Бегалиева А.Қ



бет99/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа ба- ғынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мы- салы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік жастар, әйелдер және т.с.с. ұйымдармен бірлестіктер жатады.
Саяси қазыналар – саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, көзқа- растар, ұғымдар. Мысалы, оларға «еркіндік», «теңдік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «төзімділік» және т.с.с. құндылықтар жатады.
Саяси мәдениет – өкіметпен азаматтардың өзара қатынастарына байла- нысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұс- тауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі.
Саяси процесс – 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен бел- гілі бір көлемдегі процесс.
Саяси сана – адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады.
Саяси тұрақтылық – әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұ- рақтылығы.
Сегрегация – халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлу.
Социум – адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне бай- ланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық. Оның ең жоғарғы түріне әлеумет- тік жүйе ретінде тұтас қарастырылған қоғам жатады. Одан басқа оған отбасы, туыстық, рулық, әлеуметтік-топтық, ұлттық, аумақтық қауымдастықтар кіреді. Статус – белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдай-
ды сақтау.
Сфрагистика – патшалардың аты-жөні, құжаттардың пайда болған уақы- тын тиянақтауға көмектеседі. Олардың ақиқаттылыған дәлелдейді. Құжаттарға бас мөр таңбалар бойынша жалғандықтан сақтап, оларды анықтайды.
417
■ Қазақстан тарихы


Тарихтың объективті факторы – адамдардан Тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет