Бегалиева А.Қ



бет19/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Егіншілік. Қалалардың өсіп-өркендеуі, сауданың дамуы, ауылшаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер бол- ды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егін- шілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғыл- данды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруа- шылығымен ұштасып жатты.

55
■ Қазақстан тарихы


IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орта- лығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйе- мен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші сала- сы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалала- рына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау баурайындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.


Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір не шойын ұш- тары бар, жер жыртатын құралдармен (омаш) өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолда- нылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да сулан- дыру жүйесі болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарыл- ған.
Қолөнер кәсібі. Қазақстан жерін мекендеген халықтар қол- өнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұста- лардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген зат- тарына деген сұраныс көп болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайла- рындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түр- лері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан та- былған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалды. Олардың сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулармен жалатылды. Аңдар мен құс- тар бейнеленген құйма ыдыстар да болды. Мысалы, Тараз қазба- ларынан арыстан бейнелеген тамаша табақша, Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылған. Ұсталар метал-
56
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

дардан, жүн мен былғарыдан түрлі бұйым жасаған. Шеберлер се- бет тоқыған. Мұндай бұйымдарға сұраныс көбейіп, отырықшы- лықпен және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды қанағаттандырған. Бұл кездегі қолөнердің дамығандығын архео- логиялық қазба материал арқылы көруге болды. Түркілер бейбіт кездерде саудамен айналысқан.


Х ғ. ортасында Қарахан мемлекетінің құрылуы немесе олар- дың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу аймағын жақындатты. Қарахандардың Қазақстан мен Оң- түстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды ке- зең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпелілердің отырық- шылыққа көшуінен болды.
ІХ – Х ғасырларда Іле өңірінде елді мекендер пайда болады. Олардың кейбіреулері қалаларға, қолөнер немесе сауда орталық- тарына айналды.
Отырықшылық немесе қала мәдениеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазақстанға таралды. Одан әрі қалалық қол өнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру бастал- ды. Тараз ірі қалаға жатты. Осы кездерде мұнда қоғамдық монша- лар салынады.
Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының нату- ралдық шаруашылығы тұйықтығының бұзылуына әкеліп, қол өнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалаларда халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбеюіне әкелді. Исфиджаб, Оты- рар, Тараз қалаларында темір ақшалар соғылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет