Ақорда – Есілдің сол жақ жағалауында орналасқан. Резиден- ция құрылысы 2001 жылдың қыркүйек айында басталды. Қа- зақстан Республикасы Президентінің жаңа Сарайының ресми тұсаукесері 2004 жылдың 24 желтоқсанында өтті. Оның биік- тігі – сүмбісімен қоса есептегенде 80 метр. Резиденция ғимара- ты бес жерүсті қабаттан тұрады. Оның бірінші қабаты 10 метр- ді, қалғаны 5 метрді құрайды. Сонымен қатар екі жерасты қа- баты бар. Бірінші қабатта шерулік орталық холл, мемлекет
294
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
басшысы атынан ресми қабылдау өткізуге арналған салтанат залы, баспасөз-конференцияларын, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ өкілдерімен кездесуін өткізуге арналған зал және Қысқы бақ орналасқан. Екінші қабатта кеңселік, қызмет орындарына арналған бөлмелер, ал үшінші және төртінші қа- баттарда бірнеше зал мен кітапхана бар.
Бәйтерек қаланың сол жағалауына салынған. Бәйтерек сөзі –
«алып ағаш» дегенді білдіреді. «Бәйтерек» – қазақ фольклорын- дағы Ер Төстік ұшырастыратын ағаш. Қазақтардың наным-сенім- деріне қарағанда, оның бұтақтарына жылына бір рет Самұрық құс жұмыртқа салатын. Ол – үлкен жұмыртқа күмбезі бар ғимарат. Ғимараттың биіктігі 97 метр, өйткені 1997 жылы Қазақстанның елордасы Ақмолаға көшірілді. Бәйтеректің шыңында кафе мен дәмхана орналасқан.
Бәйтерек монументін салуды Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған болатын. Оны бел- гілі отандық сәулетшілер А. Рүстембеков және Б. Қонысбай,
«Имстальком» отандық компаниясы, астаналық құрылысшылар мен қарағандылық металлургтер жүзеге асырды.
Ел ішінде «пирамида» деп аталатын Бейбітшілік және келі- сім сарайының 2006 ж. қыркүйек айында Елбасы мен бірқатар ортаазиялық мемлекеттер Президенттерінің қатысуымен өтті. Оның ашылуында Н.Ә. Назарбаев «бұл сарайды аша отырып, оның тек Астана мен Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия аймағының да мақтанышы болуын қалай- мыз», – деп бұл ғимараттың ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен достықтың символы болып табылатындығын да атап өтті.
Бейбітшілік және келісім сарайы пирамида пішінді, биіктігі 25 қабатты ғимаратқа немесе 62 метрге тең. Пирамида қабыр- ғасының ұзындығы – 62 метр. Пирамидаға кіру есігі жер астында орналасқан. Сарайдың ішінде 1,5 мың орынды опера театры, үш қабатты музей, көрмелік және концерт залдары, кітапхана, руха- ни конфессиялар офисі және басқа да бөлмелер орналасқан. Бұл жерде республиканың этномәдени орталықтары да бар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері осында өтеді.
295
■ Қазақстан тарихы
Бейбітшілік және келісім сарайының тәжірибесі бойынша рес- публиканың барлық аймақтарында этномәдени орталықтардың жұмыс кеңсесі «Достық үйлері» жұмыс істейді.
Жоба авторы британдық сәулетші Норман Фостер «Пирами- даның» ашылуында:«Көңіл-күйім тамаша. Менің идеямның бы- лай жүзеге асқанына таңданып, қуанып тұрмын. Бейбітшілік және келісім сарайының құрылысына өткен жазда кірістік. Бар болғаны бір жыл ішінде Астанада пирамида пайда болды. Өзінше бұл өте таза фигура. Кішігірім биіктікте тұрғаны оның артық- шылығын одан бетер аша түседі», – деп атап көрсетті. Бұл ғима- ратты «Сембол Иншаат» түрік компаниясы салды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналған мемо- риал саяси қуғын-сүргіннің барлық құрбандарына арналған. Ол 1997 жылдың 6 маусымында, Қазақстан халық Ассамблеясының IV сессиясының ашылуы қарсаңында бой көтерді. Биік қорған тәрізді төбенің биіктігі – 27 метр. Монументтің төменнен жоғары қарай 55 баспалдақтан тұратын сатысы бар. Ал оң жағында қа- бырғаға қираған шаңырақ, құрғап кеткен жер, сонымен қатар жа- зықсыз құрбан болғандарды жоқтап, жылап жатқан адамдар бей- неленген.
XX ғасыр Қазақстан елі үшін ең ауыр кезең болды. Осыған байланысты Елбасы: «Мен халқымның көнбеске көніп, шыдамас- қа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қа- тыгез тасқыны біржолата мүжіп, біржолата үгіп, біржолата шайып әкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да, аман қала алып- ты», – деп толғанған еді.
2000 жылдың 7 мамырында салтанатты түрде Ауған соғысын- да қаза тапқан қазақстандықтарға қойылған мемориал ашыл- ды. Жып-жылтыр гранит тақтада ауған соғысында қаза болған 761 жауынгерлердің есімі мен ғұмыры үзілген жылы жазылған.
Қызыл түсті гранит Қазақстаннан шыққан жас солдаттар мен офицерлердің төгілген қанын білдіреді. Мемориалдың екі қапта- лында екі тілде ірі әріптермен «Ауған алауы жадымызда» деген сөздер қашап жазылған. Біз Ауғанстанда қаза болған жауынгер- леріміз бен офицерлерімізді есте сақтауға тиіспіз. Олар қияндағы алыс елге, Ауғанстан халқына «интернационалдық парызын» орындау үшін жіберілді. Ешкім де бұл әскери қызметті өзі таңда-
296
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
ған жоқ, тек бұйрық бойынша өздерінің әскери міндетін орын- дады. Ауған жерінде 115 мың кеңес жауынгері қаза болды. Осы қатыгез соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты, соның 761-і қаза болып, Қазақстан жерінде жерленді. Осы алыс елде 62 ақмолалық өлім құшты, 2-еуі хабарсыз кетті. Бүгінде Астанадағы және рес- публикадағы ардагерлер ұйымдары маңызды да, игілікті істер ат- қаруда. Олар жастарды өз еліне деген сүйіспеншілік пен адалдық рухында тәрбиелеумен айналысады.
«Отан қорғаушылар» монументі 2001 ж. 9 мамырда ашыл- ды. Монумент сәулетшілері – А. Бексұлтанов пен Н. Конополь- цев. Бұл ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі елімізді қорғау жолында құрбан болған батыр бабаларымыз бен жауынгерле- рімізге арналған. Төртбұрыш пішінді тұғырдың үстіне орнатыл- ған қола тақтада ана тұлғасы бейнеленген. Отан-ана ұстап тұрған символдық тостаған жұқа алтынмен қапталған. 24 метрлік мемо- риал 63 тонна таза қоладан салынған.
Бұл жерде фашистік Германияны жеңген Жеңіс күні шеруі жыл сайын өтіп отырады.
Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш Есілдің жаға- сында орналасқан. Ол 1837-1847 жылдар аралығында Патша үкі- метіне қарсы ұлт-азаттық күресті басқарған. 1838 жылдың жа- зында Ақмола бекінісін қоршауға алған болатын.
Әділеттілік ескерткіші 1998 ж. ашылды. Ол қазақтың атақ- ты үш биі – Қазыбек, Әйтеке және Төле билерге арналған. Биік тұғырға орнатылған бұл ескерткіш билер сотының әділдігін бей- нелейді. Билердің даналығы, шешендігі мен беделі ел ішінде жо- ғары болды. Бүкіл қазақ даласында беделді бұл билер шыншыл, адалдығымен әрі парасаттылығымен ерекшеленді.
Қаланың әдемі әсем ғимараттары қатарында Ұлттық музей, Академиялық кітапхана, Ұлттық мұрағат және т.б. бар. 2011 жы- лы Халықаралық астаналар және ірі қалалар Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «ТМД және ЕуразЭС үздік қаласы» ІІІ халықаралық байқауында Астана 81 қаланың ішінен ең үлкен марапатқа ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |