Бегалиева А.Қ



бет10/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Қаңлылар туралы негізінен қытай жазбаларында жазылған. Шығыстанушы Н. Аристов «қаңлылар – ежелгі түркі руы» деп көрсетсе, В. Востров олардың ежелгі тайпа және түркі тілдес екенін дәлелдеді. А.М. Бернштам да оларды түркі тілдес халық болғанын көрсеткен.
Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІІ ғ. – б.з. V ғ.) – Оңтүстік Қазақстан- да құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестікке жатады. Қаңлылар Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далаларды алып жатты. Қытай деректері бойынша, астанасы – Битянь қаласы. Қаңлы би- леушісінің қол астында 5 иелік болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің тарихын жазу И. Бичуриннен басталады,
«Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктеме- сінде ол «Кангюй иелігі қазіргі қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы «Кангюй Даванның солтүстік-батысында шамамен алған- да 2000 ли жерде жатыр. Бұл – әдетте 20 000 әскері бар юечжилік- терге ұқайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шы- ғысында ғұндардың билігін таниды», – деп көрсетілген.
Б.з.д. ІІ – І ғасырларда қаңлылар батыс өңірдегі белді мемле- кеттердің бірі болды. Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы
«Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тара- уындағы кангюйлер туралы бөлімінде былай делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120 000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюй шы- ғыс жағында ғұндарға бағынады...». ХХ ғасырдың ортасына қа- рай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен мынадай екі
29



көзқарас бар: 1. Кангюйлер Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғыр- ланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан.
Алайда кангюйлердің байырғы жерлері Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлер болған. А.Н. Бернштамның пікірінше, неғұрлым ертедегі тарихи ескерткіштер – Авестада, Махабхара- тада, Пехлевилердің бундахишні мен эпикалық «Шахнамада» аңызға айналдырылған Кангха нақ осында орналасқан. Ол ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінің Кенгутарбант елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған болатын. Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі Орта Азия тари- хының саласындағы басқа да мамандар негізге алды. С.Г. Кляш- торный мен Л.М. Левинаның еңбектері кангюйлердің орналасу мәселелерін зерттеуге елеулі үлес қосты. Біріншісі кангюйлер туралы жазбаша деректердегі мәліметтерді қорытып, кангюй жерлерінің орналасуы жөніндегі негізгі пікірлерге сыни талдау жасады. Л.М. Левина сол кезге қарай жинақталған археология- лық деректерді жүйеге келтіру мен қорытуда көп еңбек етті. Ол кангюйлер заманындағы Сырдария алқабының негізгі үш мәде- ниетін сипаттап, оларды кезеңдерге бөлуді ұсынды.
Б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи шаньюй баста- ған ғұндар оңтүстік-шығыс Қазақстан жеріне көшіп келеді. Осындай жағдайда Қаңлы мемлекеті Чжичжимен одақ құрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ ойы болды. Қаңлы билеушісі Чжичжиді Талас алқабына шақырып, оған өзінің атты әскеріне қолбасшылық ету құқын берді. Бірақ қаңлылардың үміті ақтал- май, Чжичжи үйсіндерді бағындыра алмады. Енді ғұндар мен каңлылар арасында қайшылық туды. Чжичжи қаңлы билеушісі- нің қосынынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетеді, сол жақтан өзіне қала тұрғызады. Шаньюй құрылысқа қаржыны Фер- ғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды. Екі жыл бойы салынған қала мықты бекітілді, ол екі қорғанмен қор- шалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар қамке- сектен тұрғызылған дуал еді.

30
1. Ежелгі замандағы Қазақстан ■


Чжичжидің күшеюі, үйсіндерге шапқыншылығы Қытай им- периясының мазасын кетірді. Көп кешікпей қытай әскері жорық- қа шығып, Ұлы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүреді. Үш отряд Қашғар, Ферғана арқылы, Шатқал жотасындағы Шанаш және Талас жотасындағы Қарабура асулары арқылы оңтүстік жолмен, үш отряд солтүстік жолмен – Шығыс Түркістаннан, сірә, үйсіндердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шұңқы- рындағы Бедел асуы арқылы өткен болар, содан соң Шу аңғары- мен Таласқа қарай беттеді. Әскерлер Чжичжи қаласы қорғаны- ның жанында қосылады. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, ол өз әскерлерін қабырғаларды бойлай орналастырды, ал қала қақпаларының екі жағына «балық қабыршағы» сияқты етіп әдет- тен тыс сап түзеген жаяу жауынгерлер отрядын қойды. Алайда қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан, қытайлар сыртқа ағаш қорғанды өртеп, топырақ дуалды опырып жіберді, қоршау- дағылардың қарсылығын басып, қалаға басып кірді де қамалды басып алды. Чжичжи мен оның төңірегіндегі жақындары көпте- ген туыстарымен, балаларымен, әйелдерімен және атақты князь- дарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынды. Олардың бәрінің ба- сы шабылды. Бір мың екі жүздей жауынгері Усун мен Ферға- наның вассалдық князьдарына сыйға тартылды.


Қытай-кангюй қатынастарының тағы бір жағы Шығыс Түр- кістандағы оқиғалармен тығыз байланысты. Біздің заманымыз- дың 78 жылы Бань Чжао басқарған қытай армиясы Шығыс Түр- кістанда үстемдік орнатады. Алғашқыда кангюйлер император наместнигіне одақтас болса, көп кешікпей өзінің көзқарасын өз- гертіп, біздің заманымыздың 85 жылы Бань Чжаоға қарсы көте- рілген Суле (Қашғар) билеушісіне көмекке әскер жібереді.
Қаңлы тайпаларының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашы- лығы болған. Олардың бір бөлігі егіншілік және бау-бақша өсі- румен айналысқан. Қолөнер едәуір дамыды. Олар Ұлы Жібек жо- лы арқылы көп елдермен сауда жасасқан, халықаралық саудаға қатысқанын археологиялық жұмыстар кезінде өзге елдерде жа- салған заттардың табылуы дәлелдейді. Сол заманға сай қалалары да болды. Қаңлылар өрмекпен жүн мата тоқыған, алуан түрлі қыш ыдыстар, қоладан және темірден құрал-саймандар мен қару-

31


  • Қазақстан тарихы

жарақтар, алтын және күмістен зергерлік бұйымдар мен әшекей- лер жасаған. Ерте замандағы қаңлылардың жазу мәдениеті бо- лған. Қаңлылар негізінен ата-аналарының аруағына, ал бір бөлігі отқа, айға, күнге табынған.


Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттерінен көруге болады. Олар Сырдария сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. Қауыншы мәдениеті Ташкент аймағын қамтиды. 1958-1963 ж. А.Г. Макси- мова жетекшілік еткен Шардара археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстаннан қауыншы мәдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашып, Шардараға таяу, Сырдарияның оң жаға- лауындағы Ақтөбе қонысын жан-жақты зерттеген. Отырар алқа- бында Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер көп шоғырланған. Арыс өзенінің сол жағалауында Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты жиырма шақты қалашық бар. Олардың ең үлкені – Көкмардан. 1969-1970 ж. К. Ақышев жетекшілік еткен Отырар археология- лық экспедициясы осы қалашықтардың көпшілігін тапқан. Жеті- асар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қалалар мен обалардан Жетіасар мәдениетіне жататын түрлі бұйымдар табылды. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, сауда- мен айналысқанын дәлелдейді. Сонымен қатар Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты ірі мемлекеттермен саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынаста болғанын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет