Бақылау сұрақтары:
Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың страте- гиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы қандай ұлттық компаниялар арқылы сақталды?
2003-2005 жылдар Ауыл жылдарына қанша қаржы бөлінді?
«Қазақстан-2030» бағдарламасының талаптарына сай қандай темір жол- дар іске қосылды?
ХХІ ғ. басында тұрғын үй құрылысы қалай жүрді?
«Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың тарихи Отанына оралуы
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақтарды қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон үдерістерін дұрыс жолға қою мем- лекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болғаны белгілі. 2007 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007-2015 жыл- дарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы қабылдан- ды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 28 тамызда- ғы №399 жарлығы). Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1997 ж. 13 желтоқсандағы
311
■ Қазақстан тарихы
Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» заңы, 2007- 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Көші-қон саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 28 тамыздағы №399 жарлығы, 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының «Территориялық дамуының стратегиясы» туралы 2006 ж. 28 тамыздағы №167 жарлығы, Қа- зақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 10 шілдедегі №1149 жарлығы бойынша «2004-2010 жылдарға арналған ауыл терри- торияларын дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасы» құрайды.
1990 жылдары Қазақстан Республикасынан 2,3 млн адам жа- қын шетелдерге көшіп кетсе, әлеуетті мигранттардың саны 6 млн-нан аса адамды құрады. Ал Қазақстанға көшіп келген 552 мыңнан аса адам 10 %-ға да жетпеді.
Қазақстанға алыс шет елдердің ішінен Қытайдан көшіп ке- лушілердің саны көбірек. Еліміз Тәуелсіздігін алғанға дейінгі уақытта да Қытайдан репатрианттар көшіп келген болатын. Бірақ көшіп келушілердің саны айтарлықтай көп емес: соңғы 5 жыл ішінде Қытайға жыл сайын 30-ға жуық адам көшіп кеткен, ал көшіп келгені 500-800 адам. Әзірге бұл лектің қаншалықты өзге- ретінін айту мүмкін емес. Дегенмен Қытайдағы қазақ диаспора- сының саны 1,5 млн адамды құрайды.
Қазақстандағы көші-қон саясаты жөніндегі мемлекеттік сая- саттың негізгі бағыты – ТМД, Балтық және алыс шетелдерден эт- никалық қазақтарды Отанға қайта көшіру. Репатриация саясатын таңдауы Қазақстанның осы уақытқа дейінгі демографиялық жағ- дайының дамуына байланысты болды. Бірнеше онжылдықтар бойы қазақ халқы өз мемлекетінде этникалық көпшілікті құрама- ды, тек 1986 ж. қазақ этносының саны орыс халқының санымен теңесті және осы жылдан кейін қазақтардың саны өсе бастады. Тұрғындардың санын көбейту «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында жазылғандай, мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Шет елдердегі этникалық қазақтарды көшіру халықтың санын көбейтіп қана қоймай, сондай-ақ жергілікті халықтың сандық үлесін көбейтеді. Репатрианттарды Отанына көшіру, орналастыру және қоғамға интеграциялау көші-қон саясатының және негізгі атқарушы ор- ган қызметінің маңызды басымдықтарының бірі ретінде жария- ланды.
312
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
«Көші-қон туралы» заңды қабылдағаннан кейін этникалық қазақтардың өзінің тарихи отанына көшуі басталып, көші-қон саясаты жүзеге аса бастады. Демография және көші-қон жөнін- дегі агенттіктің мәліметі бойынша 1991-2000 жылдар аралығын- да республикаға 42 387 қазақ отбасы немесе 183 652 адам көшіп келген. Оның 60 %-ға жуығы ТМД мемлекеттерінен: Өзбекстан- нан (62 737 адам), Түрікменстаннан (22 055 адам), Тәжікстаннан
(10 476 адам), Ресейден (8 490 адам) және т.б. елдерден келген. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жө-
ніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, 1991-1998 жылдары елге көшіп келушілердің нәтижесін төмендегі мәліметтерден кө- реміз. 1991-1998 жылдары көшіп келу квотасы бойынша барлығы 176 960 адам келген. Олардың 27044-і Қазақстан Республика- сының азаматтығын алған. Барлық репатрианттардың ішінен Моңғолиядан келгендер саны – 63500 адам. Оның ішінде Қазақ- стан Республикасы азаматтығын алғаны – 859; Моңғолияның азаматтығынан шыққандар саны – 4667. Квотадан тыс келгендер
375 378 адам, соның ішінде алыс шетелден – 26 756 адам, жа- қын шетелден (ТМД) – 348 623 адам.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 374.000 қазақ диаспорасы көшіп келген. Егер 2000 ж. көшіп келу квотасы 500 отбасына берілсе, 2004 ж. 10.000, 2005-2007 жылдары бір жылға 15.000 от- басына бекітілді. 2015 жылға дейін мемлекет халқының санын 20 млн адамға жеткізуге байланысты қойылған міндеттерді жүзе- ге асыру үшін квота саны көбейтілген. 2004 жылы квотамен Өзбекстаннан – 6.216; Ресей Федерациясынан – 1.445, Түрікмен- станнан – 781, Қытай Халық Республикасынан – 666, Моңғолия- дан – 620 және Қырғызстаннан – 78 қазақ отбасы көшіп келген.
Репатрианттар үшін ең негізгі мәселе – тұрғын үймен қам- тамасыз етілу болып табылады. 2000 жылдың 1 қаңтарында 76 репатриант отбасы Алматы қаласында тұрғын үй алды. 2000 ж. Алматы қаласының әкімшілігі республикада алғашқылардың бірі ретінде 55 репатриант отбасына жаңа тұрғын үйден пәтер беру арқылы жергілікті бюджеттің қарызын жапты. Сондай-ақ респуб- ликаның бюджетінен 2000 ж. 33,4 млн теңге қаржы бөлінді. Бө- лінген қаржыға басқарма 36 пәтер сатып алды. Репатрианттарға тегін медициналық жәрдем көрсетіліп, балалары мектепке дейінгі
313
■ Қазақстан тарихы
және мектепке оқуға беріледі, зейнетақылар мен жәрдемақылар төленеді. Сонымен қатар репатрианттарға жан-жақты әлеуметтік қолдау және қорғау көрсетіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығы мен тұрғын үйді алуда Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша консультативті көмек беріледі. Дегенмен репатрианттардың тарихи Отанына келуі және Қазақстан Респуб- ликасының әр түрлі аймақтарына орналастырылуында бірқатар мәселелер бар. Үкіметтік емес қазақстандық әлеуметтік-экономи- калық ақпарат және жобалау институтының ұжымы жүзеге асыр- ған шұғыл жобаның нәтижесі репатрианттардың негізінен Қазақ- станның төрт аймағында: Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарына орналастырылғандығын көрсетті.
1999 жылдың соңына қарай Ақмола облысында 14486 адам- ды құрайтын 2898 оралман отбасы тұрған. Орналасқан ауданда- ры: Бұланды, Ерейментау, Егіндікөл, Аршалы, Шортанды, Цели- ноград, Атбасар, Жақсы, Есіл. 1998 жылға дейін келген 10734 орал- манның демографиялық құрамы төмендегідей болған: еңбекке жарамды – 3777 адам, 18 жастан жоғары – 1965, балалар – 3284, зей- неткерлер – 522 адам. Ресей мен Өзбекстаннан келгендер саны тек 4 %-ды құрайды.
1999 жылдың соңына қарай Моңғолияның азаматтығынан шығуға 7299 оралман құжаттары тапсырылып, бекітілгенімен, бұл мәселе өте баяу шешілген. 1999 ж. 9 отбасы Моңғолияға қайта көшіп кеткен. Еңбекке жарамды 6126 адамның 1469-ы (24 %) жұмысқа орналастырылған, жұмыссыздар – 1544 адам (25,2 %), қалғаны жұмыссыздар категориясына жатады. Қараған- ды облысында 3648 репатриант отбасы, соның ішінде Моңғолия- дан 2876 отбасы, Қытайдан 11 отбасы, Югославиядан 1 отбасы, ТМД мемлекеттерінен келген 760 отбасы өмір сүреді. Барлығы – 17152 адам. Облысқа 1991 ж. 748 отбасы, 1992 ж. 1411 отбасы,
1993 ж. 746 отбасы, 1994 ж. 180 отбасы, 1995 ж. 370 отбасы,
1996 ж. 237 отбасы, 1997 ж. 124 отбасы, 1998 ж. 143 отбасы, 1999 ж. 47 отбасы келген. Негізінен, Қарағанды қаласында – 136 отбасы, Теміртау қаласында – 191 отбасы, Ақтауда – 217 от- басы, Жәйремде – 206 отбасы, ауылдық аудандарда: Бұхар жы- рауда 521 отбасы, Абайда 246 отбасы, Шетте 363 отбасы репа- трианттар тұрады. Басқа жерлерде оралмандар саны айтарлықтай төмен.
314
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
1991-1995 ж. еңбек келісімшарты бойынша келген барлық репатрианттар отбасына жергілікті жерлерде көмек көрсетілен. 1996 жылдан бастап көшіп келген отбасының басшысына 15 рет- тік айлық есептік көрсеткіш, ал қалған отбасы мүшелеріне 7 рет- тік айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілген.
Репатрианттардың өмір сүру деңгейі өте төмен, ең алдымен, бұл Моңғолиядан келгендерге қатысты. Репатрианттардың көп- шілігі көпбалалы отбасы және олардың отбасы көрсетілген әлеу- меттік төлемдерді алғанымен, кедейліктен төмен деңгейде өмір сүреді. Отбасының еңбекке жарамды барлық мүшелерінің 90 %-ы жұмыссыз. Оның себебі өтпелі кезеңмен байланысты болса, арнайы себебі – заңнаманы білмеуі және репатриант ретін- де өзінің жеке құқықтары туралы ақпараттың аздығы, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің репатрианттарға немқұрайлы қарауы. Ауылдық жерлерде тұратындардың 1 сиыры және 2-3 қойы бар, ал қалалы жерлерде тұратындар ұсақ сауда-саттықпен күн көріп, отбасын асырауға мүмкіндігі бар. Осының нәтижесінде репатрианттар отбасы ауылдық жерлерден қалаға біртіндеп кө- шуде және осы кезге дейін 650 отбасы көшіп кеткен.
Оңтүстік Қазақстан облысына 1991-1999 жылдар аралығында 41627 қазақ көшіп келген, оның ішінде: Өзбекстаннан – 61,1 %; Тәжікстаннан – 22,5 %; Ираннан – 5,6 %; Ауғанстаннан – 2,4 %; Түркиядан – 1,5 %; Пәкістаннан – 0,9 %. Репатрианттар облыстың екі ауданында қоныстанған, Мақтааралда 35,3 %, сондай-ақ Са- рыағашта 30,6 %, сонымен бірге қазіргі уақытта облыстың қала- лары – Шымкентте, Түркістанда, Кентауда 13,1 %, ал ауылдық жерде сәйкесінше 86,9 % репатриант тұрады.
Басым бөлігі жақын шетелден шыққандар – репатрианттар- дың 41,6 %-ы қазақстандық азаматтықты қабылдауы салыстыр- малы түрде жоғары. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, көшіп келушілердің тек 3,9 %-ы тұрғын үймен қамтамасыз етілді; бар- лық көшіп келгендердің 22,4 %-ының еңбекке жарамды жастағы- ларының жұмыстары бар. Бұл көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан облысындағы репатрианттар жағдайының нашар екендігін айқын дәлелдейді. Осы жағдайларға қарамастан, соңғы жылдары көшіп келушілердің саны өсті, реэмиграция үдерісіне Өзбекстаннан
315
■ Қазақстан тарихы
келушілер көп үлес қосты. 2000 жылдың қаңтарында тек Өзбек- станның өзінен 320 репатриант келді. Басқару органдары тарапы- нан көрсетілетін көмек теңдей бөлінбейді; негізгі жәрдем қалада тұратын тұлғаларға беріледі, ал ауыл тұрғындары тек «өзін-өзі жұмыспен» қамтиды.
1991-1999 жылдар аралығында иммиграция квотасы есебінен Алматы облысына жақын және алыс шетелдерден 24733 репа- триант келді: Моңғолиядан – 48,0 %; Өзбекстаннан – 25,3 %; Түр- киядан – 6,0 %; Ираннан – 6,0 %; Қытайдан – 3,8 %; Түрікмен- станнан – 2,6 %.
1999 ж. Алматы облысына иммиграцияға квота бөлінбеді, дегенмен квота бойынша басқа облыстарға көшіп келгендер осы аймаққа орын ауыстырып, орналасты. Алматы қаласы және Ал- маты облысы республикадағы адам дамуының индексі бойынша сәйкесінше бірінші және соңғы орындардың бірін иеленеді, мұның өзі «ауыл – облыстық қала» бағытындағы белсенді көші- қон легін көрсетеді. Репатрианттардың басым көпшілігі Алма- тыға жақын орналасқан аудандарда – Қарасайда, Іледе, Еңбекші- қазақта, Жамбылда қоныстанған. Алматы облысының имми- гранттарды қабылдау себебі Қытай шегарасына жақын орнала- суында, сондықтан осы аудандарда тұратын репатрианттардың үлкен пайызы алыпсатарлықпен айналысады, ал алыс аймақтар- дағы оралмандар ауыл шаруашылығы ісіне тартылған. Алматы облысының бұдан басқа ерекшелігі – басқа аймақтарға қарағанда, репатрианттардың мемлекеттік субсидияларға тәуелділік дең- гейінің төмендігі. Осы облысқа мемлекеттік квоталардан тыс көшіп келуші тұлғалар өзін-өзі қамтамасыз етіп, өмір сүруге дағдылануға мүмкіндігі болады.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 ж. иммигранттардың саны 3858 адамға немесе 5,9 %-ға өсті, оның 2028 адамы немесе 3,3 %-ы – ТМД елдерінен келгендер. Иммигранттар негізінен Оң- түстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарына орнала- сады: сәйкесінше 8651, 5274 және 5681 адам.
Тәуелсіздіктің жариялануы, саяси және экономикалық үде- рістердің нәтижесінде әртүрлі уақыттарда Қазақстан территория- сын тастап кеткен, жер шарының әртүрлі мемлекеттерінде өмір сүретін қазақтарды консолидациялаудағы маңызды қадам болды.
316
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
1996-2000 жылдар аралығында шет елдерде тұратын отандаста- рымызды қолдау 1996 ж. 31 желтоқсанда Қазақстан Республика- сының Президенті бекіткен №3308 бұйрығымен шет елдерде өмір сүретін отандастарымызды қолдау атты мемлекеттік бағдар- ламасына сәйкес жүргізілді. Бағдарлама іс-шаралар кешенімен ұсынылып, негізгі 6 бөлімнен тұрды: ғылыми жабдықтау, нор- мативті құқықтық база, білім беру, мәдениет, туризм және спорт, кітап шығару және бұқаралық ақпарат мәселелері, ұйымдастыру шаралары. Белгіленген мақсаттарды сапалы және толықтай жү- зеге асыру үшін 2005 ж. қарашада Президент «2005-2007 жылдар- ға арналған шет елде тұратын отандастарымызды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» бұйрыққа қол қойды. Басқа заңдық актілердің қатарында: «Тұрғындардың көші-қоны тура- лы» Қазақстан Республикасының заңы, 2001-2010 жылдарға ар- налған Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының сала- лық бағдарламасы, 2004 ж. 27 желтоқсанындағы Қазақстан Рес- публикасы Президентінің 2005-2007 жылдарға арналған орал- мандар иммиграциясының квотасы туралы бұйрығы, репатриант (оралман), реэмигрант, қоныс аударушы, сонымен қатар мәжбүр- лі қоныс аударушы статусын анықтау реті туралы нұсқау.
Мемлекеттің бұл саясаты оралмандардың елге көшіп келуіне айтарлықтай әсер етті. Қазақстан Республикасы Еңбек және тұр- ғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің мәліметтері бойынша 1993 және 2005 жылдың 1 қазаны аралы-
ғында 117 698 оралман отбасы (464 426 адам) көшіп келген, оның басым бөлігі Өзбекстаннан (61,5 %), Моңғолиядан (15,4 %), Түрікменстаннан (9 %), Қытайдан (4,8 %), Ресейден (4 %). Рес- публикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың жақсаруы және көрші мемлекеттердегі иммиграциялық көңіл- күйді талдау, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп отырған диаспо- ралық саясат, Қазақстанға көшіп келуші оралмандардың саны ары қарай өсе түсетінін жобалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Республикадан тыс 5 млн-ға жуық қазақ өмір сүреді және оларға демографиялық жағынан үлкен үміт артылып отыр. Президент Н.Ә. Назарбаев қойған басты міндет – 2015 жыл- ға қарай қазақстандықтардың санын 20 миллион адамға көбейту. Сондай-ақ репатриация үдерісі маман тапшылығын жойып, мем-
317
■ Қазақстан тарихы
лекеттік тілге байланысты жағдайды жақсартады, республикадан тыс өмір сүретін қазақтардың ассимиляция үдерісін тоқтатып, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта оралмандардың көпұлтты Қазақстан тұрғын- дарының арасына сәтті бейімделуі үшін жағдайлар жасалады. Алматыдағы Архитектура және құрылыс академиясының базасы негізінде оралмандарға арнайы университет ұйымдастырылуда.
«Егер біз шет елдерде тұратын қазақтарды тарихи отанына қай- тарғымыз келсе, ең алдымен, олардың балаларының Қазақстанда орта және жоғары білім алуына байланысты барлық мәселелерді шешуіміз керек», – деді Дүниежүзілік оралмандар ассоциациясы төрағасының орынбасары К. Найманбаев. Сонымен қатар орал- мандардың балаларына арнайы мектеп-интернаттар ашу жөнін- дегі мәселелер шешілуде. Қазақстанда орта білім алу олардың жоғары оқу орындарына түсуін жеңілдетеді. Бірақ мәселе бұдан да көп.
Репатрианттарға қатысты көші-қон саясаты қазіргі уақытта таңдау принципі негізінде жүргізіледі. Жоғары білімі бар, өз ма- мандығының білгірлерін таңдайды. Бірақ этникалық қазақтар тұ- ратын елдерден зиялылардың жаппай келуі әлі күнге дейін бай- қалмайды. Шындық мынадай, оралмандардың басым бөлігі, яғни 65 %-ының тек орта білімі бар. Колледж дипломы әрбір бесінші, ал жоғары оқу орны дипломы әрбір оныншы репатриантта бар. Оралмандардың 3,5 %-ы бастауыш мектепті де бітірмеген. Бейім- делу үдерісінде білім деңгейі басты рөлдің бірін атқарады. Репа- трианттың білім деңгейі жоғары болған сайын, оның жұмысқа ор- наласу мүмкіндігі де жоғары болып келеді. Дегенмен оралман- дардың білімі көбінесе бәсекеге төтеп бере алмайды. Сондықтан олардың квалификациясы жоғары емес экономика секторларын- да немесе басқа мемлекеттердің гастербайтерлары «басып алған» жерлерде қызмет етуіне тура келеді. Сондықтан да Қазақстанда еңбек нарығын жіті бақылау керек.
Репатрианттарға бюрократиялық кедергілер ерекше қиын- дық туғызады. Қазір репатрианттармен 6 министрлік – Еңбек жә- не халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мәдениет және ақпа- рат министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер депар- таменті, Сыртқы істер министрлігі және Әділет министрлігі айна-
318
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
лысады. Мамандар этникалық қазақтарды репатриациялаумен айналысатын арнайы министрлік құруды ұсынады. Оның негізгі қызметі – оралмандармен жұмыс істеп, оларға уақытында жәр- демақыны, жер учаскелерін, азаматтық алу мен басқа да құжат- тарын дайындау болар еді. Маңызды мәселелерге – өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, баспананың жоқтығы жатады. Алыс шет- елден келгендер үшін қазақстандық азаматтықты алу мәселесі басым.
Этникалық қазақтарды көшіруге байланысты «Нұрлы көш» бағдарламасы бекітілді. Бұл этникалық иммигранттарды; Қазақ- стан Республикасының территориясында еңбек ету үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; елдің ахуалы нашар аудан- дарында өмір сүретін Қазақстан азаматтарын дұрыс қоныстанды- руға және орналастыруға көмек беруге арналған Қазақстан Рес- публикасының мемлекетік бағдарламасы. Қазіргі кезде 2009- 2011 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдар- лама Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылған:
бағдарламаның қатысушыларын еңбек ресурстарындағы экономика қажеттіліктеріне сәйкес және алдыңғы қатарлы жоба- ларды жүзеге асыру үшін қоныстандыруға қызықтыру;
бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау үшін жаңа механизмдерді жасау және жүзеге асыру;
бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үй құрылысына не- сие салып және тұрғын үйді сатып алу арқылы тұрғын үймен қам- тамасыз ету;
бағдарлама қатысушыларын тұрақты еңбекпен қамту;
миграциялық үдерістерді тұрақтандырудың нормативті құ- қықтық базасын жақсарту.
Бағдарламаны жүзеге асыру мынаған мүмкіндік береді:
этникалық, ішкі және сыртқы миграция үдерістерін реттеу және оларды аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына бейімдеу;
этникалық және ішкі мигранттардың басым бөлігінің өмір сүру деңгейін көтеру;
бұрын Қазақстаннан кеткен жоғары дәрежелі мамандарды қайтаруға жағдайлар жасау;
319
■ Қазақстан тарихы
– мигранттардың бейімделуімен және интеграциясымен, жұ- мыссыздықпен және стихиялы миграциямен байланысты әлеу- меттік қатердің пайда болуының алдын алу;
– ұлттық ұйысу үдерісінің ары қарай дамуын қамтамасыз ету, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығайту, демография- лық жағдайды жақсарту.
Бүгінгі күні Қазақстанда оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта жәрдемақымен қа- тар тұрғын үй алуға, көшу мен мүлкін жеткізуге байланысты шы- ғындарды өтеуге орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге бөлінеді. Елімізде оралмандарды уақытша орна- ластырудың 14 орталығы қызмет етеді. 2008 жылдан бастап Қа- рағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан об- лысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және ин- теграциялау орталықтары өз жұмысын бастады. Ақтау қаласында оралмандарды бейімдейтін типтік орталықтың құрылысы бастал- ды. Бейімдеу орталықтарында құқықтық мәселелер бойынша консультация беру қарастырылып, мемлекеттік тілді, қажет бол- ған жағдайда орыс тілін үйрету, мамандар дайындау және қайта дайындау, квалификацияны көтеру жүзеге асырылады. Барлық оралмандар қолжетімді медициналық қызметпен, біліммен және әлеуметтік қамтумен қамтамасыз етілген; олар еңбекпен қамту жұмыстары жүргізілетін мақсатты топқа жатқызылған. Еңбекке жарамды 66 %-дан астам оралман өндірістің әртүрлі салаларын- да, ал әрбір төртінші оралман ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімшіліктер жанынан Оралмандар кеңесі құрылған, олар жаңа өмір сүру жағ- дайындағы оралмандардың мәселелерін қарастырып, оны шешу- мен айналысады. «Оралман» атты ақпараттар базасы құрылып, жандандырылуда, ол этникалық оралмандарға әлеуметтік қыз- меттердің барлық түрін жедел көрсетуге мүмкіндік беретін әлеу- меттік саланың ортақ ақпараттық жүйесіне қосылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда этникалық иммигранттардың тұрғын үй мәселесін шешуге байланысты жобалар жүзеге асы- рылуда. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан 2000-ға жуық этникалық имми- гранттарды көшіруге байланысты жоба жүзеге асырылуда. Жер-
320
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
гілікті құрылыс материалдары негізінде көшіп келушілерді бір жерде бірге тұруға тарту үшін оралмандардың өздерін құрылыс жұмыстарына қатыстыру арқылы жаңа «Асар» ықшам ауданында 2 мың коттедж құрылысы жүргізілуде. Алматы қаласында 185 үй салуға арналған «Байбесік», Астана қаласының Сарыарқа ауда- нында «Нұрбесік» ықшам ауданының құрылысының жобасы іске асуда.
2011 ж. 16 тамызда «Тұрғындардың көшіп-қонуы туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді. Қазақстан Рес- публикасының территориясына өз еркімен келген және еліміздің территориясында өмір сүріп жатқан этникалық қазақтарды им- миграциялау квотасына қосуды ішкі істердің территориялық де- партаменті миграциялық полициясының басқаруына беру туралы өтініш беруде. Ал Қазақстан Республикасының территориясы- нан тыс өмір сүретін адамдарды Қазақстанда тұратын жерін ша- мамен көрсетіп, шетелдік басқарманың қарауына беру керек.
Шетелдік басқармалар этникалық қазақтардың қоныстануы- на көмек көрсетеді. Жаңа заңда оралмандардың орналасу аймақ- тарына қарай салыстырмалы көлемдегі жәрдемақы қарастырыл- ған, негізгі жәрдемақыға қосымша коэффициенттер қойылуда. Соның ішінде еліміздің солтүстік аймақтарына қоныстанушы оралмандар, оңтүстіктегілерге қарағанда 2,4 есе көп жәрдемақы алатын болады.
Жаңа заң бойынша квотаға енген оралмандар бірреттік жәр- демақы мен үй алатын қаржыны Қазақстан Республикасының азаматтығы берілгеннен кейін өзінің және кәмелеттік жасқа тол- ғандардың, қазақ емес отбасы мүшелері қосылмайды, жеке куә- ліктерін көрсеткеннен кейін ғана ала алады. Егер иммиграция квотасына енгізілген оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығы берілмесе, онда оларға бірреттік жәрдемақы мен тұрғын үй алуға бөлінетін қаржы берілмейді және төленбейді. Бұл құқықтық норма жасанды құжаттар арқылы жәрдемақы мен компенсацияны алу жағдайларын болдырмайды. 2011 жылға дейін мұндай жағдайлар жиі қайталанған болатын. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитеті полициясының мәліметтері бойынша 2010 ж. Алматы, Атырау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 42 млн теңге-
321
■ Қазақстан тарихы
ден аса жәрдемақының елге келмеген немесе әртүрлі аймақтарда екі рет жәрдемақы алған 64 факт анықталған. Осындай фактілер бойынша соңғы үш жылда 10 қылмыстық іс қозғалды.
Жаңа заң бойынша оралмандарға жәрдемақы нақты анықтал- ған тұратын жері бойынша ғана төленетін болды, ал белгіленген аймақтан (алғашқы үш жылда) немесе Қазақстан Республикасы- нан (оралман статусын алғаннан кейін 5 жылдың ішінде) көшетін болса, ақша бюджетке қайтарылуы тиіс. Мұндайдың алдын алу шаралары еңбек ресурстарына кіріптар болып отырған аймақтар- дағы шиеленісті төмендетуге көмектеседі. Бұл заң қабылданғанға дейін көшіп келуші отандастарымыздың қоныстану аймағы, тек өздерінің тілектері бойынша анықталған болатын, ал мұның өзі оларды мемлекеттік тұрғыдан бақылауға кедергі келтірді. Соның нәтижесінде оралмандардың 60 %-ына жуығы төрт облыста – Алматыда, Жамбылда, Оңтүстік Қазақстанда және Маңғыстауда шоғырланған. Бұл облыстар онсыз да демографиялық қысымға ұшыраған болатын. Заң бойынша оралмандарға және олардың отбасыларына бейімделу және интеграциялық қызметтер көрсе- тіледі. Заң бойынша оралмандар мен Қазақстан Республикасы немесе Қазақ КСР-да туылған немесе тұратындар мен олардың отбасы мүшелеріне төлем төлеу мүмкіндігін міндетті түрде рас- тау тоқтатылды. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Қазақ- стан Республикасының азаматтығы туралы» заңға өзгертулер ен- гізілді, онда азаматтыққа қабылдау жеңілдетілген тәртіппен (тір- кеумен) қарастыру және қазақ ұлтының азаматтарының ұсыны- сын қарау алты айдан үш айға дейін қысқартылды.
Сондықтан заң тарихи отанында тұрақты түрде тұру мақса- тымен Қазақстан Республикасына келгендердің оралман дәреже- сіне қарамастан, қазақ ұлтының барлық тұлғаларына арналған. Қазақстанның Тәуелсіздігін алған жылдардан бері Қазақстан Рес- публикасы азаматтығын қабылдағандардың 98 %-ы – оралман- дар. Соңғы екі жылда азаматтықты қабылдаған 95 487 оралман- ның 7 мыңнан астамы №6 анықтамасын алмаған. Сондықтан ішкі істер органдары олардың нақты өмір сүретін аймағын анықтау және Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен паспортымен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстан 220 225 шетелдік этникалық қазақ отбасын қабылдаған.
322
5. Тәуелсіз Қазақстан ■
Дегенмен оралмандардың өмір сүруін айқындайтын мәселе- лер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі кезеңінде әлсіз ше- шілді. Осы ретте «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыру эт- никалық үдерісті ретке келтіруге, ішкі және сыртқы көші-қонды және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, этникалық және ішкі мигранттардың басым бөлігінің өмір сүру сапасын кө- теруге, Қазақстаннан кеткен жоғары сапалы мамандардың қайта келуін мүдделендіруге, мигранттардың бейімделуі мен интегра- циясына байланысты туындайтын жұмыссыздық және стихиялы миграция сияқты әлеуметтік қиыншылықтардың пайда болуын ескертуге, ұлттық бірігу үдерісінің ары қарай дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығайту, демогра- фиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |