Бегалиева А.Қ


Тарихтың субъективті факторы



бет100/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Тарихтың субъективті факторы – бұқараның, топтардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттері, олардың сана- сы, еркі, іс-қимылға бейімділігі және т.с.с.
ТАСИС ТМД елдеріне техникалық көмек, ТМД елдеріндегі экономи- калық реформалар үдерісін жеделдетуге жәрдемдесу жөніндегі еуропалық одақ- тың бағдарламасы.
ТЕМПУС білім саласында ЕО тарапынан көмек көрсету бағдарламасы. Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балқан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған
бағдарламалардың бірі.
Тиран – 1) Ежелгі Грекияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 2) жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеуші; 3) қысымшы, езуші адам.
Тоталитаризм – зорлық-зомбылық пен қоқан-лоққыны негізіне алған сая- си үстемдік жүйесі.
Төтенше жағдай – ерекше құқықтық тәртіп. Ол соғыс кезінде, мемлекет- тік төңкеріс, табиғи апат, т.б. жағдайларда енгізіледі. Мұнда көбінесе азамат- тардың құқықтары шектеледі.
ТРАСЕКА – Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі. Орталық Азия және Закав- казье елдерінің сауда-саттық және коммуникациялық мүмкіндіктерін дамытуға қызмет ететін жоба.
Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам.
Тұрмыс – қоғам өмірінің адам өзін ұлғаймалы өндіруімен тікелей байла- нысты негізгі аяларының бірі, оның тамақ, киім, тұрғын үй, демалу, көңіл көте- ру, денсаулығын сқтау сияқты жақтарын қанағаттандыратын материалдық және мәдени орта.
Уезд – әкімшілік аумақтағы бөлініс. Ресейде 1937 жылдан бастап қолда- нылған. Уезд қала мен оған байланысты болыстардан тұрды. 1867 – 1868 жылғы реформаға сәйкес облыс уезге уезд болыстарғы бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет