Наймандар мен керейт ұлыстары (ХІІ ғ. басы – ХІІІ ғ.). Наймандардың, керейттердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығыстан Қазақстанға шектесіп жатқан Моңғолия ау- мағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тари- хына тікелей қатынасы бар. Көшпелі мемлекеттіктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстан- ның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан бастала- тын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттігіне тән болды.
Найман тайпалар одағы VІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғар- ғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен най- мандар деп атайтын жерді алып жатты. Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидан- дардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады.
«Сегіз оғыз» атауы алғаш ұйғыр ханы Мойыншора ескерт- кішінде (VIII ғасыр) кездеседі. Орхон өзенінен бастап жоғары Ертіске дейінгі жерді алып жатқан осы тайпалар ертерек кезде Ұлы Түрік қағандығына кірген. Олар батыс түркілермен, үш қарлық, тоғыз татармен араласып отырды, кейде деректер олар- дың барлығын біріктіріп оғыздар деп атай берген. Төрт ғасыр бойы сегіз оғыз, яғни болашақ наймандар, ұйғырларға тәуелді болды. Бұдан соң сегіз оғызға Қырғыз қағандығының үстемдігі жүрді. Х – ХІІ ғасырдың бас кезінде сегіз оғыз қидандарға вассал болып, Ляо империяның шығыс аймағын – Шығыс Қазақстан мен Батыс Моңғолияны мекендеді. Қидандардың ықпалымен енді найман деп аталды. Бұрынғы сегіз оғыздар мен наймандардың этникалық территориясы сәйкес келетіні (Хангайдан батысқа қа- рай Тарбағатайға дейін) олардың бір халық екенін дәлелдейді. Тарихшы З. Қинаятұлының айтуынша, қазір ойраттар мекендеген Сегіз өзен бұрын наймандардың мекені болғандықтан, «найман» атауы «сегіз» немесе «Сегіз өзен елі» деген мағына береді.
49
■ Қазақстан тарихы
Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжендерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші бол- ды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман би- леушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.
Х – ХІІ ғ. басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Моңғолия жерінде тұрған. Жетісуда Қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтары мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының Шығыс сілімдеріне дейінгі шығыстан батысқа тараған аумақты алып жатқан.
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байла- нысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онгын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында керейттер бүкіл қазіргі Моңғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, моңғолдар да солардың қол астында болған.
Моңғолдар талқандағаннан кейін найман мен керейіт топ- тары қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамы- на, атап айтқанда, қазақ халқының құрамына біртіндеп сіңісе бе- реді. Наймандар моңғол дәуірінде қазақ даласына қоныс ауда- рып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлі- гі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этнонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді.
Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономия- сынан да кездеседі. Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қа- зақстанда қалды. Олар бұрынғы этнонимдегі -іт жалғауын жоғал- тып, Керей (қара керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақ- тарына қосылды. Егер орта ғасырлардағы дала халқының моңғол
50
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
дәуірінде тұрақты түрде және алыстан қоныс аударуын ескерер болсақ, керейіттер мен корейлерді олар батыс керейіттердің шы- ғысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтары- ның батысқа қарай одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүм- кіндігін жоққа шығара алмаймыз. Орталық Азия халықтарының этникалық тарихынан жақсы біліп отырғанымыздай, мұндай ара- ласу мейлінше дағдылы құбылыс болған.
Керейіттерге ерте мемлекеттік құрылымдар – ұлыстар тән болды. Керейіт көсемдерінің екі ордасы болды, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Хатунбалық қаласында, ал оңтүстік ор- дасы Хуанхэ өзені бойында. Ұлыс шегарасының ең маңызды жер- лері күзетке алынды. Ұлыста хан қосынының басқару органдары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеді. Іс жүр- гізу жолға қойылып, құжаттарға мөр басылатын болды. 1007 жы- лы керейіттер, ең әуелі, билеуші топ, христиан дінінің несториан бағытын қабылдайды. Наймандар мен керейіттер арқылы хрис- тиан діні моңғолдарға ықпал етті. Мысалы, Шыңғыс ханның ұлы Тұлұйдың (Төлей) әйелі (ол Уаң ханның жиен қарындасы, ұлы хандар Мөңке мен Хубилайдың шешесі) христиан дінін ұс- танды.
Достарыңызбен бөлісу: |