Бегалиева А.Қ



бет15/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Қарақытай мемлекеті (1128-1213 ж.). «Қарақытайлар» атанған этникалық-саяси бірлестіктің ұйытқысы қидан тайпала- ры болды. Қидандар (цидань, кита, хита) жазба деректерде ІV ғ. бастап атала бастайды. Олар моңғол немесе тұңғұс тектес көшпе- лі жауынгер тайпалар болды, Маньчжурия мен Уссури өлкесін
45

  • Қазақстан тарихы



мекендеген. Ұзақ уақыт қидандар Қытайға тәуелді болып келді. VI ғасырда Түркі қағандарына бағынды. Бірақ Х ғасырдың ба- сында қидандар қуатты халыққа айнала бастайды. Тан әулетінің құлатылуын пайдаланып, 924 жылы олар Қытайдың солтүстігін, Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі жерлерді өздеріне бағындырып Ляо империясын құрды (916-1125). Бұл кезеңде қидандар қытай мәдениетінің ықпалына ұшырап, көп жағынан ханьсу халқының дәстүрін бойына сіңірген еді, буддизмді қабылдаған бөліктері де болды. Жалпы, «Қытай» деген сөздің өзі «қидан» сөзінен шық- қаны, яғни көрші халықтар бүкіл мемлекетті бұратана билеуші әулеттің атымен атап кеткені қызықты жайт. Ляо мемлекеті көп ұлыстардан тұрды, соның ішінде оларға сол аймақтағы түркі тай- палары да бағынды. Империя құрамында олар қидан, жалпы моң- ғол тайпаларының әсеріне ұшырайды. Мысалы, сегіз оғыз атан- ған түркі тайпалық одағы моңғол тілдерінің ықпалымен «най- ман» атала бастайды. Моңғолия жерінің түркілердің ықпалынан толық тазарып, моңғол тектес тайпалардың саяси, мәдени ықпа- лына біржолата көшуі осы Қидандар дәуірлеген кезеңге жатады. Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда Қиданның Ляо мем- лекеті (907-1125 ж.) құрылды. Қидандардың Ляо империясы тұ- рақты болмады. Маньчжур тайпаларының соққысынан кейін бас көтерместей жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін қидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа келіп қоныстанған.
Оларды жергілікті жерлерде қара қытай деп атады.
Сөйтіп, олар Оңтүстік-Шығыс пен Оңтүстік Қазақстанда ор- наласты. Қидандар Орта Азияға қарай жылжып, Селжүк сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқан қаласын басып ал- ды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. Қай- тар жолда горхан әскерлері Бұхараны оңай басып алып, Баласа- ғұн аймағына келіп орналасты. ХV ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік, Мәуереннахр аймағының жері қара қытай иелі- гіне кірді.
Елюй Дашы 1143 ж. қайтыс болды. Баласы Иле жас болған- дықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 ж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң қарындасы Бұбұған таққа

46
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■


отырып, 1164-1177 ж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде қарақытай ордасында саяси өзгерістер көп болды, Бұбұ- ған өлтіреді.


Оның орнына Иелінің баласы Жилучу горхан болды. Жилучу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытай Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақы- тайларға күйрете соққы береді.
Қарақытайлар одағына кірген ру-тайпалар мұсылман дінінен тыс қалған, шаманизм, манихейлік, буддизм сияқты діндерді ұс- танып отырған түркілер еді. Дәлірек анықтасақ, қарақытайлар де- геніміз – Жетісу мұсылмандарына Қарахандар заманынан жақсы таныс көршілес мәжуси түркі тайпалары (басмыл, ябаку, оғрақ, т.б.). Қарахандар оларды ұзақ уақыт шегарадан өткізбей, тежеп, оқтын-оқтын соғысып отырғанын еске түсіруіміз керек. Міне, енді олар Шығыс Қарахан елінде саяси билік әлсірегенін, быты- раңқылық орын алғанын пайдаланып, түрлі сылтаулармен, шегаралық күзет қызметін атқаруға жалданып кіре бастады. Йе Лүй дашы сияқты мықты әскери қолбасшының келуі оларға тағы да түрткі әрі қолайлы жағдай болды. Оған еріп, мұсылман емес түркі топтарының лек-легімен гүлденген өңірге еніп бара жатқа- ны үрей туғызды.
Орта Азияға қарай бағытта мұсылмандар мен қарақытайлар арасында бірқатар ірі шайқастар болды. 1137 жылы қарақытайлар Ходжент маңында Мәуереннахр иесі батыс қарахандар басшысы Махмұдты талқандады. Махмұд өзінің қамқоршысы селжүк сұл- таны Санжардан көмек сұрады. Мұсылман билеушілерінің ара- сында бірлік болмауы осы мәселеде өзінің әсерін білдірді. Мыса- лы, Санжармен алауыз болған Хорезм шахы Атсыз қарақытай- лармен байланыс жасап, оларға дем беріп отырды. 1141 жылы 9 қыркүйекте Самарқанға таяу жер – Катуан даласында қарахан- дар селжүк-қарахан әскерімен ашық майданда шайқасады. Олар Санжар басқарған 100 мың салт аттылардан тұрған мұсылман әскерін күйрете жеңеді. Мұсылман әскерінің едәуір бөлігі – 30 мыңдай жауынгер қырылады. Тарихшы Ибн әл Асирдың ай- туынша, ислам тарихында бұдан үлкен және адам қазасы жағы- нан аса зар-дапты әскери шайқас болмаған-ды. Самарқанда үш ай
47

  • Қазақстан тарихы

болғаннан кейін қарақытайлар Керманға бағыт алды, мұнда Йе Лүй дашы өзін гурхан деп жариялады (ұлы хан деген мағынада). Қайтар жолында ол Бұхараны оңай алып, Баласағұн аймағына оралды. Сөйтіп, қарақытайлар енді Мәуереннахрды да өзіне қара- тады. Хорезм болса, жыл сайын 3 мың алтын динар мөлшерінде алым төлеп тұруға мәжбүр болды. Жергілікті қарахандар әуле- тінің жеке билеушілері Йе Лүй дашыға вассал болды.


Қарақытай мемлекетінің орталығы Баласағұн түбіндегі Күз- орда ордасы болды. Олар көшпелі өмір салтын сақтады. Жаңа билеушілер аула басынан салық жинау жүйесіне енгізілді, әр шаңырақтан бір динардан жиналды. Икта институтына тыйым салынды. Бірақ, жалпы алғанда, шапқыншылар әлеуметтік-мәде- ни деңгейі жағынан жергілікті халықпен салыстырғанда едәуір төмен болғандықтан, бұрынғы саяси-әлеуметтік жүйенің көп тұс- тарын өзгеріссіз қалдырды. Қарақытайлар жергілікті түркі-мұ- сылман жұртының сауатты өкілдеріне тәуелді болып, оларды қызметке тартты. Әсіресе алғашқы кезеңде қарақытай билігі таралуы біршама бейбіт сипатта (инфильтрация – біртіндеп ену) өтті. Қалалар мен кенттер қиратылған жоқ. Бірақ Катуан шайқа- сынан кейін жаулаушылар мұсылман халқын тонау, дініне қуда- лау саясатын күшейтті. Бірінші гурхан Йе Лүй дашы 1143 ж. қай- тыс болады, билік оның жесірі Табуянға көшті. Жеті жыл өткен соң таққа Иле отырып, елді он үш жыл биледі. Ол өлгеннен кейін 1155 ж. билікті өз қолына Йе Лүй дашының қарындасы Бұсұган алды. 1169 жылдан бастап 1213 жылға дейінгі кезеңде Қарақытай мемлекетін гурхан Чжилугу басқарды. 1206 жылы Жетісуға Моң- ғолиядан Шыңғысхан тықсырып қуып шыққан Күшлік бастаған наймандар қашып келді. Осы кезде қарақытай мемлекеті шын мәнінде алым жіберіп тұрумен шектелетін дербес ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен еді. Мұсылмандар «кәпір» басқыншыларға нара- зылығын күшейтті, 1210 жылы Хорезм шахы Мұхаммедтің негі- зінен мұсылман-қыпшақтардан құралған әскері Тараз түбінде гурхан әскерін жеңеді. Қарақытайлар шегініп, Баласағұнға жет- кенде, оның тұрғындары гурханды қалаға жібермей, қақпасын жауып алады. Қарақытайлар он алты күн өз астанасын шабуыл- дап, сонан соң үш күн бойы оны тонап, тұрғындарын қызыл қыр- ғынға ұшыратады. Қаладағы тек атақты мұсылмандардың өзінен

48


  1. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

7 мың адам өлтіріледі. Осындай жағдайды пайдаланып, Күшлік 1211 ж. күзде гурханды тұтқынға алып, биліктен тайдырады, екі жыл өткен соң гурхан Чжилугу өледі. Сөйтіп, Қарақытай мемле- кетінің тарихы аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет