Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 ж.) «бұлақ» деген атпен мәлім болған. Көп- шілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Моңғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында Тар- бағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағынан қоныс тепкен «үш қарлұқ» тайпалық бірлестігі ретінде мәлім. Қарлұқ тайпалары- ның көсемі Елтебер деген атпен аталған. Моңғолияда Шығыс түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлұқтар оған тәуелді болып жүрді.
37
Орхон жазуларында айтылғандай, Қарлұқтар түрік қағанат- тарына қарсы бірнеше рет қарсы соғыс жорықтарын ұйымдас- тырып отырған. 742 жылы Моңғолия даласындағы саяси жетек- шілік Шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның – қар- лұқтардың ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уа- қыт басмылдардың бағы жанып, олардың көсемі қаған болады.
Х – ХІІ ғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауы- нан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең аумақта қо- ныстанды. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпа- лық жүйенің дамыған түрлерінің болуымен сипатталады. Қарлұқ- тардың жабғуының билігі сөз жүзінде ғана болды. Жікіл, Тухси және Ягма сияқты ірі тайпаларды басқарып отырған үлестік би- леушілер өздерінің жартылай дербес және іс жүзінде тәуелсіз ие- ліктерін нығайтуға ұмтылды.
Қарлұқ қағанатының үлестік тайпалық одағы бір орталықты мойындамай, билік жолындағы күрестің күшеюіне себепші бол- ды. Х ғасырдың алғашқы жартысында қарлұқ бірлестігінің ұлан- байтақ аумағында бытыраңқылық күшейеді. Қашқардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ – ХІ ғ.). Оғыз мемлекеті Сырдария өңі- рінде шамамен ІХ ғ. соңы – Х ғ. бас кезінде пайда болған. Ал VIII ға- сырдың ортасына дейін оғыздар Жетісуда, Ыстықкөл маңында мекендеген. Түркештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күрес- те жеңілген оғыздардың басты бөлігі батысқа қарай ығысып, Шу алқабына қоныс аударады. ІХ ғ. ортасына таман оғыз көсемдері қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, Сырдария бойын мекендеген қанғар-пешенег бірлестігін күйретеді, соның нәтиже- сінде олар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі даласына ие болады. ІХ ғасырдың аяқ шенінде хазарлармен одақ құрып, оғыз тайпалары пешенектерге (печенег) соңғы рет қатты соққы береді. Қанды шайқастардың нәтижесінде пешенектер жеңіліп, көп қырғынға ұшырайды, қалғандары батысқа қарай шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, оғыздар Жайық пен Еділ өзендерінің арасындағы территорияны өздеріне қаратады. Қаңғар-пешенек- тер тайпалық одағымен ұзаққа созылған соғыстар оғыздардың шындап, саяси топтаса түсуіне әсер етті. Сырдария өңіріндегі
38
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
оғыздар мемлекеті туралы мәліметтер араб тіліндегі тарихи-гео- графиялық шығармаларда ІХ ғ. аяғы – Х ғ. бас кезінен бастап кез- деседі (әл-Якуби, Ибн әл-Факих, Идриси, т.б.).
Этникалық жағынан оғыздар түркі тілдес және антрополо- гиялық белгілері бойынша моңғолоид нәсіліне жатқаны белгілі. Оғыз одағының ұйытқысы – Жетісу өңіріндегі түркі тайпалары болды. Махмұд Қашқаридың мәліметтері бойынша оғыз бірлес- тігі әуелгі кезде 24 тайпадан құралған. Конфедерация 12 тайпадан тұратын екі фратрияға /қанатқа/ – боз оқтар мен үш оқтарға – бөлінген (оқ деген сөз – оқ, сонымен қоса ру, тайпа дегенді білдір- ді). Бозоқтар аға бірлестік мәртебесін иеленіп, оң қанатты құра- ды, ала үш оқтар – кіші рулар болып, сол қанатқа кірді. Сонымен қатар оғыз конфедерациясына Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерін мекендеген өзге де түркі тілдес рулар, қимақтар мен пеше- нектердің жеке рулары кірген (мәселен, бажанақ деген оғыз руы аталады), оғыздар өз құрамына кейбір үнді-еуропалық және финн-угор тектес этникалық топтарды да кіргізіп, оларды асси- миляцияға ұшыратқан.
ІХ ғ. аяғы мен ХІ ғ. бас кезінде оғыздар Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі кең территорияны ие- ленеді. Негізгі шоғырланған аймақтары – Сырдарияның төменгі ағысы, Арал өңірі, Каспийдің солтүстігінде жатқан далалар бол- ды. Оғыздардың жайылымдары Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзен- дерінің бойын, Арал, Сырдария, Қаратау маңын, Шу өзені бас- сейнін алып жатты. Шығысында жеке рулар Балқаш көлінің оң- түстік жағалауына дейін жетті. Мемлекеттің саяси орталығы Сыр өзенінің төменгі ағысында орналасқан Янгикент (Жаңакент) қа- ласы болған. Ол деректерде Жаңа Гузия деп те аталады. Мемле- кеттің ең жоғарғы билеушісі Ябғу (жабғы) деп аталды. Мұсылман авторлары оғыздардың билеушілерін «малик», яғни патша деп атауы оғыз қоғамының саяси-әлеуметтік дамуының белгілі бір дәрежеге жеткенін білдіреді. Жабғының орынбасарларын «кү- леркін» деп атаған. Оғыз хандарын халық жиналысында сайлады. Сол сияқты мемлекет өмірінде оғыз әскерінің бас қолбасшысы –
«сюбашидің маңызы зор болды. Х ғасырдың соңында Оғыз мем- лекеті Еуразияның саяси тарихында елеулі рөл атқарды. 965 жы- лы олар Киев Русімен одақтасып, Хазар қағандығын талқандады.
39
985 жылы оғыз билеушісі орыс княздарымен бірлесіп, Еділ Бұл- ғариясын ойрандайды. Оғыздардың Қазақстан далаларындағы күш-қуаты артқандықтан, осы территориялар Х ғасырда мұсыл- ман-шығыс жазба ескерткіштерінде «Мафазат әл ғұзз» (Оғыз да- ласы) деп аталды.
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. Янгигент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолының үстінде болды.
Х – ХІ ғ. аралығында Оғыз мемлекетінің дағдарысқа ұшы- рауының бір себебі алым-салықтың ауыр болуы және халық оған қарсы болды (Әли ханның тұсында). Ол наразылықты Селжүктер пайдаланып, Жент облысын басып алып, біраз уақыт оны име- денді. Селжүктер – оғыздар арасынан шыққан мұсылман әулеті болатын, олар кейіннен дербес қуатты мұсылман Селжүк мем- лекетін құрады. Шахмәлік патша тұсында Сырдария оғыздары тағы да күшейіп, 1041 ж. Хорезмді басып алады. Алайда екі жыл- дан соң Шахмәлікті Селжүктер тұтқындайды. Оғыздардың басты бөлігі қыпшақтардың қысымына шыдай алмай, батысқа қарай жылжып, ақыры, Шығыс Еуропа мен Кіші Азия шебінен де асып кетеді. Оғыздардың тағы бір бөлігі Қарахандар қол астына және Хорасан селжүктері мемлекетінің қарауына өтеді. Оғыздардың кейбір қалдықтары кейіннен Дешті-Қыпшақ тайпаларымен ара- ласып кетеді.
Діни наным-сенімдері жағынан оғыздар Аспан Тәңіріне (бас- ты тәңір), сонымен қатар басқа да, жалпы саны 12 тәңірге құлшы- лық еткен (су тәңірі, жер тәңірі, жаңбыр тәңірі, т.с.с.). Біртіндеп, Хорезм, Мәуереннахр, т.б. дамыған аймақтардың ықпалымен оғыздар ислам дініне кіре бастады. Ибн Фадлан (Х ғ.) оғыздар- дың рухани дағдарысқа ұшырап, олардың арасына ислам дінінің келуіне қажетті алғышарттар пісіп-жетілгенін көрсеткен. Оғыз- дар қоғамында алауыздықтың, соғыстардың өршуі, қандастарын тұтқынға алып, құл базарларына апарып, сатып пайда табуға дағ- дыланды. Оғыз қоғамының алдыңғы қатар топтары, көсемдер мұсылмандықты қабылдауға шешім қабылдады. Әсіресе бұл үде- ріс Х ғасырдың екінші жартысында – ХІ ғасырда күшейеді. Ислам- дануға сопылық жолды ұстанған дәруіштердің кең көлемде жүр-
40
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
гізген насихаттары шешуші фактор болды. Оғыз дәуірінің тама- ша мәдени ескерткіші – «Қорқыт ата кітабы». Қорқыт ата туралы аңыздар топтамасы Сырдария өңірінде пайда болып, кейін түркі халықтары мекендеген көптеген аймақтарға тарады. Қорқыт ата
көне түркілік мәдени-эпикалық, музыкалық дәстүрмен ислам- дық-сопылық жолды ұштастырып, халық арасында даналығы- мен, әулиелігімен аты шыққан тұлға ретінде бейнеленеді.
Сонымен, оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этникалық компоненттер және Жетісу мен Сібірдің Халаджулар, Жагарлар, Чуруктер, Қарлұқтар көшпелі және жар- тылай көшпелі тайпалары болды. Ертедегі феодалдық мемлекет- тер сияқты Оғыздар мемлекеті тұтас топтасқан мемлекет дәреже- сіне жеткен жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |