Бегалиева А.Қ



бет61/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

    1. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары және 50-жылдардың бас кезінде репрес- сияға ұшыраған қазақ зиялыларының есімі қай жылы қайтарылды?

    2. Қазақстандағы тың игерудің қандай зардаптары болды?

    3. Н.Ә. Назарбаев Президент болып қашан сайланды?

    4. 1980 жылдың аяғындағы Қазақстандағы жұмысшылардың қандай қоз- ғалыстары болды?

274


5. Тәуелсіз Қазақстан ■







    1. Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның құрылуы




КСРО экономикасындағы тоқырау, озық технологияның бол- мауы, өндіріс шығарған тауар сапасының төмендігі бір кездегі алып мемлекеттің құлауына алып келді. Елдің қорғаныс ісіне көп қаржы жұмсалды, өйткені КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтауға тырысты. 1950-1990 жылдар арасындағы әскери шығын 20 триллион долларды құраған. Осындай көрсеткіш экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
1991 ж. 8 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы туралы Беларусь Республикасы, РСФКР және Украинаның келісімге қол қоюы КСРО-ның толық құлауына алып келді. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достасты- ғы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабыл- данған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мә- селелердің барлығы мақұлданды.
КСРО-ның құлау себебін талдағанда жүйенің өз ішіндегі жағ- дайды қарастырған жөн. Ал сыртқы фактордан «қырғи қабақ со- ғыс» жағдайы әсер еткені белгілі. Осы жағынан алғанда КСРО-ның құлау себептерін былай атап көрсетуге болады:
Біріншіден, Кеңес Одағында көп ұлтты және федеративті мемлекет ретінде шиеленіскен әкімшіл-әміршіл құрылым болды. Ол сатылық сипатта еді, яғни кеңестік федерация ұлттық-мемле- кеттік құрылымдардың бес түріне бөлінді. Олар: одақтас респуб- ликалар, автономдық республикалар, автономды облыстар, шет-
275
■ Қазақстан тарихы

кері аймақтар, ұлттық аудандар. Федерацияның әр субъектісінің түрі әр алуан құқықтар мен өкілеттіктерге ие болды да, ол құқық- тары тең емес жағдайға әкелді. Сондықтан кеңістік федерациясы- ның әлсіздігі байқалысымен, көптеген ұлттық және аймақтық элиталар бірден барлық әдістермен КСРО-дан шығу деңгейіне дейін өз мәртебесін көтеруге ұмытылды. Сонымен қатар елуден астам Кеңес Одағындағы тұрғылықты және тұрғылықты емес халықтар ешбір автономияға ие болмады.


Екіншіден, кеңестік идеология әлсіреді. КСРО Конституция- сында одақ құрамына кіретін республикалардың шығу құқығы жазылған болатын, ал бұл өз кезегінде жарияланған федерализм мен іс жүзіндегі унитарлық арасындағы қарама-қайшылықты ту- дырды. Көп ұлтты мемлекеттің басты тіреушісі ретіндегі идеоло- гия маңызды еді. Ортақ кеңес құрамын құруға шақырған интер- националистік идеологияның үміті ақталмады. Қайта құру жыл- дарындағы коммунистік құндылықтардың дағдарысы орын алды. Елдегі демократиялық үдерістер, социалистік мемлекеттердегі демократиялық бағыттағы өзгерістер Одақ құрамындағы респуб- ликалардың арасында да ұлттық қозғалыстардың өрістеуіне алып келді. Коммунистік жүйе құндылықтарының дағдарысы іс жүзін- де рухани бос кеңістіктің пайда болып, оның өзі ұлттық идеялар- мен толықты. КСРО-ның соңғы өмір сүру жылдарындағы көрініс тапқан саяси, экономикалық пен идеологиялық дағдарыс орта- лықтағы биліктің әлсіреуіне және республикалардың, ондағы сая- си элиталардың күшеюіне әкелді.
Үшіншіден, соңғы он жылдықта Кеңес Одағының өмір сүру жағдайында оның экономикалық жағдайы қиындай түсті. Кеңес- тік орталықтан жоспарланған, командалық-әкімшілік экономика- лық жүйе нарықтық жүйеге қарағанда тиімсіздеу болды. Ірі таби- ғи ресурстарды пайдалана отырып, Кеңес Одағы елдерінің эконо- микасы ХХ ғасырдың соңында да қарқынды дамуын жалғастыр- ды. КСРО индустриалдық даму жолын таңдап, өзге постиндус- триялық мемлекеттерге қарағанда кейін қалды. Кеңестік эконо- мика Солтүстік Америка, Батыс Еуропа мен Жапония елдерінің экономикалық даму деңгейінен артта қалды. Бұл Кеңес Одағы- ның ішінде ғана емес, кеңестік жүйедегі елдерде де наразылық тудырды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында кеңестік экс-
276

  1. Тәуелсіз Қазақстан ■

порттың негізгі тауары мұнайға баға елеулі деңгейде төмендеді. Қайта құру кезеңінде экономикадағы орталықтанған жүйенің үс- темдігі де КСРО ішіндегі халықтардың наразылығын тудырады.


КСРО-ның ішкі экономикалық саласы да дағдарысқа ұшы- рады. Қайта құру жылдарында ресми экономиканың көлеңкелі экономикамен үйлесуі қатар жүрді. Әр алуан сипаттағы заңды және заңсыз өндірістік пен сауда қызметінің дамуына біршама кәсіпорындар тартылды. Көлеңкелі экономикадан түскен табыс- тар көптеген миллиардтармен бағаланды. ХХ ғасырдың 80-жыл- дарының басында кеңестік жүйені шектелген реформалаудың сәтсіздігі айқын болды. Шаруашылық жүйенің стихиялық түрдегі қайта қаралуы кеңестік қоғамның бүкіл өмір салтын өзгертті: бас- шылар мен кәсіпорындардың құқықтары қайта бөлінді, ведом- ство қызметі артты, әлеуметтік теңсіздік күшейді. Кәсіпорындар- дың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың сипаты өзгер- ді, еңбек тәртібі әлсіреді, ұрлық-тонау әрекеттері көбейді. Соны- мен бірге елде еңбекке мәжбүрлеу сақталды. Таза еңбекке баста- ған ортақ құндылықтар орнын материалдық заттар алмастырды. Саяси билікте жемқорлық күшейді. Номенклатураның арасында да моральдық құлдырау орын алды.
Төртіншіден, Кеңес Одағы ұзақ уақыт бойы шығынға әкелген сыртқы саясатты жүргізіп, елдің беделін түсірді. Екінші дүние- жүзілік соғыстағы және одан кейінгі «қырғи-қабақ соғыстың» ба- рысында әскери салаға көп қаржыны жұмсады. Кеңестік басшы- лық әлемдік сахнада идеологиялық қағидаларға сәйкес әрекет етіп, өзінің басты мақсаты ретінде бүкіл әлемде коммунизммен күресте жеңіске жету деп белгіледі. Әрине, КСРО-ның сыртқы саясатында біршама жетістіктердің болғанын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ қайта құру жылдарында КСРО-ның сыртқы сая- саты да дағдарысқа тап келген еді. Бұл, ең алдымен, М. Горбачев- тің «қайта құруы» жылдарындағы социалистік жүйенің құлауы- мен байланысты болды. 1989 жылы кеңес әскерлері Шығыс және Орталық Еуропа мемлекетттерінен шығарыла бастады. КСРО-ның Варшава әскери келісімшарты бойынша одақтастарына айналған Еуропа мемлекеттеріндегі әскери қатысудың әлсіреуі антикеңес- тік көңіл-күйдің белсенді сипатқа ие болуына әкелді. 1989 жыл- дардың аяғы 1990 жылдардың басында басталған демократиялан-

277
■ Қазақстан тарихы


дыру үдерістері Польша, ГДР, Чехословакия, Венгрия, Болгария және Албаниядағы революцияға әкелді. 1989 жылдың желтоқ- санында Румынияда әскери күштің пайдалануымен В. Чаушеску тәртібі құлатылды. 1990 жылғы өткізілген референдумның нәти- жесінде ГДР ГФР-ге қосылды. Бұл олардың кеңестік басқару жүйесінен алшақтауына әкелді. Нәтижесінде, КСРО одақтаста- рының қатары азайып, әлемдік саясаттағы социалистік жүйе құл- дырады.


Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемші- ліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бес- жылдықта (1986-1990 ж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді. Дегенмен де қоғамдық өндіріс көлемі заман талаптарына сай келмеді, себебі басқарудың әкімшіл-әмір- шіл жүйесі өте икемсіз еді. Өндіріс тиімділігін арттыратын эко- номикалық тетіктердің толып жатқан көздері іске қосылмай жат- ты. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырады. Көмір алқапта- рындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі нашар- лап, төмендеді. Сондықтан олардың наразылығы күшейіп, оны ашық айтты. Кеншілер өз ұжымдарының ерікті болуын, өндіріп жатқан көмірдің кейбір бөлігін өз қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.
Елдегі осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қатынасқа шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылады. Оның құрамы- на белгілі экономист Г. Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг т.б. ірі экономист мамандар кіріп, ел экономикасына нарықтық қатынастарды енгізу жолдарын қарастырады.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа түрлері – акционерлік қоғамдар, жалдық және кооператив- тік кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорын, 16 сыртқы экономикалық қауымдастық, халықаралық коммер- циялық банктер жұмыс істеді.

278
5. Тәуелсіз Қазақстан ■


Дегенмен Қазақстанда экономикалық қиындықтардың кү- шеюі түрлі себептерге байланысты болды. Әсіресе Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуы басты себеп- тің бірі еді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шы- ғару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2 %-ға, ұлттық табыс 10 %-ға, еңбек өнімі 5,4 %-ға төмендеді. Тұтыну-сауда са- ласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымы- ның ерекше қысқаруы «көлеңкелі» экономиканың кеңінен өріс- теуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп, құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп, 8,7 мил- лиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 мил- лиард сомға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіп- орындар мен ұжымдардың 11 %-ы шаруашылық жылын шығын- мен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды.


1990-1995 жылдар нарықтық қатынастарға жаппай көшіп, ауыл экономикасының тоқыраған жылдары болды. 1996 жылдан оң өзгерістер бола бастады. 1995 жылы 1990 жылға қарағанда өндірілген астық көлемі 66,6 пайызға, оның ішінде бидай 60 %, күріш 68,2 %, картоп 57,0 %, қант қызылшасы 64,5 пайызға кем бол- ды. Мал шаруашылығы өнімдері ішінде ойсырау 1990-1995 жылдары ет, жүн өнімдері бойынша байқалды.
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық кө- лемі 1990 жылмен салыстырғанда 7 %-ға азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сом қаржы осындай құры- лысқа жұмсалмай қалған. Транспорт бойынша 1990 жылмен са- лыстырғанда жолаушыларды тасу 8 %-ға қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шы- ғару басым болды. Оның 60 %-ы қара және түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерін құрады.
Кеңестік билік басындағылар ұлт мәселесін терең түсінбеді, ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлі-
279
■ Қазақстан тарихы


ніп, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қой- ды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жыл- дың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы ал- ғашқы құжаттарын қабылдап, олар КСРО құрамынан шығып, жеке Тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей- ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жо- ғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы де- кларация қабылдады. Бұл декларацияда негізінен мына мәселе- лерге мән берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келі- сімшарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлт- тық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес ше- шеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы; Қазақстан- ның өз шегарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы кеңе- сінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақ- стан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табыла- тындығы туралы арнайы бапта көрсетілді. Егемендік алу Қазақ- станда жалпы демократиялық үдерістердің барысын тездетті, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ Қазақстан басқа республикалар- мен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстан- ның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптас- қан шегараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономика- лық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісім жасал- ды. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика – Ресей, Украина,

280
5. Тәуелсіз Қазақстан ■


Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы бастама көтерді, Новоогарев келісімін талдап жасау жө- ніндегі бірлескен жұмыс басталды.


1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұ- мысты үзіп жіберді. КСРО вице-Президенті Г.И. Янаев, КСРО Премьер министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағ- дайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырыл- ған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО Президенті М.С. Горбачевтің сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойы- луға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншық- тыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу ар- қылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтен- ше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қоз- ғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н. Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе және т.б. қолда- ды. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық но- менклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей Үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
281
■ Қазақстан тарихы

Тамыздағы мемлекеттік төңкеріс және орталық ешқандай ымыраға келмегендіктен одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын жеделдетті. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарих сахнасынан кетті. Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер рес- публика Парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-дың «Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңы бойын-


ша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет рес- публика Президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың де- мократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә. Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорға- ныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағы- на беру, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дер- бестігін қамтамасыз ету, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О. Әубәкіров ұшты. 1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Рес-
публикасы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің жетінші сессиясында Парла- мент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, Тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мем- лекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлтта-
282
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

рының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұ- ғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақ- стан Республикасы өз Тәуелсіздігі мен территориялық тұтас- тығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақы- лы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жыл- ғы 16 желтоқсан республиканың Тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлем- ге танылды.


Өзінің Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүние- жүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі бо- лып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті.
Елтаңба, Ту, Әнұран – әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміз- дер дүниеге келген ерекше мәртебелі күн. Қазақстан Респуб- ликасы Туының авторы – Ш. Ниязбеков. Тудың бір түстілігі Қа- зақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілін- де адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн – энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мем- лекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, Тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Елтаңбаның авторлары

  • Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қа- зақстан Әнұраны әуенінің авторлары – композиторлар М. Төле- баев, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болса, мәтінінің авторлары – ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрі- баева. Әнұранның әуені 1992 жылы 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.

2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекет- тік рәміздері туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен то- лықтырулар енгізіліп, бұрынғы Әнұранның орнына жаңа Әнұран-
283
■ Қазақстан тарихы

ның мәтіні қабылданды. Еліміздің жаңа Әнұраны – жұртқа әйгілі


«Менің Қазақстаным» әні. Оның сөзінің авторы – Жұмекен Нәж- меденов, ал ән әуенінің авторы – Шәмші Қалдаяқов. Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев толықтырды. Ал 2007 жылы Елбасы жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бұл – Мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі.
Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси инсти- туттар – Парламент, 1993 және 1995 жылдардағы конституция- лар қабылданды, Тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси партиямен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. Ал 2003 жылы саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал «Отан», «Ақ жол», т.б. пар- тиялар бой көтерді.
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қоспалаталы Парла- мент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент сенаты, Парламент мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады.
1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар – Коммунис- тік партия өкілі С.Ә. Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е. Қасымов және Қа- зақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан Президентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сай- ланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 пайызы өз дауыстарын берді.
Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы қабылданған Ата заңында өзінің басты көрінісін тап- ты. Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі 1993 жылдың қаңтарында жасалды. Бірақ оның едәуір кемшілігі бар еді. Бірінші Конституцияны жасауда асы-
284
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

ғыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді бірден ой еле- гінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан нақты айқындалмады. Осындай себептерге байланысты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30 та- мызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміз- дің жаңа Конституциясы қабылданды.


Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 21 тарау, 4 бөлім, 131 баптан, кейінгісі көлемі жағынан едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Онда еліміздің эконо- микалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақ- талып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқық- тар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді. Жаңа Ата Заң құқықтық мемлекет құруға бағдарланған. Конституцияның кіріс- песінде: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – делінген. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінеді.
Конституцияда Парламенттің орны мен атқаратын қызметі айқын белгіленген. Ол заңдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент – Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентте мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Жаңа Конституцияда екі палаталы Парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғары мемлекеттік органдар жүйе- сіндегі Үкіметтің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қыз- меттері де айқындалған. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңызды мәселелердің түйіні кейінгі Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе жер, тіл, азаматтық, негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы Парламент құрылымы және Президентті айып тағу ар- қылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтар- дан айқын көруге болады.
2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Консти- туциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қа- былданды. Ол республика халқы тарапынан түсіністікпен жылы
285
■ Қазақстан тарихы

қабылданды. Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – қоғамды одан әрі демократияландыру. Бұл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мәні біріншіден, президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне көшудің конс- титуциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілет- тігін Парламентке берді. Конституцияға осыған байланысты бір- қатар өзгерістер енгізілді. Парламенттің құзыреті едәуір кеңей- тілді. Президенттің құзыреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға емес, 5 жылға сайланатын болды. Мем- лекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. Президент Үкімет басшысын саяси пар- тиялардың фракцияларымен ақылдасып-кеңесуден кейін әрі Мә- жіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана тағайындайтын болды, яғни Президент Үкіметті жасақтауды Мәжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер министрді бекітуде, демек, бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мәжіліске беріледі.


Парламенттің мәртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгі- зілді. Біріншіден, оның сандық құрамы өсті. Мәселен, Мәжілісте енді 107 депутат болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық жүйемен жеке округтер бойынша емес, пропорционалды негізде партиялық тізім бойынша сайла- нады. Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүйесіне көшу саяси партиялардың қоғамдағы рөлін арттыруға әрі депутаттар- дың сапалық құрамын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюд- жетті бекітуге ғана емес, оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орындалуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер оны бекітпесе, бұл Үкіметке білдірілген се- німсіздік деп танылады. Мәжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутаттар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Үкіметтің Мемле- кет басшысының алдында ғана емес, Парламент алдында да жа- уапкершілігі белгіленеді.
Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. Сенат
286
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке ие болады. Ол Ұлттық банктің төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комите- тінің төрағасын тағайындау және оларды қызметтен босату жөнінде Президентке келісім береді. Сенат құрамы республика Президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенатордан құралады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Мәжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жұмыс істей береді.


Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқа- ру жаңа деңгейге көтеріледі. Жергілікті мәслихаттар мен олар- дың депутаттарының өкілеттігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға ұзартылады. Мәслихаттар жергілікті әкімдерді тағайындауға келісім береді. Ендігі жерде облыстар- дың, қалалар мен аудандардың әкімдері сол деңгейлердегі мәсли- хаттардың келісімімен ғана тағайындалатын болады. Сондай-ақ мәслихаттарға басым көпшілік дауыспен әкімдерге сенімсіздік білдіру, оларды қызметінен босату жөнінде мәселе көтеру құ- қығы берілді.
Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы рөлін күшейтуге көп негіз жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен партия Үкімет жасақтауға мүмкіндік алады.
Сот жүйесінің Тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғары Сот кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға ұсынымды Жо- ғары Сот кеңесі жасайтын болады. Елімізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жа- засы іс жүзінде қолданыстан шығарылды.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға ба- ғытталған Конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа редак- циямен қабылданды. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Прокуратура органдары бұл құқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.

287
■ Қазақстан тарихы




Жаңарған Конституция бойынша жасы қырыққа толған, мем- лекеттік тілді толық меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, туа республиканың азаматы болып табылатын кез кел- ген адамның Президент болып сайлануға құқығы бар.
2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Пар- ламентінің төменгі палатасы – Мәжілісті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары – облыстық және аудандық мәслихат- тарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Консти- туцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуімен байланысты болып, ол елдің президенттік басқарудан президенттік-парла- менттік басқару түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай қадам демократияны дамыту мен азаматтық қоғам құруға бағыт- талған Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып отырған саясаттың қисынды нәтижесі болды.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бұл сайлау пропорционалды жүйе негізінде партиялық тізіммен өтті. Мажо- ритарлық жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге түсетін сайлау жүйесін қалыптастырдық. Сайлауға жеті саяси партия қатысты. Ел азаматтарының өз еріктерін еркін білдіруі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз атанды, бұл партияны Қазақстан Рес- публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Сөй- тіп, елдің қалауымен көп дауыс жинаған «Нұр-Отан» халықтық- демократиялық партиясы қатарластарынан озып шықты. Сайлау- ға электораттың 65 пайызға жуығы қатысуы жағдайында бұл пар- тия дауыстың 88-ден астам пайызын жинады.
Мониторингтің нәтижелері бойынша, тұтастай алғанда, Қа- зақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлау елдің қолданыс- тағы заңына сәйкес өткізілді. Барлық саяси партиялармен қатар, үміткерлерге тең жағдай жасалды. Сөйтіп, біз тарихымызда тұң- ғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміз- дің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін Тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет