Халық тылда орасан зор еңбек ерлігін көрсетті. Ауыл ша- руашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы колхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі 20 %, әйел- дер 58 %, жасөспірімдер 22 % болды. Яғни майданды азық-түлік- пен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында рес- публика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машина- лары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50 %-ын ірі қара атқарды. Тыл- дағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау бары- сында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен
241
■ Қазақстан тарихы
салыстырғанда 24 млн пұтқа артық. Колхозшылар мен совхоз- шылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ге дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбы- шев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының «Шолақ еспе» артелінде 70 жасар қария Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының «Құр- ман» колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы 1 га-дан 202 ц тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, Авангард колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы. Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Бер- сиев, Ким Ман Сам, Ы. Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады.
«Ойыл» ауданы, «Кемерші» совхозының Зәуре Баймулдина зве- носы, Шелек ауданы Төңкеріс колхозынан Малжегерова звено- лары 1 га-дан 95-100 ц тары мен күріш алды. Соғыс жылдарын- дағы әйелдер ерлігі ерекше. Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан ас- тық жинады.
1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүс- тік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-ден 114,9-ға асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді.
1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасын- дағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды.
242
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шым- кент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбіндегі май- данға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастай- ды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақ- стан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы» деген жазу- мен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, «Қазақ- стан пионері» қорына 4 млн сом ақша жинады. Бұл ақша «Қа- зақстан пионері» атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студентте- рінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері
«Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жа- сақтауға Республикада 480 млн-ға жуық ақша жиналып, Қорға- ныс комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы қаласында С. Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ соғыс жылдары жинаған қаржыға И. Пав- ловқа, Н. Добровольскийге, Р. Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ. Сыпатав атындағы су асты қайығы жаса- лынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан май- дан қорына 4,7 млн сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен әскер бөлімдерін қамқорға алып, жауынгерлерге 2 млн-нан астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті.
Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Мәскеу, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталин- градта трактор зауыты мен «Красный октябрь» зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
243
■ Қазақстан тарихы
Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институт көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым академиясының физиология институты, Украина Ғылым академиясының физика-механика институты, Мәскеу, Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П. Вернадский, В.А. Обручев, И.И. Меша- нинов, А.И. Бах, Л.С. Берг, А.Е. Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н. Бернштейн және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақ- станға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А. Толстой, С. Маршак, С. Михалков, К. Паустовский, М. Зощенко, О. Форш, С. Сергеев- Ценский, Л. Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж. Саинның топтамасы, Қ. Аманжолов- тың «Ақын өлімі туралы аңызы», М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының бірінші кітабы, С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» повесі, Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі дүниеге келді.
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыка- лық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылда- ры Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес кино- матографиясының алтын қорына енген мына фильмдер түсіріл- ді: «Секретарь райкома», «Они защищает Родину», «Воздушный извозчик», «Два бойца», «Фронт», «Жди меня», «Парень из на- шего городка», т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта ки- но қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалы, С. Эйзенш- тейн, Ф. Эрмлер, Г. Рошаль, Э. Тиссе, Н. Черкасов, Г. Алексан- дров, С. Васильев, И. Пырьев, Л. Орлова, Н. Крючков, В. Марец- кая және т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, А. Тәжібаевтың қатысуымен «8-гвар- диялық», «Абай өлеңдері», «Жауынгер ұлы», «Саған, майдан» фильмдері түсірілді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым академиясының Қазақстан- дық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен та- рих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология және өлкетану институттары ашылды. Қ.И. Сәтбаев бастаған қа- зақстандық ғалымдар қара, түсті және жиі кездесетін металдар-
244
Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
ды, тау пайдалы қазбаларын, су және гидроэнергетикалық ре- сурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыс- тар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғары оқу орындары көші- ріліп, көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде Мәскеу авиация инс- титуты, Мәскеу түсті металл және алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен соғысқа аттанған ер- лердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі патриотизм үлгісін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |