Бегалиева А.Қ



бет57/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Халық шаруашылығын дамытудағы реформалардың сәтсіздігі. Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында эконо- микалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде әр түрлі пікірлер айтылды.
Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда
252
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

орта есеппен 1 га-дан 4 ц астық алынып, астық салынбаған ау- дандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықты- рылды. Осы жылғы жиналған астықтың 56 %-ы мемлекетке тап- сырылған.


Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951 жылдың өзінде ірі қара саны 4,5 млн (1928 жылы 6,5 млн
болған); жылқы 1,5 млн (3,5 млн), түйе 127 мың (1 млн ) болды. Тез өсетін қой саны ғана 1928 жылғы санына жақындады: 1951 жылы 18036 мың қой болды (1928 жылы 18566 мың). Ауыл шаруашылығындағы қиын жағдайға қарамастан республикадан жаудан азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5 мың ірі қара, 22 мың жылқы, 350 мың қой және арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың мал жіберілді.
Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек ақысы өте тө- мен болды. Өйткені мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте төмен еді. Мысалы, астық бағасы өз құны- ның сегізден бір бөлігін ғана жапты. 1946 жылы мемлекет 1 кол- хозға 143 000 сом ақша, ал 1950 жылы 170 000 сом ақша жұм- саған. Сондықтан колхозшының айлық еңбекақысы 40 сом болды немесе тек 60 % колхозшының бір күндік жұмысына 1 кг астық тиесілі болса, қалғаныкі бұдан да төмен болған. Шаруаның кол- хоздан алған жалақысына күн көруі мүмкін болмағандықтан, оның негізгі күн көріс көзі өзінің ауласындағы жер болды.
1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С. Хрущев тұсында ауыл ша- руашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағыт- талған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қырқүйек Пленумының шешімдері болып табылады.
Бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жыл- дан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-ның Пленумында бірінші хатшы Ж. Шаяхметов, 2-хатшы Л.И. Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К. Понаморенко және
253

  • Қазақстан тарихы

Л.И. Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-ші хатшылары ауыстырылды.


Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың жә- не тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954- 1955 ж. 2) 1956-1958 ж. 3) 1959-1965 ж. Тың игеру жылдарында, негізінен, солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді бол- ғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-лар жөндеу станцияларына айналдыра баста- ды. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге рес- публикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелініп, Қазақстанда 18 млн га тың жер немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жер- лердің 60,6 %-ы игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг-ге жетті. Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60- жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн гектарға жетті. Бірақ тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады. Өйткені жаңадан игерілген тың жерлер 60-жылдардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осы- ның салдарынан әрбір гектардан жоспарланған 14-15 ц астық ор-нына 1954-1958 жылдары 7,4 ц жиналса, 1961-1964 жылдары

  • 6,1 ц, ал 1964 жылы 3,1 ц ғана астық алынды.

Сол кездің өзінде-ақ Одақтың еуропалық бөлігінде жылдан- жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып, ал біздің рес- публикамызда өсіп отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескеріл- мей, онсызда саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн-нан астам адам көші- ріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның және т.б. республикалардың бірқатар аудандарында
254

  1. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30 жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдары- нан күрт кеміген қазақ халқы, енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша алатын үлесі 30 %-ға дейін төмендеп кетті.


Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны ру- хани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әде- биеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан ас- там елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тың жерді игеру бағдарламасының негізін облыстық, қалалық және солтүстік облыстардың аудандық ұйымдарындағы кадр құрамының көбі орыстар болды. Әр жаңадан құрылған сов- хоздардың партия ұйымдарын орыстар мен украиндар басқарды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқа- руына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн га-дан астам жер эрозияға ұшырады. Қалың- дығы 1 см қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін кем деген- де 2-3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан
8 есе кеміді.
60-жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі жаңадан игерілген жерлер өз мүмкіндіктерін сарқыды, колхозшылар мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің материалдық жағдайы тө- мен болғандықтан еңбекке ынтасы болмады. Жер өңдеу мәдение- тін, топырақ құнарлығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жер- дің географиялық, климаттық ерекшеліктері мүлде ескерілмеді.
Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз, 1966 жылдың мамыр пленумдарында ашылып, оларды жоюдың шаралары белгіленді. Ауыл шаруалышығының берік негізін жасау, жоспарлауды жақ- сарту, колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,
255
■ Қазақстан тарихы

еңбектің материалдық және моральдық қызығушылығын ұштас- тыру міндеттері қойылды. Егістіктің зоналық тиімді пайдалану жүйесі, тың өндіруге бейімделген техникалар ендіріле бастады. 1966-1970 жылдары республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5 млрд сом қаржы бөлінді. Осының арқасында 8-бесжылдықта ауыл шаруашылық өнімі 54 % өсіп, Қазақстан Кеңестер Одағы- ның өзіндік ерекше ауыл шаруашылық ауданына айналды. Оның үлесіне Одақтағы ауыл шаруашылығы өнімінің 11 %-ы тиді. Мемлекеттік қорға республикадан әрбір 4-тонна жүн, 12-тонна ет және 5-тонна астық түсті.


Соғыстан кейінгі даму жоспары 1946 жылы 18 наурызда Жо- ғарғы кеңестің бірінші сессиясында 1946-1950 жылдары «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту» заңы қабылданды. Бесжылдықта республика халық шаруашылығын дамытуға 8,8 млрд сом қаржы бөлінді. Қазақ металлургия зауы- тының құрылысын аяқтау, Қарағанды металлургия құрылысын бастау белгіленді. Теміртаудағы қазақ металлургиялық зауытын- да 2 мартен пеші, 3 прокат жүйесі, Ақтөбе ферросплав зауытында өндірістің 3-кезегі іске қосылды. Түсті металлургия саласында Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты салынып, ол алғашқы мы- рышты бере бастады. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсібі қатарға қосылып, мұнай өндіру соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52 % артты. Электр қуатын өндіру 1945 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті.
Жеңіл өнеркәсіп саласында Петропавлдағы тігін фабрикасы, Жамбылдағы, Қызылордадағы, Павлодардағы тері зауыттары өз өнімдерін бере бастады. Осыған қарамастан тұтыну тауарлары халықтың сұранысын қанағаттандыра алмады. 1950 жылғы мәлі- мет бойынша Қазақстанда тұтыну заттарын өндіретін 65 қана өнеркәсіп орны болды.
50-жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қа- зақстанның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жы- лы өткен КОКП-ның ХХ съезінде қабылданған халық шаруашы- лығын дамытудың 6-ншы бесжылдық, 1959 жылы ХХІ съезде қабылданған 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық және 1966 ж. XXІІІ съезде қабылданған 8-інші бесжылдық жоспарлар- мен белгіленді. 60-жылдардың өзінде ғана 700-дей кәсіпорын
256
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

қатарға қосылды. Оның ішінде Жезқазған байыту комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясы- ның бірінші кезегі, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соко- лов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Павлодар трактор зауыты, Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары аяқ-киім ком- бинаты және т.б. болды. «Қазақсельмаш» зауыты ауылшаруашы- лық машиналары бөлшектерін шығаруға мамандандырылып, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жұмыстардың меха- никаландырылуын қамтамасыз ететін жаңа машиналар мен жаб- дықтар шығара бастады.


Соғыс жылдары Қазақстанда соғыс тұтқындарын қабылдау үшін Балқаш қаласындағы №37, Жезқазғандағы №39, Қарағанды- ға жақын Спасск қаласындағы №99 лагерьлер құрылған болатын. Бұл лагерьлерде 1947 жылғы мәлімет бойынша 35375 неміс әске- ри тұтқындары, 3615 жапон тұтқындары болды. Бұл тұтқындар Қарағанды, Саран, Теміртау, Майқұдық, Пришахтинск, Балқаш, Ақмола облысындағы өнеркәсіп орындарында да еңбектенді. 1945-1950 жылдары №99 лагерьдегі тұтқындар саны 118 923 адамға көбейді. Лагерь «Қарағанды көмір», «Шахтақұрылыс», «Тұрғын үй жол құрылыс» («Жилдорқұрылыс»), «Жилқұрылыс» және т.б. өнеркәсіп орындарын ақысыз жұмыс күшімен қамтамасыз етті.
Кеңестік өнеркәсіп ауыр индустрия мен қорғаныс комплек- сінің басым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да әскери өнеркәсіп кешендері көптеп құрылды. Соның ішінде қазақ жерін- де орналасқан ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. 1948 жылы КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен Семей полигоны салынды. Осы полигонда 1949-1963 жылдар аралығында әуеде 113 ядролық заряд сыналды. 1966 жылдан бас- тап Каспий маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сынала басталды.
1950 жылдың басында Байқоңыр ғарыш айлағы салынды. Бұл құрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты. Зымыран ұшқандағы жарылыстан 4,6 млн га жерге жанармай ша- шырап, жердегі су, жайылым шөптерді уландырды. Космодром көп мөлшерде су жұмсайтындықтан, Сырдария өзенінің деңгейі жылдан-жылға азая түсті.
Сталин қайтыс болғаннан кейін Хрушев тұсында «қырғи-қа- бақ соғыс» өршіп, жеңіл және тамақ өндіріс салаларына тежеу
257
■ Қазақстан тарихы

жасалынып, шикізат пен отын өндірілетін салалар жедел қарқын- мен дамығандықтан, халықтың материалдық жағдайы төмен қал- пында қала берді. Республикада 200-дей жаңа өндіріс орындары салынды.


Қазақстаннан орталыққа шикізат жіберу үшін теміржол құ- рылысы жедел қарқынмен дамып, 1953 жылы Мойынты – Шу теміржол торабы пайдалануға берілді. Сібір, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны байланыстырған Павлодар теміржолы ашылды. Ал Қазақстанның мұнайлы аудандарын игеруге байланысты Батыс Қазақстанда Мақат-Ақтау, Ақтау-Жетібай-Өзен, Атырау- Астрахань, Бейнеу-Қоңырат секілді теміржол жүйелері салынды. Халық шаруашылығын дамытуда теміржол транспортымен бірге республикада автомобиль, құбыр, әуе, су жолдары да негізгі рөл атқарды. Алматыда, Қостанайда, Павлодарда, Ақтөбеде жаңа ірі автомобиль жөндеу зауыттары қайта құрылды. Республикада 60-жылдары құбыр транспорты Маңғыстау түбегінің мұнай бай- лығын игеруге байланысты Өзен-Жетібай-Шевченко, Өзен-Аты- рау-Куйбышев мұнай құбырлары іске қосылды. Транспорттағы бұл нәтижелерге қарамастан Қазақстанда сол уақытта жол қаты- насымен қамтылудың жеткіліксіздігі байқалды.
1970 жылы 3,4 млн жұмысшы болды, бұл 1940 жылдан 5 есе көп еді. Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарда көптеп шоғырланды. Мысалы, Қарағанды металлургия және Ащысай полиметалл ком- бинаттары жұмысшылардың көп шоғырланған ортасы болды. Бірақ экономикалық реформалардың сәтсіздігі қоғамның әлеу- меттік құрамына және тұрмыс жағдайына өз әсерін тигізді. 1957- 1973 жылдар жұмысшылар арасында қазақтардың алатын үлесі 17,4 %-дан, 11,7 %-ға дейін төмендеді. 1970 жылдың басында қазақтар тек мұнай және газ саласында ғана басым болды.
60-жылдары халық шаруашылығын әміршіл-әкімшілік, бю- рократтық жолмен басшылық жасаудың тиімсіз екендігі сезіліп, елдің сол кездегі басшылығы оны қайта қарауға талпыныс жа- сады. 1959 жылы түсті металлургияның барлық кәсіпорындары Қазақстанның қарамағына берілді. КОКП ОК 1965 жылғы қыр- қүйек пленумында экономикадағы әкімшілік айыпталып, өндіріс басшылығын салалық принцип бойынша ұйымдастыру қажет деп

258
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


табылып, өндірістің салалары бойынша одақтық, республикалық және жалпыодақтық министрліктер құру жөнінде шешім қабыл- данады.


Сегізінші бесжылдықта (1966-1970 ж.) халық шаруашылығы жоспарлы экономикаға көшкен кезден бері алғаш рет ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Сегізінші бесжылдықта өндіріс күші жоғарғы қарқынмен дамыды. Қазақстан Одақ бойынша көмір өндіруден, қорғасын қорытудан алға шықты. Мұнай өндіру, химия өнеркәсі- бінің маңызы артты. Бесжылдықтың соңына қарай 445 ірі өнер- кәсіп орындары мен цехтар ашылып, зауыттар мен фабрикалар қайта жабдықталды. Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатының өнімі Орал металлургия зауытының және т.б. өнеркәсіп орында- рының шикізат көзіне айналды. Қарағанды металл зауыты жоғар- ғы сапалы шойын, мыс өндірді. Республика хром өндіруден бірін- ші орынға, темір және марганец өнімдерін өндіруден үшінші орынға көтерілді. Республикадағы трактор жасау саласының не- гізі болған Павлодар трактор зауыты іске қосылды. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 1970 жылы Одақ бойынша өңдірілген барлық өнімнің 16 %-ын берді.
60-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық рефор- малар сәтсіз аяқталды. Ауыл шаруашылығына, өндіріске қатысты қаулы-қарарлар бұрынғысынша әкімшіл-әміршіл сипатта қала берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет