Эволюция– қоғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.
Электорат – халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.
Элита– саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімімен, іскер- лігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.
Этнография – әр халықтың өзінше тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын зерттей- тін ғылым.
Этнос – тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы.
Ядролыққару – атом қаруы. Ол жаппай қырып-жоятын қару болып табы- лады. Қуаты мен қашықтықта әрекет ету түріне қарай ол тактикалық, стратегия- лық болып бөлінеді.
419
■ Қазақстан тарихы
ҚЫСҚАРҒАНСӨЗДЕР
АӨСШК – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес.
БДИПЧ – ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар
және адам құқығы жөніндегі бюросы.
БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы.
БҰҰ БА – Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы. БҰҰ ҚК – Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі. ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы.
ЕК – Еуропалық комиссия.
ЕҚДБ – Еуропа қайта құру және даму банкі.
ЕҚЫҰ – Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. ЕО – Еуропалық одақ.
ЕурАзЭҚ – Еуразиялық экономикалық қауымдастық.
КОПУОС – БҰҰ жанындағы Бейбіт мақсаттарда ғарыш
кеңістігін пайдалану жөніндегі комитет.
СНВ-1 – Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту
туралы шарт.
СІМК – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы.
ҰҚШҰ – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы.
ХАБИТАТ – Тұрғын елді мекендер бойынша БҰҰ комиссиясы. ШЫҰ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы.
ЮНЕСКО – БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.
ЮНИСЕФ – БҰҰ-ның Балалар қоры.
ЯҚТШ – Ядролық қаруды таратпау туралы шарт.
ЯСЖТШ – Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шарт. КОКП – Кеңестер одағының коммунистік партиясы.
КСРО – Кеңестік социалистік республикалар одағы. Қазақ КСР – Қазақ кеңестік социалистік республикасы.
ТЖМК – Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет. ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы.
ШЫҰ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы.