Бегалиева А.Қ



бет62/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. КСРО-ның құлау себептері неде?

  2. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-дың заңы қашан қабылданды?

288
5. Тәуелсіз Қазақстан ■



  1. 1995 ж. жаңа Конституцияда екі палаталы Парламенттің ерекшеліктері қалай көрсетілген?

  2. 2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңға қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?

    1. Астана қаласы – Қазақстанның жаңа елордасы


Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың астананы көшіру туралы идеясы, әрине, күмән туғызды. Сондықтан Алматыдан Елорданы көшіру қажеттігін сендіруге тура келді. Шын мәнінде, астана болатын қала шетелмен шегаралас болмағаны жөн. Кө- шірудің себептері, біріншіден, бұл кезде Алматының дамуы үшін аумақтық қор азайған еді. Қаланың кең түрде дамуы шектеулі болатын. Мегаполис 700 мың тұрғынға деп жобаланғанмен сол кезде оның тұрғындарының саны 1 миллионнан асып кеткен еді. Сумен қамтамасыз етудің қиыншылықтары болды. Екіншіден, Алматының экологиясы нашарлады. Әрі сейсмикалық жағынан қауіпті екені белгілі. Қаланың желдендірілуі өте төмен. Үшінші- ден, жалпы республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және ор- талық өңірлерге қарағанда оңтүстік бөлігінде халық тығыздығы жоғары. Төртіншіден, Алматы жұмысқа қабілетті адамдардың барлығын жұмыспен қамтамасыз ете алмады, өйткені жаңа кәсіп- орындарды ашу электр қуатының жетіспеушілігіне, шикізат, су және т.б. жеткізудің қиындығына байланысты ойдағыдай жүзеге аспады. Бесіншіден, астананың ауысуы гео-саяси жағдайларға да байланысты болды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде атап көрсеткендей: «Осы әрекетімен Қазақстан Солтүстікпен және Оңтүстікпен, Шығыспен және Батыспен тең құқықты ынтымақтастыққа ашықтығын паш етті». Алтыншыдан, елорданы көшіру қажеттігі мемлекетіміздің индус- триялық-инновациялық дамуы бағытындағы алға қойылған мін- деттерге де байланысты болды.


Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан болашақтағы жаңа ел- орда қай қала болады деген мәселе тұрды. Оның нұсқалары көп болды: Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, және т.б. Ақмола әлеуеті жағынан астана ретінде халықаралық стандарттар қойылатын
289

  • Қазақстан тарихы

32 талапқа сай келді, яғни әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш- тер, климат, ландшафт, сейсмикалық шарттар, қоршаған орта, ин- женерлік және транспорттық инфрақұрылым, құрылыс компа- ниясы, еңбек ресурстары, геосаяси аспектілер және т.б. болды.


Біріншіден, бас қала елдің географиялық дәл орталығында орналасты. Екіншіден, Ақмоланың көліктік қатынас жолдары ың- ғайлы болды, яғни әуе жолы, теміржол мен автомобиль магис- тральдарының қиылысқан тұсында орналасты. Үшіншіден, қала төрт бағытқа қарай өсе алатын еді: географиялық жағдай бойын- ша кез келген бағытта даму мүмкіндігі болды. Төртіншіден, мұн- да сейсмикалық қауіп жоқ. Бесіншіден, қаланың Есіл өзенінен жиналатын орасан зор су қоймасы бар. Алтыншыдан, геосаяси жағының да септігі болды, демографиялық және елдің қауіп- сіздігі сияқты мәселелер де шешімін бірден тапты. Орыс тілді тұрғындардың Ресейге көшіп кетуіне байланысты өлкеде тұрғын- дар санының күрт азаю қаупін төндірді. Жетіншіден, Ақмоланың таза әрі желдетілетін, жазық жерде орналасқан қала ретінде экологиясы таза болды.
Елорданы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданған кез- де мұнда небары 280 мың ғана тұрғыны бар еді.
Тәуелсіз жаңа мемлекет Қазақстанда жүргізілген реформа- лардың сәттілігі елордасын көшіруге қатысты мәселенің шеші- луіне байланысты еді. Жаңа Қазақстанды жаңа елордада қалып- тастыру керек болды. 1993 жылдың соңында Қазақстан Прези- денті елордасын Алматыдан республиканың басқа бір қаласына көшіру қажеттігін алғаш рет жария етті. Бұл жаңа бастамаға мүл- де сенбеген күмәнданушылар да аз болған жоқ. Көпшілік ызғы- ған жел мен қақаған аяздан қорықты.
Ресми деңгейде бұл бастама 1994 жылы 6 шілдеде Н.Ә. На- зарбаевтың республиканың Жоғарғы кеңесі сессиясында сөйле- ген сөзінде айтылды. Депутаттар қолдап, шұғыл түрде елорданы көшірудің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге нұс- қау берген қаулыны қабылдады.
Бұдан кейінгі оқиға былайша өрбіді: 1995 жылдың 15 қыр- күйегінде Мемлекет басшысы елорданы Ақмолаға көшіру туралы жарлыққа қол қояды да, осы жылдың 28 қыркүйегінде Үкімет мемлекеттік мекемелерді көшіру жөніндегі комиссияны құрады.
290

  1. Тәуелсіз Қазақстан ■

1997 жылдың 20 қазанында Тәуелсіз Қазақстанның өмірінде маңызды тарихи оқиға орын алды: Мемлекет басшысының жар- лығымен еліміздің елордасы Ақмола болды.


1997 жылғы 8 қарашада елордаға мемлекеттік биліктің ерек- ше белгілері – Ту, Елтаңба және Президент штандарты әкелінді. Парламенттің қос палатасының бірлескен мәжілісінде Н.Ә. Назар- баев: «Бүгін біз, Қазақстан Республикасының өкіметінің жоғарғы органдары 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола мем- лекетіміздің астанасы болып табылады деп салтанатты түрде мәлімдейміз», – деген жарлығын жеткізеді.
1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Прези- дентінің жарлығы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгер- тілді. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстанның жаңа елор- дасына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы мен медалі табыстал- ды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық та- ныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында бірқатар шет мем- лекеттердің басшыларының қатысуымен өтті.
Астана – егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев астананы Алматы қала- сынан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылда- ды. Бұл тарихи шешімнің қабылдануына қаланың өте ірі көліктік жолдардың тоғысында, еліміздің ұтымды геосаяси орталығында орналасуы себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлеке- тіміздің келешек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабыл- данды. Ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-дың заңы қабылданды. Осы жылғы 10 мау- сымда Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Астананы тұрғызуға АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, т.б. мемлекеттер көмектесті.
Бірінші Президент Н.Ә. Назарбаев «Еуразия жүрегінде» кіта- бында: «Құрама Штаттарға сапар кезінде мұнай компаниялары- ның өкілдерімен кездесуде «Қазақстан» спорт кешенін салуға кеткен 11 млн доллар қаражаттың недәуір бөлігін жинап алғаным есіме түседі. Егер гранттар мен өтемсіз инвестициялар есебінен салынған объектілерді жай ғана санамалап шықсақ, әжептәуір
291
■ Қазақстан тарихы

тізім болар еді. Мысалы, Президент Ақордасы Әбу-Даби даму қорының гранты есебінен салынды. Бұл – 72 миллиондай доллар. Парламент Сенатының ғимараты Сауд Арабиясының гранты есе- бінен бой көтеріп отыр. Бұл – 12 миллиондай доллар. Ұлттық кі- тапхана «Аджип» және «Қарашығанақ Петролеум» инвестиция- ларының есебінен жасалуда. Бұл – 11 миллионнан астам доллар. Оның үстіне «Аджип» Үкімет үйінің құрылысына 9 миллиондай доллар және «Оқжетпес» шипажайын қайта құруға 11 миллион- нан астам доллар қаржы бөлді. Стадион құрылысын «Испат-Кар- мет» қаржыландырып отыр. Бұл – 38 миллион доллар. «Нұр Аста- на» мешіті Катар мемлекетінің 15 миллион доллар гранты есебі- нен тұрғызылды. Астана қаласы әкімдігінің ғимаратына Кувейт қоры 10 миллион доллар грант бөлді. Құны 33 миллиондай дол- лар тұратын «Астана-Тауэр» бизнес орталығын Түркияның ABS орталығы қаржыландырды. 5 миллион долларлық Кардиология орталығы Сауд Арабиясы корольдігінің гранты есебінен салын- ды. «Қазақмыс» 7 миллион доллар тұратын дипломатиялық қала- шық құрылысын қаржыландырды», – деп жазды.


1997-1999 жылдары Астананың ондаған көшелерінің атауы өзгертілді. Мысалы, Катченко көшесі Манас көшесі болып өз- гертілді, К. Маркс – Кенесары, Октябрьская – М. Әуезов, Комсо- мольская – Желтоқсан, Ленин – Абай, Орджоникидзе – Отырар, Буденный – Қорқыт, Куйбышев – Баянауыл, Микоян – Сырда- рия, Монин – Ақжайық, Тельман – С. Торайғыров, Шмидт – М. Дулатов, Социалистическая – М.Х. Дулати, Крупская – Ш. Бөкеев, Кравцов – Л.Н. Гумилев, Красноармейская – Т. Рысқұлов, Первоймайская – Қарасай батыр, Авдеев – Ш. Уәлиханов, т.б.
Көше атауларын өзгерту қоғамдық сананы коммунистік идеологиядан тазартудың бір көрінісіне жатады.
Астанаға жан-жақтан көшіп келушілер көбейді. 1998 ж. кө- шіп келгендердің саны 14 мың болған. Олардың көпшілігі 20 мен 40 жас аралығындар болды. Қалаға шетелден келген қазақ диас- порасы мен ирриденттер көшіп келді. Ақмола, Оңтүстік Қазақ- стан және Қарағанды облыстарынан көшіп келушілер көбейді.
Астана біртіндеп техникалық және гуманитарлық зиялы қауымның өкілдері шоғырланған орталығына айналды. Астана құрылысына Президент бастамасымен еліміздің бас қаласының
292
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

эскиз-идеясын жасауға халықаралық байқау жарияланды. Н.Ә. Назарбаевтың бұл ұсынысына әлемнің 50-дей көрнекті сәу- летшісі үн қатып, 40-қа жуық өтінім келіп түсті.


Байқау нәтижесі бойынша, әйгілі жапон сәулетшісі Кисе Ку- рокава жеңімпаз атанды. Оның құнды ұсыныстарының негізінде
«Қаланың 2030 жылға дейінгі дамуының бас жоспары» жасалды. Астананың сәулет келбетін жоспарлауда Қазақстан мен Жапония сәулетшілерінен басқа Германия, Ұлыбритания, Болгария, Швей- цария, Шығыс елдері және тағы да басқа бірқатар мемлекеттердің мамандары қатысты.
2001 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Үкі- метінің қаулысымен Астана қаласының бас жоспары бекітіледі. Кейіннен оған ұлттық нақышты қосуға байланысты біраз өзге- рістер енгізуге тура келді.
«Астана-Бәйтерек» монумент-ескерткіші – қаланың ең ірі сәулет композицияларының бірі, биіктігі 97 метрді құрайды. Ол бақылау алаңынан гүлденген Астананың барлық көрінісін тама- шалауға мүмкіндік беретін бірегей ғимарат ретінде ойластырыл- ған. Есілдің сол жағалауында «Қазмұнайгаз» Ұлттық компания- сының әсем ғимараттары салынды. Көлік және коммуникация министрлігінің биік ғимараты, Қорғаныс және Сыртқы істер ми- нистрліктерінің, Ұлттық кітапхана мен мұрағат ғимараттары са- лынды. Ақорда айналасына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, Үкіметтің және тағы да бірқатар үкіметтік ұйымдардың ғимарат- тары тұрғызылды.
2006 жылдың 1 қыркүйегінде Бейбітшілік және келісім са- райы қолданысқа берілді. Оның салтанатты ашылу рәсіміне Өз- бекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің Президенттері қатысты. Сарай ағылшын архитекторы Норман Фостердің жоба- сымен салынды. Ғимараттың биіктігі 77 метр, ал аумағы 25,5 мың шаршы метрді алып жатыр. Мұнда Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері музейі, өркениеттер университеті, көрме және кон- церттік залдар, кітапхана, Халықаралық Түрік академиясы жұ- мыс істей бастады. Сарайдың салтанатты ашылу рәсімінде Мем- лекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Ғимараттың пирамида тәріздес пішіні діндер мен этностардың және мәдениеттердің бірігуін сипаттайды. Осы мағынада біздің пирамида жоғары және ізгі
293
■ Қазақстан тарихы

идеяны – өркениеттер диалогын білдіреді. Дүниенің төрт құбыла- сына қаратылған пирамиданың іргелері сияқты Қазақстан да бар- лығы үшін ашық және оларға ықыласпен қарайды», – деп атап өткен болатын.


Теміржолшылар сарайы жөндеуден өткеннен кейін, соның негізінде жаңадан Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театры ұйымдастырылды. Елорданың басқа екі театры – М. Горь- кий атындағы орыс драма театры мен Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры қайта жөнделді. Жаңа «Синема- Сити» кинотеатры ашылды. «Думан», Ислам мәдени орталығы, Опера және балет театры сияқты тамаша ғимараттар пайда болды.
2009 ж. қазанда «Қазақ елі» кешені ашылды. 2015 жылы Астанада 12 мың адамдық мұз айдыны іске қосылды. Оның ашы- луында мемлекет басшысы: «Бұл стадион біздің спортшылары- мызды жаңа жеңістерге құлшыныстарын оятады және біз мұнда есте қаларлық сайыстарды өткізетінімізге сенімім мол», – деп ерекше атап өтті.
Астана – ҚР Бірінші Президентінің туындысы әрі мақтаны- шы. Бұл жайында Елбасы 2007 жылдың 7 маусымында өткен бас- пасөз-конференциясында: «Бірінші күннен бастап мен бұл қалаға барлық жан-тәнімді және жүрегімді салдым. Әр ғимаратты, әр тасты өзімнің қолыммен ұстағанмын. Астана – бұл менің мақ- танышым, менің қамым, ал жаман болса, онда менің уайымым да. Астана менің туған балам сияқты, менің өмірімнен орын алды. Ең бастысы, Астана қала ретінде қалыптасты, танылды», – деген еді. Қазіргі уақытта елордамыздың беделі артып, бейбітшілік пен аймақтық қауіпсіздік сақтаудағы, еліміздің әлеуметтік-экономи- калық дамуына қосып жатқан үлесі орасан зор екені белгілі. 1999 жылы ЮНЕСКО Астананы әлем қаласы ретінде таныды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет