Бегалиева А.Қ


Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы



бет75/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы




Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кес- тең еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл то- лады. Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті.
Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркім- нің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жат- қан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құры- лымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды.
Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияланды- руды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құры- луын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады.Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ бұл ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді.
Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революция- лар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбе- гейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа

  • эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік бере- тініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағда- рына айналуға тиіс. Бірақ қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.

378
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


Сол себепті тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, бола- шақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
Сондықтан әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қоры- тынды жасау қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстар- дың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, ру- хани жұмысының бір бөлігі.


  1. Сананың ашықтығы




Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» ая- сында қалуынан туындайды.
Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзі- нің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапа- тармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.
Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдер- ді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезия- лықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?
Бұл – базбіреулердің әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Бірақ мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы зерденің үш ерек- шелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өз- герістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біз- дің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұ- ған да дайын болуымыз керек.
379
■ Қазақстан тарихы


Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық же- тістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.
«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті әрі ашық зерденің басты көрсеткіштері- нің бірі.
Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезе- ден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіп- ті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып,
түсіне де алмай қалады.


ІІ ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР




Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптас- тыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайық- ты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асы- руымызды да талап етеді.
Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайын- далдық.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер. VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уа- қытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қолданылды.Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.
V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығының аса ауқым- ды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын
380
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабар- лары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бас- тады.
Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан ау- мағында араб әліпбиі қолданылды.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латын- дандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жыл- дан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауысты- рылды.
1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырыл- ған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.
Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақ- стан-2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліп- биіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.
Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мер- зімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз ке- рек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайын- дық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заман- ғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ға- сырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.

381
■ Қазақстан тарихы




2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа гра- фикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды жә- не орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірі- суіміз қажет.
Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс- тар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойын- ша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу- лық» жобасын қолға аламыз.
Оның мәні мынада:

  1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психо- логия, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша сту- денттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қай- та қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.

  2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң- даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтар- мен оқыта бастауға тиіспіз.

  3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазы- нан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.

Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық дең- гейде білім бере бастаймыз. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.
382
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсе- келік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, бо- лашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады.
Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жыл- дар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулы- ғының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдау- лы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жаса- уымыз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті.
Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессор- лық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек.
Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айт- паған.Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер.
Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз бас- қан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне ай- рықша іңкәрлікпен атсалысу шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл – кез келген халықты әншейін біріге сал- ған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құс- тың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан- ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

383
■ Қазақстан тарихы




Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.
Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағ- дарламаның мәні неде?
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұ- мыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекен- дерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келті- руді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жер- дің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені та- рихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы та- лай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, ше- неуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдасты- рып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жина- қылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұ- рыс түсіндіру қажет.
Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеу- дің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компью- терлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлт- тық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге Қазақстанға деген патриоттық се-
зімге ұласады.
384
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге ба- ғытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орын- дар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиет- ті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.Бұл

  • рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халық- тың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлері- міздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қал- пына келтіруде тұрған жоқ.
Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кеше- нін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіш- терін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Же- тісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақ- тастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде ор- нықтыруды меңзейді.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық біре- гейлігінің мызғымас негізін құрайды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын ес- те ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құнды- лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдық- тан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осын- дай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.
385
■ Қазақстан тарихы


Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек. Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:

  1. Аталған «Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағар- ту дайындығын жүргізу қажет.

  2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалар- мен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.

  3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қас- терлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысы- нан біздің Түркістан немесе Алтай – ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құндылықтар.

Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет мәдениет- тің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ со- ғыс» кезіндегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші- сінде.
Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамай- тын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.
Бұл жоба нені көздейді?
Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.
Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс.
Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Мә- дени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультиме- диалық тәсілдермен де шыққаны абзал.
Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қолдау жасалуы қа- жет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.
386
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■


Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университет- тер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.
Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлемдік аре- наға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдер- де оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз.
2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістік- терімізді көрсете алатынымызды айқындап алу тұрғысынан ше- шуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тыңғылықты жүзеге асырамыз. Осылайша, мың жылдық тарихы- мызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықта- рына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады.
Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана бол- мауға тиіс.
Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихы- на да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.
Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына не- бәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыс- тардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.
Дегенмен осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылда- рында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жас- тағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.
Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаян- дары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің ең- бегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандас- тарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статис- тикадан артық көрсеткіш.
387
■ Қазақстан тарихы

Сондықтан оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көз- бен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек.


Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс.
Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.

  1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

  2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру.

  3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел- жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет