Автономия (грек. Autonomia – өзін-өзі басқару, Тәуелсіздік) – бір мемле- кеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі мәселелерін дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болу. Бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құры- лым.
Автохтон(гр. – тұрғылықты, тұрақты; қарама-қарсы – аллоктон) – жергі- лікті жерде пайда болған мәдениеттер.
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғам- дық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ете- тін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепіл- діктері.
Адаптация – жүйенің сыртқы және ішкі орта жағдайына бейімделу үдерісі.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғам. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақ- талады.
Ақсақал – аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ақтаңдақтар – мүлде немесе зерттелмеген, сондай-ақ дұрыс түсіндіріл- мей бұрмалана жазылып келген тақырыптар.
Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісімшарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархия – 1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын біл- діреді.
Антагонизм– мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топ- тар, партиялар және т.б. арақатынасының шиелініскен түрі.
Архаикалық мәдениет – грекше «ежелгі» деген мағынаны береді. Адам- дар қалыптасқан кезден бастап өркениеттілікке дейінгі ежелгі мәдениет сала- сында кең мағынада қолданылып келген жалпы сипаттамасы.