Бегалиева А.Қ



бет66/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» заңы қашан қабылданды?

  2. «Иммигрант», «мигрант» сөздерін қалай түсінесіз?

  3. Шетелдік басқармалар этникалық қазақтардың қоныстануына көмек бере ме?

    1. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы


Қазақстан Республикасы егемендігінің жариялануы, мемле- кеттің Тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және социа- листік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер не- гізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғам- дық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап- тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партия- лар қалыптасты. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет етіп тұрды.


1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды. Оған КОКП Орталық комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның өзі партияның, оның басшы орган- дарының беделін түсірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясы- ның жұмысына теріс әсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы қыр-
323
■ Қазақстан тарихы

күйек айында өткен республика Компартиясының төтенше съе- зінде оның қызметі тоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғас- тырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құ- рылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономика- лық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағ- дарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.


1991 жылы қазанда жетекшілері О. Сүлейменов пен М. Ша- ханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сон- дай-ақ бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жа- сады.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымда- рында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХVІІІ съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның ал- дында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қор- ғау міндеті қойылды.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе бастауыш ұйым- дарының рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мү- шелерінен жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға то- лық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және об- лыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ кеңестері болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан Тәуелсіздік алды.
Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комите- ті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, «Айша», «Ақ отау» және Іскер әйелдер қауым- дастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.
Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. ма-
324
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

мыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең кө- лемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестік- тердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либерал- дық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989-1994 жыл- дың аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін елде көп- партиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демокра- тиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан Халық Конгресі пар- тиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлт- тық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Рес- публикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Рес- публикасы Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) заңдарында қамтама- сыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 жел- тоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйел- дерінің демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақ- стан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды.
325
■ Қазақстан тарихы

2002 жылдың 2-жартысында Қазақстанның бірлескен демокра- тиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған


«Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың құ- қықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік орган- дармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Көппар- тиялық институтының пайда болуы – елде азаматтық қоғам орна- тудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтар- дың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.
«Саяси партиялар туралы» заңға 2002 ж. өзгертулер енгізі- луіне байланысты 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демо- кратиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Респуб- ликалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының пар- тиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша 2000-2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мек- тептердің саны 8007 болған. Олар – 3545 (44,2 %) қазақ, 2356
(29,4%) орыс, 13 ұйғыр, 81 өзбек, 3 тәжік, 1 украин мектебі. Соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылар- дың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушы- ларының 54,4 %-ын қамтыған. Республика мектептерінде техни- калық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. «Интернет- мектепте» бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім бере- тін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 %-ы қосылды.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға бе- рілді. Соңғы он жылда (1997-2007 ж.) білім саласын мемлекеттік
326
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

қаржыландыру көлемін 6,7 есе арттыруға қол жеткізілді (Тәуел- сіздіктің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы ҚР Пре- зиденті Н. Назарбаевтың сөзінен // Егемен Қазақстан, 15.12. 2007).


Жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтерілуде. 2006 жылдан бері жоғары оқу орындарының таңдаулы 200 оқы- тушысына конкурстық негізде құны 15 мың АҚШ долларына тең
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты тапсырылып жүр. Жыл сайын республикалық бюджет қаржысының есебінен 30 мыңнан астам педагогтың қайта дайындықтан өтуі мен білік- тілігінің арттырылуы жүзеге асырылуда.
Еліміз егемендік алған жылдары жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және бас- қалар Қазақстанның Тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргі- зуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер аш- ты. Түркістандағы Ахмет Яассауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан диплома- тиялық академия ашылып, жұмыс істеп жатыр. 1997 жылы рес- публикада мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан ас- там жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған кері- сінше мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қал- дырылды.
Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа бі- лім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер және аспиранттар оқу- ларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. жерлер- ге оқуға жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті әлемнің 25 университетіне оқуға жіберуде. Соңғы
327

  • Қазақстан тарихы

13 жылда 2 мың қазақстандық шетелдердің жоғары оқу орында- рында білім алып қайтты (Егемен Қазақстан, 27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шетелдерде білім алуда (Егемен Қазақстан,15.12.2007).


2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есеге артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жұмыс істеушіге 3 ғалымнан келеді, ал енді Ресейде бұл көрсеткіш 7,5-ке, ЕО-да – 5,8-ге, АҚШ-та 9,3-ке тең. Біздің деңгейді орташа еуропалық дең- гейге дейін көтеру үшін біз ғылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 есе ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткі- зуді жоспарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-конферен- циясы. Егемен Қазақстан, 8.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғы- лым және білім беру салаларында жоғары қазақстандық стан- дарттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ғылым- ды дамытуда бірқатар басым бағыттар белгіленді. Астанада ар- наулы ғылыми зертханалар құрылды.
Кейінгі жылдары әдебиет пен ұлттық тілдің мәртебесін кө- теруде бірқатар шаралар іске асырылуда. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асы- рылуда. Барлық жоғары және арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды. Қазақ тіліндегі мектептердің саны 3811-ге жетті. Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдау жүйесі құрылды.
Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мем- лекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды. Өнерде менеджменттің тиімді үлгілері өмірге келді. Мысалы, Айман Мұсаходжаева «Солистер академиясы» оркестрін ұйым- дастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов «ПЕН-клубын» ашты. Осының бәрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүр- гізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді.
328
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

Мәдениетті дамытуда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республика- ның 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асы- рылып келеді.


Еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә. Назар- баевтың 2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жарияла- уының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемесі жаңадан ашылды. Олардың қатарында Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылған театрлар бар. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласы- ның 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды дайындау және өткізу барысында Күлтөбе, Отырар, Қожа Ахмет Яассауидің кесенесі, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи- мәдени қорығы т.б. нысандар қайтадан жаңғыртылды. 2002 жы- лы Тараз қаласының 2000 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді.
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде ұл- тымыздың мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы, 1996 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президен- ті жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси қу- ғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл

  • Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми форумның өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих мәселелері- не арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ «Жібек жолы жә- не Қазақстан», «А. Байтұрсынов – ғалым, ағартушы, қоғам қай- раткері», «Қазақстанмен шегаралас аумақтардың тас дәуірі»

329
■ Қазақстан тарихы

сияқты халықаралық және көптеген республикалық ғылыми кон- ференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Республика- ның барлық облыстарына, сондай-ақ көрші елдердің шегаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедиция аттандырылды. Со- нымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында архео- логиялық зерттеулер жүргізілді.


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл

  • Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мә- дени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап келешек ұрпақтың игі- лігіне айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.

Соңғы жылдары «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» 10 томы, Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы онжылдық», т.б. еңбектері, 10 томдық «Тарихи және мәдени ес- керткіштер» жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі том- дығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, «Алаш мұрасы» ат- ты көп томдық серияларын, Ә. Марғұлан еңбектерінің 14 том- дығын, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, т.б. қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды.
Республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә. Назарбаев «Ішкі және сырт- қы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» Жолда- уында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын «Мәдени-тарихи мұраны сақтау» деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған: Біріншіден, халықтың ора- сан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мә- дениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау. Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше
330
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау. Төртіншіден, мем- лекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет