Узурпация– өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.
Унитарлы мемлекет – мемлекеттік құрылыс формасы, оның жекелеген аумақтары әкімшілік бірлік болып табылады және мемлекет ішінде өз алдына бөлек құрылымға жол бермейді.
Урбандалу – латынша «қала» деген мағынаны береді. Қалалар саны мен оның тұрғындарының үлес салмағының өсуі, қалалар желісі мен жүйесінің қа- лыптасуын, олардың маңыздарының артуы мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуы.
Урбанизация – адамзатты таратып орналастырудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс.
418
Қосымшалар ■
Ұйым – бір-бірімен байланысты болып ерекше мақсаттарға және жоғары формалы құрылым құруға бағыт алған әлеуметтік топ.
Ұлт – аумақтың, тілдің, экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығымен бай- ланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік. Көне түркі атауы VI ғасырдан бастап қол- данысқа енген. Ұлы мекен, қала мағынасында қолданылған.
Фольклор – ауызша шығарылған халық шығармашылығы үлгілерінің жалпы атауы. Затаевичтің музыка фольклорын мысал ретінде алуға болады.
Центризм– саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұсынатын партиялық бағыт.
Шенеунік – Ресейдегі мемлекеттік қызметкер, «Рангтер туралы табель» бойынша таптық шені бар. 1722 жылы енгізілген.
Шеткешығару,шеттенкелтіру (экспорт, импорт) – мемлекетаралық сау- да операциясы: шет елдерге тауар шығарып сату, шет елдерден тауар сатып алу. Шовинизм – ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, бір ұлттың мүддесін бас-
қа халықтардың мақсатына қарсы қоятын, ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын, ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
Ішкісаясат – мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.