Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байла- ныстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.
Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және руха- ни қызметі процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар.
Құқықтық мемлекет –конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқық- тық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Ондағы басты принцип – құқық үстемдігі. Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі.
Легитимдік– халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Лидерлік – әлеуметтік дәреже, Үкіметтің шешімдерін жүзеге асырушы, сол арқылы басқаға билік жүргізуші.
Мажоритарлықсайлаужүйесі (фр. majorite – басым көпшілік деген сөзінен шыққан) – сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі.
Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеу- меттік-прогрестік шығармашылық қызметі; бұл қызмет заттандыру (белгі жүйе- лерін және т.б. жасау) және затсыздандыру (мәдени мұраны меңгеру) процес- терінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.
Мәдениеттілік – адамның тұлғалық қасиеттері әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндеседі. Мәдениеттану жөніндегі өзара қарым-қаты- настар кемел адам ұғымы мен үндестік тауып, адами, кісілік қасиеттердің қа- лыптасуына мүмкіндік береді.
Мемлекет– қоғамды басқарудың, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі инс- титуты.
Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға же- ке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппа- ратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;
2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.