Бегалиева А.Қ


ХІ ғ. басы мен ХІІ ғ. Қазақстанның шаруашылығы мен



бет18/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

ХІ ғ. басы мен ХІІ ғ. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениеті. Еуразияның далалалық аймақтары мал өсіруге өте қолайлы. Тянь-Шань мен Алтай таулары он екіге бөліп жатыр. Жартылай далалары өсімдіктерге бай, әсіресе шығыста, тау бет- кейлерінде жаздық жайлаулары болды. Далалардың көпшілік бө- лігінің жайылымдарында түрлі өсімдіктер өссе, тек аздаған дала- лық бөліктерінде саздар мен сусыз шөлдер басым. Жазық рельеф далада жылқылармен жылдам жылжуына мүмкіндік береді (әс- кери жорықтар кезінде күніне 50 км).
Алғаш қолға үйретіліп, өндірісте негізгі күшке айналған жыл- қы малы болды. Осы орайда белгілі түрік тарихшысы А. Синар- дың: «Бүкіл түркі әлеміндегі тарих пен мәдениетте жылқының алатын орны өте жоғары. Біз оны бірінші орынға шығарсақ та қателеспейміз», – деп жазуы өте орынды. Оның үстіне аталған зерттеушілердің және біздің пікірлерімізді тарихи деректер де растай түседі. Мәселен, әл-Джахиз ІХ ғасырдың ортасында жа- зылған шығармасында былай деп келтіреді: «Егер де сен түріктің өмір сүру уақытын есептеп шығарсаң оның өмірінің басым бөлі- гін жер бетінде емес, аттың үстінде өткізгендігін аңғарасың».
Жылқы өсіру – көшпелі түркі тайпалардың негізгі кәсібі. Ол кездерде олардың табындары жүздеген не мыңдаған жылқылар- дан тұрады. Дерек көздері қазақ шаруашылығындағы жылқының зор маңызы болғандығын көрсетеді. Оның көмегі арқылы жүруге қиын жерлерді игерді, басқа малдарды бағуға пайдаланды.
Өндірістің тірі құралы ретінде малдың да пайдалануға жа- рамды өз уақыты болады. Көшпелі малшы қой мен ешкінің өмір сүру уақыты 6-7, жылқыныкі 18-19, түйенікі 20-25 жылға сәйкес
54
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

келетінін жақсы білді. Өзінің өндірістік маңызын жойған мал- дың әрбір түрі өндірістік процестен шығып сойылуға жіберіліп отырды.


Жылқылар көшпелілердің негізгі қозғалыс көлігі және әске- ри күші болды. Сай аттылар соғыс кезінде басты рөл атқарып, қарсыластарынан басым болуға мүмкіндік береді. Олар әскери жылқыларды жақсы дайындады, ал атты садақшыларды қуатты күшке санады. Олардың тактикасының негізінде тез қозғалғыш- тық жатты. Негізгі қаруларға садақ, найза және семсер жатты.
Түркілердің негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы бол- ғандықтан тамақ құрамы ет, сүт болған. Қолға ұстайтын малдан алып отырған, әсіресе қой малшысы. Көшпелілердің сүйікті жұ- мысы – аңшылық. Көсемдер жиі-жиі үлкен аңшылыққа шығып, оған барлық тайпалар еліктеп отырған.
Көшпелілер өз ресурстарымен ғана өмір сүре алады. Мыса- лы, қой жүнінен киіз жасады, киіз үй тікті. Жүннен киім тоқыған, кілем және қанар тіккен. Әртүрлі мақсаттарда үй мал шаруашы- лығының терісі мен былғарысын пайдаланған. Жылқы, түйе, қой сияқты малдарын айырбастап отырған. Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын (жүннен жасалған бұйым, киіз, кілем, былғары, тон- дарын) басқа заттарға айырбастаған. Келісімнің өзіндік түрлері қарапайым айырбас немесе қытайдың жібегімен бағаланды, жүн- нен жасалған матамен белгіленіп мөшерленді. Азиядағылардың кең тараған төлемдері ол металдан жасаған ақша болған. Қытай мен Батыс Азия арасындағы негізгі сауда керуен жолдарын бақы- лай отырып, өткен керуендеріне салық төлеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет