Бегалиева А.Қ



бет64/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары мен тапсырма:

  1. Елорданы Астанаға көшірудің қандай себептері болды?

297
Қазақстан тарихы





  1. Жаңа елорда ретінде Ақмоланы (таяу келешектегі – Астананы) таңдау- дың басты себептері не?

  2. Астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қашан қабылданды?

  3. Астананың негізгі сәулет ғимараттарын сипаттаңыз.

    1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуы


Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізі- летін іс бағдарламасы Жоғарғы кеңестің сессиясында мақұлда- нып, Президент жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең 1996-1998 жыл- дарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қа- былданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналы- сатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мү- лік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық эконо- микаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, ком- мерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.


Алайда нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателік- терге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай ке- летін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық валюталық қор ұсынған «есеңгіретіп ем- деу» деп аталатын жолға түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшінші- ден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік реті- мен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті
298
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіп- орындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі, бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені баға- ны ырықтандыру Үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп оты- ру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын меха- низмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықта- маса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қара- мастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары пайызбен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыз- дық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет бас- шылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жол- дарын білмеді.


Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қа- растыра бастады. Оның ең бастысы бағаны ырықтандыруды бел- гілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көз- дерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіп- орын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп, баға шарықтап өсті.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – же- кешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекше- лігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.

299
■ Қазақстан тарихы


Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысан жекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең


«Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемле- кеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелен- дірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта биз- несті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті бас- қару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолда- ныла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің эко- номикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегия- лық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секто- рында – бұл «ҚазМұнайГаз», энергетикада – «КЕГОК», телеком- муникацияда – «Қазақтелеком», темір жолда – «Қазақстан темір жолы».
Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-1992 ж. және 1993-95 ж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд сомның өнімі сыртқа, негізінен, Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне тегін кеткен болып шықты.
300
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

Сондықтан бұл жағдай Үкімет пен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабыл- дады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақ- тандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасал- ды. Бағдарламада энергетикалық Тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономи- каны тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені ай- тылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы – теңге енгі- зілді. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.


Ауыл шаруашылығын жекешелендіруде Үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993-1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан ешнәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға ар- налған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айтуға болады, бірақ өндірістің құлды- рауын тоқтату мүмкін болмады.
Бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруа- шылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер бер- ген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж бола- тын. Олар «Қазақстан – 2030» ел дамуының стратегиясында тұ- жырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Ә. Назар- баев республика халқына «Қазақстан – 2030» деген атпен Жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың немесе «Қазақстан бары- сын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарла-
301
■ Қазақстан тарихы

мада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жа- қын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда мемлекеттің да- муындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген:


1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту;
7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономи- касына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық ин- вестициялардың 80 %-ы Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвестицияның көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке айналды. Қазір оның қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай және басқа да алыс-жақын шет ел экономикасына салынып жа- тыр (Егемен Қазақстан, 15.12.2008).
Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағ- дайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік нарыққа шығу және әлем- дік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. (Назарбаев Н. Жаңа кезең – жаңа экономика // Егемен Қазақстан.
– 16 желтоқсан. – 2004).
Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекет- тік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің да- муына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын да- мытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғаш- қы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе ауыр индустрия, халық-
302
5. Тәуелсіз Қазақстан ■


қа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесі- нің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жартысы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өн- дірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл кө- лемінің бестен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп, 1991 жылмен салыстырғанда 21,5 %-ға кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағ- дай қалыптасты: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті метал- дар өндірісі қысқарды.
1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау және жеке жобалар бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жө- ніндегі жұмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің құлдырауы тоқтамады. Оның басты себебі – Одақ бойынша бұ- рынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі, оның ши- кізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өнді- ретін, әсіресе машина жасау салаларының жоқтығында болды.
Қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан бас- тап Қазақстан Үкіметі елдің өнеркәсібін жандандыруда бірсыпы- ра шараларды іске асырды. Соның нәтижесінде 1999 жылы мұнай-газ өндіру, металлургия, химия, полиграфия және тоқыма- тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңын- да жалпы өнім өндіру 1 %-ға, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8 %-ға өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд долларға жетті.
Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен Қарашығанақ сияқты мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Каспий аймағында өнеркәсіптік мұ- най өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Жам- был облысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру жұмы- сы басталды. Мұнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нұсқалары – Атырау-Баку-Жейһан, Қазақстан-Түрікменстан- Иран, Батыс Қазақстан-Қытай бағыттарын да үлкен болашақ кү- тіп тұр.

303
■ Қазақстан тарихы


Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанькоу шегаралық өткелін және Достық-Ақтоғай теміржол учаскесін қайта жаңалау жұмы- сы, Семейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржол құрылы- сы аяқталды. Алтынсарин-Хромтау арасындағы теміржол құры- лысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай іске қосылды. Алма- ты-Астана автожолын жаңадан жөндеу жұмысы 2003 жылы аяқ- талды. Алматыдағы әуежай қалпына келтірілді. Жалпы 2002 жы- лы бұрынғы 2001 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызға артты.


90-жылдардың басында ауыл шаруашылығы елеулі дағда- рысты бастан кешірді. Оның басты себебі – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына рес- публикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын 600-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылда- натын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді.
Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 1992-1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 мил- лион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір саласы – мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып кетті. Мал мен құстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарлауынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелендіру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті немесе ауыл тұрғындарына керекті тауар- ларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн басқа дейін, жылқы 1,6 млн бастан 1,0 млн басқа дейін азайып кетті.
Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өн- дірісін ұлғайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 млрд теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму банкі тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 млн доллары 1997 жылы ауыл шаруа- шылығына жұмсалды. Тек 1996 жылы 630 егін және 100 мақта
304
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. 1999 жылы оған 9 млрд теңге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп саласына 11 млрд теңге жұмсалды.


Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптас- ты. 2000 жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі және 60 жеке меншік кәсіпорын жұмыс істеді. Сөйтіп, 1999-2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нәтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік құрылымдарының үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының бұрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6 жылға ары қарай ұзар- тылды.
«Астық үшін айқас» кезеңдері ұмытылды. Ауыл шаруашы- лығын одан әрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бұл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлеріне же- ке меншікті енгізу және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жыл- дан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жұ- мыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003-2005 жылдарды қам- тыды, бұл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп атал- ды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының мәселелерін кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд теңге қаржы бөлін- ді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын және оған байла- нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті.
Кейінгі жылдары Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвести- циялар 3 еседен астам ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемле- кеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда
305
■ Қазақстан тарихы

аталған ауылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін да- мытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруа- шылығындағы тауар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан // Егемен Қазақстан. – 2008.



  • 7 ақпан). 2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе ел диқан- дары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен ұн экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңғы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты.

Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жол бө- лімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік «Қазақстан те- мір жолы» кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бұл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан темір жолы ұлттық компа- ниясы» жабық акционерлік қоғамына айналдырылды. 2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 бол- ды. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық стан- циясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа және Азия ел- дерінің арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асы- руда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық стан- циясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан және Оңтүстік Корея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті.
«Қазақстан-2030» бағдарламасының талаптарына сай 1998 жы- лы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанның тарихында Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан об- лысындағы Конечная темір жол құрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдың жалпы ұзындығы – 184 шақы-
306
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

рым. Жолды салуға республиканың әртүрлі аудандарынан 1500 жұмысшы қатынасты, құрылысқа 6,5 млрд теңге жұмсалды. Бұл жол елдің Солтүстік және Шығыс облыстарының арасын- дағы қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар облысы- ның Ақсу және Май аудандары жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.


Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол құ- рылысы Қостанай облысындағы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралы. Жолдың ұзындығы 387 шақырым, құрылыс жұ- мысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қа- раша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жол Қазақстанның Солтүстік және Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты және елді Ресей- дің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бұл жолмен Қазақстанның Орталық және Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск және Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, фер- росплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік об- лыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн тонна астық жеткізу көзделген.
1991-1994 жылдары Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жұмысы аяқтал- ды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996-1999 жылдары қа- шықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы ұзындығы 90 шақырым Отар-Ұзын- ағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралын электр қуаты- мен жұмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды.
Халықты жұмыспен қамту мәселесі күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық басталды. Әсіресе ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жұмыссыз- дық көбейді. Жастар жұмыс іздеп қалаға шұбырды. Қалаға кел- генде не баспана, не дайын жұмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, ұрлық-қарлықпен шұғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын толтырды.

307
■ Қазақстан тарихы


Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі – зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зей- неткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесі шешу үшін үш бағытта бірқатар жұмыс жүргізді. Бірінші – зейнетақының бұрынғы қа- рыздарын жабу, екінші – зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші



  • зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл үш бағытта жүргізілген іс- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан әрі арттыру бағытында шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1998 жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000-2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мәрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Прези- денттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 8335 теңгені құрады. Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақ- таушы зейнетақы жүйесі құрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жи- нақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі – жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік және 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қор- ларындағы 6,5 млн азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақ- таулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың ба-

сында 1,1 триллион теңгеден асып түсті.
Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүр- гіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлем- дерінің орташа көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Еге- мен Қазақстан, 15.12.2008).
308
5. Тәуелсіз Қазақстан ■

Халықтың тұрмысындағы маңызды көрсеткіш – тұрғын үй- мен қамтамасыз ету. Бұрын да, қазір де тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып отыр. 90-жылдары республикада тұрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жыл- дан бастап ілгерілеуімен байланысты тұрғын үй құрылысы соң- ғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй құрылысына 29,4 млрд теңге инвестициялық қаржы жұмсалды немесе 2001 жыл- мен салыстырғанда 7,9 %-ға артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй құрылысы, әсіресе Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғы көктемдегі Президенттің халыққа Жолдауында республикадағы арзан үй құрылысын кеңейту, ұзақ мерзімге 9-10 пайызбен бері- летін ипотекалық несиелер, жинақтаушы тұрғын үй банктерінің көмегімен мүмкіндігі төмен отбасыларын тұрғын үймен қамтама- сыз ету бағдарламасы жарияланды және оны іске асыру үшін Үкімет қазір қарқынды жұмыстар жүргізуде. 2005-2007 жылдары 19 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.


2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамта- масыз ету шығындары 1,5 есе көбейді. Бұл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторла- ры дәлел болады. 1999-2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі – 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы – 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі – 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі – 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі – 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев Н. Жаңа кезең – жаңа экономика // Егемен Қазақстан. – 16.12.2004).
Тұтастай алғанда, 90-жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен ас- там өсті. Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейін кө- теру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл Денсау- лық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауыл- дағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсау- лық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жыл- дың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі,
309
■ Қазақстан тарихы

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Фармация коми- теті құрылды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 ден- саулық сақтау нысаны салынды.


Соңғы он жылда (1997-2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығын 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені құрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көр- сету буынын құрал-жабдықтармен және медициналық техника- мен жарақтандыру 3 есеге жуық өсті. Тұрғындарға тегін медици- налық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі ке- пілдендірілді және 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мем- лекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қа- зақстан, 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамы- тудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы табысты жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жыл- ғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақ- стан, 19.02.2005) атап көрсеткеніндей: Бүкіл дүниежүзілік банк- тің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта дең- гейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005 ж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскенін көреміз. Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі өлшемі 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін 6 есеге жуық артты.
Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жы- лына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақ- пандағы Қазақстан халқына Жолдауынан // Егемен Қазақстан, 7.02.2008).
310
5. Тәуелсіз Қазақстан ■


Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль құрасты- ратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда.
Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік- экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтар- лықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет Тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды же- дел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көш- басшы атанды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет