Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Біздің жыл са- науымыздың ІІ мыңжылдығында мұсылман деректерінде және ежелгі Русь жылнамаларында Еуразия даласының шығысында Алтай тауларының Қарпаттың орманды бөктеріне дейінгі аралық
«Дешті Қыпшақ» деп атала бастады. Парсы тілінен аударғанда қыпшақ даласы. ХІ ғасырда Насир-и Хусрау Хорезмнің солтүс- тік-шығысындағы жерлерді Дешті Қыпшақ деп атады (Бартольд В.В. Кыпчаки. Соч. в 10 т. М., 1968. – Т. 5. – 550 с.). «Дешті Қып- шақ» жері деп Балқаш көлінің солтүстігін және Сырдария өзені, Ертіспен Еділге дейінгі далалық аумақты атауы. Орыс деректе- рінде ХІ – ХІІІ ғасырларда Еділден Днепрге дейінгі территория
«Половец даласы» деп аталды.
Мұсылман авторларында қыпшақ, батыс Еуропа хроникала- рында коман, орыс жылнамаларында половцы деген атаулар бір халыққа тиесілі болды. Сонымен қатар деректерде кинча, сары, хардиаш, палоч, плавцы, куны атаулар кездесті.
51
■ Қазақстан тарихы
Қыпшақтар туралы мәліметтер әр түрлі жазбаларда кеңінен б.з. ІІ мыңжылдығында кездесе бастайды. Мұның басты себебі олардың осы кезеңдегі көрші халықтардың саяси өмірінде маңыз- ды орын алған. Оның ішінде әскери қақтығыс, соғыс жағдайла- рына, территориялық орналасуы сияқты мағлұматтарға жете көңіл бөлінген.
Қыпшақтардың тарихын ІХ – ХІІІ ғасырларға жататын араб- парсы деректері арқылы ғалымдар қарастырған. Кейбір зерттеу- лерде қимақ-қыпшақ атауларын қатар қояды. Олардың бір этни- калық топты құрағандығын көрсетеді.
«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түркілердің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде қып- шақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жыл- намалық жағынан VІІІ ғасырға жататын түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тай- паларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі батысқа қа- рай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіз- дікке жете алмайды. ІХ – Х ғасырларда қыпшақтар тарихы кимек- тер тарихымен қоса өрбіді: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, одан кейін Кимек қағанаты құ- рамына кіреді.
ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне тұрақтап, олармен бірге сол арада оғыз тайпала- рының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді. Қыпшақтардың ХІ ғасырдың орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмұт Қашқаридың жағрафиялық картасында бейнелен- ген, ол картада қыпшақтардың мекені Еділдің ар жағы мен Кас- пий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қалады. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шегарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп, Қарахандармен шекте- сіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ би- леушілері мен Қара-хандар арасындағы табиғи шегара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.
52
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениет- тің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениетті қырғыздар мен хакастар жасаған. Қыпшақ хандығының солтүстік шегарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси байланыста болған. Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен, тұрақты болған, тек оң- түстік-батыс шегарада ХІІ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Хо- резм шахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІІІ ға- сырдың бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас болғандықтан қыпшақ тілі мен мәдениеті оларға ықпал еткен.
Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының қоныстанатын жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сыр- дария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Сал- жықтар, Хорезм шахтары және Қарахан әулеттерімен соғысқан. ХІ ғ. бірінші жартысындағы оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құ- рудың объективті себебіне айналды.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең бол- маған. Мүліктік теңсіздіктің негізі малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқы болған. Жазба деректерге қара- ғанда қыпшақтар еліндегі көптеген тұрғындардың бірнеше мың- нан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп беріл- месе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылым- дарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қып- шақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.
Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтыл- ған Хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 ж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғасырдың бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хо- резмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласы-
53
■ Қазақстан тарихы
нан солтүстікке қарай Дешті Қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезм- шах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттан- ған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Тор- ғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қала- ды. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін моңғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.
Достарыңызбен бөлісу: |