  олардың 
грамматикалық құрылымында көрінеді. Септік, жіктік, тәуелдік 
парадигмалары  негізінен  қазақ  тіліне  тән  нормада,  етістік 
категориялары  да  бірен-саран  жағдайда  болмаса,  көбінесе 
қазақтық тұлғада, синтаксистік амалдардың да басымы – қазақ 
тіліндік. Септік жалғауларының «түркілік» варианттары жоққа 
тән: маған (менге, мәңә емес), менің (бір-екі жерде ғана менім), 
келерін  (келеріні  емес);  шығыс  септік  тек  қана  -  дан/-  ден/- 
тан/- тен/- нан/- нен түрінде (-дын, -дін түрі өте аз); есімшенің 
өткен шағы негізінен -ған жұрнақты (-мыш аффиксті тұлғасы 
бірен-саран, онда да бірер хатта ғана) түрінде, бұйрық райдың 
II жақ анайы, сыпайы түрлері қазақша: хауп қылмаңыз, түзік 
жазыңыз,  іздеп  қараңыз,  іздеңіз  (хауп  қылмаң,  түзік  йазың, 
йахшы йүргін, сақ болғын түрлерінде емес).

285
Бір байқалған нәрсе – эпистолярлық жазбаларда етістіктің 
сыпайы  түрі  жиірек  кездеседі.  Шыңғыс  Шоқанмен  көбінесе 
сыпайы  түрде  «сөйлеседі»:  жазыңыз,  жіберіңіз,  іздеңіз  (ал 
Шоқанның әкесіне немесе Садуақас Шормановтың Потанин-
ге,  Ладыженскийдің  Шыңғысқа  сыпайы  сөйлеуі  –  заңды), 
тіпті Шоқанның өзі інісі – Жақыпқа «сіз» деп жазады  (жау-
ап  беріңіз,  қайтарыңыз,  кеіиікпеңіз).  Құнанбай  да  баласына 
«Сіз»  деп  қояды  (...сол  жазудан  хабардар  болұңыз...  жазып 
жіберіңіз), тіпті Абай да інісіне сыпайы түрде «тіл қатады» (... 
Хамритдин молдаға көптен-көп сәлем дегейсіз). Сірә, бұл да – 
хат жазу стилінің бір ерекшелігі (белгісі) болар: сыпайы аспект 
– ресмиліктің көрінісі тәрізді, ал өткен ғасырда қазақша хат жа-
зысу күнделікті сөйлеу актісінен жоғары тұрған, біршама рес-
ми реңкі бар құбылыс ретінде танылуы әбден мүмкін.
Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысында қазақ тілінің эписто- 
лярлық стилі болды. Оның басты белгілері:
1) таза стильдік (құрылымдық) сипаты болды. Ол – хаттың 
стандарт эпиттермен келген қаратпа сөзден басталатындығы: 
хурматлу,  ғизатлу,  сүйүклу  пәленше.  Одан  соң  (немесе  оған 
жалғастырыла) «дуғаи сәлем» жолданатындығы. Мәтін ішінде 
алхамдилла, иншалла, ма бағда (содан кейін), уа филь-ахир (ең 
ақырында)  сияқты  арабша  қыстырмалардың  болатындығы. 
Хат соңында «язғучы пәленше» деп аяқталатындығы.
2)  Түркі  жазба  элементтері  орын  алды.  Олар  лексика  са-
ласында да (ошбу, нечүк, һәр нечүк, сөзләштім, ерді, сағ, уғул 
сияқты сөздер мен ләкин, уа, һәм, уа ғайри, аның үчүн, білән, 
бірлән терізді шылаулар және араб сөздері араласып жасалған 
күрделі  етістіктер:  тасниф  қылынды,  ерсал  айладық,  итти-
факта болу т.б.), морфология саласында да (-мыш жұрнақты 
есімше,  -гу  жүрнақты  қимыл  есімі,  есімдіктің  мәңә,  алар 
сияқты түрлері), әсіресе орфография саласында (ж-ның орны-
на сөз басында й жазу, с-ның орнына ш әрпін жазу т.б.) болды. 
Бірақ бұл белгі барлық хаттарда қатаң түрде сақталмады, яғни 
«түркілік»  элементтер  кейбіреулерінде,  әсіресе  Ильминский, 
Шоқан, Ладыженский, Садуақас Шормановтардың хаттарында 
өте  аз.  Шоқан,  Ильминскийлер  тіпті  «түркілік»  орфография-
ны  да  көп  қабылдамайды,  олардың  хаттарында  қазақ  сөздері 

286
қазақша жазылған: сөз басында й емес, ж әрпі келеді, с дыбысы 
келетін сөздерді с әрпімен жазады, олар кейбір орыс сөздерінің 
өзін қазақшалап жібереді (жанарал, поштабай, ыштаб, жа). 
Бұл  –  араб  жазуын  пайдаланған  қазақша  жазба  дүниелердің 
белгілі  бір  кезеңдегі  күй-қалпын  тануда  принципті  мәні  бар 
құбылыс. Осы тенденцияны өткен ғасырда жарық көрген қазақ 
кітаптары  мен  алғашқы  баспасөзі  де  ұстай  бастайды.  Демек, 
бұл – әдебиет жанрында «шағатайлық» элементтердің қатысуы 
норма болудан гөрі, дәстүрліктен қол үзе алмаудың нәтижесі 
тәрізді.
3) Эпистолярлық дүниелер тілінің лексикалық және грам- 
матикалық негізі қазақ тілінде екендігі. Бұл – ХIX ғасырдағы 
қазақ  тілінің  эпистолярлық  стилінің  негізі  қазақтың  сөйлеу  
тілі мен сол түстағы ұлттық жазба тілі болғандығын таныта-
ды. Бұл белгіні қазақ авторларының хаттарын Хұсайын Файз- 
хановтың  Шоқанға  татарша  («түркіше»)  жазған  хатының 
мәтінімен  салыстырғанда  өте  айқын  көруге  болады.  Файз- 
хановтағы: тағу барып болмас, мин факир кіші, ақша алурға 
йол  болмады,  баруға  деп  тұрамын,  анда  болайым  деймін... 
сөзлер жиярға, сізнің йаққа баруны бек тіләгән едім, машғул 
болурға  тіләймін,  көп  йахшы  емес,  мың  йарумдай  болур  ми, 
бек ару қазақ тілінде йазсаңыз еді... тарих хикаятлары бол-
са,  әлбәттә,  йахшыдүр,  ...  мәңә  бергәні  йоқ,  бірісін  сізге 
йібәрүрмін,  білмәймін,  аны  берүрлер  ми?  бағышлаңыз,  мені 
адресім  бу  илә
190
  деген  сияқты  татарша-түркіше  сөз,  сөйлем 
түрлері қазақ хаттарында жоқ.
4)  Эпистолярлық  жазбалар  тілінің  лексикасында  орыс  
тілі  арқылы  келген  сөздердің  молдығы,  яғни  қазақша  бала-
масы  жоқ  тың  ұғымдардың  атауларын  орыс  тілінен  алып 
жұмсау – осы стильдің де, ұлттық жазба тілдің де басты даму 
принциптерінің бірі екендігі.
190
 Марғұлан Ә. Хұсайын Файзхановтың Шоқанға екі хаты //Қазақ әдебиеті. - 1965, 
29 январь (хаттардың мәтіндері, осы нөмірде).

287
§ 9. Аударма ісінің пайда болуы және оның 
қазақ әдеби тіліне тигізген әсері
Біреуі  13  жыл  бойы,  екіншісі  14  жыл  бойы  қазақ  тілінде 
шығып  тұрған  «Түркістан  уалаятының  газеті»  (1870-1883) 
және «Дала уалаятының газеті» (1888-1902) атты екі баспасөз 
органының екеуі де және «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық 
листогі» сияқты қосымшалар негізінен аударма газеттер болды. 
Бұлардың  ресми  бөлімдері  орыс  тілінен  аударылған  матери-
алдардан тұрды. Сондай-ақ информациялардың да дені орыс-
шадан  аударылып  басылып  отырды.  Өткен  ғасырдың  соңғы 
ширегінде қазақ тілінде аударма үлгілер дүниеге келе бастады. 
Олар – орыс және араб тілдерінен, ішінара ортаазиялық түркі 
тілінен аударылған әдебиеттер болды. Орыс тілінен аударылған 
материалдар  мерзімді  баспасөз  бетінде  және  шаруашылық,  
медицина,  ветеринария  тақырыптарына  жазылған  көпшілік-
қолды  кітапшаларда  орын  алды.  Ал  араб,  түркі  тілдерінен 
аудармалар  көбінесе  көркем  әдебиет  саласында  болды,  ол 
әдебиетті  аударма  дегеннен  гөрі  сол  тілдердегі  белгілі  бір 
шығарма мазмұнын қазақша еркін түрде баяндау (жырлау) деп 
таныған жөн.
Ресми іс-қағаздарының орыс тілінен аударылуы осы стиль- 
дің кейбір белгілерін орнықтыруға септігін тигізді. Сондай-ақ 
аударма  публицистикалық  стиль  лексикасының  жаңа  сөздер- 
мен толығуына, жеке сөздердің терминдік дәрежеге көтерілуі- 
не әсер етті. Жаңа сөздер қазақ тілі қорынан да, орыс тілінен 
қабылдау  арқылы  да  келді.  Мысалы,  газет  беттерінде  жүз 
жыл (век), қара жұмыс (физический труд), егін салу шаруасы 
(хлебопашество),  бұйрықнама  (циркуляр),  дүниежүзілік  (ми-
ровой), іс қорғау (защита) сияқты сөздер аударма арқылы тер-
минделе бастаған-ды. Аударма әдебиет, сөз жоқ, орыс тілінен 
сөз  қабылдауды  жандандырды.  Зерттеуші  Б.Әбілқасымовтың 
материалдарына  қарағанда,  бұл  кезеңде  аударма  әдебиет 
арқылы орыс сөздері қазақ жазба тіліне едеуір мөлшерде енген. 
Оларды  мынадай  тақырыптық  топтарға  бөліп  атауға  болады: 
әкімшілік  және  заң-сот  істеріне  қатыстылар:  император,  на-
следник, началник, помощник, облус, губірнатыр, мироуай по-

288
средник, чиновник, колежский асессор, переуадчик, сауетник, 
консул,  прикауор,  председатіл,  кандидат,  помощник,  дозна-
ниа,  канселариа,  акраном,  инспектір,  каталешке,  нота,  под-
писке, адуакет, статйа, партия, сияз, губерна, чин. Бұл топқа 
бұрынырақ енген болыс, оязжандарал, шар, закүн сөздерін де 
қосуға болады, әлеуметтік тап, топ атаулары: кнәз, граф, көпес. 
Сауда-саттық  пен  финанс  операцияларына,  шаруашылық  пен 
кәсіпке қатыстылар: жәрмеңке, ярмеңке, бексел, лафка, приказ-
чик,  аренда,  расход,  зауыт,  фабрик,  машина  т.б.  Оқу-ағарту, 
мәдениет  саласына  қатысты  сөздер: казит,  униуерситет,  се-
минарийа, кінеге, уистафка, нөмір, школ, награт, студент т.б.
Аударма әдебиет арқылы енген кірме сөздер көбінесе түп- 
нұсқа  тілдегі  түріне  жуық  тұлғада  қабылданады,  сондықтан 
орыс тілінен және орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен алын- 
ған  сөздерді  орысша  түрінде  жазу  принципі  XIX  ғасырдың 
II  жартысынан  басталады  деуге  болады.  Осы  кезде  тек  орыс 
тілінен қабылданған создер емес, араб-парсы тілдері сөздерін 
де көбінесе түпнұсқаша жазу дәстүрі орын тепті. Соның сал-
дарынан  кірме  сөздердің  варианттылығы  орын  алды.  Мұның 
салқыны  күні  бүгінге  дейін  тиіп  келеді.  Бұл  –  араб  әрпімен 
басылған дүниелерге қатысты жайт. Ал орыс тілінен аудары- 
лып, орыс графикасымен басылған үлгілерде араб-парсы тіл- 
дерінен  кірген  сөздер  көбінесе  халықтың  сөйлеу  тәжірибе- 
сіне  қарай  жазылды.  Әсіресе  Ы.Алтынсариннің  «Хрестома- 
тиясында»,  екі  тілдік  сөздіктерде  және...  христиан  дініне 
қатысты  қазақша  діни  кітапшаларда  араб-парсы  сөздері 
«қазақша» түрінде берілді (калык, кабар, аулие, берісте, сада-
ка, күна, рақым, тамак, тозак, пайда, ақыл, мұндағы к әрпін 
қазақша қ дыбысы етіп оқысақ: қалық, қабар, садақа, рақым).
Соңғы  әдебиет  қазақ  тіліне  бірнеше  орысша  діни  маз- 
мұнды  сөздерді  ұсынды:  христос,  монастырь,  священник,  
кнеге,  евангелие,  преподобный  т.б.  Бірақ  сан  жағынан  едәуір 
 болып (миссионерлік мақсатпен христиан дінін уағыздайтын 
қазақтарға  арналып  200-ге  жуық  кітапша  шығыпты)  жария- 
ланғанмен,  қазақтың  қалың  көпшілігіне  тарамағандықтан,  
бұл әдебиет қазақ әдеби тіліне айтарлықтай үлес қоса алмады, 
сондықтан бұлардағы діни кірме сөздердің де көпшілігі тілге 

289
енбеді  (кнеге,  преподобный  т.б  ).  Ал  монастырь,  Христос, 
Евангелие  сияқты  сөздер  осы  күнгі  қазақ  тілінде  қолданыла- 
тын болса, ол – бұл кітапшалардың «үлесі» емес (Абайдың ау-
дарма поэмасындағы «Ол монастырь – сопылар тұрған жері» 
дегенін еске түсірелік).
Орыс  тілінен  аударма  үлгілердің  үшінші  тобын  көркем 
әдебиет құрайды. Бірақ бұлар – тура мәніндегі аударма шығар- 
малар  емес,  еркін  аудармалар,  яғни  қазақша  қайта  әңгімелеу, 
қайта  жырлау  болды.  Оларға  орыс  мысалдарының  (басня- 
лардың)  аудармалары,  Ыбырайдың  орысша  шағын  әңгіме- 
лердің  негізінде жазғандары,  Абайдың Пушкин  мен  Лермон- 
товтан,  Крыловтан  аударған  өлеңдері  жатады.  Бұл  аударма- 
лардың қазақ әдеби тіліне қосқан сөз үлесінен гөрі өзге әсері 
күшті  болды.  Әрине,  бұл  аудармаларда  орыс  сөздері  қол- 
данылды.  Қолданылмауы  мүмкін  де  емес.  Және  көркем  ау-
дарма дүниелердегі орыс сөздері – қазақтың халық тіліне де, 
бұрынғы  поэзия  тіліне  де  енбеген  соны  сөздер.  Ол  сөздер 
–  аударылған  шығарманың  тақырыбына  байланысты  енген-
дер.  Мысалы,  Ыбырай  әңгімелеріндегі  князь,  граф,  награт, 
франк,  закон,  фабрика,  завод,  мужик,  судья,  жәрмеңке,  то-
вар,  приказщик,  купес,  фонарь,  ящик,  солдат  т.б.  Абайдың 
аударма өлендеріндегі монастырьладанкрестштык, кар-
течь,  такт  сөздері  осы  қатардан  табылады.  Бір  ескертетін 
жайт – Ыбырайдың да, Абайдың да аударма шығармаларында 
орыс  сөздерін  өте  сараң  қолданғандықтары.  Оның  себебі  – 
«өз  тұсындағы  оқушыларының  шама-шарқымен,  дін-санасы, 
ұғым-нанымдарымен  есептескендіктен  «  (М.Әуезов)  қалың 
көпшілікке  түсініксіз  сөздерді  көп  қолданбау  принципін 
ұстауларында.  Абай  аудармалары  арқылы  қазақ  әдеби 
тіліне  калька  тәсілі  енді,  әсіресе  калькалау  арқылы  соны  сөз 
тіркестерін  жасау  басталды.  Мысалы,  Абайдағы  үміттің 
нұры (светило надежды), жабырқаңқы жазған сөз (стих уны-
лый), суық ақыл (рассудок холодный), ойды қозғау (шевелить 
ум), қараңғы көңіл (мрачная душа) деген тіркестер – аударма 
өлеңдерінде жасалғандар (семантикасы алшақ сөздерді жана-
стырып жасаған бұл типтес соны тіркестерді Абайда өте мол 
екендігі және оның барлығы тек калька арқылы тумағандығы 
жайында келесі тақырыптарды қараңыз).

290
Аудармаға  қатысы  бар  жазба  әдебиеттің  бір  түрі  «кітаби» 
өлеңдер  –  қиссалар  болды.  Бұл  жанр  қазақ  әдеби  тіліне  шы- 
ғыстық  образдарды,  сол  образдар  арқылы  араб-парсы,  түркі 
(шағатай)  тілдерінің  жеке  сөздері  мен  тіркестерін  әкелді  (ол 
жөнінде осы кітаптағы VI тараудың 3-параграфын қараңыз).
Қысқасы, өткен ғасырдың II жартысында қазақтың ұлттық 
жазба әдеби тіліне аударма ісі белгілі бір ізін салды, лексикалық 
қазынаның молығуына әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет