Прагматизм– алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай, нақтылы нәтижеге жетуге тыры- сады.
Прогресс – алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.
Реакция – 1) белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл; 2) қоғамдық прогреске қарсы бағытталған, күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат. Ол, әдетте, жаппай зорлық-зомбылық, күш жұмсаудың, экономикалық, саяси езгі- нің күшеюіне, еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.
Репрессия– қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.
Референдум – (лат. referendum – хабарлануға тиісті нәрсе) – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу.
Реформа – қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.
416
Қосымшалар ■
Реформа– франц.-лат. қайта құрамын. Қоғамдық өмірдің (тәртіп, инсти- тут, мекеме) әлеуметтік құрылымының негізін жоймайтын қайта құрулар, өз- герістер.
Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдіреді. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді: 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған жә- не саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысатын мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынас- тар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, маз- мұнын анықтау; 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе ше- бер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) әдеттегі тілде – адамдардың өз- ара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің си- паты; 5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқи- ғалар жиынтығы.