Бегалиева А.Қ



бет58/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны неше кезеңнен тұрды?

  2. 1950-1970 жылдары қазақ мектептерінің тағдыры қандай болды?

  3. 60-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық реформалардың сәтсіз аяқталу себептері неде?

  4. Қазақстанда жұмысшылардың көп шоғырланған ортасы қай жерде болды?

    1. 1971-1990 жылдардағы Қазақстан




Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы. ХХ ғасырдың 60-жыл- дарының ортасы – 70-жылдарының басында басталған экономи- калық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға

259
■ Қазақстан тарихы


бағытталған тұстары бұрмаланды. «Тоқырау» кезеңі дейтін 1971- 1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысын- ша техникалық прогреске қабілетсіз, қарапайым әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 %-ы жұм- салды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіп- орындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шев- ченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді.


1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Де- генмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд сом жал- пы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн сом немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Өндірісті жос- парлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді.
ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамас- тан өнеркәсіп көлемі 12,6 %-ға орындалмады. Оныншы бесжыл- дық 25 %-ға, ал он бірінші 3,6 %-ға орындалған жоқ. Соның сал- дарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қар- қыны баяулап, 80-жылдардың бас кезінде экономикалық тоқы- рауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді.
Өндіріс теңестірілмеді, әкімшілік арқылы басқарылуы жағ- дайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмалар үнемі өз- геріп отырды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда түрлі министр- ліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өз- гертілген. Күрделі құрылыстарда бітпеген объектілер саны өсті. 70-жылдарда құрылыста бригадалық мердігерлікті дамыту қозға-

260
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


лысы басталды. Оның негізінде жұмысшылардың өндірісте қор- ларды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермеші- лікті жоюға ұмтылыс болды.


Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғас- тырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеу- меттік мәселелерін шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл ша- руашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жылдары ауыл шаруа- шылық саласына 58,2 млрд сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары – жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90 % техникамен жабдықталды. Ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері шешілмей қалды.
Бұл кезде колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбей- ді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем- шөптік дақылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Жем-шөп да- қылдары егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына ІХ бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн қойдың орнына тек қана 35 млн қой болды.
Осы жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге кө- шіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал бордақылайтын алаңдар салынды, малды өсіріп, күтетін ма- мандандырылған шаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіре- тін фермалар құрылды. Жалпы қуаты 23 мың ірі қара малды же- дел өсіріп, бордақылайтын төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған «Жетіген», Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген «Ждановский», Орал облысында 5 мың басқа арналған «Правда» газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған «Шалқар» кешендері жұмыс істеді. Қара- ғанды облысында шошқа өсіріп, бордақылайтын «Волынский»
261
■ Қазақстан тарихы

кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркә- сіптік негізде күтіп бағылды.


ХХ ғасырдың 70-80 жылдарының бірінші жартысында Қа- зақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра іс- тер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың бірінші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа еңбекақы белгі- ленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. 1972-1974 жылдары соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33 %-ға көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді.
Алайда бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көте- руге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, еңбекақы төлеудегі теңгермешілік және т.б. халықтың тұр- мыс жағдайының төмендеуіне алып келді. Оған ақшаның құн- сыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жылдары құнсыздану 20 %-ға өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселенің бірі тұрғын үй еді. Халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді.
Қорыта айтқанда, 70-80 жылдары республика экономикасын- да тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздік- тердің бәрі көріне бастады. Бұл, ең алдымен, басқарудың әміршіл- әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынта- ландыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономи- каны экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланысты- рылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет