Түргеш қағанаты (704-756 ж.). Батыс түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне алып келді. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісуда Нарзұқ-Иркин, Тургеш Чиқан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тай- палар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған. Түрік Хусэлон- ның бастауымен армия құрылады. Бұл армия халқын тыныштан- дыру үшін ұйымдастырылған еді. Қағанатта үлкен күш пайда бо- лып, мұның қуаттылығы соншалық, Хусэло жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Түргештің көтерілуі күтпе- ген жерден болған оқиға емес, қағанаттың сол жақ құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VІ ғ. Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған. Олардың би- леуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 ж.) болды. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды, ал екінші ордасы Хунгіт қаласы болды. Үш-Елік қалған елді 20 түтіктікке (елші- лікке) бөлді, оның әрқайсында 7 мыңнан әскері бар еді.
Түркештер билікке келгеннен кейін біраз күрделі саяси үде- рістер болғаны тарихтан белгілі. Ең бастысы, 692 жылы Шығыс Түрік қағанатында Құтлық қаған қайтыс болып, оның тағына інісі Бөгі чор Қапаған қағанның отыруы еді.
Ал Үшелік болса, өзінің баласы Жануды 699 жылы Таң пат- шалығына елші етіп жіберіп, түрлі сый-сыбаға жасап, бұрынғы Батыс Түрік қағандығына қарасты ұлыстарды басқаруды қолға алады. Алайда осы кезде күшейіп алған соңғы Шығыс түрік қа- ғандығы түркілер мекендейтін барлық аймақтарға үздіксіз жорық
35
жасады. Бұл жорықтың басым көпшілігін Қапаған қаған деген ат- пен белгілі болған Бөгі чор жүзеге асырды. Осымен қатар тибет- тер (тоғандар) күшейіп, Тянь-Шаньның оңтүстік өлкелеріне ба- сып кірген болатын.
Түргеш Үшелік қағанның қайтыс болуы да жағдайды күрде- лендіре түсті. Қытай деректерінде оның Қытай елінің аға басқағы Го Юанжынмен келіссөз жүргізуден соң көп кешікпей ауырып қайтыс болғаны жазылған. Одан 706 жылдың желтоқсанына жа- татын мынадай деректі оқимыз: «Желтоқсанда Әнша аға басқағы Го Юанжын Түргеш Үшеліктің қолбасшылық шатырының алды- на келіп, онымен соғыс жайында кеңескен кезде қарлы боран борап тұрса да Го Юанжын Үшелікпен сөйлесе берді. Екеуара сөз ұзаққа созылып, қар қалың түссе де Го Юанжын былқ етпей тұра берді. Бірақ жасы ұлғайған Үшелік бұл кездесуден кейін көп ұзамай қайтыс болды. Үшеліктің ұлы Саға ел тізгінін қолына алды да, Го Юанжынға шабуыл жасамақ болды» (Қытай жылна- маларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). Екінші кітап. – 288-289 б.).
Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 ж.) таққа отырған. Түргеш қағана- тында талас-тартыс туып, ішкі бірлік болмайды. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да мәз емес-ті. Сол уақытта зор қауіп төндіріп тұрған Таң әулеті, Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктері Қапаған қаған бастаған әскери одағы, 711 жылы Болучу өзені бойында түргештерді ойсырата жеңеді. Бұл жеңіліс- тен кейін түргештер өз ордасын Таласқа көшіреді. Қаған тағына Шапыш тайпасының өкілі Сұлықты отырғызады. Түргеш қағана- тының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы құбылып оты- рады. Бірақ Сұлық қаған (715-738 ж.) таққа отырғаннан кейін қағанаттың жағдайы қайта күшейе түседі. Сұлық қаған айлакер қолбасшысы екі майданда күрес жүргізеді. Ол олжаларды бөліске салмай, өз қолында ұстады. Дау-жанжалдар қара және сары түр- гештер арасында күреске ұласты. Сұлық қаған өлген соң күрес шиеленісе түсті. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлық тайпасы- ның тегеурініне шыдамай құлады.
Сұлу билеген кезде Түркеш қағанаты және оның қол астын- дағы Он оқ елі нығая түсті. Түргештер Таң патшалығымен, яғни
36
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
Қытаймен қарым-қатынасы болған. Н. Мыңжани қытай деректері негізінде 717-734 жылдардың аралығында, яғни 17 жыл ішінде Түргештердің Қытайға жеті рет елші аттандырып, сый-тарту беріп қайтқанын анықтаған еді.
Тарихи деректерге қарағанда Сұлудың Орта Азияны жаулап, дулулар мекендеген Талас бойына қауіп төндірген арабтарға қар- сы белсенді күрескен. Өзі де, халқы да манихейлік дінді ұстанған Сұлу мұсылмандықты түсінген жоқ., сары түргештер көсемі Күлі чор арабтарды Соғдыға ығыстырды. Арабтар Сұлу қағанды сон- дықтан да Абу Музахим (төпелегіш, сүзеген) деп атады. Соғды- лықтардың өтінішімен 728-729 ж. түргештер арабтарға қарсы кө- теріліс жасаған Самарқан мен Бұқара халқына көмектесу үшін осы қалаларға басып кірді. Ақыры, Самарқаннан басқа Соғды ай- мағы түгелдей дерлік азат етілді. 730-731 жылдары арабтар мен түргештер кезек-кезек жеңіске жетіп отырды. Тек 732 жылдың соңында ғана Джуней б. Абдаллах түргештерді талқандап, Бұқа- раны қайтадан басып алды. Арада бес жыл өткен соң Сұлу бас- таған құрамында дулулар бар түргеш әскерлері Тохарстанға тағы да басып кірді, алайда арабтардан жеңіліс тапты.
Осы кезде арабтардан қашқан соғдылар Түркеш қағанды- ғының территориясы аумағына көптеп келіп қоныстанды. Осы- ның бәрі Түркеш қағандығының саяси және шаруашылық жағ- дайына әсер етті. Сұлу қаған да өзінің билік басындағы саясатын өзгерте бастады. Ол енді алым-салықты көбейтіп қана қоймай, соғыстан түскен олжаларды бұрынғыдай рубасыларға үлестір- мей, мемлекеттің қазынасында ұстауға тырысты. Бұған нүшбеден және дулудан шыққан ақсүйектер наразы болды. Наразылықтың нәтижесі 738 жылы Сұлуды өлтірумен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |